Ішкі Монолог пен диалог 19 страница

Аулыңның сырт жағынан əн салайын,

Даусымды танымасаң, шық та қара!

Кезекті ұйқасқа мысал:

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге,

Мал толтырсам деп едім (Махамбет)

Шалыс ұйқасқа мысал:

Желсіз түнде жарыық ай,

Сəулесі суда дірілдеп;

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп (Абай)

 

83. Ертегілер,жанрлық түрі

Ертегі – фольклордың негізгі жанрларының бірі. Ертегі жанры – халық прозасының дамыған, көркемделген түрі, яғни фольклорлық көркем проза. Оның мақсаты – тыңдаушыға ғибрат ұсынумен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегінің атқаратын қызметі кең: ол әрі тәрбиелік, әрі көркем-эстетик.әдеби қазына. ертегінің бүкіл жанрлық ерекшелігі осы екі сипатынан көрінеді. Сондықтан ертегілік прозаның басты міндеті – сюжетті барынша тартымды етіп, көркемдеп, әрлеп баяндау. Демек ертегі шындыққа бағытталмайды, ал ертекші әңгімесін өмірде болған деп дәлелдеуге тырыспайды.Ертегінің композициясы бас қаhарманды дәріптеуге бағындырылады, сөйтіп, ол белгілі бір сұлба бойынша құрылады. Мұның бәрі ертегіге идеялық, мазмұндық және көркемдік тұтастық береді. Осы тұтастық бұл жанрға басқа да қасиеттер дарытады: композиция мен эстетикалық мұраттың бірлігі әрі тұрақтылығы, көркем шарттылықтың міндеттілігі, ауызекі сөйлеу тіліне сәйкестігі, тұрақты тіркестердің қолданылуы, т.т.

Ертегіде қиял мақсатты түрде пайдаланылады, сондықтан ол әсіреленіп, ғажайыпқа айналады және біршама өзінше дамып отырады. ертегідегі ғажайып қиял адамның күнделікті көріп жүрген заттары мен құбылыстарын саналы түрде басқаша етіп көрсетеді, өйткені бұл жанрда ғажайыптың көркем бейнелеуіш құрал ретінде қолданылады. Өмірдегі шынайы нәрсенің өзін әдейі өзгертіп көрсету – ертегінің өзіндік қасиеті болғандықтан, ертекші де оның мазмұнын барынша әсірелеуге, ғажайыпты етуге күш салады. Сонымен бірге ертегідегі оқиғалар мен іс-әрекеттердің қаншалықты әсерлі болуы ертекшіге ғана емес, сондай-ақ тыңдаушыға да, ертегінің айтылу жағдайына да байланысты. ертегіде қиял мен ғажайып әрі идеялық та мақсатта қолданылады, себебі классик. Ертегі адамның рухани азығы болуымен қатар идеол. та қызмет атқарған. ертегінің көркем баяндалуында сюжеттен де гөрі композицияның рөлі артығырақ.[1]Ертегінің поэтикасы мен композициясы көркем әрі жүйелі. Композициясы бірнеше бөлшектен тұрады: бастама – эпикалық баяндау – аяқтау. Бастама, әдетте, өлең немесе ұйқасқан проза түрінде бас кейіпкердің ата-анасы, оның дүниеге келуі туралы айтып, тыңдаушыларды бас кейіпкермен таныстырады. Эпикалық баяндау қаhарманның өсуін, үйлену тарихын, оның бастан кешкендерін әңгімелейді. Аяқтауда кейіпкердің сүйгенін алып немесе ойлағанын іске асырып, мұратына жеткені хабарланады. Бастама мен аяқтау, көбінесе тұрақты тіркес болып келеді. Өзінің ұзақ тарихында ертегі жанры әр дәуірдің, әр қоғамның болмысы мен түсініктерінің, нанымдарының әр түрлі іздерін сақтап қалып, біздің заманымызға жеткізген. Қазақ ертегілерінде хандық заманның шындығы, сол шақтағы әдеттер мен нанымдар, салт-дәстүрлер, тұрмыс кейпі көбірек көрініс тапқан.

 

Түрлері Ертегілері жанрлық әрі сюжеттік құрамы жағынан әр алуан. Ол іштей бірнеше жанрға бөлінеді:

1) жануарлар туралы ертегілер;
2) қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер;
3) хикаялық ертегілер, сатиралық ертегілер;

Сюжеттері тек қазақтың өзіне тән ертегілермен қатар, басқа елдермен ортақ сюжетке құрылған ертегілер де бар. Олардың көбі тарихи-типологиялық жағдайда пайда болған, біразы тарихи-генетик., яғни туыс халықтарға ортақ болып табылады, кейбірі тарихи-мәдени байланыс нәтижесінде қазақ жұртына тараған. Сол себепті қазақ ертегілерінде таза ұлттық та, халықар. та, көшпелі сюжеттер де қатар өмір сүрген.
Негізгі кейіпкер мен мазмұны және қияли әдістердің қаншалықты пайдаланылуына қарай бұл салалардың әр қайсысы тағы бірнеше топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде: хикая, өсиет, мысқыл, батырлық туралы ертегілер болады.

 

84. Прозалық шығармаларды оқыту.

Проза (лат. prōsa) — әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман). Бүгінде дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ совет прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан – коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т.б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т.б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классика үлгілері.

 

85. жоқ

86.Абайдың махаббат,табиғат лирикасы

Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық мұратына керек жерін ғана тандап алады. Пушкин - Абайдың үлгілі ұстазы. Бірақ, оның «Тәңірі қосқан жар едің сен...», «Таңғажайып бұл қалай хат...»,«Амал жоқ қайттым білдірмей...»,«Хупбілемін, сізге жақпас...» сияқты роман ұзінділерін аударған уақытта тек Пушкиннің ғана ықпалында, мәнер-машығында, өлең шеңберінде қалып, буынын санап отырмайды. И. А. Крыловты не М. Ю. Лермонтовты аударуындағы кейбір дәлшілдік әдетті мұнда қолданбайды. Әдейі қолданбайды. Өзінше жырлап, Пушкин арнасынан шығып кетіп отырады. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жарыса баяндайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының тұсінігіне лайықтап шығарған. Осы арқылы қазақ қыздарына Пушкиннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, тoзығы жеткен феодал қоғамдағы әйелді әлсіз, кем тұтар кеселді көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, орнын талқаңдайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне «әйел де өзіңдей тең праволы досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағдырын Пушкинше қалдырмай, оны ажал аузына апарып, оқырманды содан сақтандырады.

Мінезіне, қылығына қарағанда жаза-кесімі, бар үкімі осы деп, Онегинді мысқылмен мінеп, түйреп тоқтаған Пушкиннен белек барып, оның қолына өзін-өзі ату үшін пистолет үсынады: «Атам, анам, қара жер Сен аша бер қойныңды, Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды...» Татьянаның «Амал жоқ қайттым білдірмей» деп басталатын оның жан сыры, ішкі толқыны түп нұсқадағы биік дәрежесінен ешбір кемімей, қазақ оқыр- манына тұңғиық терең сыр болып шертіліп, түгел жеткен:

«Шыныңды айт, кімсің тербеткен,

Иембісің сақтаушы?

Әлде азғырып әуре еткен,

Жаумысың теуіп, таптаушы?

Шеш көңлімнің жұмбағын,

Әлде бәрі - алданыс.

Жас жұрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс...»

Осыны аудару үстінде ақынның өзі де самғап, биік шығандап, поэзия шыңына шыққан. Асқақтап, серпіле көтерілген. Қазақ әдебиетіндегі өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде қара үзіп, ілгері кеткен. Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің үлгілі өрнегі - классик, поэзияның сан дыбысты, сырлы, сиқырлы симфониясына өз үнін қосып, өзгеден ерекше өзіне тән ғажайып сұлу үнін қосып, майда қоңыр саз тапқан. Кемеліне келе есейген. «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Саусақ адам бапасында ғана бар. Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс кектегі айға қалай талпынар? Ол көздегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Байырғы қазақ поэзиясына осылай шығандау тән бе еді? Бірақ: «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Осыны тұсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Данышпан ақынның отты, әсерлі лирикасы бұл терең сырға оқырманын тебіренте тұсіндіреді: мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлендегі сөз мүлде соны, жап-жаңа, тың. Бірақ тосын деп жатырқау былай тұрсын, алған әсер, ұққан сырды бір сәтке баса алмай, қызыға, қызғана оқисың. Кінәсіз таза жанды жас сұлудың мың құбылған нәзік сезім ырғағын, жүрек лүпілін, жан толқынын терең ұғасың.

Міне, Абайдың ақындық шеберлігін жетілдіруде Пушкиннің ұстаздық үлгісі осындай. Бүдан былай Абайдың осы тақырыптағы өлеңдерінің бейнесі бұрынғыларына мүлде үқсамайды... Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.

«Жаздыкүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек

Үзарып, өсіп толғанда,

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда,

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтыдцап,

Ат, айғырлар, биөлер

Бүйірі шығып, ыңқыддап,

Суда түрып шыбыңцап,

Қүйрығымен шылпыдцап...»

Бұл - әшейін дала суреті емес, даладағы дарқан өмір, өзгеше тіршілік. Жалаң табиғаттың бірыңғай өзін ғана қызықтап, «анау арада гүл жайқалады, сонау арада жапырақтар сыбырласады, мынау жерде өзен сықылықтап күледі» деп сыдыртып ете шықса, табиғатты адам өмірінен жеке-дара бөліп әкетіп, сырттай боямаласа, одан сырлы сурет, терең поэзия тумас еді. Ал Абай лирикасында жанды дүние - адамды да, адамдардың іс-әрекет, қимыл-қарекет бесігі - табиғатты да тұтас қаусырған бұтін бір әдемі әлем - құбыла құлпырған көркемдік атмосфера жасалады. «Ақ киімді, денелі, ақсакалды, Соқыр, мылқау танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, тұсі суық. Басқан жері сықырлап келіп қалды...» Осы әшейін қыс көрінісі ғана ма? Аумаған адам сияқты мінезі мен мүсіні бар, дем алатын, қозғалатын, жабырқайтын, жадырайтын жанды нәрсе емес пе? Қыс бұл жерде «ақ киімді, денелі, ақ сақалды», баяғы бір «кәрі құда», шал. Қытымыр қатал қүлқы бар қушұнақ, тентек шал. Шаруаның соры - жұтын ала келетін кеселді «құда». Мал-жанға құрық үйіре келген қағынған қарт. Қысты бұлай адам бейнесінде суреттеу - қазақ әдебиетінде Абайдан бұрын атымен болған емес. Бұл жердеде мәдениетті поэзияның өкілі Абай өзінің өзгеше өлең ерімін, жаңаша үлгі-өрнегін төгіп отыр. 19 ғ-дағы орыс әдебиетінде, арғысы Пушкин, бергісі Н. А. Некрасов, шын жүйрік лириктер табиғатқа осылайша жан бітіріп, тұтас бір тіршілік әлемін жасайтын. Абайдікі осыған құр еліктеу емес, классикалық поэзиядан игерген үлгі-өнегесін ақындық түрде өзінше өрнектеп, өзінің ұлт топырағында қайтадан өсіріп, өз дәні етіп беріп отыр. Адам бейнесіндегі қатал қыс қазақ оқушысының үғымына лайық образға айналып отыр. Абайдың табиғат лирикасы, әсіресе жылдың төрт мөзгілін суреттейтін өлеңдер - күшті ақындық шеберлікпен, зор мәдениетпен жазылған аса сұлу, сылқым, сырлыжырлар. Бұлардың композициялық қүрылысындада өзіндік өзгешелік бар. Жыл мезгілдерін сипаттау үстінде алдымен әр тұсті ақындық бояу арқылы оқырманның көз алдына түрлі-түрлі табиғат көріністері келеді: жайқалған гүл бәйшешекті, «көк орай шалғыны» мен «күркіреген өзені» бар, тамылжып тұрған шыбынсыз жаз да сонда; ақ кірпік бораны мен үскірік аязы бар, қылышын сүйреткен қырау қабақ қытымыр қыс та сонда; аспанын бұлт торлап, гүлі солған сарғыш даласын шық басқан сұрғылт күз де сонда... Әр өлеңінде ақын әуелі табиғат көріністерін суреттейді де, ізінше сол көрініске бөленген қазақ аулының тірлік-кәсібіне, шаруа-жайына көшеді. «Жазда» күркіреп жатқан өзеннің көкорай-шалғын жағасына көшіп барып қонып жатқан ауыл, ақ білегін сыбанып үй тіккен қыз-келіншектер, өзен жағасында шыбындап, бөгелектеп тұрған құлын-тайлы көп жылқы... одан әрі сол ауыл шындығы өрістеп кете беретін болса, «Қыста» шидем мен тондарын қабаттап киіп, оранып алса да долы боранға «бет қарауға шыдамай сырт айналып», тағы да мал соңында қаржамылып, мұз жастанған жылқышылар, суық тиіп, титығы қүрыған тай-құнандарға ауыз салуға аран ашып, жанталасып айдалада соқақ-қоқақ жортып жүрген аш қасқырлар т. б. көз алдымызға келеді.

Мұның бәрі көшпелі қазақ аулының сол көздегі тұрмыс-тіршілігі. Мүнан кейін келіп Абай дәл сол ортадағы қоғамдық қарым-қатынастан белгі береді. Енді табиғат лирикасы биігірек сатыға көтеріліп, саяси сипат алады да, алуан түрлі әлеуметтік мәселөлерді қозғайды. Абайдың тамаша реалистігі, сонымен қатар қоғамдық өмірге азаматтық көзқарасы дәл осы арада айқындала ашылып қалады. Абайдың асқан сырлы лирикасының бірі - «Қан сонарда бүркітші шыгады аңға...». Мұнда сонар күні бүркітпен аңға шыққан аңшының іс-әрекеті әдемі, тартымды суреттеледі. Аңшылық турасында бұған жеткен өлең де, мұңдай шебер суреттеген ақын да болған емес. Абайдың табиғат тақырыбындағы лирикасына кіретін біраз өлеңдері - аудармалар. Бірақ Абай аудармасының өзіндік өзгешеліктері бар. Оның көпшілік аудармалары сол өлеңнің түп нұсқасымен жолма-жол қабысып, бірдей шығып отырмайды. Автордың айтайын деген ойын, негізгі желісін алады да, соны өзінше толғап, анаумен жарыса жырлап кетеді. Қайсы бір өлеңнің басы бірдей басталады да, аяғы өзінше бітеді. Абайдыңеңді бір аудармалары бар: ол аудармалардың тұсында әлгі айтқанымыздай немесе «Евгений Онегин» романының үзіңцілерін аударғаңдағыдай еркін кетушілік машьғын қолданбайды. Түпнұсқа мүмкіңдігінше сақталады. Олардың көпшілігі Лермонтовтан аударылған.

«Қараңғы түнде тау қалғып,

Ұйқыға кетер балбырап,

Даланы жым-жырт, делсал қып,

Түн басады сапбырап.

Шаң шығармас жол-дағы

Сілкіне алмас жапырақ.

Тыншығарсың сен-дағы

Сабыр қылсаң азырақ».

Бұл өлеңде тек табиғат суреті ғана емес, сонымен қатар адам, адамның көңіл-күйі бар, философиялық ой бар. Өлеңнің түпнұсқадағы осы мазмұнын, бусанған тынысы мен сырлы сазына дейін Абай аудармада дәл жеткізеді. Осы ретпен Абай қазақ поэзиясына соны да сырлы ағым алып келді. Өз шығармаларында жаңа, терең, күшті үлгі-өрнекке ауыстырды. Мәдениетті, білімпаз ақын болып, жаңа сарын, жаңа саз, жаңа сөз тапты.

«Көлеңке басын ұзартып,

Алысты көзден жасырса,

Күнді уақыт қызартып,

Көк жиектен асырса,

Күңгірт кеңлім сырласар,

Сұрғылт тартқан бейуаққа.

Төмен қарап мұңдасар,

Ой жіберіп әр жаққа...»

Осы үзіндідегі табиғатты дәл осы түрде сөзіну Абайдан бүрын қазақта болған үлгі ме? Жоқ. Стихия мен адам көңілінің шарпысуын бұлайша суреттеу - тек Батыс Европа әдебиетіндегі романтизм үлгісі. Ұлы ақынның сол классикалық әдебиеттен тауып, бойына сіңірген зор мәдениетінің айғағы. Асылы, лирикалық шығарма ақынның көңіл күйіне құрылады дегенбіз: ақын онда өзін, өз сөзімі менсырын жырға айналдырады, өзі туралы сөйлейді. Ап ақын өзі туралы, өзінің жеке «мені» туралы айтса, ол - жалпы көпшілік туралы - бүкіл адам баласы туралы айтқаны: өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән қасиеттің бәрі де бар. Демек «кеңіл кұйі» дегенді жеңіл-желпі түсінбеуіміз керек: бұл - өмірдің көз келген жағдайынан туа беретін құбылыс. Идеясыз жалпы әдеби шығарма болмайтыны секілді, лирикадағы ақынның көңіл кұйі оның өмірге көзқарасымен сабақтас. Бұларға да көз келген сөзім кіре алады. Абайдың өз көңіл күйінен туған өлеңдерінде көз келген адамның басында болатын психологиялық хал-жай,көңілдің әр алуан толқын күйі, әр адамға тән күйініш-сүйініш әр қилы қыры-сырымен түтас, шебер, тартымды, дәл суреттеледі.

 

87.Әдеби кейіпкер бейнесін талдау

Сабақта әдеби шығарманы талдау барысында кейіпкер бейнесін таныту- басты жұмыстардың бірі. Оның кейбір белгілері- сыртқы келбеті, іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері, автордың кейіпкерге, қоршаған ортаға қатысы, яғни, сынып жоғарылаған сайын әдеби образ табиғатын ашу мәселесі күрделене түседі. Олай болса, әдеби шығарманы талдау барысында кейіпкер бейнесін тану, таныта білу- жүйелі жұмыстар жүргізуді талап етеді. Шығарма талдаудың келесі сатысы- кейіпкер бейнесін талдау. Оқиғаның дамып, өрбуі тікелей кейіпкерлерге, олардың іс-қимыл, әрекеттеріне, өзара қарым-қатынасына байланысты. Нақтылап айтсақ, кейіпкер- оқиға желісінің арқауы. Әр шығармадағы адам тағдыры жеке кейіпкерлер арқылы пайымдалып, оның іс-қимылы, мінезі, қылығы айқындала түседі. Олай болса, шығарма желісіне жүгіну, кейіпкерлерді тануға тікелей байланысты. Көркем шығарманы сабақта талдау барысында кейіпкерлер бейнесін танытатын, айқындап, даралайтын белгілерді төмендегідей топтап алдым. Кейіпкерлер бейнесін таныту белгілері:

1. Жазушының кейіпкерге берген сипаттамасы және олардың портреттерін суреттеуі

2. Кейіпкерлердің іс-әрекеті, сөз сөйлеу, ойлау ерекшеліктері

3. Кейіпкерлер диалогы, кейіпкер мінезін ерекшелеп тұрған сөздерді, суреттемелерді табу

4. Кейіпкерлердің өзара қарым-қатынасы, қақтығыс күресі, қоршаған ортаға қатысы

5. Кейіпкерлердің адами ұнамды қасиеттерін анықтау, олардың оқушыларға әсері.

Бұндай жолмен талдау-оқушылардың шығармадағы кейіпкерлердің өмірмен тікелей бірлігін көрсете, салыстыра отырып, олардың іс-әрекеттері арқылы мінез-құлқын, өзіндік қасиеттерін танып, білуіне жол ашады. Осы тұрғыда кейіпкерлерді таныту ісін 5-сыныптан бастап, сатылай үйрету, түсіндіру, ұғындыру арқылы оқушыларды кейіпкерсырына біртіндеп ендіреміз. Ол үшін оқиғалы әңгімелерді оқыту үстінде осы шығармада қандай кейіпкерлер кездеседі, олар кімдер, бір-бірімен қарым-қатынасы қандай, оқиға барысына, оның дамуына қатысы қандай, оның мінезінен, берілген, сипатталған портреттерінен нені аңғарамыз, шығармадағы кейіпкерлердің өмірде көріп жүрген адамдармен ұқсастығы бар ма, қай кейіпкерді ұнатасыңдар, ол несімен ұнайды, оны қалай дәлелдей алар едіңдер деген сұрақтар қою арқылы сұрау, жаттықтыру, айқындаттыру арқылы сыныптан сыныпқа күрделендіре түсіп, оларды толық салыстырмалы талдауға алып келтіреміз. Бұл әрине, мұғалім тарапынан үлкен ізденісті, еңбектенуді, әдіс-тәсілдерді қолдануды талап етеді.

88. Қазақ өлеңіндегі аллитерация мен ассонанс

Қазақ поэзиясы ассонанс пен аллитерация деп аталатын дыбыстар біркелкілігінен туатын құбылысты да стильдік мақсатпен кеңінен пайдаланады. Өлең жолдарында немесе қатар келген сөздердің басында, мақал-мәтелдерде, тұрақты тіркестерде, монологтерде, мақала, кітап т.б. аттарында, газет-журналдардың айдарларында немесе тақырып аттарында, қысқасы, текст ішіндегі сөздер біркелкі немесе бір-біріне жуық (мысалы: т-д, б-п, с-з сияқты дыбыстар) дауыссыздардан басталып келсе, ол аллитерация деп аталады. Мысалы, Мұқағали Мақатаевтың “Жастық” атты өлеңінің мына шумағына назар аударалық:





Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: