Циклдер мен функциялар

Белгілі бір әрекеттердің қайталанып орындалуын цикл операторларының көмегімен ұйымдастыруға болатындығы бізге белгілі. JavaScript программалау тілінде циклді ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар.

While циклі

Цикл орындалуы: алдымен шарт тексеріледі. Егер ол ақиқат болса, командалар (цикл денесі) орындалады. Келесі жолы да осы әрекеттер қайталанады, яғни шарт тексеріледі, егер ол ақиқат болса, цикл орындалады, т.с.с. Кезекті тексеру кезінде шарт жалған болған кезде, цикл жұмысы аяқталады. Циклда шарт алдын ала тексерілетін болғандықтан, ол бір де бір рет орындалмауы да мүмкін.

Жалпы жазылу түрі:

while (шарт) команда;

Мысал:

var i = 1;

var sum = 0;

while(i <= 100)

{

sum += i;

i ++;

}

alert("Қосынды 1 + 2 +... + 100 = " + sum);


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: