Популяциялар экологиясы 7 страница

Қалалық жоспарлау және даму

Ванкувер (Канада) қаласында жергілікті басқару оргнадары қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге қалық дизайн, әлеуметтік бағдарламалар және т.б. жөнінде шешім қабылдауға қатысудың кең мүмкіншіліктерін ұсынады. Атап айтқанда, Ванкуверде және Канаданың басқа қалаларында олардың ойы бойынша олар тұратынауданның пролемаларын шешетін жерглікті жобаларды әзірлеу және іске асыру үшін қала тұрғындарына ақшалай қаражат бөлу тәжірибесі қолданылады. Финляндиияда пәтерлерге арналған мемлекеттік жәрдемақылардың екі түрі бар. Біріншілеріне табысы жоғары емес адамдар үміт арта алады. Бұл жәрдемақы пәтерді жалдау шығындарын жабуға арналған. Екінші жәрдемақы түрі пәтерді сатып немесе салу үшін ұсынылады. Ол банк несиесінің пайыздары бойынша жеңілдіктер болып табылады. Егер финн мұндай жәрдемақы түрін пайдалануды шешсе, ол онда өзіне ірі пәтер алуға мүмкіншілігі болмайды. Сонымен бірге ол өз жанұясы үшін сатып алатын немесе салатын, сонымен бірге несие бойынша жеңілдіктерді пайдалануды шешкен адам үшін пәтер көлемін банк белгілдейді. Мемлекет сондай-ақ пәтерді алғашқы рет сатып алатын жастарды несиелік пайыздар бойынша жеңілдіктермен қолдайды. Бүгін көппәтері үйлерді қайта жаңарту бойынша жобалар ел бойынша іске асырылуда, кейбір кездерге қайта жаңартылуға бүкіл шағын аудандар қойылады.Тұрғын-үй қорын жаңартуға мемлекетте қатысады. Оның көмегі ол банктегі несие бойынша кепіл болып табылады. Үйді күрделі жөндеу үшін жөндеуге қажет шығындардың 80% мөлшерде жеңілдетілген несие алыға болады. Мемлекет қолдануының арқасында 16 жылдық мезімге алуға болатын мұндай несиенің пайыздық өлшемі жылына 3,5% аспайды.

Берлин – автомобильдер емес, тұрғындар мен қонақтар үшін қала, бірақ замануи коммуникациялармен. Берлиннің қала құрылсы тұжырымдамасы (бұрыңғы шығыс германия аумағында) өз күшін дәстүрлі еуропалық қалаларға тән деңгейге дейін құрылыс тығыздығынжоғарлату арқылы «қысқа жолдар қаласын» құруға талпынуда. Бұл кең автотрассаларды «кері салуды» қажет етеді және өмір деңгейі мен қала орталығында болу сапасын арттырады. Бұл тұжырымдаманы іске асырудың мысалы жүздеген жылдар бойында Потсдам алаңы мен Александерплатцты қосатын торап болып саналған Шпителльмаркт ауданын жаңарту боып табылады. Шпителльмаркт ауданындағы біріккен Берлинге мұраға қалған сегіз жолақтық автокөлік қозғалысын «кері салу» арқылы қысқарту жөнінде шешім қабылданды. Бұл қалалық алаң қала тұрғындары мен қонақтары үшін коммуналдық торап болды. Біріккен қаланың жүк және жолаушылар тасымалындағы қажеттіктерін қанағатандыру үшін төрт көлік құралын бірыңғай желіге біріктіруге шешім қабылданды: бағдарларының ұзындығы 300 км электричка; желілерінің ұзындығы 167 км болатын метро; ұзындығы 411 км болатын трамвай жолдары, автобус бағдарлары (1855 км). Қайта жаңарту және бағдарлар желілерін кеңейту арқасында Берлин орталығындағы жолаушылар тасымалы 80% муниципалды жолаушы көлігімен, ал 20% - автомобильде іске асырылуы тиіс берлин Сенатының қаулысын іске асыру мүмкін болды. Техникалық инновация ретінде аспалы магнитті «Трансрапид» жолын салу болады (федералды өкімет 2 млрд. евро қаржы бөлді), оны салу 2005 жылы аяқтаулы тиіс. Бұл жол Гамбург және Берлинді қосады, жол уақыты бір сағаттан кем болады. Ұлыбританиядағы орнықты және қауіпсіз ғимаратар жөніндегі 2004 жылғы Актіге сәйкес ғимараттар орнықты даму талаптарына сәйкес боуы тиіс, атап айтқанда ғимараттарды салу кезінде экологиялық нормалар сақталуы тиіс, энергия мен суды аз пайдалануға көмектесетін материалдар қолданылуы тиіс.

Рим клубы — 1968 жылы италияндық экономист, қоғам қайраткері және бизнесмен А. Печчеи бастамасымен құрылған мемлекеттік емес халықаралық ұйым, ол адам тіршілігінің негіздерін қозғайтын ғаламдық проблемаларды: қару-жарақпен жарақтану жарысы және ядролық соғыс қаупі, қоршаған ортаның ластауды зерделеу бағдарламасына бастама болған. Гру Харлем Брундтланд – 1980-ші жылдары Норвегияның қоршаған ортаны қорғау министрі, кейіннен Премьер-министр, қазіргі уақыта – Халықаралық денсаулық ұйымының атқарушы директоры.

Тұрақты даму бойынша Еуропа қалаларының Хартиясы (Аалборг хартиясы), Аалборгте (Ольборге), Дания, өткізілген ірі және кіші қалаларды орнықты дамыту бойынша Еуропалық конференциясында қабылданған, 1994 жылғы 27 мамыр. Тұрақты даму жөніндегі комиссиясы «Сәтті хикаялар» атты ақпраттықжинақтар шығарады – оларда осы саладағы қалаларда іске асырылған сәтті жобалардың қысқаша сипаттамасы беріледі. Әрбір жинақ ішінде - әртүрлі елдерде іске асырылған ондаған жоблардың сипаттамасы. Бұл материалдар әлем бойынша үлгі алатын мысал ретінде таралады

   
Мәселе Мәселенің қысқаша мәні
Кедейлікпен күрес   Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.
Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.-----
Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.
Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер: - СПИД-пен күреске жұмылдыру; - туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес; - бала өлімін кеміту; - халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру; - еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету; - халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету; - балалардың денсаулығын қорғау; - қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.
Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.
Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.
Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.
Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.
Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.
Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.
Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс: - қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету; - өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру; - барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.
Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.
Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.
Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.
Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде - жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.
Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген

 

 

Тақырып бойынша тест сұрақтар

1. Тұрақты даму дегеніміз-бұл:

А) Келешекке ұрпақтың қажеттіліктерін шектеп, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

B) Бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыр.

C) Демографиялық, әлеуметтік дамудың жоғары көрсеткіші.

D) Келешек ұрпақтың қажеттіліктерін шектеместен, бүгінгі ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру.

E) Экономикалық өркендейдің жоғары сатысы.

2. Тұрақты даму тұжырымдамасының маңызды басталу көзі немен байланысты?

А) Рим клубының баяндамасы болып табылады.

В) Стокгольмдегі конференциямен

С) Киота хаттамасымен

Д) КСРО-ң құлдыраумен

Е) Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясымен

3. Табиғи ресурстарды кешенді пайдалану:
А) Пайдалы қасиеттерін табиғатқа зиян келтірмей пайдалану.
В) Басым түрлерді пайдалану.

С) Ұтымды пайдалану.

Д) Барлық түрлерін біркелкі пайдалану.

Е) Табиғат ресурстарын қорғау.

4. Тұрақты даму түсінігі қай жылдары кеңінен тарала басталды

А) 80-90жж

В) хх1 ғ

С) 1990ж

Д) 90-95жж

Е) хх-хх1 ғ

 

5. Тұрақты даму түсінігі қай тілден алынды?

А) Ағылшын

В) Араб

С) Грек

Д) Латын

Е) Қазақ

 

6. Тұрақты даму үлкен жетістіктерге жету экономикалық дамуы мен қоршаған ортаны қорғау,бірігу қажет-деген ұран ұстанған қай ел?

А) Ақш

В) Франция

С) Қазақстан

Д) Жапония

Е) Қытай

 

7. Тұрақты даму туралы концепция қай жылы қабылданды?

А) 2003ж 3-желтоқсан

В) 1999ж 3-желтоқсан

С) 2005ж 8-қаңтар

Д) 1980ж 3-қыркүйек

Е) 1989ж 3-қазан

 

8. Тұрақты даму туралы қабылданған концепция неше бөлімнен тұрады?

А) 5

В) 3

С) 2

Д) 6

Е) 8

 

9. Рио-де-Жанейро БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау ж/е дамыту туралы шешім қай жылы қабылданды?

А) 1992ж

В) 1989ж

С) 2000ж

Д) 2002ж

Е) 2004ж

 

10. Эколог,социологтар тұрақты даму концепциясын қай жылдары қолға ала бастады?

А) 70ж 2-ші жартысында

В) хх ғ басында

С) 2000-2001жж

Д) 91ж 2-ші жартысында

Е) 70 ж басында

 

Сабақ № 7.Биосферада тұрақсыздықтың пайда болуының антропогендік факторлары.

1. Қоршаған ортаға түсетін антропогендік салмақтың өркениет түрлерінің олардың олардың даму сатыларына байланысты жіктелуі.

2. Табиғат пен қоғам қарым-қатынасының тарихы: негізгі кезеңдері (биогенді, аграрлы, өндірістік, ақпараттық).

3. Климаттың өзгеруі. Озон қабатының проблемасы. Қышқылды жаңбырлар

4. Атмосфералық ауаның ластануының экологиялық зардаптары.

5. Атмосфераны қорғау.

Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас. Жер бетіндегі биосфера қабығы миллиардтаған жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан өзін-өзі реттеп отыратын ғаламдық ашық жүйе. Ондағы тірі организмдер сыртқы ортаның үнемі өзгеріп тұратын жағдайларына тіршілік ақпараттары арқылы бейімделді. Биосфераның ұзақ уақыттар бойы қалыптасқан динамикалық тұрақтылығының нәтижесінде, организмдер мен коршаған орта арасында табиғи тепе-теңдік пайда болды. Адам пайда болғаннан бастап-ақ, биосферадағы қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік өзгере бастады. Адамның іс-әрекеттерінің тікелей табиғатқа әсер етуін антропогендік факторлар деп атайды. Жер тарихында адамның пайда болуының өзі ең ірі эволюциялық өзгеріс деп есептелінеді. Алғашқы кезде адам санының аз болуы және табиғатқа табыну дәстүрінің болуына байланысты адамның табиғатка әсері онша байқала қоймады. Бірте-бірте адам санының артуы, жаңа жерлерді игеруі, табиғат байлықтарын кеңінен пайдалануы нәтижесінде адамның табиғатқа ықпалы арта түсті.

Бірінші кезең — бастапқы тас (палеолит) дәуірін қамтиды. Бұл кезенде алғашқы кауымдық қоғам қалыптасып, адамдар аң аулауды және өсімдіктерді жинауды кәсіп етті. Осы дәуірдің өзінде-ақ адамның өсімдіктер мен жануарларға әсері байқала бастады. Мысалы, ретсіз көптеп аулаудың нәтижесінде мамонттар, алып бұғылар, жүнді мүйізтұмсықтар және т.б. аңдар жойылды. Екінші кезең — неолит дәуіріндегі (VIII—VII б.з.д. мыңжылдық) егіншілік пен мал шаруашылығының пайда болуымен ерекшеленді. Мұндай шаруашылықтар үшін бұрын пайдаланылмаған жаңа жерлер игерілді, орманды алқаптар қырқылды, шалғындықтар жыртылды және т.б. Осындай іс-әрекеттердің әсерінен бір кездегі табиғаты шұрайлы жерлер (Сахара, Гоби, Қарақұм, Қызылқұм өңірлері) бірте-бірте шөлге айналды. Бұл дәуірдің соңында адамдар жаңа жерлерге саяхаттар ұйымдастырып, бұрын белгісіз құрлықтарға қоныстанып, сол аймақтардың табиғатын игере бастады. Үшінші кезең — өнеркәсіптің қарқынды дамуымен ерекшеленді. Бұл кезең XVII ғасырдан бастап XX ғасырдың орта кезіне дейінгі аралықты камтиды. Өнеркәсіптің түрлі салалары үшін жаңа шикізат көздері пайдаланыла бастады. Соның нәтижесінде жаңа отын мен пайдалы қазба түрлерін пайдалану еселеп арта түсті. Бұл кезеңде адам санының артуы, түрлі өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларының кең өріс алуы, адамның табиғатқа әсер етуін күшейтіп, пайдалы қазбалар қорының азаюына, биосфераның ластануына ықпал етті.

Экологиялық дағдарыс (немесе төтенше экологиялық жағдайлар) кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынас шиеленісе түседі. Бұл кезде қоғамдағы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар биосферадағы тарихи қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына әсер етеді. Мұның өзі түптеп келгенде адамзат өміріне қауіп төндіре бастады. Экологиялық дағдарыс — қайтымды процесс. Оны адамның белсенді түрде жүргізілген іс-әрекеттері арқылы біртіндеп жоюға болады. Мысалы, экологиялық таза энергия (жел, Күн, су) көздерін кеңінен пайдалану немесе пайдалы казбаларды әрі тиімді, әрі кешенді пайдалану және т.б. Тірі организмдердің сирек түрлерін қорғау жұмыстарын қатаң қадағалау, ормандарды қалпына келтіру, топырақ құнарлылығын арттыру және т.б. жұмыстар арқылы да экологиялық дағдарыстарды тоқтатуға болады.

Экологиялық апат — табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынас әбден шиеленісіп кеткен жағдайда байқалады. Бұл кезде табиғатта қалыптасқан экологиялық тепе-теңдік мүлдем бұзылады, оны қайтадан қалпына келтіру мүмкін емес. Сондықтан да экологиялық апат қайтымсыз процесс болып саналады. Экологиялық апат көбіне адамның тікелей немесе жанама іс-әрекеттерінің нәтижесінен пайда болады. Бұл кезде кейбір өсімдіктер мен жануарлардың көптеген түрлері мүлде жойылады.

Адамдардың іс-әрекеттерінен соңғы 300 жылда құстардың 140- қа жуық, ал сүтқоректілердің 106 түрі біржола жойылып кеткен. Антропогендік факторлардың жануарлар дүниесіне әсер етуі жылдан-жылға айқын байқалуда.

Ғаламдық экологиялық мәселелер — мұндай мәселелерді бүкіл адамзат біріге отырып шешуі тиіс. Оған атмосфераның, гидросфераның және литосфераның ғаламдық деңгейде ластануын атауға болады. Әр түрлі отын түрлерін пайдалану кезінде жыл сайын атмосфераға орта есеппен 20 млрд т-дай көмірқышқыл газы бөлінеді. Бұл ауа құрамында көмірқышқыл газының жинақтала түсуіне тікелей әсер етеді. Бұл жағдайлар климаттың жаппай жылынуына ықпал етеді. Жер бетіне түскен күн сәулелерінің бәрі де жерді қыздырады да, инфрақызыл сәулелер жылу түрінде кері ғарыш кеңістігіне таралады. Кері шағылысқан бұл сәулелерді көмірқышқыл газы, метан, фреондар және т.б. газдар өздеріне сіңіреді де, температура көтеріледі. Күннің кері шағылысқан жылуын сіңіретін газдарды парниктік (жылыжайлық) газдар деп атайды. Парниктік газдардың атмосферада біртіндеп жинақталып, атмосферадағы жылу балансының өзреуін парниктік эффект деп атайды. Аймақтық экологиялық мәселелер — жер бетіндегі ауқымды аймақтарды, яғни бірнеше мемлекеттердің аумағын қамтиды. Ондай экологиялық мәселелерді бірнеше мемлекет бірігіп шешуі тиіс. Мұндай экологиялық мәселелерге жыл құстарын және трансшекаралық су қорларын және т.б. табиғат байлықтарын қорғау жатады. Мысалы, бұған Каспий теңізін, Дунай және Ертіс өзендерін және т.б. қорғау мысал бола алады. Жергілікті экологиялық мәселелер — белгілі бір жергілікті шағын аумақтың табиғат байлықтарының жеке тобын немесе бір ғана түрін қорғаумен ерекшеленеді. Мұндай мәселелер жергілікті деңгейде (бір мемлекеттің өз ішінде) шешуді қажет етеді. Мысалы, Шарын шатқалындағы геологиялық замандардан сақталып келген шаған (ерен) тоғайын қорғау немесе Алакөлдегі реликті шағала (қара мойнақ шағала) түрін сақтап калу, Балқаш көлінің экологиялық жағдайы және т.б. атауға болады. Жоғарыда аталған экологиялық мәселелердің бәрі бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Өйткені кейде жергілікті мәселелер аймақтыққа, ал аймақтық мәселелер ғаламдық мәселелерге ауысып кетуі де мүмкін.

Атмосфералық ауа құрылымы және оның негізгі ингредиенттерінің экологиялық маңызы. Біздің дәуірімізге тән ерекшеліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми – техникалық прогресі болып табылады. Химия өнеркәсібінің мекемелері атмосфераны көмір сутектерімен, күкүртті ангидритпен, азот тотықтарымен, хлор және фтордтың әр түрлі қоспаларымен, және т. б. ластықтармен ластайды. Химиялық зауыттар құбырынан шығатын шаңтозан құрамында марганец, хром, қорғасын, қалайы, сынап және басқа металлдар жи кездеседі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: