Бейнефильм бойынша тапсырмалар

1. Фильмнің негізгі ойын білдіретін 5 тірек сөз жазыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1) Ауызекі сөйлеу дегеніміз не?

2) Ауызекі сөйлеудің қандай түрлері бар?

3) Жазбаша сөйлеу түрлеріне не жатады?

4) Ауызекі сөйлеу ерекшеліктері қандай?

5) Ауызекі сөйлеуге қатысатын мәнеурлеуші құралдарға не жатады?

6) Ым дегеніміз не?

7) Қандай халық ауыз әдебиетінің түрлері бізге ауызекі сөйлеу арқылы жеткен?

3. Бейнефильм туралы өз ойыңызды айтыңыз.

Он бірінші апта. ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ВЕРБАЛСЫЗ ҚҰРАЛДАРЫ

1-сабақ.

ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ ВЕРБАЛСЫЗ ҚҰРАЛДАРЫ

Тіл қатысу тиімділігі әңгімелесіп тұрған адамыңыздың сөзін түсінуумен ғана шектелмейді, сіз сөйлеп тұрған адамдардың қимыл-қозғалыстарын, сөйлеу кезіндегі іс-әрекетін дұрыс бағалай білуіңіз керек, Яғни, олардың мимикасын, қозғалысын, көзқарасын бақылай білу қажет.

Жанның жайын жарыққа шығару үшін, жанның сырын сыртқа білдіру үшін адамның екі құралы бар: біреуі – мимика, біреуі –сөз.

Мимика – адамның сөйлеу кезінде бет-жүзінің құбылуы. Мимика оппоненті дұрыс тануға мүмкіндік береді және оның қандай сезімде тұрғаны айыруға көмектеседі. Мәселен, адам қасын көтеріп, көзін бадырайтып, ерінің ұштары төмен түссе, бұл оның таңданған кейпін танытады, ал қабағын түйіп, маңдайы тырысса, қабағы қатуланса, ернін жымқырып, бұл ашуланған адамның сипатын береді. Ыммен адам айтар ойын сыртқа шығара алмайды, яғни мимика сөздің баламасы бола алмайды, дегенмен да белгілі бір мөлшерде адамның ішкі сезімін білдірудің құралы болып табылады.

Жестикуляция адамдар сөйлеген кезде дене мүшелерімен, әсіресе қолдарымен, баспен әртүрлі қимылдар жасайды. Адамдарды тіл білуге, сөйлеуге жас кезінен үйретеді, ал жестерді олар табиғи жолмен игеріп алады, жестердің мағынасын алдынала ешкім түсіндірмеседе, сөйлеушілер оларды дұрыс қолданады әрі дұрыс түсінеді. Мысалы, басын төмен түсіндіреді, басын шайқады, қолын сілтеді, қолын жүрегіне қойды.

Сөздік

Ашулану – сердиться, злиться

бақылау – контролировать

жымқыру – поджимать

кейп – вид, облик

көзқарас – точка зрения, мнение

қатулану – становиться суровым

таңданған – выбранный

шектелмеу – неограничивать

ым – знак

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жазбаша жауап беріңіз:

1) Мимика дегеніміз не?

2) Көңіл-күйіңізді ым арқылы көрсетіңіз.

3) Жестикуляцияның ерекшеліктерін айтыңыз?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

4. Мәтіннің мазмұнын айтыңыз.

2-сабақ.

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ ЖӘНЕ ЖЕКЕ ЕҢБЕГІН ЖОСПАРЛАУ

Басқаруға күн сайын өзінің уақытын қалай мақсатты түрде қолдану керек екендігін шешуге тура келеді. Жұмыс уақытын жоспарлау мен ойдағы нәтижелерді байланыстыру өте маңызды. Жұмыс уақытын жоспарлау кезінде «жоспарлау кезеңдері» деген түсінікті қолдану керек: күн, апта, жыл. Жоспардың әр кезеңі бөлек қарастырылуы керек.

Бір күнге жасалынатын жоспар маңыздырақ болып табылады. Жұмыстың анықталу мақсатын оның маңыздылық кезеңі бойынша анықтайды, жоспар өткен күннің аяғында немесе жоспарлайтын күннің аяғында немесе жоспарлайтын күннің басында құрылады.

Апталық жоспары үш топпен жасалынады.

- Міндетті (маңызды) жұмыстар;

- Маңызды, бірақ жылдамдылықты қажет етпейтін жоспарлар және оларды орындауға келесі аптада уақыт болса ғана кірісу қажет;

- Жылдамдылықты қажет етпейтін және қажет ететін жұмыстар.

Аптада бос уақыт қалса ғана орындалады. Жұмыс аптасын аяқтау кезінде жоспарланған уақытқа және соңғы мақсаттар жетістігіне баға беру қажет.

Жылдық жоспардың маңызды түйіні - қызметтің басты бағыттарын анықтау болып табылады. Осы негізде жетекшінің және келер жылдың бюджетінің жоспары жасалынады.

Міндеттерді орындауды және жұмыс уақытының қолданылуын бақылау жекеше жоспарланудың соңғы жүйесі болып табылады.

Бақылау - талдау жасауға және өз жұмысын жүзеге асыру жолдары үшін ақпарат алуға мүмкіндік береді. Бақылау жетекшінің әр түрлі кезеңдерге жоспарланған жұмыс уақытын жоспарлау қаншалықты сәтті болғанын анықтауына көмектеседі.

Сөздік

Жетекші – руководитель

жетістік – достижение, успех

жылдамдық – быстрота

кезең – период

маңыздылық – важность

міндетті – обязанный

сәтті – удачный

талдау – анализировать, анализ

Мәтінге берілген тапсырмалар.

1. Мәтінді оқыңыз.

2. Сұрақтарға жауап беріңіз:

1) Жұмыс уақыттың қалай пайдалану керек?

2) Апталық жоспары қалай жасалынады?

3) Жылдық жоспардың маңызы қандай?

3. Сөздікте берілген үш сөзбен сөйлем құрастырыңыз.

3-сабақ.

1. Жағдаяттық тапсырма.

Сізгебіржылдыңжекежоспарын құрукерек. Қалай жоспарлайсыз жәненеістейсіз?

2. Бейнефильм «Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері».

«Жұмыс уақыты ұғымы және оның түрлері»атты бейнефильмді мына сілтеме https://www.youtube.com/watch?v=32hWE5OzQJAбойынша көре аласыз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: