Психодрама техникалары 4 страница

«Біз дөңгеленіп отырған жер біздің тобымыздың кеңістігі. Осы кеңістікте біздің өзімізден басқа, өзімізбен алып елген жан дүниемізден басқа ешнәрсе жоқ. Бұл ең бастысы. Біз өзімізді тек осы жерде, тек бір-біріміздің бір-бірімізге көрсеткен көмегімізбен жетілдіре аламыз. Бізге өзімізді-өзіміз толық түсінуге көмектесетін күш – біздің қарым –қатынасымыз. Осы жерде бір-бірімізге білдірген сезіміміз бен қалыптасқан қатынасымыз арқылы біз өзімізді танып білеміз. Біздің қарым-қатынасымыз тиімді болу үшін, әрқайсымыз өзіміздің алдымызға қойған мақсатқа жету үшін, топтың келесі ережелерін толық орындаймыз».

«Қазір және осы жерде» ережесі бойынша қатысушылардың осы жерде болып жатқан, қазіргі қажеттіліктерге байланысты сезімдері талданады. Топтық жұмыс барысында бір-бірі туралы қатысушының өзі және осы жерде айтқан мәліметтерін ғана пайдалануға болады. Оның бұрынғы тәжірбибесінен мысалдар келтіру тыйым салынады. Кездесу кезінде бөлмеден шығуға болмайды.

«Эмоционалдық алшақтық» ұстанымы бойынша қатысушы осы жерде және қазір бір ойға бөленіп, одан шыға алмай жүрсе, ол туралы өзінің сезімін топтағыларға айтып, басқалармен бөлісуі керек. Сонда бұл ой, сезім, қайғы топтағылардың ортақ сезімін туғызады, ол топтың жаңа сезіміне айналады, топтық жұмыстың жаңа перспективасын анықтайды.

«Тоқта» ережесі әр адамға өзінің сезімін басқаларға айтқысы келмесе: «Мен өзімді мазасыздандырып тұрған мәсаелені айта алмаймын, өйткені мен одан да бетер қиналатын сияқтымын» Осы айтылған сөз, ой, сенім, қайғы топтағылардың ортақ сезімін туғызады, ол топтың жаңа сезіміне айналады, және топтық жұмыстың жаңа перспективасын анықтайды.

«Адалдық» ережесі бойынша тек шынайы адамды қамықтырып тұрған сезімдер туралы сөз болғанда оны жұбататын, анықтайтын немесе сезімін тереңдететін нәрселерді ғана айтуға болады. Егер қарым-қатынас жасап отырған серігіңнен сырыңды жасырсаң, оның нәтижесінде басқаларда өзің туралы теріс пікір қалыптасуы мүмкін.

«Кеңес беруге тыйым» ережесі.

Берген кеңесің қанша бағалы болғанымен оны орындау қиын немесе тіптен мүмкін емес болса, оны айтуға тыйым салынады. Өйткені ондай кеңес адамның осы топта қолы жеткен бостандығын шектейді, сондықтан ол бейсаналы түрде кеңес берген адамға бағытталған агрессия тудыруы мүмкін.

«Мен айтамын» ұстанымы бойынша әркім өз пікірін,әр сөзін тек өзімен болып жатқан нәрселерге байланысты сезімін тек өзінің атынан айтуға болады.

«Диагноз қоюға және бағалауға тыйым» Бұл ереже сұраныс болмаса өзгелерге сын айтып,олардың сауалы бойынша ойлағанын айту,оның кейінгі орын алатын бағалауы бойынша мазасыздануға,түйсініп қалуына,басқаларға икемделуге алып келуі мүмкін.Сондықтан ешкімнің бостандығын шектемеу керек.

Жауапкершілікті өзіне жүктеу ұстанымы. Топтық жұмыс барысында адамның өзінің көрсеткен белсенділігіне байланысты орын алған және болатын нәрселерге жауапкершілік өзінің мойнына жүктеледі.Кездесу барысында тек қана өзің жауап бере алатын нәрсені айтуға болады,өйткені өз сөзіңе өзің жауап бересің.

Өз үлесіңді қосу ұстанымы бойынша қатысушы қанша белсенділік білдірсе,сонша оның топ жұмысына қосқан үлесі мол болады да,өзін дамытуға мүмкіншілігі кеңейеді.Топтық іс әрекеттердің барлығына қатысушылардың бәрі бірдей қатысуға құқықты және міндетті.

Құпия сақтау ұстанымы топтық процестегі айтылған сөздер,жасалған істер,шешілуін талап еткен проблемалар,талданған мәселелер туралы басқа еш жерде айтылмайды.

«Саулық презумпциясы» бойынша барлық қатысушылар өздерін сау адаммын деп қабылдайды және дені мен жанының саулығына жауапкершілікті өз мойнына алады.

Қатысушылардың ынталығы талабы бойынша бірінші кезекте ең өзекті деп табылған проблемалар талданады (хирургия ұстанымы бойынша аурудың «өмірлік көрсеткіші» бойынша ең ауыр жарақатты бірінші кезекте емдейді).Сондықтан қатысушылардың шағымдарының иерархиясын жасап,талдау сол ретімен жүреді.

«Ендірілген болу» барлық кездесулерде барлық қатысушылар (психолог та),барлық әрекеттерге толық қатысады, супервизор,бақылаушы,бағалаушылар қажет болғанда ол рөлді кезектесіп орындайды..

«Тұрақтылық» ұстанымы топ мүшелерінен тұрақтылық көрсетіп,сабақтардан,кездесуден қалмауын талап етеді.

 

Психодиагностикалық кезеңде тест әдістерін пайдалану.

 

Психологиялық диагностика ең кең қолданылатын әдіс-тест.

Тест дегеніміз – стандартқа келтірілген,үлгі бойынша жасалған тапсырмалар жүйесі.Тестерде берілген әр тапсырма бірнеше жауап нұсқасымен қамтамсыз етілген және жүргізу ережесі берілген болуға тиіс.Сонымен қатар тест тапсырмаларында зерттелінушінің берген жауабын бағалау шкаласы,жиналған материалдарды өңдеу және көрсеткіштерін талдау ережелері қамтамасыз етіледі.

Стандартқа келтірілген тесттің келесі белгілері бар:

а) тесттерді қолдануға жасалған жағдай барлық зерттелінушілерге бірдей болуға тиіс.

Б) зерттелінушіге тест орындау туралы түсіндірмелі кеңес уақыты белгіленеді.

В) өлшемдер және көрсеткіштер шкаласы анықталады.

Г) нәтижені өңдеу ережелері анықталған,олармен зерттелінуші таныстырылған болады,

Д) бағаланған қасиеттер көрсеткіштерін бір-бірімен салыстыруға болатындығын қамтамасыз ету.

Психодагностикада пайдалынатын тесттардың түрлері көп.Тесттар орындау технологиясына байланысты ауызша орындайтын,бланктік және аппаратуралық түрлерге бөлінеді.Тест көмегімен бағалайтын және зерттейтін қасиеттерге байланысты олар келесі түрлерге бөлінеді:

1.Жетістік тесттері (педагогикалық тесттер,олардың көмегімен білім және іскерлік бағаланады).

2. Процесуалдық тесстер(таным процестерін зерттеу тесттері және интеликтуалдық қабілетті бағалау тестері осы топқа жатады).

3.Күй-жағдай тесттері.

4.Жекелік қасиеттерді зерттеу тесттері.

Барлық психологиялық тесттер өз ерекшеліктеріне байланысты жауап нұсқаларымен, өлшем шкалаларымен және нәтижесін талдау ережелерімен қамтамасыз етіледі.

Бұл кітапта психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу алдында және барысында пайдалануға қажетті бірнеше әдістемелер жинақталып берілген. Оларды бірінші және үшінші кітаптардағы әдістемелермен қосып пайдалану арқылы зерттелінушінің интеллектуалдық және жеке тұлғалық қасиеттерін толығырақ танып білуге болады.

 

 

Жеке тұлғаның типологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналған сауалнама(Л.Н.Собчик)

Мақсаты: Зерттелінушінің жеке тұлғалық ерекшеліктерін анықтау.

Орындау ережесі. Төменде берілген сұрақтарға көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріңіздер.

Зерттеу орта және үлкен топтарда жүргізіледі. Сауалнамаға берілген жауаптар өңдеу кілті бойынша баллға айналдырылады. Әр тип бойынша жиналған баллдарды циклограммаға түсіріп, шеңбердің ортасынан көрсеткіштің түскен жеріне дейін штрихтап анық байқалатындай ету керек. Барлық типтер бойынша көрсеткіштерді циклограммаға түсіргенде олардың қайсысы радиуста жоғары түссе, сол типтің көрсеткіші анық байқалады деген сөз.

 

Сауалнама

1.Мен барлық сұрақтарға өте ашық және дұрыс жауап беруге тырысамын.

2. Менің мінезім өте нашар.

3.Мен сабақты сыныптан көрі үйде жақсы орындаймын.

4.Мен барлық тапсырманы өзге адамның көмегінсіз орындаймын.

5.Мен өзіме таныс емес балалармен жиі сөйлесемін.

6.Менің өмірдегі барлық әрекеттерімді жолым тіпті болмай жүр.

Егер мен қалаған нәрсеге айналамдағылар қарсы болса да, мен оны өзімше жасаймын.

Мен барлық қажетті нәрселерді уақытында орындап, үлгеріп жүрсем де, болмашыға жиі алаңдап, мазасызданамын.

Менің сәтсіздігіме себепкер болатындар нақты адамдар (балалар, ата-аналар, мұғалімдер).

10. Сыныптағы балалардың жалпы пікірі мен үшін маңызды болып есептеледі.

11.Басқа адамдардың жағдайлары мені аз мазалайды.

12.Маған өлеңді жақсы орындайтын адамдар ұнайды.

13.Басқа адамдардың қыңырлығында шаруам жоқ,өзімдікі жетеді.

14.У-шу болып жатқан ортада мен тек басқа адамдардың қалай көңіл көтергенініне қарап отырамын.

15.Әлдекімдердің уайымдап және азаптанып жүргенін көру мен үшін ауыр нәрсе.

16.Менің пікірім барлық уақытта дұрыс деп есептеймін.

17.Менің барлық бақытсыздығым – өз мінезімнің нашарлығынан.

18.Мен – өмірдегі ең бақытсыз адаммын.

19.Мен не істерімді жиі білмей қаламын.

20.Маған жаңа адамдармен танысу барлық уақытта ұнайды.

21.Мен ұзақ ойланбастан әрекетке көшемін.

22.Мен өз ойыма сенімді болмасамда, менің пікірімді өзгертуге тырысқан адамдар мені ызаландырады.

23.Мен ешбір себепсіз өзіме жақын адамдар үшін жиі қамығып толқимын.

24.Біреулердің менің бөлмемдегі және үстелімнің үстіндегі өзімше ретке келтіріп қойған заттарымның орнын ауыстырғанын қаламаймын.

25.Мен балалардың, тіпті үлкен адамдардың назарын өзіме аудара алмаймын.

26.Мен өмірде анықталған ережелермен қағидаларды қатаң ұстанамын.

27.Дабыр-шумен көңіл көтеріп отыратын қонаққа баруды ұнатпаймын.

28.Үйде және мектепте мені қоршаған адамдардың көңіл-күйлерінің өзгергенін тез сезіп қоямын.

29.Мен ауладағы немесе сыныптағы балаларды өзіме қызықтырып, соңымнан ерте аламын.

30.Біреудің жылап, ренжігеніне мен жайбарақат қараймын.

31.Мен тек басқа адамдарға ұнайтын нәрсені жасаймын.

32.Қоршаған орта менің көңіл-күйімді тез түсіреді.

33.Тақтаның алдында сабақ айту керек болғанда өзімнің ұялшақтығымды жеңу маған қиын.

34.Үлкендердің айтқан пікірі мен үшін өте маңызды.

35.Басқа балалардың қажет деп есептеген әрекетерін жасатуға мені еріксіз мәжбүр ету қиынға соғады.

36.Мен өз сезімдерімнің төмендегенін және сәтсіздіке ұшырағанымды қатты уайымдаймын.

37.Егер істеген ісімнің дұрыстығына сенімді болсам, мен барлық уақытта табандылық көрсетемін.

38. Егер қоршаған ортадағылар маған көңіл аудармаса, онда маған өмір сүру қызықсыз болар еді.

39.Менің пікірімді ешкім өзгерте алмайды.

40.Маған әр кезде жаңа танысқан адамдармен әртүрлі ойындар ойнаған ұнайды.

41.Егер ата-анам немесе мұғалім менің ісімді дұрыс емес деп санаса, мен пікірімді өзгерте аламын.

42.автобуста немесе троллейбуста таныс емес балалармен рахаттанып мылжыңдап сөйлесе аламын.

43. Мен ешқашан өтірік айтпаймын.

44.Мен бүгін істейтін жұмысты ертеңге ешқашан қалдырмаймын.

45.Мен өмір бойы ештеңеге риза болған емеспін.

46.Мен алаңсыз ойланып, армандарға бөленген кезде жалғыз болғанды ұнатамын.

47.Мен көңілді ортада әсерленуге қысылмаймын.

48.Егер маған басқалар бұйрық берсе, одан ештеңе шықпайды.

49.Менің ісіме кім кедергі келтірсе, мен оған қарсы соққы бере аламын.

50.Өзімнің ыңғайсыз сөздеріме немесе ебедейсіз қылықтарыма ұялу деген менде болмайды.

51.Өзімнің құқығымды қорғау үшін жиі төбелеске барамын.

52.Егер мен екілік баға алсам немесе өтірік айтқанымды ұстап алса, мен оған ренжімеймін.

53.Менің көңіл-күйім ата-анамның істерінің оңға басқанына тәуелді.

54.Табандылық пен қайсарлылық жетіспесе сәттілікке қол жеткізу қиын.

55.Мен үйде және мектептерде үлкендердің айтқанын барлық уақытта тыңдаймын.

56.Егер мен теледидардан қызық кино немесе комедиялық ойын-сауық көрсем, онда менің жабыраңқы көңіл-күйім тез көтеріледі.

57.Мектептегі жағымсыз нәрселер мені тіпті толғандармайды.

58.Айналамдағылар көңілді жүрсе де, менің ішім жиі пысады.

59. Мен барлық уақытта көшенің тиісті жерлерінен ғана өтемін.

 

 

Өңдеу ережесі

Кілтке сай келген жауаптар бір балл деп бағаланады.

Экстраверсиялы: иә-12,42,44,49, жоқ-14

Спонтанды: иә-4,21,29,34, жоқ-19,50

Агрессивті: иә-24,26,39, жоқ -36,37

Ригидті: иә -24,26,39, жоқ -41,56

Интроверсиялық: иә -33,3,35 жоқ-5,20

Сензитивті: иә-15,28,43 жоқ -11,13,30

Мазасызданғыш: иә -8,23,38, жоқ – 52,54,59

Лабильді: иә - 10,25,40,55,58 жоқ-27

Жалғандық шкаласы: иә -16,31,45,46,57.

Аггравация. Иә - 2,6,17,18,32,47 (ятрогендік ауруға жақындық)

 

 

Жеке тұлғаның типологиялық мінездемесі

Экстраверсиялы(І). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған адам көпшіл, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйір, ашық-жарқын, мақсатқа бағытталған әрекеті жүйесіз, басқалардың айтқанына көп алаңдайды, сөзшең, мылжың. Достарының саны шектен тыс көп және таныс балалармен байланыстары үстіртін, маңызсыз болып қалады (танысы көп – нағыз достары жоқтың қасы). Мұндай балалар оқу материалдарын оқулықтардан меңгергеннен гөрі ойындарда, диалогтық режимде жақсы меңгереді. Олар тентек, күлегеш, сөзшең болып келеді. Дегенмен олар шыншыл, ақкөңіл, көп жерде тапқырлық танытады. Қиын жағдайдан шығу үшін өтірік айта алады, қоршаған ортада өзін жоғары көрсету үшін мақтаншақтық білдіреді.

Спонтанды (ІІ) Бұл шкала бойынша жоғары көрсеткіш иелері қалай болғандада еркіндікке,бастамшылдыққа,басшылыққа,ешкімге бағынбауға,өз пікірін ашық айтуға ұмтылады. Кез келген еркіндікті қысқан шектен тыс тәртіпке қарсы әрекет жасайды.Бұлар тіл алмайтын балалар,ашушаң,көпшілік мақұлдаған мінез құлық ережелеріне бағынғысы келмейтіндер және тәртіп бұзушылар.Олар тиым салғандарға бағынғысы келмейді.Осы себептен ішімдікке,наркотикке,шылым тартуға қызығушылықтары ерте басталады.Бұл типтегі балалар отбасында немесе мектепте болған конфликт жағдайлары себебінен мектеп ережесін бұзуға,сабаққа себепсіз кешігуге,үйінен қашып кетуге,көше кезіп кетуге әуес болады. Олар бірқалыпты оқымайды,негізінде бай интуициясына сүйенеді,сыбырлап айтқанды да есібін тауып пайдалана алады,яғни естіген кішкене бөлшектерін толық суреттеп беруге шамасы келеді.Мектепте мұндай балалар табысты болып келеді,өздерінің болашақ өмірлерінде тапқыр,талапты және батылдық танытып,тіпті болмаған жетістіктерге жетеді,ашылмаған жаңалықтарды аша алады.

Агрессивті (ІІІ). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала өзіне-өзі сенімі жоғары,ойын ашық айтуға ұмтылады,белсенді және өз бетімен қозғала алады.Баллдары өте жоғары болса баланың орынсыз белсенділігін,агрессивті қылықтары мен дромомания элементтері орын алатын,өзіне бағыныштылар алдында (импульсивті) қызба мінез құлықты,тапсырмаларды орындауға ұқыпсыздықпен,олардан бас тарту үшін бұзақылық әрекеттерге дейін баратын көріністермен сипатталады.Бұл типтегі балалар әсіресе толық емес отбасыларда жиі кездеседі.

Мұндай балалар сәби кезінде ата-аналардың жылуын,мейрімділігін қамқорлығын,ізгілігін бастан кешірмеген.Олар ерте балалық шақтан шыққан,кішкентайынан өздерін қоршаған ортаға қарсы қойып және күресіп өмір сүруге үйренген.Бұл балалар педагогтарды ең үлкен қиындықтарға апарады.Олар тәлім-тәрбие жұмыстары барысында мінез-құлқына байланысты қатаң жазалау әдістері пайдаланса (мектептен шығару,арнайы сыныптарға немесе арнайы мектептерге жіберу т.б.) бала өшігіп,тұлғалық деформация орын алады да,ол шамадан тыс эмоционалды зорлану жағдайында болады.Барлық үлкендерге көңілі қалып,болашақта оларға қарсы агрессияның түрлерін көрсету кегі қалыптасады.

Ригидті (ІV). Бұл шкала жоғары көрсеткіште болған балада табандылық (егер өз мақсатына жетуге қатысты болса) және қайсарлық (егер өз көз қарасын дәлелдесе) көрініс береді.Олар үшін жеке басының статусы ерекше маңызды мәселе болып табылады-басымдылық,билік позициясы және материалдық жетістікке жету жетекші мотивтер болып саналады.Сондықтан өзгелердің әдеттен тыс билікке ие болғанын және байлығын қызғанады,өздерін ерекше агрессивтілігімен қорғайды.Оқуда материалды біртіндеп, кейде тіпті жай ұғады,бірақ оны есінде жақсы ұстайды,жауап беруде жинақталған тәжірибеге сүйенеді.Оларға қиял және интуиция жетіспейді,ойлауы шектеулі болғандықтан мұндай балаларға материалды ұғу үшін жаттап алу қажет.Олар шыдамдылық пен қайсарлық арқасында үлкен табыстарға жетуі мүмкін,ал қажырлық көрсетіп,соңына дейін күрессе ол өз мінезінің кемістіктерін де жеңуі мүмкін.

Интроверсиялық (V). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған бала үндемейтіндігімен,тұйықтығымен оқшау жүруімен айырмашылығы көрініп тұрады.Олар қайырымды,достарды өте қатты таңдайды,оның есесіне үнемі өздері соларға үйірсек болып жүреді.Пәндерді оқу алдында өздерін бағалайтыны жөнінде ойланады.Олар жалғыз қалғанда ғана материалды жақсы меңгереді.Нақтылы ғылымдарға қарағанда олар әдебиеттік және гуманитарлық пәндерді жеңіл игереді.Бәрінен бұрын вербальды (жазбаша) интеллектілері жақсы дамиды.Олар сынып алдында тақтаға шығып жауап бергенді,көпшілік алдына шыққанды ұнатпайды.Қоршаған орта оларды ынтымақсыз және қабағы ашылмаған адам ретінде қабылдауы мүмкін,дегенмен олар басқа балалардың қаттылылығынан және тұрпайылылығынан жиі қорлық көреді,ал тұйықтығы олардың өздеріне әлеуметтік ортаның агрессиясынан қорғаныс реакциясы сияқты көрінеді.Оларда бәрінен бұрын өзіндік арман әлемі жақсы дамыған,сондықтан олар өмір тәжірибесінен гөрі,идеалданған қиялға бейім болып келеді.Жоғары интеллектіні сирек кездесетін қабілет ретінде бағалайды,интеллектуалдар ғана өмір ағымын терең ұғына алады және оларға өмір қызығырақ болады деп түсінеді.

Сензитивті (VI). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болғандар өз сәтсіздіктеріне тым терең әсерленіп,тез ренжиді,кінәні өз мойнына алып,оған депрессивті реакция берулері жиі болады. Сыныптастарымен қарым-қатынаста олар келісім позицияны ұстанады,жетекшілікке ұмтылмайды,сыныпта өзін күшті жеке тұлға ретінде сезінеді,мұғалімдерден,ата-аналардан қолдау іздейді және оларды қорған тұтады.Оқуда ұқыпты және жауапкершілікпен қарайды,емтихан кезінде қатты мазасызданып, төмен баға алса оған жаны күйзеледі.Олар дөрекілікке,әділетсіздікке қатты ренжіп ондай жағдайлар орын алғанда қатты қиналып,күйзеліске түседі. Шытырман және даулы жағдайларда олар суицидті тендециядан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады.Оқу процесінде олар көбінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді.Шытырман және даулы жағдайларда олар суицидті тендециядан және ұзаққа созылған депрессивті реакциялардан қорқады.Оқу процесінде олар көбінесе гуманитарлық ғылымдарға бейімделеді.Оларға тіл мен әдебиетті тереңірек меңгерткен дұрыс,өйткені олар лирика,поэзияға ынталы,ал математика мен физикаға сирегірек икемдік білдіреді.Мұндай типтегілер достықта,махабатта тұрақты және балаларға аяушылық білдіріп,қорғап жүреді,оларға басқалар сенім артады. Мазасызданғыш (VII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған балада мынадай мінез ерекшеліктері басым болады,жасқаншақ,

күмәнданғыш,қорқақ,негізсіз үрейленуге әуес,жауапкершілік сезімі жоғары дамыған,ішкі қажеттілігі орта. Мұндай типтегі оқушылар әдетте тарсырманы уақытында орындайды, дегенмен ата-аналар мен мұғалімдер алдында жөнсіз үрейленіп төмен баға алады,жазалану қорқынышы жоғары,себепсіз уайымға бөленеді,бақылау жұмыстары мен емтихан алдында өте қатты күйзеледі.Достарына өте адал,олар үшін жанын береді.Олар дербестікке құмар емес,үлкендерге, ата-аналарына,мұғаліміне,жетекшілеріне арқа сүйейді,яғни өздерінің ренжігенін, басқалардың өзін жамандығынан шағымданып,оларға айтып беруді ұнатады.Мұндай типтегілер қыздардың арасында сирегірек кездеседі.Бұл типтегілер ұл балалар «сыпайы», «тәрбиелі»,«сабырлы» көріністе болып жүреді.

Лабильді (VIII). Бұл шкала бойынша көрсеткіші жоғары болған балаларда (лабильді,қозғалмалы,икемделгіш) эмоционалды тұрақсыздық жоғары көрініс береді.Бұл балалардың көңіл-күйі айнымалы,жеңіл өзгереді-қуанышты күйден көңілсіздікке тез алмасады.Қамығу реакциясы былай сипатталады,беті қызарады,бас ауруы пайда болады,тамыры жиі соғып,дене қызуы көтеріледі,кейде қалшылдап дірілдеп есінен танып қалады,тітіркенеді,жүрегі айнып лоқсып құсады.Бұл әсерленулер қиялы бай және қиялдануға бейім балаларда болады.Олар мектепте өз бетінше ән салумен,өлеңдер оқумен,би билеумен қуана-қуана шұғылданады.Олардың мінез құлқы көп жағдайда еліктеушілікке басым,кез-келген әлеуметтік рольдерді тез меңгереді.Мұндай типтегі жеке тұлғалар атақ даңққа құмар болғандықтан олардан жақсы артистер,әсіресе спорттың әр түріне икем балалар жиі кездеседі.Олар тәртіпті және ержүрек,батыр болып өседі.Сонымен қатар поэзияға жақын,тыныш жанды болып келетіндері,нақты ғылымдар бойынша білімді жақсы меңгеруге икемдері жиі кездеседі.Ал дау-дамайда қатыгездік элементтері пайда болады


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: