ЖЛхметов. Патологиялық анатомия

ЖЛхметов. Патологиялық анатомия


ЖАСУІПА ОРГАНЕЛЛАЛАРЫНЫҢ ПАТОЛОГИЯСЫ (ОРГАНЕЛЛАПАТОЛОГИЯ)

Жасуша органеллалары мен жасуша бір-бірімен тығыз байла-нысты қүрылымдар, олардағы өзгерістер жасушадағы өзгерістер астарласып жатады.

Митохондрий патологиясы.

Жасушадағы ең ірі органеллаға митохондрий жатады. Мито-хоңдриде аденозин үш фосфат қышқылы (АҮФ) синтезделеді, яғни АҮФ-тың ыдырауы белсенді тасымалдың бірден бір көзі. Митохондридің өсуі және көбеюі жасушаға тәуелсіз, өз есебінен жүре алады. Дегенмен де толық дербестік болуы мүмкін емес, себебі митохондриге керекті белоктардың көпшілігі ядролық ДНҚ-да белгіленіп, цитоплазмада синтезеледі. Митохондрий қүрамында 40-тан астам фермент бар, олар негізінен жасушаның тыныс алу үрдісіне (оттегі алмасуыңда) қатысады. Цитохромоксидаза және сукцинатдегидрогеназа ферменттері тек митохондриде топталған. Митохондрий күрделі ішкі және сыртқы мембрана жүйесінен түзілген, оның ішкі мембрана қатпарларынан кристалар (перде-лер) түзіледі. Олардың арасындағы кеңістікті матрикс дейді.

Митохондриде кездесетін түрлі патологиялық өзгерістердің негізгілеріне мыналар жатады:

1) Митохондрий санының өзгеруі. Әрбір жасуша үшін митохон­дрий саны белгілі мөлшерде болады. Митохондрий санының көбеюі жасуша қызметінің күшеюінен хабар берсе, жасуша атрофиясын-да олардың саны азайып кетеді. Экспериментте тышқандарды аш сақтағанда олардың бауыр жасушасындағы митохондрий саны бірінші күндері көбейіп, кейін азайып кететіндігі анықталған.

2) Митохондрий көлемінің өзгеруі. Тироксин гормонын үзақ қабылдағанда, зат алмасу үрдісі күшейгенде, қүрқүлақ және кейбір жүқпалы ауруларда жасушадағы митохондрий көлемі үлғайып олар-да кристалар саны көбейеді, ісік тінінде әр түрлі пішінді мегами-тохондрилер пайда болады, мысалы, ісіктерде, алкогольдік бауыр-да (3, 4 суреттер).

3) Митохондридегі деструктивтік өзгерістер. Осы өзгерістердің ең жиі кездесетін түріне ісіну үрдісі кіреді. Соның нәтижесінде митохондридің көлемі үлғайып матриксі сүйылады, кристалары қысқарып, олардың саны азаяды. Осы өзгерістерден соң митохондридегі сүйықтық мөлшері көбейіп, ол сырты мембрана-мен оралған "қапқа" айналып қалады. Кейде митохондрий пато-логиялық өсерлер нөтижесінде бөлшектеніп кетеді. *-



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: