Психодрама техникалары 2 страница

Неврологияда НЛБ-ны ми функциясының асимметриясына байланысты вербалды емес қатынас құралдары көрінісіне үлкен көңіл аударылады.Бұл асимметрия адамның барлық мимикасы,пантомимикасы,жүріс-тұрысы арқылы оның сөзі өз тәжірибесіне негізделген бе,ойлаудың туындысы ма,екеуінің ұштасқанынан туған пікір ма екенін анықтауға болады.Психикада орын алған нәрсенің барлығы қимыл арқылы көрініс беретініне сүйене отырып келесі тұжырымдама жасауға болады.

А)егер мимикасы,ымы,дене қимылы дененің сол жағынан анық байқалса,оның анологияға сүйенуі басым келеді,барлық ойы өз тәжірибесіне байланысты болады

Б) егер барлық ымдары мен дене қимылы оң жақтылығы анық байқалса ол адамның шартты белгілерді меңгеруге икемділігі және ой-пікірі логикалық құрылымда болатыны анық.

В)барлық айтылған қимылдар симметриялы болса ол адам логикалық тұжырымдамаларды өз тәжірибесіне сүйене отырып жасайды.

НЛБ тұжырымдамасы бойынша адамда бірнеше репрезентативтік жүйе бар.

 

 

Репрезентативтік жүйе дегеніміз психикада қажетті мағлұматтарды бейнелеуге мүмкіндік беретін элементтержиынтығы. Осы қағида бойынша барлық адамдарды репрезентативтік жүйесінің жетекші модальдығы бойынша келесі типтерге сыныптастыруға болады.

1) визуалдар-мағлуматтанудағы жетекші құралды көру

2) аудиалистер-жетекші құралы арқылы есту

3) кинестетистер-түсіну

4) полимодалдылар-жалпылап,оймен шолып бейнелеу.

Осы модалдылығына байланысты талдау жүргізіледі.

НЛБ барысындағы қарым-қатынасты шартты түрде үш кезеңге бөледі

1)Колибровка(мұқият бақылау,өлшеу)адамның түрлі жағдайға бөленуін сыртқы көрінісі бойынша талдау. НЛБ барысында әр адам екінші адамның түрлі жағдайға байланысты ішкі құбылысының сырт көрініс беруін талдау.Адамның көңіл күйін.ішкі сезімдерін нақты қабылдау арқылы,оның бет пішіні,сөйлеу мәнері,қимыл қозғалысы арқылы адамның қазір және осы жердегі жағдайын аңғару және көре білу.

Колибровка қарым-қатынасты вербалды және вербалды емес түрлеріне бөледі.Адамның сөзі саналы,ал,қимылы,дауысы арқылы сөзбен жеткізген ойы шынайы немесе жалғандығы туралы хабар аласыз.Қарым-қатынастың сіз осы уақытқа дейін көңіл аудармай жүрген жағын түсінесіз.

2)Ұқсастану.Адамға жақын болу үшін бейсаналық деңгейде басқаларға зейін қоя білу керек.Өйткені бейсаналық –сенімге енудің көрсеткіші.Ұқсастану үшін көп жағдайда серігінің әрекеттерінің көшірмесін жасауға тура келеді.Ол біртіндеп қарым-қатынас мазмұнына да әсерін тигізеді.

3)ертіп кету.Алдымен сіз серігіңізге бейімделдіңіз.Енді сіз оны ертіп алыңыз(ол сіздің қимыл әрекеттеріңізді қайталайтын болсын)да оның ақыл ойын да керек жағына қарай бейімдеңіз.

 

«Құндылықтар» жаттығуы

1-тапсырма.

Әр адамның өз өмірінде ерекше бағалайтын,терең мәнді түсініктері бар.Біреу үшін ол құдай,ал екінші адам үшін ол тірі жан,үшіншілерге -әр түрлі жетістік.ақша отбасы т.с.с.Сіз үшін ең басты құндылық не болып табылады.Оның тізімін келесі кестеге жазып шығыңыз.Саны бестен кем болмасын.

 

Құндылықтар Ұғымның мазмұнына сипаттама
   
   
   
   
   
   
   

 

2-тапсырма.

5-6 адамнан топтарға бөлініп әр топтағы адамдардың құндылықтарын талқылау.бір-біріне сәйкес келген құндылықтарды ортаға салыңыздар.Біреуіңіз сол ортақ құндылықтар туралы баяндап беріңіз.Ол сөзін аяқтағаннан соң топтың келесі мүшесі сөз сөйлейді.

 

Қатысушыларға өтініш:баяндамашының сөзінен дұрыс немесе қате жерін іздемеңіздер,бұл жерде жерде көзқарасты кеңейту мен басқаларды тыңдап,оны түсінуге мән беріледі.Сондықтан бір-біріңізді мұқият және қызыға тыңдап,бір-біріңізге жылы шырай,мейрімділік білдіріңіздер.

 

Психологиялық коррекцияны жүргізу технологиясы.

Психокоррекцияны жүргізу бағыттары.

Психокоррекция жүргізу мақсаты мен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:

1.Нормативтерді құру коррекциясы.

2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.

Бұл мәселе «Тәжірбиелік психология» оқулығының келесі бөлімінде қарастырылады. Өйткені бұл екі бағыт бір-біріне тәуелсіз жүзеге асырылады.

Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан дүниесінің жеке даралық сипаттамасы әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылармен және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеды.

Сонымен қатар әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репертуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бер. Мектепке дейінгі жас кезеңдегілердің негізгі проблемасы мектепте оқытуға даярлығымен байланысты екендігі жоғарыда айтылған. Сондықтан бұл жас кезеңіндегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процестерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалыптастыру, қысқаша айтқанда оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.

Жеткіншек жас кезеңіндегілермен жүргізетін психокоррекция, басқа жас кезеңіндегілерден жиірек орын алады. Оның себебі осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктермен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтары психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудың негізгі себебтері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайының бұзылуына алып келуі мүмкін. Невроз – тұлғалық дамудың ауруы. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударылса, адаптациялық қасиеттерін тұрақты етуге дер кезінде көмек көрсетілсе, ол кісіде психогендік ауытқулардың дамуын тоқтатуға болады.

Осы проблемаларды шешуге псиологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа мұқтаждарға көмектесетін шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру қажет. Оның ішінде баланың дамуын диагностикалау, оның барлық мүмкіндіктерін ашу және балалармен, олардың ата-аналарымен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде коррекциялық көмек көрсету қажет.

 

Психокоррекция жүргізудегі ойынның орны.

Топтық психокоррекция адам өмірінде үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Балалық шақтан бастап барлық уақытта маңыздылығын сақтайтын, әсерлігі өте жоғары болатын ойын әрекетінің ролі өте үлкен. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқа адамдардың, әсіресі балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірбиесінде кеңінен пайдаланылады.

Ойын теориясын көптеген атақты психологтар (Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Б.Д.Эльконин) зерттеген. Олардың ілімі бойынша эволюциялық даму барысында ойын әрекеті тұқымқуалаушылық құрылымдарда орын алғаны дәлелденген және оның ерекшеліктері жеке тұлға дамуындағы жас кезеңдеріне байланысты көрініс береді деген. Сонымен қатар ойын биологиялық даму заңдылықтары бағдарламасына тәуелді болғанымен, жоғары әлеуметтенген іс-әрекет түрі болып табылады. Оның үйретушілік, дамытушылық және коррекциялық мәні өте терең. Ойын арқылы қимыл-әрекеттер меңгеріліп, оны жетілдіру жаттығулары жүрізіледі, қоршаған ортамен танысу және өрекеттесуге негіз болатын әрекеттер комплексі қалыптасады. Сонымен қатар, ойын барысында әлеуметтік қатынас элементтері меңгеріліп, жеке тұлға мінезінің ең маңызды көріністері жаттығады.

Ойынның дамытушылық мәні оның екі жақтылығымен түсіндіріледі. Біріншіден, ойын шынайы іс-әрекеттің түрі болғандықтан оны орындау нақты мәселерды талап етеді, екінші жағынан – ойынның көптеген сәттері шартты болады да, шынайы жағдайлар мен жауапкершіліктерден ойыншылар құтылып, олардың көңілдері басқа жаққа, ойынның шарттарына аударылады.

Құрылымдық жағынан ойынға үш ерекшелік тән:

1.Ойын барысындағы қатынастардың реттілігі;

2.Ойынның ішкі сырының барлығы (қатынас екі деңгейде жүргізіледі де, олардың біреуі жасырын сыр болады);

3.Ұтыс бар

К.Гросстың «сақтандыру теориясында» ойынның дамытушылық функциясын жас ағзалардың өз-өзін жетілдіру формасы деп түсіндірген. В.Штерн, З.Фрейд және оның шәкірттері ойынды адамның терең жатқан инстинктерінің көрінісі деп тауып, оны бейсаналыққа жатқызған. Бұл тұжырымдамаға негіз болатын бір нәрсе бар. Барлық ойындар негізгі үш тақырыпта дамиды: «жыртқыш-құрбан» (ойыншаушылардың біреуі қашып жасырынады, екіншісі оны қуалап немесе іздеп жүріп ұстайды); «некелік-серіктестік» (танысу ритуалдары, үй салу, егін егу, мал бағу); «ата-ана мен бала» (қамқорлық көрсету, қоректендіру). Ойын барысында өмірлік тәжірбиені меңгеру – оның әлеуметтік мәні барлығын дәлелдейді. Ойынның өте тиімді психодиагностикалық және психокоррекциялық әдіс болуына оның осы екі жақтылығы негіз болады.

Күнделікті өмірде адам көптеген теріс эмоциялық сезімдерге бөленіп жүретін кездері болады. Олар ішкі үйлесімсіздіктерден немесе тұлғааралық қатынастан туған мазасызданудың нәтижесі болады. Осы проблемаларды адамдардың басым көпшілігі өзбетімен шеше алмайтын болғандықтан олардың жағдайына сай келетін психологиялық көмек психокоррекция ретінде көрсетіледі. Коррекция жүргізу жолдары өте көп. Коррекцияның адамға тигізетін әсері мен пайдаланылатын әдістемелері зерттеушілер ойын коррекциясына ерекше көңіл аударады.

Ойын коррекциясының жеке тұлғалық қасиеттер мен эмоционалдық жағдайы түзетудегі мүмкіндіктері өте мол. Ойын терапиясының адамды негативтік эмоционалдық күйден шығару үшін пайдалану жолдарын анықтауға К.Левин тобының жүргізетін зерттеуі маңызды үлес қосты. Шынайы өмірде орын алған қиын жағдайлардан ойын арқылы арылу үшін адам жалған, жорамалданған рөлде болып, сол жалған жағдайды талдау және жорамалданған жағдайдың ерекшеліктеріне түсіну арқылы өз өміріндегі мәселеге түсіну жеңілірек екенін Л.С.Выготский дәлелдеген.

Психотерапевттер жасаған коррекциялық ойындар әдістері көмегімен адамда орын алған қорқыныш сезімнің әсерін төмендету, мазасызданудан, депрессиядан шығару, басқа да невроз сырқаттары, эмоционалдық дүниесінің тапшылығы байқалатындар және дені мен жаны сау адамдардың бейадекваттық реакцияларын реттеу үшін жүргізілетін коррекциялық жұмыстарда, көптеген шиеленіс мәселелерді шешуге кеңінен пайдаланылады. Ойын барысындағы мінез-құлық оның құрылымына сай болуға тиіс. Үлкендер ойнаған кезде олар өздерінің стереотиптік әрекеттерін қайта құруы керек. Осы қайта құру алты типте көрініс береді.

1. Ойындағы әрекеттер ретін ауыстыру.

2.Реттегі кейбір көріністерін ұлғайтып, арттырып жіберу.

3.Реттегі кейбір көріністерін бірнеше рет қайталау.

4.Ретін аяқтамай басқа, бөтен әрекеттерге көшу.

5.Кейбір қимылдарға ерекше көрініс беріп оны бірнеше рет қайталау.

6.Реттегі кейбір қимылдардың аяқталмай қалуы.

Сонымен қатар ойын барысында неше түрлі себептермен байланысты әрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттелінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады. Ойынның құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер ойынға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады: әрекеттерінің бағыттылығы, қозғалу шабытын, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтығын, қорқақтығы мен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері ойынға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын әрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ойынның түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға болады.

Әр ойын көп функция атқарады: бір адамға өзін-өзі бағалауын жоғарлату жолы; екіншілерге – сергіту, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге – көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Осы үш функциясы негізгілері болып саналады. Сонымен қатар әр адамның проблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияны ойынның барлық түрлеріне осы ортақ көрсеткіштерін ескеріп жүргізу қажет.

Коррекциялық ойын барысында келесі мәселелер шешіледі:

- Ойын барысында қатысушылар өз сезімін өзгелерге көрсетудің жаңа формаларын меңгереді;

- Басқа адамдарға, үлкен, кішілер және құрбыларына, өзіне деген көзқарасы ақиқатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға, мейірімділік көрсетуге үйретеді;

- өзіне деген сенімі нығаяды;

- құрбы-құрдастарымен және әр түрлі жастағы балалармен қарым-қатынас жасау тәжірибесін қалыптастырады;

- ойын қатысушыларды іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады;

- балаларды сыйлап олардың өз проблемаларын дербес, қажетті мәселелерді өз бетімен шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Коррекциялық ойындардың көптеген ортақ көрсеткіштерімен қатар әрқайсысының өзіндік сипаттары бар. Сондықтан оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Ол ерекшеліктерді бірнеше талаптар ретінде көрсетуге болады.

 

Коррекцияны жүргізуге қойылатын талаптар

Бірінші талап – кездесулер арнайы жабдықталған, кілем немесе палас төселген, кең ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Ол бөлмеде ойын барысында пайдалануға арналған жұмсақ ойыншықтар, шарлар, доптар, орындықтар немесе көпшіктер, қағаз, қалам, фламастер, жеңімпаздарды марапаттайтын заттар (сағыз, конфет, шар, «қант,май,шәй» тәрізді нәрселер). Топтағы жұмысты екі психолог (әйел және ер кісілер) жетекшілік жасап жүргізгені тиімді болады. Олар үлкендердің үлгісі болғандықтан әр жыныс өкілдерінің ерекшеліктерін көрсетуге ыңғайлы жағдай орнатады, сонымен қатар кейбір жаттығуларды орындау барысында ер адамның қара күші де қажет болады. Кездесулерді әр аптада бір немесе екі рет, ұзақтығы 1,5-2 сағат деп анықтап алу керек. Топтағы қатынасушылар саны 7-9, ал кей кезде 12-ге дейін болуы мүмкін. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады.

Екінші талап – қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі қысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей жағдайда болуы керек. Өйткені қақтығыс аймағындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көрініс беруінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке, мейірімділікке негізделген қарым-қатынас басқаларға деген бұрынғы қырсық мінездің өрескіл, ыңғайсыз екенін көрсетеді және өзгелермен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болудың жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрінің дұрыс үлгісі топта көрсетіледі. Ол үшін:- үлкендер мен кішкентайлардың қарым-қатынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүргізіледі;

- ешкім ешкімге ескерту жасап, мін тағып, сын айыптап, жіберілген қателіктер үшін ұрыспайды;

- әркім өзін емін-еркін сезінуге жағдай жасалады.

Үшінші талап – шектеудің шектеулігі. Нені шектеуге болады: жұмыс уақыты (ойын бөлмесінің жұмыс уақыты шектеулі); бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды;

ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды.

Кішкентайлармен ұйымдастырған коррекциялық топтың ең үлкен ерекшелігі – баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмай, нормативтермен таныстырмай, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.

Төртінші талап - өзінше талдауды (интерпретациялауды) қолдану, қатынасушының проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында олардың әрқайсысына өз ойын тұжырымдап айтқызу. Бұл әдістің орындайтын міндеті – адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен ұштастырып, салыстырып талдайды. Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді пайдалану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет: клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдайдың орын алуы.Жағдайды өзінше талдау сенімді топтың ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылуы керек, күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылымы жағынан клиенттің тіліне жақындатылған, оған түсінікті, қарапайым болады.

Бесінші талап - әр адамға өзінің ойын өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып беруді үйрету. Ол «қайта проекциялау» деп аталады. Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып, барлық болған оқиғаның жақсы жағы да бар екенін көрсетеді немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалуынан төмен екендігін дәлелдеп береді. Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог осы мәселені талдау барысында оқу немесе болашақ мамандығы баласының ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіреді.

Алтыншы талап – клиентті сыйлау, онымен тілектестік негізіндегі қарым-қатынасты қалыптастыру. Қарым-қатынас ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы және тілсіз, вербалды емес түрлерінде жүруі мүмкін, оның барлық қылығын түсіну, көбісінің басқаларға ұнайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету. Коррекциялық топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толық сенім болғанда ғана клиент өз проблемасын ашып, сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдық құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдауы қажет (қолын сипап, күлімсіреп қарап, басын шайқап...)

Жетінші талап - әр адам өз өмірінің иесі екенін түсіндіру. Осы позицияда тәрбиелеу үшін әр адам өз проблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолдап отыру қажет. Клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену – коррекцияның маңызды шарты.

Коррекциялық топтарды құру.

Топтағы ойындарды ұйымдастыру арқылы жүргізілетін жұмыс барысында біріншіден топтағылардың қарым-қатынасы қалыптастырылады, содан соң, екінші ретте коррекциялық мәселелер шешіледі. Мұндай топтар жұмысы, көбінесе балалармен және оған паралель топта олардың ата-аналармен жүргізіледі. Бұл топтардағы коррекция жұмысы бастапқы кезде дара жүргізіледі де,ата-аналар тобында олардың теріс әсері бар стереотиптерін түсіндіру тәсілдері кеңінен пайдалынылады.

Балалар коррекциялық топтарын құрғанда психодиагностикалық зерттеу барысында анықталған жеке тұлғалық ерекшеліктері мен олар туралы ата-аналары мен мектеп қызыметкерлерінен түскен шағымдар ескеріледі. Кішкентай балалар туралы шағымдар екі мағынада болады. Біріншісі, баланың топтағы құрбыларымен қарым-қатынас жасамауы. Ата-аналар баланың оқшау жүретінін оның мінезінің тұйықтығымен, сол себептен баланың жеке ойнағанды, кітап оқығанды, сурет салғанды ұнататындығымен түсіндіреді. Кейбір балалар басқалармен қарым-қатынас жасай алмауына байланысты, кейде құрбылармен жақсы ойнап, ал кейде бұртиып, ашуланып, төбелісіп, шатақ мінез көрсетумен байланысты өзгелер оны жақтырмайды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: