Полиция капитаны М.С.Мукашев 14 страница

Мәлімдемелер, ескертулер, өтініштер түскен жоқ. Хаттама дауыстап оқылды. Дұрыс жазылды.

Танушы адам ______________ Л.Т. Мұқышева

    Криминалист: _______________ А.Ж. Байбилов

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Нәрселер мен құжаттарды қарап-тексеру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Энск қаласы ІІБ КБЖ криминалист маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтың қатысуымен, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 219, 220, 224-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, Энск қаласы ІІБ-де № 227 бөлмесінде күдікті А.А.Нүркеновтен табылып алынған «Айфон 6» маркалы ұялы телефонға қарап-тексеру жүргізілді жүргізді.

Қарап-тексерудің алдында криминалист маман Қ.Сейлхановке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 80-бабына сәйкес қылмыстық процесті жүргізетін органның шақыруы бойынша келу;дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға жәрдем көрсету үшiн арнаулы бiлiмiн, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып, тергеу әрекеттерiн жүргiзу мен сот талқылауына қатысу; өзi орындаған әрекеттерге қатысты түсiнiк беруге, ал осы баптың екінші бөлігінде көзделген жағдайда зерттеу жүргізу және қорытынды беру; iстiң мән-жайлары туралы мәлiметтердi және iске қатысуына байланысты өзiне белгiлi болған өзге де мәлiметтердi жария етпеу; тергеу әрекеттерi жүргiзілген кезде және сот отырысы уақытында тәртiп сақтау; зерттеуге ұсынылған объектілердің сақталуын қамтамасыз ету міндеттері түсіндірілді.

Cонымен бірге, оның зерттеу нысанасына жататын материалдармен танысу; қорытынды беру үшін өзіне қажетті қосымша материалдар беру туралы өтінішхаттар мәлімдеу; өзiнiң шақырылу мақсатын бiлу; егер тиiстi арнаулы бiлiмi мен дағдысы болмаса, iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан бас тарту; тергеу немесе сот әрекетiне қатысушыларға қылмыстық процестi жүргiзетін органның рұқсатымен сұрақтар қоюға; олардың назарын дәлелдемелердi жинауға, зерттеу мен бағалауға және ғылыми-техникалық құралдарды қолдануға жәрдем көрсету, iстiң материалдарын зерттеу, сараптама тағайындауға материалдар дайындау кезiндегі өзiнiң әрекеттерiне байланысты мән-жайларға аудару; қылмыстық процесті жүргізетін органның, соттың тағайындауы бойынша іс материалдарына, салыстырма зерттеулердi қоспағанда, оның барысы мен нәтижелерін осы Кодекстiң 199-бабының тоғызыншы бөлiгiнде көзделген тәртiппен қылмыстық iске қосып тігілетін хаттамада не ресми құжатта көрсете отырып, объектiлердiң толық немесе iшiнара жойылуына не олардың сыртқы түрiнің немесе негiзгi қасиеттерiнiң өзгеруiне әкеп соқпайтын зерттеулер жүргiзуге құқығы бар. Қазақстан Республикасының құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органы уәкілетті бөлімшесінің маманы қылмыстық процесті жүргізетін органның рұқсатымен сот-сараптамалық зерттеулердің барысы мен нәтижелерін осы Кодекстің 117-бабының талаптарына сәйкес ресімделген маманның қорытындысында көрсете отырып, осы объектілер бойынша оны жүргізуді жоққа шығармайтын көлемде осы объектiлердiң iшiнара жойылуына әкелетін салыстырмалы зерттеулер жүргiзу; өзi қатысқан тергеу әрекетiнiң хаттамасымен, сондай-ақ тиiстi бөлiгiнде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзiнiң қатысуымен жүргiзiлген әрекеттердiң барысы мен нәтижелерiнiң тіркелуiнiң толықтығы мен дұрыстығына қатысты, хаттамаға енгiзілуге жататын мәлiмдемелер мен ескертулер жасау; қылмыстық процестi жүргiзетін органның әрекеттерiне шағым келтіру; аудармашының тегін көмегін пайдалану; аудармашыға қарсылық білдіруді мәлімдеу; қауіпсіздік шараларын қолдану туралы өтінішхат мәлімдеу; егер iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы оның лауазымдық мiндеттерiнiң шеңберiне кiрмейтiн болса, өзiнiң тергеу немесе сот әрекеттерiне қатысуына байланысты шеккен шығыстарына өтем және орындаған жұмысы үшiн сыйақы алу құқықтары түсіндірілді.

Бұдан басқа, маманға оның қылмыстық процесті жүргізетін органға хабардар етпестен, процеске қатысушылармен зерттеу жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге; зерттеу материалдарын өз бетінше жинауға құқылы емес екендігі түсіндірілді.

Оның үстіне оған дәлелді себептерсіз өзiнiң мiндеттерiн орындаудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшiн Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы туралы ескертілді.

Криминалист маман__________ Қ.Сейлханов 

Тергеу әрекетіның барысы мен нәтижесін криминалист маман Қ.Сейлханов «Сони» маркалы цифрлық бейнекамераға түсіріп отырды.

Қарап-тексеру мыналарды анықтады:

«Айфон 6» маркалы ұялы телефон, телефон панелі қара түсті қандай да бір көзге көрінетін бүлінген жерлері жоқ. Телефон көлемі 12,5х0,7 см. Алдыңғы бөлігінде экранның астында диаметрі 1 см дөңгелек нысандағы батырмасы бар, экранның өзінің көлемі 9-х5 см, телефонның артқы бөлігінің жоғарғы сол жақ бұрышында диаметрі 0,5 см дөңгелек нысандағы фото-бейнекамера объективі бар, одан төмен алма түрінде сурет бар, сондай-ақ «IPhone» жазуы бар, сол жақтағы қыр бөлігінде дыбыссыз режимді қосу және ажырату батырмасы, телефонның жоғарғы бөлігінде телефонды қосу және ажырату батырмасы бар. Телефонды қосқан кезде ол жұмыс істеп тұр, қандай да бір көзге көрінетін іздер мен бүлдірулер жоқ.

Бейнежазбаны тергеуші мен маман қарап шықты, жазба ұзақтығы 40 минут.

Қарап-тексеру барысының бейнежазбасы «DVD-R» компакт-дискіне көшірілген, ол конвертке салынып, желімделген және «Энск қаласы ІІБ» мөрімен бекітілді.

Бумада мынадай жазу жасалды: «№15471003100020 қылмыстық іс бойынша 06.01.2016 ж. нәрселерді қарап-тексеру тергеу әрекетінің бейнежазбасы».

Криминалист маман __________ Қ.Сейлханов

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

 

Нәрселер мен құжаттары беру

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 260, 261-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199-бабының талаптарын сақтай отырып, көліктегі ІІД-нің №333 кабинетінде сот-химиялық сарапшының нәрселерді іске қоса тіркеу туралы өтінішінің негізінде «героин» есірткі құралының муляжын қабылдады.

Қарап-тексеру мынаны анықтады:

Қарап-тексеру объектісі - «героин» есірткі құралының муляжы, ол ұзындығы 25 см. құрайтын ақ түсті жүппен байланған ешқандай жазуы жоқ көлемі 15х10 см. мөлдір полиэтилен пакетіне қапталған жалпы салмағы 50 гр. сарғыш түсті ұнтақ зат болып табылады.

Героин муляжының іс үшін маңызы бар, ол И.Ы. Болатовтың заңсыз әрекеттерін одан әрі әшкерелеу және дәлелдемелермен бекіту мақсатында пайдаланылатын болады.

Нәрселерді немесе құжаттарды сот-химиялық сарапшы М.М. Маймақов берді.

Нәрселер мен құжаттарды қабылдаған:

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                    Н.Н.Мукашев

=========================================================

Айғақтарды сол жерде тексеру және нақтылау

 ХАТТАМАСЫ

 

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 199, 257-баптарына сәйкес, Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтің және Энск қаласы адвокаттар алқасының адвокаты Б.Қашқыновтың қатысуымен,

№ 16550003100999 қылмыстық іс бойынша күдікті Д.С.Нүркенов «Мерседес – Е 220» автомашинасынан жәбірленуші А.А.Асхатовқа тиесілі материалдық құндылықтары ұрлауды жасағаны туралы берген айғақтарын сол жерде тексеру және нақтылау жүргізілді.

Айғақтарды нақтылау және сол жерле тексеруді бастаудың алдында қатысушы адамдарға олардың құқықтары, міндеттері, сондай-ақ сол жерде айғақтарды тексеруді жүргізу тәртібі түсіндірілді. Оларға тергеу әрекетін жүргізу кезінде Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов  техникалық құрал: «СVS -500» маркалы бейнекамераны қолданатыны туралы ескертілді. Тергеу әрекеті басталғанға дейін маман Қ.Сейлхановқа Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 58 (57)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді:______________________________

                                (қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті Д.С.Нүркеновке Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 64 (65)-бабымен көзделген құқықтары мен міндеттері түсіндірілді, оның ішінде айғақтарды беруден бас тарту құқығы және оның айғақтары қылмыстық процесте дәледмелер ретінде, оның ішінде ол кейін өзінің айғақтарынан бас тартқан кезде де пайдаланылуы мүмкін екені туралы ескертілді.______________________         Д.С.Нүркенов 

                       (қолы)                                                      

Құқықтарымен және міндеттерімен танысып, күдікті мынаны мәлімдеді: заттарды ұрлаған жерде өз еркіммен айғақтар беруді қалаймын

(айғақтар беруді қалайды немесе айғақтар беруден бас тартады)

Күдікті________________   Д.С. Нүркенов

                                          (қолы)                      (тегі, аты-жөні)

Сол жерде айғақтарды тексеру алдында күдікті Д.С.Нүркеновке

                                                 (тегі, аты-жөні, адамның статусы) оның айғақтары тексерілетін жерді көрсету ұсынылды.

Күдікті Д.С.Нүркенов мүлікті Энск қаласында Павлов көш., 11 «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында тұрған «Мерседес – Е220» маркалы автомашинадан ұрлағанын көрсетті.

    Айғақтарды сол жерде тексеру Ленин көш., 55 мекенжайы бойынша орналасқан Энск қаласы ІІБ ғимаратынан басталды.

    Қылмыс жасалған жерге келу үшін осы процестік іс-қимылға қатысушылардың барлығы мемлекеттік нөмірі КР 555 14/кz ВАЗ 2121 автомашинасына отырды, оны полиция сержанты М.Макшонов басқарып, күдікті Д.С.Нүркенов көрсеткен жерге қарай жүргізді.

Процестік іс-әрекетке қатысушылардың барлығына Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов жүргізіп отырған сол жерде айғақтарды тексерудің бейнежазбасы 10 сағат 10 минуттан бастап қатысушылар күдікті көрсеткен жерге жеткенге дейін тоқтатыла тұратыны хабарланды.

Тергеу әрекеті бейнежазбасы 10 сағат 35 минутта Павлова көш., 11 үй мекежайына келген кезде қайта жалғастырылды.

Оқиға болған жерде күдікті Д.С.Нүркенов Павлов көш., № 11 тұрғын үй кіреберісіне көрсетіп, ол 2014 жылы 18 қыркүйекте 18 сағат 00 минутта бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатр жанында өздерінің көлігін қалдырған жүргізушілерді бақылап тұрғанын айтты.

Осыдан кейін күдікті Д.С.Нүркеновке айтуы бойныша процестік іс-әрекетке қатысушылардың барлығысы Павлов көш., № 11 үйдің 2 кіреберісінен жолдан өтіп, «Шәкен Айманов» атындағы кинотеатрдың бас кіреберісінің алдында орналасқан автотұраққа келді.

Тұрақта күдікті Д.С.Нүркенов кинотеатр ғимаратының солтүстік жағында орналасқан оның шеткі бөлігіне көрсетіп, осы жерде 19 сағат 10 минутта оған бұрын белгісіз болған сыртқы бет пішіні кавказдық болып келетін ер адам ақ түстік «Мерседес – Е220» маркалы автомашинасын қойып, оны кілтке жауып, кинотеатр ғимаратына кіріп кеткенін айтты.

    Бұдан кейін күдікті автомашина иесі оны автосигнализацияға қоймағанын және бұл машина көше жағынан және кинотеатрдың бас кіреберісінен онша көрінбейтінін айтып, сондықтан оның осы автомашина салонынан қандай да бір құндылықтарды ұрлау ойының пайда болғанын түсіндірді.

    Күдікті барлық қатысушыларға ол автомашина есігін бұзып ашу мақсатында өзімен ескі қайшы алғанын, онымен осы автомашинаның жүргізуші отыратын есігін ашып, ондан былғары қара куртканы, автомагнитолланы және автомобиль қобдишасында жатқан 11 000 теңге сома мөлшерінде ақшалай қаражатты ұрлағанын айтты.

Бұдан кейін күдікті ұрланған ақшалай қаражатты спирттік ішімдіктер ішуге жұмсағанын, былғары куртканы полция қызметкерлері ол оны автовокзалды сатуға әрекеттен кезде алып қойғанын, ал автомагнитолла мен қайшыны ол Павлов көш., № 11 үйдің 4 кіреберісінде бірінші қабатта сатының астына тығып кеткенін айтты.

Оның осы айғақтарын тексеру мақсатында тергеу әрекетіна қатысушылардың барлығысы Павлов көш., № 11 үйдің 4 кіреберісіне кірді, бұл жерде күдікті бірінші қабаттың сатысы астында жатқан катрон жәшіктерді итеріп, барлық қатысушылардың көзінше панелі қара түсті «Hitachi» маркалы автомагнитолла мен тот баспайтын металл қайшыны алып шықты. Бұл заттар тиісті пакеттерге бумаланып, «Энск қаласы ІІБ ТБ пакеттері үшін» № 24 пакетпен мөрленді және осы тергеу әрекетіна қатысушылардың барлығысының қолтаңбаларымен бекітілді.

Энск қаласы ІІБ ғимаратына қарай жүру және осы процестік іс-әрекеттің хаттамасын жасау үшін айғақтарды тексерудің барлық қатысушыларына бейнежазба 11 сағат 10 минутта тоқтатыла тұрғаны хабарланды. Бейнежазба 11 сағат 45 минуттатергеуші кабинетіне келіп, тергеу әрекетіның осы хаттамасының сипаттама бөлігі жазылғаннан кейін қайта жалғастырылды. Айғақтарды сол жерде тексеру ауа-райы бұлыңғыр кезде және табиғи жарық болған кезде жүргізілді.

Хаттамаға мыналар қоса тіркеледі: Энск қаласы ІІБ КБЖ маманы Қ.Сейлханов жасаған бейнежазба, бумаланған қайшы мен автомагнитолла.

    Хаттама тергеу әрекетіна қатысқан барлық адамдарға танысу үшін көрсетілді. Бұл ретте көрсетілген адамдарға олардың хаттамаға енгізілуге жататын, ескертілген және осы адамдардың қолтаңбаларымен куәландырылған оны толықтыру және нақтылау туралы ескертулер жасау құқығы түсіндірілді. Осы хаттамамен оны жеке оқу арқылы танысып,

(жеке оқуы немесе хаттаманы тергеушінің жариялауы)

сондай-ақ бейнежазбаны (дыбысжазбаны) қарап, тергеу әрекетіне қатысушылар оны толықтыру және нақтылау туралы келесідей ескерту жасады: хаттама дұрыс жасалды, ескертулер, толықтырулар және

(тергеу әрекетіна қатысушының процестік жағдайы, тегі мен аты-жөні нақтылаулар жоқ.___________________________________________

және хаттама мазмұнына ол жасаған толықтырулар мен нақтылаулар)

Куә (жәбірленуші күдікті, күдікті, қорғануға, құқығы бар куә): Д.С.Нүркенове                                  (қолы)            (тегі, аты-жөні)

Маман (сарапшы):                            Қ.Сейлханов

                                                                                                            (қолы)                           (тегі, аты-жөні)

Қорғаушы адвокат: Б.Қашқынов                                             (қолы)     (тегі, аты-жөні)

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

=========================================================

Тергеу эксперименті

ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК 199, 258 баптарына сәйкес

    Энск қ. ІІД КБЖ маманы полиция капитаны Қ.Сейлхановтың, Энск облыстық қорғаушылар алқасының қорғаушысы Б.Қашқыновтың қатысуымен № 16550003100998 қылмыстық ісі бойынша күдікті Д.С.Нүркенов бес қабатты үйдің үшінші қабатының қылтимасына осы үйдің маңында өсіп тұрған ағаштың діңі бойынша еніп кету мүмкіндігінің болғанын немесе болмағандығын анықтау мақсатында тергеу экспериментін өткізді:

Тергеу эксперименті өткізілген кезде табиғи жарық болып тұрған кезде өткізілді.

    Тергеу эксперименті басталмас бұрын эксперименте қатысатын тұлғаларға олардың құқықтары мен жауапкершілігі, сондай-ақ, осы процессуалдық іс-әрекетті жүзеге асыру тәртібі түсіндірілді. Сондай-ақ, оларға тергеу іс-әрекетін өткізген кезде «CVS-500» маркалы бейнекамерасы түріндегі техникалық құрал қолданылатындығы туралы ескертілді._______________________________________________________

 (нақты қандай құралдар және кім қолданғандығы жазылады)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін Қазақстан Республикасының ҚПК 58 (57) бабында көзделген маманның құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі маманға (сарапшыға) түсіндірілді:__________________ __________________________ (тегі, аты, әкесінің аты) (маманның қолы)

Тергеу әрекеті басталғанға дейін күдікті Д.С.Нүркеновке Қазақстан Республикасының ҚПК 64 бабында көзделген күдіктінің құқықтары мен міндеттері, соның ішінде түсініктемелерді беруден бас тарту құқығы түсіндіріліп, ол оның түсініктемелерін қылмыстық процессте дәлелдемелер ретінде, соның ішінде ол кейін аталған түсініктемелерден бас тартқан кезде де пайдалануға болатындығы туралы ескертілді ____________________Д.С.Нүркенов (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты)

Өз құқықтары мен міндеттерімен танысқаннан кейін күдіктінің (күдіктінің) айтқаны: Д.С.Нүркенов Ленин көшесі, № 2 үйдің 3-ші қабатының балконына ағашпен өрмелеп қалай кіріп, сол жерден балкондағы есік арқылы С.Е.Ержановтың меншігіндегі пәтерге қалай кіргендігін көрсеткісі келетіндігі туралы айтты.

(көрсеткісі келетіндігі немесе көрсетуден бас тартқандығы туралы сипатталады).

Тергеу экспериментін өткізген кезде келесі анықталды: Д.С.Нүркенов тергеу экспериментінің барлық қатысушыларының көзінше Ленин көшесі, № 2 (қандай процессуалдық әрекеттер өткізілгендігі рет-ретімен, осы іс бойынша айқындалған елеулі жағдайлар, үйдің сырт жағындағы қабырғасының маңында өсіп тұрған терек ағашының

сондай-ақ, тергеу әрекетіне қатысқан тұлғалардың өтініштері (түсініктемелері); тергеу әрекеті жүргізілген діңі бойынша ағаштың ұшар басына өрмелеп шыққаннан кейін жәбірленуші

кезде қолданылған техникалық құралдар/ әрекеттер, жағдайлар және оларды пайдалану реті, аталған С.Е.Ержановтың меншігіндегі 3-ші қабатта орналасқан №8 пәтердің 

құралдар қандай объектілерге қатысты қолданылғандығы және қол жеткізілген нәтижелер жайлы балконына өрмелеп шықты.

сипатталады).

Хаттамаға келесі заттар қосылады: бейнетүсірілім жазылған таспа

(тергеу экспериментін өткізген кезде алынған/ түсірілген фотосуреттердің негативтері мен суреттер, кинотаспалар, диапозитивтер, фонограммалар, бейнежазу таспалары, сызбалар, сұлбалар және т.б.).

Хаттама тергеу әрекетіне қатысқан барлық тұлғаларға танысып шығу үшін ұсынылды. Осындайда барлық аталған тұлғаларға олардың кейін сол тұлғалар қол қойып, куәландырғаннан кейін хаттамаға енгізілетін түсініктемелер мен хаттаманы толықтырып, нақтылау туралы ескертулер жасау құқығы түсіндірілді.

Хаттамамен жеке оқып шығу арқылы танысып, бейнежазбаны

(жеке өзі оқып шығу немесе хаттама ауызша жария етілгеннен кейін)

(аудиожазбаны) қарап шыққаннан кейін тергеу әрекетінің қатысушылары хаттаманы нақтылап, толықтыру туралы келесі ескертулер мен толықтыруларды ұсынды: хаттама дұрыс жазылған, толықтырулар мен

         (тергеу әрекеті қатысушысының процессуалдық жағдайы, тегі, аты, әкесінің аты және хаттаманың мазмұнына енгізілетін ол ұсынған толықтырулар мен нақтылаулар немесе өзгертулер мен толықтырулардың жоқтығы туралы жазбалар жазылады) ескертулер жоқ.  

Куә (жәбірленуші күдікті, күдікті, қорғануға, құқығы бар куә)    . Нүркенов

                            (қолы)            (тегі, аты-жөні)

Маман (сарапшы):                                         Қ.Сейлханов              (қолы)                       (тегі, аты-жөні)

Қорғаушы адвокат:                                                    Б.Қашқынов

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция капитаны                  (қолы)                 Н.Н.Мукашев

 

=========================================================

Эксгумация және мәйітті қарау

 ХАТТАМАСЫ

Энск қ.                                                                    2016 жылғы 01 ақпан.

 

    Басталды: 10 сағат 00 минут.

Аяқталды: 11 сағат 15 минут.

 

Энск қаласы ІІБ ТБ тергеушісі полиция капитаны Н.Н.Мукашев, Қазақстан Республикасының ҚПК 199, 224 және 227 баптарының талабына сәйкес келесі тұлғалардың қатысуымен:

Қазақстан Республикасының ДМ СМО РМКК Энск филиалының сот-медициналық сараптама орталығының сарапшысы А.Ж. Сембековтың «Ақсу ТКШБ» МКҚК директоры С.С. Воротованың.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: