Жол беріледі

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген жағдайларды қоспағанда,

мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салынады.

Гуманитарлық көмекке (жәрдемге) немесе төтенше жағдайлар кезіндегі көмекке арналған

дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника (оның ішінде

тіркелмегендері) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен берілетін қорытынды

(рұқсат беру құжаты) негізінде Қазақстан Республикасына әкелінеді.

5. Қазақстан Республикасының аумағына әкелiнген, Қазақстан Республикасының денсаулық

сақтау саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтiн дәрiлiк заттар, медициналық

мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника тәркiленуге және жойылуға жатады.

Ескерту. 80-бап жаңа редакцияда - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми жарияланғанынан

кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

80-1-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

Республикасына әкелуге рұқсат берілген тұлғалар

Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртiппен Қазақстан Республикасының аумағына

дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы әкелудi:

1) дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы өндіруге

арналған лицензиясы бар өндiрушi ұйымдар;

2) қызметін бастағаны туралы хабарлама бойынша, дәрiлiк заттарды көтерме саудада өткiзуге

арналған лицензиясы бар не медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме

саудада өткiзуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке

және заңды тұлғалар;

3) осы Кодекске сәйкес дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық

техниканы әзiрлеу және мемлекеттiк тiркеу үшiн ғылыми-зерттеу ұйымдары, зертханалар;

4) мемлекеттiк тiркеу кезiнде сараптама, клиникалық зерттеулер және (немесе) сынақтар

жүргiзу үшiн және Қазақстан Республикасында дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы өндiрушiлердiң көрмелерiне қатысу үшiн дәрiлiк заттарды, медициналық

мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы шетелдiк өндiрушi ұйымдар, олардың уәкiлеттi

өкiлдiктерi (филиалдары) немесе олардың сенiм бiлдiрiлген жеке және заңды тұлғалары;

5) медициналық қызметтi жүзеге асыру үшін денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асыруы мүмкін.

Ескерту. 9-тарау 80-1-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

80-2-бап. Дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы

бұйымдар мен медициналық техниканы жеке

пайдалану үшін және өзге де коммерциялық емес

мақсаттарда әкелу

1. Егер дәрiлiк заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника:

1) жеке тұлғалардың, дипломатиялық корпус қызметкерлерінің немесе халықаралық ұйымдар

өкілдерінің жеке пайдалануына;

2) Кеден одағының кедендік аумағына келген көлік құралдарының жолаушылары мен экипаж

мүшелерін, пойыз бригадалары мен көлік құралдарының жүргізушілерін емдеуге;

3) халықаралық мәдени, спорттық іс-шараларға қатысушылар мен халықаралық экспедицияларға

қатысушыларды емдеуге арналған болса, олар уәкілетті органның рұқсатынсыз әкелінеді.

2. Осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларда, Қазақстан Республикасында тіркелмеген

дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

Республикасының аумағына әкелуге жол беріледі.

Ескерту. 9-тарау 80-2-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

80-3-бап. Уәкілетті орган мен Қазақстан Республикасының

кеден ісі саласындағы уәкілетті органының өзара

іс-қимыл жасауы

1. Осы Кодекстің 80-бабының 3 және 4-тармақтарында, 80-2-бабында көзделген жағдайларды

қоспағанда, дәрiлiк заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кедендiк

шекарасы арқылы өткізген кезде Қазақстан Республикасының кеден органдарына мемлекеттiк тiркеу

күнi мен нөмiрi көрсетiліп, әкелiнетін дәрiлiк заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен

медициналық техниканың әрқайсысының мемлекеттiк тiркелуi туралы уәкiлеттi орган растаған

мәлiметтер ұсынылуға тиiс.

2. Қазақстан Республикасының кеден iсi саласындағы уәкiлеттi органы дәрiлiк заттарды,

медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк

шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының

аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасымен тұспа-тұс келетiн Кеден

одағының кедендiк шекарасы арқылы Қазақстан Республикасының аумағынан әкету туралы мәлiметтердi

уәкiлеттi органға ұсынады.

Ескерту. 9-тарау 80-3-баппен толықтырылды - ҚР 21.06.2013 № 107-V (алғашқы ресми

жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

81-бап. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар

мен медициналық техниканы әкету тәртібі

1. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы Қазақстан

Республикасының аумағынан әкету Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тәртіппен жүзеге


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: