Сезімтал экстраверттер (Гексли, Боярский)

Күлімсіреген көздері ойнақтап тұрады. Олардың бейнесіндегі балалықтың көрінісі еш уақытта сөнбейді. Мінезінде жеңілтектік байқалады.

Киінуінде ерекшелікке құмарлық, көптеген әшекей заттарды пайдалану орын алады.

Өз іс-әрекеттеріне жетекші болатын мотивтері айқындалған, қарым-қатынастың мағынасына жақсы түсінеді, өзгелердің қабілеттілігіне таңырқағыш, жағдайын түсінгіш. Жаңалықтарға құмарлықпен қарайды. Сондықтан ол «рокер», «байкер», т.б. топтар мен партияларға мүше болады.Еркше жағдайларды жақсы көреді. Егер өмірде ешқандай өзгеріс болмай жатса үйіндегі жиһаздардың орнын ауыстырып қояды.

Айналасындағылардың одан нені күтетінін жақсы түсінеді,сондықтан «әлеуметтік заказды» орындауға тырысады. Таныс ортада басқалардың эмоцияларын басқара алады,оны барлығы сыйлап, айтқандарын орындайды

Логикалық талдау жасауға қиналады.Сондықтан ғылыми жұмыстармен шұғылданғанда оның қызықты, фантастикалық, романтикалық жақтарына көбірек көңіл бөледі де, теориялық қағидаларды ретке келтіруге шыдамы жетпейді.

 

Сенсорлық экстраверттер (Напалеон,Горбачев)

Сыртқы келбетінде «жеңімпаздың» көзқарасы анық байқалады.Оптимистер,барлық уақытта іс әрекет үстінде, өмірде үлкен белсенділік білдіреді.

Киімдері модаға сәйкес және жұмысқа ыңғайлы,қанық,ашық түстерге құмар.

Майталман, жетекші болуға икем, өзіне сенімі үлкен, іскер, қандай да болса оған қойылған сұрақтарға батыл және күмәнданбай жауап береді, өзгелердің іскерлігі мен жылдамдығына сүйене отырып бағалайды. Өзі ынталы, көбірек кеңістікті меңгеріп алуға, әсерін кеңейтуге, өкіметті басқаруға бағытталған. Өзіне айтылған сынға жауап табады. Барлық жерде жылдамдылық пен табандылық көрсетеді. Эмоциясын көрсете алады және өзгелердің эмоцияларын басқара алады.

Дипломатиялық қабілеті жақсы дамыған, адамдарды өзінің жағына тартып ала алады. Логикасы онша күшті емес. Сондықтан авантюризм мен волюнтаризмге жеңіл барады. Үлкен топтарды басқаруда өзінің барлық қабілетін көрсетуге мүмкіндік туады.

 

 

Сенсорлық-логикалық экстраверттер (Жуков, Королев)

Табанды, сенімді, денесі атлетикалық көріністегі адамдар.

Киімі іскерлік, кейде авангард элементтері орын алады.

Жұмыста өте жинақы, ерік күші жақсы дамыған, бағыттылығы, қызығушылығы қалыптасқан, іс-әрекетке икем, сондықтан көбінесе басшы қызметін атқарады. Өз қызметін саспастан, асықпастан орнықты орындайды. Егер оның тактикасын сынайтындар болса, оларға өзінің әрекеттерінің ұтымдылығын түсіндіріп береді. «Жолынан адасқандарға» қатал.

Сөйлеу мәнері оны тыңдайтын адамдардың санына байланысты емес, барлық уақытта ширақ, оптимистік дауыспен сөйлейді.

Алдына қойған мақсатқа жету үшін барлық күшін жұмылдырып, оны қайсарлықпен орындайды. Объективтік жағдайды логикалық жағынан талдап шешім қабылдайды. Барлық мәселелерді жан-жақты талдаудан өткізеді, сонан соң орындаушыларды онымен таныстырады.

Басқарған ұжымында тәртіпті орналастыруға қиналмайды. Іскерлік мәселелерді талқылағанда өзгелердің пікірін мұқият тыңдайды.

Қиын-қыстау жағдайларда таптырмайтын басшы және көмекші болып табылады. Барлық қиын мәселелерді артық сөзсіз мойнына жегіп алады. Ешқандай эмоция білдірместен көмек көрсетіп, қиналғандарға қол ұшын береді.

Қонаққа келгенде сый-сияпат жасауды ұмытпайды. Өзінің басына түскен қиындықтар туралы ешкімге айтпастан, білдірместен жүреді.

 

Сезімтал-этикалық экстраверттер (Гамлет, Жириновский)

Қарым-қатынаста театралдық элементтерді кеңінен пайдаланып, көрермендерге әсерлі болу жолдарын іздейді. Эмоциясы анық байқалады, барлық әрекеттері эмоцияға бөленген. Айнымалы. Тез қарқындалады және тез демінен түседі. Оның көңіл-күйіне барлық нәрселер үлкен әсер етеді, тіптен ауа райының өзі шешуші түрткі болуы мүмкін. Эмоциялары қарқынды болғанымен, өз райынан тез қайтады және оның себептері тез ұмытылады. Дегенмен, қатты ашуландырған жағдайда ол адаммен қатынасын үзіп кетеді. Кей кезде біраз уақыт тұнжырап жүруі мүмкін. Өзгелердің де эмоционалдық жағдайын сезгіш, жағдайын сұрап, қажет болғанда көмек көрсетуге дайын.

Өнерге қызығады, эстетикалық талғамы дамыған, музыканы, көркемөнерді, әдебиетті жақсы түсінеді. Мамандығы әдебиетке жақын болмаса да әдеби шығармалардың авторы болуы мүмкін, көп параққа созылған мазмұны терең хат жазуға, басқа да шығармашылық көрсетуге қабілетті.

Өз таныстарының не істейтінін болжамдауда да үлкен шеберлік көрсетеді. Сондықтан оларды сәтсіздік қауіпі бар жерде алдын ала ескертіп жүреді.

Жұмыстарды бір-бірімен қабаттастырып орындағанды жақтырмайды. Шыдамды емес, компромисске бармайды, сондықтан басқаларды тәрбиелеуді талап ететін мамандықтарды қаламайды.

Физиономисттігі жақсы дамыған, сондықтан адамдардың бет әлпетіне қарап, немесе суретіне қарап оларға мінездеме бере алады.

Комфортты жақсы көреді, бірақ оны ұйымдастыра алмайды.

Киімді таңдағанда көбінесе басқалардың берген кеңесіне жүгінеді, өз талғамымен көрнекі киінетіндері сирек кездеседі.

 

Сенсорлық-этикалық экстраверт (Гюго, Орлова)

Ақ жарқын, көргеніне қуанғандай шырайлық білдіреді, қонақжайлы, үйіне қонақ шақырғыш, сый-сияпатқа мырза.

Жүріс-тұрысы жеңіл, билеп жүрген сияқты үйлесімді. Киімі жарасымды, ешқандай артықшылығы жоқ, міндетті түрде сәнді заттармен әшекейленген.

Қоршағандардың көңіл-күйін түсінгіш, өзінің көңілі көтеріңкі. Көңіл-күйді материалдық құндылықтай көреді, сондықтан барлық ортадағылардың көңілін көтеру керек деп есептейді. Жағдайы болмай жүрсе оны көрсетпеуге тырысады.

Біреудің көңілін қалдыру оның байлығынан айырғанмен бірдей деп есептейді.

Жұмысқа да көзқарасы дәл сондай. Ұнатқан идеясына, жақсы көрген ісіне өмірінің аяғына дейін бар күшін аямастан жұмсайды. Достыққа, басқа қызығушылықтарына да дәл сондай берілген болады. Сондықтан оның өмірінде махаббат және қызықты кәсіби қызмет орын алады.

Адамдар арасындағы әділетсіздік пен дөрекілікке шыдай алмайды, ондай мінез көрсеткендермен күреседі.

Уақытын бос өткізуді ұнатпайды, сондықтан барлық уақытта іс-әрекет үстінде. Кейде бірінші кезекте орындауды талап ететін нәрселерді анықтап алмастан сасқалақтайды. Уақыттың талаптарын онша түсіне алмастан консерваторларға қосылып кететін кездері де болады.

 

Логикалық экстраверттер (Лондон, Кеннеди)

Ашық жүзді, ержүрек екендігі түрінен көрінеді.

Киінуге, модаға онша көңіл бөлмейді, сондықтан ұзақ уақыт бір киімін ауыстырмастан жүре береді. Бұл типтің осал жері эстетикасы. Көбінесе спорттық стилдегі киімге жақын, кейде онша ұнамсыз нәрселерді де кие береді.

Еңбекқор, жұмысты бар ынтасымен, қызығып істейді, ақыл-ойы теорияға бейімделген, столдарында кітап, журналдар үйіліп жатады. Барлық мәселелерді іскерлік пысықтықпен қарастырады. Табыскер, табыс табу жолын тауып алады. Барлық жұмысты орындау жолдарын жетілдіруге тырысады, шығармашылықпен қарайды.

Барлық іс-әрекеттерінің жоспарын жасап алып, оны баршаға тиімді етіп орындайды.

Қоршаған ортадағы қолайсыз жағдайлар денсаулығына теріс әсерін тигізбейтін болса, оларға онша көңіл аудармайды және жеңіл көтереді. Салауатты өмір салтын сақтауға тырысады, альпинизм, туризм, табиғатқа саяхат жасау – тынығудың, демалысты өткізудің ең жақсы түрі деп есептейді.

 

Сенсорлық-логикалық экстраверт (Штирлиц, Собчак)

Дене пішіні атлетикалық, қимылдары өте үйлесімді, жүрісі әскери адамдарға ұқсаған. Денсаулығы мықты, төзімді денсаулығын онша күтпейді, ауыруға шыдамсыз.

Бұл типтің ең күшті жері – пайдалы мен эстетиканы ұштастыратындығы. Киімнің қымбат, төзімді және ыңғайлы түрлерін таңдайды. Өзін қоршаған ортаға комфорт ендіреді.

Қарым-қатынаста өте сыпайы, сыйысымды, ізгі ниетті.

Барлық уақытта іс-әрекет үстінде, «қолы қарап тұрмайды». Демалыс деген ол үшін іс-әрекетінің түрін ауыстырған деп түсінеді. Қажырлы еңбегімен отбасын барлық қажеттілікпен қамтамасыз етеді. Барлық уақытта адал жолмен жүреді. Барлық бастаған тірлігін аяғына жеткізіп, сапалы орындайды. Жұмыс орнында ұқыптылық пен тәртіп болғанын қалайды, барлық құралдар өз орнында болуы керек. Әр жұмысқа жақсылап дайындалып алып кіріседі.егер онша білмейтін нәрсені істеу керек болса оны орындау жолын меңгеріп алғаннан соң ғана кіріседі. Өте пысық болғандықтан барлық нәрсені жандандырып жібреді.

Егер бұл тип өкілі басшы болса ол өзінің қызметкерлерінің барлығына жағдай жасайды. Орынсыз талап қоюға құқығым жоқ деп есептейді.

Материалдық ортаны жақсы танып біледі, қолынан барлық нәрсе келетін болғандықтан өзі киімін тігіп, немесе оны өңдеп, жөндеп алады. Саяхатқа шығуға құмар, экстримал.

 

 

ПСИХОКОРРЕКЦИЯЛЫҚ ОЙЫНДАР

 

Қиялды дамытуға арналған әдістер

 

1. «Ондай болуы мүмкін емес»

Қазақ халқының салт-дәстүрінде өтірікшілер сайысы кең тараған шығармашылық-тың түрі болған. Сол өнердің элементтерін бастауыш сынып оқушыларының қиялын дамытуға кеңінен пайдалануға болады.

Топтағы оқушылардың біреуі ешқандай болуы мүмкін емес өтірік нәрсені айтады: ақиқатта болмайтын заттар, олармен болған оқиғаларды, болуы мүмкін емес табиғат құбылыстары мен ол жағдайдағы өзінің әрекеттері, табиғатта кездеспейтін жануарлар және олардың хикаясы туралы оқиғаларды айтып береді. Бес өтірік сюжетті қатарынан қисынын келтіріп айтып берген кезде ешкім «ондай болуы мүмкін емес» деп айтпаса, сол ұтады. Олардың барлығы марапатталады.

 


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: