Функциясы бар сценарий

Қабырғасы мен биіктігі берілген үшбұрыштың ауданын анықтайтын сценарий жазу қажет. Үшбұрыштың ауданын есептеу үшін HTML-құжаттың <HEAD> бөлігінде сипат­талған care функциясын қолданамыз (4.2 листинг).

4.2 листинг. Функциясы бар сценарий жазу

<HTML> <HEAD> <H2> Функциясы бар сценарий</H2>

<title> Функцияны пайдалану</title>

<script language="JavaScript">

<!-- //

function care(a,h) {return a*h/2}

//-->

</script>

</HEAD>

<BODY>

<P> Функциясы бар беттің басталуы </P>

<script>

<!--

var a1=4; h1=16

var s=care(a1,h1)

document.write("Функцияны шақырғанда алынған мән ", s,".");

//-->

</script>

<P>Беттің аяқталуы</P>

</BODY> </HTML>

4.6-сурет. Функциясы бар сценарий нәтижесі

Функция тұлғасы функцияның қайтарылатын мәнін анықтайтын тек return опера­торы­нан тұрады. s=care(a1,h1) меншіктеу операторы орындалғанда құжат тұлғасын­дағы функцияны шақыру іске асырылады. А және h формальді параметрлеріне a1 и s нақты параметрлерінің мәні меншіктеледі де, функция тұлғасы есептеледі. Табылған мән write тәсілі арқылы экранға шығарылады.

4.6.2 Ақпарат енгізу

Alert функциясы информацияны экранға шығару үшін қолданылады. Ал информация енгізу үшін prompt функциясы қажет: prompt("жазу", "келісім бойынша енгізілетін мән"); мұнда экранға ішінде екі батырмасы бар терезе шығады. Біз жазба мәліметті енгізу жолына жазып, ОК батырмасын басамыз. Сонда бірінші терезе жабылып, келесі терезеге енгізілген мәліметтер шығады. Ол мәнді мысалы, айнымалыға меншіктеуге, артынан басқа командаларда пайдалануға болады. Егер Cancel батырмасын шертетін болсақ, онда prompt функциясы арнайы null мәнін қайтарады (бұл "null“ сөз тіркесі емес, яғни бос жол ""емес, мәліметтің арнайы мәні).

Мысалы:

<script language="JavaScript">

<!--

var str = prompt("2 х 2 қанша болады?", "5");

if (str == "4") alert (“Өте дұрыс! Жауабы, әрине 4!"); else alert(“Әзілді түсінсең ғана, ол қалжыңға айналады!"); //-->

</script>

Осы скрипті іске қосқанда экранға суреттегі терезе шығады.

 
 
4.7-сурет. Программа нәтижесі


Егер 4 санын енгізіп, ОК батырмасын шертетін болсақ, скрипт жұмысы төмендегі суреттегідей болып жалғасады.

4.8-сурет. Сұхбат терезеге жауаптың шығуы

Егер енгізу өрісінде 5 санын қалдырсақ (не 4-тен басқа кез келген сан енгізсек), экранға төменгі суретте көрсетілген хабарлама шығады

4.9-сурет. Программа нәтижесінің сұхбат терезеге шығуы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: