Білім беру саласы:Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Драма

Тақырыбы: Төлдер айтысы (ертегі).

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары туралы түсінігі кеңейту.Төрт түлік мал төлдерінің аталуын және оларды ажырата білуге үйрету.Төлдерге қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.Кейіпкердің дауыс ырғағы арқылы ертегіні сомдату

Сөздік жұмыс: Төрт түлік,төл.

Көрнекіліктері: Үй жануарлары және төлдер суреті.

Әдіс –тәсілдер: Сұрақ жауап,әңгімелеу,көрсету

Әрекет қозғаушы. Тәрбиешінің іс-әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Мотивациялық қозғаушы Балалар аналарының өздерін қалай еркелетінін сұрау. Балалардың жауабы.    
Ұйымдастыру іздену Дидактикалық ойын:«Төлін тап». Ойын шарты:Тақтаға үй жануарлары ілінеді. Балалар әрбір жануардың қасына өз төлін ілу керек. «Төлдер айтысы» ертегісімен балаларды таныстыру. -Төлдер бір-бірімен не үшін айтысты? -Лақ не айтты? -Құлын ше? -Бұзау не деді? -Қошақан,бота не деді? -Адам не деп жауап берді? Сергіту сәті: Айналайын торпақ, бола берме қорқақ, Айналайын қозым, малда жуас бозым. Айналайын ботам, қандай күлте жотаң, Жалт-жұлт етіп лақ, жағалайсың бұлақ. (Қимылмен көрсету «Сыңарын тап» ойыны. Ойын шарты:Балалар жануарларды тез құрастыруы керек   Көрсетілген суреттерден ажыратып атын айтып,ойынды қызыға ойнады.   Сұрақтарға толық жауап берді   Сергіту сәтін жасайды.     Балалар бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастырады.    
Рефлексифті түзету Қорытынды:Ертегіні рөльге бөліп балаларға сомдатуҮй жануарларының адамға қандай пайдасы бар.?-Ешкі,қой,сиыр,түйе,жылқы төлдерін ата.-Малды қалай шақырады? Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады.

Күтілетін нәтиже:

Білу: үй жануарларының адамға қандай пайдасы бар екенін білді;

Игеру: ешкі,қой,сиыр,түйе,жылқы төлдерін атап,ажыратуды игерді;

Меңгеру: малды шақырудымеңгерді.

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы. №4

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Білім беру саласы: Коммуникация

Тақырыбы: «Шаруа мен Аю» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегіге деген қызығушылығын ояту; өз ойын қиялымен ұштастыра отырып, жағымды-жағымсыз кейіпкерлерді әрекетін ым-ишара арқылы жеткізу.

Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ертегі желісі бойынша шаруамен аюдың суреттері, ертегі бойынша бейнетаспа, слайд, жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар.

Сөздік жұмыс: шаруа, шалқан.

Оқу қызметінің кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотовациялық-қозғаушылық Педагог балаларға жұмбақ жасырады: Балпаң-балпаң басады, Қыр-жотадан асады Паналайды үңгірді Іздемейді тасаны Ол не? Балалардың жауабы.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Кіріспе әңгіме «Шаруа мен Аю» туралы орыс халық ертегісімен таныстырады. Балаларға ертегіні толық оқып береді, мазмұнын түсіндіреді. Сұрақ жауап -Ертегі қалай аталады? -Ертегіде қандай кейіпкерлер кездесті? -Шаруаға не келді? -Аю шаруаны қалай қорқытты? -Олар неге келісті? -Шаруа не екті? -Аюға қай жағын берді? -Келесі жылы Шаруа неекті? -Аю нені білмеді Ертегіні рөлге бөліп ойнату.   Балалардың жауаптары.   Балалар ертегіні тыңдайды   Бала қимылмен, сөзбен қайталап көрсетеді.     Ойнайды
Рефлекциялық түзетушілік -Шалқын жердің астында жатады, жапырақтары жердің бетіне шығады. Ал бидай дәні масақта болады. Сабағын жемейді. Бидайдан ұн жасап, ұннан нан, түрлі тағамдар пісіреді.   Балалар ертегімен танысып, мәнерлеп айта біледі. Рөлге бөліп ойнай алады.

Күтілетін нәтиже:

Орындайды: ертегіні тыңдай отырып, еске түсіреді, ертегіні рөлге бөліп ойнайды.

Түсінеді: ақылды, аюдың аңқау екендігін түсінеді.

Қолданады: ертегіні сахналау арқылы байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№5

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Айлакер түлкі» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Өзара әрекеттердің тілдік құралдарын меңгерту. Кейіпкерлер іс-әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға,кейбір адамгершілік қасиеттерге (түлкі-қу) сипаттама бере білуге үйрету.Көркем қабілеттерін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: хрестоматия, түлкінің суреті,үнтаспа.

Сөздік жұмыс: түлкі,айлакер,қу.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Психологиялық сәт. Балалар шеңбер бойына тұрып,О.Тұрманжановтың «Кел, балалар, күлейік» өлеңін үнтаспаға қосылып орындау. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді боп жүрейік. Кел, балалар, күлейік, Күлкіменен түлейік. Қимылдар арқылы орындайды.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Сұрақ-жауап. -Балалар, түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер? -Түлкі қандай аң? -Олай болса,біз бүгін түлкі туралы ертегімен танысамыз. «Айлакер түлкі» орыс халық ертегісін оқу,мазмұнын ашу. Сергіту сәті Ал,балалар тұрайық, Мойынымызды бұрайық, Қолымызды бұрайық. Жел сияқты қалықтап Сұрақ-жауап арқылы әңгімелеу. -Сендерге ертегі ұнады ма? -Ертегіде не жайлы айтылған? -Түлкінің жасаған қылығы қандай? «Ненің құйрығы»д/о   Балалар сұраққа жауап береді.   Ойынды қызыға ойнады.
Рефлексиялық- түзетушілік Жұмбақ жасыру арқалы іс-әрекетті аяқтау. Өзі қу, Жүрген жері шу. Балалардың толық жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: түлкінің жабайы,қу,айлакер аң екенін.

Игереді: көркем сөйлеу қабілеттерін.

Меңгереді:ертегідегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерінің бағалай білуді

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №6

 

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: « Коммуникация»

Бөлімі: « Драма»

Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан» ертегісі.

Мақсаты: «Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру, тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттірін дамыту.Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айту.Ертегіні әрекет арқылы сомдау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер,үлгілер,арыстан мен тышқан кейіпкерлерінің бейнесі.

Сөздік жұмыс: арыстан,тышқан.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивацилық- қозғауылық Балаларға арстан мен тышқанның суреттерін көрсетіп не екенін сұрау.   Балалар толық жауап берді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме. -Ендеше «Арыстан мен тышқан» атты латын ертегісімен танысамыз. Ертегі өте қызықты екен. Жалпы мазмұнын айта кету. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауап. -Балалар, сендерге ертегі ұнадыма? -Арыстан қайда жүреді? -Арыстан мен тышқанның айырмашылығы неде? -Арыстан мен тышқан туралы қандай тақпақ білесіңдер? «Кім жылдам?»қ/о Балалар жауап береді.
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындалау. Балаларға әртүрлі қимылдар жасату. Тікірейіп құлағы Менен бұрын тұрады Бойын жазып керіліп Беті қолын жуады     Қимылдар жасайды.   Рөлге бөлініп ойнайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ертегінің мазмұнын

Игереді: ертегіні тыңдауға деген қызығушылықтарын арттыру.

Меңгереді:рөлге бөлініп ойнау

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №7

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: « Коммуникация»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: « Драма»

Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық» ертегісі

Мақсаты: Таныс ертегінің мазмұнын білуге оны рөлдерге бөліп ойнауға, сөйлем құруға, мінезін дұрыс жеткізуге дағдыландыру.Кейіпкердің әрекетін дауыс ырғағын сомдауға баулу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер,хрестоматия.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Қыз бала үй жинап жүріп мейіз тауып алады? Бұл қай ертегіде айтылады балалар.     Балалардың жауаптары.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік Ендеше- «Мақта қыз бен мысық» ертегісімен таныстыру, ертегіні оқып беріп, мазмұнын ашу, түсіндіру. Мысық-үйде өмір сүреді. Ол тышқан аулайды. Сөздік жұмыс. Қатық-сүтті ұйытып дайындалатын тағам. Сұрақ-жауап. -Ертегі қалай аталады? -Мақта қыз не тауып алды? -Мысық не істейді? -Мақта қыз мысықты қалай жазалады? -Мысық қатық іздеп қайда барды? -Мысық құйрығын қалай қайтарып алды? «Мысық пен тышқан»қ/о     Балалар ертегімен танысады.   Балалардың жауаптары.     Балалар қимылмен орындайды.  
Рефлексиялық- түзетушілік Ертегі желісі бойынша мақтақыз бен мысықтың әркетін әңгімелету. Балалар әңгімелейді.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегі тыңдап, қандай кейіпкерлер бар екенін білді.

Игереді: өз кейіпкерлерінің ролдерін ойнауды игерді.

Меңгереді:Мақта қыз бен мысық ертегісін меңгерді.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №8

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Маша мен аю»

Мақсаты: Ертегінің мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің әрекеттерін бағалауға көмектесу.Рөлдерді қимыл-әрекет арқылы ойнау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер

Сөздік жұмыс: аю,орман.

 

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларға «Маша мен аю» ертегісін көрсетіп қай ертегі екенін сұрау. Балалардың жауабы.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме. -Бүгінгі іс-әрекетімізде «Маша мен аю» ертегісін оқимыз. Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен, Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық. Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу. -Атасы мен апасы машаға не деді? -Олар қайда барады? -Маша кімнің үйіне кіріп кетті? -Маша аюға не деді? -Маша атасы мен әжесіне не пісірді? -Бәлішті ата-әжесіне қалай жеткізді?   Қимылдар жасайды.   Балалардың жауабы.  
Рефлексиялық-түзетушілік Қорытындылау: -Бүгінгі іс-әрекетімізде қандай ертегі оқыдық? -Ертегі сендерге ұнады ма? Мультфильм көрсету. «Артығын тап»д/о   Балалардың жауабы.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: жақсы, жаман қасиеттерді.

Меңгереді:кейіпкерлердің іс-әрекеттерін бағалауды.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №9

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Қызыл телпекті қыз» ертегісі

Мақсаты: ертегінің мазмұнын түсінуге,кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруге көмектесу.Ертегі кейіпкерлерінің әрекетін ишара арқылы жеткізу.

Сөздік жұмыс: қызыл телпекті қыз.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық «Қызыл телпек» суретін көрсетіп қандай ертегі екенін сұрау. Балалардың толық жауабы.  
Ұйымдастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме. -Ендеше «Қызыл телпекті қыз» ертегісін оқып, оның мазмұнын ашып әңгімелейміз. Ертегіні оқып беру. Сергіту сәті Қорбаңдаған аюдың Құлпынайы көп екен, Теріп,теріп алайық, Қалтамызға салайық.   Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу. -Сендерге ертегі ұнады ма? -Анасы қызыл телпекті қызын қайда жұмсады? -Қызыл телпекті қызға кім кездесті? -Қай жерде? -Қызыл телпекті қыз не деп жауап береді? -Қасқырдың қарнын жарған кім? «Ненің төлі»д/о       Ертегіні тыңдайды.     Қимылдар жасады.   Сұрақтарға жауап береді.
Рефлексиялық- түзетушілік 2-3 баладан ертегінің мазмұнын сұрау. Іс-әрекетті қорытындылау. Мазмұнын айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді: кейіпкерлердің әрекетіне баға беруді.

Меңгереді:сұрақ-жауап арқылы оқуды.

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы №10

 

Күні:

Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Шалқан» (орыс халық ертегісі)

Мақсаты: Ертегі кейіпкерлерін рөлге бөліп сомдату.балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін,жүріс –тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: атрибуттар,хрестоматия.

Сөздік жұмыс: шалқан.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс- әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Балаларға шалқан суретін көрсетіп қай ертегі екенін сұрау.   Балалар толық жауап берді
Ұйымдастырушылық- ізденістік Кіріспе әңгіме. -Ендеше «Шалқан» ертегісін алдымен оқып, одан кейін мазмұнын талдап, әрбір бала осы ертегіні, өз ойларын, қаншалықты түсінгенін жеткізеді. Ертегіні оқып беру. Сұрақ-жауапарқылы әңгімелеу. -Балалар қандай кейіпкерлерді естеріңде сақтай алдыңдар -Шалқан қайда өседі -Атай көмекке кімді шақырды? -Әжей кімді шақырды? -Немере қыз кімді шақырды? -Күшік кімді шақырды? -Мысық кімді шақырды? -ендеше,балалар,осы ертедегі кейіпкерлердің атрибуттарын алып,ойынды сахналаймыз.     Зейін қойып тыңдайды.   Сұрақтарға толық жауап берді.
Рефлексиялық-түзетушілік Ертегіні сахналау.Қазақтың мақал-мәтелдерін айтқыза отырып,оқу іс-әрекетін аяқтау. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»демекші,бірліктің арқасында шалқанды жұлып алды. Рөлге бөлініп сахналайды.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын

Игереді: кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне талдау жасауды.

Меңгереді: сахналау арқылы ертегіні көрсете білді

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы 11

Тобы:

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Ұйымдастырылған оқу қызметі:Драма

Тақырыбы: «Бақа мен екі қаз» қуыршақ театры

Мақсаты: Балаларға ширмада мәтін бойынша рольдерді орындауға, қуыршақтарды қозғалтуға үйрету. Іс-әрекет қимылдарды музыкалық композициямен көркемдеу. Балалардың халық ертегілеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациалық қозғаушы Тарпаң-тарпаң, тарбиған, Түрі жаман жарбиған (бақа)   Қаздаң-қаздаң етеді, Көк қуалап кетеді, Ұзын мойнын имитіп, «Қаңқ-қанқ» етіп жетеді. Қаз   Жұмбақты шешеді.
    Іздену ұйымдасты- рушы «Бақа мен екі қаз» әңгімесін естеріне түсіріп, қуыршақ театры арқылы қоюды ұсыну. Рольдерді балаларға бөліп беру. Ширмада мәтін бойынша рольдерді орындайды. Сергіту сәті. Қаздаң-қаздаң етеді, Көк қуалап кетеді, Ұзын мойнын имитіп, «Қаңқ-қанқ» етіп жетеді. Бұл не, ойлап біраз? -Бұл кәдімгі..... Кейіпкерлер туралы ойларын сұрау. Ойын: «Ненің құйрығы?»   Мұқият зейін қойып тыңдайды, рольдерді өздеріне бөліп алады.     Кейіпкерлер туралы өз ойларын айтады.     Ойынға қатысады.
Рефлексивті коррекциялаушы Сұрақ қою арқылы қорытындылау. Белсене қатысқан балаларды мадақтау, бағалау. Сұрақтарға толық жауап береді. Өз ойларын білдіреді.  

Күтілетін нәтиже:

Білу: Ширмада мәтін бойынша рольдерді орындай білуге баулу.

Игеру: Қуыршақтарды қозғалта білуге үйрету.

Меңгеру:Халық ертегілеріне деген сүйіспеншіліктерін ояту.

 

 

Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.№12

Тобы:

Өтілетін күні:

Тәрбиеші:

Білім саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Драма

Тақырыбы: «Нан қайдан шығады?» ертегі сахналау. М.Етекбаев

Мақсаты: Балаларды дастарханға жеткенге дейінгі нанға сіңірілетін еңбекпен таныстыру, еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Ертегіні рольге бөліп айтуға үйрету. Сахнаға шығуға деген ынталарын арттыру.

Керекті құралдар: қуыршақ театры, нанның түрлері суреттері.

Әрекет кезендері Тәрбиешінің іс-әрекеті     Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациалық қозғаушы Балаларға жұмбақ жасыру.(нан туралы) Балалармен нан қайдан шығатыны туралы әңгімелесу. Балалар жұмбақтың шешуін тауып жауап берді.  
    Іздену ұйымдасты- рушы Балаларға нанның түрлерін көрсету, таныстыру. Нанның дастарханға жеткенге дейінгі нанға сіңірілетін еңбекті түсіндіру. Ертегіні естеріне түсіріп, мазмұнын айту. Ертегіні сахналау, балаларды рольдерге бөлу. Әр баланың рольдерді сомдай білулерін қадағалау. Сергіту сәті. Тыйым сөздер айту, мағынасын түсіндіру. Ойын: «Ертегі кейіпкерлерін тап»     Нанның түрлерімен танысады.   Сергіту сәтін орындайды.     Ойынға қатысады.
Рефлексивті коррекциялаушы Сұрақ қою арқылы қорытындылау. Белсене қатысқан балаларды мадақтау, бағалау.   Сұрақтарға толық жауап береді. Өз ойларын білдіреді.

 

Күтілетін нәтиже:

Білу: Нанға сіңірілетін еңбекпен таныстыру.

 

Игеру: Ертегіні рольге бөліп айтуға үйрету.

 

Меңгеру: Еңбек адамдарын құрметтеуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

 

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы №13

Тобы:

Күні:

Тәрбиеші:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: