Кіріспе 10 страница

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттік басқару мақсаттарын ұсыну, бір жағынан барлық қоғамға қатысты, екінші жағынан, мемлекеттік басшылықты тірек етсе - өте қиын процесс болады, ол:

1. Қоғамдық негіздерімен және мемлекеттік басқару мақсаттарын реттеумен сипатталады.

2. Мақсаттылықтың субъективті жағымен, ол қозғаған мемлекеттік басқарудың қалыптасқан мақсаттарына қатысты анықтылығымен сипатталады.

3. Мемлекеттік басқару мақсаттары иеархиясының әлеуметтік мәні зор. Экономикалық детерменизмнің, Маркс тұжырымдамасының әсерінен бізде ұзақ мерзімді мемлекеттік басқаруда бірінші кезекте, экономикалық даму негізгі мақсат болып есептеледі.

4. Мемлекеттік басқарудың төмендегідей жалпы ұстанымдарын бөліп алуға болады: шынайылық, демократиялық, құқықтық реттілік, заңдылық, білікті бөлісу, жариялылық.

5. Қоғамдық-саяси ұстанымдар, мемлекеттік басқарудың әлеуметтік табиғи даму нәтижесінде, оның дамуының жалпы заңдылықтары мен негізгі ерекшеліктері нәтижесінде пайда болған;

6. Функционалдық-құрылымдық ұстаным, мемлекеттік басқарудың субъект және объект компоненттерінің өзара әрекеттерін зерттеу нәтижесінде ұсынылып, мемлекеттік басқарушылық әрекеттер құрылымының заңдылықтарын ашады;

7. Ұйымдастыру-құрылымдық ұстанымдар, мемлекеттік басқару-дың ұйымдастыру құрылымының сипаты, заңдылықтары мен ерекшеліктерін (әсіресе ұйымдар жүйесінің) көрсетеді және оның қалыптасуы мен жетілуіне апаратын кезең болып қызмет етеді, сонымен қатар мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді ұйымдастыруды да көрсетеді;

8. Мемлекеттік-басқарушылық әрекеттер ұстанымдары, мемле-кеттік ұйымдардың басқарушылық функциялары мен өздерінің өмір сүрулерін қолдау кезеңіндегі әдістер мен тәсілдердің заңдылықтар қатынастарын және байланыстарын ашады.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

Міндетті әдебиеттер:

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. –Алматы: Қазақстан, 2000, 96-б.

2. «Қазақстан-2030» Даму стратегиясы

3. Қазақстан Республикасының Заңы: Мемлекеттік қызмет туралы. –Алматы: Жеті жарғы, 1999, 44-б.

4. Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономиканың мемлекеттік секторын басқаруды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы. 2006 ж., 19 шілде //Егемен Қазақстан, Астана, Ақорда 2006 ж., 7 шілде № 178-///ҚРЗ

5. Қазақстан Республикасының Заңы: Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы. –Алматы, Юрист, 2006 ж., 28-б.

6. Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы туралы: 2006 ж, 14 қараша № 216//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 17 қараша.

7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі ретке келтіру және оның тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы: 2006 жылғы 27 наурыз № 74 Жарлығы //Егемен Қазақстан. –Алматы, 2006 ж. 28 наурыз.

8. Мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы//Егемен Қазақстан. -2006 ж. 13 қыркүйек.

9. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. -2006 ж. 19 қаңтар.

10.Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Парламентінің 3-ші сесиясының ашылуында сөйлеген сөзі. //Егемен Қазақстан. 2006 ж. 2 қыркүйек.

11.Кадровая политика в системе государственных органов: Назначение на должность и тестирование государственных служащих: Сб. Нормативных правовых актов РК. –Алматы, 2005, -283-б.

12.Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметкерлерінің ар-намыс кодексі: Мемлекеттік қызметкерлердің қызмет этикасы ережелері. –Алматы: Жеті жарғы, 2005, -24-б.

13.Атаманчук Г.В. Теория государственного управления. –М.: Омега-Л, 2004 г. -584-б.

14.Зеркин Д.П., Игнатов В.Г. Основы теории государственного управления. Курс лекции: Учебное пособие. –Ростов-на-Дону. Март, 2000. -448-б.

15.Пикулькин А.В. Система государственного управления: Учебник. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2004. -543-б.

16.Уваров В.Н. Государственная служба и управление: Учебник. –Петропавловск: Сев.Каз.юрид.Академия, 2004. -416-б.

17.Эффективность государственного управления: Элементарный курс. –М.:Юрист, 2003. -320-б.

19.Реформирование системы государственного управления: Зарубежный опыт и Казахстан/КИСИ при Президенте РК. –Алматы, 2005. -276-б.

Қосымша әдебиеттер:

20.Атаманчук Г.В. Как найти формулу разделения областей? //Российские вести. 1992 г. 11 ноября

21. Атаманчук В.Г.. Современная концепция государственного управления Россией //Государственное управление: проблемы теории, истории, практики преподавания. Ростов-на-Дону, 1993ж.

22. Атаманчук В.Г. Государственное управление: рациональность и эффективность его в период структурных перемен // Ракурс. Управление: теория, практика, поиск. Минск, 1993ж.

23. Байгельдинов Е. Теоретические основы устойчивого развития. Евразийское сообщество. 2000г. №2, 114-121-б

24. Есентугелов А. Итоги реформ и состояние экономики: успех и ошибки, просчеты и их причины. АльПари, 1999, №4-5, с. 27-30

25. Жиленко Г. Экономика РК в годы реформирования. Экономика и статистика. 2000, №1, 117-124-б

26. Козбаненко В. Формы и методы государственного управления. Проблемы теории и практики управления. 2000, №2, 46-49-б

27. Кубаев К. Экономическая модель эффективного государства. Транзитная экономика, 2001, №4, 49-58-б

Семинар сабағының жоспары:

Семинар сабағын «дөңгелек үстел» түрінде өткізу жоспарланған, тақырыптың негізгі теориялық сұрақтары пікір-талас, ауызша жауап беру, дискуссия, сұрақ жауап және т.б. ұйымдастыру әдістері арқылы жүргізілуі тиіс.

Мақсаты: тақырыптың негізгі теориялық мән мәтінін қарастыра отырып, мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру-функционалдық құрылымын зерттеу сұрақтарына жауап беру және олар туралы терең түсінік қалыптастыру. Ол үшін семинар сабағында тақырып бойынша мына сұрақтардың мәнін ашу керек:

1. Мемлекеттік басқарудағы мақсаттар «дені» және қағидалары;

2. Мемлекеттік басқарудың функциялар жүйесі, нысандары, әдістері мен құралдары;

3. Мемлекеттік басқару қағидаларын жүйелеу негіздері және олардың қолданылуы;

4. Қоғамдағы мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару механизмдерінің дамуы.

СӨЖ және СӨЖО тапсырмалары:

1. Тақырыптық сұрақтарға ауызша жауап беруге дайындалу.

2. Дайындау керек мини-эссе тақырыбы “мемлекеттік бақылаудың қоғамдық үрдістері”:

“объектизм”;

“демократизм”;

“құқықтық реттеу”;

“заңдылық”;

“жариялық”.

3. Тақырып сұрақтары бойынша тестілік тапсырма дайындау керек.

Әдістемелік ұсыныс: Cеминарға дайындалу кезінде ұсынылған әдебиеттерді оқыңыз. Мемлекеттік басқару үрдісін дұрыс білу керек. Қоғамдық өзін-өзі басқару механизіміне зейін аударыңдар.

Тақырып бойынша тест тапсырмаларының сұрақтарына жауап беру:

1. «Мақсаттар денін» жинақтайтын, басқарудың қандай түрін Дж.Гэлбрейт оңтайлы деп атайды:

А) стратегиялық

В) тактикалық

С) қосымша (жанама)

Д) өндірістік(туынды)

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

2. Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы басқару жүйелерінің барлығының заңға және қоғамдық күштің негізгі мүмкіндіктеріне бағынуларын талап етеді

А) заңдылық қағидасы

В) құқықтық реттеушілік қағидасы

С) демократия қағидасы

Д) объективтілік қағидасы

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

3. Мемлекеттік басқарудың қандай қағидасы мақсат, функция, құрылым, процесс сияқты негізгі аспектілерді және мемлекеттік басқарудың өзінің қағидаларын заңды анықтау керек дегенді білдіреді:

А) демократизм қағидасы

В) заңдылық қағидасы

С) құқықтық реттеушілік қағидасы

Д) биліктің бөлінуі қағидасы

Е) барлық жауаптар дұрыс

4. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық - мақсаттық қағидалары, заңдылықтың, қатынастың және мемлекеттік басқарудың мақсаттар денінің ұтымды құрылуының өзара байланысын көрсетеді, ал өзіне қандай қағиданы қоспайды:

А) негізгі параметр бойынша мемлекеттік басқару мақсатының келіспеушілігі және олардың бір-біріне қарама-қайшылығы

В) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны - саралау және белгілеу - мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

С) Мемлекеттік басқару және мемлекеттік органдардың функцияларымен басқару жүйелерінде мақсаттарды бөлу

Д) жеке және ішкі (жергілікті) мақсаттардың жалпыға бағынуы - мемлекеттік басқару мақсатының дені немесе иерархия мақсаттары

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

5. Мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық қағидаларының саны, заңдылықты көрсететін мемлекеттік басқару қатынасы функционалдық құрылымның қалыптасу өзара байланысына кірмейді

А) Құқықтық нормаларды шығару арқылы функцияны - саралау және бекіту-мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесінде бекіту

В) қосарландыру, басқа басқарудың құрамдас бөліктерінен шығатын басқару функциясының нақты құндылығының, өзінің жеке ұйымында қайталануына және қатарласуына жол бермеуі үшін

С) мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

Д) басқару әрекетінің нағыз қажеттіліктер мен басқару компоненттерінің сұраныстарына, ең бастысы және басқарылатын объектілерге сай болуы

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

6. Мемлекеттік басқарудың заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік басқарудың құрылымдық-ұйымдастырушылық қағидаларына кірмейтін түрі:

А) басқару ісінің нақтылығы және оның нәтижесіне жеке жауаптылық

В) мемлекеттік басқару жүйесіндегі нағыз сатылас немесе деңгейлес мемлекеттік биліктегі және жергілікті басқарудағы органдардың ұйымдастырушылық қарым-қатынастарының ашылу әртүрлілігі

С) мемлекеттік билік жүйесінің бірлігі, мемлекеттік-басқару процесінің тұтастығын, келісімділігін және әрекеттілігін қамтамасыз етеді

Д) әріптестік пен бірігушіліктің қосындысы, мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың жеке органдарының ұйымдастыру құрылымының әсерімен іскерліктерінің тиянақтылығы қамтамасыз етіледі

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

7. Мемлекеттік басқарудың ұтымды және әсерлі іскерлікті жүзеге асыратын органдарының заңдылықтарымен, қатынасымен және ұйымдастыру құрылымының өзара қарым-қатынасымен байланысты мемлекеттік билік пен жергілікті басқарудың құрылымдық-процессуалдық қағидаларына кірмейтін түрі

А) мемлекеттік билік пен жергілікті басқару органдарының басқару элементтерінің (әдісі, қалпы және дәрежесі) олардың қызметі және ұйымдастыруларына сай болуы

В) мемлекеттік басқару жүйесінің құрылымында желілік-функционалдық, ашатын, бағынатын өзара қарым-қатынасының болуы

С) соның нәтижесі мен көрсеткішінен басқару іскерлігінің нақтылығы мен жеке жауапкершіліктің күшейтілуі

Д) басқарудың ұтымды және тиімді іскерлігін ынталандыру

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

8. Басқарудың жалпы қағидаларына жатады

А) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

В) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

С) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

Д) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

9. Басқарудың жеке қағидаларына жатады

А) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

В) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

С) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

Д) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

Е) барлық жауаптар дұрыс

10. Басқарудың ұйымдастыру-технологиялық қағидасына жататындар

А) теңділік және жұмысты бөлу қағидасы

В) мемлекеттік басқарудың ұйымдастыру құрылымының өзіндік ерекшелігін, заңдылығын және сипатын көрсететін қағида

С) қоғамдық әртүрлі қозғалыстарды, қызмет орындарын және институттарды талдау кезінде кездесетін қағидалар

Д) жүйелілік, объективтілік және өзін реттеушілік қағидалары

Е) барлық жауаптар дұрыс емес

6-ТАҚЫРЫП. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

Дәрістің мән мәтіні

Мақсаты: Құқықтық реттеудің мәні және пәнімен, оның әдістерімен таныса отырып, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу формаларын қарастыру. Құқықтық нормалардың құрылымы мен заң белгілері туралы түсінік қалыптастыру.

Дәріс сабағының жоспары:

1. Құқықтық реттеудің мәні. Құқықтық реттеудің пәні (заты, объектісі) мен әдісі

2. Құқықтық реттеудің формалары

3. Құқықтық реттеудің құрылымы

Негізгі түсініктер: императивті реттеу, диапозитивті реттеу, позитивті міндеттеу, нормативтік акт, құқық беруші норма, тыйым салушы норма, ведомстволық актілер, уақыттылық, тұрақтылық, толықтылық, ішкі үйлесімділік, жалпы ерік беру тәртібі, міндетті-құқықтық тәртібі

Тақырыптың мазмұны.

1.Мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу субъектісі (қайнар көзі) басқару саласындағы құқықтық нормаларды басып шығарушы белгілі бір мемлекеттік органдардың мүмкіндіктерін, сипатын және олардың шектерін белгілейді.

Осыған сәйкес орталықтандырылған, императивті реттеу (субординация әдісі) қолданылады. Бұл әдісте реттеу жоғарыдан төменге дейін әміршіл-императивті негізбен мемлекеттің мемлекеттік билік органдарымен толықтай немесе оның субъектілерімен (федерациялык құрылымда) олардың құзырет шеңберінде және юрисдикция объектілерінде жүзеге асырылады;

Орталықтандырылмаған, диапозитивті реттеу (үйлестірушілік әдіс) әдісінде құқықтық реттеу келісімдер, шарттар, өзара келісім мен актілерді қабылдау, мемлекеттік билік органдарының төменнен болған бастамасын қолдау арқылы жүзеге асырылады. Басқару үрдісіндегі (қарым-қатынастардағы) мінез-құлықты айқындайтын құқықтық нормалардың мәні мен мазмұны құқықтық реттеудің әдісіне байланысты.

Құқықтық норманың, басқарудың өзара қарым-қатынасқа қатысушыларға заңды әсер етуіосы әдістердің мәні болып табылады. Жалпы құқықтық реттеу әдіістерін мынадай етіп бөлуге болады:

· позитивті міндеттеу - тікелей міндеттері бар тұлғаларға белгілі бір жағымды (жақсы) әрекет етуді міндеттеу;

· тыйым салу -тұлғаларға белгілі бір тұрғыдағы әрекеттерді жасамауды тиісті ету (міндеттеу).

· рұқсат беру - тұлғалардың өзіндік белсенді әрекет етулеріне мүмкіндік беру.

Аталған әдістердің әрқайсысы да мемлекетті басқаруды құқықтық реттеуде пайдаланылады және оны мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесінен көруге болады. Дегенмен, позитивті міндеттеу басым әдіс болып табылады. Себебі қандай да бір болмасын мемлекеттік органға берілген құзырет, оған жүктелген міндет ретінде қаралады. Оның ішінде белгілі бір шешім қабылдауда және әрекет етуде рұқсат беру (шектемеу) немесе оларды жүзеге асыруға тыйым салу да бар. Бірақ мемлекеттік органның құзыретіне берілген бар нәрсе міндетті түрде орындалуы керек. Мемлекеттік органның азаматтық құқық субъектісінен айырмашылығы осында. Сондықтан, мемлекеттік басқару көбінесе конституциялық және әкімшілік құқық нормаларымен реттеледі.

Заң әдебиеттерінде мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеу мәселесін қарастырғанда, мемлекеттік органдардың құқықтық мәртебесін қандай нормамен анықтау керектігі жөнінде әр түрлі пікірлер кездеседі. Кейбір әдебиетте құқықтық реттеу, мемлекеттік органдарға «... басқасының барлығына рұқсат етеді», тек тыйым салынған тармақтарда жазылған, жалпы ерік беру тәртібін қолдаса, басқасы рұқсат етілген тәртіпті қолдайды, деген пікір айтылады, ал өзге бір әдебиеттерде «... басқасының барлығына тыйым салынған», заңды іс-әркеттер жиынына назар аударылған. Билікпен тығыз байланысты мемлекеттік басқару үшін толық демократия кезінде де құқықтық реттеудің міндетті-құқықтық тәртібі жөн болады. Егер мемлекеттік билік жөнінде сөз қозғалатын болса, оның реттеу күшін қолданса, барлық істер заңды, анық, ашық жазылуы қажет; барлық еркін әрекеттер мемлекет рұқсатымен, заң шектерінде орындалуы керек.

Ғылыми жұмыстарда жалпы құқық теориясы бойынша құқықтық реттеуде құқық нормаларының келесідей жіктеуі жасалады:

-реттеу нормалары, құқықтық қатынасқа түсушілерге құқық беру және міндеттер жүктеу арқылы мемлекет пен қоғамға пайдалы мінез-құлықты белгілейді; реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы, әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда жеке адамның міндеті ғана алдыңғы қатарға шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салуға ерекше назар аударылады.

-қорғау нормалары, мұндай нормалардың талаптары бұзылған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу қарастырылған. Парламент депутаттары Республика Президентіне Қазақстан Республикасы заңдарын орындамағаны үшін Үкімет мүшесін кызметтен босату туралы өтініш жасай (ұсыныс беру) алады;

-мамандандырылған құқықтық нормалар, реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға:1) анықтамалық-пайымдылық, яғни дифинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі. 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар, оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама қатынастарға қолдануға бағытталған және тағы сол сияқты коллизиялық нормалар – нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.

Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормаларды да бөлектеп көрсетуге болады. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді. Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейілінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарға түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше, айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде жағдайлық (ситуациялық) және баламалық деп жіктеледі. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайындауының) қалауын өзінің білімінше істеуді немесе істемеуді жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды; тұрақты және уақытша деген түрлері де болады. Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бұл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) демеп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.

Осылайша, мемлекеттік басқаруды құқықтық реттеуде мемлекеттік-құқықтық институттар үлкен мәнге ие. Осы пәнге байланысты олар құқықтық реттеудің бірнеше әдіс-тәсілдерін, құрылымын, мемлекетке қажеттілігін, құқық түрлерін және т.б. көрсетеді. Бұл жерде ең бастысы, мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеу мен мемлекеттік органдағы құқықтық қызметті алмастыруға болмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: