Бап. Атмосфераны ластау

1. Атмосфераға ластайтын заттар шығару ережелерiн немесе қондырғыларды, ғимараттарды және өзге де объектiлердi пайдалану ережелерiн бұзу, егер бұл әрекеттер аса ірі мөлшерде зиян келтірумен ұштасып, ауаның табиғи қасиеттерiнiң ластануына немесе өзге де өзгеруiне әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына зиян келтiруге әкеп соққан дәл сол әрекет -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 282-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

283-бап. Теңiз аясын ластау

1. Құрғақтағы көздерден не көлiк құралдарынан немесе теңiзде тұрғызылған жасанды құрылыстардан адамның денсаулығы мен теңiздiң жанды ресурстары үшiн зиянды не теңiз аясын заңды пайдалануға кедергi келтiретiн заттар мен материалдарды көму немесе тастау ережелерiн бұзу салдарынан теңiз аясын ластау -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның денсаулығына, өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiне, балық қорына, қоршаған ортаға, демалыс аймақтарына не басқа да заңмен қорғалатын мүдделерге елеулi зиян келтiрген дәл сол әрекеттер -
елуден жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салып, үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан нақ сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 283-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

284-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi
туралы және Қазақстан Республикасының айрықша
экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы

1. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнде заңсыз құрылыстар тұрғызу, олардың айналасына немесе Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағында қауiпсiздiк аймақтарын заңсыз құру, сол сияқты салынған құрылыстардың және теңiздегi кеме жүрiсiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету құралдарын салу, пайдалану, күзету мен жою ережелерiн бұзу -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфiнiң немесе Қазақстан Республикасы айрықша экономикалық аймағының табиғи байлықтарына тиiстi рұқсатсыз жүргiзiлген зерттеу, барлау, игеру -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 284-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

285-бап. Жердi бүлдiру

1. Жердi улау, ластау немесе улы химикаттарды, тыңайтқыштарды, өсiмдiктердiң өсуiн, ынталандырғыштарды және өзге де қауiптi химиялық, радиоактивтiк немесе биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау және көму кезiнде оларды ұстау ережелерiн бұзу салдарынан шаруашылық немесе өзге қызметтiң зиянды өнiмдерiмен бiлдiру, адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтiруге, жердiң табиғи қасиеттерiнiң нашарлауынаәкеп соқса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Төтенше экологиялық жағдай аумағында жасалған дәл сол әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 285-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн
бұзу

1. Кен өндiру кәсiпорындарын немесе пайдалы қазбаларды өндiруге байланысты емес жерасты құрылыстарын жобалау, орналастыру, салу, пайдалануға беру және пайдалану кезiнде жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу, сол сияқты пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда өз бетiнше құрылыс салу, егер бұл әрекеттер едәуiр зиян келтiруге әкеп соқса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында жалпы экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер өсімдіктер немесе жануарлар дүниесiнiң жаппай құрып кетуiне, мемлекетке iрi көлемде нұқсан, халықтың денсаулығына зиян келуiне әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда адамдардың жаппай ауыруына немесе кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 286-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

287-бап. Балық ресурстарын және басқа да су жануарлары
мен өсiмдiктерiн заңсыз алу

Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңымен.

1. Балық ресурстарын және басқа да су жануарларын немесе өсiмдiктерiн заңсыз алу, егер бұл әрекет:
а) елеулi зиян келтiре отырып;
б) жарылғыш және химиялық заттарды, электр тогын, не балық ресурстарын және басқа да су жануарлары мен өсiмдiктерiн жаппай жоюдың өзге де тәсiлдерiн қолдана отырып жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) балықтардың бекiре тұқымдас түрлерiне қатысты;
в) ұрық шашу орындарында немесе оларға бару жолдарында;
г) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
д) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
e) өздiгiнен жүретiн жүзгiш көлiк құралы пайдаланылып;
ж) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және төтенше экологиялық жағдай аумақтарында жасалса, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiре отырып жасалған не ұйымдасқан топ жасаған әрекет, -
сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 287-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2010.01.21 № 242-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

288-бап. Заңсыз аңшылық

1. Заңсыз аңшылық, егер бұл әрекет:
а) алып тасталды - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
б) механикалық көлiк құралын немесе әуе көлiгiн, жарылғыш заттарды, газдарды және жануарларды жаппай қырып-жоюдың өзге әдiстерiн қолданып;
в) алып тасталды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
г) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен төтенше экологиялық ахуал аймақтарында жасалса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып әлденеше рет немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып немесе ұйымдасқан топ жасаған дәл сол әрекет -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, не онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, iрi зиян келтiрiп не ұйымдасқан топ жасаған әрекет -
сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп екi жылдан бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал мөлшерi елеулi залал деп танылады. Қылмыс жасалған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен үш жүз есе асып түсетiн және одан да көп залал iрi көлемдегi залал деп танылады. Қылмыс жасалу сәтінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген айлық есептік көрсеткіштен елу мың есе асып түсетін және одан да көп залал аса ірі залал деп танылады.
Ескерту. 288-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09. N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу

Өндiрiстік процестердi жүзеге асыру мен көлiк құралдарын пайдалану, өсiмдiктердi қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препараттарды қолдану кезiнде, сондай-ақ аңшылық алаптары мен балық шаруашылығы тоғандарын пайдалану мен қорғау барысында жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiнің бұзылуы салдарынан жануарлар дүниесiнiң жаппай жойылуы немесе қырылуы ірі шығынға соқтырса -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 289-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

290-бап. Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және
құрып кету қаупi төнген түрлерiмен және (немесе)
олардың бөліктерімен және дериваттарымен,
сондай-ақ алып қойылуына тыйым салынған
өсімдіктермен және жануарлармен және (немесе)
олардың бөліктерімен және дериваттарымен заңсыз
іс-әрекеттер

Өсiмдiктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiн және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын, сондай-ақ пайдаланылуына тыйым салынған өсімдіктер мен жануарларды және (немесе) олардың бөліктері мен дериваттарын заңсыз алу, сатып алу, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, салып жіберу, тасымалдау, сол сияқты жою немесе олар мекендейтiн жерлердi жою, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп, дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 290-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу

1. Орман қорында ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, сол сияқты өсуiн тоқтату дәрежесiне дейiн зақымдау, егер бұл әрекеттер елеулi зиян келтiрсе, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Дәл сол әрекет:
а) бiрнеше рет;
б) адам өзiнiң қызмет бабын пайдаланып;
в) iрi зиян келтiрiле отырып жасалса, -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бiр жылдан екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда не ұйымдасқан топ жасаған әрекеттер, -
бес жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сотталған адамның мүлкi, сондай-ақ қылмыстық әрекеттер объектiсi, қылмыс жасау қаруы немесе құралы, айналымнан алынған зат болып табылатын мүлiк тәркiленiп үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 291-бап жаңа редакцияда - ҚР 2004.12.09 N 10 Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау

1. Отты немесе өзге де қауiптiлігi жоғары көздердi ұқыпсыз қолдану салдарынан ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды жою немесе зақымдау, егер осы әрекет аса ірі залал келтірсе -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпе ағаштарды өртеу, өзге де жалпы қауiптi әдiспен не зиянды заттармен, қалдықтармен, тастандылармен немесе қоқыстармен ластау салдарынан қасақана жою немесе зақымдау -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 292-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.12.03 N 505-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң
бұзылуы

1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимi бұзылып, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса, -
жүзден екi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не алты айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы мемлекеттiк табиғи-қорық қорының объектiлерiн қасақана зақымдау немесе жою, елеулi зиян келтiруге әкеп соқса -
үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 293-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

294-бап. Экологиялық ластау зардаптарын жою жөнiнде шара
қолданбау

Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде зарарсыздандыру немесе өзге де қалпына келтiру шараларын жүргiзу мiндетi жүктелген адамдардың осындай шараларды жүргiзуден жалтаруы немесе тиiсiнше жүргiзбеуi адам өлiмiне, не адамдардың жаппай ауыруына, не қоршаған орта үшiн өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса -
бес жүзден мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

12-тарау. Көлiктегi қылмыстар

295-бап. Темiр жол, әуе немесе су көлiгi қозғалысы мен
оларды пайдалану қауiпсiздiгiнiң ережелерiн
бұзу

1. Темiр жол, әуе, теңiз немесе су жолы көлiгi қозғалысы немесе пайдалану ережелерiн орындайтын жұмысына немесе атқаратын қызметiне байланысты осы ережелердi сақтауға мiндеттi адамның бұларды бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге әкеп соқса -
алты айдан екi жылға дейiнгi мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген әрекет, егер ол осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген зардаптардың тууына әкеп соқпаса да олардың тууына көрiнеу қауiп төндiрсе, -
бiр мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгілi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға немесе бiр жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымда болу немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып немесе онсыз бiр жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Темiр жол, теңiз, өзен және әуе көлiгi құралдарының барлық түрлерi, оның iшiнде шағын өлшемдi теңiз және өзен кемелерi көлiк деп түсiнiледi.
Ескерту. 295-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2000.05.05. N 47 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

296-бап. Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол
қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану
ережелерiн бұзуы

1. Автомобильдi, троллейбусты, трамвайды не басқа да механикалық көлiк құралын жүргiзушi адамның жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiрсе -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
үш жылға дейiнгi мерзiмге көлiк құралын жүргiзу құқығынан айырып, бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы бапта тракторлар, мотоциклдер және өзге де өздiгiнен жүретiн машиналар басқа механикалық көлiк құралдары деп түсiнiледi.
Ескерту. 296-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

297-бап. Жол-көлiк оқиғасы болған орыннан кетiп қалу

Көлiк құралын жүргiзушi және жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзған адамның осы Кодекстiң 295-бабында көзделген зардаптар болған жағдайда жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетiп қалуы -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не екі жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Зардап шеккендерге көмек көрсетуге байланысты жол-көлiк оқиғасы болған жерден кеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Ескерту. 297-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

298-бап. Көлiк құралдарын сапасыз жөндеу және оларды
техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, мас
күйiндегi адамды көлiк құралын жүргiзуге жiберу

1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге көлiк жабдықтарын сапасыз жөндеу, сол сияқты көлiк құралдарының техникалық күйiне жауапты адамның техникалық ақауы бар екенi белгiлi көлiк құралдарын пайдалануға шығаруы, егер бұл әрекеттер абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiрсе, -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Көлiк құралы иесiнiң немесе иеленушiсiнiң алкогольдiк, есiрткiлiк немесе өзге мастық күйдегi адамдарды көлiк құралдарын жүргiзуге жiберуi, егер бұл абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не жүз сексен сағаттан екi жүз қырық сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып, төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 298-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

299-бап. Көлiк құралдарын немесе қатынас жолдарын
қасақана жарамсыздыққа келтiру

1. Көлiк құралдарын, қатынас жолдарын, белгi беру немесе байланыс құралдарын не өзге де көлiк жабдықтарын қасақана бұзу, зақымдау немесе өзге де тәсiлмен пайдалануға жарамсыз күйге келтiру, сол сияқты көлiк коммуникацияларына тосқауыл қою, егер бұл әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiруге, не iрi көлемде залал келтiруге не көлiкпен байланыстың қалыпты жұмысы бұзылуына әкеп соқса -
төрт жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекеттер -
алты жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Осы тараудың баптарында азаматқа айлық есептiк көрсеткiштен жүз еседен асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал не ұйымға немесе мемлекетке қылмыс жасаған кезде Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштен бес жүз есе асып түсетiн мөлшерде келтiрiлген залал iрi көлемдегi залал деп танылады.
Ескерту. 299-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2004.12.09 N 10, 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

300-бап. Көлiктiң қауiпсiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз
ететiн ережелердi бұзу

1. Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының (осы Кодекстiң 295, 296-баптарында аталған адамдарды қоспағанда) жол қозғалысы қауiпсiздiгi немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, егер бұл әрекет абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса -
жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 300-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

301-бап. Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетiнше
тоқтату

Поезды стоп-кранмен не ауа тежегiш магистральдарын ажырату жолымен немесе өзге әдiспен қажет болмаған жағдайда өз бетiнше тоқтату, егер бұл кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -
екi жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

302-бап. Көлiкте қолданылатын қағидаларды бұзу

1. Жол, құрылыс және басқа да ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын және жолдар мен жол құрылыстарын, олардың жабдықтарын пайдалануға, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастыруға жауапты адамдардың, денсаулыққа ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтiрген, осындай әрекетті жасағаны үшін оған бір жыл ішінде әкімшілік жаза қолданылған адамның көлiкте қолданылатын тәртiпті сақтау және қозғалыс қауiпсiздiгi қағидаларын бұзуы, -
жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, бір жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге жазаланады.
2. Адамның өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекет, -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз, бес жылға дейінгі мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 302-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

303-бап. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану
немесе жөндеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiн
бұзу

1. Магистралдық труба құбырларын салу, пайдалану немесе жөндеу кезiнде қауiпсіздiк ережелерiн бұзу, егер бұл әрекет абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге не iрi залал келтiруге әкеп соқса, -
екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соққан дәл сол әрекет -
бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан әрекет -
төрт жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 303-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

304-бап. Құбырларды қасақана зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын қасақана зақымдау немесе қирату, -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соқса;
б) бірнеше рет жасалса;
в) адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаса, -
қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген әрекет:
а) қоршаған ортаны ластауға әкеп соқса;
б) ірі залал келтіруге әкеп соқса;
в) ұйымдасқан топ жасаса;
г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
сотталған адамның мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, сондай-ақ қылмыс жасау қаруы немесе құралы болып табылатын мүлік тәркіленіп, жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 304-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

304-1-бап. Құбырларды абайсызда зақымдау немесе қирату

1. Құбырларды, оның ішінде мұнай-газ құбырларын, белгіленген пайдалану режимінен ауытқуына әкеліп соққан не адамдардың денсаулығына немесе қоршаған ортаға зиян келтірудің нақты қатерін төндірген, абайсызда зақымдау немесе қирату, -
айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден алты жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға жазаланады.
2. Нақ сол әрекет:
а) абайсызда адам денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіруге;
б) қоршаған ортаны ластауға;
в) ірі залал келтіруге;
г) абайсызда адам өліміне әкеп соқса, -
екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Кодекс 304-1-баппен толықтырылды - ҚР 2010.10.06 N 343-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

305-бап. Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек
көрсетпеуi

1. Теңiзде немесе өзге де су жолында апатқа ұшыраған адамдарға кеме капитанының, егер осы көмек көрсету өзiнiң кемесiне, оның экипажы мен жолаушылары үшiн елеулi қауiп келтiрмейтiн болғанда, көмек көрсетпеуi -
екi жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Теңiзде немесе су жолында соқтығысқан кемелердiң бiрiнiң капитанының басқа кеменi құтқару үшiн тиiстi шаралар қолданбауы абайсызда кеменiң опат болуына немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, егер бұл шараларды өз кемесiне, оның экипажы мен жолаушыларына елеулi қауiп төндiрмей қолдану мүмкiн болса, -
үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына жазаланады.
Ескерту. 305-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

306-бап. Ұшудың халықаралық ережелерiн бұзу

1. Рұқсатта көрсетiлген маршруттарды, қону орындарын, әуе қақпаларын, ұшу биiктiгiн сақтамау немесе халықаралық ұшу ережелерiн өзге де бұзу -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не екi жылға дейiнгi мерзiмге түзеу жұмыстарына, не екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз үш жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Кiсi өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан дәл сол әрекеттер -
үш жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. Заң 306-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

13-тарау. Мемлекеттiк қызмет пен мемлекеттiк басқару
мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар

Ескерту. Тараудың атауына өзгеріс енгізілді - ҚР 2003.09.25 N 484 Заңымен.

307-бап. Қызмет өкiлеттiгiн теріс пайдалану

1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның қызметтiк өкiлеттiгiн өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында қызмет мүдделерiне кереғар пайдалануы, eгep бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соқса, -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
бір мыңнан екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
екі мыңнан төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз алты жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бірінші, екінші немесе үшінші бөліктерінде көзделген, ауыр зардаптарға әкеп соққан не ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) мүддесінде жасалған әрекеттер, -
мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, төрт жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Ескертулер.
1. Мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамдарға лауазымды адамдар, Парламент пен мәслихаттардың депутаттары, судьялар және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.
2. Мемлекеттiк қызмет атқаруға уәкiлеттi адамдарға:
1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелiгiне кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар;
3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты нeмece уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң қаражатынан төленетiн қызметшiлер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.
3. Тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша өкiметтiң өкiлi қызметiн жүзеге асырушы не мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында ұйымдастырушылық-әкiмшiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындаушы адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
4. Мемлекет қызметтерiн және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерiн тiкелей орындау үшiн Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралы заңдарынасәйкес мемлекеттiк қызметшiлердiң саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адамдар деп түсiнiледi.
5. Осы Кодекстің 176-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-бабы үшінші бөлігінің г) тармағында, 177-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 192-бабы екінші бөлігінің в) тармағында, 193-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 209-бабы үшінші бөлігінің а) тармағында, 226-1-бабы үшінші бөлігінің б) тармағында, 307-бабында, 308-бабы төртінші бөлігінің в) тармағында, 310 – 315-баптарында, 380-бабында, 380-1-бабы екiншi бөлiгiнiң в) тармағында, 380-2-бабында көзделген қылмыстар сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп танылады.
Ескерту. 307-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.09.25 N 484, өзгерістер енгізілді - 2007.07.21 N 308, 2009.12.07 N 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.18 № 393-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 N 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.01.2014 N 166-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

307-1-бап. Ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған
операциялар туралы мәліметтер мен ақпаратты
заңсыз жария ету немесе өзгедей заңсыз
пайдалану

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалған операциялар туралы қаржы мониторингі субъектілерінен алынған мәліметтер мен ақпаратты заңсыз жария етуі немесе өзгедей заңсыз пайдалануы, егер бұл азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соқса -
бес жүзден бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Ескерту. 13-тарау 307-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.06.21 N 19-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

308-бап. Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра
пайдалану

1. Билiктi не лауазымдық өкiлеттiктi асыра пайдалану, яғни мемлекеттiк қызметтер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген адамның өзiнiң құқықтары мен өкiлеттiгi шегiнен көрiнеу асып кететiн және азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын әрекеттер жасауы -
екi жүзден бес жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не үш жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Лауазымды адам жасаған нақ сол әрекет, -
үш жүзден жетi жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыруға, не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Жауапты мемлекеттiк лауазым атқаратын адам жасаған нақ сол әрекет, -
бес жүзден бiр мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз төрт жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген әрекеттер не ауыр зардаптарға әкеп соқтырған әрекеттер:
а) күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту арқылы;
б) қаруды немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы;
в) өзi немесе басқа адамдар немесе ұйымдар үшiн пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтiру мақсатында жасалса, -
мүлкі тәркіленіп, жетi жылға д


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: