Ші субтест «Орнын табу» 6 страница

А)психоэмоционалдық зорланудың белгілері еш уақытта байқалмайды;

Б)психоэмоционалдық зорланудың белгілері қиналған кездерде ғана көрініс береді;

В)психоэмоционалдық зорланудың белгілері өте жиі және көбінесе ешқандай себепсіз көрініс береді.

29.Психоэмоционалдық зорлану белгілерінің көрініс беру уақытының ұзақтығы:

А)психоэмоционалдық зорлану белгілері көрініс берсе де өте қысқа мерзімде әдеттегі жағдайға қайтып оралады;

Б)психоэмоционалдық зорлану белгілері қызмет бабында жүргенде, қиналып жүрген уақыттың барлық кезеңдерінде анық байқалады да, біраз демалғаннан соң әдеттегі қалыпқа келеді;

В)психоэмоционалдық зорлану белгілері жансерік болып қалғандай, қиындықтарды жеңгеннен соң да ұзақ уақыт көрініс беріп жүреді.

30.Психоэмоционалдық зорлану белгілері көрінісінің деңгейі:

А)психоэмоционалдық зорлану белгілері жоқ немесе өте әлсіз көріністе;

Б)психоэмоционалдық зорлану белгілерінің көрініс беруі орта деңгейде;

В)психоэмоционалдық зорланудың белгілері анық байқалатын жоғары деңгейдегі көрініске ие.

 

 

Астеникалық жағдайды бағалау шкаласы

 

Л.Д. Малкованың әдістемесі астеникалық жағдайды сипаттайтын 30 тұжырымдамадан тұрады. Жауаптарды талдау арқылы әлсірететін эмоционалдық жағдайға зерттелінушінің бөленетіндігі және астенияның күші бағаланады.

Орындау ережесі: Зерттелінушіге төменде келтірілген тұжырымдамалар жазылған бланк таратылады. Оны толтыруға келесі нұсқау беріледі: Тест мәтініндегі тұжырымдамаларды оқып шығып, олардың тұсында төрт бағанда көрсетілген бағалардың қайсысы Сіздің қазіргі жағдайыңызды көрсететін болса, сол жауапты бағалау шкаласына сай келетін баллмен бағалаңыз.

Бағалау шкаласы:

балл – жоқ, дұрыс емес,

балл -мүмкін, сондай шығар,

балл - дұрыс

балл - өте дұрыс, басқаша болуы мүмкін емес.

 

Нәтижесін талдау:

Әр тұжырымға жауап ретінде белгілеген баллдарының суммасын шығару арқылы зерттелінушінің жинаған баллдары анықталады.Шкала диапазоны 30 баллдан 120 баллға дейін болуы мүмкін.

 

30-50 балл – астенияның белгісі жоқ

51-75 балл - әлсіз астения кейде көрініс береді

76-100 балл - астения анық байқалады.

 

Тапсырмалар
  1. Жұмысты қиналып орындаймын
  2. Бір нәрсеге зейінімді шоғырландыруға қиналамын
  3. Менің басқа жыныс өкілдерімен қатынасым мені
қанағаттандырмайды
  1. Бір нәрсені күткенде жүйкем тозады
  2. Бұлшық еттерім босаңсып тұрғанын сезінемін
  3. Театр немесе киноға барғым келмейді
  4. Мен ұмытшақпын
  5. Мен өзімді қатты шаршап жүргендей сезінемін
  6. Көп оқысам көзім шаршайды
  7. Менің қолым дірілдеп кетеді
  8. Тәбетім нашар болып жүр
  9. Кештерге баруға, компанияға баруға қиналамын
  10. Оқыған нәрсемнің мағынасын түсінуге қиналамын
  11. Менің аяқ қолым жылымайды
  12. Менің намысыма тию оңай
  13. Менің басым ауырады
  14. Мен төсектен шаршап, тынықпағандай болып тұрамын
  15. Басым айналатын кездер болады
  16. Бетімнің еттері тартылып, лыпылдап тұратын кездері болады
  17. Құлағым шыңылдап тұрады
  18. Мені жыныстық мәселесі мазалайды
  19. Басым ауырып тұрғанын сезінемін
  20. Денемді көтере алмай жүремін
  21. Шекем солқылдап ауырады да тұрады
  22. Өмірім кернеулі жағдайларға тола
  23. Басымды сақина қысып тұрғандай мсезінемін
  24. Дабыр шудан тез оянамын
  25. Адамдар мені шаршатады
  26. Қобалжысам қара тер бұрқ ете қалады
  27. Әр түрлі ойларға бөленгенде ұйқым қашып кетеді
   
   
   

 

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

1 2 3 4 5

 

Агрессияны бағалау тесті.

 

Мақсаты: бұл тест көмегімен агрессияны және агрессивті мінез көрсету деңгейін анықтау және тұлғааралық қатынастағы адамның сыпайлық көрсетуге қабілеті, «қоян мен қасқыр» қатынасының орын алатындығын бағалау.

Орындау ережесі: тұлғааралық қатынаста агрессивтік мінез көрсетуіңізді анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауаптардың біреуін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап парақтағы сұрақ нөмірінің тұсына жазып қойыңыз.

Бағалау шкаласы.

А) жауапқа – 1балл.

Б) жауапқа – 2 бала.

В) жаупқа – 3 балл.

Нәтижесін талдау. Барлық жауаптар бойынша жинаған баллдарынының қосындысын шығару керек.

36-44 балл жинағандардың агрессиясы бір қалыпты, өзін қорғауға жетерлік деңгейде, өмірде табысты болуға өзіне сенімділігі мен қабілетінің көрсеткіштері жеткілікті деңгейде.

45 және одан жоғары балл жинағандардың агрессивтілігі нормадан артық, көбінесе ұстамсыздық пен өзгелерге, ешқандай себепсіз, ерекше қаталдық көрсетеді. өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін қажетті әдіс-тәсілдерді өзі анықтайды. отбасындағылар мен басқа қоршағандарға оның тигізетін әсерінің оң-терісімен есептейді. Сондықтан басқалар онша ұнатпайтынына өзі де таңырқамайды, ал егер реті келсе, сол үшін оларды жазалайды.

35 және одан төмен балл жинағандар. Өз күші мен мүмкіндіктеріне сенімі төмен болғандықтан қоршағандармен тіл табысуға тырысады. Оларға батылырақ болу керек және өз дегеніне сенімін жоғарлатуға бар мүмкіндіктерін пайдалануы керек.

Жеті және одан көп сұраққа 3 баллдан, сондай-ақ, жеті және одан аз сұраққа 1 баллдан жинағандардың агрессивтілігі бір нәрсені жөндеуден гөрі талқандауға бейімірек болғаны. Ол ойланбастан ұрыс-керіске барады, өзінің тік мінезділігінен басқалардың агрессиясын тудырады және шытырман жағдайларға алып келеді.

Жеті және одан көп сұраққа 1 баллдан, сондай-ақ, жеті және одан аз сұраққа 3 баллдан жинағандар - өте тұйық адамдар. Олар агрессивтілік мінез көрсетпейді, бұл қасиеті өте төмен деңгейде дамыған.

Басқа көрсеткіштерге ие болғандардың агрессивтілігі нормада, өзін қорғауға жеткілікті және сыйысымды болуға ешқандай кедергі жасамайтын деңгейде.

 

 

Тапсырмалар.

1.Кикілжің жағдайдан кейін келіспеушілікке келген адаммен татуласу жолдарын іздейсіз бе?

А)Барлық уақытта.

Б)Кей кезде.

В)Еш уақытта.

2.Шытырман жағдайда өзіңізді қалай ұстайсыз?

А)Іштен тынасыз.

Б)Сабырлық сақтайсыз.

В)Өзіңізді ұстай алмай қаласыз.

3.Сізді жолдастарыңыз қандай адам деп есептейді?

А)Өзін жоғары бағалайтын және өзгелерді көре алмайтын.

Б)Жылы шырайлы.

В)Байсалды және ақ тілекті.

4.Жауапкершілігі мол жұмысты тапсырғанда:
А)Кішкене қауіптенесіз.

Б)Ешқандай тайсалмай қабылдайсыз.

В)Өзіңіздің тыныштығыңызды ойлап, бас тартасыз.

5.Сіздің бір қағаздарыңызды рұқсатсыз біреу алып қойса.

А)Оның «жанын аласыз».

Б) Қайтарып беруді талап етесіз.

В)Тағы бір нәрсеге керек емес пе екен деп сұрайсыз.

6.Егер сіздің кіші ініңіз немесе сіңіліңіз (қарындасыңыз) мектептен кеш оралса, оны қалай қарсы аласыз?

А)Сен не істеп, қайда жүрдің?

Б)Кешке дейін не бітірдің?

В)Мен уайымдай бастадым.

7.Афтокөлікке мінгенде өзіңізді қалай ұстайсыз?

А)Басқа машиналардан неге озып кетпей жүрміз?

Б)Қалай жүргенімен жұмысыңыз болмайды.

В)Басқалардан озып кетуді талап етесіз.

8.Өмірге көзқарасыңызды қалай деп есептейсіз?

А)Тепе-теңдікте.

Б)Жеңілтектікпен.

В)Қаталдықпен.

9.Ойлағаныңыз болмай қалғанда не істейсіз?

А)Оған өзгелер кінәлі.

Б)Көнесіз.

В)Осы жағдайдан кейін абайлап жүретін боласыз.

10.Қазіргі жастарды опасыз боып кеткен деп көрсететін сын мақалаларға қалай қарайсыз?

А)Жастардың ондай орындарға баруына тиым салу керек.

Б)мәдени орындарды көбейтіп, жастардың бос уақытын көңілді өткізуіне жағдай жасау керек.

В)Неге олардың барлығын құртпайды екен.
11.Егер Сіз отырайын деген жерге басқа біреу иеленген болса:

А)Соған бола несіне жүйкемді тоздырдым?

Б)Оқытушыларға оның түрі ұнаған шығар.

В)Келесіде менің жолым болатын шығар.

12.қорқынышты фильмдарға көзқарасыңыз:

А)Қорқасыз.

Б)Зерігесіз.

В)Ләзаттанасыз.

13.Жолдағы көлік бөгеттерінің кесірінен сабаққа кешігіп қалсаңыз:

А)Сабақта мазасызданып отырасыз.

Б)Оқытушылардың аяныш сезімін оятуға тырысасыз.

В)Ашуланасыз.

14.Спорттағы жетістіктеріңізге көзқарасыңыз:

А)Барлық уақытта жоғары орындарға қол жеткізуге тырысасыз.

Б)Өзіңіздің жарыстарға қатысқандарыңызға қанағаттанасыз.

В)Артта қалсаңыз ашуланасыз.

15.Ресторан не кафеде Сізге қызмет көрсеткеніне көңіліңіз толмаса:

А)Дау-дамайдан қашып, үндемейсіз.

Б)Официантты шақырып алып оған ескерту жасайсыз.

В)Ресторан не кафенің иесіне барып шағым жасайсыз.

16.Мектепте Сіздің ініңізге немесе сіңіліңізге (қарындасыңызға) оқушылардың біреуі тиіссе:

А)Мұғаліммен сөйлесесіз.

Б)Кішкентай «тәртіп бұзушымен» жақсылап сөйлесесіз.

В)Оған дәл сондай жауап қайтару керек деп түсінесіз.

17.Сіз өзіңізді қандай адаммын деп есептейсіз?

А)Орташа.

Б)Мен-мен.

В)Барлық жерде жол табатын.

18.Егер сізді бір бала қағып кетіп, кешірім сұрай бастаса:

А)Мен өзімде кінәлімін.

Б)Қоя бер, онда тұрған ешнәрсе жоқ.

В)Алдыңа қарап жүрмейсің бе?

19.Оқушылар арасындағы тәртіпсіздіктер туралы газетке жазылса:

А)Қашан осындайларға қарсы әсерлі шаралар қолданылады екен?

Б)Мектепте оқушыларды ұрып-соғуға рұқсат беру керек.

В)Барлығын оқушыларға жаба беруге болмайды, мұғалімдер де кінәлі.

20.егер Сіз қайтадан жануар болып тууыңызға мүмкіндік болса, олардың ішінен қайсысы болғаныңызды ұнатар едіңіз?

А)Жолбарыс немесе леопард.

Б)Үй мысығы.

В) аю.

 

 

Жеке тұлғаның бағыттылығын анықтау тесті.

Мақсаты: жеке тұлғаның іс-әрекетіне негіз болатын мотивациясының жетекші бағытын және жалпы бағыттылығын бағалау.Жеке тұлға мотивациясы келесі үш бағытта болу мүмкін:1.Өзіне бағытталған (Ө) – табысты болғандығын марапаттауды талап ету, статусын жоғарлатуда агрессивтілік көрсету, бәселекестікке құмарлық, мазасыздануы жоғары болуы, интероверсиялы. 2.Басқаларға бағытталған (Б) – барлық уақытта өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болуға ниет білдірушілік, ынтымақтастық, баршаның жағдайын ойлаушылық, ізгі ниеттілік, топқа тәуелділік. 3.Іс-әрекетке бағытталған (І) – іскерлік қатынасқа бейімділік, барлық уақытта жұмыста табысты болуға, мәселені шешу жолдарын анықтауға бағытталған, өз пікіріне сүйенетін.Жауап парақты толтырғанда зертелінушінің оған түсірген әріп белгілері оның бағыттылығының ерекшелігін көрсетеді. Ол жауаптарды өңдеу үшін келесі кестеде берілген кілтті пайдалану керек.Нәтижені бағалау кілті.

Тапсырма номері Ө І Б Тапсырма номірі Ө І Б
  А В Б   Б В А
  Б В А   А В Б
  А В Б   А В Б
  В Б А   А Б В
  Б А В   А Б В
  В А Б   В Б А
  В Б А   Б А В
  А Б В   Б А В
  В А Б   В А Б
  А В Б   Б В А
  Б В А   А В Б
  Б А В   В А Б
  В А Б   Б А В
  А В Б        

Бағалау шкаласы.«Келісемін» деген жауап кілтке сай келсе-2-балл, «келіспеймін» деген сай келгеніне-0-балл, таңдалынбаған бағыттылық үшін – 1балл.

Баллдарды есептеу ыңғайлы болу үшін келесі кестені пайдалануға болады.

Тапсырма номері Ө І Б Табсырма номері Ө І Б
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
               
БӘРІ              

Бағыттылық бойынша жинаған баллдар санының жоғарылығы зерттелінген адамның сол көрсеткіштерге бағыттылығы жеткілікті екенінің белгісі.

Орындау ережесі: Әдістемеде 27 тұжырымдама берілген. Олардың әрқайсысына үш варианты жауап берілген. Ұсынылған жауаптар варианттарының ішінен өз пікіріңізге сай келетінін таңдап алып, оның әріптік белгісін жауап парақтарға «келісемін» деген бағанға сұрақ нөмірінің тұсына қойыңыз. Енді жауаптардың ішінен Сіздің пікіріңізге сай келмейтін, немесе мақұлдамайтын жауаптың әріптік белгісін «келіспеймін» деген бағанға сұрақ нөмірінің тұсына қойыңыз. Жауапты өз пікіріңізге сай келетіндей етіп таңдауға тырысыңыз.

 

Тапсымалар.

1.Мені қанағаттандыратын нәрсе;

А)Жұмысымның нәтижесі жоғары бағаланғаны.

Б)Жұмысымды сапалы орындағанымды сезінгенім.

В)Мен достарымның ортасында жүргенімді сезінгенімді.

2.Егер мен футбол (волейбол, баскетбол) ойнайтын болсам, ондағы орным келесідей болғанын қалаймын.

А)Ойын тактикасын анықтайтын тренер ретінде

Б)Атақты ойыншы

В)Команда сайлаған капитан.

3.Менің ойымша жақсы педагог мынадай адам болуы керек:

А)Әр баланы жан-жақты танып білуге қызығатын және олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін.

Б)Өз пәніне қызығатын және оны терең білгендіктен оқушылардың да пәнге деген ынтасын тудыру.

В)Ұжымдағылардың барлығына өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік бертін.

4.Адамдарда маған ерекше ұнайтын нәрсе.

А)Жұмысты орындағанына қуанатындығы

Б)Ұжымда жұмыс істегеннен ләзаттанатындығы.

В)Өз жұмысын басқалардан жақсы орындауға тырысатындығы.

5.менің достарымның мынандай болғанын қалаймын.

А)Мүмкіндігінше адамдарға көмектесіп тұратын

Б)Мен дегенде жанын беретін

В)Өте білгер және қызықты.

6.Ең жақсы дос деп келесі адамдарды есептеймін.

А)Сыйластық қарым-қатынастағыларды.

Б)Барлық уақытта сенім артуға болатын.

В)Өмірде үлкен табыстарға қолын жеткізе алатындарды.

7.Менің ең жаман көретін нәрсем.

А)Бір нәрсе қолымнан келмей жатқаны.

Б)Жолдастарымменен тіл табыса алмай қалған кез.

В)Мені өзгелердің сынағаны.

8.Меніңше, мұғалімнің ең жаман жері:

А)Кейбір оқушыларды ұнатпайтынын еш жасырмастан, оларды келемеждеп, сықақтап отыратындығы.

Б)Ұжымдағылар арасында бәсекелестік тудырғаны.

В)Өз пәнін нашар білетіндігі.

9.Кішкентай кезімде келесі нәрселер маған ерекше ұнайтын.

А)Уақытты достарыммен өткізу.

Б)Тапсырмаларды жақсы орындағаным

В)Бір орындаған нәрсе үшін үлкендердің мақтағаны.

10.Менің ұқсағым келгендер:

А)Өмірде табысты болғандар.

Б)Өз жұмысын беріліп істейтіндер.

В)Жылы шырайлы, тілектестікпен қатынас жасайтындар.

11.Мектептің ең бірінші міндетті.

А)Өмір ағымының адам алдында қойып отырған мәселелерін шешуге үйрету.

Б)Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

В)Өзгелермен қатнас жасауға қажетті қасиеттерді қалыптастыру.

12.Егер менің бос уақытым көбірек болса, оны былайша пайдаланар едім:

А)Достарыммен бірге болуға.

Б)Уақытымды көңілді өткізуге.

В)Білімімді жетілдіруге.

13.Мен ерекше табысқа жетуімнің шарттары:

А)Мені ұнататын адамдармен жұмыс істеу.

Б)Қызығатын жұмысымды орындау.

В)Жақсы жалақы төлену.

14.Менің ерекше жақсы көретін нәрсем:

А)Мені басқалардың жоғары бағалағаны.

Б)Жұмысымды өте сапалы орындағаным.

В)Достарымның ортасында уақытымды көңілді өткізгенім.

15.егер мен туралы газетте жазатын болса, келесі мәселелерді жариялағанын қалар едім.

А)Менің қатынасуыммен жүрген оқу процесі, орындаған жұмысым, спортқа қатынасқаным туралы.

Б)Менің іс-әрекеттерім туралы..

В)Мен қызмет атқаратын ұжым туралы.

16.Менің жақсы оқуым үшін оқытушының келесі қасиеттері болуға тиіс:

А)Әр адамның жеке ерекшеліктерін ескеретін.

Б)Пәніне қызықтыратын.

В)Тақырыптар бойынша пікірлерді талдайтын.

17.Менің ойымша ең жаман нәрсе:

А)Адамның намысына тию.

Б)Маңызды мәселені шешуде сәтсіздікке жолығу.

В)Достардан айырылу.

18.Менің ең жоғары бағалайтыным:

А)Табысты болу.

Б)Көпшілікпен бірге жұмыс жасау.

В)Тапқырлық пен ақылдылық.

19.Менің ұнатпайтын адамдарым:

А)Өздерін кемсітіп жүретіндер.

Б)Ешкіммен тіл табыса алмайтын, шатақ мінездер.

В)Жаңалықтың бәріне қарсы шығатындар.

20.Сүйсінетінім.

А)Баршаға пайдалы істі орындау.

Б)Достарыңының көп болғаны.

В)Баршаға ұнамды және олар қызығатындай болу.

21.Басшы мынадай болу керек.

А)Ашық жүзді.

Б)Беделді.

В)Қатал.

22: Босуақытымда мынандай кітаптарды оқыр едім:

А)Адамдармен тіл табысқыш болуды үйренетін.

Б)Атақты адамдардың өмірбаяны туралы.

В)Ғылым мен техникадағы жаңалықтар туралы.

23.Егер музыкалық қабілетім болса, мен келесі саладағы мамандықты қалар едім.

А)Дирижер

Б)Композитор.

В)Әнші

24.Мүмкіндігім болса мен:

А)Қызықты конкурс ойлап табар едім.

Б)Конкурстардан жүлдегер болар едім.

В)Конкурстарды ұйымдастырып, оны басқарар едім.

25.Менің білгім келетін нәрсе:

А)Не істегім келетінін

Б)мақсатқа жету жолын.

В)Мақсатқа жету үшін басқаларды жұмылдыру жолдарын.

26.Әр адам келесі міндетті орындауға тырысуы керек:

А)Өзгелердің көңілін табуға

Б)Өзінің алдында тұрған мақсатына жетуге

В)Орындамаған жұмыстар үшін өзгелерді кінәламауға.

27.Мен бос уақытымды жақсы тынығуға пайдалану кепілдігі:

А)Достарыммен өткізу

Б)Көңілді фильмдерді көру.

В)Жақсы көретін жұмысымды жасау.

 

Жауап парақ үлгісі

 

Тапсырма номері Келісемін Келіспеймін Тапсырма номері Келісемін Келіспеймін
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: