Авторы Э.Г.Эйдемиллер 3 страница

Балалардың зейінділігін және байқағыштығын дамытуға арналған психокоррекциялық ойындар. Бұл ойындар тек таным процестерін дамытып қоймайды, сонымен қатар балалардың қарым-қатынас мәдениетін нығайтуға және ашық-жарқындықты тәрбиелеуге үлкен үлесін қосады.

 

 

«Ақ бидай» ертегісі тақырыбындағы коррекциялық сабақ

 

Мақсаты: Балалардың таным процестерін, оның ішінде шығармашылық қабілеттерін дамыту, оларды өз бетінше жұмыс орындауға баулу, еңбеккерлікке, адамгершілікке, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.

Коррекцияны жүргізу реті:

Балалар өткен коррекциядағы талданған мәселелерді қысқаша еске түсіріп, өздерінің ол кездесу туралы ойларын ортаға салады. Сонымен қатар бұл кездесуге берілген үй тапсырмасы бойынша даярлаған ғылым, оқу-білім туралы мақал-мәтелдер жинап келгені айтылады.

Мақал-мәтелдер сайысын өткізуден бастауға болады. Нәтижесі талданып болғаннан соң «Ақ бидай» ойыны ұсынылады.

Ойын:

Матадан тігілген дорбаға бидай салып балаларға ұсынылады. Балалар сұрақ-жауап жұмыстарын жүргізеді.

Дорбаның ішінде не бар екен?

-Жеуге жарай ма?

-Иә.

-Адам өміріне пайдалы ма?

-Иә.

-Арпа ма?

-Жоқ.

-Бидай ма?

-Иә.

Психолог. «Ақ бидай» ертегісімен танысамыз. Психолог ертегіні айтып береді. Балалар түсініксіз сөздерді «Түртіп алу» жүйесі бойынша белгілеп алып отырады. Ертегі оқылып болғаннан кейін оның мазмұны талданады. Оқуға ынтасын қалыптастыру үшін балалардың таным процестерін коррекциялау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін балалар бірнеше шығармашылық орталықтарға бөлініп, әр орталыққа зерттеу жұмысы жүргізетін тапсырмалар беріледі.

Орталықтарға мынадай жұмыстар тапсырылуы мүмкін:

Математика орталығы

Көрнекіліктері: Ыдыста бидай, таразы, түрлі-түсті суреттер.

Жақшасы бар өрнекке ұқсаған есеп құрастыру.

Кері есеп құрастыру.

Оқу орталығы

Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап дайындау.

Оқу техникасын қалыптастыру орталығы.

Балалар ертегі мәтінін бір-біріне оқып беруі.

Жазу орталығы

«Бидай» сөзін пайдалана отырып мәтін құрау.

«Бидай» сөзіне (сын есім, сан есім, етістік) сөз таптарын қатыстырып, сөйлем құрау.

Ғылым орталығы

Нан дастарқанға қалай келеді? (зерттеу жұмысы)

Бидайдан дайындалатын тағамдар түрлерін кестеге түсіру.

Өнер орталығы

Ертегі бойынша сурет салу.

Ертегі бойынша сахналық көрініс даярлау.

Ермек-саз орталығы

«Бидай» тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар дайындау.

Орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар келесі қасиеттерді меңгереді:

-бірлесіп жұмыс істеу;

-бір-бірінен үйрену;

-өз білімдерін іс-тәжірибесінде пайдалану;

-өз бетімен білім іздеу.

Орталықтардағы жұмыстарын қабылдап, оларды бағалау олимпиада сайысы ретінде немесе басқа да қызықты түрде жүргізеді. Орталықтар жұмыстарын бағалау және қорытындылау ертегі мазмұнын балалар қалай меңгергенін бағалау картасына түсіруге болады.

 

Атауы Тірі табиғат Жақсы қасиет Жаман қасиет
Бидай + +  
Арамшөп +   +
Адам + +  
Аңдар + + +
Құстар + + +

 

Әрбір ата-ана, психолог-тәрбиешілер жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым-қатынас жасағанына ештеңенің де тең келмейтінін түсіну керек. Баланың жан-дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды іріктегенде төмендегі талаптар орындалуы қажет:

- Мазмұнын таңдағанда ертегі немесе әңгімелердің көлеміне назар аудару керек. Кішкентайлармен жұмыс жүргізуге ұзақ айтылатын, шұбалыңқы әңгімелерді пайдалануға болмайды;

- Мазмұны коррекция сабақтың тақырыбына сәйкес болғаны жөн;

- Мазмұны балаға қандай да болмасын құндылықты түсінумен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек;

- Мазмұнын баланың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеп алу қажет.

Келесі кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата-аналар мен балаларды бірге «балалық шаққа» саяхатқа шақырылады.

 

«Адамгершілік – асыл мұра» тақырыбындағы коррекциялық сабақ.

Мақсаты: оқушылардың бойына адамгершілік қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттер

Коррекцияны жүргізу реті:

1. Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесіп, әнұранды орындағаннан соң коррекция сағаты басталып кетеді.

2. Оқушылар орындарына дөңгелене отырып,музыка әуені тоқталады,сол кезде есік қағылып,хат әкелінеді. Хатта бүгінгі коррекция сағатының тақырыбы жазылған екен.

Тақырып баяндалып, коррекция сабақтың мақсаты айтылған соң,психолог кіріспе әңгімесін бастайды.

-Адамшылық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін бай адам деген қандай адам,рух деген не? –деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіледі.

Рух- адам бойындағы бір қуат.Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын игі істерінің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама-қарсы нәрседен тұрады.Ақ-қара,күн-түн,ыстық-суық,жақсы –жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды,ал жаман қасиеттер нәпісінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың-рух пен нәпсінің күресі жүріп жатады.

Ұлы бабамыз Шәкәрім айтқандай:

-Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Рухтың мекені –адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар-ұят, қайрат, мейірімділік, жақсылық, адамшылық..Осы қасиеттер жүректен туындайды.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі-ақыл дейік.

Бай адам ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді,кешірімді,қанағатшыл,ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында да осы аталған қасиеттермен бірге аяушылық,сүйіспеншілік,жан аямай еңбек етушілік, т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп,бойымызға адамгершілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күннің суретіне қарайық.

Жарық күн. Оның бетін ала бұлт көлегейлеп тұр. Күнді біз мейірман,жан-шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңестіреміз. Өйткені барлық тірі табиғат өкілдерінің өмірі осы күннің бетін көлегейлеп тұрған бұлтты біз ананың жүрегіндегі көлеңке сияқты қабылдаймыз. Біз күнді ананың сөзімін сөйлетейік. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттардың ішіндегі ойларын ашайық.

Бірінші бұлт

Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттарға бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз жағымды ойларға берілеміз, жан азығын бесік жырынан бастаған адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.

(Бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады)

-Өмірде тыныштық болса екен.

-Менің әскердегі ағайым аман-сау жүрсе екен.

-Мектеп бітіргеннен соң аңсаған оқуыма түссем екен.

-Жер шарында тыныштық болса, т.б. ойлар айтылады.

Психолог: Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкелді. Сухомлинскийдің «Ата-ана педагогикасы» кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді ол тақтайын үйге алып баруға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кездесе кетеді. Жүргізуші жігіт аттанып отырған сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, ағаштарды апарып тастауға келісіп, оларды тиеп алып, қоймадан шыға бергенде, автоколонна бастығына кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, машинаны тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді.

Көзінің жасы көл болған жігіт тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайырымдылық жасап, көмек көрсетеді. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1-ші бұлт ашылды – қайырымдылық қасиетін білдік.

Екінші бұлт:

Үлгі аларлықтай нақыл сөздер, тақпақтар айту.

1. Абай. «Ғылым таппай мақтанба»

2. Ақиқаттың ауылы. Шәкәрім.

3. Абайдың 14-ші қарасөзі.

4. Мұхаммед Пайғамбар хадисі.

Психолог: Мынандай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар?

Жауап: қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңістік.

Иә, балалар, өмірдің көптеген көріністерінде, оқушылық өмірлерінде сендер-ақ түсті аңғармай, адамдар бойынан «қара» ноқатты көресіңдер. Былайша айтқанда, біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын көрместен, неге көбінесе оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан көрі, дау-дамай, қылмыстар жайындағы теледидардағы бағдарламаларды бірінші ретте көреміз, өмірде орын алған бұзықтық, басқаларға жасалған қатыгездік туралы рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалған үш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба? Егер біреу сені сөгіп жатса, «мен ризамын», - деп жауап бер – делінген пайғамбар хадистерінде. Сондықтан, балалар жаңағы өздерің айтқан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның, ұстаздарыңның, ата-аналардың тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңдар: Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым-жақсы, ата-жақсы, ана-жақсы, құрбы-жақсы, ұстаз-жақсы. Қоршаған ортадағы басқа адамдардың барлығын оң белгімен қабылдау,оларға ізгі ниет білдірудің, адамгершілік қасиеттің үлкен көрінісі.Оны жақсылап тұжырымдап көрсету қажет.

Екінші бұлт ашылды-адамдардың жақсы қасиеттеріне көңіл аударылды.

Үшінші бұлт:

- Адамгершілік қасиет-сүйіспеншілік. Ата-анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасиетке байланысты балалар топтарына тапсырма беріледі:

1- топ: Отанға сүйіспеншілік

2- топ: Ата-анаға сүйіспеншілік

3- топ: Достарыма сүйіспеншілік

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ немесе қысқа әңгіме құрайсыңдар. (Баяу әуен ырғағы,3-4 минут уақыт беріледі.) Уақыт өткеннен соң балалардың тақпақтары мен әңгімелерін тыңдаймыз. Онда баланың басқаларға деген мейірмандығы мен ынтымақ қатынасы көрініс береді.

 

Қатар бойынша немесе кіші топтағы бөлінген балаларға тапсырмаларды келесі нұсқада жүргізуге болады.

    1. 1-топ:

Сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым-қатынас жасағысы келмейді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал,сен не істер едің?

А) ештеңе білмегендей боласың

Б) Достарыңмен бірге мазақ қыласың

В) Достарыңның қарсылығынан қорықпастан осы баламен достасқың келеді

2-топ

Ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет?

А) үлкен ағаш болғанда

Б) көшет кезінде

В) тал-шыбық кезінде

3- топ:

Сенің үлкен әпкең анасына «құрбымның үйіне барып математика сабағына дайындаламын»-деп айтып,ал шындығында олар дискотекаға кетті.Егер анаң сенен осы жайды сұраса,сен не істер едің?

А) Бұл жағдайында ештеңе білмеймін деймін

Б) Бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың

В) шыныңды айтасың

Ойын нәтижесінде үшінші бұлт жеңілгенін мойындап,күннің көзін ашады.

Төртінші бұлт.

«Таңғажайып алаң» ойынын жүргізуге болады.

-Адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр соны табамыз.

Ол «әдептілік» деген сөз болды. Осы сөзді тапқанннан кейін төртінші бұлттың да қабағы ашылады.

Бесінші бұлт

Ол тапсырма-сұрақтарға жауап.

1. Сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің?

2. Махаббат сүйіспеншілігі деген не?

3. Аманат деген не?

 

Осы сұрақтардың жауабын дұрыс айта білсе деген мақсатпен Өтебай Тұрманжановтың «Ананың аманаты» деген тақпағын оқып беруге болады. Тапсырма орындалғаннан соң бесінші бұлтта күннің көзін жауып тұрудан бас тартады.

Барлық тапсырмаларды орындаған соң бұлттар ашылып, Күн күлімдеп шығады.

Бұл коррекциялық сабақтың балаларға әсері үлкен болды.

Әдептілік, жайдарылық,сыйысымдылық болмаса адамдар арасындағы қарым-қатынас бұлт төнген күндей тұнжырап, адамдар бір-біріне ашылмайтындығын балалар жақсы түсінеді.

 

 

«Мен құрбыларымды жақсы көремін» тренингі.

Балаларды шеңбер құра отырғызып оларды бір-бірінің қолдарынан ұстауын сұраңыз. Енді бірнеше тренинг ойындары жүргізілетінін айтып, балалардың ата-аналары ойынға шақырылады.

 

«Мен сені жақсы көремін» ойыны

Балалардың ішінен біреуі «Мен сені жақсы көремін» (көршісінің атын айтады) дейді де қатар отырғанның қолын қысады.

Жақсы көруді қабылдаушы оған күлімсіреп жауап береді және соны көрші оқушыға қайталайды.Осы айналым аяқталғанннан кейін психолог балаларға өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенді сөзсіз өзімізге қайтып оралатынын түсіндіреді.

 

«Сақина салу»

Сазды Әуен ойнап тұрады.Балалар шеңбер құра отырады және шеңбер бойынша сақинаны береді.Психологтың немесе бақа жүргізушінің сөзі бойынша (немесе басқаша санамақ бойынша) сақинаны жұмылған қос алақанға салғандай болып, оған бір жағымды сөз айтылады.Сақина салынған адам басқаларға өз өнерін көрсетуі керек және сақина салған адамға алғысын білдіру қажет.

 

«Құнды қасиет беру» ойыны

Қорапшаның айналып жүруі тоқтатылады.Сол сәтте кім қорапшаны ұстап тұрған болса, сол оның ішінен бір парақ қағазды шығарады және онда жазылғанды орындайды. Күні бұрын даярланып қойылуға тиісті мұндай парақтарда коррекция сабақ тақырыбы бойынша қандай да бір әрекет жазылып қойылады.

Ойынның қорытындысы бойынша:

- шындықты айтудың мәні қандай екені туралы өз пікірін айтуға,

- адамдық секілді мінездің қасиеті, ән айту немесе өлең оқып беруге

- құндылықтың қатысы бар белгілі фильмді (әңгімені,ертегіні) немесе содан алынған бір көріністі әңгімелеуге болады.

 

«Психолог сөйлейді» ойыны

Психолог топтың алдында тұрады және балаларға әлдебір әрекетті орындауды,бірақ оны тек «Психолог сөйлейді» деген сөзден кейін жасайтыны айтылады.Психолог осы сөздерді айтқан кезде, оның артында балалардың қайталауы керек және әрекеттер жалғасуы керек.

Егер психолог «Психолог сөйлейді» -дегенді айтпай әлдебір әрекетті орындайтын болса, оны қатысушылар қайталап жасамауы керек. Психологтан кейін осы әрекетті қайталаған бала ойыннан шығады. Ойын қызықты,балалардың босаңсыуына уақыт бермей тез қарқынмен жүргізілсе мүлдем қызықты болады.

Бұл ойын балалардың назарын ғана дамытып қоймайды, сонымен қатар өзінің әрекеттерімен балаларға үлгі беретін психологтың өзін де тәртіпке салады. Ойындарға ата-аналардың қатынасуына олардың балалық Менін оятып, бала болу қандай екенін естеріне салады және ата мен бала арасындағы түсінбеушіліктерден шығуға мүмкіндік береді.

«Кімде қандай қасиет бар» ойыны

Мақсаты: Ойын барысында оң және теріс қасиеттердің сырт көріністен белгілі екенін түсінеді.

Малдың түрі бейнеленген карточкаға балалар оның қасиетін көрсететін сөз жазылған басқа карточканы таңдап алады. Мысалы, ит және иесіне берілгендік, түлкі және айлакерлік, түйе және тәкаппарлық және т.б.

«Сүйіспеншілік» ойыны

 

Бұл ойын барысында қатысушылар бір-біріне деген сүйіспеншілігін, жақсы көретіндігін неше түрлі теңестіру сөздерімен жеткізуі керек. Психолог бағыттаушы сөзді таңдап айтып, ол сөзбен өзінің сүйіспеншілігін білдірген адамына допты береді.ойынға қатысушылар сол аймақтағы жылы сөздерді айтып, допты келесі ойыншыға лақтырады. Айтылған сөздерді қайталаған дұрыс емес,сондықтан бір оқушы айтылған сөздерді тақтаға жазып отыруына болады.Ойын соңында қатысушылар құнды қасиеттерді білдіретін бірнеше сөздер жинақтап, олардың адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеседі.

 

«Сәлемдесу» ойыны

 

Екі бала ортаға шығып, бірі інісі, бірі ағасы болып бір-бірімен сәлемдесуі қажет.

Інісі ағасына қандай жақсы сөздер айтуы мүмкін?

Ағасы інісіне қандай жақсылықтар жасауы мүмкін?

«Өзің жалғастыр...»

Марат коррекция сабаққа кешіккенін енді ғана ұқты...

Айнұр досын ренжітіп алғандай болды...

Оспан ағасына бір нәрсені айтуды ұмытып кетті...

Әңгімелерді одан әрі жалғастырып,өз бетінше аяқталуларын тауып, соңынан әрқайсысының ойын талқылауға болады.

 

«Бір-бірінің жақсы мінезі мен қылықтарын айтып, мадақтау» ойыны

Мақсаты: Балалар шеңбер бойынша дөңгеленіп отырады. Жүргізуші «сиқырлы таяқшаны» отырғандардың біріне ұсынады. Ол жанындағы баланың жақсы жақтарын айтып, мадақтайды да таяқшаны оған береді. Ол осы ретпенен таяқшаны келесі адамға ұсынады. Ойын осылай жалғаса береді.(Ондағы айтылатын жағымды сөздер мынадай болуы мүмкін: Айгүл, сенің дауысың қандай керемет, Гүлнар, сенің жүзің сондай мейірімді көрінеді, Марат маған сенің ақкөңілділігің ұнайды, т.с.с.) Соңында балалар бір-біріне жақсы көңілі мен пікіріне рахмет айтады.

 

«Түспен ажырату» ойыны

 

Ойынның мақсаты адамның мінез құлқын бояумен көрсетіп, жағымды, жағымсыз жақтарын түспен ажырату.

Жүргізуші балаларға адамның қасиетін кемпірқосақ тәрізді етіп бояуды тапсырады. Қандай қасиетті қай түспен бояуды баланың өзі шешеді. Ойын соңында адамның мінез-құлқын көрсету үшін қай түсті неге таңдағанын өзі түсіндіріп береді.

 

*«Баға беру»ойыны

 

Мақсаты: Ойын тапсырмаға қорытынды жасап, баға беруге негізделген.

Жүргізуші балалардан портретке немесе суретке қарап, ондағы адамдардың мінез-құлқын, қасиеттерін ажыратып беруді тапсырады. Балалар ойын жинақтау үшін баяу музыка қойылып, белгілі бір уақыт беріледі.

Бұл ойын баланың адамды тани білу қабілетін дамытады,мінез-құлқын ажырата білуіне көмектеседі.

 

«Пантамимо» ойыны

Мақсаты: Бұл ойын баланың мінез –құлықты эмоция арқылы танып білуін көздейді.

Мысалы, топтарға бөліп,түрлі мимикамен түсіндірілетін түрлі тапсырмалар беріледі.

- ауырған немесе шаршаған шешесін баласы қалай аймалайды,

- оқушы қартты жолдан қалай өткізуі керек

- әжесінің алдында бала өз кінәсін қалай жуып-шаяды

- ренжіскен екі дос бір-бірімен қалай татуласады

 

Әр топ музыканың сүймелдеуімен өздері құрастырған сюжетті көрсетеді.

Соңынан тапсырмалардың мазмұны ашылған соң, олар берілген сұрақтарға жауап дайындап, қысқаша әңгімелер құрастырады.

Коррекциялық ойындар әр адамның өз бойындағы жақсы қасиеттерді дамытып, пайдаланылған ертегілер, әңгімелер кейіпкерлерінің батылдық, ұстамдылық, мейірмандық,сыйласымдылық және ертегі баланың қиялын дамытып,өзіндік пікірін туғызады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жақтарын өзіне азық етуге тырысады.

Осы тренингтерден балаларды ата-аналармен бірге өткізгенде балалық және ата-аналық борышты атқаруда тіл табысу, ізгілікке бағытты болу, кішкентай баланы да азамат деп санап, олардың жақсылық қасиеттерін дамытуға үлес қосу қажеттілігін үлкендер түсінді. Нәтижесінде көптеген сұрақтар туып, психодиагностикалық зерттеу нәтижелерін талдау ата-аналарды қызықтырады және болашақ отбасылық қарым-қатынас ерекшеліктеріне үлкен көңіл аудару қажеттілігін түсінеді.

 

 

Жеткіншектердің қарым-қатынас мәдениетін коррекциялау.

 

«Танысу» тренингі

 

Мақсаты: Балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру және тренинг тобында барлығына толық бостандық беріліп, емін еркін қарым-қатынас жасайтын жағдайға жеткізу.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: