Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгіойынбілдіретін 5 тірек сөзжазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Қазды дауысты Қазбек би не деген?

2) Неге басқа мемлекеттерде кәсіп ашқан қиын?

3) Көп адамдар бизнес ашу туралы не дейді?

4) Әлемде ең атақты бай адамдар бизнес туралы не деген?

5) Бизнесті ашып, оныңөркендеуі үшін не істеу керек?

3. Фильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Он төртінші апта. МЕНЕДЖЕРДІҢТІЛДІК-МІНЕЗҚҰЛҚЫ

1-сабақ.

СӨЗ СӨЙЛЕУДІ БАСТАУ

Аудиторияға әсер ету шешеннің тыңдаушылары алдына шығуынан басталады. Әрбір тыңдаушы шешеннің бойынан, жүріс-тұрысы, қимылы, бет–әлпетінен өзіне деген сенімділікті, жігерлікті, аудиторияға аса бір қажетті жаңалықтарды хабарлауға дайын екендігін көріп, оның жүзінен байсалдылық пен парасаттылықты, дауысынан табандылықты сезінуі керек. Оның жүріс-тұрысынан қысылғандық, жасықтық, немқұрайлық сезілмеуі тиіс. Барлық дайындық жұмыстар алдын-ала жасалып қойылу керек. Жүріп келе жатып түймесін салуға, шашын тарауға, жазуларына үңгілуге болмайды.

Тәжірибелі шешен әдетте сөзін бастауға асықпайды. Ол 10-15 секундтай кідіріс жасайды да, тыңдаушыларға өзімен сырттай танысуға мүмкіндік береді.

Бастапқы кідіріс пен сөздің алғашқы минуттарында тәжірибелі шешен тыңдаушылардың көңіл-күйін, олардың сөйлеу мәнеріне көзқарасын байқауға лайықты үн тауып, аудиториямен іскерлік арақатынас орнатуға ұмтылады. Бірақ тыңдаушылар туралы барлық мәліметтерге ие бола отырып, бетпе–бет кездескенше, олардың болашақ мінез-құлқының барлық қыры мен сырының алдын–алу өте қиын. Аудиторияны жалпы пиғылмен байқағаннан кейін ғана өзіңе тартуға әрекет жасап, қажетті бағыт ұстау керек.Шешеннің аудиторияның көңіл-күйіне, нақтылы жағдайда қарамастан сөзін жалғастыра бергені жақсы нәтиже бермейді.

Сөздік

Әсер ету – воздействовать

жасықтық – нерешительность

жігерлі – энергичный

қысылу – стесняться

лайықты – соответствующий

немқұрайлық – безразличие, халатность

пиғыл – устремление

сенімділік – доверие

жүріс-тұрысы – поведение

үңгілеу – углублять

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Шешеннің аудиторияға әсер ету неден басталады?

2) Тәжірибелі шешен сөзін қалай бастайды?

3) Аудиторияменіскерлікарақатынасорнатудың қандай ерекшеліктері бар?

3. Мәтін бойынша жоспар құрыңыз

4. Жоспар бойынша мәтінді әңгімелеңіз.

5. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

2-сабақ.

СӨЙЛЕУ МӘНЕРІ

Әрбір шешеннің өзіне тән, ерекше сөйлеу мәнері болады. Шешеннің сөйлеу кезіндегі мінез-құлқы дегеніміз – ол тыңдаушылар алдында не істесе соның бәрі, ол тыңдаушылар көзқарасынша, шешен сөйлеген кезде көргендері, естігендері, сезінгендері. Сөйлеу мәнері сөйлеушінің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ барлық жағдайларда сөйлеу стиліне кіретін барлық құрылымдардың тыңдаушыларға жағымды әсер еткені абзал.

Шешеннің сахнаға шыға келгеннен бастап-ақ тыңдаушылар оны сынап үлгереді, бір-бірімен пікір алысып, ескертпелерін жасап жатады.Сөйлеушінің киімі сөз сөйлейтін жағдайда сай таза, әрі жинақы болуы керек.

Аудитория шешеннің сөз сөйлеу кезіндегі өзін–өзі ұстауын, жүріс –тұрысын мұқият қадағалап отырады. А ол мұнымен санасу керек. Шешеннің тыңдаушылармен екі арада жылы шырайлы, әрі іскерлік, қатынас орнатуы керек. Ол кішіпейіл, сыпайы, сонымен бірге өз сенімімен рухтанған болуы қажет. Жақсы шешендік мәнердің белгілері – еркінділік, өз–өзіне сенімділік, жігерлену және жылышырайлық.

Тыңдаушылар шешеннің жүріс–тұрысына да көңіл аударады. Кейбір шешендер мінбеге шығып алып, оған асылады, жатады. Кейбіреулер теңселіп, не бір орнында мелшиіп тұрып алады. Мұның барлығы да тыңдаушылаға жағымсыз әсер етеді, әр түрлі әңгімелерге себеп болып, аудиториямен байланыс орнатуға кедергі жасайды.

Бірақ аудиторияға негізгі ақпарат беруші және әсер етуші құрал – ол дыбысты сөз. Сондықтан да жақсы шешеннің ең негізгі қасиеттерінің бірі - ол дауысты меңгеру, оның сан түрлі мүмкіндіктерін пайдалана білуі болып табылады. Дауыстық сипаттар интонация, қарқын, тембр, дикция барлығы тыныс алумен байланысты және шешеннің сөйлеу техникасын анықтайды.

Сөздік

Анықтау – определить

жағымды – положительный

жылы шырайлы – доброжелательная

тыныс – дыхание

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Сөйлеукезіндегімінез-құлқыдегеніміз не?

2) Сөйлеу мәнері неге байланысты?

3) Шешен сөз сөйлеу кезінде өзін қалай ұстау керек?

4) Дыбысты сөздің рөлі қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сіз басқарып отырған бөлімде қызметкер ұжымментіл табысаалмай жүр. Сіздің әрекетіңіз қандай болады?

2. Бейнефильм. Қазақстандағы ең жас миллионер

«Қазақстандағы ең жас миллионер» атты бейнефильмді мына сілтеме

https://www.youtube.com/watch?v=qVCMOUOlFCwбойынша көре аласыз.

Бейнефильмді 3.03 мин. дейін көріп және тыңдау керек.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: