Мемлекеттік бюджет

3. Салық жүйесі.

Мақсаты: Мемлекеттің нарықтық жүйедегі орнын және қызметтерін анықтау, экономикалық саясаттың калыптасуының теориялық негіздерін, оның негізгі тетіктерін жан-жақты қарастыру:

Қаржы жүйесінің мәні, мемлекеттік бюджет, салық жүйесі, мемлекеттің фискалды саясаты туралы шолу жүргізу, студентке өзіндік жұмысқа бағыт беру.

Негізігі түсініктер мен терминдер

Бюджет тапшылығы; Сыртқы қарыз; Ішкі қарыз; Мемлекеттік бюджет; Мемлекеттік қарыз; Лаффер қисығы; Салық; Салық салу; Қаржы жүйесі; Қаржылар; Фискалды саясат.

Дәріс мәтіні

1. Қаржы – бұл ақша қаражаттарын бөлу және пайдалануға байланысты қатынастардың жүйесі. Ол экономиканың дамуы мен ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мемлекеттің қаржысы ақша қаражатынан тұрады. Ол қаражат тұрғындарды әлеуметтік қамтамасыз етуге, заңдылық пен қоғамдық шаруашылықты басқаруға жұмсалады.

Мемлекеттік қаржы құрамына: мемлекеттік бюджет, банктік және мемлекеттік несие, экономиканы тұрақтандыру қоры, зейнеткерлік, тұрғындарды жұмыспен қамту қоры, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, валюталық қор, мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың қаржысы, мемлекеттік салалық министрлік пен ведомстваның қорлары енеді.

Шаруашылық жүйесіндегі қаржыны (мемлекттік және мемлекеттік емес) – заңды тұлғалардың арасындағы (компания, концерн, холдинг, акционерлік қоғам, ассоциация, трест, бірлестіктердің), заңды тұлғалар мен мемлекет, заңды тұлғалар мен физикалық тұлғалардың арасындағы ақшалай қаржы қатынастары.

Кәсіпорынның қаржысын (мемлекеттік және мемлекеттік емес) – меншіктегі және қарыз қаржылар, ғылым мен техника қорының ақшалай қаражаты, әлеуметтік-мәдени даму мен материалдық ынталандыру қоры, амортизациялық қор, резервті және сақтандыру қоры енеді.

Тұрғындардың қаржысы – шаруашылық, еңбек қызметтерінің (жалақы, акция дивиденті, банк салымының пайызы, жер рентасы, т.б.) негізінде, банкте сақталған қаржылардың, зейнеткерлік қордағы ақшалай қаражаты құрайды.

Мемлекеттік қаржылар барлық қаржы жүйесінің басты бөлігін құрады, ал мемлекет қаржыларының жетекші буыны мемлекеттің бюджеті болып табылады.

Каржы негізінде төрт қызмет атқарады:

1. Бөлу – мемлекет ұлттық табыстың едәуір бөлігін қоғамдық шаруашылыққа, әлеуметтік мәдени шараларға, мемлекетті басқаруға, қорғанысты дамытуға бағыттайды.

2. Реттеу – мемлекет экономиканы реттеуді салық салу, несие саясаты, әртүрлі экономикалық жеңілдіктер мен дотация беру кезінде жүзеге асырады.

3. Ынталандыру – кәсіпорынның экономикалық дамуы әртүрлі қаржылық ынталандырумен жүзеге асады.

4. Бақылау – бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жүйелі түрде тексеру арқылы жүзеге асады.

2. Мемлекеттік қаржылар жүйесінде мемлекеттік бюджет басты орын алады. Мемлекеттік бюджет елдің әлеуметтік-экономикалық қажеттіктерін және мемлекеттік құрылысын қамтамасыз ететін күрделі механизм. Қазақстан республикасында бюджет екі деңгейлі: жалпы мемлекеттік және жергілікті бюджет. Мемлекеттік бюджет – мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары. Мемлекеттік бюджет жалпы қоғамдық қажеттерді өтеу мақсатымен мемлекеттік аппарат пен қорғаныс күштерін қаржыландыруға және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқару үшін қаражат. Ол мемлекеттің шығыны мен табыстарының балансы. Бюджеттен мемлекеттік кірістер мен шығындарының құрылымын көруге болады. Бюджеттің шығындар бөлімі жұмсалатын қаржының бағыттары мен мақсатырымен көрсетеді. Бюджет шығындары келесі баптардан тұрады: әлеуметтік жәрдемдер; білім, деңсаулық сақтау, мемлекеттік басқару, қорғаныс шығындары; қарулану мен сыртқы экономикалық қызмет шығындары, халық шаруашылығы, мемлекеттік қарыз төлемі, құқық қорғау органын басқару мен оған басқа да қажетті шығындары.

Мемлекеттік бюджеттің төлемдері:

- ассигнованиялар - кәсіпорындар мен мекемелерге міндеттерін атқаруға берілген ақша қаражаттары;

- субсидиялар – мемлекеттің ақшалай көмегінің бір түрі;

- субвенция – мемлекеттің белгілі бір мақсаттың орындалуына бағытталған ақша қаражаты;

- дотация – зиянды шығындарды жабуға арналған төлемдер.

Экономист Пигу мемлекеттік шығындарды екі топқа бөлген:

- Трансформациялық шығындар – тауар мен қызметтерге, яғни мемлекеттің қаржы шығыны басқа игіліктерге айналады. Оларға мемлекеттік инвестициялар, бюджеттік жалақы, мемлекеттің тауар мен қызметтерді сатып алуы жатады.

- Трансферттік шығындар – қайтарылмайтын, яғни тікелей мақсатқа жұмсалатын субсидиялар, үй шаруашылығына көмек ақшалар, әлеуметтік қорғау шығындары.

Бюджеттің кіріс бөлімі жинайтын салықтардан, мемлекеттік қарыздардан, салықтық емес түсімдер (мемлекеттік меншіктен табыстар), бюджет тыс қорларға түсімдерден құралады. Бюджет тыс қорлар нақтылы әлеуметтік-экономикалық қажеттектерді қанағаттандыру үшін жасалады. Оларға медициналық, әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны сақтау сияқты шығындар жатады.

Бюджеттің кірістері мен шығындары тепе-тең болғаны жөн, дегенмен көп жағдайда шығындар көлемі бюджетке түсетін кірістерден асып кетеді. Осы жағдайда бюджеттік тапшылық пайда болады. Бюджеттік тапшылықтың себептері көп:

- қоғамдық өндірістің құлдырауы;

- ақша эмиссиясы;

- мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік қызметтерінің өсуі;

- тиімсіз әлеуметтік бағдарламаларды қабылдау;

- әскери шығындарының өсуі;

- шаруашылық конъюнктурасын өзгеруі;

- көленкелі экономиканың дамуы.

Бюджеттік тапшылықты жабу үшін табыс бөлігін толтыру немесе шығын бөлігін қысқартқан жөн. Бюджет тапшылығын қысқарту үшін мемлекет мынадай шаралар қолданады:

- мемлекеттік несие;

- салық салу жүйесін қатайтады;

- мемлекетті басқару шығындарын қысқартады.

Бюджет тапшылығы мен мемлекеттік қарыз тығыз байланысты. Мемлекеттік қарыз – белгілі уақыт мерзімінде өткен жылдардағы жиналған бюджет тапшылығының сомасы. Мемлекеттік қарыздар қысқамерзімдік, ортамерзімдік, ұзақмерзімдік болып бөлінеді.

Мемлекеттік сыртқы қарыз – бұл шетел мемлекеттеріне, мекемелеріне, азаматтарына төленетін қарыз. Қарыздың бұл түрі ел үшін ең ауыр, себебі оны төлуе үшін мемлекет құнды қағаздарды беруге немесе белгілі қызмет көрсетуге мәжбүр болады.

Мемлекеттік ішкі қарыз – бұл осы мемлекеттің халқына төленетін қарыз, табыстардың алдымен елдің ішінде қайта бөлінуін талап етеді.

3. Нарықты экономиканы реттеудің ең тиімді нысаны салықтар болып табылады. Салық – заңмен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес жеке және заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін міндетті төлемдері. Салық салу табысты реттеу мен мемлекеттің қаржыларын толықтыру тәсілі. Мемлекетте түсетін салықтардың және басқа да төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесі деп аталады.

Салық жүйесінің элементтері:

1. Салық субъектісі – заң бойынша салық төлеу міндетті адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы басқа тұлғаға жіктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы тұлға белгіленеді.

2. Салық объектісі – салықтың есебі неге жүргізіледі (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік).

3. Салықтың көзі – салық неден төленеді.

4. Салық ставкасы – салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі.

5. Салық жеңілдіктері.

Салық қызметтері:

- Фискальды (тіркелген) немесе жұмылдыру қызметі. Салық түсімі арқылы алынатын қаражаттар мемлекеттің саяси-шаруашылық қызметін атқарудың қаржы негізі болып табылады.

- Бөлу қызметі. Салық механизм арқылы мемлекеттік бюджетке жалпы ұлттық өнімнің көп бөлігі жұмылдыруда болады. Салық арқылы мемлекет әскери, әлеуметтік бағдармаларды қаржыландырады. Салық мемлекетке қаржыны әртүрлі топтардың арасында территория, облыс, аудандар бойынша барынша біркелкі бөлуге мүмкіндік береді.

- Реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропорцияны реттейді. Салықтар дағдарыстық құбылыстарды жоюға, нарық конъюнктурасына әсер етуге, экономиканы тұрақтандыруға пайдаланады.

- Ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады.

- Бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге асырады.

Салық жүйесінің принциптері:

1. Салық барлық игіліктерге пропорциональды түрде қоғам мүддесіне сай болуы.

2. Салық табыс мөлшері мен әл - ауқаттылық деңгейіне тәуелді болуы.

3. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек. Салық төлеу мерзімі, төлем тәсілі, сомасы - барлығы анық, ашық болуы.

4. Белгілі бір мерзімде салықтың түрлері мен мөлшермесі тұрақты болуы.

5. Табысты жасырғаны үшін салық төлеуші әкімшілік және қаржылық жауапкершілік міндеттемесін білуі қажет.

Салық салу жүйесінде формасы және өндіріп алу көздеріне байланысты салықтық бірнеше түрлері бар.

Салық сипаты тұрғысынан:

- Тікелей салықтар. Олар мемлекет тарапынан тікелей кәсіпорындар тұрғындар табысынан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осы салықтың түрлеріне – пайдадан, табыстан, жылжымайтын мүліктен, құнды қағаздар операциясынан, жалақыдан т.б. алынған салықтар жатады.

- Жанама салықтар – мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра отырып алады. Бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Оған – акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға салынған салық жатады.

Бюджет деңгейіне байланысты салықтар бөлінеді:

- Жалпы мемлекеттік салықтар. Олар мемлееттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жалпы - мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке тұлғалардың айлығынан (табысынан) салық; қосымша құн салығы; акциздер; құнды қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер байлығын пайдаланғандар салығы.

- Жергілікті салықтар жергілікті бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдық салығы; кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кейбір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан алым.

Салық өсімі (салық салу бірлігіне деген мөлшер, %) арқылы салықтар бөлінеді:

- Тұрақты салық табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

- Регрессивтік салық, яғни табыс өскен сайын салық мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивтік салық үлкен табыстары барларға пайдалы.

- Пропорционалды салық. Табыс өзгерсе де салық өсімінің мөлшері тұрақты болып қалады (қосымша құн салығы - 16%).

- Прогрессивтік салық. Мұның мағынасы – табыстың өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Мысалы, Қазақстандағы жеке тұлғалардан алынатын жеке табыс салығы. Прогрессивтік салық үлкен табыстары барларға тиімсіз.

Табысқа салынатын жоғары салық кәсіпкердің белсенділігінің төмендеуіне, басқа да жағымсыз факторларға әкеледі. Осы проблемаларды американ экономисі Артур Лаффер 80-шы жылдардың басында зерттеп келесі қорытындыға келді: табыс салығы өсімінің жоғары болуы қай бір елде болмасын оның өндірісінің тоқырауына, инфляция деңгейінің тереңдеуіне және халық байлығының төмендеуіне әкеледі. А.Лаффер салықтардың бюджетке түсуі және оның мөлшері арасындағы тәелділікті зерттеген. Графиктегі мұндай көріністі «Лаффер қисығы» деп атайды.

Лаффер қисығы салық мөлшерімен келіп түсетін салық көлемінің арасындағы байланысты көрсететін қисығы. Корпорациялардың табыстарына салық мөлшерінің тым көп өсуі олардың капиталдық салымдар жасауға ынтасын жоққа шығарады, экономикалық өсуді төмендетеді. Соның нәтижесінде мемлекет бюджетінің түсімі азаяды. Осы қисық көмегімен келіп түсетін салық көлемдерінің сомасының ең жоғары деңгейде болатын салықтың мөлшерің анықтауға болады. Артур Лаффер ойы бойынша, табыс салығы 50% асқанда фирмалар мен адамдардың іскерлік белсенділікгі төмендейді.

6 график. Лаффер қисығы.  
бюджетке салық түсімі М L N 0 15 30 45 60 75 салық өсімі (%) Егерде салық өсімі О –ден 100% -ке көтерілсе, онда салық болмайды. Салық түсімі максималды деңгейге 50% (М-нүктесінде) көтеріліп, онан соң 0-ге дейін төмендейді. Салық түсімі LN шартты нүктесінде тепе-тең, бірақ L –нүктесіндегі өсімнің төмен дейгейін құптауға болады, ал N-нүктесіндегі түсім жайсыз жағдайдың көрінісі.

14-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Мемлекеттің қаржы жүйесіне не кіреді? Мемлекеттік бюджет табысы мен шығынын не құрайды? 2012 жылы мемлекеттік бюджеттің жоспарына не кіреді, 3-жылға жоспарланған бюджет шығынын қарастыру. Елде бюджет тапшылығы бар ма?

Қазақстан Республикасында салықтың қандай түрі жүреді? Салық жүйесін мемлекеттік реттеу жолдарын қарастыру. Қазіргі уақытта салық өсімі бойынша қандай өзгерістер бар? Шағын бизнеске, кәсіпкерлікке салық жөнінен берілетін жеңілдіктер.

Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің басты бағыттарының қызметі. 2011 ж. мемлекетте белгіленген өмір сүру минимумы. 2012 ж. жоспарланған ең төменгі жалақы. «Атаулы» әлеуметтік қорғауға кіретін адамдар категориясы.

15-тақырып. экономикалық теорияның халықаралық аспектілері

1. Дүниежүзілік шаруашылық.

2. Халықаралық қатынастар және оның негізгі көріну нысандары.

Мақсаты: халықаралық экономиканы қарастыру арқылы, оның ішкі ұлттық экономикаға әсерін, оның негізгі түрлерін көрсете білу. Әсіресе сыртқы сауданың негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге қалай әсер ететіндігін талдау.

Негізгі түсініктер мен терминдер

Валюталық курс; Ғаламдық проблемалар; Еркін сауда (фритредерство); Еркін экономикалық зона; Әлемдік шаруашылық; Протекционизм; Сауда балансы; Халықаралық сауда; Халықаралық экономикалық интеграция.

Дәріс мәтіні

1. Дүниежүзілік шаруашылық бір-бірімен тауарларлы - ақша қатынастарымен байланысқан егеменді ұлттық мемлекеттердің жиынтығы. Дүниежүзілік шаруашылық нарықтық экономиканың заңдарына негізделген, өзара байланысты және бір біріне тәуелді ұлттық экономикалардың жиынтық әрекеттерін көрсететін экономикалық организм. Яғни бұл ұлттық шаруашылықтар бір бірімен халықаралық еңбек бөлінісі, өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар арқылы әр түрлі деңгейде және әр түрлі сипатта көрінетін өндірістік, ғылыми-техникалық, ғылымдық, т.б. байланыстар арқылы біріккен ғаламдық экономика.

Дүниежүзілік шаруашылықтың даму ерекшеліктерінің бірі тұйықталған ұлттық шаруашылықтың жүргізу тәжірибесінің бірте-бірте сыртқы нарыққа бағытталып, ашық экономикаға көшу. Көптеген саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістер нәтижесінде дүниежүзілік шаруашылықта өзгерістер боды. Соған байланысты бүкіл дүниежүзілік шаруашылық бір тұтас жүйе ретінде қалыптаса бастады. Бірақ елдердің даму деңгейлері бірдей емес.

Дүниежүзілік шаруашылықтың болашағына және оның дамуына әсер ететін себептер:

- ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдадауы, жаңа технологияның тарауы;

- қоршаған ортаның проблемаларындағы ғаламдық өзгерістер;

- халықаралық өсу мен қоныстаудың қозғалысы;

- бай және кедей елдердің арасындағы алшақтықтың өсуі.

2. Халықаралық қатынастардың басты формаларына жататындар:

- халықаралық еңбек бөлінісі,

- тауарлар мен қызмет көрсетудегі дүниежүзілік сауда,

- халықаралық несие,

- өндірістік факторлардың (еңбек, капитал) халықаралық ауысуы,

- халықаралық валюта-қаржы қатынастары,

- халықаралық ғылыми-техникалық байланыстар,

- экономикалық интеграция.

Халықаралық сауда - әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықт-арының арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықаралық еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды. Олардағы өндіріс қызметінің әртүрлі саласын белгілі түрге мамандандырады нәтижесінде өндіріс нәтижесін, ғылыми-техникалық қызметтер тауарлармен айырбастау жағдай туғызып, халықаралық сауда дами түседі.

Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің тауар өндіруге қалыптасқан дұрыс жағдайларымен түсіндіріледі. Халықаралық еңбек бөлінісімен тауар айырбасын ынталандыратын төрт негізгі факторларды атап өтуге болады.

1. Әлеуметтік жағрапиялық факторлар – жағрапиялық орналасу, халықтың құрылымы саны, және де олардың шаруашылық тәжірибесі, білімі, әдет-ғұрпы бойынша жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

2. Табиғи экономикалық факторлар – табиғи климаттық жағдайлар, жер шаруашылығы құралдары, табиғи кен байлықтары, су және басқа да ресурстармен қамтамасыз етілу жағынан жеке елдердің арасындағы айырмашылық.

3. Техникалық экономикалық факторлар – жеке елдердің экономикалық және ғылыми техникалық даму деңгейі әр түрлі болуымен анықталады.

4. Ғылыми техникалық процесс. Халықаралық еңбек бөлінісі өнімдердің тұрақты түрде жаңаруына, тауарлар ассортиментінің және олардың техникалық күрделілігінің шапшаң өсуіне әкеледі.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен өнеркәсібі дамыған елдерді нығайту өнеркәсіп өнімдерін айырбастаудың өсуіне алып келеді. Халықаралық саудада шикізат тауарларының үлес салмағының кемуі қазіргі өндірісте шикізат ролі кемуінің тенденциясын байқатады. ҒТР-ның дамуы жаңа технологияны қолдануға әкеліп шикізатқа шығындарды және дайын өнімнің мөлшеріне энергияны қысқарта ҒТР сауданың қалыптасқан түрлерінен басқа түрлерін де тудырады. Оларға: техникалық білім техникалық іс-тәжірибе, техникалық процесс пен лицензия патенттер жатады.

Сыртқы сауда - тауарды әкелуден (импорт) және шығарудан (экспорт) құралады. Әрбір елдің сыртқы сауда нәтижесі сауда балансынан көрінеді. Егер шығарылған тауар құны әкелінген тауар құнынан артық болса – онда оны сауда балансы деп атайды. Керісінше болған жағдайда пассивті сауда балансын құрайды.

Халықаралық сауданың тиімділігін бағалау мынадай теориялар арқылы жүргізіледі:

1. Абсолюттік артықшылық теориясы – басқа мемлекетпен салыстырғанда климаттық, жағрапиялық, техникалық жоғары деңгейде болуымен өндіріс шығындары кем болады.

2. Салыстыру артықшылық теориясы (Д.Рикардо ХІХ ғ.)- мамандандырылған өндіріс пен сауданы басқа мемлекетпен салыстырғанда альтернативтік шығындар аз болуы қажет сонда жалпы өнім көлемінде жоғары деңгейде болады.

Мемлекеттің сыртқы сауда саясаты екі типте жүргізіледі.

1. Протекционизм - жергілікті тауар өндірушілерді шетелдік бәсекелестерден қорғау саясаты. Импортты шектеу негізінде үш негізгі шаралар қолданылады:

- Кеден, баж салығы немесе тарифтік кедергілер жүргізу. Шетел тауарларына салық арқылы олардың бағасын көтеріп, сұранысты азайту.

- Тарифтік емес кедергілер (импортқа тыйым салу немесе шектеу қою: квота, лицензия және т.б. шаралар арқылы).

- Экспортты қолдау. Артықшылықтары: Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қор-ғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады.

2. Фритредерство немесе еркін сауда саясаты, яғни ішкі нарықта шетел капиталы мен қызметтерді енгізуді қолдау. Артықшылықтары: Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.

Мемлекеттің сыртқы экономикалық байланыстарын сипаттауға төлем балансықолданылады. Төлем балансы дегеніміз белгілі бір кезендік статистикалық есеп беру және келесі құбылыстарды көрсетеді:

- белгілі бір елдің басқа елдер арасындағы тауарлық, қызметтік, табыстық операциялар;

- меншіктегі өзгерістер және сол елдің қаржылық талаптар мен міндеттемелеріндегі өзгерістер;

- бір жақты аудармалар.

Төлем балансына сыртқы саудадан, тасымал құралдары төлемінен, шетелге капитал шығарудан, шетел туризмінен және валюталық несиелік операциялардан және т.б. түскен табыстар кіргізіледі. Дәл осындай баптар төлем балансының шығын бөлімінде көрсетіледі. Төлем балансының көрсеткіштері сол елдің белгілі бір кездегі экономикалық жағдайы туралы мәлімет береді. Егер төлем балансында теріс сальдо болса, онда сол ел дүниежүзілік нарықта сенімсіздікке ұшырайды, мұның өзі ұлттық валютаның басқа елдердің ұлттық валютасымен салыстырғанда, төмендеуіне әкеліп соғады.

Халықаралық несие – бұл қайтарымдылық, жеделдік, процент төлеу шарты бойынша валюталық және тауар ресурстарының берілуі, яғни мемлекеттердің бір - біріне ақша немесе тауар ресурстарын қарызға беруі. Бұл жағдайда қарыз беруші мен қарыз алушы рөлінде жеке фирмалар, компаниялар, мемлекеттің үкіметі, аймақ, облыс, қала әкімшіліктері мен халықаралық мекемелер болады. Халықаралық несие әр түрлі формада болады:

1. Өзінің мақсатты пайдаланылуына байланысты халықаралық несие байланысқан және қаржылық деп бөлінеді.

- байланысқан несие несиелік келісімде бекітілген қатаң түрдегі мақсатты сипаты болады (коммерциялық, инвестициялық несиелер);

- қаржылық несиелер қарыз алушының кез келген мақсатына сәйкес беріледі.

2. Ұсынылу формасы бойынша тауарлық және валюталық деп бөлінеді.

3. Берілу мерземі бойынша қысқамерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді, онкольдік деп бөлуге болады.

4. Несие берушінің кім екендігіне байланысты жекеше, үкіметтік, халықаралық ұйымдар несиелерді ажыратады.

5. Валюталық несиелер берілу валюта бойынша бөлінеді.

Халықаралық жұмысшы күші нарығы жұмыс күшінің сырттан келуімен (эмиграция) және кетуімен (иммиграция) қалыптасады, яғни ұлттық шаруашылықтар арасындағы жалдамалы еңбектің ауысуы (миграция) Оның пайда болуы өмір сүру деңгейінің төмендегі мен даму қарқыны төмен елдерде тұрғындардың салыстырмалы елдердің дәрежесінің жоғары болуымен түсіндіріледі. Сол себептен қосымша жұмыс күшін қажет ететін интенсивті дамыған елдерге ауысып отырады.

Дүниежүзілік шаруашылықтың интернациалануының тереңдеуі жағдайында капитал экспортының мәні өсуде. Капиталдың миграциясы – бұл белгілі бір ұлттың айналымында жүрген капитал бөлігін басқа елдің экономикасына тауар немесе ақша формасында енгізу процесі. Оның басты себебі: бір елде капитал мөлшерінің салыстырмалы түрде көр болуы, яғни оның шектен тыс көп жинақталуы. Капитал миграциясының түрлері көп:

1. жеке меншік және мемлекеттік капитал миграциясы;

2. ақша және тауар капитал миграциясы;

3. қысқа және ұзақ мерзімдегі миграциясы;

4. қарыз және кәсіпкерлік капитал миграциясы.

Қарыз капиталы сақтаудағы ақшадан, несиеден түсетін процент көлемінде табыс әкеледі. Кәсіпкерлік капиталды шетке шығару – басқа елдердің территориясында өзінің өндірісін салу үшін қаржы жұмсау. Кәсіпкерлік капитал екі түрге бөлінеді:

- Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда т.б. салаларға бағытталған.

- Портфельдік инвестиция – шетелдік облигация, акция мен басқа да құнды қағаздарға бағытталған.

Валюталық курс – бір елдің ақша бірлігінің басқа елдердің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Валюта қатынастары тарихында үш валюта жүйесі белгілі.

1. Алтын стандарты негізінде 1879-1934 жылға дейін: ақша бірлігінде алтын үлесінің болуы, алтын қоры мен ішкі ақша ұсынысының тең болуы, осының нәтижесінде мемлекет валюталық курсты қатал шектеуде ұстап отырады.

2. Бреттон Вуд жүйесі 1944-1971 ж. ақша айналымына алтын девиза енгізілді, яғни мұндай өлшеуіш алтынның орнына алтыны аз елдердің кейбір ұлттық немесе бірлескен валюталардың жүруіне жол берілді. (алтын-доллор стандарты)

3. 1971 жылдан бастап дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен біріккен валюта атқара бастады да бұл жүйе - еркін өзгеріп отыратын валюталық курс жүйесі деп аталды, яғни валюталық курс мемлекет әсерін тигізіп отыратын сұраныс пен ұсынысқа қарай өзгеріп отырады.

Валюталық курсты реттеу үшін 4 негізгі тәсіл қолданылады:

1. Валюталық интервенция валюталық нарыққа мемлекеттің араласуы. Валюталық сұраныспен ұсынысты қажетті бағытқа өзгерту үшін мемлекет осы валютаның қажетті санын сатады немесе сатып алады.

2. Валюталық бақылау жүргізу, яғни егер елде шетелдік валютаның көлемі кемісе, оған сұраныс өссе, оның өсуін баяулату үшін валютаның легін ішкі нарықта қайта бөлуге кіріседі.

3. Сыртқы сауданы бақылау арқылы валюталық сұраныс пен ұсынысқа жанама түрде мемлекет ықпалын жүргізеді.

4. Ішкі макроэкономикалық реттеудің әртүрлі шаралары бойынша валютаның айырбас пропорциясына мемлекет әсерін тигізеді.

Халықаралық экономикалық интеграция

Соңғы уақытта әлемдік шаруашылықта күрделі өзгерістер байқалады. Олардың ішінде ең маңыздысы – ұлттық шаруашылықтың жақындасуы мен өзара тығыз байланысуы негізінде мемлекетаралық экономикалық бірлестіктердің құрылуы. Елдің мұндай жақындасуы мен бірлесуін экономикалық интеграция деп атайды.

Еркін экономикалық аймақ (ЕЭА) - кейбір аймақтағы аудандарға экономикалық-әлеуметтік ғылыми техникалық дамуын және сыртқы экономикалық байланыстар ұйымдастыруды өздері шешуге берілген еркіндік. Осы мәселелерді қолайлы, жайлы жағдайлармен қамтамасыз ету үшін арнайы кеден және сауда тәртібі, тауарлар, еңбек ресурстары, капитал мен пайданың ауысуы, салық жеңілдіктері, инвестицияны қолдау шаралары қолданылады.

ЕЭА-ның негізгі мақсаттары: Осы аймақты дамыту; Әлемдік тәжірибе алу; Сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту; Экономикалық, ғылыми-техникалық жаңалықтар енгізу.

Мақсаттың нақты түріне байланысты ЕЭЗ-ның әртүрлі түрлері болуы мүмкін:

еркін кедендік зона; еркін сауда зонасы; өндіріс экспорты зонасы; ғылыми-техникалық зона (технопарк, технополис т.б.); ашық аудандар мен қалалар.

Ғаламдық проблемалар дегеніміз - жер шарындағы көкейкесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады. Оған жататындар: дүниежүзілік өзара соғысты болдырмау, қоршаған ортаны қорғау, дамушы елдердің экономикалық артта қалуын жою, энергетикалық, ішкі заттық, азық-түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт жағдайда космосты игеру, ауруларды жою және т.б.

Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол - оның барлығы адам тағдырына қатысты және оны шешуді тоқтату өркениеттілікті күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын төмендету болып табылмақ.

Өркениеттіліктің болу негізі әртүрлі процестердің әсеріне ұшырап отырады:

- милитаризация мен қару-жарақтану;

- қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;

- қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.

- дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;

- ұлттық мәдениеттің жойылуы;

- дүниежүзілік мұхитты бақылаусыз қанау.

  Протекционизм Фритредерство
Мағынасы: Шетел өнімдерін ішкі нарыққа кіргізуді ұлттық өндірісті қорғау үшін шектеу. Ешбір кедергілерсіз мемлекеттер арасында тауарлар мен қызметтердің еркін жүруі.
Артықшылықтары Төлем балансын теңдес-тіреді, демпингтен қорғайды. Жаңа салаларды қорғайды, өндіріс көле-мінің өсуін ынталан-дырады. Бәсекені ынталандырады, монополияны шектейді, өндіріс тиімділігі өседі, бағалар төмендейді. Тауарларды таңдау мүмкіндігі еді, мемлекет арасында жақындасу, бірігу процесі өседі.
Кемшіліктері: Өндіріс тиімділігі төмендейді, бағалар өседі, тауарды таңдау мүмкіндігі болмайды, экспорт мүмкіншілігі азаяды. Ұлттық экономиканы шетелдің теріс әсерінен қорғау мүмкіндігі болмайды (демпинг, сапасыз тауарлар және т.б.).

15-тақырыпты қарастыруда әдістемелік нұсқау

Дүниежүзілік шаруашылық дамуына әсер ететін факторлар, олардың Қазақстан Республикасында бар-жоқтығын анықтау. Қазақстанның халықаралық және сырты сауда балансының көрсеткіштері. Қазақстан сыртқы сауда саясатын жүргізуде қандай бағыт ұстанады? Мемлекеттегі жұмыс күші миграциясының ахуалын талдау.

Біздің елде валюталық бағамның қандай түрі қолданылады? Валюталық бағамды қалай есептейді? Валюта бағамының өсіп немесе төмендеп отыруына не әсер етеді?

Қазақстанда халықаралық экономикалық интеграцияға байланысты мысал келтіру. Елдегі еркін экономикалық аймақтарды қарастыру.

4. Оқу курсы мен тақырыпқа арналған міндетті және қосымша әдебиет пен дереккөздер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1. Т.У.Садыков, А.Т.Тлеухан. Экономикалық теория. Оқу құралы. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013.

2. А.Н.Доғалов, Н.С.Досмағанбетов. Экономикалық теория. Оқұлық. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. 2013.

3. А.Қ.Ауелбекова, А.Т.Тілеухан. Экономикалық теория. Оқу-әдістемелік құралы. Астана, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ. 2013.

4. Жалпы экономикалық теория: оқулық / Ө.Қ.Шеденов, Ү.С.Байжомартов, Б.А.Жүнісов, Б.И.Комягин.- Алматы-Ақтөбе, 2002.- 364б

5. Сахариев, С.С. Жаңа кезең - экономикалық теориясы: оқулық / С.С. Сахариев, А.С. Сахариева.- Алматы: Данекер, 2004.- 151б.

6. Мәуленова, С.С. Экономикалық теория. 1-бөлім: оқу құралы / С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов.- 2-ші бас., өнд.- Алматы: Эверо, 2009.- 194 б.

7. Темірбекова, А.Б. Экономикалық теория негіздері: қысқаша лекциялар курсы / А.Б. Темірбекова; Қ.С.Байшоланова, Ж.Ж.Бектұрсынова.- Алматы: Экономика, 2008.- 188 б.

8. Абдуллаев, Ә. Экономикалық теория: оқу құралы / Ә Абдуллаев.- Алматы: Экономика, 2004.- 166б.

9. Экономикалық теория бойынша практикалық оқу құралы/ Е.Б.Жатқанбаев.- Алматы, 2006.- 300б

10. Женсхан, Д. Экономикалық теория негіздері: оқу құралы жоғарғы оқу орындарындағы экономикалық емес мамандықтардың студенттерге арналған / Д. Женсхан.- Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2008.- 140б.

11. Есполов, А.Т. Экономикалық теория: оқу құралы / А.Т. Есполов.- Алматы: Қаз ҰАУ, 2008.- 156б.

12. Жүнісов, Б.А. Экономикалық теория пәнінен құрылымдық-логикалық схема: оқу-әдістемелік құрал / Б.А. Жүнісов, Б.А. Жакупова.- Ақтөбе, 2006.- 98б.

13. Жолдасова, Г.А. Экономика негіздері: оқу құралы / Г.А. Жолдасова.- 2-бас.- Астана: Фолиант, 2011.- 224б.- (Кәсіптік білім).

14. Әубәкіров Я, Нәрібаев Қ және т.б Экономикалық теория негіздері. Оқулық, Алматы. «Санат», 1998 – 479 бет

15. Әубәкіров Ж. Ә, Байжұманов Б.Б, Жақыпова Ф. И, Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті 1999– 280 бет

16. Ким П. Г, Капекова Г. А. Экономическая теория Учебное пособие. Алматы. 2001 – 600стр

17. Габит Ж.Х. Экономикалық теория Астана 2006 Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ.

18. Крымова В. Экономикалық теория. Кестелі оқу құралы. Алматы, Аркаим 2003ж – 117 бет

19. Макконнелл К.Р, Брюсс. Л Экономикс в 2 х томах. Таллин. 1995. – 400 и 400стр

20. Шеденов Ө.Қ, Сағындықов Е. Н, Жүнісов Б.А және т.б. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А - Полиграфия» 2004 - 453 бет

21. Экономикс. Оқу құралы. Дайындағандар Я. Ә. Әубәкіров, А. Қ Қабдиев, В. Қ Досқалиева, С. Ә Досқалиев. Алматы «Экономика» 1995 - 144 бет

22. Экономическая теория. Учебник для вузов. под редакции. д.э.н Добрынина Л.И., д.э.н Тарасевича Л. С «Питер» 1999 - 542 стр

23. Доғалов, А.Н. Экономикалық теория пәнінен курстық жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқау: әдістемелік құрал / А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов.- Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2011.- 31б.- (Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ кітапханасы).

Қосымша әдебиеттер.

1. Послания Президента: из года в год. Тематический выпуск. Республиканский общественно – поитический журнал «Байтерек» № 3, сентябрь 2003г -118 стр.

2. ҚР Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауы. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында.

3. Астана, 2005 жылғы 18 ақпан. Егемен Қазақстан газеті, 1 наурыз 2005 жыл (газет ішіндегі кітапша)

4. Баишев С. Б Очерки экономической теории Казахстана. Избранные труды. Алматы «Ғылым» 1989ж - 232 бет

5. Баймұратов У.Б Национальная экономическая система. Алматы. «Ғылым». 2000 – 536 стр.

6. Жатқанбаев Е. Аралас экономика негіздері. Оқу құралы. Алматы. «Қаржы – Қаражат». 1996.ҚР Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңы 5.03.1997ж.

7. Жүнісов Б, Мәмбетов. Ұ. Байжомартов Ү. Нарықтық экономика негіздері. (2 – басылымы) Алматы. Республикалық баспа кабинеті. 1994 - 192 бет

8. Кажмурат К. Избранные научные труды 2-х томах Алматы. Қазақстан Даму институты. 1998 – 290 и 460 стр.

9. Керімқұлов С. Е Сұраныс, ұсыныс және нарықтық тепе – теңдік. Оқу құралы. Астана - 2005 172 бет.

10. Кошанов А. Трудное восхождение. На путях к рынку. Избранные труды. Астана. Елорда. 2004 – 704 стр

11. Сабден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз. Алматы. «Қазақстан» 1997 - 192 бет

12. Рахметулина, Ж.Б. Экономикалық теория пәні бойынша тесттер жинағы: экономикалық емес мамандықтарға арналған / Ж.Б. Рахметулина, Г.М. Жуманова.- Шымкент: М.Әуезов ат.ОҚМУ, 2010.- 158б.

13. Рахметулина, Ж.Б. Экономикалық теория пәні бойынша практикум: экономикалық емес мамандықтарға арналған / Ж.Б. Рахметулина.- Шымкент: М.Әуезов ат.ОҚМУ, 2010.- 111б.

14. Мұсабеков, С.М. Экономикалық теория: оқу құралы / С.М. Мұсабеков.- Алматы, 2011.-178б.

15. Бекмолдин, С.Қ. Экономикалық теория: оқулық / С.Қ. Бекмолдин, С.С. Мәуленова, Е.Қ. Құдайбергенова; жалпы ред. бас. Ә.Ә.Әбішев.- Алматы: Экономика, 2011.- 386 б.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: