Сезімтал интроверттер (Бальзак, Есенин)

Барлық болатын оқиғаларды алдын ала болжамдайтындар. Олардың сыртқы көрінісі сыпайы, кербез болып келеді. Ол киінуінде, сәнді және үйлесімді қимыл әрекеттерінде көрініс береді.

Арманға бөленгіш, өзінің қабілетін дамытуға бағытталған. Арманына жете алмаса немесе ол орындалса келесі белеске шығуды көздейді. Неше түрлі қауіпті жағдайлар болатынын сезеді және оның алдын алуға амалдар жасайды және басқаларды да әрекеттенуге шақырады. Өткен өмірі оның жанына терең із салады.

Өз сезімдерін қоршағандардан жасырмайды. Барлық уақытта басқалардың көңілін өзіне аударып жүргенді ұнатады. Көпшілік ортасында өзін емін-еркін ұстайды, қарым-қатынаста өте тартымды, өзгелерге ұнамды болуға икем.

Өнерге бар жанымен құмар. Өлең айту, жазу, отбасында пайдаланылатын сәнді заттар жасауды жақсы көреді.

Қаржы мәселесіне салағырақ. Іскерлік, жұмыста белсенділік көрсетуге қиналады.

 

Сенсорлық интроверттер (Дюма, Хрущев)

Дене құрылысы жұмсақ, беті томпақ, пішіні дөңгелектенген. Эстетикалық талғамы өте жақсы дамыған, сондықтан киім таңдағанда ешкіммен ақылдаспайды. Талғамы айтарлықтай ұнамды.

Айналасындағылардың көңіл-күйін, жағдайын жақсы түсінеді, қарым-қатынаста жарқын жүзді, тілектестігі анық байқалады, демократиялық қатынасқа икем, баршаға бірдей көзқараста. Сыйысымды, кикілжіңдікке бармайды. Келіспеушілік орын алғанда оны әзілге айналдырып жібереді. Отбасында дау-дамай орын алса оны трагедия деп қабылдайды да, әр адаммен жеке сөйлесіп, келісімге келтіреді. Арамдық пен сатқындықты кешірмейді. Ешкімді өз еркіне қарсы бірнәрсе жасауға мәжбүрлемейді.

Қазір және осы жерде өмір сүреді, отбасында, жұмыс орнында тазалық пен ыңғайлылықты орнатады. Барлық заттар өз орнында, пайдалануға қолайлы жағдайда болуы керек қызмет орнында, тамақ даярлағанда, отбасы мен көпшілік орындарында тәртіп сақтағанды қалайды.

Басшылық қызмет атқарса ұжымда өте ыңғайлы психологиялық климат орналастырады, бір-бірін ұнатпайтын адамдарды біріне бірі әсерін тигізбейтіндей жағдайда ұстауға тырысады. Бәсекелестік кезінде келісімге келуге, орнын беруге жақынырақ. Қызмет бабымен қатынаста өзінің байланыстарын пайдаланады. Бас басшылық қызметке басқаларды ұсынады, ал өзі кеңесші болып жүргеніне ләззаттанады.

 

Сенсорлық-логикалық интроверт (Габен, Пьеха)

Сыртқы көрінісінің тиянақтылығымен ерекшеленеді. Киінгенде ұқыптылық пен ыңғайлылыққа жақын.

Қарым-қатынаста ұстамды, эмоциясын анық байқатпайды. Байсалды, бірақ кей кезде өзінің намысына тиген кезде тез көтеріліп, ұстамды мінез көрсетеді. Дөрекілікті көтермейді. Жақын адамдарының оның жағдайына қызықпағанына ызаланады. Бірақ сыр бермеуге тырысады.

Еңбекқор, барлық жұмысты сапалы орындайды және үлкен ынталылық көрсетеді, қажетсіз іс-әрекеттерге салақтықпен қарайды. Жоғарыдан берілген нұсқауларды пайдасыз деп тапса оны орындамайды. Өзіне ұнамайтындармен қатынасын шектеуге тырысады. Тапсырманы орындауға шамасы келмейтін болса оны ашық айтады.

Әсемдік пен үйлесімділікті пайдалылықпен ұштастырып бағалайды.

Саяхатқа құмар. Мүмкіндігі болса барлық демалыстарында саяхатқа шығады.

 

Эстетикалық интроверттер (Драйзер, Ротару)

Сыртқы көрінісі жайдары, әділеттілікпен, айналасындағыларға өте ұнамды келбетте болады.

Сыртқы ортада болып жатқан нәрселерге онша көңіл аудармайтын. Киінгенде ұқыптылық пен тиянақтылығы, депрессияға ұшыраған кездерінде сыртқы көрінісіне онша көңіл аудармастан жүреді.

Қарым-қатынаста ұстамды, қалыптасқан жағдайды жақсы сезеді, бірақ өз эмоциясын жұртқа онша көрсетпейді. Дау-дамайға бармастан өзіне тиіскендерге кешірімділікпен қарайды. Жақсы дау-дамайдан жаман тыныштық артық деп өте ұзақ уақыт дөрекілікті де көтереді. Егер өзінің жынына тигендер шектен шықса олармен қатынасын шектеп, алдына келсе де «көрместен», тек ресми қатынаста болып, жүгенін босатпауға тырысады.

Егер жолдас-жораларының біреуі ауыр жағдайға ұшыраса, оған үлкен қамқорлық көрсетіп, қолынан келген жәрдемін аямайды.

Еңбекте қажырлы, ұзақ уақыт ауыр жұмысты орындауға шамасы келеді. Жұмыста ерекше табысты болуы үшін өте ыңғайлы психологиялық жағдай керек. Егер басшының құзырлығы төмен болса, оны сыйламайды. Егер әріптестері оны қолдаса, үлкен белсенділік көрсетіп, айтарлықтай табысқа жетеді.

Қаржыны есептеп жаратады. Сондықтан баға күрт көтерілген кездерде де онша тарықпастан күн көруге шамасы келеді.

Бұл типтегілер адамгершілікті, ізгі ниеттілікті өте жоғары бағалайды, сондықтан олардың өзгелерге тәрбиелік әсері жоғары деңгейде болады.

 

Эстетикалық – интуативтік интроверттер (Достоевский, Монро)

Бет әлпетіне қарағанда ешнәрсеге қызықпайтын, өзімен өзі болып жүрген адам, өзіне сенімі төмен, мазасыздануы жоғары. «үндеместен үйдей бәле шығады»деген мақалға сай мінез көрсететіндер.

Киімді жақсы таңдайды, жарасымды, ұқыпты киінеді, бірақ көңіл күйі нашар болса, депрессияға ұшыраған кездерінде сыртқы көрінісіне онша көңіл аудармастан, киінуінде салақтық көрініс береді.

Қарым қатынаста ұстамды, аз сөйлейтін, өзіне деген өзгелердің көзқарастарын жақсы сезеді,эмоциясы тұрақты, сезімдерін жұртқа онша көрсетпейді. Адамның құндылығы оның адамгершілігінде деп есептейді. Сондықтан барлық мәселелерді адамгершілікпен шешу жолдарын іздейді. Кикілжіңді ұнатпайды, шытырман жағдайларда өзіне тиіскендерге көңіл аудармайды. Дегенмен өзінің намысына тигендер болса, олармен қарым-қатынасын үзілді кесілді тоқтатады да, «психологиялық сауыт» киіп алып ол адамды ешқандай байқамай, назарынан тыс қояды.

Ізгі ниетті достарына, жолдас жораларына көмек көрсетуге, қамқорлық жасауға барлық уақытта даяр, жәрдем беруден еш уақытта бас тартпайды. Тіптен, өзі сүйген адам басқа біреуге кетіп қалса, оларға да жәрдем беруден қашпайды.

Жұмыста табысты болуы үшін ыңғайлы психологиялық жағдайды талап етеді.Жағдайы болғанда қажырлылық көрсетіп, ұзақ уақыт ауыр жұмысты орындауға шамасы келеді. Басшыларды сыйлауы оның құзырлылығымен байланысты. Отбасындағылар, қызметтес әріптестері оны қолдаса, үлкен белсенділік көрсетіп, айтарлықтай табысқа жетеді.

Қаржыны есептеп жаратады. Сондықтан баға күрт көтерілген кездерде де онша тарықпастан күн көруге шамасы келеді.

Логикалық интроверттер. (Робоспьер,Чехов)

Сырт көрінісі байсалды, эмоциясы анық байқалмайды.

Киімінде ешқандай артықшылық көрініс бермейтін, ерекше ресмилік пен ұқыптылық байқалады.

Мінезі жұмсақ, үйлесімді, мәнерлі. Отбасында қатал тәртіпті талап етеді. Барлық заттардың өз орнында болғанын қалайды.

Ойлауы талдауға бағытталған, теориялар мен әдістемелер құруға, сыныптастыруға құмар. Көбінесе идеяға бағытталған, барлық ойларын дәлелдейді. Нағыз ғалымдарға бас иеді. Меңгерген білімдерін ретке келтіріп, әрекеттерінің тәртібін анықтап, қағазға түсіріп алады. Жұмыста, қызығушылқтарын да ретке келтіргенді және тәртіпті сақтайды. Болып жатқан құбылыстардың мән-мағынасына үңіледі. Болашағы бар бағытты тез анықтайды. Барлық нәрсенің шешімін табуға қабілетті, жаңалықтарды пайдалануға икем. Сөзге сараң, негізгі қағидаларды баяндаумен шектеледі.

Басшы болса демократиялық жүйеде басқарады. Басқалардың қысымын көтермейді. Өзінің көзқарасы дұрыс болса оны дәлелдеуге тырысады. Барлық жоспарланған жұмыстарды аяғына жеткізіп тындырымды орындайды.

Өзгелердің мүмкіндіктерін толық бағалай алмайды, сондықтан барлық адамдармен бірдей қатынаста болады. Жеке тұлғалық ерекшеліктерді түсінуге онша мән бермейді.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: