Бап. Бандитизм

1. Азаматтарға немесе ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында тұрақты қарулы топ (банда) құру, сол сияқты осындай топты (банданы) басқару -
мүлкi тәркiленiп, он екі жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Тұрақты қарулы топқа (бандаға) немесе ол жасаған шабуылдарға қатысу -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi адам өз қызмет бабын пайдалана отырып жасаса -
мүлкi тәркiленiп, он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 237-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.29 N 502-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

238-бап. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс
құралдарына шабуыл жасау

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Үйлерге, ғимараттарға, қатынас және байланыс құралдарына, өзге де коммуникацияларға шабуыл жасау, сол сияқты оларды басып алу -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын басқа заттарды қолдана отырып;
д) пайдакүнемдiк ниетiмен немесе жалдау арқылы;
е) мемлекеттік органдардың немесе мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына қатысты жасалса, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз жеті жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса немесе абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 238-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.12.29 N 372-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

239-бап. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол
составын айдап әкету, сонымен бiрдей қолға
түсiру

1. Әуе немесе су көлiгiн не жылжымалы темiр жол составын айдап әкету, сол сияқты осындай көлiк пен құрамды айдап әкету мақсатында басып алу -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолданып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
г) қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолдана отырып жасалса -
жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

240-бап. Теңiз қарақшылығы

1. Теңiз немесе өзен кемесiне бөтеннiң мүлкiн басып алу мақсатында күш қолданып немесе күш қолданамын деп қорқытып шабуыл жасау -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Бiрнеше рет, не қару немесе қару ретiнде пайдаланылатын заттарды қолданумен жасалған дәл сол әрекет -
мүлкi тәркiленiп, сегiз жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды ұйымдасқан топ жасаса не абайсызда кiсi өлiмiне не өзге ауыр зардаптарға әкеп соқса -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

241-бап. Жаппай тәртiпсiздiктер

1. Күш қолданумен, қиратумен, өртеумен, бұзумен, мүлiктi жоюмен, атыс қаруын, жарылыс заттарын немесе жарылыс құрылғыларын қолданумен, сол сияқты олардың өкiмет өкiлiне қарулы қарсылық көрсетумен ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыру -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген жаппай тәртiпсiздiкке қатысу -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсене бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру –
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл салуға не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 241-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

242-бап. Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау

Дайындалып жатқан терроризм акт ісі туралы көрінеу жалған хабарлау, -
екi жүзден бес жүзге дейiнгi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға, не жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 242-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.02.19 N 295, 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.18 N 547-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

243-бап. Жаппай зақымдау қаруын, қару-жарақ және әскери
техника жасау кезiнде пайдаланылатын
технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты
және қызметтердi заңсыз экспорттау

Жаппай зақымдау қаруын, олардың жеткiзу құралдарын, қару жарақ және әскери техниканы жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн және арнайы экспорттық бақылау орнатылған технологияларды, ғылыми-техникалық ақпаратты және қызмет көрсетулердi заңсыз экспорттау -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 243-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

244-бап. Атом энергетикасы объектiлерiнде қауiпсiздiк
ережелерiн бұзу

1. Атом энергетикасы объектiлерiн орналастыру, жобалау, салу, жөндеу немесе пайдалану кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер ол кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына әкеп соқтыруы мүмкiн болса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе қоршаған ортаның радиоактивтiк зақымдануына немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соқтырған дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 244-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

245-бап. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу
кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу

1. Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзгенде қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 245-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

245-1-бап. Сапасыз құрылыс

1. Құрылыс ұйымдары басшыларының, жұмыс жүргiзушiлердiң және құрылыстың сапасын бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың сапасыз салынған, аяқталмаған немесе шарттың және жобалау құжаттамасының талаптарына сәйкес келмейтiн ғимараттар мен құрылыстарды, автомобиль жолдарын, тоннельдердi, электр станцияларын, тұрғын үйлердi немесе өзге де құрылыс объектiлерiн пайдалануға тапсыруы және (немесе) пайдалануға қабылдауы, сол сияқты оларды сапасыз жөндеуi, егер бұл абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз, үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 245-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.01.08. N 210 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

246-бап. Жарылыс қаупi бар объектiлерде қауiпсiздiк
ережелерiн бұзу

1. Жарылыс қаупi бар объектiлерде немесе жарылыс қаупi бар цехтарда қауiпсiздiк ережелерiн бұзу, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтыруы мүмкiн болса -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып не онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 246-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

246-1-бап. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік
қағидаларын бұзу

1. Ғарыш қызметін жүзеге асыру кезінде қауіпсіздік қағидаларын бұзу, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептік көрсеткіштің бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде немесе сотталған адамның бес айдан он айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге табысының мөлшерінде айыппұл салуға не екі жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан нақ сол әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз үш жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 246-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.01.06 N 529-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

247-бап. Радиоактивтi материалдармен заңсыз жұмыс iстеу

1. Радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, пайдалану, бүлдіру немесе көму, -
екі жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеуге, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Радиоактивті материалдарды заңсыз өткізу, сондай-ақ өткізу мақсатымен радиоактивті материалдарды заңсыз иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз екі жылдан алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Абайсызда кісі өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан, осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, -
мүлкi тәркiленiп немесе онсыз үш жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 247-бап жаңа редакцияда - ҚР 2002.02.19 N 295 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

248-бап. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе
қорқытып алу

1. Радиоактивтi материалдарды ұрлау немесе қорқытып алу -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер:
а) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
б) бiрнеше рет;
в) адам өз қызмет бабын пайдаланып;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдана отырып, не осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып жасалса -
мүлкi тәркiленiп не онсыз төрт жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:
а) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдана отырып немесе осындай күш қолданамын деп қорқыта отырып;
б) ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер -
в) алынып тасталды - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.
мүлкi тәркiленiп, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 248-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2009.12.10 № 227-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

249-бап. Радиоактивтi материалдармен жұмыс iстеу
ережелерiн бұзу

1. Радиоактивтi материалдарды сақтау, пайдалану, есепке алу, көму, тасымалдау ережелерiн және олармен жұмыс iстеудiң басқа да ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттердiң кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкелуi мүмкiн болса, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне немесе өзге ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 249-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

250-бап. Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы
шектелген заттардың контрабандысы

1. Кедендiк бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе кедендiк теңдестiру құралдарын алдап пайдалана отырып, тауарларды, атап айтқанда есірткі заттарды, психотроптық, күштi әсер ететiн, улы, уландырғыш, радиоактивтi немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш құрылғыларды, атыс қаруымен оқ-дәрiлердi, жаппай қырып-жоятын қарудың ядролық, химиялық, биологиялық және басқа да түрлерiн, жаппай қырып-жою қаруларын жасау үшiн пайдаланылуы мүмкiн материалдар мен жабдықтарды кеден одағының кедендік шекарасы және (немесе) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу не заңсыз өткізу -
мүлкі тәркіленіп, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша;
д) есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты ірі мөлшерде жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған әрекеттер -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, өте ірі мөлшерде жасалған, есірткі немесе психотроптық заттарға байланысты әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 250-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.05.31 N 327, 2005.07.08 N 67-ІІІ (Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.06.30 N 297-IV (2010.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

251-бап. Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және
жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру,
өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру

1. Атыс қаруын (тегiс ұңғылы аңшы мылтығынан басқа), оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, бiреуге беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру -
айлық есептiк көрсеткiштің екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерінде айыппұл сала отырып не онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Суық қаруды алып жүру, аңшылық кәсiпшiлiкке байланысты болатын реттердi қоспағанда, қанжарларды, фин пышақтарын немесе басқа да суық қаруды заңсыз алып жүру немесе сату -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл сала отырып не онсыз бiр жылға дейiнгi мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 251-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2009.04.07 N 149-IV, 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

252-бап. Қаруды заңсыз жасау

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн заңсыз жасау немесе жөндеу, сол сияқты оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын заңсыз жасау -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасалған немесе бiрнеше рет жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегіз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттердi ұйымдасқан топ жасаса -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Газ қаруын, суық қаруды, оның iшiнде лақтырғыш қаруды заңсыз жасау -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта көрсетiлген заттарды өз еркiмен тапсырған адам, егер оның әрекетiнде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 252-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.12.21 N 363, 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

253-бап. Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау

Атыс қаруын оны басқа адамның пайдалануы үшiн жағдай туғызған ұқыпсыз сақтау, егер ол ауыр зардаптарға әкеп соқса -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына не нақ сол мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 253-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21. N 363, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

254-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе
жарылғыш қондырғыларды күзету жөнiндегi
мiндеттердi тиiсiнше атқармау

1. Атыс қаруын, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттарды немесе жару құрылғыларын күзету тапсырылған адамның өз мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, егер бұл олардың ұрлануына немесе жойылуына не өзге ауыр зардаптардың тууына әкеп соқса -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды не жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды күзету жөнiндегi мiндеттердi тиiсiнше орындамау, егер ол ауыр зардапқа әкеп соқса немесе олардың пайда болу қаупiн тудырса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, екi жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 254-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

255-бап. Қаруды, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар мен жару
құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу

1. Атыс қаруын, оның жинақтаушы бөлшектерiн, оқ-дәрiнi, жарылғыш заттар немесе жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Жаппай қырып-жоятын қаруды, сол сияқты жаппай қырып-жоятын қару жасау кезiнде пайдаланылуы мүмкiн материалдарды немесе жабдықтарды ұрлау не қорқытып алу -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану, не осындай күш қолданбақшы болып қорқыту арқылы;
г) адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалса -
мүлкiн тәркiлеп немесе онсыз бес жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, егер оларды:
а) ұйымдасқан топ жасаса;
б) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану немесе осындай күш қолданбаумен қорқыту арқылы жасалса -
в) (алынып тасталды - 2002.12.21. N 363)
мүлкiн тәркiлеп, сегiз жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 255-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363 Заңымен.

256-бап. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу

1. Өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға жауапты адамның өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзуы, егер ол абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян немесе азаматқа, ұйымға немесе мемлекетке iрi зиян келтiруге әкеп соқса -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бас бостандығын екi жылға дейiнгi мерзiмге шектеуге, не белгiлi бiр лауазымдарды атқару құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсыздан кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта iрi көлемдегi залал деп қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн сомада жеке адамға келтiрiлген залал не айлық есептiк көрсеткiштен бiр мың есеге асып түсетiн сомада ұйымға немесе мемлекетке келтiрiлген залал танылады.
Ескерту. 256-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

257-бап. Бұзақылық

1. Бұзақылық яғни қоғамды анық құрметтемеуiн бiлдiретiн азаматтарға қарсы күш қолданумен не оны қолданамын деп қорқытумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не ерекше арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз iс-әрекет жасаумен ұштасқан қоғамдық тәртiптi тым өрескел бұзушылық -
екi жүз айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет, егер оны:
а) адамдар тобы, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаса;
б) өкiмет өкiлiне не қоғамдық тәртiптi қорғау жөнiндегi мiндеттi атқарушы немесе қоғамдық тәртiптi бұзуға тыйым салушы өзге де адамға қарсылық көрсетумен байланысты болса;
в) бірнеше рет жасаса, -
жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ осы мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Атыс қаруын, газ қаруын, пышақты, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiруүшiн арнайы бейiмделген басқа да заттарды қолданып немесе қолдану әрекетi арқылы жасалған бұзақылық -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 257-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2002.12.21 N 363, 2004.12.09 N 10, 2009.12.10 № 227-IV(2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

258-бап. Тағылық

Тағылық, яғни үйлердi немесе өзге де ғимараттарды жазулармен немесе суреттермен, немесе қоғамдық адамгершiлiктi қорлайтын өзге де iс-әрекеттермен қорлау, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз жиырма сағаттан жүз сексен сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
Ескерту. 258-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

10-тарау. Халықтың денсаулығына және
адамгершiлiкке қарсы қылмыстар

259-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық
заттарды заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу,
сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату

1. Алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау -
үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2-1. Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатында ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау, дайындау, өңдеу, жөнелту не өткізу -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi:
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) әлденеше рет;
в) есiрткi заттарға немесе психотроптық заттарға қатысты өте iрi мөлшерде;
г) лауазымды адам қызмет бабын пайдалана отырып жасаса, -
мүлкi тәркiленiп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өткiзу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденiп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткiзудi:
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаса;
б) білім беру ұйымдарында жасаса;
в) көрінеу кәмелетке толмаған адамға қатысты жасаса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту.
1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды өз еркiмен тапсырған немесе есiрткi заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетiлуi үшiн медициналық мекемеге өз еркiмен барған және есiрткi заттардың немесе психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлiктi табуға белсендi көмек көрсеткен адам осы бап және осы Кодекстің 250-бабы (есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты бөлігінде) бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
2. Есірткі заттар мен психотроптық заттардың мөлшері "Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қоса берілген Заңсыз айналымда жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді.
Ескерту. 259-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2002.05.31 N 327, 2008.06.27 N 50-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

260-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық
заттарды ұрлау не қорқытып алу

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды ұрлау не қорқытып алу -
үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттердi:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) адам өзiнiң қызмет бабын пайдалану арқылы;
г) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi емес күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкі тәркіленіп, алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, оларды:
а) ұйымдасқан топ;
б) iрi мөлшерде есiрткi заттар немесе психотроптық заттар жөнiнде;
в) өмiрге немесе денсаулыққа қауiптi күш қолдану не осындай күш қолданумен қорқыту арқылы жасалса -
мүлкiн тәркiлеп, он жылдан он бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген өте ірі мөлшерде есірткі немесе психотроптық заттарға қатысты жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 260-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

261-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық
заттарды тұтынуға көндiру

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтынуға көндiру -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет жасалса, -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер:
а) көрінеу кәмелетке толмаған адамға не екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалса;
б) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса, -
жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген әрекеттер, егер олар абайсызда жәбірленушінің өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкі тәркіленіп, өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 261-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

262-бап. Құрамында есiрткi заттар бар өсiруге тыйым
салынған өсiмдiктердi заңсыз өсiру

1. Өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сорттарын өсiру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекеттер:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) iрi мөлшерде жасалса -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 262-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

263-бап. Улы заттардың, сондай-ақ есiрткi заттарды,
психотроптық немесе улы заттарды
дайындауға немесе ұқсатуға пайдаланылатын
заттардың, құрал-саймандардың немесе
жабдықтардың заңсыз айналымы

1. Есiрткi заттар немесе психотроптық заттар болып табылмайтын улы заттарды не оларды дайындауға немесе ұқсатуға арналған құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатымен заңсыз дайындау, ұқсату, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды дайындау немесе ұқсату үшiн пайдаланылатын заттарды, құрал-саймандарды немесе жабдықтарды өткiзу мақсатымен заңсыз дайындау, иемденiп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту, сол сияқты заңсыз өткiзу, -
алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, бiр адамның немесе алдын ала сөз байласқан адамдар тобының осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген немесе әлденеше рет жасаған әрекеттерi, -
бес жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Ұйымдасқан топ жасаған, осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 263-бап жаңа редакцияда - ҚР 2000.05.05 N 47, өзгеріс енгізілді - 2008.06.27 N 50-IV(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңдарымен.

264-бап. Есiрткi заттарды немесе психотроптық
заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру
немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай
беру

1. Есiрткi заттарды немесе психотроптық заттарды тұтыну үшiн притондар ұйымдастыру немесе ұстау немесе осы мақсаттар үшін үй-жай беру -
мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 264-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптанқараңыз) Заңымен.

265-бап. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе
улы заттарды ұстау ережелерiн бұзу

1. Есiрткi заттарды, психотроптық немесе улы заттарды өндiру, жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу, әкету, жөнелту не жою ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттi аталған ережелердi сақтау мiндетiне кiретiн адам жасаса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Есiрткi заттардың, психотроптық немесе улы заттардың ұрлануына не өзге елеулi зиян келтiрiлуiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 265-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05 N 47, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

266-бап. Заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет
және есiрткi немесе психотроптық заттарды
алуға құқық беретiн рецептердi немесе өзге
де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау

1. Қызметтiң осы түрiне сертификаты және (немесе) лицензиясы жоқ тұлғаның медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
айлық есептiк көрсеткiштiң жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару және белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң үш жүзден бiр мыңға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекет, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, лауазымды адам жасаған, адам өлiмiне әкеп соқтырған әрекеттер, -
айлық есептік көрсеткiштiң елуден екi жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салынып, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
5. Есірткі немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау, -
үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 266-бап жаңа редакцияда - ҚР 2006.07.07. N 171 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.06.27 N 50-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

267-бап. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелердi бұзу

1. Абайсызда адамдардың жаппай сырқаттануына немесе улануына әкеп соққан санитария-эпидемиологиялық ережелердi бұзу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 267-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

268-бап. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына қауiп
төндiретiн мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру

1. Адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына, не қоршаған ортаға қауiп төндiретiн оқиғалар, фактiлер немесе құбылыстар туралы ақпаратты халықты осындай ақпаратпен қамтамасыз етуге мiндеттi адамның жасыруы немесе бұрмалауы -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда адамның денсаулығына зиян келтiруге не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
жетi жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 268-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

269-бап. Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтiн тауарлар
шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет
көрсету

1. Тұтынушылар өмiрiнiң немесе денсаулығының қауiпсiздiгi талаптарына сай келмейтiн тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету, сол сияқты аталған тауарлардың, жұмыстың немесе қызметтiң қауiпсiздiк талаптарына сай келетiндiгiн куәландыратын ресми құжатты заңсыз беру немесе пайдалану, егер бұл әрекеттер абайсызда адам өмiрiне зиян келтiруге әкеп соқса -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Дәл сол әрекеттер, егер олар:
а) жас балаларға арналған тауарлар, жұмыс немесе қызмет жөнiнде жасалса;
б) абайсызда екi немесе одан да көп адамның денсаулығына зиян келтiрiлуiне әкеп соқса;
в) абайсызда кiсi өлiмiне ә


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: