Полиция капитаны М.С.Мукашев 11 страница

Куә:______________ (Каренкин Н.Б.)

    Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, куә ____________ мынаны мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартамын/бас тартпаймын, жауапты _________ тілінде беруді қалаймын, ол тілді еркін меңгерменмін, аудармашының және адвокаттың қызметін қажет етемін/қажет етпеймін, бұл менің материалдық жағдайына байланысты емес, _____ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет/қажет емес».         

Куә:______________ (Каренкин Н.Б.)

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша куә Н.Б. Каренкин келесіні көрсетті: мен жоғарыда аталған мекен жайында тұрамын, нарколог және психиатр дәрігерлерінде есепке тұрған жоқпын, менің Энск ауданы Қызылжар ауылының жанында шауруашылық қожалығым бар. 27.05.2016 жылы мен Кокшетау қаласында болдым, Қызылжар ауылының тұрғыны, менің жақын танысым Секербаев Рүстем Доскенұлы өзінің «Т-40» маркалы тракторымен менің мал шаруашылығы базама он түп пресстелген шопті тегін әкеліп берген, ол туралы мен кейін ғана білдім. Мен өз ауылыма келдім, Рүстем маған осы көк шөпті кімнен алғанын айтқан жоқ, мен де ол туралы сұрамадым. Сол кезде мен полиция қызметкерлерінен Рүстемнің маған әкеп берген шөпті ұрланған екенін білдім, бірақ мен ол туралы – шөпті қылмыстық жолмен алынғанан бұрын білмегем, Рүстем маған ол туралы айтпаған. Мәні бойныша басқа қосарым жоқ.

________________________________________________________________________________________________________________________________

Куә:____________ (Каренкин Н.Б.)

 

Жауап алған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Қорғануға құқығы бар куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Талжанов көш., 3 мекенжайы бойынша орналасқан Энск ІІБ ғимаратында №25 қызметтік кабинет бөлмесінде Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 60, 66 ч.3, 68, 78, 110, 115, 197, 199, 208, 209, 210, 212, 214-баптарын басшылыққа ала отырып, қорғаушы _______________ қатысуымен, мына төменде көрсетілген қорғануға құқығы бар адамнан куә ретінде жауап алды:

Тегі, аты әкесінің аты: Азнабеков Нариман Амантайұлы,

Туған күні: 22.01.1981 ж.т.;

Туған жері: Энск ауданы ауданы Қызылтерек ауылы;

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының;

Ұлты: қазақ;

Білімі: жоғары

Отбасы жағдайы: үйленген;

Тұратын жері: Энск ауданы Қызылтерек ауылы,

ұ.т. 8-7003192695;

Жұмыс орны: уақытша жұмыс істемейді;

Жеке басын куәландыратын құжаттар: жеке куәлік №810101723848 Қазақстан Республикасының ІІМ 09.03.2010 жылы берген;

Соттылығы: сотталмаған.

    Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 110, 214-баптарына сәйкес Н.А. Азнабеков оның Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 78-бабының талаптарына іс үшiн маңызы бар қандай да бір мән-жай белгiлi болуы мүмкiн кез келген адам айғақтар беру үшiн қорғануға құқығы бар куә ретiнде шақырылуы және одан жауап алынуы мүмкiн екені түсіндірілді.

Қорғалуға құқығы бар куәнің:

1) қылмыстық жазаланатын іс-әрекет немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн оның өзiн, жұбайын (зайыбын) немесе жақын туыстарын қудалауға әкеп соқтыратын айғақтар беруден бас тартуға;

2) өз бетінше немесе үшінші тұлғалар арқылы адвокат шақыртуға;

3) жауап алу басталғанға дейін өзі таңдаған, қорғаушы ретінде қатысатын адвокаттың қатысуымен айғақтар беруге;

4) ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде айғақтар беруге;

5) аудармашының тегiн көмегiн пайдалануға;

6) өзінен жауап алуға қатысатын аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеуге;

7) жауап алу хаттамасына өз айғақтарын өз қолымен жазуға;

8) жедел-іздестіру және жасырын тергеу әрекеттерінің материалдарын қоспағанда, осы баптың бесінші бөлігінде көрсетілген құжаттармен танысуға;

9) өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге, дәлелдемелерді ұсынуға;

10) өзінің құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты, оның ішінде сараптама жүргізу және қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге;

11) қарсылық білдірулерді мәлімдеуге;

12) өзіне қарсы куә болғандармен беттесуге;

13) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге құқығы бар.

Қорғалуға құқығы бар куә: соттың, прокурордың, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның шақыруы бойынша келуге; тергеу әрекеттерін жүргізген кезде және сот отырысы уақытында белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті.

Қорғалуға құқығы бар куә, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куә, ҚПК 223және 271-баптарында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, сараптамаға немесе куәландырылуға тартылмайды.

Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Азнабеков Н.А.)

Айғақтар беруден жалтарғаны немесе қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмегені үшін куәға, оның ішінде қорғалуға құқығы бар куәға Қазақстан Республикасының ҚПК-yің 160-бабында белгіленген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкін.

Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Азнабеков Н.А.)

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, қорғалуға құқығы бар куә____________ мынаны мәлімдеді: «Жауап беруден бас тартамын/бас тартпаймын, жауапты _________ тілінде беруді қалаймын, ол тілді еркін меңгерменмін, аудармашының және адвокаттың қызметін қажет етемін/қажет етпеймін, бұл менің материалдық жағдайына байланысты емес, _____ қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары қажет/қажет емес».  Қорғалуға құқығы бар куә:______________ (Азнабеков Н.А.)

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша қорғалуға құқығы бар куә Н.А. Азнабеков көрсетті: мен осы қылмыстық іс бойынша бұрын куә ретінде менен жауап алынған және мен сол бұрынғы жауаптарымды толығымен растаймын. Секербаев мен мені шекарада есіркі бар қапшықпен ұстағаны және Секераевтың ол қапшықтың менікі екені туралы сөзін былайша түсіндіремін: 2016 жылы 15 мамырда шамамен сағат 13 менің інім Азнабеков Нұрланбен үйде болдым. Менің ағам Нүркеш үйде болмаған, бір шаруларымен кетіп қалған болатын. Сол сәтте бізге үйімізге менің інімнің танысы Секербаев Рүстем келді. Бұрын мен оны танымайтынмын, онымен осы келгенінде таныстым. Секербаев Рүстеммен бірге Аршкенов Рүстем келді. Олар екеуінің де арақ ішкені сыртқы келбеттерінен көрініп тұрды, олардан арақтың иісі де шығып тұрды. Біз бірден сөйлесе кетті, олардың әңгімесінен мен олар бұрын жазасын бір жерде бірге өтегенін түсіндім. Р.Секербаев өзінің рюкзакынан бірден арақ шөлмегін алып шықты, біз төртеуіміз зал бөлмесінде үстел басына отырып, арақ іштік. Р. Секербаевтың өзімен бірге қара түсті сүмкесі болды. Ол сүмкесініен арақ пен азық-түлікті алып шыққанында онда ауыр бірдене жатқаны байқалды, ол сүмкасында көтеріп ұстап тұрды, ал оның түбі еденге қарай қатты түсіп тұрды. Сүмкені нақты не болғанын мен көрген жоқпын, өйткені Р. Секербаев оны бірден жауап қойды. Біз арақ іштік, сол кезде Р. Секербаев Рүстемнен өзіне шекарадан өтіп, Ресейге кетуіне көмектесуді сұрады, яғни кеден және шакара бекеттері жоқ жерді көрсетуді сұрады. Біздің арағымыз біткеннен кейін Р.Секербаев Р.Аршкеновке ақша беріп, арақ сатып әкелуді тапсырды. Оның Рүстем Аршкенов нақты қанша ақша бергенін білмеймін. Ол ақшаны алып, дүкенге кетті. Осы арада Рүстем кетіп қалды, шаруаларым бар деді. Аршенов келгенде, онымен бірге менің ағам Нұркеш те келді. Рүстем Аршкенов екі шөлмек арақ әкелді. Бір шөлмекті Р. Аршкенов бірден қара сүмкесіне салып қойды. Бұл сүкені Р. Аршкенов өзінің жанында ұстап отырды. Біз тағы да арақ іштік, бұдан кейін Рүстем Аршкенов ұйықтауға кетті. Ол жатын бөлмеге жатты. Сүмкесін алып кетті. Біз арақ ішіп отыра бердік. Біз арақ ішіп отырғанымызда Рүстем Аршкенов жататын бөлмеге барып келген. Біз арақ ішіп болғаннан кейін Рүстем мені шетке қарай шақырып алып, Р. Аршкеновтың үмкесінде есірткі бар екенін айтты. Мен бізге проблема керек емес дедім де, біз учаскелік полиция инспекторына бардық, бірақ оны таба алмадық, одан кейін застава шекарашыларға барып, застава бойынша бастығына барын айтып бердік. Ол бізге Р. Аршкеновты үйде ұстауға құқығы жоқ екенін, ал егер ол шекарадан өтуге әрекет жасайтын болса, сол кезде ұстайтынын айтты. Осыдан кейін мен немере ініммен бірге үйге қайттық. Үйге келгенде Р. Аршкеновты оята бастадық, мен кіреберіс бөлмеге шығып кеткенмі. Аршкенов Р. үйден шығып, Ресей Федерациясы аумағына қарай өзен жағына кетті. Р. Аршкеновтың қолында сол бізге келгендегі сүмкесі болды. Содан кейын бары кайтты. Бұл факт бойныша менің басқа айтарым жоқ.

Қорғалуға құқығы бар куә: ______________ (Азнабеков Н.)

Қорғаушы: ______________ (Дюсекеев А.)

 

Жауап алған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Кәмелетке толмаған куәдан жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 75, 215, 535, 536, 537, 538-баптарының талаптарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 208-217баптарын басшылыққа ала отырып, Энск АІІБ ТБ бөлмесінде қорғаушының, заңды өкілдің қатысуымен, ал қажет болған кезде психолог мен педагогтың қатысуымен жауап алды: заңды өкілі Ж.А. Контарбаева

Тегі және аты-жөні: Арман Қайруллаұлы Ільясов

Заңдыі өкіл: Жанар Айтбайқызы Контарбаева - анасы

Туған жылы: 01.01.1999 ж.т.;     

Туған жері: Астана қаласы;

Ұлты: қазақ;      

Азаматтығы: Қазақстан Республикасының;   

Білімі: аяқталмаған орта;

Отбасы жағдайы:үйленбеген

Паспортыжәне басқа құжаттар: тууы туралы куәлік

Тұратын жері: Энск ауылы, Жаяубаева көш., 3

Жұмыс (оқу) орны: Энск қ. педагогиялық колледжі

Паспорты және басқа құжаттар: жеке куәлік №1024580245, Қазақстан Республикасының ІІМ 01.02.2016ж. берген.

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 215-бабына сәйкес он алты жасқа дейінгі куәлар мен жәбiрленушiлерге міндеттері, оның ішінде олардың айғақтар беруден бас тартқаны және көрiнеу жалған айғақтар бергенi үшiн жауаптылығы туралы ескертілмей, іс бойынша өздеріне белгілі болған барлық шындықты айту қажеттілігі, оның өзiнiң немесе жақын туыстарының қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын әшкерелейтін айғақтар беруден бас тарту құқығы түсiндiріледі

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 537-бабының 3-бөлігіне сәйкес заңды өкілдің міндеттері мен құқықтары: кәмелетке толмағанға не жөнiнде күдiк келтiрiлiп отырғанын бiлуге; күдікті деп тану, күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулылармен, прокурор бекіткен айыптау актісімен таныстыру кезінде қатысуға, кәмелетке толмаған адамнан жауап алуға, сондай-ақ кәмелетке толмаған күдiктiнiң және оның қорғаушысының қатысуымен жүргiзiлетiн өзге де тергеу әрекеттерiне сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын адамның рұқсатымен қатысуға; өзi қатысқан тергеу әрекеттерiнiң хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулер мәлімдеуге, тергеушінің және прокурордың әрекеттері мен шешімдеріне шағым келтіруге; дәлелдемелер ұсынуға; тергеп-тексеру аяқталғаннан кейiн iстiң барлық материалдарымен танысуға, мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, олардан кез келген мәліметті және кез келген көлемде жазып алуға, құжаттардан көшірмелер түсіріп алуға, оның ішінде ғылыми-техникалық құралдардың көмегімен түсіріп алуға құқығы бар екені түсіндірілді.

Заңды өкіл _________________ Ж.А. Контарбаева

Кәмелетке толмаған __________А.Қ. Ільясов

Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 538-бабының 3-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмағаннан жауап алуға қатысып отырған педагогтың, психологтың міндеттері мен құқықтары, оның ішінде: тергеушiнiң немесе соттың рұқсатымен кәмелетке толмаған күдiктiге, күдiктiге сұрақтар қоюға, тергеу әрекетінің хаттамасымен танысуға және онда жасалған жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға, кәмелетке толмаған адамның жеке басын сипаттайтын қылмыстық iс материалдарымен танысуға құқықтары түсіндірілді.

Педагог, психолог _____________________

Кәмелетке толмаған __________________ А.Қ. Ільясов

Жауапты орыс тілінде беруді қалаймын, тілді меңгергенмін, аудармашы қажет емес.

Заңды өкіл (педагог, психолог) __________ Ж.А. Контарбаева,

Кәмелетке толмаған ___________________ А.Қ. Ільясов

Істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы қойылған сұрақтың мәні бойынша куә А.Қ. Ільясов келесіні көрсетті: 20__ жылы 28 қантарда мен ата-анаммен бірге Энск ауылына атам Ільястын 80 жас мерейтойына бардым. Той «Голд» кафесінде өтті. Үлкендер үстел басына отырған кезде, яғни шамамен 18.45 мен кафе жанында балалармен ойнап жүрдім. Сол кезде жолдың арғы бетінде жолды үш қыз бала өтіп бара жатты. Олардың артынан Ания келе жатты, кенеттен бір машина жолға атып шықты, ол Анияны соғып кетті. Мен автомашинаның дауысын естідім. Машина оны автомашинаның оң жақ бөлігінің оң жағымен соқты. Соқан автокөліктін мемлекеттік номерін байқамадым.

Менің сөзімнен дұрыс жазылды, мен мәтінді оқыдым.

________________________ 20__ ж.

 

Заңды өкіл (педагог, психолог) __________ Ж.А. Контарбаева

Жауап алған:

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

                                Күдіктіден жауап алу

ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы Ермеков көшесінің 122-үйінде орналасқан Энск қаласының ІІБ №1 кабинетінің үй-жайында Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 115, 216-баптарына, 64-баптың 5-бөлігіне сәйкес №15357203100555 қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде төмендегіден жауап алды:

 

1. Тегі, аты, әкесінің аты: Қазтаев Нұрлан Қасымжанұлы

2. Туған күні: 11.11.1991 жылы туылған

3. Туған жері: Энск қаласы

4. Тұрғылықты және (немесе) тіркелген орны: Қазақстан Республикасы,

Энск қаласы, Республика даңғылы, 74-үй, 1-п.

телефоны: 23-33-44 e-mail: жоқ

5. Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

6. Білімі: жоғары экономикалық

7. Отбасылық жағдайы, отбасы құрамы: бойдақ

8. Жұмыс немесе оқу орны: «Бизнес ЛТД» ЖШС,

телефоны: 21-44-55 e-mail: жоқ

9. Іскери міндеттілікке қатысы: әскери міндетті

10. Сотталғандығы:сотталмаған

11.Жеке басын куәландыратынпаспорты немесе өзге құжаты; жеке басының куәлігі №123456789 11.11.2007 жылы Қазақстан Республикасының Әділетмині берген

12. Күдіктінің жеке басы туралы өзге деректері: жоқ

 

Өзге қатысушы адамдар: қорғаушы – адвокат Б.К.Муканов

Қатысушы адамдарға техникалық құралдар: Panapfonic диктофоны, Samsungбейнекамерасы қолданылатыны туралы хабарланды.

Жауап алу басталар алдында күдіктіге қорғаушының қатысуымен Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64-бабында көзделген құқықтар түсіндірілді, атап айтқанда:

1) ұстап алуды жүзеге асырған адамнан маған тиесілі құқықтар туралы түсіндірме алу; 2) өзіме не үшін күдік келтірілгенін білу; 3) өз бетімше немесе өзімнің туыстары немесе сенім білдірген адамдары арқылы қорғаушы шақыруға құқылы. Егер қорғаушыны күдікті, оның туыстары немесе сенім білдірген тұлғалары шақырмаса, қылмыстық қудалау органы осы Кодекстің 67-бабының үшінші бөлігінде көзделген тәртіппен қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуге міндетті; 4) іс бойынша азаматтық талап қойылуына байланысты өзімді азаматтық жауапкер деп таныған жағдайда оның құқықтарын пайдалану; 5) таңдаған немесе тағайындалған қорғаушыммен, оның ішінде жауап алу басталғанға дейін оңаша және құпия кездесу; 6) күдікті қорғаушыдан бас тартқан жағдайларды қоспағанда, қорғаушысы қатысып отырған кезде ғана айғақ беру; 7) күдікті, азаматтық жауапкер деп тану туралы, іс-әрекетін саралау туралы қаулылардың, ұстап алу хаттамасының, бұлтартпау шарасын таңдау және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхаттың және қаулының, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының көшірмелерін алу; 8) айғақ беруден бас тарту; 9) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамнан кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын және күзетпен ұстауға байланысты емес басқа шараларды қолдану тәртібі мен шарттары туралы түсіндірме алу; 10) дәлелдемелерді ұсыну; 11) өтінішхатты, оның ішінде қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхатты және қарсылық білдірулерді мәлімдеу; 12) ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беру; 13) аудармашының тегін көмегін пайдалану; 14) өз өтінішхатым бойынша немесе қорғаушымның не заңды өкілімнің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне қылмыстық қудалау органының рұқсатымен қатысу; 15) заңда көзделген жағдайларда, оның ішінде медиация тәртібімен жәбірленушімен татуласу; 16) тергеп-тексерудің кез келген сатысында жазалаудың түрі мен шарасы туралы өз ұсыныстарымды баяндай отырып, прокурорға процестік келісім жасасу туралы өтінішхат мәлімдеуге не оны жасасуға келісім білдіру және процестік келісімді жасасу; 17) өзімнің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және хаттамаларға ескертулер беру; 18) тергеушінің, анықтаушының, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешімдеріне шағым келтіру; 19) өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерімді заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғау; 20) сараптама тағайындалған және жүргізілген кезде, сондай-ақ өзіме сарапшының қорытындысы ұсынылған кезде осы Кодекстің 274, 286-баптарында көзделген әрекеттерді жүзеге асыру; 21) тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін осы Кодексте белгіленген тәртіппен іс материалдарымен танысу және одан, мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметтерді көшіріп алу, сондай-ақ ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың көшірмелерін түсіру; 22) қылмыстық қудалауды тоқтатуға қарсылық білдіру; 23) жасырын тергеу әрекеттеріне қатысты мәселелерді қоспағанда, өзімнің құқықтарым мен заңды мүдделерін қозғайтын процестік шешімдердің қабылданғаны туралы өзімді қылмыстық процесті жүргізетін органның кейінге қалдырмай хабардар етуіне, сондай-ақ олардың көшірмелерін алу; 24) өзіме қарсы айғақ берген куәден қосымша жауап алу туралы, өзі көрсеткен адамдарды куә ретінде шақыру және олардан жауап алу, олармен беттестіру туралы өтінішхат беру.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 64-бабында көзделген күдіктінің құқықтары маған түсіндірілді және оларды қолданумен байланысты сұрақтарым жоқ.

Күдікті: Н.К. Қазтаев  _____________ (қолы)

Күдікті Н.К.Қазтаевқа Энск қ. ІІБ ТБ тергеушісі полиция аға лейтенанты А.А.Бақтыбаев оған Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 293-бабының 3-бөлігінің                     2-тармағында көзделген бұзақылық, яғни қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен не оны қолдану қатерін төндірумен, сол сияқты бөтеннiң мүлкiн жоюмен немесе бүлдiрумен не барынша арсыздықпен ерекшеленетiн әдепсiз әрекеттер жасаумен ұштасқан аса қатыгездікпен бұзу, атыс қаруын, газды қаруды, пышақтарды, кастеттердi және өзге де суық қаруды не денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған іс-әрекеттер жасаған деген күдік тағылатыны туралы хабарлады.

Күдікті: Н.К. Қазтаев     _____________ (қолы)


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: