Алла Аят

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2008 жылдың 22 желтоқсандағы шешімімен «Аят-таза сана» ҚБ қызметіне республика аумағында тыйым салынды.

«Алля-Аят» қызметінің ерекшеліктері.

Бұл ағымның өкілдері дәстүрлі діндерді мойындамай, Құран мен Інжілді өртеуге дейін барады.

Емдеу курсы «Өмір формуласын» айтудан тұратын Фархат-ата қуатына қосылудан басталады. Әрі қарай осы формуланы күніне бірнеше рет қайталап, үш минут көлемінде күнге қарау қажет. Сонымен қатар, «емдік Эткен чай» (тұз салынған қарапайым шай) ішу және «Звезда Селенной» журналын оқу қажет.

Мұндай қызмет жалған емшілік сипат алып, арнайы медициналық орындардан тыс медициналық білімі жоқ адамдар арқылы атқарылды.

Медицина саласындағы мамандар жүргізген зерттеулерге сәйкес, «Алля-Аят» қозғалысының тиімділігі мен қауіпсіздігі бойынша келесідей қорытындылар жасалды:

1. Аталған қозғалыстың қызметіне тартылған және (немесе) оның әсеріне ұшыраған адамдардың психикалық және физикалық жағдайының төмендеп кетуінің әлеуетті ықтималдығы бар.

3. Фархат-ата қозғалысында (ілімінде) қолданылатын тәжірибенің ешқандай ғылыми негіздемесі жоқ және қозғалыстың негізін салушысы мен оның жақын ізбасарларының ашуларына толықтай негізделген..

3. Қозғалыстың қызметіне тікелей тартылған және (немесе) оның әсеріне ұшыраған адамдардың тұлғалық құрылымына нұқсан келтіру түріндегі әсер етудің зиянды зардаптары туындауы мүмкін.

4. Азаматтарға әсер етудің жоғарыда аталған әдістерін қолдану оларда психикалық және тән ауруларының пайда болуына әкелуі мүмкін.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, «Ата Жолы» және «Алля Аят» қоғамдық бірлестіктерін жою туралы сот шешімі азаматтардың денсаулықтарына зиян келтіретін ұйымдардың қызметіне қарсы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өкілетті органдарының уақтылы және тиімді әдісі болып табылатынын атап өту қажет.

Бұл шешім халықтың денсаулығына қауіп төндіретін факторлардың туындауына және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін үгіттеуге немесе насихаттауға жол бермеу туралы «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына, Қазақстан Республикасы Конституциясының 20-бабының 3 тармағына толық сәйкес келеді.

*****

18 сұрақ

Қазіргі экстремистің/террористің психологиялық портреті қандай?

Жауап:

Психологиялық зерттеулерге сәйкес бұл санатқа жататын адамдар сипатының бірнеше жиынтығы бар.

Ғалымдардың пайымы бойынша тұлғаның бойындағы маңызды өзгерістер оның белгілі бір террористік ұйымға мүше болуымен, оның нормативтік жүйелері мен ұстанымдарын қабылдаумен байланысты. Ол түбінде тұлғаның өзгеруіне, қоғамнан ажырауына және жасырын әрекет етуіне әкеп соғады.

Әдетте террористік ұйымдарда агрессивті параноиктардың пайызы жоғары болып келеді. Оның мүшелері экстернализацияға – өздерінің сәтсіздіктері мен жүйесіздіктерін сыртқы факторлардың әсерінен көруге бейімдік болады. Сондай-ақ, бірқатар діни культтердің дұшпандарының образы ортақ сипатта болады (мысалы, шайтан, билік, өзге конфессиялар және т.б) және өздерінің кез келген ішкі және сыртқы мәселелерін осылардың кесірінен деп айыптайды.

Террористік топтардың қандай айырмашылығы болмасын, олардың барлық мүшесін біріктіретін бірден бір нәрсе – ол ұйымның мақсаты мен идеалдарына деген адалдық. Бұдан бөлек бұл мақсаттар мен идеалдар адамдарды ұйымға кіруге үгіттейді.

Террорист болу үшін адам ең алдымен апатиядан және әлеуметтік дезадаптацияның басқада түрлерінен өтеді.

Террористердің ортақ сипаты олар бірегейлік пен өзін-өзі бағалауда ауытқушылықтары бар адамдардың тобына қосылуды қатты қажет етеді. Бұл ауытқушылықтар бірнеше факторлар әсерінен туындайды, соның ішінде толық емес отбасында тәрбиелену, қоғамдық құрылымдар аясындағы қиындықтарды бастан кешу (жұмыстан айырылу немесе оның мүлде болмауы).

Террористің қалыптасу процесін үлгілеп жасауға Э.Шоу талпыныс жасайды, ол адамды терроризмге жетелейтін төрт факторды белгілейді, олар:

– ерте әлеуметтену;

– өзімшілдік немесе өзін өзгелерден жоғары қоюшылық;

– даулы жағдайлар, әсіресе полициямен тайталасу;

– террористік ұйымдардың мүшелерімен жекелей қарым-қатынаста болу.

Зерттеуші, террористер мынадай қатерлі топтан шығады деп қорытынды жасайды, яғни бала күнінен өзін-өзі бағалауда қиындық көргендер. Мұндай адамдарға террористік топпен бірігу негативті болсада әлеуметтік мән маңыз береді. Террорист үшін топтан ажырау мүмкін емес, ол психологиялық тұрғыдағы өзін-өзі өлтірумен бірдей.

Террорист үшін ұйымнан шығып кету, өзін-өзі жоғалтумен тең. Террористің өзіне деген сенімінің төмендігі соншалық, ол қайта қол жеткізген өзіндік сәйкестенуден бас тарта алмайды. Олар ерікті түрде немесе аңдаусызда қатаң авторитарлы топтардың мүшесі атанып отырады, ол жерде авторитаризм алдындағы қорқыныштан пана табады. Олар топқа жасалған кез келген шабуылды жеке өзіне жасалған шабуыл ретінде қабылдайды. Соған сәйкес сыртта жасалған кез келген әрекет топтық тұтастықты күшейтеді.

Террорист өз ұйымының идеологиясын ұғынған дәрежесіне қарай, оның абсолютті риторикасын меңгереді.

Ол адам үшін әлем «өзіміз» және «жауларымыз», «ақ» пен «қара», «дұрыс» және «дұрыс емес» болып екіге ажыратылады, бұл өз кезегінде террористердің дұшпанына қарсы, ол кім және қандай сипатта болмасын соққы жасауға деген дайындығын көрсетеді.

Ықтимал террористердің мұндай ерекшеліктерін ескере отырып, сақтандыру шараларын ұйымдастырып тұрған жөн.

2014 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы өткізген баспасөз-мәжілісінде, Бас прокуратураның, қылмыстық істер бойынша мемлекет мүддесіне өкілдік ету және сот актілерінің заңдылығын қадағалау департментінің прокуроры террористің әлеуметтік келбетін назарға ұсынды. Ол әдетте:

– 28 жастар шамасындағы жұмыссыз ер адам

– орта білімі бар

– арнайы діни білімі жоқ

– отбасылы.

****

19 сұрақ

Кибертерроризмнің алдын алу мен оған қарсы күресу бойынша мемлекет қандай жұмыстар атқаруда?

Жауабы:

Компьютерлік технологияның дамуының арқасында, ақпаратты қылмыстық мақсаттар үшін электронды түрде өңдейтін «кибертерроризм» деген атқа ие болған қылмыстың түрі пайда болды.

Кибертерроризм тізіміне әртүрлі вирустарды, жасырын ақпараттарға, мемлекеттік құпияларға қол жеткізу мақсатында ғаламтор желісін пайдалану, сондай-ақ жаппай деструктивті сипаттағы материалдар мен ақпараттарды тарату және насихаттауды жатқызуға болады.

Мемлекет ғаламтор кеңістігінде деструктивті сайттарды/порталдарды/интернет-парақшаларды/форумдарды анықтау мақсатында үнемі мониторинг жүргізіп отырады.

Бұл мониторингтің көмегімен интернет-ресурсты «деструктивті» немесе «діни терроризмнің нышандары бар» деп анықтайтын дінтанулық сараптама жүргізіледі.

Сараптама қорытындысының негізінде сот жүргізіліп, айтылған ресурсқа Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде таратуды тоқтату немесе толықтай жабу жөніндегі мәселе шешіледі.

Кибертерроризмге қарсы әрекет етудің бір амалы желіден деструктивті мазмұндағы материалды жедел түрде жою және оған кіру мүмкіндігін жабу.

*****

20 сұрақ

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ерекшелігі неде?

Жауабы:

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 2013 жылдың қыркүйек айында «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 – 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» деп аталатын маңызды құжат қабылданды.

Мемлекеттік бағдарламаның негізгі мақсаты, діни экстремизмнің пайда болуының алдын алу мен терроризм қатерін болдырмау арқылы азаматтың, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Айта кететін жайт, мемлекеттік бағдарламаның ерекшелігі – діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекетті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерінің болуы, соның ішінде бұқараның діни сауатын көтеру шаралары.

Бұл мақсаттарға жету діни экстремизм мен терроризмнің профилактикалық шараларын жүзеге асырумен, белгіленген көріністердің жоғары нәтижелілігімен және алдын алумен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, экстремистік және террористік қызметтердің салдарын жою мен азайту шараларының жүйесін жүзеге асыру.

Бағдарламада мақсатты топтар арасындағы ақпараттық-насихаттық жұмыстардың модернизациясына және қоғамдастықты алдын алу жұмыстарына кеңінен тартуға ерекше көңіл бөлінген.

Бағдарламада қарастырылған алдын алушылық іс-шаралардың көбісі алғаш рет жүзеге асырылады және қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымына орай жасақталған, бұл өз кезегінде қоғамда толерантты діни сананы және радикалды идеологияға деген иммунитетті нығайтуға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет етудің жалпы мемлекеттік жүйесін нығайтуға мүмкіндік береді.

*****


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: