Авторы Э.Г.Эйдемиллер 5 страница

Жеке тұлғалық қасиеттерін зерттеу.

Сабақ үстінде,үзілістерде Мұхаметжанның қарым-қатынасын және іс-әрекетін бақылау,.мазасыздануын тест көмегімен зерттеу барысында қарым-қатынас жасауына кедергі келтіретіндей мазасыздануының оншалықты жоғарылығы байқалмады, бірақ балада өзіндік ішкі қайшылықтар бар екендігі көрініс береді. Сонымен қатар, Мұхаметжанда мінез-құлқының үйлесімсіздігі,сыныптастарымен қарым-қатынас жасау барысында вербалдық және физикалық агрессия орын алатындығы байқалды. Мұхаметжанмен жүргізілген жеке әңгімелесудің нәтижесінде оның мұндай мінез-құлқының негізгі себебі отбасында, яғни оның ата-анасының екі бөлек тұратындығы, оның үстіне Мұхаметжанның өз ата-анасынан бөлек, нағашыларының қолында тұратындығы себеп болып жүргені анықталды.Оның отбасым туралы балалар сұрап қаладау деген қорқыныш сезімі айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді екен.Сонымен қатар,Мұхаметжанмен жүргізілген «өзіме хат» деп аталатын әдістеме нәтижесінде,оны қоршаған үлкендердің оның мұқтаждығын түсінбейтіндігі,сыныптастары арасында оны өзін жоғары бағалайды деген пікірдің тұрақты орын алғандығы анықталды. Бірақ, хат мазмұнына зейін салып қарағанда, баланың өзін-өзі сендіріп қойған пікірін өзі мойындайтыны байқалды.Олай болса айналасындағылардың пікірі бойынша,көзге анық түсетін көкіректік бар болғаны оның өзін-өзі қорғау механизмі екендігі сөзсіз.

Сонымен, Мұхаметжанның негізгі проблемасы оның отбасына және темпераментінің ерекшелігіне (флегма- меланхолик) келіп тіреледі.Мұхаметжанның өзін қайта тәрбиелеуге қабілеттілігін ескере отырып,психологиялық кеңес оқушының өзіне тікелей берілді.Ең алдымен ата-анасына сын көзбен қарап,өкпелеудің орнына, оларға обьективті түрде қарау, ата-анасымен барлығы бірге тұрған бақытты кездерін қиналған уақытта еске алу,басқа отбасында өмір сүріп жатқан тек қана ол емес, ондай жағдай кез келген тіпті идеалды отбасында да кездесетін мәселе екендігін түсіндіру арқылы өз отбасы туралы мәселелерден қашқақтап, өзінің кемшілігіндей қабылдамау керек екені түсіндірілді.Ата-анасының ажырасып кеткеніне бала ешқандай кінәлі емес екенін және оның жадайын басқаларда түсіне алатындығы туралы көп әңгімелескеннен кейін бала психолог сөзін мақұлдай бастады. Қарым-қатынастан шектелінудің қажеті жоқ екендігін түсіну арқылы ол біртіндеп балалармен араласа бастады.

Жүргізілген зерттеулер және кеңес беру нәтижесі бойынша балаларға өзін-өзі дамыту және реттеу тренингтеріне қатысу ұсынылды.

 

Жоғары сынып оқушыларына және педагогтарға арналған өзін-өзі жетілдіру және реттеу тренингтері.

Мектеп тәжірибесінде ең қажетті және кеңінен пайдалынатын тренингтер-өзін-өзі реттеу тренингтері.Өйткені педагогтар барлық уақытта балалармен белсенді қарым-қатынас үстінде болып,осы қатынас барысында олардың іс-әрекеттерін бағалау және өзінің сезімі арқылы олардың жетістігін бағалау қатынасында болу олардан өзін-өзі барлық уақытта өте жоғары қадағалауды талап етеді.Осының барлығы мұғалімдерді тұлғалық және жағдайлық мазасыздануға алып келеді. Сондықтан педагог кадрларына автотренинг және релаксация,өзін-өзі реттеу элементтерін пайдалану жолдарын үйрету қажет. Бұл шаралар педагогтардың психологиялық сауаттылығын жоғарылатуымен қатар педагогтардың кәсіби қызметінде өте қажетті психоэмоционалдық тұрақтылығын қалыптастырады.

Өзін-өзі реттеу тренингтері жоғары сынып оқушыларының мектеп бітіруімен,өздерінің болашақ мамандықтарын таңдау,ҰБТ-дан өту, т.с.с үлкендік проблемаларын шешу қажеттілігімен байланысты. Олардың мазасыздануы жоғарылап,шамадан тыс эмоционалдық зорлану жағдайына алып келеді.Сондықтан осы жас кезеңіндегі жасөспірімдергеде өзін-өзі реттеу жолдарын үйретудің маңызы өте үлкен.Балалар олардың алдында тұрған көптеген өмір қиындықтарынан жаны жарақаттанбай өте алатын болса, олар өзінің тіршілікте табысты болатынына сенімі қалыптасады.

Өзін-өзі реттеу тренингтерін жүргізуге негіз ретінде келесі алгоритмді ұсынуға болады.

- өмірлік ұстаным болатын жолын табу және оның мән мағынасын толық анықтап алу

- алдында тұрған проблемаларды талдау және оның бар екенін түсіну

- өзін-өзі реттеу дағдыларын қалыптастыру (релаксация, психологиялық қорғаныс,стреске қарсы тұра алу.)

- рефлексия-қатысушылардың өздерінің жаңадан меңгерген психологиялық білімі мен іскерлігін ортаға салуы, басқалармен бөлісуі

- қарым-қатынас барысында этикалық нормаларды ұстануы

 

Осы қасиеттерді жетілдіруге және дамытуға арналған материалдардың біршамасы жеті тақырыпқа топтастырылған. Бұлармен қатар өзін-өзі диагностикалауға жоғарыда берілген әдістемелердің басым көпшілігін кеңінен пайдалануға болады.

 

«Өзін -өзі дамыту» психологиясының мақсаты мен міндеттері.

Оқыту барысында оқытушы оқушыларға өзі алдын ала меңгерген білімдерді жүйелі түрде үйретеді. Біздің сабақтардың негізгі мақсаты: Әр қатысушыға психологиялық білімді өзін-өзі талдап, психологиялық қасиеттерін біліп алуға үйрету.

Мұндай білім мен іскерлікті тек қана оны білгісі келген, қажеттілігі қалыптасқан, сұранысы туған адамдармен жүргізуге болады.

Сұраныс пен Сәтсіздікке неге жиі жолығамын деген шағымның арасы өте алшақ. Мысалы, кішкентай баланың өзі өмірде көптеген қиыншылықтарға кездесіп жүр, сондықтан ол неше түрлі шағымдар айтады: «мені балалар мазақтап жатыр,көбейту кестесін жаттап алуға шамам келмейді, мектепке күнделікті бара беруден жалықтым, ұйқым қанбайды, сондықтан ерте тұруым қиын, кешке теледидар көруге рұхсат бермейді т.б.» Осы жағдайлардың барлығы бала психикасына кері әсерін тигізіп отыр.Сондықтан бала шағымын айтқанда үлкендерден көмек сұрап отыр -көбейту кестесі миыма қонатындай бір шара қолданыңыз- деген мағынаны білдіреді,өйткені үлкендер көп нәрсені біледі, қолынан барлық нәрсе келеді, кішкентайлар проблемасын шешуді өз мойнына алады.

Психолог қызметінің міндеті -осы шешуі табылмай тұрған шағымды сол адамның қажеттілігіне, сұранысына айналдыру. Өзін-өзі дамыту барысында қатынасушылардың алдында тұрған проблемаларды оның өзінің бірінші қажеттілігіне, сұранысына айналдыруға бағытталған әдіс тәсілдер жүйесін меңгертіп, оны өз өмірінде пайдалануға негіз жасау міндеті қойылады. Сондықтан өзін-өзі дамыту курсының сабақтарын алдын-ала толық жоспарлап алу мүмкін емес. Сабақтарда талданатын материалдарды тек қатынасушылардың, оқушылардың өздері ғана ұсына алады, өйткені олардың алдында тұрған проблемалардың эксперті ретінде тек өздері бола алады.

Қазіргі кезде адамның өзін-өзі дамытуға негіз болатын шарттары анықталған

  1. Қатынасушы мен психолог арасындағы ерекше қарым-қатынас түрлерін пайдалану, қатынасушыға дайын білім немесе жауап берілмейді. Жауапты қатынасушымен психолог бірге іздейді. Сондықтан бұл қарым-қатынас түрлерін өнімсіз деп атауға болады.
  2. ҚАТЫНАСУШЫЛАРДЫҢ БІР-БІРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ-ПАРТНЕРЛАРДЫҢ ПІКІРЛЕРІ СӘЙКЕС КЕЛМЕСЕ ОНЫ БІР-БІРІМЕН ҮЙЛЕСІМДІ ТҮРГЕ КЕЛТІРУ.
  3. ӘР АДАМ ӨЗІНІҢ «Мен концепциясы» ерекшеліктерін анықтап, оны тіркеп алып, мазмұнын талдау арқылы өзін жете түсіну.
  4. Барлық қатынасушылардың психологиялық қәуіпсіздігін қамтамасыз ету,бір-біріне сенімін арттыру, бір-бірін қолдау және көмектесу позициясын қалыптастыру.

Өзін-өзі дамыту дегеніміз?

Жаратушы маған күш бере гөр:

1- --------------------------- өзім өңдеуге шамам келетін қасиеттерімді өңдеу керек екенін түсінуге және оны талаптарға сай өзгертуге;

2- --------------------------не үшін екенін түсінуге, нені өзгертуге менің шамам келмеген жерде;

3- --------------------------жақсы мен жаманды ажырата білуге, қажетті мен қажетсізді түсінуге;

4- -------------------------басқалармен бірге өмір сүруге икем болуға және баршамен тіл табысқыш болуға.

Осы және күнделікті туатын тағы басқа проблемаларды шешу өте қиын. Өсу және даму барысында әр адам өзі жеке тұлға болып, өзінің әлеуметтік менін ашып, адамаралық қатынаста өз орнын табуы, өз өмірбаянының авторы болуы қажеттілігі өте терең. 10-12 жас аралығында бала тәрбие объектісінен біртіндеп өз өмірінің субъектісіне айналады.

Осы кезден бастап адамның өзінің құрамды бөліктерінде өзі жасаған қасиеттердің орнын анықтай бастайды: білімі – басқалардың үйреткені; өмір жоспарлары – ата-аналар жасап берген; сыртқы көрінісім - өзім таңдап алсам ол басқаша болар еді (шашым, мұрным....); туған жерім - өзім таңдаған жоқпын; киімім -....шамам келгенін киемін. Қазір, жастық шаққа қадам басқанға дейін барлық іс-әрекет басқалардың басшылығымен, солардың айтқанымен жасалып келе жатыр.

Ал өзің өзіңнің «Мен» көрсеткіштеріңнің дамуына, өзіңнің қабілетіңді ашуға, дүниеге көзқарасыңды қалыптастыруға, болашағыңды анықтауға, жақсы адам болуға, жақсы маман болуға қандай үлесіңді қостың және қосуға шамаң келеді?

«Мен» концепцияны ашу – адамның өзін құруға қосатын үлесін анықтау.Ол бірнеше бөліктен тұрады:

а. әлеуметтік ортадағы өміріңнің сапасына жауапкершілікті мойыңа алу;

б. басқалардың көмегімен жасалған образдан шығу рефлексияны дамыту;

в. адамдардың ерекшеліктерін көріп, танып, басқаларды есту.

Егер осы құрамды бөліктерді адам түсінсе, ол өзін-өзі тек қана түсініп, қана қоймайды, өзін дамыту шығармашылықтың бір қызықты түрі болады.

Адам өмір сүрудің бір үлгісін өзіне салыстырып көріп, ол дұрыс келмесе басқа нұсқада қайталауына мүмкіндік жоқ. Өмір бірден таза параққа және бір экземплярда жазылады. Өзін-өзі жетілдіру – ең тиімдіжолды тауып алуға мүмкіндік береді.

Бұл процесс саналы жүруі керек.

Өзін-өзі танып білу - өзін бағалай білу, өзін-өзі дұрыс қабылдауы, өзін-өзі сыйлауы.

Өзін-өзі дамыту – саналы түрде өзінің кейбір қасиеттерін дамыту, шығармашылықпен өзгерту. Өзін-өзі танып білу. Әр адам өзінің даму мүмкіндіктерін анықтауы, өзінің күшті және осал жерлерін білуі және оларды түзетуге күш салу. Бұл өзің туралы білім үздіксіз таяздан тереңге қарай жылжып отыруы үшін келесі өзін-өзі танып білу мәселелерін шешу үшін келесі әдіс-тәсілдер пайдаланылады:

- өзін саналы түрде бақылау, талдау, салыстыру, бағалау;

- өзін және өзінің жеке қасиеттерін бір белгілі үлгімен, өлшеммен салыстыру арқылы идеалдық модельден айырмашылығы қандай екенін анықтап алу және осы айырмашылықты өзін-өзі тәрбиелеу мәресі ретінде белгілеу;

- өзінің оң көрсеткіштерін анықтау және оларды тиімді пайдалану, оларды нығайту шараларын жасау;

- өз мінез-құлқы мен қабілеттерін адекватты бағалау жолдарын анықтау;

- өз қателері мен кемістіктерін анықтау, оларды мойындау және әсерлерін төмендету. Өз-өзін белсенді ету, өзінің белсенділігіне түрткі болу - өзінің ішкі потенциалдарын өзін-өзі жетілдіруге, кәсіби және тұлғалық жетілуіне өзін тарту. Негізгі тәсілдері: өзін-өзі сынау, өзіне бұйрық беру, міндеттер жүктеу.

Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасы

Өзін-өзі жетілдіру үздіксіз жүретін процесс. Ол тиімді болу үшін мақсат-міндеттерін анықтап алып, оны орындау бағдарламасын жасау қажет.

Бағдарламаның түрі адамның осы жұмысқа даярлығына байланысты әр түрлі нұсқада болады. Мысалы:

1) өзінің ерекшеліктерін зерттеп, өзін-өзі дамытып жүру....

2) университетті қызыл дипломмен бітіру, магистратураға түсу (не үшін), оны аяқтағаннан соң...

3) тұрмыс құру, отбасы мәселелерін шешу жолдарын анықтау....

Өз мақсаттарын іске асыру(самореализация)

Самореализация техникасы негізгі үш элементтен тұрады:

1. ұйымдастыру-басқару тәсілдерін меңгеру;

2. интеллектуалдық даму тәсілдерін меңгеру;

3. психикалық жағдайларды реттеу.

Бағдарламаны іске асыру барысында көптеген қиындықтар туады. Олар тұрмыстық жағдайлармен, қаржы мәселесімен, т.с.с. көптеген себептермен байланысты болуы мүмкін. Өз мақсатын іске асыру бағдарламасы бойынша өзін-өзі тәрбиелеудің негізгі ерекшелігі – ешқандай себеп-сылтаулармен өзіңді ақтамастан сол мақсатқа жету жолдарын іздестіру.

Көптеген психологиялық қасиеттер ерте қалыптасады. Оны өңдеу үшін арнайы жаттығуларды ондаған, жүздеген, мыңдаған рет қайталау қажет (мысалы, дене күшін жетілдіру, денсаулықты сақтау және оған үлкен әсері бар сымбаттылықты сақтау). Бұл жұмыстардың барлығы нәтижесін талдап жүруді талап етеді.

Интеллектуалдық даму негізінде қабылдау, зейін, еске сақтау, ойлау процестерін жетілдіруді талап етеді. Оларға адамның білім мен іскерлікті меңгеруге ынтасын және меңгерген нәрсені жүйеге келтіріп жүруді талап етеді.

Психологиялық жағдайды бақылау, қарым-қатынас мәдениетін жетілдіру тәсілдерін пайдалану келесі көрсеткіші болып табылады.

Ешкім өзі туралы «мен жан-жақты жетілген жанмын» деп айта алмайды

Өмір ағымы адамның алдына жаңа талаптар қоя береді, сондықтан өзін-өзі жетілдіру – аяқталмайтын процесс. Адам бүгін қойылған мақсатқа жеткеннен соң сол кезден бастап күн тәртібіне келесі, одан да күрделі мақсат қояды (Әлия Юсупова дүние жүзі чемпионы болу мақсатына жеткеннен соң не істеу керек? Үлкен спорттан кеткеннен соң не істеуі керек?). Әр адам сол сияқты өзінің алдында тұрған үлкен не кіші мәселені шешкеннен соң келесі кезеңдегі мәселені шешуге кіріседі.

Жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейін психодиагностикалау

Мақсаты:

1. Өзін-өзі танып білу техникасымен танысу;

2. жеке тұлғалық қасиеттердің кәсіби маңыздыларын диагностикалау тәсілдерін меңгеру;

3. «Мен-концепция»-ның қалыптасу деңгейін анықтау;

4. Өзінің психологиялық мінездемелерін талдау жолдарын үйрену.

Факторлық талдаудың өзін-өзі зерттеуге икемделінген нұсқасы.

Орындау ережесі

Сізге 16 жеке тұлғалық психологиялық қасиеттердің тізімі берілген. Олардың әрқайсысының өзіңізге тән деңгейін бағалау үшін қарама-қарсы мағынадағы көрсеткіштер арасында берілген 10 санның біреуін белгілеңіз. 1 саны сол бағандағы көрсеткіштің максималдық деңгейде көрініс беретіндігінің белгісі, ал 10 саны – оң бағандағы көрсеткіштің максималдылығын байқатады. Арасындағы сандар – жоғары, орта, төмен екендігін бағалауға мүмкіндік береді. Осы шкала бойынша өздеріңізді бағалап шығыңыз. Барлық белгіленген сандарды бір-бірімен қосып шаққанда зерттелінушінің психологиялық кескіні (пошымы, профилі) шығады.

 

Бағалау шкаласы

1) 8-10 9) 1-5

2) 8-10 10) 1-5

3) 7-10 11) 4-8

4) 5-8 12) 7-9

5) 1-5 13) 5-10

6) 8-10 14) 3-7

7) 5-8 15) 8-10

8) 6-8 16) 5-8

 

 

Жеке тұлғаның психологиялық даму деңгейін психодиагностикалау

 

Тапсырмалар

 

1.Тұйық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ашық-жарқын

 

2.Инталлекті төмен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 интеллекті жоғары

 

3.Эмоционалдық тұрақсыз 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 байсалды

 

4.Бағынғыш, жұмсақ 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 дербес, қатал

 

5.Ұстамды, ойшыл, зейінді 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қуанышты, бейқам

 

6.Салт-дәстүрді ұстамайды, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 нормаларды ұстайды,

арам адал

 

7.Ұялшақ, абайшыл, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тәуекелшіл, батыл,

тәуекелге бармайды іскер, пысық

 

8.Қаталдық, түрі суықтық 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жұмсақтық, түсінгіштік

 

9.Сенгіштік 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 сенбеушілік

 

10.пысықтық, объективтігі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қиялшыл, салақ

 

11.Тікмінездігі 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тілтапқыштығы

 

12.Мазасыздануы жоғары, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 өзіне сенімі жоғары,

өзіне сенбеушілік бейқамдық

 

13.Консерватизм 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 жаңашыл

 

14.топқа тәуелді, ымырашыл 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 тәуелсіз, өзімшіл

 

15.Өзін қадағалауы төмен, 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 қатал қадағалау, орындау

орындау тәртібі нашар тәртібі жоғары

 

16.Мотивациясы төмен 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 кернеулі, табыстылыққа

табысты емес бағытталған

 

«Өзін-өзі бағалау» тесті

Парақта әр адам өзін-өзі бағалауға арналған 20 жекелік қасиеттер тізімі берілген. Солардың ішінен өздеріңізде ең жақсы дамыған деп есептейтін қасиетіңізді тауып, оның сол жақ тұсындағы «ғ» деген бағанға «1» деген белгі қойыңыз. Сонан соң келесі орында дамыған қасиетіңізді тауып, оны сол жақ «ғ» бағанына «2» деп белгілеңіз, солайша барлық қасиеттердің өз тұлғаңыздағы ретін анықтаңыз.

Келесі кезеңде берілген тізімдегі қасиеттердің сізге тәндігін өзіңіздің әріптесіңіз сізге беретін бағалары бойынша тағы бір рет ранжир жасап, ол номерлерді оң жағындағы «ғ» белгісі бар бағанға түсіріңіз.

Барлық көрсеткіштерді бағалап болғаннан кейін ранг айырмашылығын есептеп тауып оны «Д» және «Д2» бағандарына түсіріңіз.

«Д» символы өзіңіз берген ранг пен әріптестеріңіз позициясымен анықтаған рангтердің айырмашылығы. Оны бірінші бағанадағы саннан үшінші бағандағы санды алу арқылы табасыз.

«Д2» символы осы айырмашылықтардың квадраты.

Осы көрсеткіштер бойынша корреляция коэфициентінің (R) мәнін табу үшін барлық «Д2» көрсеткіштерінің суммасын шығарып келесі формулада берілген амалдарды жасау керек: R =1- 0.00075 x Д2

Бағалау шкаласы:

R = 0,3 ке дейін-корреляция төмен;

R = 0, 7-1,0- жоғары

R =0,4-0,6 – норма

 

 

Өзін-өзі бағалау бланкісі.(үлгі)

 

Аты-жөні: ---------------------------

 

Күні: ------------------

 

 

Қасиеттер Н Д Д2
  Көнгіштік      
  Батылдық      
  Ұстамсыздық      
  Табандылық көрсету      
  Асығыстық      
  Ашық-жарқындық      
  Ұйымдаспағандық Жинақты еместік      
  Мақсаттылық      
  Қорқақтық      
  Жігерлілік      
  Бейқамдық      
  Қамқорлық      
  Дөрекілік      
  Шыдамдылық      
  Өзіне-өзі сенушілік      
  Селқостық      
  Белсенділік      
  Шешендік      
  Қырсықтық      
  Тілектестік      

 

 

«Мен концепцияны» талдау

А.Мен кіммін деген сұраққа 10 рет жауап беріңіз. Бұл тапсырманы өте тез орындау қажет. Жауаптарыңызды ретке келтірмей,ойларыңызға қандай болып келсе, сол қалпында параққа жазыңыз.

 

 

Мен кіммін?
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

Б.Ата-аналарыңыздың біреуі сіз туралы қандай пікірі бар екенін төменгі кестеге түсіріңіз.

 

Ата-аналарыңыздың біреуі сіз туралы қандай пікірі бар?
   
   
   
   
   
   
   
   
   
   

 

 

В. Ең жақсы досыңыз сізді қандай адам деп бағалайтынын келесі кестеге түсіріңіз.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: