Меншік объектілері мен субьектілері. 5 страница

Еңбек ұсынысына әсер ететіндер:

1 Еңбекке қабілетті елдегі халықтың саны.

2 Жұмыс күшінің ұзақтығы.

3 Халықтың мамандық деңгейі және кәсіпшілік дайындығы.

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін теорияда екі фактор бар. Бұл алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне еңбеккер өзінің бос уақытын өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек ұсынысының төмендеуіне әкеледі.

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары кездеседі.


Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

- мерзімдік жалақы еңбектердің нақты атқарған жұмыс уақытының шамасына байланысты төленеді;

- келісімдік жалақы еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне байланысты төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден құралады.

Жалақының формалары


Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

1.4. график. Лоренц қисығы.
табыс% 100 С В D отбасы% А 20 40 60 80 100 АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады. АВС - табыстың нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің нақты деңгейі “Джинни коэффициентімен” есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу теңсіздігі де өседі. Кдж= АВС ауданы АДС ауданы

2. Капитал - көп мағыналы ұғым: ол материалдық игіліктердің қоры, ол сонымен қатар материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті, білімі. Капиталдың екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс әкеледі. Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

- Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

- Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады.

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның құралдарын пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

- инвестицияның пайдалылығына,

- экономиканың дамуына,

- мемлекеттің сұранысына,

- салым мерзіміне,

- салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы номиналды және нақтылы мөлшері болып бөлінеді. Номиналды процент ставкасы – инфляцияның өсімін есепке алмайтын, ағымдағы нарықтық пайыздың мөлшері.

3. Жердің саны шектелген, сондықтан жердің ұсынысы абсолютті икемсіз. Жердің ұсынысына төмендегі факторлар әсер етеді:

1. Жер құнарлылығы;

2. Жер участкісінің нарыққа алыс-жақын орналасуы.

Жер нарығында тек сұраныс белсенді фактор. Жерге сұраныс өзгерістерінің нәтижесі шамалы болғандықтан, оны пайдаланғанда осы ресурстың иесі белгілейтін баға шешуші фактор болып табылады.

Рента меншікке келетін табыстың бір түрі, капиталды жерге пайдалану құқы үшін меншік иесіне түсетін төлем. Оның көлемі аренда келісімінде белгіленеді. Жер рентасы – жер учаскесін уақытша қолданғанға төленетін төлем. Жер рентасының екі түрі бар: дифференциалды және абсолютті.

Абсолюттік рента – бұл жериелерінің иемденетін табыстарының бір түрі. Оның абсолюттік деп аталатын себебі – ол құнарлылығы мен басқа да жағдайларға байланыссыз жалға берілген барлық жерлерден алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болу салдарынан, жер иесіне жерге капитал пайдалану үшін төленетін төлем. Қай елде болмасын, халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін құнарлы жермен қатар өнімділігі төмен жерлерді де пайдалануға тура келеді. Сондықтан нарық бағасы құнарлылығы төмен жерде өндірілетін өнімдердің жеке өндірістік бағасымен өлшенеді. Сондықтан нашар деген жерлерден де орта пайдадан артық пайда алынатын болады. Мұндай артық пайданы абсолюттік рента түрінде жер иелері иемденді.

Дифференциалды рентаның қайнар көзі құнарлылығы жоғары және нарыққа жақын жерлерде өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке өндіріс шығындары қоғамдық өндіріс шығындарынан әлдеқайда кем болады да, сондай жерлерді пайдаланатын жалгерлердің үстеме пайдасы болып табылады.

1. Жердің табиғи құнарлылығына және жер учаскелерінің нарыққа жақын орналасуына байланысты алынатын пайданың төлемі ретінде жер иелеріне көшуін дифференциалдық І рента деп атайды.

2. Жердің құнарлылығын жасанды жолмен жақсарту арқылы алынатын үстеме пайданы дифференциалдық ІІ рента деп атайды. Екінші дифференциалдық рента егіншілікті интенсивті жүргізу әдісін және жердің құнарлығын өсіруді, прогрессивті биотехнология қолдануды, жоғары потенциалы бар тұқымдарды тілейді.

9-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Өндіріс факторлар нарығының сипаты, мәнін ашу. Еңбек нарығына тән ерекшеліктер, жалақының формалары мен түрлерін қарастыру. Еңбек нарығында жалақы қалай есептелінеді? Қандай көрсеткіштерге байланысты? Лоренц қисығымен нені анықтаймыз? Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасында ең төменгі жалақы, күн көріс минимумын анықтаңыз.

Капитал нарығына тән сипаттама. Капиталдың мән-мағынасы. Несие проценті, оның түрлері. Рента дегеніміз не, оның қандай түрлері бар? Жер рентасына қандай көрсеткіштер әсер етеді?

Бөлім-4. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары.

10-тақырып. Макроэкономиканың қалыптасу заңдылықтары. Ұлттық экономика жүйе ретінде.

1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді терең талдау жасау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Жалпы ішкі өнім; Жалпы ұлттық өнім; Жеке табыс; Жиынтық сұраныс; Жиынтық ұсыныс; ЖҰӨ-нің дефляторы; Қолда қалған табыс; Макроэкономика; Таза ұлттық өнім; Тұтыну бағаларының индексі; Ұлттық есеп жүйесі; Ұлттық табыс

Дәріс мәтіні

1. Нарық экономикасы екі дәрежеде қызмет атқарады, ол «макроэкономика» және «микроэкономика» болып бөлінеді, осыған сәйкес талдау да – «макроэкономика» және «микроэкономика» деңгейінде жүргізіледі. Осылай талдау жасаған Дж.М.Кейнстің 1936 жылғы «Жұмыспен қамту, пайыз және ақшаның жалпы теориясы» деген еңбегі батыс экономистері арасында кең қолдау тапқан. Егер де микроэкономиканың нарық жағдайындағы басты сипаты және негізгі мақсаты – табыс табу болса, «макроталдау» назарында агрегатты өлшемдер (жалпы өнім, ұлттық табыс, жиынтық шығындар) болады да макроэкономика қоғамдық өндірісті динамикалық өсіп-өркендеуге бейімдейді.

Макроэкономикада зерттелетін негізгі мәселелер:

- ұлттық өнім және ұлттық табыстың мөлшері мен құрылымын анықтау;

- жұмыссыздық және жұмыспен қамтудың мәселелері;

- инфляция мен инфляция қарсы саясат;

- экономикалық өсудің түсінігімен факторларын зерттеу;

- экономикалық дамудың циклдары;

- ұлттық экономиканың сыртқы экономикалармен өзара әсерлерін зерттеу;

- мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мәселелері.

Экономиканың дамуын ұлттық есептер жүйесі (Ұ.Е.Ж.) мен халық шаруашылығының балансы жалпылама сипаттайды. Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем тәжірибеде 1953 ж. бастап қолданып келеді. Ұ.Е.Ж. мемлекеттің негізгі экономикалық көрсеткіштерін бағалау және әрбір елдердің экономикасын өзара салыстыру үшін халықаралық стандарт рөлінде қолданылады.

Ұ.Е.Ж. негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Макроэкономикалық көрсеткіштерге жататындар жалпы ұлттық өнім (Ж.Ұ.Ө.), жалпы ішкі өнім (Ж.І.Ө.), таза ұлттық өнім (Т.Ұ.Ө.), ұлттық табыс (Ұ.Т.) және жеке табыс (Ж.Т.).

Жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – белгілі уақыт кезеңінде қоғамның қарамағындағы ұлттық өндірістік факторлармен өндірілген барлық игіліктер мен қызмет түрінде анықталады. Басқаша айтқанда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. – бұл ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетудің бір жылдық нарықтық құны. Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін қолдану арқылы есептеумен анықталады.

Нақты ЖҰӨ = номиналды ЖҰӨ

баға индексі

Номиналды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.

ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ

нақты ЖҰӨ

1. Шығындар бойынша ЖҰӨ өлшегенде шығындардың келесі түрлері қосылады:

- жеке тұтыну шығындарына халықтың ағымды тұтыну үшін тауарлар сатып алуға, ұзақ мерзімде пайдаланатын тауарлар сатып алуға, қызметтер үшін төлем жасауға жұмсалатын ақша құралдары жатады;

- кәсіпкерлердің машиналар мен жабдықтар сатып алудан тұратын және құрылыстар мен айналым қорларының өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы инвестициялар. Инвестицияға тек ғана физикалық инвестицияны қоспай, оған адамзат капиталындағы инвестицияны да есептейді. Капиталдың бір бөлігі моралды және физикалық тозу нәтижесінде кетеді. Соның нәтижесінде, жалпы инвестициялар дегеніміз амортизациялар мен таза инвестициялардың қосындысы.

- тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы, бұл шығындарға жатпайтын мемлекеттің бюджеттік шығындарының түрі трансферттік төлемдер, себебі олар тауарлар мен қызмет көрсету қозғалысымен байланысты емес.

- таза экспорт – шетелдіктердің осы елдің тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемі мен осы елдің шетел тауарларын сатып алуға жұмсаған шығындарының көлемінің айырмашылығы.

ЖҰӨ = С+G+І+Х;

Мұндағы: С – жеке тұтыну шығындары; G – мемлекеттің сатып алуы; І – жалпы инвестициялар,

Х – таза экспорт.

2. Табыстар бойынша есептеу шаруашылық іс-әрекеттер субъектілерінің табыстарын бөлу және табыстар төлемімен байланыссыз бөлінетін қаржылардың құрылу тәртіптерін сипаттайды:

ЖҰӨ =W+R+I+P;

Мұнда: W- жалдамалы жұмысшының жалақысы; R – ренталық төлемдер; I – жинақ капиталының пайызы (%); P- фирма мен корпорацияның пайдасы.

ЖҰӨ-ді есептеу тағы бір әдісі – қосымша құнға негізделген әдіс өндірістің әр сатысында қосылған шығындарды алудан сауда көлемін ескереді. Бұл әдістің ерекшелігі - өндіріс көлемін өлшеген кезде қос есепті болдырмау керек.

Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – белгілі бір мерзімде ел шеңберінде өндірілген барлық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны. Ұлттық иелігіне қарамастан, осы елдің территориясындағы барлық экономикалық субъектілер қызметтерінің нәтижесі жатады.

ЖІӨ =ЖҰӨ - сыртқы экономика операция бойынша сальдо

Егер де мемлекеттің жалпы ішкі өнімі жалпы ұлттық өнімнен артық болса (ЖІӨ >ЖҰӨ), онда осы елдің шеңберінде қызмет атқаратын шетел капиталының жергілікті капиталдан артық болғаны.

Таза ұлттық өнім ТҰӨ бұл қолданудан шығарылған жабдықтардың орны толтырылғаннан кейін тұтыну үшін қалған түпкі өнімдер мен қызметтердің сомасы. Келесі формула бойынша есептеледі: ТҰӨ = ЖҰӨ - А, Мұнда А – амортизациялық жарнаның сомасы. ТҰӨ-нің бік компоненті бизнеске салынатын жанама салықтар экономикалық ресурстардың ағымдағы үлесін көрсетпейді, сондықтан жанама салықтың көлемі ұлттық табысты ҰТ есептегенде ТҰӨ-нің ақшалай көлемінен алынады.

ҰТ = ТҰӨ - ж.с.

Мұнда: ж.с. – жанама салықтар.

Жеке табыс ЖТ халықтың жеке тұтынуына түсетін ақшаның санын және осы жағдайдың ҰТ-тың қозғалысында орын алатын қайта бөлу процестерін көрсетеді. Жеке табысты есептегенде ҰТ-тан корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, олардың бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі алынып тасталады, трансферттік төлемдер қосылады.

ЖТ = ҰТ – С+Т

мұнда: С - корпорациялардың пайдасына салынатын салықтар, бөлінбей қалған пайдасы, әлеуметтік сақтандыру жарналарының көлемі;

Т - трансферттік төлемдер.

Қолда қалған табыс адамдардың жұмсай алатын табыстарын сипаттау үшін қолданылады, осыны есептеу үшін жеке табыстан халық төлейтін салықтардың жалпы көлемі алып тастайды. Қолда қалған табыс- тұрғындардың билігінде болатын табыс.

2. Макроэкономикалық тепе-теңдік - жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың тепе-теңдік көрінісі. Жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсыныстың сызықтарының қиылысуының мағынасы – бұл баға дәрежесінің теңдігі мен ұлттық өндірістің тепе - теңдігі.

1.1 график. Макроэкономикалық тепе-теңдік.

  Р АD Ре АS Qе Q   Егер АД>AS, бұл жағдайда 2 ұйғарымға тоқтауға болады: - өндіріс көлемін өзгертпей, бағаны көтеруге болады; - өндіріс көлемін кеңейту, сонда ұлттық табыс өседі. 1. Егер АД<АS, бұл жағдайда: - өндірісті қысқарту қажет болады; - өндіріс көлемін өзгертпей, бірақ бағаны төмендетуге болады, сонда ұлттық табыс азаяды.
  Мұнда, Р - бағаның жалпы дәрежесі, Q - тауардың жалпы көлемі, Ре - баға дәрежесінің тепе-теңдігі, Qе - өндіріс көлемінің тепе-теңдігі.

Жиынтық сұраныс (АД) – бұл қоғамдағы үй шаруашылықтарының, кәсіпорындардың және үкіметтің берілген баға деңгейінде жалпы өндірілген тауарлар мен қызметтерді сатып алу қажеттілігінің көрінісі. Ұлттық есептер жүйесі бойынша тауарлар мен көрсетілген қызметтерге сұраныс төрт жақтан қойылады: тұтыну, инвестициялар, мемлекет, таза экспорт. Экономиканың жабық және ашық түрлеріне болатынын ескерген жоқ. Жабық экономикада сыртқы экономикалық қызметті қарастырмайды және тек ішкі мүмкіншіліктерге есептеледі. Жиынтық сұраныс тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жалпы санына мемлекет резиденттерінің жағынан түскен сұраныс ретінде анықталады. Графикалық түрде жиынтық сұраныс қисығының еңісі кері тәуелділікті болады. Экономикада ақшаның құнсыздануы басталса бағаның артқан кезінде өнімге деген сұраныс азаяды.

1.2. график. Жиынтық сұраныстың қисығы.

 
 


Р

Р1

АD2

Р2

АD1

АD

Q1 Q2 ЖҰӨ

Жиынтық сұранысқа бағалы және бағасыз факторлар әсерін тигізеді. Бағалы факторлардың әсері жиынтық сұраныс көлемінің өзгеруіне әкеледі және сызықтың өз бойымен жылжиды. Бағасыз факторлардың әсері жиынтық сұраныс қисығының оңға (АД2 - өсуі) немесе солға (АД - азаюы) жылжуына әкеледі.

Жиынтық ұсыныс (АS) – бұл бағаның әрбір мүмкін болатын деңгейінде ұсынылатын жалпы тауарлар мен қызметтердің көлемі.

1.3. график. Жиынтық ұсыныстың кисығы.

 
 


Р АS

Q

Жиынтық ұсынысқа мерзім аралықтары әсерін тигізеді: қысқа мерзімде – АS –көлденең сызық, ұзақ мерзімде - АS - тік сызық. 1 – кейнсиандық сызық, қысқа мерзім 2 – аралық мерзім 3 - классикалық сызық, ұзақ мерзім.

Жиынтық ұсынысқа бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

- Өндіріс ресурстары бағаларының деңгейі.

- Нарықтық құрырылымы.

- Өнімділік.

- Құқық заңдылық нормалардың өзгеруі.

Жиынтық сұраныстың ұлғаю нәтижелері жиынтық ұсыныс қисығының әр бөлігіндегі өзгерістерге байланысты болады.

10-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Макроэкономика экономиканың қандай мәселелерін қарастырады? Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді дұрыс талдай білу. Оларды есептеу амалдарын анықтау. Макроэкономикалық тепе-теңдік дегеніміз не және ол бұзылған жағдайда қандай жағдай қалыптасады?

11-тақырып. Экономикалық өсу және экономикалық цикл

1. Циклдық ауытқудың мәні, түрлері, себептері

2. Дағдарыс және оның түрлері

3. Экономикалық өсудің мәні, типтері, факторлары

Мақсаты: Экономикалық өсудің мән-мағынасын, негізгі факторларын және модельдерін қарастыру арқылы экономиканың ұзақ мерзімдік дамуының негізгі мәселелеріне басты назар салу керек.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Экономикалық өсу, Экономикалық өсудің типтері, Жандану, Рецессия (дағдарыс), Стагфляция, Өсу, Тоқырау, Экономикалық өсудің факторлары

Дәріс мәтіні

1. Нарықтық экономикаға тұрақсыздық, көтерілу және құлдырау қасиеттері тән, ол экономикалық кезеңді қалыптастырады және экономиканың кезеңділігін анықтайды. Өндірісті шексіз дамыту мен нарықты жаулап алу артық тауар өндірісіне әкеліп соқтырады. Артық өндіру бұл ұсыныстың сұраныстан көп болуы. Артық өндірудің себептерін зерттей келе экономистер сұраныстың өсуі мен азаюы, өндіріс көлемінің өсуі мен азаюының мезгілдігіне көңіл аударды. Циклдық ауытқу бұл экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуы. Экономикалық цикл – бұл бір экономикалық дағдарыстың басынан екіншісінің басталуына дейінгі кезең, ол экономикада кезең-кезеңмен қайталанатын өрлеу және құлдыраумен сипатталады.

 
 


Цикл (кезең)

өрлеу

 
 


құлдырау

өрлеу

құлдырау

тоқырау

 
 


Цикл төрт фазадан тұрады. Ең бастапқы фазасы – құлдырау. Бұл жағдайда экономикалық өсудің деңгейі мен қарқынының төмендеуі жүреді, одан әрі өнім шығару тоқтайды. Мұндай құбылыс тауардың артық өндірісімен байланысты. Бұл уақытта сатылмаған өнімдердің қорлары бірден ұлғаяды. Артық тауарларды сата алмайтын өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының жаппай банкроттығы жүреді. Өндірістің тоқтауынан жұмыссыздық өседі, жалақы қысқарады. Қоғамда несиелік байланыстар мен бағалы қағаздар нарығы бұзылып, акция бағамы құлдырайды. Барлық кәсіпкерлер қарыздарды өтеу үшін ақшаға деген қажеттілікті қатаң сезінеді. Сондықтан банктік сауда пайызының нормасы өседі.

Құлдыраудан кейінгі фаза – тоқырау. Бұл уақытта өндірістің құлдырауы, ал онымен бірге бағаның төмендеуі тоқтайды. Бірте-бірте тауар запастары азаяды. Аз ғана сұраныс салдарынан еркін ақша капиталының массасы ұлғаяды, ал банктік пайыз ставкасы төмендейді. Тоқырау кезеңінде тауарлар ұсынысы сұраныстан оза алмайды, сондықтан олардың арасында тепе-теңдік қалыптасады (тауар шығымының тоқтауы сұраныс деңгейіне дейін олардың ұсынысын азайтады). Сол уақытта дағдарыстан шығудың табиғи жағдайлары қалыптасады. Өндіріс құралдарына бағаның төмендеуі және несиенің арзандауы капиталдың қорлануын, жаңа техникалық негізде кеңейтілген ұдайы өндірістің қалпына келуін қамтамасыз етеді.

Келесі фаза – жандану – дағдарыс алдындағы деңгейге дейін өндірістің кеңеюін білдіреді. Тауар запастарының мөлшері нарықты үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті деңгейде белгіленеді. Тұтынушылық сұраныстың жандануымен туған бағаның азғана өсуі байқалады. Жұмыссыздық мөлшері қысқарады. Ақша капиталына сұраныс өседі және процент ставкасы ұлғаяды.

Келесі фаза - өрлеу. Бұл кезеңде өнім шығару көлемі дағдарыс алдындағы деңгейден асып түседі. Осымен байланысты жұмыссыздық қысқарады. Сұраныстың кеңеюімен тауарларға баға өседі. Өндірістің табыстылығы артады. Несие құралдарына сұраныс ұлғаяды және сәйкесінше банк пайызының нормасы өседі.

Өндірістің циклдық дамуының себептері неде? Артық өндіру дағдарысы тұтынушылық сұраныс пен тауарлар ұсынысы арасындағы арақатынастың бұзылу нәтижесінде пайда болады. Экономикалық теорияда циклдың себептері әртүрлі түсіндіріледі:

- неоклассикалық бағыт дағдарысты кездейсоқ, тез өтетін құбылыс ретінде қарастырған;

- толық тұтынбайтын концепция – экономикалық дағдарысты жұмысшылар массасының кедейлігімен түсіндіреді;

- ақша-несие концепциясы дағдарысты ақшаға деген сұраныс пен ұсыныстың бұзылу нәтижесі деп түсіндіреді;

- маркстік концепция дағдарыстың себебін капитализмнің қайшылықтарымен байланыстырады;

- кейнс теориясы дағдарысты нарық механизмінің әлсіздігімен түсіндіреді.

Қазіргі экономистер циклдың себептерін үш жағдаймен байланыстырады:

1. Сыртқы факторлар: халық санының өзгеруі, инновациялар, соғыс және басқа саяси жағдайлар. Халықтың өсуі өндіріс өсуіне, жұмысбастылық деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Технологияның өзгеруі іскерлік белсенділікті шақырады, инвестициялауға ынталандырады. Саяси жағдай іскерлік белсенділікке әртүрлі әсер етеді.

2. Ішкі факторлар: тұтыну, инвестициялау және үкімет саясаты. Тұтыну әсері: фирма тұтынушыны барлық тауарлармен қамтығысы келеді, нәтижесінде тұтыну шығындары өседі, жаңа жұмысшылар жалданады. Сондықтан өндіріс көлемі, жұмысбастылық пен сату көлемі өсіп, экономика өрлеу фазасына өтеді. Тұтыну шығыны қысқарғанда керісінше жағдай пайда болады және құлдырау кезеңі басталады. Инвестицияның әсері: негізгі қорға салынған салым жаңа жұмыс орнын ашады, тұтынушының сатып алу қабілетін жоғарылатады – бұл экономикалық өсуге мүмкіндік туғызады. Инвестициялау деңгейі төмендегенде экономикалық жағдай нашарлай түседі. Үкіметтің ықпалы фискалдық және монетарлық саясатпен жүзеге асырылады.

3. Ішкі және сыртқы факторлардың синтезі. Авторлардың пікірінше сыртқы факторлар циклды қозғаушы, ал ішкі факторлар фазалық ауытқуларға алып келеді.

Мемлекеттің дағдарысқа қарсы қолданылатын құралдары

Құралдар

Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow