Сын есім (Имя прилагательное) 4 страница

Қалау рай (Желательное наклонение)

Қалау рай выражает желание, намерение говорящего. Желательное наклонение образуется путем прибавления к корню или к основе глагола суффиксов -ғы, -гі, -қы, -кі, затем следует притяжательное окончание и вспомогательный глагол кел в ІІІ лице для трех времен (настоящего, прошедшего, будущего).

Мысалы:

Етістік Қалау рай жасайтын жұрнақтар Тәуелдік жалғауы Көмекші етістік Осы, өткен, келер шақта
жаз -ғы, -гі, -қы, -кі кел -іп тұр (осы шақ) -ді (өткен шақ) -еді (келер шақ)

 

Менің жаз-ғы-м кел-іп тұр (осы шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-ді (өткен шақ).

Менің жаз-ғы-м кел-еді (келер шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-іп тұр. Мне хочется пойти в кино (осы шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-ді. Мне хотелось пойти в кино (өткен шақ).

Менің киноға бар-ғы-м кел-еді. Мне захочется пойти в кино (келер шақ).

 

102-тапсырма. Қалау райда тұрған етістіктердің шақ категориясын ажыратыңыздар.

Қазыбек би, Төле би, Әйтеке билермен бірге қазақ рулары мен тайпаларын Тәуке ханның қол астына топтастырып, қырғыз елдерімен одақ жасап, қазақ хандығының беделін көтергісі келді. Анасы айтқан тәрбиелік мәні жоғары сөздерді кішкентай күнінен жаттап өскен ол – ер жете келе өзі де солай сөйлегісі келеді. Мұқанның ауыл сыртына шығып, серуендегісі келіп тұр. Ахметтің сыбызғыда ойнағысы келеді. Жастардың бүгінгі кеште ән айтып, домбыра тартқысы келді. Ауыл жастарының тойдан кейін алтыбақан тепкілері келеді.

 

103-тапсырма. Қазыбек бидің қазақ халқы туралы қалмақ ханына айтқан шешендік сөздерінің мән-мағынасын түсініп, түсінгендеріңізді өз сөздеріңізбен айтып беріңіздер. Сөйлемдерден бес етістікті теріп жазып, оларды қалау рай формасында өткен, осы, келер шақтарда жіктеңіздер.

1. Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 2. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Ешбір дұшпанды басындырмаған елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз. 3. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзын ақтай білген елміз. 4. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. 5. Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса күң боламын деп тумайды. Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 6. Сен қалмақ болсаң, біз қазақпыз, қарпысқалы келгенбіз. Сен темір болсаң, біз көмірміз, еріткелі келгенбіз. Қазақ-қалмақ баласы табысқалы келгенбіз. 7. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең, шабысқалы келгенбіз. 8. Сен қабылан болсаң, мен арыстан, алысқалы келгенбіз. Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз. 9. Берсең, жөндеп бітіміңді айт, бермесең дірілдемей жөніңді айт, не тұратын жеріңді айт!-депті.

 

104-тапсырма. Сөйлемдерден қалау райда тұрған етістіктерді тауып, астын сызып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Төле би кезінде оқыған, сауатты, халқының ақындық, шешендік өнерінен тәлім- тәрбие алғысы келеді. 1749 жылы Орынбор губернаторы И.И.Неплюевке өзінің жиені Айтбай бастаған елшілерді жіберіп, Ресейге қосылу ниетін білдіргісі келді. Төле би жоңғар билеушілерінің арасындағы тақ таласын қолдап, ежелгі жаудың іштей әлсіреуіне ықпал жасағысы келеді. 1740 жылғы башқұрттар көтерілісінің басшысы Қарасақалдың Қабанбай батырға бармас бұрын, Қазыбек биге келіп паналағысы келді.

105-тапсырма. Көп нүктенің орнына қалау райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар.

Сол қиын күндерде Қазыбек би, Әйтеке би, Төле билермен бірге отырып, елді, жерді қорғауға белсене аралас...сы келеді. Барлық шығыс халықтары наурыз мейрамын жақсы көңіл-күймен қарсы ал...лары келеді. Халықты бірлікте ұстау үшін, үш жүздің өзінен шыққан үш биге билету арқылы басқар...сы келді. Ол елшілік қызметті мінсіз атқар...сы келген тұңғыш дипломат. Қазыбек оқ атпай-ақ ақылмен жол тауып, ел бірлігінің елшісі бол...сы келді.

 

106-тапсырма. Төмендегі етістіктерге бұйрық райдың жұрнақтарын қосып жазыңыздар

Ү л г і: Сөйлеу – сөйле+ йін; сөйле; сөйле+ ңіз; сөйле+ сін; сөйле+ йік; сөйле+ ңдер; сөйле+ ңіздер; сөйле+ сін.

Зерттеу, жүргізу, қолдану, есептеу, толықтыру, пайдалану, барлау, күресу, бақылау, қорыту, бағалау.

 

Бұйрық рай (Повелительное наклонение)

Бұйрық рай выражает побуждение к действию – просьбу, приказ. Повелительное наклонение образуется путем прибавления к основе окончаний, І л., ед. число: -айын, -ейін, -йын, -йін; І л., мн. число: -айық, -ейік, -йық, -йік; во ІІ лице окончания не имеются; в ІІІ лице -сын, -сін.

 

107-тапсырма. Мәтіннен бес етістікті алып, бұйрық райдың формасында жекеше және көпше жүкте жіктеңіздер.

Ү л г і:

I Мен көмектес+ейін, арала+йын      Біз көмектес+ейік, арала+йық

II Сен көмектес, арала                        Сендер көмектес+іңдер, арала+ңдар

Сіз көмектес+іңіз, арала+ңыз           Сіздер көмектес+іңіздер, арала+ңыздар

III Ол көмектес+сін, арала+сын           Олар көмектес+сін, арала+сын

 

108-тапсырма. Етістіктерден қалау рай жасап, оларды жіктеңіздер.

Келіп еді, жазып отыр, сөйлеп тұр.

 

109-тапсырма. Қазыбек бидің қалмақ ханына айтқан өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп, жаттап алыңыздар.

                  Ерден ердің несі артық,                 Бір-ақ асым еті артық,

        Ептестірген сөзі артық,                 Жерден жердің несі артық,

        Малдан малдың несі артық,            Бір-ақ уыс шөбі артық,

                                                    Міндетіне алған сөзден

                                                    Шегінген жігіттен,

                                                    Өлген аюдың өті артық,

- дейді, сонда хан: Өй, өзің жөніңде айтшы, атың кім?- депті. Қазыбек би: Атым – Қазыбек, әкем – Келдібек, халқым – қазақ, руым – Қаракесек, – депті. Сонда хан: Даусың қаз дауысындай қаңқылдап тұр екен, -деген екен.  

 

110-тапсырма. Мәтіннен бірнеше етістікті теріп жазып, оларды бұйрық райдың болымсыз түріне қойып, сөйлемдер құрастырыңыздар.

Ү л г і: Ғылым таппай мақтанба, орын таппай баптанба, құмарланып шаттанба.  

3 апта. 9-тәжірибелік сабақ

Грамматика: Сөйлемнің түрлері (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты). Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі.

111-тапсырма. Әйтеке би туралы мәліметтермен танысып, оның әділдігі, шешендігі, білгірлігін өздеріңізге үлгі-өнеге тұтыңыздар. Мәтінді мазмұндап, мәтінге берілген сөздікті жаттап алыңыздар.

Сөз шебері, майталман шешен

Әйтеке би (1683-1722)

                                                                Бас басыңа би болсаң,

                                                                              Манар тауға сыймассың,

                                                                      Басалқаңыз бар болса,

                                                                      Жанған отқа күймессің

                                                                                                 (Әйтеке би)

  Әйтеке – қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әмір Темірдің бас кеңесшісі болған Ораз қажының бесінші ұрпағы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан. Жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол Самарқанттағы Ұлықбек медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тілдерін меңгеріп шығады.

  Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалаңтөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел басқару істеріне араласады. Сөйтіп, жиырма бір жасында бүкіл Бұқара мен Самарқант төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ құрама жұртының бас биі болды.

  Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 жылы Тәукені хан етіп сайлауға қазақ халқының бетке ұстарларымен бірге Әйтеке би де айырықша атсалысты. Тәуке таққа отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айырықша құқықты «Хан кеңесі» сайланды. Әйтеке Кіші жүз жұртының атынан осы кеңестің мүшесі болды.

  Осы кезде бұрынғы «Қасым салған қасқа жолдың», «Есім салған ескі жолдың» заман өзгерісіне орай кейбір тұстарының ескіруіне байланысты жаңа заң үлгілерін жасау қажеттілігі туды. Тәуке хан мен билердің қатысуымен 1684 ж. «Жеті жарғы» қабылданды. Күні бүгінге дейін негізі сақталып отырған ежелгі Солон заңымен (б.з.б. VII-VI ғ.) терезесі тең бұл заңның бытыраңқы елдің басын біріктіруге, жұртымыздың әл-ауқатының артуына, ата дәстүрлеріміздің сақталуына, ұрпақ тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды.

  Әйтеке билікті мақал-мәтелдетіп мәнерлеп айтатын, дауды әділ шешіп, кесек-кесек сөйлейтін өте әділетті, білгір би болған. Сондықтан да ол аға би атанып Кіші жүз елін ұзақ жылдар басқарған. Әйтеке би, Тәуке ханның Төле би, Қазыбек би сияқты кеңесші бас билерінің бірі және «Жеті жарғы» заңын жасасқан азамат. Әйтеке дана би ғана емес, сонымен қатар ол ұлттық мақтанышымыз, қазақтың жүз жылда бір туатын арысы, артына өшпес із қалдырған адал перзенті. Өз халқына, ел-жұртына адал еңбек еткен, оның іргелі ел болуын жатпай-тұрмай ойлаған мұндай тұлғалар арғы-бергі тарихымызда өте аз. Әйтеке сонысымен де ұлы адам. Оның есімі қазақ даласының көгінде желбіреп тұрған аспан түсті туымыздай, әр қазаққа қымбат, әр адамға қасиетті есім.

  Сөздік:

  құрама – сборный; федерация, комбинированный; соединенный

  бетке ұстар – образцовый; самый передовой

  бытыраңқы – разобщенный; разрозненный; рассеянный

  әл-ауқат – благосостояние; положение; состояние

  дау- ссора; тяжба; иск; претензия; раздоры; спор

  дана – мудрый; мудрец; штука; штучный; экземпляр

  арыстан – славный; словна большой

 

  112-тапсырма. Әйтеке бидің тапқырлығын, шешендігін айқындайтын өлең жолдарының мағынасын түсіндіріп, есте сақтаңыздар. Лепті сөйлемдердің айтылуына назар аударыңыздар.   

  Екі би бір шешімге келе алмай қалғанда, үшіншісі – Әйтеке би дауға билік айтып, тоқтатқан екен: Сабыр етіңдер, ағалар! Ашу бар жерде ақыл тұрмайды.

                Ашу деген ағын су,                      Туысқан соң сөз қуыспау керек.

                Алдын ашсаң, арқырар.               Сөз қуған бәлеге жолығады.

                Ақыл деген дария,                        Жол қуған олжаға жолығады.

                Алдын тоссаң, тоқырар.                    Төле, сен жылқысын қайтар!

                Кісі біреуге туыспау керек           Қазыбек, сен жесірін қайтар!-

деп екеуін келістіріп, қол алыстырыпты. Ел Әйтекенің бұл билігіне риза болып, бітімге келіп, тынышталыпты.

                                       Сөйлемнің түрлері

Қазақ тілінде сөйлемдер мағынасы мен мақсатына, айтылу сазына қарай 4 түрге бөлінеді:

1. Хабарлы сөйлем (повествовательное предложение).

2. Сұраулы сөйлем (вопросительное предложение). 

3. Бұйрықты сөйлем (побудительное предложение).  

4. Лепті сөйлем (восклицательное предложение).

Хабарлы сөйлем. Белгілі бір оқиға, құбылыс туралы ойды екінші біреуге жай хабарлап айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Мысалы: Қазақ ауыз әдебиетінде Төле би туралы ауыз әңгімелер, шешендік сөздер көп. Төле би ақылды, әділ, шешен, әрі халық қамын ойлайтын қайраткер бейнесінде суреттеледі.

Сұраулы сөйлем. Бір нәрсе жайында сұрай айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлем 2 жолмен жасалады: 

1. Сұраулық шылаулар-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жалғаулары арқылы. Мысалы: Сен келдің бе? Жанат үйде ме? Жұмысқа барасың ба?  

2. Сұрау есімдіктері(қай? қашан? кім? қайда? не? қайдан? неге?) арқылы жасалады. Мысалы: Студенттер қайда? Мына бала кім? Қашан келді?

Кейде сұраулық шылаулары түбір сөз бен жіктік жалғауларының арасынан келіп -мы, -мі, -бы, -бі, -сы, -ні формасында да кездеседі. Мысалы: Сен немене тоңып қалған бы сың? Бұл қай сы ң, Мұрат пы сың?

Лепті сөйлем. Адамның әртүрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен қолданылатын сөйлем лепті сөйлем деп аталады. Лепті сөйлемдердің мағыналары көңіл-күйіне, қуану, ренжу, таңдану, аяу, өкіну, қорқу сияқты мақсатта айтылады да, айтылу әуені, интонациясы өте асқақ, көтеріңкі болады. Мысалы: Пай-пай мына аттың жорғасын-ай! Туған күніңмен! Жолдастар!

Восклицательные предложения служат для выражения чувств, предложения эмоций (горя, радости, удивления, восхищения и т.д.) В конце восклицательных предложений ставится восклицательный знак. Восклицательные предложения произносится с сильным чувством, с восклицанием. Например: Мына үй қандай әдемі! (Как красив этот дом!) Да здраствует наша Родина! Қымбатты достар!

 Бұйрықты сөйлем. Біреуге бұйыру, зеку, тілек, өтініш немесе бір нәрсені талап ету мақсатымен айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады. Мысалы: Балам жөніңді айтшы.

1. Бұйрықты сөйлем бәсең дауыспен айтылып, жазуда соңына нүкте қойылады.

2. Ал кейбір бұйрықты сөйлемдер бұйыру, талап ету мағынасында көтеріңкі дауыспен айтылғанда, соңына леп белгісі қойылады. Мысалы: Көрсетпе көз жасыңды! Жүр жарысайық!

Бұйрықты сөйлем әртүрлі дауыс ырғағымен айтылады да, ІІ жақта тұрады. Мысалы: Маған кел! Жоғал! Кет әрі! Сөзді доғарыңыздар! Сыпыр еденді! Сабағыңды дайында! Шық үйден!

Побудительные предложения в казахском языке передаются глаголом повелительного наклонения вторго лица единственного или множественного числа. Нап.: Бөлмені сыпыр! Әрі тұр! Жұмаш, мында кел! Келіңіз тезірек!

Цель побудительных предложений – побуждение собеседника к совершению и прекращению действия. В зависимости от характера побуждения (просьба, приказ, призыв) побудительное предложение произносится с различной интонацией. В качестве грамматического средства выражения побуждения используется повелительное наклонение. 

  113-тапсырма. Төмендегі хабарлы сөйлемдерден сұраулы сөйлемдер (2 жасалу жолын пайдаланып) жасаңыздар.

       Әйтеке би үш жүзге озық, алғыр және терең ақылымен, тапқыр шешендігімен, әділ билігімен белгілі болған қоғам қайраткері. Қазақ халқының қайғысына қайғырған, қуанышына қуанған, соғыста қолына қару алып, алғы шепте жүрген жауынгер ұйымдастырушы. Әйтеке Күлтөбедегі үш жүздің құрылтайына қатысқанда 25 жас шамасында екен дейді шежіреші қарттар. Шынында да үш бидің кішісі Әйтеке болған. Билер тарихында қазақтың Төле би, Қаз дауысты Қазыбек би және Әйтеке билердің орны ерекше.

      

   Сөздік:

  озық – опережающий; передовой; прогрессивный; авангардный

  алғыр – восприимчивый; предприимчивый; смелый; способный; хваткий

  тапқыр – предприимчивый; догадливый

  шежіреші – летописец

  шешен – красноречивый; оратор

 

  114-тапсырма. Сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

  Әйтекеге шешендік, тапқырлық өнер қашан дарыған? Төле би Ұлы жүздің ғана ру басы, төбе биі болып қойған ба? Қай би бүкіл қазақ елінің саяси, мемлекет қайраткері дәрежесіне көтерілген? Аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерде Төле бидің бейнесі қалай суреттелген? Әйтеке би нешінші ғасырда өмір сүрген? Қозы бағып жүрген жас кезінде Әйтеке кімдерге жолығады? Жеті атасын жетелеп жүргенді кім көріпті?

      

  115-тапсырма. Сөйлемдерді мұқият оқып, олардың түрлерін (хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты) ажыратыңыздар?

       Қазақ халқының бұл үш биі ел басына күн туған қиыншылық кезде де, билер кеңесі кезінде де, ел жиналған айт, ас, той тұсында да, жер дауы, жесір дауы көтерілген жерде де бірге бас қосып ел тағдырын бірге шешіп келген.

  Алға, достар! Еңбекте де, оқуда да табыс тілеймін! Оқуға түсуіңізбен! Ол қандай кемеңгер адам! Әр халықтың өз ана тілі болады. Алматыға келген қонақтар қайда орналасады? Не деген байлық! Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» романын оқыдың ба? Қ. И. Сәтбаев – металлогенияның атасы.

 

  Қазақ тіліндегі сөздердің орын тәртібі

(Порядок слов в казахском языке)

Для казахского языка характерен строгий порядок слов:

1. Глагол-сказуемое стоит в конце предложения: Студенттер аудиторияда отыр. (Студенты сидят в аудитории).

2. Определение стоит перед определяемым словом. М.: Студенттер жарық аудиторияда отыр (Студенты сидят в светлой аудитории).

3. Вопросительное слово при отсутствии глагола-сказуемого стоит на последнем месте. М.: Мынау ше? (Что это?) Бірінші аудитория қайда? (Где первая аудитория?)

4. При наличии в предложении глагола-сказуемого вопросительное слово ставится перед ним. М.: Жәмила қайда отыр? (Где сидит Джамиля?)

 

  116-тапсырма. Сөйлемдерді аударып, қазақ тілінде сұраңыздар.

  Что делается в ведущем техническом вузе страны в этом плане? Будущее нации связано с развитием университетского образования и науки? В каком году исполнился 70 лет Казахскому национально-техническому университету имени К. И. Сатпаева? Для качественной организации научно-образовательного процесса что необходимо? Как выпускники университета устраиваются на работу?

 

  117-тапсырма. Сөйлемдерден кейін тиісті тыныс белгілерін қойып, олардың түрлерін ажыратыңыздар.

       Бұл үшеуі де елін, жерін шапқыншы жаудан қорғап қалуда елдің, халықтың бірлігін, ынтымағын сақтауда, адамгершілік, салт-дәстүрді сақтауда зор еңбек сіңірген билер.

  Ойпырмай, мынау бір керемет қой Сен кеткелі жатырсың ба Сабаққа қашан барасың Бізді тәрбиелеп өсірген халқымызға көп алғыс айтамыз Бұлбұлсыз бау-бақша мен саяжайлардың сәні бола ма Қазақ тау-кен металлургия институтының тұңғыш директоры кім болды Жетеді, доғар Тезірек кет Халықтар достығы жасасын Мен өмірімде Д. Қонаевты екі рет көрдім Қап, кешігіп қалғаным-ай Тапсырманы міндетті түрде орында Бөлмені сыпыр Тез жинал Мерекеңмен ҚазҰТУ-дың кітапханасы 1990 жылы бірінші категориялы кітапхана қатарына қосылды Оқырмандар интернеттің әлемдік желісі қызметтерін пайдалансын

 

  118-тапсырма. Бұйрықты сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыздар.

  Слушайте команду! Встаньте в строй! Не выходите из рядов! Равняйтесь налево! Спойте! Выполняйте приказ! Готовьтесь к экзаменам! Пишите! Выйдите из дома!

 

  119-тапсырма. Сөйлемнің әр түріне үш сөйлемнен, барлығы он екі сөйлем құрастырыңыздар.

Қазақ халқының шешендік өнері

 

120-тапсырма. Сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, олардың орын тәртібін түсіндіріңіздер. Шешендік өнерден мәлімет алып, есте сақтаңыздар.

Қазақ өнерінің өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен қазақ шешендерінің сөздері негізінен ауызекі айтылып, ауызша таралған. Бізге жеткен деректерге қарайтын болсақ, қазақ шешендерінің атасы – Жиренше деп айтуға болады.

Ал аңыздарда Жиренше Әз Жәнібек хан мен Асан қайғының (XIV-XV) тұстары ретінде айтылады. «Түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би» дейтін сөз бар. Абай сол Майқыны «Шыңғыс ханның он екі биінің бірі» деп атайды. Бұл дерекке қарасақ, шешендік өнердің тарихы әрі қарай тереңдей түседі. Қазақтың шешендік өнерінің кеңірек дамып, биіктеген кезеңі XV-XVIII ғасырлар. Бұл қазақ халқының жоңғар, қалмақ, қытай басқыншыларына, патша үкіметінің озбырлығына қарсы тұрып, өз тәуелсіздігін қорғау жолындағы күрес жүргізген жылдар еді. Тап осы кезеңде билер мен шешендердің, ақындардың халықты жұмылдырып, рухтандырудағы рөлі мен беделі арта түсті. Осы кезеңде сөз өнерін жетік меңгерген адамдар сирек дарын ретінде жоғары бағаланып, қай заманда да, қай қоғамда да үлкен сый құрметке ие болып отырған. Шешендік сөздердің кейде билер сөзі деп аталуының өзі де талай сырдың бетін ашады. Шындығында да шешендік сөздер негізінен билер айтысы, билік шешім үстінде туып отырған. Би – халықтың көкейіндегісін, көкірегіндегісін жарыққа шығарған айтушысы.

121-тапсырма. Мәтіннен бірнеше сөз және сөз тіркестерін теріп жазып, олармен бұйрықты, лепті, сұраулы сөйлемдер құрастырыңыздар. Олардың айтылу сазына қарай айырмашылықтарын түсіндіріңіздер.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: