Порта-кавальды анастомоздар. 27 страница

Құйымшақ омыртқалары, vertebrae coccygea, (саны бір мен бестің аралығында болады) құрып кеткен құйрықтың қалдығы ретінде рудиментті және орта жаста бір сүйекке, құйымшаққа айналып кетеді.

 

1.1.4 Қабырғалар және төс: құрылысы, қызметтері. Қабырғалардың төске беку ерекшеліктері.

Төс - sternum үш бөліктен тұрады: жоғарғы бөлігі-тұтқасы, manubrium sterni, ортаңғы бөлігі-денесі, corpus sterni, және төменгі бөлігі-семсер тәрізді өсінді(processus xiphoideus). Саптың жоғарғы жиегінде саптың мойындырық бөлігі, incisura jugularis, орналасады; оның бүйірлерінде әр жағында біреуден бұғана тілігі, incisura clavicularis, болады, олар бұғананың төстік шетімен буындасады. Тұтқаның төменгі жиегі дененің жоғарғы жиегі өзара алға шығыңқы төс бұрышы, angulus costales, деп аталады.Төс денесінің жиегінде қабырғалық тіліктер, incisurae costales, жатады, олар ІІ қабырғадан бастап шеміршекпен буындасады.

 Семсер тәрізді өсінді түрі жағынан күшті өзгеріп отарады, тесігі болуы, екіге тармақталуы, бір жағына қарай майысуы мүмкін және т.б. құрылысы өте бай қантамыр торы бар жұмсақ кеуек молдығымен ерекшаланеді, бұл төс арқылы қан құюға мүмкіндік жасайды. Төсте кемік майының көп болуы, сәуле ауруын емдеу кезінде жілік майын ауыстырып салуға мүмкіндік береді.

Қабырғалар. Дененің оң және сол бөлігінде 12 қабырғадан болады.Олардың барлығының артқы шеттері кеуде омыртқаларының денелерімен қосылады.Жоғарғы 7 қабырға алдыңғы шеттерімен тікелей төспен қосылады.Бұлар-қара нағыз қабырғалар, costae vera. Өздерінің шеміршектері арқылы төске емес, алдыңғы қабырғаның шеміршегіне қосылатын келесі үш қабырға (VIII, IX және X) сүбе (жалған) қабырғалар, costae spuriae деп аталады. ХІ және ХІІ қабырғалардың алдыңғы шеттері бос жатады, бұлар қозғалмалы қабырғалар, costae fluctuantes.

Қабырғалар, costae, жіңішке иілген табақшалар болып табылады, олардың артқы, ұзындау бөлігі ұзын кеуекті сүйектерге жататын сүйектен, os costales, ал алдыңғы қысқалау бөлігі шеміршектен, cartilago costales, тұрады. Әрбір сүйекті қабырғада артқы және алдыңғы шеттерін, ал олардың арасында қабырға денесін, corpus costae, ажыратады. Артқы шеті қырмен бөлінген буындық беті бар қалыңдау қабырға басы, caput costae, болады, сол арқылы қабырға омыртқалардың денелерімен буындасады. І, ІХ және ХІІ қабырғаларды буындық беті қырмен бөлінбейді. Қабырға басына кейін тарылған бөлік қабырға мойнына, collum costae, жатады, оның жоғарғы жиегімен бірінші және соңғы қабырғада болмайтын бойлық қыр, crista colli costae, өтеді. Мойынның қабырға денесіне айналатын жерінде, сәйкесті омыртқаның көлденең өсіндісінің буындық бетімен буындасу үшін, буындық беті бар қабырға төмпешігі, tuberculum costae, орналасқан. ІХ және ХІІ қабырғаларда төмпешік болмайды, өйткені бұл қабырғалар соңғы кеуде омыртқалардың көлденең өсінділерімен буындаспайды.І қабырғаның жоғарғы бетінде практикалық тұрғыдан маңызды төмпешік, tuberculum m.scaleni anterioris, байқалады, ол алдыңғы сатылы бұлшықеттің бекитін жері. Осы төмпешіктің артқы жағынан кішкентай жүлгені, sulcus a.subclaviae, көруге болады, оған І қабырға бұғанаасты артериясы орналасады.Төмпешіктің алдында бұғанаасты венасы үшін басқа, жайпақтау жүлге, sulcus v.subclaviae, жайғасқан.

 

 

1.1.5  Иық белдеуі сүйектері, иық және білек сүйектері: құрылысы, қызметі.

Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы (skeleton membri superioris liberi) тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады.

Тоқпан жілік humerus ұзын қозғалыс рычагы болып табылды, ұзын жілікті сүйек түрінде дамиды. Осы қызметыне қарай ол диафиз, метафиз, эпифиз, апофиздерден құралады. Жоғарғы шетінде жауырынның буындық тілігімен буындасатын шар тәрізді басы, caput humeri(проксималды эпифиз)болады. Оның басы басқа сүйектен анатомиялық мойын, collum anatomicum деп аталатын тар жүлгемен бөлінеді. Анатомиялық мойыннан кейін екі бұлшықет төмпешігі(апофиздер)орналасады, олардың үлкені, tuberculum majus, латералды, ал екінші кішілеуі, tuberculum minus, одан сәл алға қарай жатады. Төмпешіктерден төмен қарай сүйекті қырлар (бұлшықеттердің бекуі үшін) шығады: үлкен төмпешіктен- crista tuberculi majoris, ал кіші төмпешіктен-crista tuberculi minoris.

Екі төмпешік пен қырлар арасында жүлге, sulcus intertubercularis өтеді, онда екібасты бұлшықеттің ұзын басының сіңірі орналасады.Екі төмпешіктен төмен жатқан тоқпан жіліктің диафизбен шекрада жатқан бөлігі хирургиялық мойын-collum chirurgicum (иықтың ең көп сынатын жері) деп аталады. Сүйектің денесінің ортасында, оның латералды бетінде бұдырмақ, tuberositas deltoidae бар, оған дельтатәрізді бұлшықет бекиді.Тоқпан жіліктің кеңейген және біршама алға қарай иілген төменгі шеті, condylus humeri, жан-жағы бұдырлы өсінділермен медиалды және латералды айдаршық үстімен, epicondulus medialis et lateralis, аяқталады, олар сүйектің медиалды және латералды жиектерінің жалғасында жатады, және бұлшықеттер мен байламдардың бекуі үшін қажет(апофиздер).Медиалды айдаршықүсті латералдыға күштілеу жетілген де, әрі оның артқы жағында шынтақ нерв жүлгесі, sulcus n.ulnaris, орналасады.Айдаршықүсту араларында, білек сүйектерімен буындасу үшін қажет буындық беті(дисталды эпифиз) орын алады.Шығыршық, trochlea, медиалды жатады, ол шынтақ жілікпен буындасу үшін қажет.Шығыршықтан латералды шар кесіндісі түрінде буындық беті, тоқпан жіліктің айдаршығының басы, capitulum humeri, орналасады, ол кәрі жілікпен буындасу үшін қажет.

Білек сүйектері ұзын қуысты сүйектерге жатады.Олар: шынтақ жілік, ulna, медиалды және латералды жағында кәрі жілік, radius, орналасады.

Шынтақ жілік ulna. Оның жоғарғы(проксималды) жуан шеті (эпифиз)екі: артқы, жуандау, шынтақ өсіндісне, olecranon, және алдыңғы, кішкене, тәждік өсіндіге, processus coronoideus, бөлінеді.Бұл екі өсіндінің арасында тоқпан жіліктің шығыршығымен буындасуға арналған шығыршықтық тілік, incisura trochlearis жатады.Шынтақ жіліктің төменгі (дисталды) шетінде дөңгелек, жайпақ, төменгі беті бар басы, caput ulnae (эпифиз) болады, одан медиалды жағынан біз тәрізді өсінді, processus styloideus (апофиз) шығады. Бастың шеңберінде буындық айналма, circumferentia articularis, көрші кәрі жілікпен буындасатын жер орналасады.

Кәрі жілік radius. Кәрі жіліктің дисталды шеті проксималды шетіне қарағанда қалыңдау. Проксималды шеті capitulum humeri-мен буындасуға арналған жалпақ ойысы бар дөңгелек бас,caput radii (эпифиз) түзеді.Кәрі жілік басы басқа сүйектен мойнымен, collum radii, бөлінеді. Одан төмен алдыңғы білек жағынан бұдырмақ, tuberositas radii (апофиз), иықтың екібасты бұлшықеті бекитін жері бөлініп тұрады.Дисталды шетінің (эпифиз) латералды жиегі созылып бізтәрізді өсіндіге, processus styloideus (апофиз), айналады.

 

1.1.6 Білезік және алақан сүйектері:құрылысы, қызметі.

Білезік - carpus 4 сүйектен екі қатарға орналасқан 8 қысқа кеуек сүйектердің –ossa carpi жиынтығы болып табылады. Білезіктің проксималды немесе бірінші, білекке жақын, қатары егер бас бармақтан бастап санасақ, мына сүйектерден түзілген: қайықтәрізді,os scophoideum және жартыайтәрізді, os lunatum, үшқырлы, os triquertum және бұршақтәрізді, pisiforme. Алғашқы үш сүйек бір-бірімен қосылып, кәрі жіліктің дисталды шетімен буындасуға арналған эллипс тәрізді, білек жағына қарай дөңес буындық бетін түзеді. Бұршақтәрізді сүйек бұл буындасуға қатыспай, жек үшқырлы сүйекке қосылып буындасады.Білезіктің дисталды, немесе екінші қатары мына сүйектерден тұрады: трапеция, os trapezium, және ілмектәрізді, os hamatum.Сүйектердің бетінде көрші сүйектермен буындасуға арналған буын фасеткалары болады. Сонымен қатар, білезіктің кейбір сүйектерінің алақан бетінде бұлшықеттер мен байламдар бекуге арналған төмпешіктер шығып тұрады, атап айтқанда: қайықтәрізді сүйекте-tuberculum ossis scaphoidei, os trapezium-де - tuberculum ossis trapezii және hamulus ossis hamati (осы аттан шыққан). Білезік сүйектері жиынтығы қол сырты жағында дөңес те, алақан жағында науа тәрізді ойыс күмбез сияқты. Кәрі жілік жағынан білезік жүлгесі, sulcus carpi, қайықтәрізді сүйекктері және os trapezium төмпешіктерінен түзілген дөңеспен,eminentia carpi radialis, ал шынтақ жілік жағынан hamulus ossis hamati және os pisiforme құрайтын басқа дөңеспен, eminentia carpi ulnaris, шектелген.

Алақан сүйектері, metacarpus, бес алақан сүйектерінен, ossa metacarpalia түзіледі, олар типі жағынан бір, нағыз эпифизі бар(моноэпифиздік сүйектер) қысқа қуыс сүйектерге жатады және бас бармақ жағынан бастап І,ІІ,ІІІ және т.с.с деп реттеліп саналады. Әрбір алақан сүйегі негізінен, basis, диафиз немесе денеден, corpus және дөңгелектелген бастан, caput тұрады.ІІ-V алақан сүйектерінің негіздерінің проксималды шеттерінде білезіктің екінші қатары сүйектерімен байланысуға арналған, ал бүйірлерінде бір-бірімен буындасуға арналған жалпақ буын фасеткалары орналасады. І алақан сүйегі негізінде os trapezium-ге буындасатын ертоқым тәрізді буындық беті болады, бүйір фасеткалар болмайды. ІІ алақан сүйегінің негізі os trapezium-ді қаусыратын бұрыш пішінді тілік түзеді.; V алақан сүйектерінің бастарында проксималды саусақ сүйектерімен буындасуға арналған дөңес буындық беттері орналасады.Бастардың бүйір жақтарында бұдырлы шұңқырлар-байламдар бекитін жерлер жатады.Алақан сүйектерінің ішіндегі ең қысқасы және сонымен бірге ең жуаны-бас бармаққа жататын І сүйек. Ең ұзыны ІІ алақан сүйегі, одан кейінгі ұзындығы ІІІ,IV-V

 

1.1.7 Ортан жілік:құрылысы, қызметі. 

Ортан жілік os femoris қуысты сүйектердің ішіндегі ең үлкені және жуаны болып табылады. Өзінің дамуына байланысты оның диафизі,метафизі, эпифизі және апофизі болады.Ортан жіліктің жоғарғы(проксималды) шетінде дөңгелек буын басы, caput femoris (эпифиз) орналасады, ортасынан біршам төмен қарай буын басында кішкене бұдырлы шұңқыры,fovea capitis femoris –ортан жілік басы байламның бекитін жері жатады. Жілік басы сүйектерінің қалған бөлігімен мойын, collum femoris, арқылы қосылады.Мойынның ортан жіліктің денесіне ауысатын жерінде ұршық (апофиз) деп аталатын екі сүйекті төмпешік шығып тұрады.Үлкен ұршық, trochanter major, ортан жілік денесінің жоғарғы аяқталған жері болып табылады. Оның мойынға қараған медиалды бетінде шұңқыр,Fossa trochantericа, орналасқан.

Кіші ұршық, trochanter minor, мойынның төменгі жиегінде медиалды жағынан және шамалы артқа қарай жайғасқан.Екі ұршық бір-бірімен ортан жіліктің артқы жағында қиғаш өтетін қыр,crista interochanterica арқылы,ал алдыңғы бетінде- linea interochanterica, арқылы қосылады.Бұл түзілістердің барлығы-ұршықтар, қыр, сызық және шұңқыр бұлшықеттерінің бекуіне арналған.Ортан жіліктің төменгі(дисталды) жуандау шеті екі дөңгелек артқа қайырылған айдаршық,condylus medialis және condylus lateralis (эпифиз) түзеді.Олардың медиалды латералды айдаршыққа қарағанда төмен қарай шығыңқылау. Алайда шамаларының бұлайша тең болуына қарамастан, екі айдаршық та бір деңгейде орналасады, өйткені ортан жілік табиғи қалпында қиғаш тұрады және оның төменгі ұшы жоғарғысына қарағанда ортаңғы сызыққы жақындау орналасады.Айдаршықтардың буындық беттері алдыңғы жағынан бір-біріне ауысып сагитталды бағытта кішкене ойыс тізе тобықтық беті, facies patellaris, түзеді, өйткені тізе буыны жазылғанда patella артқы жағымен оған жанасады.Айдаршықтар артқы және төменгі жақтарында терең айдаршықаралық шұңқырмен, fossa intercondylaris, бөлінеді.

 

 

1.1.8 Асықты жілік және жіліншігі: құрылысы, қызметі.

Асықты жілік - tibia. Оның проксималды шеті (эпифиз) екі айдаршық-медиалды, condylus medialis және латералды condylus lateralis түзеді.Ортан жілікке қараған жақтағы айдаршықтарда ортан жілікпен буындасуға арналған сәл ойыстау буын алаңдары facies articularis superior орналасады. Асықты жілік айдаршықтарының екі буындық беті де бір-бірінен eminentia intercondylaris деп аталатын қырмен бөлінеді. Қырдың екі tuberculum intercondylare mediale et laterale төмпешігі бар.Бұл қыраттың алдыңғы және артқы шеттерінде бір-бірден жатады, олардың area intercondylaris anterior, ал артқысы area intercondylaris posterior деп аталады.Буындық беттері жуандау жиекпен қоршалған. Жиекпен сәл төмендеу, енді асықты жіліктің алдыңғы бетінде едәуір қомақты бұдырмақ, tuberositas tibiae (апофиз), төртбасты бұлшықет сіңірінің бекитін жері жатады. Латералды айдаршықтың артқы бүйір аймағында кішкене жайпақ буындық беті –кіші жіліншік басымен, facies articularis fibularis буындасатын жер жатады.

Асықты жіліктің денесі үшқырлы пішінді,оның үш жиегі бар:алдыңғы,margo anterior, медиалды,margo medialis және кіші жіліншік жаққа қараған,сүйекаралық жарғақтың бекуіне арналған жер латералды жиек.margo interossae. Үш жиектің арасында үш бет болады: артқы,facies posterior, медиалды, facies medialis, латералды, facies lateralis. Медиалды бет пен алдыңғы (ең өткір) жиек тері астында айқын білініп тұрады. Астыңғы жіліктің төменгі дисталды шетінің (эпифиз) медиалды жағында төменде берік өсінді –медиалды толарсақ, malleolis medialis орналасады. Оның арт жағында жайпақ сүйекті жүлге, sulcus malleolaris, сіңірдің өтетін ізі бар. Асықты жіліктің төменгі шетінде аяө ұшы сүйектерімен буындасуға арналған бейімділіктер, facies articularis inferior, және медиалды толарсақтың латералды жағында-facies articularis malleoli жайғасқан. Асықты жіліктің дисталы шетінің латералды жиегінде тілік, insisura fibularis, кіші жіліншікпен қосылатын жер болады.

Асық жілік шыбығы - fibula шеттері жуандаған жұқа әрі ұзын сүйек болып табылады. Жоғарғы (проксималды) эпифиз жайпақ дөңгелекше буындық беті, facies articularis capitis fibulae, арқылы асықты жіліктің латералды айдаршығы буындасатын кішкене бас,caput fibulae, түзеді. Осы беттің сәл артқы және бүйір жағынан жоғары қарай сүйекті бұдыр, бастың ұшы, apex capitis fibulae шығып тұрады. Шыбықтың денесі үш жиекті және өзінің бойлық білігі бойынша сәл-пәл бұратылған сияқты. Сүйек диафизінің асықты жілікке қараған және сүйекаралық жарғақтың, membrane interossea cruris, бекуіне арналған жиегі margo interossea ретінде белгіленеді.Асықты жілік шыбығының төменгі (дисталды)эпифизі жуандап, тегіс буындық беті, facies articularis malleoli, бар латералды толарсақ, malleolus lateralis, түзеді.

 

1.1.9 Аяқбасы сүектері:құрылысы, қызметі.

Аяқ басы сүйектеріне: тілерсек, табан және бақай сүйектері ажыратылады.

Тілерсек - tarsus білезік сүйектері сияқты екі қатарға орналасқан жеті қысқа кеуек сүйектен түзілген. Артқы немесе проксималды екі біршама ірілеу сүйектен-асық және оның астында жатқан өкше сүйектен құралады.Алдыңғы немесе дисталды қатар, медиалды және латералды бөлімдерден тұрады.Медиалды бөлім қайықтәрізді және сынатәрізді сүйектен тұрады, ал латералды бөлімде тек бір ғана текше сүйек жатады. Асықты жілік сирақ сүйектерімен (жоғарғы жағында) және қайықтәрізді сүйекпен (алдыңғы жағынан) буындасуға бейімделген.

1.Асық топай сүйек, talus алдыңғы жағында тарылған мойынға,collum tali айналатын денеден, corpus tali тұрады; мойын қайықтәрізді сүйекпен, facies articularis navicularis буындасуға арналған буындық беті бар сопақ дөңес баспен corpus tali аяқталады.Асық сүйек денесінің жоғарғы жағында сирақ сүйектерімен буынасуға арнлаған шығыршық, trochlea tali орналасады.

2.Өкше сүйек, calcaneus. Сүйектің жоғарғы жағында асық сүйектің төменгі буындық беттеріне сәйкес келетін буындық беттер орналасады.Медиалды жаққа қарай өкше сүйегінің, sustentaculum tali деп аталатын өсіндісі-асық сүйектің тірегі шығады.Өкше сүйегінің алдыңғы бөлімдегі буын беттері осы сүйектің артқы буындық бетінен жүлге, sulcus calcanei арқылы бөлінген. Ол асық сүйектің нақ осындай жүлгесіне жанасып, онымен бірге аяқ ұшының сыртында латералды жағынан ашылатын сүйекті қойнау, sinus tarsi, түзеді.Өкше сүйегінің латералды бетінде ұзын жіліншік бұлшықетінің сіңіріне арналған жүлге өтеді.Өкше сүйегінің тілерсек сүйектері екінші қатарына қараған дисталды жағына текше сүйекпен буындасуға арналған буындық беті, facies articularis cuboidea жатады.

3.Қайықтәрізді сүйек, os naviculare асық сүек басы мен үш сына тәрізді сүйектердің арасында орналасқан.

4.5.6 Үш сына тәрізді сүйек, ossa cuneiforma өздерінің сыртқы түріне қарай осылай аталады және os cuneiforme mediale, intermedium et laterale деп белгіленеді.Сүйектердің ішіндегі ең ірісі-медиалды сүйек.Сынатәрізді сүйектердің сәйкес беттерінде көрші сүйектермен буындасуға арналған буын беттері орналасады.

7.Текше сүйек, os cuboideum, аяқ ұшының латералды жиегінде өкше сүйегі мен IV және V табан сүйектері негізінің арасында жатады.Сүйектің табан жағында қиғаш бұдырмақ, tuberositas ossis cuboidea шығып тұрады, оның алдында жүлге, sulcus tendinis m.peronei longi өтеді.

Табан сүйектері, metatarsus, қысқа моноэпифизарлы қуысты сүйектерге жататын және қолдағы алақан сүйектеріне ұқсайтын бас табан сүйектерінен, ossa metatarsalia, тұрады.Алақан сүйектері сияқты негізі, basis, ортаңғы бөлігі немесе денесі, corpus, ж2не дисталды шеті, басы, caput болады.Оларды аяқ ұшының медиалды жиегінен бастап санайды.

Аяқ ұшы бақайларының сүйектері,бақайшақтар, phalanges digitorum pedis қол ұшының осындай сүйектерінен кішілеу шамаларымен өзгешеленеді.Тек екі бақайшағы бар І бақайды қоспағанда, бақайлар, саусақтар сияқты үш бақайшақтан тұрады.Дисталды бақайшақтардың шетінде жуандаған бұдырмағы, tuberositas phalangis distalis, болады, бұл олардың басты ерекшелігі болып табылады. Дәнтәрізді сүйектер табан сүйектер-бақайшақтар буындары(І бақай аймағында тұрақты) мен І бақайдың буынаралық буынында кездеседі

 

 

1.1.10 Шүйде сүйегі: құрылысы,қызметі

Шүйде сүйек, os occipitale, әрі бассүйек күмбезіне, әрі оның негәзәне қатыса отырып, бассүйек қорабының артқы және төменгі қабырғаларын түзеді. Ол(аралас сүйек болғандықтан) осыған сәйкес дәнекер тін негізінде жабын сүйек(шүйде қабыршағының жоғарғыбөлігі) ретінде де, сондай-ақ шеміршек негізінде де(cүйектің басқа бөліктері) сүйектенеді. Ол тек 3-6 жаста бірыңғай сүйекке айналып бітісіп кететін жеке-жеке 4 бөліктен тұрады. Үлкен шүйде тесігін, foramen magnum(жұлынның омыртқа өзегінен бассүйек қуысындағы сопақша миға ауысатын жері) тұйықтайтын бұл бөліктер мыналар: алдыңғы жағынан –негізгі бөлік,pars basilaris,жан-жақтарында-латеральды бөліктер,partes lateralis, арт жағынан-шүйде қабыршағы,squama occipitalis. Қабыршақтың шеке сүйектерінің арасына сыналап өтетін жоғары бөлігі жеке сүйектенеді және көбінесе бүкіл өмір бойы көлденең жікпен бөлініп тұрады.

Шүйде қабыршағы, squama occipitalis, жабын сүйек ретінде табақша тәрізді, сырт жағынан дөңес, ал іш жағынан ойыс. Оның сыртқы бедері бұлшықеттер мен байламдардың бекуіне байланысты. Ішкі беттің бедері мидың пішініне және оның қабаттарының бекуіне байланысты, соның себебінен бұл бет тік бұрыш жасай қиылысатын екі қыр арқылы байланысатын 4 шұңқырға бөлінеді: бұл екі қырға бірге кресттәрізді томпақты, eminentia cruciformis, ал олардың қиылысқан жерінде ішкі шүйде шодырын(protuberantia occipitalis interna) түзеді.

Бойлық қырдың төменгі жартысы сүйірлеу және crista occipitalis interna деп аталады. Жоғарғы жартысы және көлденең қырдың екі жартысы да жақсы байқалатын: сагиталды, sulkus sinus sagittalis superioris және көлденең,sulkus sinus transversi жүлгелерімен қамтылған.

Латералдық бөліктердің, partes lateralis, әрқайсысы бассүйектің омыртқа жотасымен байланысуына қатысады, сондықтан олардың төменгі бетінде шүйде айдаршығы, condulus occipitalis, ауыз омыртқамен буындасатын жер болады.

Негізді бөлік, pars basilaris, 18 жасқа қарай сына тәрізді сүйекпен бітісіп-өсіп, бассүйек негізінің ортасында бірыңғай сүйек, os basilare, түзеді.

 

1.2.1 Мойын бұлшықеттері: топографиялық орналасуына байланысты жіктелуі, құрылыс ерекшеліктері.

Жауабы:

Мойын бұлшықеттері орналасуы жағынан мынадай топтарға бөлінеді:

1.Беткей бұлшықеттер platysma,m.sternocleidomastoideus).


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: