Порта-кавальды анастомоздар. 26 страница

Иықтың медиалді терілік нерві, п. cutaneus brachii medialis (С8,ТҺ,,ТҺ2,ТҺ3), медиалді будадан басталып, қолтық шұңқырында жауырынасты және арқаның жалпақ бүлшықеттері алдында жатады; алғашында колтық артерияның, a. axillaris, алдында, кейін медиалді орналасады. Осы тұста екінші кеуде нервтің латералді терілік тармағымен, r. cutaneus lateralis п. thoracici II, кейде үшінші кеуде нервтің (ТЦ) бірігіп, қабырғааралық иық нервтері, nn. іntercostobrachiales, атауын алады. Екі, кейде үш мөлшерінде нерв сабаушалары қолтық және иық шандырларын тесіп өтіп, қолтық шүңқыры және epicondylus medialis humeri жэне olecranon аймағына дейін иықтын алдыңғы, артқы медиалді беті терілерінде тармақталады. Білектің терілік медиалді нерві, п. cutaneus anterbrachii medialis (Cg,T h), қолтық артериясымен, a. axillaris, қолтық шүңқырында, ол иық аймағында иық артериясымен және орталық нервпен, a. brachialis et n. medianus, бірге жатады. Ол иықтың ортасында шандыр арқылы өтіп теріасты кабаттан шыққасын, алақандык және шынтақтык тармақтарға бөлінеді: а) алақандык тармақ, aponeurosis m.bicipitis brachii алдында, v. basilica-ның кәріжіліктік жағында орналасады, кейін v. mediana cubiti артында жатады және кәріжілік-білезік буыны аймағына дейін білектің алакандык бетінің шынтақтык жартысы терісінде, тармақталады. Алақандық тармақ, өз жолында n. cutaneus antebrachii lateralis (n. musculocutaneus), r. perforans r. palmaris тармақтарымен байланысады. б) шынтақтық тармақ. Орталық нерв, n. medianus, орталық нервтің латералді және медиалді түбіршектерінен, radices lateralis et medialis, түзілген. Екі түбіршік үшкір бұрыш түзеп қосылып, қолтық артериясының алдыңғы бетінде орналасатын ілмек түзеді. Кейін орталық нерв бір сабау түрінде иық артериясының кәріжіліктік жағымен жүріп, артериямен бірге иық шандырының астында sulcus Ыcipitalis medialis-те жатады. Нерв иықтың ортасына жеткен соң артерияны алдынан қиып өтіп, оның шынтақтық жағында орналасады. Өз жолын артериямен бірге жалғастырып, білектің aponeurosis m.bicipitis астымен шынтақ шұңырынан өтеді. Кейін орталық нерв n. pronator teres бастарының арасымен білектің ортаңғы сызығына бағытталады. Орталық артериямен, a. ulnaris тармағы a. mediana бірге m. flexor digitorum superficialis-тің сіңірлі доғасының астына барады және саусақтардың беткей және терең бүккіштері арасымен кәріжілік- білезік буынына жүреді Осы тұста орталық нерв саусақтардың бүккіштері сіңірлерімен бірге білезіктің кәріжіліктік бүккіші мен алақандық ұзын бұлшықеттері арасымен, retinaculum flexorum астымен білезік өзегінде өтіп, өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Соңғы тармақтары алақан апоневрозының астында, қолұшы аймағында алдынан беткей алақан доғасы, arcus palmaris superflcialis, артынан саусақтардың беткей бүккіші сіңірлері арасында жатады.

ОРТАЛЫҚ НЕРВТІҢ ТАРМАҚТАРЫ 1. Дәнекер тармактар, rami communicantes: а) иық аймағында бүлшыкет-терілік нервпен, тұрақсыз, иыктың жоғарғы ұшында орналасады. б) білек аймағында n. ulnaris-пен, m.flexor digitorum profundus; в) қолұшы аймағында ramus palmaris superficialis n. ulnaris және ramus superficialis n. radialis. 2. Буындық тармақтар, rami articulares, шынтак буынының, жартылай білезік буындарының және бірінші-үшінші (төртінші) саусактардың алақан беті буындарының буындық қаптарына. 3. Бұлшықеттік тармактар, rami musculares, орталық нерв иық аймағында тармақтар бермейді. Білекте орталық нервтің негізгі сабауынан тоқпан жіліктің медиалді айдаршыкүсті деңгейінде бұлшыкеттік тармақтар шығып, m.pronator teres, m. flexor carpi radialis, m. palmaris longus, m.flexor digitorum superficialis бағытталады. 4. Білектің алдыңғы сүйекаралық нерві, n. interosseus antebrachii anterior, орталык нервтін негізгі сабауынан m. pronator teres түсында басталып, алдыңғы сүйекаралык артериямен a. interosseus anterior, бірге дисталді жүріп, m. flexor pollicis longus және m. flexor digitorum profundus арасында жатып, m. pronator quadratus-ке жетеді. Ол m. flexor pollicis longus, m.flexor digitorum profundus және m. pronator quadratus нервтендіреді. 5. Орталық нервтің алақандық терілік тармағы, орталық нервтің негізгі сабауынан білектің төменгі үшынде т. flexor carpi radialis және т. palmaris longus сіңірлері арасында тармакталатын жіңішке тармак. Ол білектің шандырын тесіп өтіп, кәріжілік-білезік буыны, үлкен саусақ және алакан терілерінде тармакталады. 6. I, II, III саусақтардың алакандық жалпы нервтері, nn. digitales palmares communes I, II, III, орталық нервтін негізгі сабауының тармакталу жолынан түзіледі.Олар retinaculum flexorum-нің дисталді жиегі тұсында тармақталып, алақан апоневрозы мен беткей алақан доғасының астында бірінші, екінші және үшінші сүйекаралық кеңістіктерде орналасып, келесі тармақтарды береді: 1) терілік тармактар, rr. cutanei 2) бұлшықеттік тармактар rr. musculares 3) сау­сақтардын алакандық меншікті нервтері, пп. digitales palmares proprii 1) Терілік тармактар - r. cutanei, алақан терісі қалыңдығына, оның ортаңғы бөлімінде алакан апоневрозы арқылы кіретін жіңішке сабаушалар. 2) Бұлшықеттік тармактар, r. musculares, әрбір саусақтардьщ алақандық жалпы нервтерінен тармақталып, алақан аймағында келесі бұлшықеттерді нервтендіреді. а) п. digitales palmares communes I- m. abductor pollicis brevis, m.flexor pollicis brevis, m. opponens pollicis және m. lumbricalis I; б) n. digitales palmares communes II- m. lumbricalis II; в) n. digitales palmares communes III- m. lumbricalis III 3) Саусақтардьщ алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares proprii, жетеу мөлшерінде бірінші, екінші және үшінші саусактардың алақандық бетінің кәріжіліктік және шынтақтык жиектерінің терісін және төртінші саусақтың сол бетінің кэріжіліктік жиегі терісін нервтендіреді. Олардың барлығы саусактардьщ алакан­ дык жалпы нервтерінің соңғы тармак­ тары, яғни бірінші нерв үш нерв береді: бас бармакка екеу және екіншіге - біреу, екінші нерв - екеу: сұк жэне ортаңғы саусақтарға және үшінші нерв - ортаңғы және төртінші саусақтарға. Бас бармақтың алақандық меншікті нервтері, nn. digitales palmares pollicis, бас бармактын алакандык бетінің кәріжіліктік жэне шынтақтық жиектері терісін нерв- тендіріп, кэріжілік нервтің беткей тармағына r. superficialis n. radialis, дэнекер тармакка береді. 1 және IV саусактардьщ терілерін нервтендіретін саусақтардың меншікті аталмыш саусақтардьң тырнақтық және ортаңғы бунақтарының сыртқы беті терілеріне тармактар береді. АРТҚЫ БУДА Арткы буда, fasciculus posterior, V, VI, VII, VIII мойын жэне I кеуде нервтерінің (С5- С8,ТҺ1) алдыңғы тармактарынан түзілген. Ол келесі тармактар береді: ҚОЛТЫҚ НЕРВІ 1) қолтық нерві, п. axillaris және 2) кәріжілік нерві, п. radialis Қолтык нерві - п. axillaris (С5,С6), ірілеу сабау; ол қолтық шүнкыры ұшында, т. subscapularis сіңірі бетінде, а. axillaris-тің артында орналасады. Нерв тоқпан жіліктің арткы айналма артериясымен, a. circumflexa humeri posterior, бірге кішкене томен, сыртка жэне артка бағытталып, foramen quadrilaterum-нен өтеді және тоқпан жіліктің хирургиялық мойнын орап, токпан жілік пен m. deltoideus арасында орналасып, келесі тармактарды береді: а) Бұлшыкеттік тармактар, rami musculares үлкен жұмыр бұлшықет қалыңдығына оның төменгі - сырткы беті жағынан және дельтатәрізді бүлшықет қалыңдығына оның ішкі беті жағынан кіретін бірнеше нерв сабаушалары. Соңғы тармақтардың ішінде pars spina-та, pars acromialis et pars clavicularis m. deltoidei-jxe тармақталатын топ сабаушаларын ажыратады. Осы сабаушалардың кейбіреулері бұлшықет калыңдығын тесіп өтіп, теріге енеді, сонымен қатар колтық нерві m. subscapularis- тің төменгі - латералді бөлігіне бүлшықеттік тармак, ramus subscapularis береді. б) Буындық тармақтар, rami articulares, иык буынының буындық кабына баратын жіңішке сабаушалар, олар буын қабы мен дельтатәрізді бүлшыкеттің ішкі беті арасында орналасып, токпан жілік сүйеккабығына сабаушалар береді. в) Иыктың латералді терілік нерві, п. cutaneus brachii lateralis, дельтатәрізді және иыктың үшбасты бұлшыкетінің ұзын басы арасында орналасып, жогарлаған жэне төмендеген сабаушаларға бөлінеді, олар дельтатэрізді бұлшыкег аймағының артқы бөлімдері және иықтың артқы жэне латералді беттерінің жоғарғы үші терілерінде тармақталады. Соңғы тармактары иыктың артқы терілік нервімен, п. cutaneus brachii posterior, жэне білектің арткы терілік нервімен, п. cutaneus anterbrachii posterior, косылуы мүмкін.

КӘРІЖІЛІК НЕРВІ, n. radialis (С5-С8,ТҺ,), қолтық шұнкырында, a. axillaris, артында жатады. m. brachioradialis арасында жатады. Кәріжілік нерві латералді айдаршықүсті деңгейіне жеткен соң sulcus cubitalis anterior lateralis-те беткей тармаққа, ramus superficialis, жэне терең тармакка, ramus profundus, бөлінеді. КӘРІЖІЛІК НЕРВ ТАРМАҚТАРЫ 1. Буындық тармак, ramus articularis, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан токпан жіліктің хирургиялық мойыны түсында тармакталып, иық буыны қабына барады. 2. Иыктың артқы терілік нерві, п. cutaneus brachii posterior, кәріжілік нервтің негізгі сабауынан қолтық шүнкырында басталып, артқа киғаш бағытталады, кейде иықтың үшбасты бұлшыкетінің үзын басы калыңдығы арқылы өтіп, дельтатәрізді бұлшықет сіңірі деңгейінде иық шандырын тесіп, иықтың артқы-латералді беті терісінде тармақталады. Оның тармактары п.cutaneus lateralis тармақтарымен байланысуы мүмкін. 3. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, иык аймағы түсында т. triceps brachii (барлык бастарына) m. anconeus жэне сирек т. brachialis-тің латералді бөлігіне бағытталады. 4. Бүлшықеттік тармактар, rami musculares, шынтак буыны аймағында т. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus бағытталады. 5. Білектің арткы терілік нерві, п. cutaneus antebrachii posterior, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан canalis humeromuscularis ішінде тармакталады, нервпен бірге septum intermusculare-ve дейін жүреді, иық - кэріжілік бүлшықетінің латералді жиегінде иық шандыры мен калканы тесіп өтіп, иықтың дисталді бөлігі жэне білектің артқы беті терілерінде тармақталып, кәріжілік- білезік буыны аймағына жетеді. Оның тармактары nn. cutanei antebrachii medialis et lateralis тармактарымен жэне ramus dorsalis manus n. ulnaris, ramus superficialis n. radialis байланысуы мүмкін. 6. Беткей тармак, ramus superficialis, кэріжілік нервтің негізгі сабауынан fossa cubiti-де, латералді айдаршықүсті тұсын- да тармақталып, т. brachioradialis-теи медиалді, томен кэріжілік артериядан тысқары жатады. Беткей тармак білектің ортаңғы үшінде кэріжілік жағына m. brachioradialis жэне т. extensor carpi radialis longus сіңірлері арасымен білектің кәрі- жіліктік жағының сыртқы жағына өтеді, кәріжілік-білезік буынынан сәл жоғары білек шандырын тесіп өтеді. Кейін кэріжілік нервтің беткей тармағы кәріжілік-білезікбуыны аймағының кэріжіліктік жағы терісінде жэне кол ұшы мен саусақтардың сыртқы кэріжілік жартысында саусақтардың сырткы нервтері, nn. digitales dorsales, түрінде тармакталады. Беткей тармактары: а) Дәнекер тармақ, rami communicantes, білектің төменгі үшінің сыртқы беті жэне кәріжілік-білезік буыны аймағындағы п. cutaneus antebrachii lateralis et dorsalis- пен байланысатын бірнеше катар жіңішке дәнекер тармақшалар түрінде; кэріжілік нервтің беткей тармағымен шынтақтық дәнекер тармак, rami communicans ulnaris rami superficialis n. radialis, ол - қолұшының сыртқы беті аймағында кэріжілік нервтің беткей тармағын ramus dorsalis manus п. ulnaris-пен қосатын дәнекер тармактардың ішіндегі ең ірі тармақ. б) Саусақтардың сыртқы нервтері, rr. digitales dorsales, бесеу мөлшерінде, терінің келесі учаскелерін нервтендіреді: бас бармақтың сыртқы бетінің шынтактық жэне кәріжіліктік жиектері терісін тырнақ негізіне дейін, сүк саусақтың сыртқы бетінің кэріжіліктік жэне шынтақтык жиектері терісін ортаңғы бунаққа дейін, үшінші саусактың сырткы бетінің кэріжіліктік жиегі терісін ортаңғы бунакка дейін. 7. Терең тармак, ramus profundus, беткейден ірілеу тармак, негізгі сабаудан беткей тармак сияқты латералді айдаршыкүсті деңгейінде тармакталып, т.supinator карыншасына кіріп, кәріжіліктің жоғарғы учаскесін орайды, білектің сыртқы бетіне қиғаш төмен бағытталады. Ол білектің сырткы бетіне m. supinator-дан шыккан соң m. extensor digitorum longus астында, беткей жэне терең жазғыштардың арасында жатады; кейін терең тармақ сыртқы сүйекаралык артериямен a. interossea posterior, бірге білезік аймағының сырткы бетіне дисталді жүреді. Терең тармақ береді: а) Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, білек аймағында келесі бұлшықеттерге: m. supinator, m. extensor carpi radialis brevis, m. extensor digitorum communis m. extensor digiti minimi, m. extensor carpi ulnaris, m. abductor pollicis longus, m. extensor pollicis brevis, m. extensor pollicis longus, m. extensor indicis. б) Артқы сүйекаралық нерв, n. interosseus posterior, бастамасында беткей жэне терең жазғыштар арасында, кейін білектің сүйекаралық жарғағының сырткы бетінде т. extensor pollicis longus және m. extensor pollicis brevis сіңірлері арасында орналасып, білезік аймағына жетеді. Арткы сүйекаралык нерв өз жолында келесі тармактарды береді: п. interosseus anterior мен байланысатын сүйекаралык жарғаққа; кэріжілік пен шынтақ сүйектерінің сырткы бетіне және сүйекқабына, білезік, білезік-алақан жэне де алақан-бунақ буындарының буындық каптарына.

 

60. Бел өрімі: түзілуі, топографиясы. Тармақтары және олардың жүйкелендіретін анатомиялық құрылымдары.

Жауабы: PLEXUS LUMBALIS бұл жұлынны өрімдері ішінде XII кеуделік нервті төменгі тармағы одан кн барып, I, II, IV, бел жоғарғы тармағымен түзіледі. Бел өрімдері жұлыннан шыққанан к.н INCISSURA VERTEBRALIS SUPERIOR. INFERIOR арасында шығарылатын тесіктерінен шығып MUS.PSOAS MAJOR латериалды жиектеріненшығып ішке төмен қарай бағытталады. Нервтері: 1.INСISSURA VERTEBRALSTEN шЫҒЫП омырқа маңы бұлшықеттерін нервтендіретін NERVUS MUSCULARIS болады яғни оны RAMI MUSCULARIS дейді. Бұлықеттік нервтер олар майда-майда болып шыға салысымен бұлшықеттерді нервтентіреді.2.NERVUS GIPOGASTRICUS мықын құрсақ асты нервісі. Мықынға және құрсаққа барады ол Х!! Қабырғаға паралел шығады. MUS.PSOAS MAJOR дың латериалды жиегінен шығып төмен қиғаш бағытталып іштің мықын аймағына келіп іш бұлшықеттеріне тарайды.M.abdigus abdomens externus, internus дейтін бұлшықеттерді яғни ішкі қиғаш, сыртқы қиғаш,көлденең бұлшықеттерді нервтендіреді. Төмен қарай келгенде қасақаның жоғарғы терсін, бөксе аймағындағы терілерді нервтендіреді.3.NERVUS ILIOINGUNALIS-мықын шат нервісі. Мықынға ж.е шатқа келеді. бұл нерв MUS.PSOAS MAJOR яғни NERVUS GIPOGASTRICUS қа паралел есептеледі.MUS.PSOAS MAJOR ды летериалды жиегінен шығып шат сақинасынан шығып жыныс мүшелерін,терілерін нервтендіреді. Яғни ерлерде UMОтерісін, әйелдерде үлкен және кіші ерін терісін, сақинаның айналасындағы терілерді невтендіреді.4.NERVUS GENETOFEMORALIS –сан жыныс нервісі, санға ж,е жынысқа келеді. Оның екі тармағы бар GENETALIS тармағы жыныс мүшелерінекеледі. Шат өзегінің қабырғасын тесіп өтіп санның ішіне кіріпUMО қалтасының ұрық шығаратын түтікшесі мен бірге жүріп DUCTUS DEFERENSIA ны, ұрық шығаратын түтікшелерді,аталық безді көтеретін бұлшықеттерді,қалталарын UMО қалтасының қабырғаларын нервтендіреді.Ал әйелдерде жатырдың жұмыр байламын нервтендіреді.5.NERVUS CUFANEUS FEMORIS LATERIALIS –санның латералдық терілік нервісі. Ол санның сыртқы бөліктерін латериалды бөліктерін, терісін нервтендіреді.6.NERVUS FEMORALS -сан нервісі. санға келеді, LACUNA BAZORNI-тамырлық сағылауының латериалды жағынан өтеді,ол санға қарай өтіп, санныңбұлшықеттеріннервтендіреді және теріге шығады оның терілік тармағы NERVUS CUTANEUS FEMORIS MEDIALIS,яғни санның медиады тері нервісі. Ол созылып балтырға дейін өтеді.7.NERVUS ABTRATORIUS-жапқыш нерв. Жамбастың латериалды қабырғасынан өтіп сол жерде жамбас сүйектің FORAMEN ABTRATORIUM нан өтеді.Сосын FORAMEN ABTRATORIUM шығып MUSABTRATORIUM ді нервтендіреді кейін санның медиалды бөлігінен шығады да медиалды топта орналасқан бұлшықеттерді әкелуші бұлшықеттерді нервтендіреді.

 

1.1.1 Омыртқалар: құрылысы, иілімдері, қызметтері, жалпы қасиеттері.

Омыртқа бағанасы - columna vertebrae құрылысы метамерлі және біріне бірі жалғасып, қысқа кеуекті сүйектрег жататын жеке-жеке сүйекті сегменттерден-омыртқалардан, vertebrae, тұрады.Омытрқа бағанасы дененің тіргеі болып табылатын біліктік қаңқа рөлін атқарады, өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды, дене мен бассүйектің қимыл –қозғалысына қатысады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік жүруіне байланысты болады.Омыртқа бағанасының үш қызметіне сәйкес әрбір омыртқада, vertebrae (грекше-spondylos), мыналар болады:

Алдыңғы жағында орналасқан-денесі, corpus vertebrae, түрінде қалыңдаған тірек бөлімі;

денеге артқы жағынан екі аяқшамен, pediculi arcus vertebrae бекіп, омыртқа тесігін,foramen vertebrale, тұйықтайтын доғадан, arcus vertebrae, осы омыртқа тесіктерінің жиынтығынан омыртқа бағанасында омыртқа өзегі,canalis vertebralis, түзіледі, ол онда орналасқан жұлынды сыртқы зақымданулардан қорғайды.Демек, омыртқа негізінен қорғаныш қызметін атқарады.

Доғаларда омыртқалардың қозғалысы үшін қажет тетіктер- өсінділер болады.Олар доғадан тарайды, ортаңғы сызық бойымен-қылқынды өсінді, processus transversus, жоғары және төмен қарай-жұп буындық өсінділер, processus articulares superiors et inferiores.Буындық артқы жағынан жұп тіліктерді, insisurae vertebrales superiors et inferiores, шектейді,олардан екі омыртқаны байланыстырғанда нервтер мен жұлын тамырлары үшін омыртқааралық тесіктер,foramina intervertebralia, түзіледі.Буын өсінділері омыртқааралық буындар түзуге қатысып, оларды омыртқалар қозғалыс жасайды, ал көлденең және қылқанды өсінділер омыртқаларды қозғалысқа келтіретін байламдар мен бұлшықеттердің бекуі үшін қажет. Омыртқа бағанасының түрлі бөлімдерінде омыртқалардың жекелеген бөліктерінің шамасы мен пішіндері әр түрлі, осыған қарай:мойын омыртқалары (7), кеуде омыртқалары(12), бел омыртқалары (5), сегізкөз омыртқалары (5) және құйымшақ омыртқалары (1-5)деп ажыратылады.Бұлшықеттер мен байламдар бекитін көлденең және сүйір өсінділер күшті бұлшықеттер бекитін жерлерде көбірек өскен, ал құйымшақта жамбас бұлшықеттерінің құрып кетуіне байланысты,бұл өсінділер кішірейіп, қосылып, құйымшақта кішкентай қырқа түзеді.

 

1.1.2. Мойын, кеуде және бел омыртқалары: саны,құрылысы ерекшеліктері.

Мойын омыртқалары(олардың саны 7) vertebrae cervicales. Моын омыртқаларына түсетін жүктемеге сәйкес, олардың денелері де кіші болып келеді.Көлденең өсінділер өсінділер көлденең өсінді тесіктерінің, foramina processus transversalia, болуымен сипатталады.Осы тесіктер жиынтығынан пайда болатын өзектер,олардан өтетін омыртқа артериясы мен венасын қорғайды.Көлденең өсінділердің ұштарында аталған екі төмпешік-tuber cula anterius et posterius түрінде өтеді.VI омыртқаның алдыңғы төмпешігі күшті дамыған, ол –ұйқы төмпешігі, tuberculum caroticum, деп аталады(ұйқы артериясынан қан кеткенде, осы төмпешікке қанды тоқтату үшін ұйқы артериясын қысып басады).VI және VII омыртқада қылқанды өсінділерінің ұштары екіге бөлінген.І және ІІ мойын омыртқалардың пішіндері бассүйекпен буындасуына байланысты ерекше болады.І мойын омыртқада,atlas, дененің үлкен бөлігі даму барысында ІІ омытрқаға ауысып, соғын жабысып өсіп, dens, түзеді.Осының салдарынан І омыртқада тек алдыңғы доға қалады.І омыртқаның алдыңғы (arcus anterior  ) және артқы (arcus posterior) доғалары, жоғарғы және төменгі беттері,сонымен қатар жоғарғы буын ойығы, төменгі буын ойығы болады.Төменгі буындық ойығы ІІ омыртқамен буындасу үшін қажет.ІІ мойын омыртқа- біліктік омыртқа,axis, (латынша-білік, демек біліктік).Басқа омыртқалардан тіс тәрізді өсіндінің немесе тістің,dens, болумен ерекшеленеді.

Кеуде омыртқалары (олардың саны 12),vertebrae thoracicae, қабырғалармен буындасады.

Әдетте қабырғалар екі көршілес омыртқалармен буындасатындықтан, кеуде омыртқалары денелерінің көбіне екіден жартылай қабырғалық шұңқырлары болады.Олардың біреуі-омыртқаның жоғарғы жиегінде, fovea costalis superior,ал екіншісі-төменгі жиегінде, fovea costalis inferior орналасады.Ал І кеуде омыртқасы бұл ережеге бағынбайды.Кеуде омыртқаларының денелері оларға түсетін көптеу жүктемеге сәйкес, мойын омыртқалары денелерінен үлкен болады.Көлденең өсінділер жан-жаққа және артқа қарай бағытталған.Кеуде омыртқаларның қылқанды өсінділері ұзын және төмен қарай бағытталған, сондықтан омыртқа бағанасының кеуде бөлімі ортаңғы бөлігінде бір-біріне жабысып тұрады.

3. Бел омыртқалары,(олардың саны 5) vertebrae lumbales, омыртқа бағанасының жоғарыда жатқан бөлімдеріне қарағанда көбірек түсетін жүктемеге сәйкес, денелері үлкен болады. Қылқанды өсінділері артқа қарай тура бағытталған, буын өсінділері сагитталды орналасқан. Көлденең өсінді өзінің көп бөлігінде нағыз көлденең өсіндімен барынш қосылып, бір бөлігі оның негізі артында кішкене өсінді түрінде сақталған, қосымша деп дұрыс аталмайтын (accessorius-қосымша,қосылатын) рудименттік қабырға болып табылады,

 

1.1.3. Сегізкөз және құйымшақ: құрылысы, қызметі.

Сегізкөз омыртқалары - vertebrae sacrales (саны 5) жас кезде бір сүйекке-сегізкөзге (os sacrum) бірігіп бітісіді. Сегізкөз жоғары қараған негізі, basis ossis sacri және төмен қараған ұшы, apex ossis sacri,бар үшбұрыш пішінді болады.Сегізкөз негізінің алдыңғы жиегі соңғы бел омыртқаның денесімен бірге алға қарай шығыңқы мүйіс, promontorium, түзеді. Сегізкөздің алдыңғы немесе жамбастық беті, facies pelvina, ойыс келеді. Онда көлденең сызықтар, lineae transversae, омыртқалардың қосылған жерлері,ал осы сызықтардың ұштарында жамбастық сегізкөз тесіктері foramina sacralia dorsalia,сәйкес келеді.Оның бойында омыртқалардың жеке бөліктерінің қосылуынан түзілген 5 қыр жатады. Олар қылқанды өсінділердің бітісіунен түзілген-жұп аралық сегізкөз қырлары, cristae sacrales intermedia, және олардан латералды көлденең өсінділердің бітісуінен түзілген - cristae sacrales laterales. Сегізкөз тесіктерін сыртқа қарай көлденең өсінділер мен сегізкөздің бүйір қабырғаларының қосылуынан түзілген-сегізкөздің латералды бөліктері- pars laterales, жатады. Олардың латералды жақтарында мықын сүйектерімен буындасуға арналған құлақ тәрізді (auricula) иілген буын беттері, facies auriculares, орналасады.Олардың әрқайсысынан артқа қарай сегізкөз бұдырмағы, tuberositas sacralis (бұлшықеттер мен байламдардың бекитін жері), орналасады. Сегізкөздің ішінен сегізкөз өзегі, canalis sacralis өтеді, ол омыртқа өзегінің жалғасы болып табылады. Адамда құйрықтың жоғалып, құйрық бұлшықетінің редукциялануынан, сегізкөз омыртқаларының сәйкес бөліктері де редукцияланады. Сондықтан сегізкөз өзегі өзінің төменгі бөлігінде тұйықталмай, сегізкөз саңылауымен, hiatus sacralis (hiatus- саңылау), шектеледі.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: