Ші субтест «Орнын табу» 3 страница

Ә - әлеуметтік маңыздылығы бар мотивтер

+ -оң белгідегі мотив

- - теріс белгідегі мотив.

Ең жоғарғы балл жетекші роль атқарған мотивті көрсетеді.

Тест жүргізу үшін тұжырымдамалар жазылған бланктер таратылып беріледі. Әр сұрақтың тұсында баға қоюға арналған және мотив түрін белгілеуге арналған бағандар бар. Зерттелінушілерге жауап парақтарын қосып беруге болады. Ол парақтарда сұрақтар номері мен баға қоюға арналған орындар бар.

«Мамандық таңдау мотиві»әдісін жүргізуге арналған бланк.

Тұжырымдамалар    
  Жауапкершілікті талап етеді    
  Көпшілікке пайдасы өте үлкен    
  Кәсіби шеберлікті қалыптастыруға және оны күнделікті жетілдіруге мүмкіндігі мол    
  Басшылық қызметке қабілеттілікті жүзеге асыруға мүмкіндік береді.    
  Баршаға қажетті еңбек нәтижесіне жетуге болады    
  Әртүрлі адамдармен қатынас жасау мүмкіндігі    
  Менің қабілетіме сай келеді    
  Дене күші мен ақыл-ойды дамытады    
  Тартымды қызмет    
  Шығармашылық көрсетуге мүмкіндігі мол    
  Жаңа жерге көшіп баруды талап етеді    
  Жалақысы жоғары    
  Үйдің қасынан жұмыс орнын тауып алуға болады    
  Мектепте жақсы көріп оқыған пәнге негізделген    
  Кәсіби біліктілікті жұмыстан тыс жерлерде пайдалануға мүмкіндік бар    
  Ата-анама ұнайды    
  Қажетті құрал жабдықтары отбасынанда табылады    
  Қазіргі кезде жоғары бағаланады    
  Жағдайым тек осы мамандыққа даярлықтан өтуге мүмкіндік береді.    
  Достарым осы саланы таңдады    
Қорытынды: Ә- Ж- + - - -    

 

Зерттеу нәтижесін талдау.Жиналған баллдар санына байланысты мамандық таңдауға негіз болған жетекші мотив анықталады.

 

Оқушылардың қызығушылықтырының картасын жасау әдістемесі.

 

Мақсаты: Кәсіби бағдар беру жұмысын ұйымдастыру барысында оқушылардың қай салада қызмет атқаруға ниетін ескеруге арналған қызығушылықтарының картасын жасау.

Зерттеу жүргізу үшін оқушылардың қызығушылықтарының картасын анықтауға арналған 174 сұрақтан тұратын сауалнама ұсынылады. Бұл тесттпен зерттеу нәтижесінде зерттелінушінің қызығушылығы келесі 29 бағытта талданады:

 

1- Биология 2- география 3- Геология 4- Медицина 5- Жеңіл өндіріс 6- Физика 7- Химия 8- Техника 9- Электро және радио техника 10- Металды өңдеу 11- Ағашты өңдеу 12- Құрылыс 13- Көлік 14- Әуе және мұхит көлігі   15.Әскери мамандықтар 16.Тарих 17. Әдебиет 18. Журналистика 19.Қоғамдық қызмет 20. Педагогика 21.құқық юриспруденция 22.Қызмет көрсету жүйесі 23.Математика 24. Экономика 25.Шеттілдер 26.Сурет өнері 27. Сахналық өнер 28. Музыка 29.Дене тәрбиесі және спорт

 

Зерттеу жұмысын жеке дара немесе топпен жүргізуге болады.

 

Нәтижесін талдау.

Жауап парақтағы әр баған бойынша оң жауаптар санын есептеп шығу керек. Қай бағыт бойынша жинаған баллдар көп екенін анықтау барысында бірдей балл жиналған бағыттардағы берілген жауаптардың ішіндегі оң және теріс белгілердің саын салыстырып көру керек. Олардың ішіндегң минус «-» белгілері азырақ болғанына қызығушылығы басым деп саналады. Қызығушылықтаң бағытын анықтағанда ең көп плюс «+» белгі қойылған бағыт бірінші орынға, ең көп минус «-» белгі қойылғандар ең соңғы орынға қойылады.

Бағалау шкаласы.

-12-ден -6-ға дейін – жоққа шығаруы өте жоғары.

-5-тен -1ге дейін – қызығушылығы теріс белгіде.

+1-ден +4-ке дейін – қызығушылығы төмен

+5-тен +7-ге дейін – қызығушылығы анық байқалады.

+8-ден +12-ге дейін – қызығушылығы өте жоғары.

 

Орындау ережесі. Жетекші қызығушылықтарды анықтау үшін келесі тапсырмаларды орындау керек,әр сұрақты мұқият оқып оған дәлірек жауап беруге тырысыңыз.Егер сұрақта айтылған мәселе Сізді өте қызықтыратын болса жауап парақтағы сұрақ номерінің тұсында жауаптар вариантының ішінен екі плюс ++ белгісі қойылған бағанға белгі қойыңыз,егер ұнайтын болса бір плюс + қойылған бағанға, ұнайтындығына онша сенбесеңіз – ноль 0 деп бағаланатын бағанға, ұнамайтын болса – бір минус – бағанына, ал егер бағыттағы қызмет тіптен барма,жоқпа ол мәселе сізді ешқандай қызықтырмайтын болса- екі минус – қойылған бағанға белгі қойып шығыңыз

 

Қызығушылықтар Бағыттары Жауап варианттары
++ +   - --
  Биология          
  География          
  Геология          
  Медицина          
  Жеңіл өндіріс          
  Физика          
  Химия          
  Техника          
  Электро және радио техника          
  Металды өңдеу          
  Ағашты өңдеу          
  Құрылыс          
  Көлік          
  Әуе және мұхит көлігі          
  Әскери мамандықтар          
  Тарих          
  Әдебиет          
  Журналистика          
  Қоғамдық қызмет          
  Педагогика          
  Құқық,юриспруденция          
  Қызмет көрсету жүйесі          
  Математика          
  Экономика          
  Шет тілдер          
  Сурет өнері          
  Сахналық өнер          
  Музыка          
  Дене тәрбиесі және спорт          

 

Тапсырмалар

  1. Жануарлар мен өсімдіктер өмірімен танысу
  2. География сабақтары мен география кітаптарын оқу
  3. Геологиялық экспедициялар туралы ғылыми және әдеби шығармаларды оқу
  4. Адам анатомиясы және физиологиясы пәнінен сабақтар мен оқулықтарға қызығу
  5. Үй тұрмысы бойынша сабақтар және сол сабақтан үйге берілген тапсырмаларды орындау
  6. Физикадағы ғылыми жаңалықтарды ашу үшін жүргізілген зерттеулер мен зерттеу жүргізген ғалымдар туралы әдебиеттерді оқу.
  7. Химия туралы ғылыми шығармаларды және химияға үлкен үлесін қосқан ғалымдар туралы әдебиеттерді оқу.
  8. Техника туралы журналдарды оқу.
  9. Электротехника мен радиотехникадағы жаңалықтарды жариялайтын басылымдарды оқу
  10. Неше түрлі металлдардың қасиеттерімен танысу
  11. Ағаштардың түрлері мен оларды пайдалану салаларымен танысу
  12. Құрылыстағы жетістіктермен танысу
  13. Неше түрлі транспорттар және оны жүргізушілер туралы мәліметтермен танысу
  14. Ұшқыштар мен косманавттар туралы кітаптарды оқу
  15. Әскери техникалармен танысу
  16. Тарихи оқиғалармен және тарихта аты қалған кейіпкерлердің өмірбаянымен танысу.
  17. Отандық және шетелдік әдебиет классиктерінің шығармаларын оқу.
  18. Газет пен журнал материалдарын оқу
  19. Сынып және мектеп өмірін талқылау
  20. Мектеп өмірі туралы кітаптарды оқу
  21. Милиция қызметі туралы кітаптарды оқу, фильмдерді көру.
  22. Өзіңіз тұратын,оқитын,жұмыс істейтін орынның сәнді және таза болуы туралы ойлану
  23. «Қызықты математика»сияқты кітаптарға қызығатындығы
  24. Экономикалық географияны білуге ынта
  25. Шет тілдерге қызығушылық
  26. Сурет өнерінің даму тарихына, атақты суретшілер өміріне қызығушылық
  27. Сахна,кино өнерінің шеберлерінің өміріне қызығу, кездесулерге қатысу, суреттерін жинау.
  28. Атақты музыканттар және музыкалық шығармалармен, оның теориясымен танысуға құмарлық
  29. Спорт газет журналдарын,спорт туралы кітаптарды, атақты спотшылар туралы шығармаларды оқу.
  30. Биология,зоология,ботаника пәндерімен мұқият танысу
  31. Географиялық шығармалар көмегімен көптеген елдермен танысу
  32. Атақты геологтар өмірбаянымен танысу
  33. Медицинадағы жетістіктер,адамдардың неше түрлі ауруларын емдеу жолдарын іздеу туралы мәліметтермен танысу
  34. Жеңіл өндіріс орындарына экскурсияға шығуға құмарлық
  35. «Қызықты физика», «Физиктер әзілдері» сияқты кітаптарды оқу
  36. Табиғаттағы химиялық құбылыстарды табу,химиялық реакциялардың жүруін бақылау
  37. Техникадағы жаңалықтар мен газет-журналдарды оқып тұру, теледидардағы техника туралы көрсетілімдерден мәлімет алу
  38. Радиотехника үйірмелеріне қатысу,электр жұмысымен танысу
  39. Металлды өңдеу құралдарымен танысу және оларды пайдалану жолдарын үйрену
  40. Ағаштан заттар жасағандардың жұмысын бақылау, жаңа жиһаздармен танысу
  41. Құрылысшылармен кездесу, олардың жұмысын бақылау
  42. Көліктер туралы мәліметтермен танысу
  43. Теңізшілер туралы кітаптар оқу, фильмдер көру
  44. Әскери тақырыптардағы кітаптарды оқу,фильмдерді көру, соғыстар тарихымен танысу
  45. Отандағы және шет елдердегі саяси мәселелерді талқылау
  46. Әдебиетті сынайтын мақалаларға қызығушылық білдіру
  47. Радио мен телебағдарламадағы жаңалықтарды және білім беретін тақырып бойынша бағдарламаларды көру
  48. Қалада,Республикада және шет елдерде болып жатқан оқиғалардан хабардар болу
  49. Тапсырмаларды орындауға шамасы келмей жатқан сыныптастарға оны түсіндіріп отыру.
  50. Достардың, таныстардың немесе әдебиет кейіпкерінің қылықтарын әділетті бағалау.
  51. Отбасын қажетті тамақпен қамтамасыз ету; саяхатқа шыққанда топтағылардың барлығын қамтамасыз етіп тұру.
  52. Математика сласындағы ғылыми жаңалықтармен танысып тұру, атақты математиктердің өмірбаянымен танысу.
  53. Шаруашылықтың өндіріс жоспарын орындау жолдарына қызығушылық білдіру.
  54. Шет тілдегі көркем әдебиеттерді оқу.
  55. Газет шығаруға, оның редакция алқасында болуға қызығу.
  56. Драма театрына барып тұру.
  57. Опера немесе симфониялық музыканы тыңдау.
  58. Спортық іс-шараларға жанкүйер болып қатысу, спорттық газет-журналдарды оқып тұру.
  59. Биологиялық үйірме жұмысына қатысу.
  60. Географиялық үйірме жұмысына қатысу.
  61. Минералдар жинау, жердің геологиялық объектілері туралы жазбалар мен суреттерін жинау.
  62. Ағза мүшелерінің функцияларымен танысу, аурулардың орын алу себептерін анықтау.
  63. Кулинарлар үйірмесіне қатысу, үйде тамақ даярлау.
  64. Физикадан тәжірибелер жүргізу.
  65. Ерітінділер даярлау, реактивтерді таразыға тарту.
  66. Неше түрлі миханизмдерді жөндеу, бұзып, қайта жинау.
  67. Өлшеу приборларын пайдалану, әртүрлі өлшемдер жүргізу (осцилограф, вольтрметр, амперметр көмектерімен).
  68. Металлдардан неше түрлі заттар жасау.
  69. Ағаштан неше түрлі заттар жасау немесе оюлар ою.
  70. Неше түрлі құрылыстардың, ғимараттардың жоспарын сызу, суретін салу.
  71. Жас автомобилистер мен темір жолшылар үйірмесіне қатысу.
  72. Авиамодельшілер, парашютшілер үйірмелеріне қатысу, авиаклуб мүшесі болу.
  73. Мылтық ату секциясына қатысу.
  74. Мемлекеттердің, ұлттардың пайда болу тарихын зерттеу.
  75. Әдебиеттен сыныпта және үйде орындайтын шығармалар жазу.
  76. Басқа адамдардың мінез-құлқын және басқа ерекшеліктерін бақылау.
  77. Қоғамдық жұмыста белсенділік білдіру,қоғамдық тапсырманы орындауға жолдастарын жұмылдару.
  78. Бос уақыттын кішкентайлармен өткізу, оларға кітап оқып, әңгіме айтып беру, басқа да тәлім-тәрбиелік көмек көрсету.
  79. Өз құрбылары мен өзінен кейінгілерді тәртіп сақтауға шақыру.
  80. Сатушы, аспаз, даяшы жұмыстарына көңіл аудару.
  81. Математикалық үйірме жұмысына қатысу.
  82. Өндірістің дамуы туралы мәліметтер жинау, өнімді жоспарлау және өндіру туралы жаңалықтармен танысу.
  83. Шет тілдер сөздіктерімен жұмыс жасау, басқа тілдерде сөйлеу ерекшеліктеріне қызығу.
  84. Өнер көрмелеріне, мұражайларға барып тұру.
  85. Сахналық қойылымдарға қатысу.
  86. Музыкалық аспаптардың біреуінде ойнау.
  87. Спорттық ойындар ойнау.
  88. Жануарлар мен өсімдіктердің өсуін бақылау, оның нәтижесін журналға жазып отыру.
  89. Географиялық карталар жасау, неше түрлі географиялық материалдар жинау.
  90. Минералдар колекцияларын, геологиялық мұражайға арналған экспонаттар жинау.
  91. Дәрігер, фармацевт, медбике жұмыстарымен танысу.
  92. Киім пішу және тігу үйірмелерінің жұмысына қатысу.
  93. Физика пәнінен факультативтерге қатысу.
  94. Химия пәнінен факультативтерге қатысу.
  95. Техникалық үйірмелердің біреуінің жұмысына қатысу (кеме, самолет модельдеу).
  96. Электр құралдары, электроппараттар, электромашиналар құрылысымен танысу; радиоқабылдағыштарды, басқа техникалық құралдарды жөндеу.
  97. Еңбек сабақтарында слесарлық, токарьлық станоктарда жұмыс істеуді меңгеру.
  98. «Шебер қол» немесе ағаш ұстасы үйірмелеріне қатысу.
  99. Құрылыс орындарына барып онда жүргізіліп жатқан құрылыс объектілерімен танысу.
  100. Жол жүргізушілер мен көлік жүгізушілерінің жол ережелерін сақтауын қадағалау.
  101. Ескекшілер, желкеншілер, аквалангистер жұмысымен танысу, құтқарушылар жұмысын атқару.
  102. Әскери ойындарға қатысу.
  103. Тарихи мұражайлармен, мәдениет ескерткіштерімен танысу.
  104. Әдебиет үйірмесіне және факультативтеріне қатысу.
  105. Жеке күнделік жүргізу.
  106. Сынып сағаттарында халықаралық мәселелер бойынша баяндама жасау.
  107. Кіші мектеп оқушыларымен жұмыстар жүргізу.
  108. Адамдардың жасырғысы келген қылықтары мен мінез-құлық ерекшеліктерінің себептерін анықтауға қызығушылық білдіру.
  109. Тұтынушіға қажетті нәрселерін таңдап алуға көмектесу.
  110. Қиын математикалық есептерді шығару.
  111. Шығыс-кірісті есептеп жүру.
  112. Шет тілдер үйірмелері мен факультативтеріне қатысу.
  113. Көркемсурет үйірмелеріне қатысу.
  114. Көркемөнерпаздар конкурстарына қатысу.
  115. Хорда ән айту немесе музыка үйірмесіне қатысу.
  116. Спорт секцияларының біреуіне қатысу.
  117. Биология олимпиадаларына қатысу немесе өсімдіктер мен жануарлар көрмесіне экспонаттар даярлау.
  118. Географиялық экспедицияларға бару.
  119. Геологиялық экспедициялар жұмысына қатысу.
  120. Ауруларға қарау және жағдайын жақсартуға үлесін қосу.
  121. Кулинарлық және кондитерлік заттардың көрмелерін ұйымдастыруға қатысу.
  122. Физикалық олимпиадаларға қатысу.
  123. Химиядан қиын есептерді шығару, химиялық олимпиадаларға қатысу.
  124. Техникалық сызба нұсқаларды жасау және сызбаларды түсініп, оны оқи алу.
  125. Өте күрделі радиосхемаларды талдау.
  126. Өнеркәсіп орындарына экскурсияға барып, жаңа техникалар және технологиялармен, станоктармен танысу.
  127. Ағаштан өз қолымен неше түрлі заттар жасау.
  128. Құрылыс жүргізуге үлесін қосу.
  129. Автомобильдерді жөндеуге үлесін қосу.
  130. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан жедел жәрдем көрсететін ұшақтармен ұшу, немесе жылдам ұшақтарды басқару.
  131. Күн тәртібін қатал сақтау.
  132. Тарихи үйірмелер жұмысына қатысып, оған қойылатын материалдар жинау, баяндамалар даярлау.
  133. Әдебиеттерді талдау, олар туралы пікірін күнделікке жазып жүру.
  134. Пікірталастар мен конференцияларға қатысу.
  135. Жиналыстар даярлау және өткізу.
  136. «Қиын» балаларды қайта тәрбиелеуге үлесін қосу, тәлім-тәрбие туралы пікірлерін айту.
  137. Милиция қызметкерлеріне көмектесу.
  138. Қарым-қатынас жасауға икем болу.
  139. Математикалық олимпиадаларға қатысу.
  140. Тауарлардың бағасымен танысып жүру, бағаны анықтау, жалақы төлеу мәселеріне қызығушылық білдіру.
  141. Достарыммен шет тілде сөйлесу.
  142. көркем өнер көрмелерінің жұмысына қатысу.
  143. Театр үйірмелері жұмысына қатысу.
  144. Театр конкурстары мен көрмелерінің жұмысына қатысу.
  145. Спорт жарыстарына қатысу.
  146. Бау-бақшада өсімдіктер өсіру, жануарларды өсіріп, оларды күту.
  147. Жердің топографиялық суретін салу.
  148. Алдын ал анықталған бағдарлама бойынша жұмыс жасайтын ұзақ және қиындықтары көп саяхаттарға шығу.
  149. Аурухан, емхана немесе дәріханада жұмыс жасау.
  150. Жеңіл өнеркәсіп мекемелерінде тігінші, кондитер болып жұмыс жасау.
  151. Күрделі химиялық мәселелердің шешу жолдарын іздеу.
  152. Химиялық өндіріс орнында жұмыс жасау.
  153. Техникалық шығармашылық көрмесінде қызмет атқару.
  154. Электроэнергетика және радиоэлектроника саласында қызмет атқару.
  155. Станокта әртүрлі заттар мен детальдар даярлау.
  156. Сызба нұсқа бойынша модельдер мен ағаш заттарын жасау.
  157. Құрылыс бригадасы құрамында жұмыс жасау.
  158. Жол ережелерін сақтай отырып жүк немесе адамдарды тасу.
  159. Қатты жел соғып тұрғанда теңіз кемесінде қызме атқару.
  160. Әскери инженер немесе командир болу.
  161. туған өлкенің тарихи жерлеріне саяхат жасау.
  162. Әңгімелер, ертегілер немесе өлеңдер жазу.
  163. Қабырға газетіне немесе газет-журналдарға мақалалар мен очерктер жазу.
  164. «Еңбек десанты» бригадасының жұмысын басқару.
  165. Балаларға арналған мерекелер мен ойындар ұйымдастыру.
  166. Заң сақтау мекемелерінде қызмет атқару.
  167. Көпшілік үлкенде-кішілі қызмет көрсету.
  168. Математикалық білмді күнделікті пайдалануды талап ететін жұмыстарды орындау.
  169. Халық шарушылығын жоспарлау, қаржылау мәселесімен байланысты қызмет атқару.
  170. Шет тілде жүргізілетін конференциялар, конкрустар, олимпиадалар жұмыстарына қатысу.
  171. Көркем сурет көрмелерінің жұмысына қатысу.
  172. Киноға түсу. Немесе сахнада ойнау.
  173. Музыкант, музыкалық режиссер немесе музыка пәнінің мұғалімі болу.
  174. Дене тәрбиесі пәнінің оқытушысы немесе жаттықтарушысы болу.

Л.П. Калининскийдің ұйымдастырушылық және коммуникативті қаблетті

анықтауға арналған әдістемесі.

Зерттелінушіге өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттін сапасын бағалау үшін Л.П. Калининский сауалнамасы ұсынылады. Бұл сауалнама 160 жағдаяттар сапасынан тұрады. Оның әрқайсысын мұқият оқып, өзін-өзі бағалауы қажет екені түсіндіріледі. Сауалнаманың құндылығы – жеке коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеті, бағыттылығы, іскерлігі, қоршаған ортамен қарым-қатыаста үстем болуға ұмтылуы, өзіне талап қоюы, талап етуге сенімділігі, қасарысушылығы, көнгіштігі, тәуелділігі, психологиялық тактісі мен қайырылымдылығы сияқты 10 маңызды сапасын өлшеуге мүмкіндігі бар. Әдістеме жеке тұлғаның жоғары деңгейдегі дамуын, яғни олардың күшті жақтарын салыстармалы түрде анықтауға арналған.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: