Ішкі Монолог пен диалог 17 страница

Лириканың бас қаһарманы - ақынның өзі. Ақын ең алдымен өз жайын, мұңын, арманын, қуаныш сезімін жыр ету арқылы халықтың тағдырын, қайғысын, күйзелісін, қуаныш-шаттығын, тілек-мақсаттарын білдіреді. Нағыз лирикалық туындылар жеке адамның жан дүниесін, толғанысын, тағдырын бейнелеп, сол арқылы бүкіл бір ортаны, қоғамды, заманды сипаттап береді. Лирика көлемі жағынан өте ықшам келеді. Оқиғадан гөрі отты сезім басымдау, күллі сурет сол сезім маңына, бас-аяғы тұжырымды бірер философиялық ой маңына жинақталады. Лирикалық шығармалар кейде шығарманың тақырыбына, мазмұнына қарай бөлінеді:

Саяси-азаматтық Лирика

Махаббат Лирикасы

Көңіл күй Лирикасы

Табиғат Лирикасы

Лириканың тағы басқа түрлері - арнау, ой, романс, пастораль, эклога, эпиталама, эпитафия, эпиграмма, идиллия. Орта ғасырда роман (француз, испан, итальян) елдерінің поэзиясында туып қалыптасқан Лириканың ерекше бір түрі - баллада. Ол лиро-эпостық сипаттағы шағын сюжетті өлең, барлық әдебиетте кең тараған. Мысалы, қазақ әдебиетінде Қ. Жармағамбетовтың "Бидай туралы баллада", сондай-ақ, "Мұғалима", "Күзетші" балладалары бар. Антикалық әдебиетінде көп тараған идиллия уайым-қайғысыз жеңіл өмірді жырласа, одалар есімі елге тараған белгілі жеке адамдарды, не батырларды мадақтаған. Мұндай мақтау жырлар Жәңгір ханның сарай ақыны Байтоқ та бар. Арнаулы өлшеммен жазылатын Лирикалық сонет үлгісін Е.Әукебаев, Қ. Шаңғытбаев, Қ. Аманжоловтар қолданған. Элегия да Лирикаға жатады. Онда көңіл кайғысын суреттеу жиі ұшырайды. Қазақ әдебиетінде, Абай шығармашылығында халықтың әлеуметтік тағдырын бейнелеген, адам сезімдерінің нәзік түйсінулерін көрсететін Лирикалық шығармалар өте көп. С. Сейфуллин, Ш. Құдайбердіұлы, М. Жұмабаев, I. Жансүгіров, М. Дулатов, С. Мұқанов, С. Мәуленов, Ә. Тәжібаев, F.Орманов, Ж. Молдағалиев, М. Мақатаев шығармаларында қазақ Лирикасының көркемдік ерекшеліктері айқын көрініс тапқан.[1]

Лирикалық шығармаларды талдау, әрине, оңай емес,

Бірақ үйрету-біздің мақсатымыз. Ендігі талдау жүргізетініміз Абайдың «Бойы бұлғаң» өлеңінен үзінді. Бұл өлеңнің өзіндік ерекшелігі бар. 1) 4-7 буыннан құралған аралас буынды, 6 тармақты бір шумақ өлең. Өлеңнің шумағы да, тармағы да, буын-бунағы да әр түрлі. Негізінен,егіз ұйқастың тобына жатады. 2) Шығарманың мазмұнын білмей талдау мүмкін емес,сондықтан сөздік жұмысын жүргізіп, шығарманың қыр-сырын ашу керек. а) Бұлғаң-сырт бейнесін түзеген болып былқ-сылқ еткен. ә) Жылмаң-жылпос, жылмақай. б) Састым –абыржыдым, тым сасқалақтадым. г)Бетті бастым-ұялдым. 3) Өлеңнің тақырыбы, идеясына шолу жасау.

Абай өз заманындағы қу, сұм, жылпос жылмақайлардың жиренішті кейпін ашулы ызамен шенейді. Олардан аулақ болуға шақырады. Тіл мен әдебиет –егіз, сондықтан тіл сабағында әдебиетті байланыстыра оқыту әрбір мұғалімнің парызы.

4)Өлең құрылысы жағынан құрмалас сөйлем, оның ішінде аралас құрмалас,4 сөйлемнен тұрады.а) Бойы бұлғаң,ә) Сөзі жылмаң, б)Мен сонан бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан в) кімді көрсем

5) Сөйлемнің түрлеріне қарай: а)Бойы бұлғаң, сөзі жылмаң,-бастауыш пен баяндауыштан құралған жалаң сөйлемдер,ә)мен сонан бетті бастым, қатты састым, тұра қаштым жалма-жан-бірыңғай баяндауыштары бар жайылма сөйлемдер,б) Кімді көрсем-шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас.

Әдебиет пәні мұғалімінің әдебиетті оқыту әдісінің ең қайнар бұлағы – осы көркем туындыны оқуға деген оқушы ынтасы, қызығушылығын арттыру, әрі оқырман тәрбиелеу. Оның ең бір тиімді жолы – үнемі оқушы пікірін, ойын таңдау, онымен есептесіп отыру, жаңа өтілетін тақырыпты сол сабақ үстінде ғана хабарлап, таныстыру емес, алдын ала жүйелі сабақтар, тапсырмалар бере отырып, оқыту. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5- сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5- сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту - аса күрделі мәселе (әсіресе, төменгі сынып оқушылары үшін). Жалпы бұл жерде айта кететін жағдай – қай шығарма болсын, мұғалім бар баланың ол туралы ойын біліп үлгере алмайды. Сондай – ақ бар бала да өзі оқыған туынды туралы сезімі, әсерін сол қалпында жеткізеді деу де қиын дүние. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынандай көмек – нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады (сабаққа дейінгі тапсырмалар):

1.Өлеңді асықпай,әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудар.

3. «Күздегі» адамдар іс - әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін есте сақта.

4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі.Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әр бұл жұмыста мұғалімнің басшылық - «көсемдік» орны да ерекше, Оқу баланың тікелей оз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Ол қандай мақсат? Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып - білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс - әрекетін дамыту. Сондай – ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік – эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін, т.б.бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.

Талдау кезінде мұғалім оқушылардың сол көркем туынды туралы сезіміне, жүрек лүпіліне, ойына біршама ене алады. Ол үшін қойылатын сұрақ, тапсырма мазмұны нақты, әрі басты мақсатты ашатындай берілуі тиіс. Талдау арқылы оқушы қабылдауын, пікір ашудың бір жолы – жазбаша жұмыстар жүргізу. Соның ішінде шығарма - талдау, шығарма – сырласу, шығарма пікірлердің маңызы зор. Мысалы, М. Мағауиннің «Бір атаның балалары» атты еңбегін оқып болған соң, шағын ғана шығарма - толғаныс жаздыруға болады (талдауға дейін). «Маған Ертай мен Нартайдың қазасы қалай әсер етті?» немесе «Балалар қазасы. Ол туралы ойлансаң...» т.с.с.

Оқушы жазушы шығармасын тілге тиек ете отырып, талдауды осыдан бастауына болады. Мұғалім әрі баланың сезіміне бойлай отырып, сол сезімдер арқылы, оқушының қабылдауы арқылы оларды әдеби талдауға жұмылдырады, талдау белсенділігіне ықпал жасайды. Бұдан шығатын қорытынды: әдеби талдауды мұғалім ең алдымен оқушы сезімі, сол шығарманы қабылдау барысымен таныса отырып, соның негізінде жүргізуі керек. Яғни көркем туындыны оқушының қабылдауы мен оған әдеби талдау жасау бірлікте ұйымдастырылған жөн. Жоғарыда сөз болған «Күз» өлеңіне әдеби талдауды мынандай сұрақтармен жүргізуге болады:

1. «Күз» суреттері неге өздерің айтып жатқандай, «түсі суық сұр бұлт», «дымқыл тұман...» «жапырағынан айырылған қурайлар» арқылы беріледі?

2.Қалай ойлайсың, «Күзді» сипаттау үшін,кедей өмірі не үшін суреттелген?

3.Өлең неге жабырқаңқы көңіл күймен, ақынның көңілсіз үнімен жазылған? Осы арқылы өлеңдегі ақын мақсатын, ойын ашып бере аласың ба?

Кей жағдайларда оқушы әсері, сезім – күйін байқау сұрақтары мен талдау сұрақтары ұштастырылып беріледі (жоғарыда екеуінің бөлек құрастырылған үлгісі берілді). Бірақ мақсат – біреу. Екі сұрақ бір – бірінен туындап, бір – бірін толықтырып отыр. Оқытудың ілеспелі (последовательность), жүйелік принциптері әдеби шығармаларды оқу, талдауда ерекше орын алады. Мысал ретінде 5- сыныптағы Ә.Сәрсенбаевтің «Алтын күз» өлеңін талдау, сұрақ тапсырмаларының үлесін берейік (оқушы сезімін байқау, әрі талдау мәселелері бірге қарастырылып отыр).

1.Күзді сипаттайтын бейнелі сөздер, сөз тіркестеріне назар аударыңдар. Абайдың «Күз» өлеңіндегі бейнелі сөздері мен Әбу ақынның күзді суреттейтін сөздерін мына үлгіде теріп жазыңдар.

 

73. Ақтамберді толғауларындағы басты сарын

Ақтамберді толғауларындағы басты сарын-ерлікке,батырлыққа шақыру.Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы,мақсат-мүддесі,көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі,мінез-құлық ерекшеліктері жырлануы. Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп,ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты,рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе Бөгембай батырға арнаған толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от-жалынында туған,ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын  оятар,жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр,ұранды рухымен сүйсіндіреді.Ақтамберді толғауларындағы басты идея-ата жауға қарсы күреске шақыру,ерлікке жігерлендіру.Азатттықты аңсаған азатшыл сарын-жырау поэзиясының басты желісі. Оның азатшыл мұраттағы алғашқы өлеңдерінен ақ өршіл сарынның от-жалынды лебі сезіліп тұрады.Ақтамберді толғаулары көбіне ерлікті әспеттеп, ел тәуелсіздігін ардақтаған тегеуріні тым қатты, рухы биік отты жыр жолдарынан өріледі. Әсіресе «Күмбір-күмбір кісінетіп» толғауының екпіні ерекше. Жоңғардан туған жерді азат етер арпалыстың от жалынында туған, ерлердің ертеңгі жеңіске деген құштарлығын оятар, жеңістен кейінгі бейбіт күндердің берекелі шаттығын көзге елестетер жігерлі жыр, ұранды рухымен сүйсіндіреді. Ерлікті жанына жалау қылған жыраудың ел тәуелсіздігі жолына жанпидалық ұранды ту еткен түйіні ұзақ тлғаудың төменгі төрт жолында берілген:

Кеуде бір жерді жол қылсам,

Шөлең бір жерді көл қылсам,

Құрап жанды көп жиып,

Өз алдына ел қылсам!

Азаттық жолындағы күрестің басты мақсаты – «өз алдына ел болу», қантөгіс қырғын, жас кеткен боздақ – осы бір ұлы арманның құрбаны.Жырау сипатайтын жеңістен кейінгі мамыражай заман суреттері – еркіндікке жеткізер ерлік қайрағы. Ал көңіл көздеген түпкі мақсат – ел қамы.

Тобылғы сапты қамшы алып,

Тұмар мойын ат мініп,

Қоныс та қарар ма екенбіз!

Ел жазылып жайлауда

Жақсылар кеңес құрғанда

Мұртымыз өрге шаншылып,

Бұрын да сөйлер ме екенбіз!

Жырау көрер қуанышты, келер бақытты көшпелі жұрттың қызықты өмір салтынан ала отырып, күнделікті күйбең тіршіліктің күнгейінен сағалап кетпейді. Елінің жайын ойлайды. «Кеңес құру», «Қоныс іздеу» осының көрінісі. «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» жұмақ заманды бейнелеп, тәуелсіз елдің тыныштығын аңсаған ақынды береке-бірліктің құтын қашырмаудың қиындығы қатты толғандырады.

Осындай берген дәулетті,

Көтеріп тұра алар ма екенбіз?

Ел бірлігін өміршеңдігін қалаған осынау үмітті тілек-түйіннің айтары көп, берері мол. Жырауды ұлы күрестің баяндылығы толғандырады. Ұрпағына соны аманат етеді.

 

74. Көркем шығармадағы реализм

Реализм әдісі әдебиет пен көркемөнер шығармасында кейіпкерлердің тұлғасын, мінез-әрекетін мейлінше шынайы суреттеуге мүмкіндік береді. Адам мінезін, тұлға бейнесін өзгерісті даму үстінде алып, өмірлік күрес-тартыспен ұштастырып көрсету – реалистік әдістің ең ұтымды жағы. Абай алғаш рет қазақ әдебиетінде реализм әдісін қолданды. Сыншыл реализм әдісінің басты ерекшелігі - әмірдің шынайылығын бейнелеу, адам тағдырының, типтік мінез-бітімін типтік жағдайда көрсете отырып, саяси-қоғамдық емірдегі қайшылықтар мен кемшіліктерді сынау болып табылады. Сыншыл реализм әдісі орыс классикасымен таныс, шығыс реализмін жетік білген Абайдың шығармаларында орын алды. 20 ғасырдың 20-жылдары Шәкәрім, бұл әдісті А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Әуезов дамыта түсті. Көркемдік әдіс - өмір шындығын суреттеудің ерекшелігі, соны айқындайтын негізгі принциптер. Өнер мен әдебиетте бір бағыттағы жазушылардың идеялық нысанасы өмір құбылыстарын бейнелеп көрсетуде қолданылатын амал-тәсілдері жағынан да ұқсас, жақын келетіні сөзсіз. Ортақ-сипат белгілер тақырып тандау, белгілі жанрлық түрлерді қолдану, адамның бейнесін суреттеу өзгешеліктерінен анық көрінеді. Бүл сипат көбінесе белгілі әдеби бағыт, әдеби ағым аясында қалыптасады. Ал көркемдік әдіс - суреткердің өмірді бейнелеуде нақты өмір құбылыстарын тірек етуі немесе өмірдің өзі қандай болуы қажет деген ой-түсінігіне сүйенуін аңғартады. Абай поэзиясында реализм әдісі кең өріс алды. Бұл әдіс өмір шындығын терең, жан-жақты ашып көрсетуге мүмкіндік берді. Соцреализм әдісі қарапайым адамдардың бейнесін таптық түрғыдан суреттеуді көздейтін реализмнің осы тусын ғана бөліп алып дамытты. Жазба әдебиетте реализмнің қанатын Абай жазып кетсе, оны 20 ғасырдың басындағы қазақ жазушылары жалғастырды. Романтизм әдісі қазақ әдебиетінде болды ма? Кеңес кезінде Махамбеттің поэзиясындағы асқақ арман, күрескерлік әуен романтикалық әдіс сарыны деп түсіндіріліп келді. Махамбеттің эр өлең жолы еуропалық романтизм емес, маңайындағы қоғамдық боданға қарсы қуса мен өкінішке толы екені бүгін айқындалды. Кеңес әдебиеттануы қазақтың әдебиетін төл табиғатында емес, басқа схемаға салып зерттегеннің салдарынан ғана мундай өкінішті жайлар орын алған еді. Ұлттық көркем дәстүрдің бастауы - реалистік нақтылық, саяси, қоғамдық өмірдің қайшылығын ашатын шыншылдық толғаулар екені айқын. Социалистік реализм әдісі өмір шындығын революциялық даму тұрғысынан ғана бейнелеуді қажетті басты ұстаным ретінде қарады.

 

75. Оқушыларға көркем шығарманы оқытқанда жас ерекшелік мəселесі

Көркем шығарманы талдамас бұрын оны дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.

Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді.»

М..А. Рыбникова.

Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.

Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.

Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.

- сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;

- ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.

Әдебиет - өнер, әдебиет - ұлттық қазына, асыл мұра.

Әдебиетті оқыту көркем шығарманы оқудан басталады. Көркем шығарманы оқу үйде, сыныпта жүргізіледі. Көркем туындыны оқуда мәнерлеп оқу, әр сөзді айқын, түсінікті оқу, жинақы оқу, дауыс естілімінің де ашық болуы талап етіледі. Оқушыны көркем мәтіннің оқу түрлеріне дағдыландыру керек. Көркем мәтінді оқу түрлерін жіктеп ажыратамыз:

1) көркем мәтіндегі жазушы ойын мұғалім көмегімен аңғара оқу. Оның мән-мағынасын тұшына, түсіне оқу. Қиын, түсініксіз образды, айшықты сөздерді ұғына оқу, яғни лингвистикалық түсіндірмелі оқу;

2) таңдап оқу. Белгілі мақсатпен қойылған сұрақтарға жауап іздеп, тіл көркемдігін дәлелдеу, портрет, пейзаж, образды табу;

3) іштен оқу немесе өздік оқу. Іштен оқудың оқушыны жеке, өз бетімен жұмыс істеуге баулудағы маңызы ерекше зор. Ойлану, өз бетімен іздену, жауап табу, дербес белсенділігін арттырудағы іштен оқудың атқарар рөлінің ерекше екендігі;

4) рөлге бөліп оқу. Рөлге бөліп оқу таным белсенділігі, қызығушылығын арттыруда, қабілеттерін дамытуда, сабақтың эмоциялық, психологиялық мәнін нәрлендіруде пайдалы;

5) хормен оқу. Оқу техникасын жетілдіру, мәнерлі, айқын оқу, көркем мәтінмен жұмыс істеуге баулу бүкіл сынып оқушыларын көркем оқуға ұйымдастыруда тиімді;

6) ұжымдық оқу. Әсіресе, даралап оқытуда тиімді. Оқу техникасына, мәнерлеп оқуына қарай, оқушыларды топқа бөле отырып, мұғалім ұжымдық оқуды тиімді ұйымдастырса, көркем мәтінді тез меңгертуге ықпал жасайды, мәтінді оқуға деген оқушы ынтасын арттыруға әсер етеді;

7) жұптық оқу. Жұптық оқудың тиімділігі, біріншіден өз беттерімен оқу техникасын жетілдіру дағдыларын дамытады, екіншіден ұқыпты тыңдай білуге, бір-бірінің жұмысына талдау жасай білуге икемдейді;

8) мәнерлеп оқу. Мәнерлеп оқу-әдебиетті оқытудың басты әдістемелерінің бірі. Мәнерлеп оқудың мақсаты:

а) оқушыларға көркем туындының эмоциялық-эстетикалық әсерін сезіндіру;

ә) көркем мәтінге жан беру, әр сөздің мәні мен мағынасын, сөз бояуларының нақышын сезе білу;

в)көркем мәтіндегі айтар ой мен поэтикалық көркемдікті өздеріне болжату, түсіндіру, мәтінді талдау дағдыларын дамыту. Әдебиет сабағының күре тамыры көркем мәтінмен жұмыс істеу деп санаймын. Оның ерекшелігі сол - ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі. Оқушылармен бірге көркем шығармамен жұмыс істей отырып, олардың ойлауына, толғауына, пікір айтуына ықпал жасаймын. Оқушылар көркем шығарманы оқып біткен мерзімде, ауызша, жазбаша сұрақтар арқылы мазмұнын айтқызамын, өзіне ұнаған бір эпизодты қысқаша баяндатамын, бір кейіпкердің іс-әрекетінен мысалдар келтірткіземін, ең негізгі деген жерлерден үзінді жазып, «Ол қай оқиғадан алынды, кімнің сөзі?» деген сұрақтарға жауап аламын, әр түрлі әдеби ойындарын жүргіземін

76. Қазтуған жырау толғауларының тақырыптық арнасы

Жырау толғауларының негізгі тақырыптары - туған жерді, елді сүю, Отанды қорғау, елді бірлікке шақыру, адамгершілік қасиетті насихаттау. Жыраулар поэзиясы - халықтың басынан өткерген тарихи оқиғаларды, оның арман-мұратын, кешірген ауыртпалықтары мен елдің сол дәуірдегі саяси-әлеуметтік тұрмыс тіршілігін, ой-санасы мен ақыл ойын, дүниетанымдық болмысын көркем де бай құнарлы да бейнелі тілмен айшықтайды. 

Жыраулар поэзиясының тілдік ерекшелігі философиялық терең ой мен дидактикалық мазмұнға, саналуан экспрессия мен эмоцияға, өсиет-нақыл сөздер мен афоризмдерге, соны тіркестер мен синтаксистік параллелизмдерге, дыбыс үндесулері мен ішкі ұйқастарға, ырғақтық топ пен лингвопоэтикалық интонацияға  толы.

Жыраулар мектебінің осындай көрнекті өкілдерінің бірі - Қазтуған Сүйінішұлы.

Қазтуған Сүйінішұлы (шамамен 15 ғасырда өмір сүрген) – жырау, жорық жыршысы, қазақ эпосын жасаушылардың бірі. Қазтуған жыраудың артынан өмір, болмыс туралы, атамекен, туған ел жайлы және әскери тұрмысқа қатысты сан алуан жырдан құралған мол мұра қалған. Бірақ жыр толғауларының көпшілігі сақталмай тек бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде «Бұдырайған екі шекелі», «Алаң да алаң, алаң жұрт», «Белгілі биік көк сеңгір» деп аталатын үш толғауы ғана бар. Алайда аталған үш шығарманың өзінен-ақ Қазтуған жыраудың қазақ әдебиет тарихынан берік орын алғанына көз жетіземіз. Жыраудың қиялының ұшқырлығы мен кеңдігі, суреттеу тәсілдерінің байлығы мен әсемдігі орта ғасырларда қазақтың ақындық өнерінің жоғары дәрежеде әрі өзіндік сипатқа толы болғанын айғақтайды. 

Алаң да алаң, алаң жұрт,

Ақала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздің бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған

Келіншек болып түскен жұрт,

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,

Кіндігімді кескен жұрт,

Кір-қоңымды жуған жұрт,

Қарағайдан садақ будырып,

Қылшанымды сары жүн оққа толтырып,

Жанға сақтау болған жұрт.

Салп-салпыншақ анау үш өзен,

Салуалы менім ордам қонған жер,

Жабағалы жас тайлақ

Жардай атан болған жер,

Жатып қалып бір тоқты

Жайылып мың қой болған жер,

Жарлысы мен байы тең,

Жабысы мен тайы тең,

Жары менен сайы тең,

Ботташығы бұзаудай,

Боз сазаны тоқтыдай,

Балығы тайдай тулаған,

Бақасы қойдай шулаған,


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: