Дін дегеніміз не?

Астана – 2014

УДК 2

ББК 86.2

Д 91

Жауапты редакторлар:

Г.Н. Шойкин, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі төрағасының орынбасары, с.ғ.к.,

А.П. Абуов, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры, филос.ғ.д., профессор

Дін саласындағы өзекті тақырыптарға арналған 20 сұрақ пен жауап: 1 шығарылым: Мемлекет және дін / Құраст. К.Т. Калилаханова, Е.Е.Ибраев, Д.Б. Есенова, С.Б.Оспанова, Л.В. Стефогло, А.С. Ахметбекова, Г.М. Тоқтарова. – Астана: ҚР ДІА, 2014. – 34 б.

Аталған басылымда мемлекеттік-конфессионалдық қатынастар туралы ең көкейтесті және жиі қойылатын 20 сұрақ, сондай-ақ оларға жауаптар ұсынылған.

Жинақ дін саласындағы зайырлы мемлекеттің саясатымен және дінмен қызығушы оқырмандардың кең аудиториясына арналған.

© ҚР Дін істері агенттігі, 2014

ISBN 978-601-7028-83-1 © Агентство по делам религий РК, 2014


МАЗМҰНЫ

1 сұрақ. Дін дегеніміз не?.................................................................................    
2 сұрақ. Зайырлылық дегеніміз не?..............................................................    
3 сұрақ. Зайырлы мемлекет дегеніміз не?...................................................    
4 сұрақ. Қазақстан Республикасының Конституциясы біздің мемлекетті зайырлы ретінде айқындайды. Оның зайырлылығының қағидалары қандай?..........................................................................    
5 сұрақ. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың мәні неде?....................    
6 сұрақ. Қазақстан Республикасын неліктен келісім мен толеранттылықтың территориясы деп атайды?........................      
7 сұрақ. Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісінің бірегейлігі неде?...............................................................................................      
8 сұрақ.. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі деген не және оның тарихы қандай?........................................................................      
9 сұрақ. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығы қалай ұйымдастырылған?..........      
10 сұрақ. «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының маңыздылығы неде?.................................      
11 сұрақ. Қазақстанда бүгінде қандай діни бірлестіктер бар?........................    
12 сұрақ. Әлемнің діни көрінісі қандай?............................................................  
    13 сұрақ. Әлемдік және дәстүрлі деп қандай діндер.аталады  
14 сұрақ. Діндар және тәжірибе алушы адам деп кімді атайды?.....................    
  15 сұрақ. Діни экстремизм және терроризм дегеніміз не?...............................    
  16 сұрақ. Қазақстанның сотымен қандай діни бірлестіктер «террористік» және «экстремистік» деп танылды»?....................      
  17 сұрақ. Қазақстанда тыйым салынған «Ата жолы» және «Алля Аят» діни ұйымдары қызметінің ерекшелігі неде?.....................................      
  18 сұрақ. Қазіргі экстремистің/террористің психологиялық портреті қандай?...................................................................................................      
  19 сұрақ. Кибертерроризмнің алдын-алу мен оған қарсы күресу бойынша мемлекет қандай жұмыстар атқаруда?.........................................      
  20 сұрақ. Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ерекшелігі неде?............................  

ДІН: СҰРАҚТАР/ЖАУАПТАР

1 сұрақ.

Дін дегеніміз не?

Жауап:

«Дін» сөзі латынның «religio» деген сөзінен шыққан, «діншілдік», «құдайшылдық», «аса құрметті», «ғибадаттық» деген мағынаны білдіреді.

Дін – бұл әлемді танудың бар әдісінің көмегімен түсіндіруге немесе логикалық ұғынуға беріле қоймайтын әлдебір ғажайыпқа сенуді білдіретін дүниетаным немесе дүниені сезіну (және оның адамның мінез-құлқына себепші болуы).

Кез келген діни дүниетанымның негізін сенім құрайды.

Діндар адам Құдайдың бар екеніне логикалық дәлелдемелер немесе материалдық айғақтарды қажет етпейді. Оған құдайшылдықпен өзара әрекеттесудің өзіндік тәжірибесі, ішкі сенімділігі жеткілікті.

Діни түсініктердің пайда болуы көптеген мыңжылдықтар барысында тәни және рухани дамыған адамның өзінің жетілуімен байланысты болды.

Адамдарды қоршаған сыры білінбес, құдіретті табиғат бастапқыда адам табынған барлығын тегіс қамтушы және ұлы Құдірет болатын.

Діннің тарихи ең ежелгі түрлері – тотемизм, анимизм, магия, сыйқырлық, шаманизм.

Адамдардың діни түсініктері адамзат тарихының бір бөлігі бола отырып, адамзат қоғамымен бірге өзгеріп отырды.

Ықпалды абыздық ерекше тобы бар, күрделі иерархиялы құдайшылдығы мен биліктің монархиялық жүйесі қалыптасқан ірі мемлекеттердің пайда болуы монотеистік дінге, яғни бір құдайлыққа өтуге негіз болды.

Біртіндеп Бүкіләлемді жаратушы, барлығын қамтушы, бір Құдайға сенім пайда бола бастайды.

Адам өмірінің мақсаты адамға рухани даму жолында көп жетістікке жеткен өзінің ағайындарынан (пайғамбарлар және т.б.) берілген өсиеттер мен уағыздар арқылы өзін-өзі жетілдіру болды.

Монотеистік діндер (иудаизм, буддизм христиандық, ислам) дәуірінің келуімен адамзаттың діни тарихында жаңа кезең басталды.

Жоғарыда айтылғанды түйіндей келе, дін адамзат мәдениетінің игілігі бола отырып, тарих барысымен бірге әрдайым өзгеріске ұшырап отырғандығын айтып өткен жөн. Сонымен, бір жағынан, діни сенім ілімдері адамды рухани байытты, оның жаңа өркениеттік деңгейге көтерілуіне септігін тигізді.

*****

2 сұрақ.

Зайырлылық дегеніміз не?

Жауап:

«Зайырлылық» термині қоғам мен мемлекеттің мемлекеттік-саяси орнығуының айқындаушы сапалы сипаттамасы/белгісі болып табылады.

Даль сөздігі «зайырлылық» түсінігін «жерлік», «бұқаралық, тынымсыз», «азаматтық» деген ұғымдармен түсіндіреді.

Зайырлылық сипаттама/белгі (біздің жағдайда мемлекеттің) ретінде:

– мемлекеттің кез келген дінге және кез келген метафизикаға қатысты бейтараптығын;

– мемлекеттің кез келген діннен тәуелсіздігі, сол сияқты діннің мемлекеттен тәуелсіздігін;

– ар-ұждан және діни сенімнің еркіндігін;

– қандай да болмасын ресми діннің болмауы, және нәтижесінде әрбір жеке адамның өз таңдауы бойынша кез келген дінді ұстану немесе ешбірін ұстанбау құқығын;

– мемлекеттік мектеп сипатының кез келген діннен еркіндігін ресми мәлімдейтін қағидалардың/ережелердің жиынтығын өзіне жинақтайды.

Бұдан шығатын қорытынды, «зайырлылық» түсінігі мынадай сипаттамалардан тұрады:

▪ бейтараптық (мемлекет пен мектептер),

▪ тәуелсіздік (мемлекеттің діннен және керісінше),

▪ еркіндік (ар-ұждан және діни сенім).

Мемлекеттік-құқықтық салаға байланысты зайырлылық:

▪ жалпыазаматтық бағыттылықты,

▪ діни санкциялаудан немесе қысым жасаудан, діни бірлестіктерге немесе сол сияқтыларға бағынушылықтан тәуелсіздікті білдіретін қоғамдық өмір салаларының, мемлекеттік немесе қоғамдық институттардың сипаттамасы болып табылады.

*****

3 сұрақ.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: