Популяциялар экологиясы 3 страница

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 

Экология –тірі ағзалардың өзішілік және оларды қоршаған органикалық емес табиғатпен. органикалық жүйелермен байланысы, олардың құрылысы мен жүйелердің қалыптасуы туралы ғылым.

Экология ғылым ретінде жер бетіндегі тірі ағзалардың әртүрлілігі мен олардың өмір сүру жағдайларының ерекшеліктері туралы көптеген деректер жинақталған соң ғана, өткен жүзжылдықтың ортасында ғана қалыптасқан ғылымдар қатарында. «Экология» деген терминді алғаш рет белгілі неміс зоологі Э.Геккель (1866 жылы) енгізді.

Жер бетіндегі тіршіліктің ерекшеліктері, олардың сыртқы орта жағдайларына тәуелділігі, жан –жануарлар мен өсімдіктердің жер бетіне таралуы мен ерекшеліктері туралы мәліметтер өте ерте кезден – ақ жинақталған.Тіпті Аристотель (біздің э.д. 384-322 ғ.) 500 – ден астам жануарлардың өзіне белгілі болған түрлері мен олардың мінез – құлық ерекшеліктері туралы, балықтар тіршілігіндегі қысқы ұйқыға кету мен көбею кезіндегі өрістеулері, құстардың суық мезгіл жақындағанда жылы жаққа қоныс ауыстыруы, жануарлардың тіршіліктегі іс-әрекеттері, көкектің паразиттік тіршілік нышаны мен каракатицалардың өзін -өзі қорғау ретіндегі өзгерістік іс-әрекеттері жайында көптеген мәліметтер қалдырған екен. Аристотельдің оқушысы, «ботаниканың атасы» атанған Теофраст Эрезийский (б.э.д. 371-280 ғ.) өсімдіктердің топырақ пен тұрғылықты жер климатына байланысты формалары мен өсу ерекшеліктерін салыстыра келе, олардың өсу ортасына тәуелділігін атап көрсетеді.

Алғашқы систематиктер А.Цезальпин (1519-1603), Д.Рой (1623-1705), Ж.Турнефор (1656-1708) және басқалар өсімдіктің өсу ортасына және оған жасалған жағдайларға, өнуіне және отырғызу ерекшеліктеріне, өсірілген жеріне және қоректенуіне тікелей байланысты деп атап көрсеткен.

17-18 ғасырдағы экологиялық мәліметтер А.Реомюр еңбектерінде жәндіктер (1734), Л.Трамбле еңбектерінде гидра мен тышқандар (1744) жайында сақталған.

18 ғасырдағы С.Т.Крашенинников, И.И.Лепехин, П.С.Паллас еңбектеріндегі мәліметтер жергілікті Ресей жерінің әртүрлі бөліктеріндегі өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің климатпен өзара тығыз байланысы айтылады.

Жануарлардың құрылысына сыртқы ортаның әсері жайында 18 ғасырдың екінші жартысындағы француз жаратылыстанушы Бюффон (1707-1788) еңбектеріндеде жазылған.

Эволюциялық ғылымның бірінші авторы болып саналатын Жан-Батис Ламарк (1744-1829), жан-жануарлар мен өсімдіктердің эволюциялық дамуында «сыртқы жағдайлар» - ағзаның бейімделушілік қасиеттерінің негізгі себептерінің бірі деп атап көрсеткен.

19 ғасыр: А.Гумбольт (1807),ғылымғы ландшафт «физиономиясын» өсімдіктердің сыртқы қалпымен анықтауға болады деген пікір енгізді.

Сондай-ақ экологиялық мәліметтер К.Ф.Рулье (1814-1858), Н.А.Северцов (1827-1885) еңбектерінде де беріледі.

1859 жылы Ч.Дарвин, тірі ағзалардың өзара қарым-қатынасы және олардың сыртқы ортадағы неорганикалық компаненттерімен байланысы («тіршілік үшін күрес») – ғылымдағы өзалдына жеке қаралатын бөлім екендігін дәлелдеді.

Даттық ботаник Е.Варминг өсімдіктің тіршілік формалары деген ұғымды негіздеді.

Неміс гидробиологі К.Мебиус (1877) биоценоз туралы ұғымды енгізді.

20 ғасырдың басында гидробиолгтардың, фитоценологтардың, ботаниктер мен зоологтардың жеке экологиялық мектептері шығып, әрқайсысы осы саладағы өздері меңгерген мәселелер туралы экология ғылымының сол сала бойынша негізін салды: мысалы, СССР-да В.Н Сукачев, Б.А.Келлер, В.В.Алехин, Л.П.Шенниковтардың, шет елдерде: Америкада Ф.Клементс, Данияда К.Раукиер, Швецияда Г.Дю Рие, Швейцарияда И.Браун-Бланкалар болды.

1938 жылы Д.Н.Кашкаров елімізде бірінші рет жануарлар экологиясы негіздері оқулығын басып шығарды.

Популяциялық экологияның негізін салушы Элтон (1927) болды.Ал 1935 жылы ағылшын ғалымы А.Тенсли экожүйе ұғымын ұсынса, 1942 жылы В.Н.Сухачев биогеоценоз туралы пікірлердің негізін қалады.

20 ғасырда белгілі жаратыластану биосфера туралы ғылыми еңбегін жасады.

1964 жылдан бастап барлық елдер экологтары халықаралық биологиялық бағдарлама (ХББ) бойынша жұмыс істейді.

 

Адам мен табиғаттың өзара әсерін реттеудің экологиялық құқық нормалары

Қоршаған ортаны қорғау келесі екі ережеден тұрады:

  • ғылыми экологиялық принциптерді тұжырымдайтын орындалуға міндетті заңдар түрінде құқықтық қорғау;
  • табиғатты қорғау қызметін экономикалық тиімді жасауға тырысатыны үшін өнеркәсіптерді материалдық ынталандыру.

 

Қоршаған орта және табиғи ресурстарды қорғау саласы бойынша заңдар

Ресурстар мен обьектілер Заңдар:
Жер «Жер туралы»
Жер қойнауы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану», «Мұнай туралы»
Су «Су кодексі»
Жердің озон қабаты, атмосфералық ауа және климат «Атмосфералық ауаны қорғау туралы»
Ормандар «Орман кодексі»
Жануарлар әлемі «Жануарлар әлемін пайдалану, қайта өндіру және қорғау»
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы»

 

Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды заңды түрде реттеуді талап ететін мемлекеттік басқару мәселелері

Мемлекеттік басқару мәселелері Заңдар:
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету «Азаматтар денсаулығын қорғау туралы»
Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласында бақылаулар «Қылмыстық кодекс», «Әкімшілік кодекс»
«Азаматтық кодекс», «Кедендік кодекс туралы», «Мемлекеттік шекара туралы» Экологиялық сараптама, «Экологиялық сараптама туралы»
Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласы бойынша жұмыстарды лицензиялау «Лицензиялау туралы»
Экологиялық білім және тәрбие, Басқару орғандары мен халықты нақты, анық экологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету «Білім беру туралы», «Мемлекеттік статистика туралы»
Төтенше экологиялық жағдай «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар туралы»

 

Негізгі терминдер

Әлеуметтік экология - ғылым, қоғам әрекеттестіктері шарттар және заңдылықтар оқитын және табиғаттың. Әлеуметтік экология подразделяется экономикалық, демографиялық, урбанистикалық, футулогиялық және заңға сүйінгенді экологияның.

 

Биологиялық экология

Греч. Oikos - пәтер-үй + Logos - ғылым

Экология - ғылым құрам туралы, құрылымға, қасиеттерде, функционал ерекшеліктерде және жүйелердің эволюциясының деңгей надорганизменного, экожүйелердің популяционных және биосфераның. Экология негізгі берік заңдылықтар оқиды: энергия сел, химиялық элементтердің айналып жүруін. Әдеттегі экология биология бөлімімен есептеледі.

 

 

Тақырып бойынша тестер.

1.«Экология» терминін қай ғалым ұсынған?

A) Ю. Либих.

B) Э. Геккель.

C) В. И. Вернадский.

D) В.Н.Сукачев.

E) К.Мебиус.

 

2. Тірі организмдердің бір-бірімен және олардың қоршаған ортамен байланыстысын зерттейтін ғылым:

А) Нооэкология.

B) Экология.

C) Адам экологиясы.

D) Анатомия.

E) Биология.

 

3. Тұрақты даму дегеніміз-бұл:

А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

B) Бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыр.

C) Демографиялық, әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші.

D) Келешек ұрпақтың қажеттіліктерін шектеместен, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

E) Экономикалық өркендейдің жоғары сатысы.

4.Экологиялық қауіпсіздікті, қоршаған ортаға тигізетін зиянды зардаптарын болжау және бағалау мен қоршаған орта мониторингін қамтамасыз ету міндетін сипаттайтын сала:

А) Химия.

B) География.

C) Теориялық экология.

D) Биология.

E) Колданбалы экология.

 

5. Тіршіліктің жалпы даму заңдылықтарын зерттейтін экологияның саласы:

А) Инженерлік экология.

B) Практикалық экология.

C) Теориялық экология.

D) Қолданбалы экология.

E) Кеңістіктік экология.

 

6.Қоршаған табиғи орта мен тірі ағзалардың арасындағы қарым – қатынасты зерттейтін ғылым

А) Экология.

B) Генетика.

C) Психология.

D) Философия.

E) Этология.

 

7. Экология -... зерттейтін ғылым

А) Тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын.

B) Өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру заңдылықтарын.

C) Қоршаған орта заңдылықтарын.

D) Тірі организмдердің бір-бірімен қарым қатынасын.

E) Биологиялық жүйелердің өмір сүруін және қалыптасуын.

 

8. Табиғатты қорғау дегеніміз:

А) Тазалағыш аппараттарды қолдана отырып қоршаған ортаны қрғау.

B) Қоршаған ортаның тазалығын айтамыз.

C) Биосфера және атмосфераны ластанунан қорғау.

D) Экологиялық системада тепе-теңдікті сақтау.

E) Қоршаған ортаны ластанудан қорғауға арналған жұмыстар жиынтығы.

 

9.Экология ғылымының зерттеу нысаны:

А) Адамның қоршаған ортамен байланысы.

В) Биологиялық және географиялық микро және макрожүйелер мен оның уақыт пен кеңістікке қатысты тіршілік ырғағы.

С) Биоценоздағы өзгерістер.

Д) Организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасы.

Е) Табиғи ресурстарды пайдалану.

 

10. «Экология» терминін ғылымға енгізген ғалым:

А) Э. Геккель.

В) Э. Макфедьен.

С) Т. Льюс.

Д) Н. Уебстер.

Е) Ю. Одум.

 

11.«Экология» термині бірінші рет қай жылы енгізілген?

А)1700

В)1929

С)1952

Д)1805

Е)1869

Сабақ № 2. Дара организмдер экологиясы. (1 сағат)

Дәрістің мақсаты мен жоспары

Экология заңдарымен танысу. Экологиялық факторлардың түрлерін қарастыру.

Жоспар:

1.Ағзалар және олардың қоректенуі.

2.Экологиялық факторлар және оның классификациясы

3. Ю.Либихтің минимум заңы. В.Шелфордтың толеранттық заңы.

Популяциялар экологиясы

5. Популяцияның динамикалық сипаттамалары. Популяцияның динамикалық сипаттамалары.

Қолданатын әдебиеттер

Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.

Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.

Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.

Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.

 

Жер бетіндегі тірі ағзалар тіршілік етуіне байланысты мына төмендегі төрт тіршілік ортасына бөлінеді.

Сулы орта.

Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді.

Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.

Гиробионтар – суда өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.

Судың жоғарға қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондар деп аталады.

Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады.

Су түбінде мекен етуші ағзалар бентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың бейімделу ерекшеліктері.

Су жануарларының сулы ортада бағыттын табуы.Көру бағытының шектеулілігі, дыбысқа жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының таралуын қабылдау (киттәрізділер))

Кез-келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана қолайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен: көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбейуіне қолайлы орта ылғалы мол көл жағасы.
Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде қажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем қажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз – организмнің өсіп - көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуына тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компонентерінің жиынтығы. Ал, организмге қажетті жағдайлар деп – тек сол организм үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтады.
Экологиялық факторлар дегеніміз – организм үшін қажетті немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлардың әсеріне әр түрлі реакция береді. Мәселен: ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Факторлар үшін негізгі топқа жіктеледі: абиотикалық, биотикалық және антропикалық.
а) Абиотикалық факторлар дегеніміз – организмдерге әсер ететін бейорганикалық ортаның жиынтығы. Олар – химиялық және физикалық деп бөлінеді. Сол сияқты жердің рельефі, геологиялық және геоморфологиялық құрылымы, ортаның сілтілік немесе қышқылдығы, космостық сәулелер т.б факторлар организм үшін әр түрлі деңгейде әсер етеді.
б) Биотикалық факторлар дегеніміз – тірі организмдердің бір – біріне және ортаға жағымды немесе жағымсыз әсер етуі. Бұл өте күрделі процестер жиынтығы. Өйткені, тірі организмдер бір- бірімен қоректену, бәсеке, паразиттік, жыртқыштық, селбесіп тіршілік ету арқылы алуан түрлі қарым – қатынаста болады.
Аталған қарым – қатынастар өсімдік пен өсімдік, жануар мен өсімдік немесе жануарлар мен жануар арасында болуы мүмкін.
в) Антропикалық факторлар дегеніміз – айнала қоршаған ортаға тигізетін адам баласы іс - әрекетінің тікелей немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материялдық игілігі үшін табиғат байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер, ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі.
Экологиялық факторлардың организмге әсері.
Экологиялық факторлардың организмге әсер етуі мен оған организмнің реакциясы бірдей болмайды. Сондықтан организм үшін факторлардың бұрыннан қалыптасқан жиынтығы ғана қажет. Ал, басқа факторлар оның қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізеді. Яғни, әрбір организмге әсер ететін факторлардың төменгі және жоғарғы шегі болады және бір фактор шешуші роль атқарады. Бұл заңдылықты неміс химигі Ю.Либихи (1848 ж) ашқан.
а) Оны «Минимум заңы» дейді. «Минимум» заңының өмірде практи – калық маңызы зор. Өйткені, организмдердің ең қажетті шешуші фактор – ларын біле отырып мол өнім немесе табиғат ресурстарын тиімді пайда –лануға жол ашады.
Шешуші факторлармен қатар организмнің факторлар жиынтығына деген ең жоғары төзімділік қасиеті болады.
ә)Төзімділік заңы В. Шелфордтың есімімен аталады. Заңның негізі организімдердің факторларға деген талғамының шектелуі.
б) Биосферадағы организмдердің көптеген түрлері экологиялық факторлар жиынтығына оның шекті мөлшері мен төзімділік шегіне бағына бермейді. Керісінше экологиялық ортада қалыпты тіршілігін жалғастыра береді, организмдердің бұл тобын эвробионтты түрлер дейді.
в) Кейбір организмдер орта мен факторларға талғамы жоғары болады. Оларды біз степобионтты организмдер дейміз. Сенобионтты организмдердің таралу аймағы шектеулі болады. Шектеулі фактор абиотикалық немесе биотикалық болуы мүмкін. Мәселен: Іле Алатауының шыршалы орманында тіршілік ететін ақ тиін шектеулі фактор үшін – қорек.
г) Экологиялық фактордың тікелей немесе жанама әсер етуі олардың белгілі бір биотопқа бейімделген тіршілік формаларын қалыптастырады. Организмдердің экологиялық ортада класификациялауда негізінен толық бір жүйеге келтірілмеген. Сондықтан біз организмдердің тіршілік формаларын жіктеуде олардың тіршілік ортасын негізге аламыз.
д) Тіршілік формасы дегеніміз – организмдердің өзінің тіршілік ортасының ерекшелігіне қарай морфологиялық жағынан бейімделуі. Әсіресе, жануарлар дұниесінің тіршілік формасын ажырату өте күрделі. Жануарлардың тіршілік формаларын жіктеу Д.Н.Қошқаровтың жүйесі бойынша алынады:
а) жүзгіш формалар (нектон, планктон, бентос).
б) жартылай суда тіршілік ететіндер (уақытша қорек үшін сүңгитіндер).
в) қызғыш формалар (жер бетіне шықпайтындар, жер бетне уақытша шықпайтындар).
г) құрлық формалар 1) ін қазбайтындар (жүгіргіштер, секіргіштер, жорғалаушылар); 2) жартас жануарлары; әуе формалары.
д) ағашқа өрмелейтіндер; 1) ағаштан түспейтіндер; 2) ағаштарда жүретіндер.
е) әуе формалары; 1) әуеден жемтігін ұстайтындар; 2) әуеден қарауылдайтындар.
Өсімдіктер әлемін ғалымдар зерттей келіп олардың тіршілік формасын жіктеуге ұмтылған. Соның ішінде ботаник С. Раункиер жүйесі негізге алынады.
а) эпифеттер – топырақтар тамыры болмайтын ағаштарға асылып шырмалып өсетін өсімдіктер.
б) Фанерофиттер – жер бетінде өсетін барлық ағаштар, бұталар мен көптесін өсімдіктер жатады.
в) Хамефиттер - өркендері жер бетіне өсетін шөптесін жылдық өсімдіктер. Қыста өркендері үсімейтін өсімдіктер.
г) Гемикриптофиттер – жер бетіндегі өркендері қыста үсіп қалатын, ал пиязшықтары сақталатын өсімдіктер.
д) Криптофиттер немесе геофиттер – топырақтың терең қабатында тамыр түйнектері сақталып қалатын көп жылдық өсімдіктер.
е) Терофиттер – жер асты, жер үсті мүшелері тегіс үсіп немесе қурап қалатын бір жылдық өсімдіктер.
Биосферадағы негізгі абиотикалық факторлар және организмдердің соған бейімделуі.
а) Жарық. Жарық тірі организмбер үшін негізгі факторлардық бірі. Күн сәулелерінің жер бетіне келіп жететін барлық мөлшерінің 50% ғана бізге көрінсе, қалған бөлігін көрінбейтін инфрақызыл және ультракүлгін түсті сәулелер құрайды.
1. Жарық сүйгіш өсімдіктер (гелиофиттер) – ашық күн сәулесі түсетін жерлерде өседі.
2. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер (сциофиттер) – қалың орман, тоғайлардың төменгі ярустарында өседі.
3. Жарыққа орташа талапты өсімдіктер - сирек және ашық далалы орман өсімдіктері жатады.
4. Жарық – жануарлар үшін бағдарлау қызметін атқарады. Жануарлардың даму эволюциясының нәтижесінде жарықты сезгіш мүше және күрделі көздер пайда болған.
5. Жануарлар әлемінде денесінен жарық шығаратын құбылыс болады. Оны – биолюмипесценция дейді. Бұл организм денесіндегі күрделі органикалық қосылыстардың тотығу процесінің нәтижесі.

Популяция дегеніміз – эволюциялық ұзақ уақыт бойы ареалдың белгілі бір бөлігінде тіршілік етіп, өз алдына дербес генетикалық жүйе құра алатын,еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ беретін бір түр дараларының шағын тобы. «Популяция» деген сөз латынша «популюс» -халық,тұрғындар деген ұғымды білдіретін сөзден шыққан.

Популяция даралары оқшаулануға байланысты көршілес популяциямен салыстырғанда барлық қасиеттері мен белгілері бойынша өзара өте ұқсас болып келеді.Топтық ерекшеліктер – популяцияның ең негізгі сипаттамасы.

Оларға мыналар жатады:

1.Саны – белгілі бір территориядағы даралар саны.

2.Популяция тығыздығы – сол популяцияның алып жатқан кеңістігінің немесе аудан көлемінің бірлігінің орташа даралар санына қатынасы.

3.Туу –көбею нәтижесіндегі бір уақыттағы жаңа даралар саны.

4.Өлім – белгілі бір уақыт мөлшеріндегі популяция ішіндегі өлген даралар саны.

5.Популяцияның өсуі - туу мен өлім арасындағы айырмашылық.

6.Өсу темпі – бір уақыттағы орташа өсу.

Әр түр, белгілі бір территорияны (ареал) ала отырып,популяция жүйесін құрады.

Түр → түрасты (нәсіл) → географиялық популяция → экологиялық популяция → жергілікті, локальды немесе элементарлы популяция. Популяцияның белгілі бір нақты құрылысы болады: жыныстық, жастық, кеңістіктік және этологиялық.

Популяцияның жыныстық құрылымы

Жыныстық құрылым – популяциядағы особтардың жыныстық ара салмағы. Жыныстық арасалмағы түрлердің генетикалық заңдары мен қоршаған орта ықпалына байланысты құрылады. Жыныстық құрылым бейімдеушілік сипатта.

 

Популяцияның жастық құрылымы

Популяциядағы жастық топтардың қосындысы (жоғарғы,орташа,кіші). Өсімдіктің тіршілік ауысуында ауысым мен жас жағдайын бөлуге болады.Түрлердің жас ерекшеліктеріне байланысты бөлінуі оның жастық спекуторы болады.

Жас жануарларда әртүрлі генерация және ұрпақтар болады.

Генерация – бір жылдағы және бір мезгілдегі туған «бауырлар» мен «сіңлілер» қосындысы.

Ұрпақтар – бір жылдағы барлық генерацияның барлық қосындысы.

 

Популяцияның кеңістік құрылымы


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: