Кіріспе 8 страница

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. 276 б.

Қосымша әдебиеттер:

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49 б.

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

28. Қ.Сұлтанов Тәуелсіздік және ұлттық сана Ақиқат журналы № 8, 2011. 4 б.

29. А.Нүркенов. Қазақстан іргелі мемлекеттік және күрделі конституциялық құбылыс. Ақиқат журналы №8 2011 8-бет

30. Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты //«Егемен Қазақстан» газеті №828-83 16.XII.2012 ж. 1-2 б.

Семинар сабағының жоспары:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтарына жауап беру:

1. Мемлекеттік биліктің ерекшеліктері мен түсінігіне талдау жасау арқылы ерекшеліктерін атаңыз?

2. Мемлекеттік биліктің тиімділігін арттыру жолдарын қарастырыңыз?

3. Қазақстан экономикасының даму кезеңдеріне талдау жасау арқылы экономиканы тұрақтандырып, нығайтудағы оның рөлін анықтаңыз?

4. Қазақстан экономикасының «Қазақстан 2030» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытының ерекшелігін атаңыз?

5. Экономикалық және саяси билік және сот арасындағы қарым-қатынас пен оның айырмашылығын қалай түсінесіз?

6. Экономикалық және саяси билікті іске асыру кезіндегі мемлекеттің рөліне талдау жасаңыз.

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу

2. Тақырыптарға эссе жазу:

- мемлекеттік суверенитет теориясы;

- халықтық суверенитет;

- ұлттық суверенитет идеясы.

3. Тұсау кесерге дайындалу тақырыбы: «Мемлекеттік және мемлекеттік билік: cинонимы не жоқ?»

Әдістемелік ұсыныс: Дайындықты әдебиеттерді оқу арқылы бастау керек. Тиісті назар аудару арқылы “мемлекеттік биліктін бірлігі” категориясын анықтау керек.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1.Биліктің көлденең бөлінуі

A) заңдық, атқарушылық және соттық

B)мемлекеттік билік және жергілікті басқару

C)орталық, аймақтық, жергілікті

D) мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқару

E) барлық жауаптар дұрыс

2.Сатылас билік калай бөлінеді

A) заң шығарушы,атқарушы,сот билігі

B)мемлекеттік билік,жергілікті билік

C)орталық,аймақтық,жергілікті

D) мемлекеттік билік,мелекеттік басқару

E) барлық жауаптар дұрыс емес

3.Биліктің қоғамдық элитаға жататын мемлекет қалай аталады

A) аристократиялық

B)демократиялық

C)монархиялық

D) охлократиялық

E) барлық жауаптар дұрыс

4.Жоғарғы билік мұрагер монарх арқылы берілетін мемлекеттің аталуы

A) аристократтық

B)демократиялық

C)монархиялық

D) охлократиялық

E) барлық жауаптар дұрыс емес

5.Жоғарғы билік халыққа, осы елдің барлық азаматына тиісті мемлекеттің аталуы

A) аристократтық

B)демократиялық

C)монархиялық

D) охлократиялық

E) барлық жауаптар дұрыс

6.Мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі субъектілердің деңгейі бойынша үкіметтік шешімдер бөлінеді

A) орталық және жергілікті органдардың шешімі

B)саяси және административтік, басқарушылық және бағынушылық, стратегиялық және тактикалық шешімдер

C)жалпыжүйелік, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроәлеуметтік

D) шаруашылық экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік басқару мәселесі бойынша, мәдени мәселелер бойынша шешімдер

E) барлық жауаптар дұрыс емес

7.Өмір сүру ортасына қарай басқару шешімдері бөлінеді, яғни

A) орталық және жергілікті органдар шешімі

B)әкімшілік және саяси шешім, басқарушылық және орындаушылық, стратегиялық және тактикалық

C)жалпысистемалық, жалпысаяси, макроэкономикалық, микроәлеуметтік шешімдер

D) шаруашылық – экономикалық, әлеуметтік, мемлекеттік құрылыс және басқару проблемасына байланысты құрылыс мәдениетіне қатысты шешімдер

E) барлық жауаптар дұрыс емес

8.Жоғарғы мақсатқа және қарапайым тәжірибелік мақсатқа бөліну, классификациялық басқару шешімдеріне тән

A) жалпы саясаттық құндылықтар дәрежесінде

B)орталықтандыру дәрежесінде

C)уақыттық параметрлер бойынша

D) маңыздылығы бойынша

E) барлық жауаптар дұрыс

9.Жалпыхалықтық, ұлттық, кластық, топтық, ұжымдық, жеке классификацияға тән мақсаттағы басқару шешімдерінің бөлінуі

A) жалпы саясаттық құндылықтар дәрежесінде

B)орталықтандыру дәрежесінде

C)маңыздылығы бойынша

D) уақыттық параметрлер бойынша

E) барлық жауаптар дұрыс емес

5-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ – ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты: Мемлекеттік басқарудың мақсаттар «денін», олардың өсуін ескере отырып, оның үстіне мемлекеттік басқаруды жалпы және оның жеке бөліктеріне де қатысты қарастыру жалпы алғанда оңай шаруа емес. Сондықтан, бұл тақырыптың мақсаты – мақсаттар «денін» және мемлекеттік басқарудың ұстанымдарын, мемлекеттік басқару қағидасын жүйелендіру негіздерін, сондай-ақ мемлекеттік басқару және қоғамдағы өзін – өзі басқару механизмдерінің дамуы туралы түсінікті қалыптастыру болмақ.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Мақсаттар «дені» және мемлекеттік басқарудың ұстанымдары

2. Мемлекеттік басқару қағидасын жүйелендіру негіздері

3. Мемлекеттік басқару және қоғамдағы өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы

Негізгі түсініктер: болжау, болжамдау, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау, ұстаным (принцип), шынайылық ұстаным, құқықтық реттілік ұстанымы, заңдылық ұстанымы, билікті бөлісу ұстанымы, жариялылық ұстанымы, құрылымдық-мақсаттық ұстанымдары, міндеттерді саралау, функционалдық-құрылымдық ұстаным, жергілікті бірлестіктер Кеңесі, Жергілікті бірлестіктер Жамияты, Жетекші

Тақырыптың мазмұны

1.Әрбір процесс (әрекет) қандай да бір мақсаттарды ұсынудан басталады, олар қажеттіліктер мен қызығушылықтардан шығады және оларды қанағаттандыруға бағытталады. Мемлекеттік басқаруға мақсаттарды ұсыну, бір жағынан барлық қоғамға қатысты, екіншіден, мемлекеттік басшылықты тірек етсе - өте қиын процесс болады және ол:

1. Қоғамдық негіздермен және мемлекеттік басқару мақсаттарын реттеумен

2. Мақсаттылықтың субъективті жағымен, ол қозғаған мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарына қатысты оның анықтылығымен байланысты.

Мақсаттарды негіздеуде шынайы қиындықтар кездеседі,оларды ешқашан айналып кете алмайсың. Өйткені болашақ әрқашанда белгісіз, анық болмайды. Оны тек өткен кезең ақпараттары арқылы анықтай аламыз. Болып кеткен жайлар тарих бетінде қалады, олар бізге белгілі, ал не боларын біз тек болжай аламыз, бірақ кейбір тұжырымдар мен заңдылықтар сараптамасы болашаққа енудің белгілі болжамдарын құрайды. Сонымен қатар, мемлекетке қатысты қоғам өмірін былай қойғанда болашаққа көз жүгіртпей жеке өмірді де құрай алмайсыз. Француз философы О.Канттың белгілі формуласы бойынша: болжау үшін білу, басқару үшін болжау керек. Болашаққа көз жүгіртпей, әрине, басқару туралы сөз қозғауға да болмайды.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Н.Д.Кондратьев болжау мәселесін, оның өзінде бір-бірімен байланысты төмендегідей болжау мәселелерін қозғаған:

а) бей-берекет жағдай көрінісі;

б) адамдар жүзеге асырып жатқан әрекеттер мен шаралардың белгілі әсері;

в) біздің жағдайға әсеріміздің мүмкіншіліктері;

г) белгіленген әрекеттер мен шаралардың орындалысының өмірге әсерінің нәтижесін болжау.

Сол кездің өзінде-ақ бұл жағдайлардың бір-бірімен байланысы жөнінде түсінік қалыптасқан, оларды бес «П» деп белгілеген: болжау, болжамдау, бағдарламалау, жоспарлау, жобалау. Бұл жайларға салынатын тыйымдар бәріне белгілі болатын, олардың зияткерлік бейнелеуінің қиындығын бәрі мойындайды, әсіресе тәжірибеде жүзеге асуын, бірақ бәрі де бұл жайларды мемлекеттік басқару процесстеріне, басқа да басқару түрлеріне енгізудің қажеттілігін нақты түсінеді. Басқарудың өзі қалыптасқан мақсаттар механизмін қажет етеді, оның ішінде жалпы болжамның ең нақтысын логикалық ұсыну (футурология) нақты болжауға (түрлі жоба мен нұсқада), одан заманауй математикалық және басқа да әдіс-тәсілдерді пайдаланып бағдарламалау, одан әрі жоспарлау – қажетті әрекеттерді таңдау, оны жүзеге асыру. АҚШ зерттеушілері атап өткендей, «жоспарлау – алдын ала не істеу, қашан және кім істейтіні жөнінде қабылданған шешім. Жоспарлау біздің қазіргі жағдайымыз бен біздің неге қол жеткізетініміздің арасындағы көпірді қалыптастырады. Сондықтан, жоспарлаудан бас тартуды білдіреді, яғни, басқарудың тікелей өзінен, ендеше бірінші орынға бейберекет механизмдер шығады, олардың соңы неге әкелері белгісіз.

3. Мемлекеттік басқару мақсаттары иеархиясының әлеуметтік мәні зор. Экономикалық детерменизмнің, Маркстік тұжырымдаманың әсерінен бізде ұзақ мерзімде мемлекеттік басқаруда бірінші кезекте негізгі мақсаты болып экономикалық даму есептелетін. Бұл егер, шынымен экономиканың ресурстық базасын құраса және оның мәселелерін шешкен жағдайда ғана мүмкін болады. Экономика өз құндылығына айналса, «табиғат – қоғам – адам» жүйесін құртады, бұл көптеген елдерде болған мысалдардан, оның ішінде дамыған елдерден де көрінеді. Бүгінде қоғам үшін және мемлекеттік басқару үшін де, адамдар үшін де еркін де байсалды өмір сүру жағдайларын жақсарту, жеке тұлға, қоғам және мемлекет арасындағы бірегей қарым-қатынасты қалыптастыру ең бастысы болып табылады. Осыдан әрі мемлекеттік басқару мақсаттарының иерархиясы қоғам дамуының қажеттіліктері мен қызығушылықтары ұстанымына негізделеді. Шығуы мен мазмұнының шығу көзіне байланысты құлдырау (ең күрделісінен қарапайымына дейін және сонымен қатар дағдылы) және логикалық реттелген (алдыңғысы кейінгісінен басып озуы) мемлекеттік басқару мақсаттарының негізгі түрлері төмендегі құрылымды құрайды:

- кешенді, біртұтас, теңестірілген және сапалы қоғам дамуын қамтитын қоғамдық-саяси;

- әлеуметтік, қоғамдық-саяси мақсаттардың қоғамның әлеуметтік құрылымына әсерін көрсететін, оның элементтерімен қарым-қатынасын, адамдардың әлеуметтік өмірінің жайы мен деңгейін көрсететін;

- рухани, бір аспектіде рухани (мәдени) құндылықтарды қабылдауды байланыстыратын, оларды қоғам басшылыққа алып отырады, сонымен қатар қоғамның рухани күшін қоғамдық саяси және әлеуметтік мақсаттарын жүзеге асыруға енгізу;

- экономикалық, экономикалық қатынастар жүйесін бейнелейтін және бекітетін, қоғамдық-саяси және басқа мақсаттарды жүзеге асырудың материалдық негізін қамтамасыз ететін;

- өндірістік, жоғарыда айтылған мақсаттарға сай және оларды жүзеге асыруға көмектесетін басқарылатын объектілердің белсенділігіне көмектесетін;

- ұйымдастыру (ұйымдық), мемлекеттік басқарудың субъектісі мен объектісіндегі ұйымдастыру мәселелерін шешуге бағытталған – қажетті функционалдық және ұйымдастыру құрылымын құрастыру;

4.Мемлекеттік басқарудың мақсаттар (діңгегін) «денін» құрастыру. Мемлекеттік басқарудың мақсаттар «денінің» ортаңғы анықтаушы діңгегі стратегиялық мақсаттар болып табылады, олар қоғамның сапасымен, оның сақталуымен және түрленуімен (өзгеруімен) байланысты. Бұл мақсаттарды мінезіне қарай Дж.К.Гэйбрейт сақтық және жағымды деп атайды. Стратегиялық мақсаттар шұғылға айналады, олар алдыңғы мақсаттарға жетудің ірі бөліктерін қамтиды, ал шұғылдары –тактикалыққа, олар күнделікті және нақты әрекеттерді анықтап, алдыңғы және кейінгі мақсаттарға қол жеткізеді. Кейде стратегиялық мақсаттарды негізгі (басты) деп, ал оған қол жеткізуге көмектесетіндерді қамтамасыз етуші дейді. Ғылыми әдебиеттерде мемлекеттік басқару мақсаттарының басқа негіздер бойынша ұсақталуы байқалады: көлеміне қарай – соңғы және аралық, мерзіміне, уақытына қарай – алыстағы, жақындағы және нақты. Қосалқы (өнімдік) мақсаттар туралы айтар болсақ, олар стратегиялық (басты – негізгі) мақсаттарды жүзеге асырумен тікелей байланысты емес, бірақ оларға қарама-қайшы жағымсыз мағына беруі мүмкін. Оларды қаламасаң да, олармен есептесуге тура келеді.

Стратегиялық мақсаттардың жан-жақты ойланған анықтамасы болу керек, содан кейін ол мақсаттарды басқа түрлерге тармақтап бөлу керек. Маңыздысы: мақсаттар бір-бірімен байланысты және жағдай жасауы керек. Мақсаттар арасында негізделген субординация болуы керек, олар бір-біріне жұмыс жасап, бір мақсаттың орындалысы екіншісінің көзі болуы тиіс. Мемлекеттік басқаруда мақсаттар субординациясы мақсат ұсыну механизмін күшейтеді. Әрине, бірінші мәселе мемлекеттік басқару мақсаттарының ақылға қонымдылығы қоғамның қажеттіліктері мен қызығушылықтарына жетуі – басқару объектілерінен шынайы туындайтын болса. Осы талаптарды сақтаған жағдайда шынымен мемлекеттік басқару мақсаттары мемлекеттің қалыптасуы мен қоғам дамуының әлді қозғаушы күшіне айналар еді.

Ұстаным – бұл спецификалық ұғым, онда тек қана заңдылық, қатынас, байланыс емес,біздің олар жөніндегі біліміміз де бар. Ұстаным дегеніміз ғылыми таным нәтижелерін нақтылап, одан шығатын салдар.

Мемлекеттік басқару принциптерінің жүзеге асуы олардың өздеріне байланысты емес, оған деген адамдардың түгелдей қарым-қатынасымен анықталады. Принциптерді ғана біліп қоймай, оларды басқару үрдісінде қолдану керек. Әдебиеттерде ұстанымдардың көптеген түрлері кездеседі. (Г.Эмерсон – он екі, А.Файоль – он төрт, Д.Карнеги – жиырма тоғыз т.б.), бірақ олардың барлығы, немесе кейбіреулері басқаруда қолданылады және оған әсерін тигізеді дегенді білдірмейді.

Мемлекеттік басқару ұстанымдарын анықтау және негіздеу үрдісі төмендегі талаптарға жауап беруі керек.

а) әр түрлі емес мемлекеттік басқарудың тек маңызды, негізгі, шынайы, қажетті заңдылықтарын, қатынастар мен байланыстарды көрсетуі керек;

б) мемлекеттік басқаруда тек тұрақты заңдылықтарды, қатынастар мен байланыстарды бейнелеу керек;

в) мемлекеттік басқаруға және біртұтас әлеуметтік жайларға, яғни, жеке емес жалпы мағынасы бар, қатысты заңдылықтар, қатынастар мен байланыстарды қамтуы керек.

г) мемлекеттік басқарудың спецификасын, оның өзге басқару түрлерінен айырмашылығын көрсетуі керек.

Мемлекеттік басқарудың төмендегідей жалпы ұстанымдарын бөліп алуға болады: шынайылық, демократиялық, құқықтық реттілік, заңдылық, білікті бөлісу, жариялылық.

Шынайылық ұстаным мемлекеттік басқаруда түбегейлі болып табылады және барлық басқару үрдісінде шынайы заңдылық талаптарына бағынуды (табиғи және қоғамдық – тарихи заңдылықтар) және қоғам күшінің шынайы мүмкіндіктерін талап етеді. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің:

а) қоғамның бейнесіне, даму деңгейі мен заңдылықтарына, алдымен басқарылатын объектілер компоненттеріне;

б) осы тарихи кезең бөлігінде қойылып және шешіліп жатқан қоғамдық мақсаттарға;

в) басқаруға бөлінетін қаржы мен ресурстарға;

г) басқаруды жүзеге асырудың ішкі заңдылықтары мен дамуының анықталған жүйелі қоғамдық көрінісіне тәуелділігін көрсетеді:.

Шынайылық ұстаным заңдылықтардың кең шеңберін, ұйымдастырудың (ұйымдардың) қатынастары мен байланыстарын, мемлекеттік басқарудың қызметі мен дамуын, оның мақсаттарының жүзеге асуын, қоғамның объективті (шынайы) жағдайлары мен субъективті факторларын көрсетеді. Бұл ұстанымды бұзу көбінесе табиғи және қоғамдық заңдылықтардың субъективті, валюнтаристік ауытқушылығының салдарынан, ол қоғам өміріне көп зиян тигізеді, оның күшін қажетсіз немесе жағымсыз жақтарға бұрады, дамуды тежейді, адамдардың мемлекеттік – басқарушы әсерлерді қабылдауына әкеп соғады.

Заманауи мемлекетте басқаруды жүзеге асырудың негізгі мағынасы өз жағынан мемлекеттік басқарудың демократиялық ұстанымынан бөлінеді. Бұл ұстанымды бекіту халықтардың көп жылдар бойы күресіп тәуелсіздікке қол жеткізгендігінің нәтижесі және әрбір адам мен азаматтардың құқығы мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен биліктің бірегей көзі болып табылады. Демократизм ұстанымы мемлекеттік басқарудағы халықтың билігін көрсетеді. Бұл күрделі, әрі көпқырлы ұстаным, ол қоғам мен мемлекет арасындағы терең және үздіксіз байланысты, сонымен қатар қоғамның барлық компоненттері мен мемлекеттік басқару жүйесінің оған қажетті компоненттерін талап етеді. Оны қоғамда мемлекеттік ұйымдардың референдум немесе сайлау науқандарын өткізуіне әкеп тіреуге болмайды, ол адамдардың (өз азаматтарымыз) оның ішінде мемлекеттік басқарудың барлық элементтерінің (саясат, мақсаттар, міндеттер, құрылым, үрдіс, басқару нәтижесі т.б.) қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен өмір әрекеттерінің мақсаттарын қамтиды.

Құқықтық реттілік ұстанымы негізгі мақсат, міндет, құрылым, үрдіс, мемлекеттік басқару ұстанымдарының аспектілерін заңды анықтауынан туындайды. Сонымен қатар, осы мәселелерді заңды түрде шешу немесе басқа да нормативтік құқықтық актілерді шешу ғана емес, әлбетте, құқықтық, заңды түрде әділ, адамгершілікке сай, бірлесіп қызмет ету құқықтарын қамтамасыз ету және адамдардың бостандықтары мен міндеттерін қамту идеяларын ұстанады.Біздің ойымызша, Ресей зерттеушісі Г.Атаманчуктің осы мәселе бойынша айтқан сөздері біздің өміріміздің шындығына сәйкес, әділ: оның тарихында «құқықтық реттілік ұстанымы мемлекеттік басқаруда сирек көрінетін; онда құқықтық нормалар орнына демократиялық құқықтық процедураларда көбіне басқарушы еркіне бағынып, мәселелерді шеше алатындай көрінетін.Нәтижесінде біз мемлекеттік басқаруда құқықтық мол мүмкіндіктерді пайдалану мен оны түсіну жолдарында көп жылжыған жоқпыз».

Жоғарыда айтылған ұстанымға жақын, ол (оған қосымша ретінде) мемлекеттік басқарудың заңдылық ұстанымы болып табылады: заңсыз құқықтық мемлекет болмайды. Заңдылық ұстанымы бірқатар әдістемелік және тәжірибелік ережелерді қамтиды: біріншіден, мемлекеттік басқарудың жұмыс жасауы мен дамуы заңды түрде мықты негізделгендігін көрсетеді; екіншіден, заңдылық ұстанымы мемлекеттік билік ұйымдары мен жергілікті өзін-өзі басқарудың мазмұнында, ұйымдастыру құрылымында, әрекеттерінің элементтерінде заманауи көкейтесті және құқықтық дұрыс реттелген өзгерістерді шартты түрде көрсетеді; үшіншіден, ол нормативтік әрекеттерден қатаң тәртіпті талап етеді, әсіресе құқықтық актілерді қабылдау мен жүзеге асыруда; төртіншіден, мемлекеттік қызметкерлердің әрекетіндегі саналы тәртіптің қалыптасуы мен сақталуының негізі болып табылады.

Мемлекеттік билік пен мемлекеттік басқаруды демократиялық, құқықтық ұйымдастыру сол жағдайда, шынайы мүмкін болады егер жалпы заңдағы еркіндікті қалыптастыру мен бекіту үрдісі (қажеттілікке сәйкес және қызығушылық пен мақсаттарға сәйкес), заңдардың орындалысы, заңдарды тікелей басқару, бақылау және оларды қабылдаудағы шиеленістерді шешу екі жақты тепе-теңдікті сақтай отырып бөлінсе, шектелсе және реттеліп отырса. Бұған мемлекеттік басқарудағы билікті бөлісу ұстанымы қызмет етеді. Кейде бұл ұстаным тек технологиялық мағынада түсініліп, мемлекеттік басқару көлеміндегі әрекеттерді қарапайым бөлісуге келіп тіреледі. Соған қарамастан, ол терең әлеуметтік мағынаға ие, биліктің халыққа тиесілі екеніне кепілдік беріп, қамтамасыз етіп отырады. Билікті бөлісу жүйесінің екі жүз жылдық тарихын бағалай келе, американдық авторлар былай дейді: «Орталық үкіметтің нақты тиімсіздігінің себебі, бұл жүйе болып табылғанына қарамастан, ол конституцияны шығарушылар ұсынған мақсаттардың орындалысының үлкен сәттілікке жеткенін көрсетеді....».


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: