Тамыржемістер

1. Тамыр жемістердің қанттылыгын және жалпы қант шығымы жоғарлату жолдары.

2. Тамыр жемістерді өсіру технологиясы.

3. Суармалы жерлерде өсіру технологиясы, ерекшеліктері.

4. Мал азықтық қызылша морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері, өсіру технологиялары.

Мал азықтық дақылдардың ішінде құрамына қызылша, тарна, сәбіз, түрнепс кіретін мал азықтық тамыр жемістердің маңызы зор. Тамыр жемістер күз және қыс кезеңдерінде ауылшаруашылық малдарының барлық түрлеріне, әсіресе сауын сиырлар мен шошқаларға, шырынды мал азығын береді. Бұл сауын малдарының сүт өнімділігі мен оның сапасын жақсартуға жақсы әсер ететін диетикалық мал азығы болып табылады. Тамыр жемістер углеводтарға, минеральдық тұздар мен витаминдерге бай. Тамыр жемістердің 100 кг қант қызылшасында 26, мал азықтық қызылшасында 12, тармада 13, 14 және түрнепсте 7 – 10 азықтық өлшем болады.

Мал азықтық тамыр жемістерді өндіруді арттыру мен олардың өзіндік құнын төмендету ең алдымен осы дақылдардың өнімдерін арттыру, оларды өсіруде жиынтық механикаландыруды игеру жолдарымен іске асуға тиіс.

Қазақстан Республикасында қант және мал азықтық қызылша, тарна, турнепс, сәбіз өсіріледі. Республикамыздағы мал азықтық тамыр жемістердің егіс көлемі шамамен 50 мың га, оның ішінде мал азықтық қант қызылшасы – 12 мың га. Республикадағы орташа өнімі 70 – 80 ц/га аспайды, дегенмен Солтүстік Қазақстанның жекелеген шаруашылықтарын да әр гектардан 450 – 500 ц дейін тамыр – жемістер жиналуда.

Қант қызылшасы. Қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша мал азықтық мақсатқа кеңінен пайдаланылады. Басқа тамыр жемістерге қарағанда оның қоректік заттар шығымдылығы барынша жоғары қант қызылшасы ұзақ сақталады, мұның өзі мал рационында оны ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді. Қант қызылшасының тағы бір артықшылығы – оны сортаңдау топырақтарда да өсіруге болады. Қол еңбегін минимумға дейін қысқартуға мүмкіндік беретін қант қызылшасын өсіру технологиясы мен машиналар жиынтығы (комплексі) жасалды.

Қант қызылшасы егіншілік шаруашылығының мәдениетіне талғамды өсімдік. Агротехника дәрежесінің төмендегенін бұл дақылдан өзіндік құны жоғары және өнімі аз алынып жүр.

Қант қызылшасы ала бұталар тұқымдасына жататын Beta туысына жатады және қант қызылшасы мен мал азықтық қызылша түрінде тараған.

Қызылша – екі жылдық шөптесін өсімдік. Бірінші жылы себілген тұқымынан жуандалған шырынды тамыр мен түбір тамырлы жапырақ дегелеңі дамиды. Қолайлы жағдайларда тұқым себілгеннен 7 – 10 күннен кейін егін көгі шығады, ал 8 – 10 күннен соң алғашқы қос жапырақ түзіледі. Егін көгі шықаннан бірінші қос жапырақ пайда болғанға дейінгі кезеңді «Қосқұлақ» кезеңі деп атайды.

Жақсы дамыған «Қосқұлақ» кезеңінде және алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде қатардағы қызылшаны сиретеді. Бұл кезеңдегі өсімдік жиілігі жапырақтар мен сағақтардың ұзаруына және қызылшаның сарғаюына әкеліп соғады, соның нәтижесінде өнім төмендейді. Бесінші қосарланған жапырақтар түзілгенше олар қос – қостан, ал соңынан бір – бірден пайда болады. Өсіп – даму кезеңінде өсімдіктерді 50 – 70 тіпті 90 – 100 жапыраққа дейін пайда болады, әрқайсысының тіршілігі 25 – тен 70 күнге дейін созылады. Екінші жылы топыраққа көктемде отырғызылған тамырдан өсімді дегелеңі және кейінірек тұқым беретін гүлді бүршіктер дамып шығады. Тамыр жүйесі 2,5 м тереңдікке және 1,0 – 1,2 м – ге дейін жан – жағына тарайды.

Мал азықтық қызылшаның көптеген сорттарында тамыр жемісі тіршілігінің бірінші жылында тамыр мойнынан және бір бөлігі сабақтан қалыптасады. Ол сопақша пішінді қысқа болады да топырақ бетінен шығыңқы орналасқан. Қант қызылшасының сорттарында тамыр жемісі негізінен ұзынша пішінді және топыраққа сіңіре орналасқан тамырдан дамып шығады. Тамыр жемістердің пішінінің шаруашылық маңызы бар. Топырақ бетіне шығыңқы орналасқан дөңгелек пішінді тамыр жемісті жинау оңай және азықтандыруға дайындау жеңіл. Егіс көлемі шамалы аудандарда бұл сорттардың практикалық маңызы зор, ал оларды картоп жинайтын машиналарды бейімдеп жинайды.

Қызылшаның гүлдері қос жынысты, жел мен насекомдардың әсеріменайқас тозаңданады. Жеміс – жаңғақша, пісерде бірнешеуі қабысып жеміс шоғырына айналады (2 – 6 жаңғақшадан тұрады). 1000 жеміс шоғырынан массасы 20 – 50 г. Бір жеміс шоғырынан алты өсімдікке дейін өніп шығады.

Биологиялық ерекшеліктері. Қызылша – екі жылдық өсімдік. Тұқымы – 4 – 5° жылылықта өне бастайды. Алайда қаулап көктеуі (3 – 4 күнде) + 20° температурада болады.

Егін көгі «Қосқұлақ» кезеңінде бозқұрауға сезімтал және 3 – 4° аязға төтеп бере алмай өліп қалады. Алғашқы қос жапырақ пайда болған кезде 8° - қа дейінгі аязды көтереді. Күзде өсімдіктер 5° аязға, қазылып алынған тамыр жемістер 2° бозқырауға шыдайды. Өсіп – дамуға қолайлы температура +15 – 23°. Ылғал сүйгіш дақыл, транспирация коэффиценті 240 – 400, ал қызылшаның жоғары өнімін өсіп – даму кезеңінде 300 мм жауын – шашын түскенде алуға болады. Ылғалға барынша көп қажетсінуі қарқынды өскен кезде – шілде – тамыз айларында. Солтүстік Қазақстан жағдайында осы айларда мол ылғал түскенде жоғары қызылша өнімі жиналды, көптеген аудандарда жоғары және тұрақты өнім суармалы жағдайларда ғана алынады.

Қызылша – тұзға төзімді өсімдіктердің бірі, реакциясы PH-7 – 8 шамасындағы топырақтарда жақсы өседі. Қант қызылшасының сорттары мал азықтық қызылшаға қарағанда тұзға төзімдірек.

Борпылдақ жеңіл және орташа саздық, құмдық, қуатты жырту қабаты бар құнарлы қара және қоңыр топырақтарда қызылшаның мол өнімін жинауға болады. Құнарлылығы төмен топырақтарда оны органикалық тыңайтқыштардың жоғары нормасын (50 – 100 т/га) енгізгенде ғана алады.

Мал азықтық тамыр жемістердің сорттары. Сахарная округлая 0143 – БӨШИ – ның Пушкин лабораториясында шығарылған. Тамыр жемісті дөңгелек және сопақша – дөңгелек пішінді, төмен қарай жіңішкере береді, ұзындығы 12 – 15 см, бас жағындағы қабықтың түсі ақ және төменгі бөлігінікі – ашық – жасыл түсті. Құрғақ заттың мөлшерлдері 18 – 20 процент, тамырдың топыраққа сіңірілуі толық немесе ұзындығының ¾ бөлігіндей, алайда топырақтан жеңіл жұлынады. Орташа мерзімде пісетін сорт, мерзімінен бұрын гүлденуге төзімді, аурулармен аз залалданады, қыста жақсы сақталады. Көкшетау мен Қостанай облыстарында аудандастырылған.

Тимирязевская 56 – Тимирязев АША – да шығарылған. Жапырақ дегелеңі тік тұрады. Тамыр жемісі сары, қап пішіндес, ұзындығы 25 – 30 см, 1/5 бөлігі топыраққа кіріп жатады, топырақтан жеңіл жұлынады, жақсы сақталады. Мерзімінен бұрын гүлденуге, аурулар мен зиянкестерге төзімді. Солтүстік Қазақстан облысында аудандастырылған.

Эккендорвская желтая – Тамыр жемісінің пішіні қап, цилиндр тәрізді (дөңгелек, мұқыл ұшты түрлері де кездеседі), топыраққа ¼ бөлігіне жуығы кіріп жатады, құрғақ зат мөлшері 10 – 12 процент. Орташа мерзімде пісетін сорт. Ауруларға қарсы төзімді, мерзімінен бұрын гүлдейді, басқа сорттарға қарағанда топырақтың жырту қыртысының қалыңдығы мен құнарлығына талғамы аз. Солтүстік Қазақстанның барлық облыстарында аудандастырылған.

Обрушинская желтая – Украин Егіншілік ҒЗИ – да шығарылған. Павлодар, Целиноград облыстарында аудандастырылған.

Тимирязевская односемянная – Тимирязев АША – да шығарылған. Қостанай облысында аудандастырылған.

Агротехника ерекшеліктері. Суармалы жерлерде өсіргенде тамыр жемістерді төмендегідей шөпті – отамалы дақылдар ауыспалы егістерде орналастырылады: көпжылдық шөптер (жоңышқа) – мал азықтық тамыр жемістер, немесе мал азықтық бір жылдық шөптер - мал азықтық тамыр жемістер, немесе ерте картоп - мал азықтық тамыр жемістер.

Табиғи ылғалдану жағдайында қызылша ауыспалы егіс буынында орналастырылады: таза пар – қызылша, жүгері, көк балаусаға өсірілетін біржылдық шөптер - мал азықтық тамыр жемістер. Тыңайтқыштар жоспарланған өнім дәрежесіне есептелген нормамен енгізіледі.

Себу алдында топырақ өңдеу мынандай технологиямен жүргізіледі: ылғал жабу - әдеттегі мерзімді сүйретпе тіркелген агрегатпен 2 ізбен тырмаланады. Қызылша қатар аралығы 45 немесе 60 – 70 см кең қатарлы әдіспен себіледі. Өсімдік шығынын азайту және арамшөптерді құрту үшін егістікті күтіп – баптау жұмысында саңылау жасағыштарды қолданған жөн.

Тәжірибе көрсеткендей, минимум қол еңбегінің шығыны жасалатын қант қызылшасының қолайлы өсімдік жиілігін қалыптастыру үшін әрбір метр қатарда 20 – 30 қызылша көгін алу қажет.

Өнгіштігі жоғары (75 проценттен жоғары) тұқымды пайдаланғанда метр бойына кем дегенде 25 – 30 өнгіш жеміс шоғырын себеді. Кәдімгі сеялкалармен әр гектарға сапасына байланысты 18 – 22 кг тұқым себіледі. Қазіргі уақытта берілген өсімдік жиілігіне есептелген төменгі себу нормасын қолдануда, алайда бұл әдісті жақсы ылғалданған жағдайда (суармалы жерлерде), жоғары агротехника дәрежесінде және танаптардың арамшөптерден таза болғанда ғана іске асыруға болады.

Қызылшаның себу мерзімі топырақтың физикалық пісіп – жетілуімен 5 – 10 см тереңдікте 5 – 6° дейін жылынуымен анықталады, мұның өзі мамырдың бірінші – екінші онкүндігіне сәйкес келеді.

Бір ескертетін жәйт, ерте себілген егістік (мамырдың бірінші онкүндігінде) танаптар арамшөптерден таза болғанда және тиімді гербицидтер мен қол еңбегін пайдаланғанда ғана жақсы нәтижелер береді. Мамырдың екінші онкүндігінде арамшөптердің бір бөлігі себу алдындағы топырақ өңдегенде құртылады да осы кезеңде себілген қызылшаға жақсы өнім алу үшін жағдай жасалады. Тұқымның себу тереңдігі 3 – 4 см. Себілгеннен кейін немесе онымен бір мерзімде топырақ тығыздалады (тапталады).

Бір жылдық қос жарнақты арамшөптерге қарсы себуге дейінгі мерзімде әр гектарға 3 – 5 кг пирамин және феназон қолданылады. Феназонды тұқыммен бірге, сонымен қатар қызылша көгінің алғашқы екі қос нағыз жапырақтары пайда болған мерзімде енгізуге болады.

Г.П.Кутузовтың (1986) деректері бойынша егістік қос жарнақты арамшөптермен аралас ластағанды себу қарсаңында культивацияның астына феназон (3 кг/га) мен хлороцетатының (3,6 кг/га) қоспасын 1:2 қатынасында немесе феназонның (3 кг/га) ранитпен (3,8 кг/га) қоспасын 1:1 қатынасында енгізген тиімді, алайда феназон топырақтың ылғалдылығы жеткілікті болғанда ғана арамшөптерді жақсы құртады.

Топырақ ылғалдылығы жеткіліксіз болғанда ленация гербицидін қолданған дұрыс, оның арамшөптерге қарсы улы әсері феназонға қарағанда кеңірек (қос жарнақты, кейбір біржылдық астық тұқымдас құс тарысы, итқонақ сияқты арамшөптерді құртады) және әр жылдары оның тиімділігін айтарлықтай тұрақты, бірақ ол феназон көпжылдық астық тұқымдастарды және көпжылдық қосжарнақтыларды (егістік қалуын, далалық шырмауық) құрта алмайды. Ленацил культивация астына құмдақ топырақтарға 0,6 – 0,9 кг/га және саздан топырақтарға 0,9 – 1,5 кг/га нормасымен енгізіледі, ал астық тұқымдас арамшөптерді толық құрту үшін оны далалон және натрийдің үш хлороксидының қоспасымен енгізіледі.

Мал азықтық қызылша егістігі қосжарнақты және жарнақты арамшөптермен ластанғанда оларға қарсы әр иктаға 2 – 6 кг эптам, 3 – 4 кг тиллам, немесе 3,6 – 8,0 кг ранис қолдану ұсынылды.

Астық тұқымдас арамшөптерді құрту үшін таңдап әсер ететін гербицидтерді – натрийдің үшхлорацетатының 23 – 40 кг/ша нормасымен сүдігер өңдеудің астына, дихлоральмочевинаны 4 – 12 кг/га себу алдындағы культивациялау немесе себумен бірге, далапонды 10 – 15 кг/га нормасымен алғы дақылды жинасымен күзгі сүдігер жыртудың алдында қолдануға болады.

Триазиндер тобының голтикс гербициді өсімдіктерге жапырақтар мен тамыры арқылы өнеді, оны себуді және себуден кейін егін көгіне 6 – 10 кг/га нормасымен енгізіледі. Бұл гербицидке ақ алабұта, иілгіш көкпек, гүлтәжі қызылшасы, далалық, ярутка, жабайы шомыр т.б. арамшөптері өте сезімтал (90 – 100 процентке дейін құртылады), кәдімгі гүлтәжі, жабысқақ қызыл бояу, қызыл таспа таран, шырмауық таран, шашақты таран, қара сұлы арамшөптері орташа сезімтал (75 – 89 процентке дейін құртылады), құс тарысы, жасыл итқонақ, т.б. сезімталдылығы әлсіз (40 – 74 процентке дейін құртылады).

Қызылшаның екі нағыз жапырақшалары пайда болғаннан кейін егістікті өңдеуне нектарына 1,1 кг әсер етуші затпен бетанол қолданылады. Бұған қосжарнақты арамшөптердің көктеу кезеңінен төртінші жапырақтары пайда болғанша және астық тұқымдас арамшөптердің көгі бір жапырақ кезеңінде сезімтал келеді, басқаша айтқанда, препараттың тиімділігі егістікті қолайлы мерзімде өңдеуге байланысты. Мал азықтық қызылшаның 2 – 8 жапырақтар қалыптастыру кезеңінде егістіктегі қалуендер мен тарандар т.б. биіктегі 5 – 10 см болғанда оларды құртуға лонтрел гербициді қолданылады.

Егістік және далалық қалуендерді толық құрту үшін мал азықтық қызылша егістігін лонтрелмен екі рет өңдейді; алғашқысына қызылшаның 2 – жапырақ кезеңінде 0,12 кг/га немесе 0,4 л/га нормасымен, екіншісін 0,65 л/га нормасымен бірінші өңделгеннен 3 – 4 жұмадан соң өңдейді.

Бүкілодақтық мал азығы ғылыми зерттеу институтының еңбектерімен (Г.П.Кутузов, 1986) қызылша егістігін гербицидтерді екі рет қолдану арқылы арамшөптерден бүкіл өсіп – даму кезеңі бойы толық арылтуға болатындығы дәлелденді. Көктеуге дейін енгізілген феназон (3 кг/га немесе ленацил 1 кг/га және қызылшаның қос нағыз жапырақтар кезеңінде бетанолмен 1 кг/га) қабаттастырып өңдегенде арамшөптердің 97,5 – 98,6 проценті құртылады.

Гербицидтерді үнемдеу мақсатымен және қызылша өсірудегі шығынды азайту үшін гербицидтерді ленталы әдіспен қатарларға 25 – 30 см көлемде енгізіледі, ал қатараралықтардағы арамшөптер культивациялау жолымен құртылады.

Жер бүргелеріне қарсы күресу үшін химикаттармен олардың шоғырланған орындарын – тыңайған жерлерді, орман алқаптарын т.б. өңдейді, соның нәтижесінде бүргелер қызылша егістігін аз зақымдайды. Қажет болған жағдайда егіс алқабының щеттерін де улы химикаттармен өңдеген дұрыс.

Қатараралықтарды культиваторлармен алғашқы өңдеуді тара табандармен 3 – 4 см тереңдікте қатарлар анық көрініп жүргізіледі, бір мерзімде қажетті гербицид те енгізіледі. Арамшөптер пайда болса, екінші культивациялау 6 4 см тереңдікте жүргізіледі. Алғашқы қос нағыз жапырақтар түзілу кезінде өсімдіктер жиілігін қалыптастыруға кірісіп, ол өзгерткіш агрегаттар қолданылады. Көшеттерді қалыптастыру үшін ротациялық сиреткіш УСМП 5,4 қолданылады, олар тоқтауға дейін қатарлар бойымен де шоқтарды да сирету жұмысын орындайды.

Сиреткіштер болған жағдайда қызылшаның ең қарапайым және еңбек шығынын көп талап ететін әдіспен қолмен сиретіп шоқтайды. Шоқтаудың мынадай схемасы көп тараған: әрбір 27 см сайын 18 см қызылша шоғы қалдырылады, немесе 30 см сайын 15 см шоқ қалдырылады, ал шоқтарды талдағанда тиісінше бір немесе екі өсімдік қалдырылады.

Барлық аталған әдістер өсімдік жемісін қалыптастыруда қызылша көгінің жиілігіне, алқаптың арамшөптермен ластануына топырақтың тығыздығына, қажетті құралдардың барлығына т.б. байланысты.

Өсімдік жиілігін қалыптастырғанда мал азығына өсірілетін қызылшаның өсімдік саны әр гектарда 60 – 70 мың дана болуға тиіс.

Өсімдік жиілігін қалыптастырғаннан кейін қатар аралықтар қабысқанша 2 – 3 қатараралық өңдеу жүргізіледі, үстем көремтенріріледі, жаздың жағдайына қарай 4 – 5 рет суарылады. Бір айта кететін жайт, суаруда өсімдіктердің ең қарқынды өсетін кезеңі – шілде – тамыз айларында - байланыссыз жүргізілген дұрыс болады.

Қызылшаның жинау мерзімі күзгі бозқыраудың түсу мерзімімен аяқталады.

Тарна. Тарна капуста тұқымдасына жататын көп жылдық, салқын әрі ылғалды климаттың өсімдігі. Тұқымы 2 жылдықта өсе бастайды. Жоғары температуралар (+30 – 40°) оның өсіп – дамуына теріс әсер етеді. Ылғалды айтарлықтай қажетсінбейді, қуаншылық аудандарда тарна нашар өседі. Ең жақсы топырақтар – саздақ топырақтар. Солтүстік Қазақстан аудандарында сенімді өнімді суармалы жағдайда алуға болады. Өсіру ьтехнологиясы жоғарыда қарастырған қызылша технологиясына ұқсас.

Куузику – Эстон егіншілік ҒЗИ – да шығарылған. Қарағанды, Жезқазған облыстарында аудандастырылған, аймақтың басқа облыстарында да өсіруге болады.

Мамырдың бірінші онкүндігінде кең қатарлы әдіспен (45 – 60 см) гектарына 1,5 – 2,5 кг/га тұқым себіледі. Тұқымның топыраққа сіңруі тереңдігі 2 – 3 см. Сиретілгеннен кейін әр гектарда 60 – 70 мың өсімдік сақталуға тиіс.

Мал азықтық тарна мен турнепстің егістігінде топырақ гербициді – рамродты – пайдаланады. Ол 65 процентті суланатын ұнтақ түрінде шығарылады. Рамрод себу алдындағы өңдеудің астына, немесе тарна мен турнепс көктегенше 4 – 6,5 кг/га нормасымен топыраққа енгізіледі. Ол біржылдық қосжарнақты ақ алабұтаны, далалық майда шөпті, біржылдық астық тұқымдас құс тарысын, қара сұлыны, итқонақты т.б. сонымен қатар көп жылдық арамшөптерді жақсы құртады.

20-21- дәріс.

Түйнекжемістер

1. Картоп. Маңызы, негізгі картоп өсіру аймақтары. Морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері. Өсіру технологиясы.

2. Картоптың өсу және даму ерекшеліктері. Түйнек жемісінің пайда болуы және ұлғаюы. Картоп өсірудегі органикалық тыңайтқыштардың маңызы.

3.Ерте пісетін картоп өндіру ісін кеңейту. Таза тұқымдық түйнек алуды қамтамасыз ететін шаралар.

1. Картоп өте маңызды ауылшаруашылық дақыл. Картоп түйнегі, ең алдымен кеңінен әр түрлі тағамдарға пайдаланылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін береді және адамның бір күндік рационында айтарлықтай орын алады. Картоп түйнегінде 22-25 % құрғақ зат, оның ішінде 80-85 % крахмал және 3 %-ға дейін белокты заттар болады. Картоп ақуызы өзінің биологиялық құндылығы жағынан дәнді дақылдар ақуызынан анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында және жануарлар организімдерінде синтезделмейтін амин қышқылдары (ванилин, лизин, трифтофан, лейцин т. б.) көп.

Картоп түйнегі адам организмінің қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы витаминдер (С, В, А, Р, К) мен минералдық тұздардың маңызды көзі. Түйнегінде 20 %-ға дейін крахмал, 2 %-зға дейін ақуыз, әр түрлі витаминдер С (42 мг%), В1 (0,110 мг %), В2 (0,051 мг %), В6 (0,190 мг%), РР (1,220 мг %), фоли қышқылы каротин (56 мг %), май (0,15 %) болады. Сонымен қатар пектинді заттар, жасунық, стериндер, органикалық қышқылдар (лимон, қымыздық, алма және тағы басқалар) кездеседі, минералды тұздардан калий (523мг %), фосфор (58 мг %), магний (32 мг %) сондай-ақ, микроэлементтер темір, марганец, никель, кобальт, йод, кальций кездеседі. Көрсетілген маңызды заттарының болуына байланысты картопты халық медицинасында зат алмасу, тыныс алу, көз, жүрек, бүйрек ауруларын емдеуде қолданылады. Картоптың жас өскіндерінің микробтарға қарсы әрекеті анықталған. Картоп крахмалы өт қышқылдарының белсенділігін арттырады, ол өз кезегінде ішек бактерияларының жұмысын жақсартады. Шет елдік ғаламдардың картоп түйнегінен алған ингибин препараты қазіргі таңда асқазан жарасын, күйікті емдеуде кеңінен пайдалануда.

Картопты көптеген халық шаруашылық өндірістерінде кеңінен қолданады. Мысалы, 1 т картоптан 112 л спирт, 55 кг көмірқышқылы, 17 кг крахмал, 80 кг глюкоза және де тағы басқа заттар алуға болады.

Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін мал азықтық дақыл ретінде жоғары бағаланады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылатын (сіңімді) протеин бар. Картоп көптеген ауылшаруашылық дақылдарына жақсы алғы дақыл, тыңайтқыш пен мелиорацияға қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп - бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмікіндігі бар өнімді далалық дақылдардың бірі. Қазіргі уақытта Республикамыздағы барлық картоп егістігінің жалпы көлемі 212 мың га құрайды. Қартоптың орташа өнімі соңғы жылдары облыстар бойынша 76-118 ц/га аралығында өзгерді.

Дақылдың таралуы және ботаникалық сипаттамасы

Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Sоlanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жершарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі. Оны вегатативті түрде (түйнек, көзше және бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен-қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрімен көбейтіледі. Тұқымымен көбейтілгенде картопқа кіндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбейтілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Қартоп бұтасы бірнеше сабақтардан құралады.

Картопты түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі әрі бірінші және столон маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады.

Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді. Картоптың жапырақтары күрделі, үзік-дара қауырсынды - қиықты, бірнеше жұп бүйір бөліктері мен бөлекшелерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан.

1 сурет - Картоп өсімдігінің тұқымнан дамуы

Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына жиналған. Әрбір гүл тозаңдарымен бес аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштан күрең қызылға дейін. Картоптың барлық сорттарыгүл түзе бермейді. Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының массасы 0,3-0,5г.

Түйнек - түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған.

1- домалақ, 2- сопақ, 3- ұзынша

2 сурет - Картоп түйнектерінің пішіні

Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал оған қарама-қарсы жағын төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі домалақ, сопақ, ұзынша-сопақ болуы мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі-ақ, сарғыш, сары, күлгін.

Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасында түтікті сақина шоғын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал жасушаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.

Шаруашылық бағыты мен пайдалануына қарай картоп сорттары асханалық, техникалық, мал-азықтық және әмбебап топтарға бөлінеді. Өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығына байланысты ерте пісетін (70-80 тәулік), ортадан ерте (80-90), орташа мерзімде (90-100), ортадан кеш (100-120) және кеш пісетін (120 тәуліктен артық) картоп сорттары ажыратылады.

Өсімдіктің биологиялық ерекшеліктері.

Картоп түйнегінің маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұкымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі - қысқа кезеңде сақтауға мүмкіндік береді. Тыныштық күнінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Қысқы сақтау режімін дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы өспей жақсы сақталады.

Мәдени сортты картоп қоңыржай климаттың өсімдігі және тұрақты мол өнім температурасы айтарлықтай жоғары емес орта ендік аудандарында алынады. Тағы бір айта кететін жайт, картоп жоғары иілімді (пластикалы) және өсіру технологиясын дұрыс қолданғанда онда қолайлы емес табиғи жағдайларда жақсы өнім қалыптастыра алады. Тыныштық күйден өткен түйнектер топыраққа отырғызғаннан кейін +3-5С температурада өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жедел залалданады. Температура -4-7 - 8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалып өнуі байқалады. Әрі карай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы температура 4-16 - 18° деп есептеледі.

Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17-22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура өсімдіктерді әлсіретеді, ассимиляция процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -1-1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік қарайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16-18°, немесе +22-25° ауа температурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы + 6°-тан төмен және + 23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал + 26~29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.

Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400-1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600-1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін - 1800-2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800-2200° аралығында, ал негізінен 1600 °-ден 2600°-қа дейін өзгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.

Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырақтар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға қажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар куаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі, барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың, жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бұл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі бұл кезеңдегі судың жетімсіздігі тургордың төмендеуі мен жапырақтың солып қалуына әкеліп соғады, ал мұның өзі фотосинтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70-80% дәрежесінде ұстағанда өнімнің қорлануына ең колайлы жағдайлар жасалады.

Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі темендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына қарай қалыптасқан жылы әрі құрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі калың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жақсы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жұқа, әлсіз қабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.

Топырақтағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жетімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен залалдану артады.

Картоптың транспирация коэффициенті метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байлынысты картоптың транспирациялық коэффициенті 330-700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу үшін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ құнарлығы мен механикалық кұрамына байланысты өзгереді: құнарлы саздақ топырақ 85-100 л, құнарсыз, құмдак топырақта 160-200 л дейін көтеріледі.

Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының, көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де, өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (куаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысылып өседі, әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтүстік бөлігінде, суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.

Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, бүршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондықтан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету қажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мүмкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен қамтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.

Нақты жағдайда бір гектарда 40-50 мың м2 жапырақ беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп есептеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.

Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап кояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптық тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режимі тығыздығы 0,9-1,1 г/см3 қара және қоңыр топырақта жасалды [20].

Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау - сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5-7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледі, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі қабатында шоғырланады да, тез өліп калады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3-1,4 г/см3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұқымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады. Мұның бәрін Қазақстан жағдайында көп тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына қарай өте тығыздалып қалады.

Картопты қолайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.

Қазақстан жағдайында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80 пайыз, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады [25].

Қазақстанда асханалық картоптың 40-тан аса сорты аудандастырылған. Олардың кең таралған сорттарына Приекульский ранний, Кокчетавский ранний, Гатчинский, Лорх, Весна, Невский, Полет, Шортандинский жатса, жаңадан аудандастырылғандары - Ақкөл, Ақсор, Ақжар, Жанайсан, Нэрли, Тамаша, Тамыр, Теңіз, Тоқтар, Ұлан, Орбита және Гранола.

Техникалық(зауыттық) картопқа- көбіне кеш пісетін, тех­никалық өңдеуге пайдалануға крахмалы көп сорттар жатады. Көп қолданылатындары - Лощицкий және Вера сорттары.

Малазықтық картоп сорттары жоғары өнімімен, түйнектеріндегі ақуызы (3-4 %) мен құрғақ заттарының (25 % кем емес) көптігімен ерекшеленеді. Оларға - Вита, Лаймдота, Новинка, Шпекуле сорттары жатады.

Картоптың әмбебап сорттардың өнімі жоғары, дәмі жақсы, түйнегінің еті қараймайды, ақуыз бен крахмалы көп және сақталу қасиеті жақсы. Эмбебап сорттар - көбіне орташа және орташа кеш пісетіндер; тағамдық, техникалық жоне малазық­тық мақсаттарға қолданыла береді. Көп таралғандарына - Берлихинген, Лора, Темп, Сотка, Люберецкий, Уфимец, Истринс­кий және тағы басқа да сорттар жатады.

Өсіру технологиясы. Көптеген топырақ-климат аймақтарында картопты танаптық, ферма маңындағы және көкөніс ауыспалы егістерінде орналастырады.

Азық-түліктік және техникалық картоптан жоғары өнім алу үшін оларға ең алдымен құнарлылық деңгейі жоғары, механикалық құрамы жеңіл топырақ бөлінеді.

Картоп маңызды дақыл болып, қала маңындағы аудандар егістік алқаптарының 30-40 % және одан да көп жерлеріне орналасуы мүмкін. Арнайы отамалы ауыспалы егістер мүмкіндігінше жер бедері тегіс, эрозияға ұшырамаған, жақсы тыңайтылған және орталыққа өте жақын орналасқан шаруашылықтар мен фермаларда орналасады. Отамалы дақылдары мол ауыспалы егістердің елді мекендерге, мал кешендері мен фермаларға жақындауы, өнімді пайдаланатын жерлерге тасымалдауға және олардағы жергілікті органикалық тыңайтқыштарды (көң, көң садырасы және басқа) да жөнелтуге кететін шығын мөлшерін азайтуға мүмкіндік береді.

Картоптың танаптык ауыспалы егістердегі жақсы алғы дақылдары тыңайтылған күздік және жаздық астықтар, дәнді-бұршақтармен біржылдық бұршақ шөптер, қант қызылшасы, жүгері. Құмдауыт және жеңіл құмбалшық топырақты ауыс­палы егісте картопты көпжылдық шөптер ұлтаны мен оның аудармасына орналастыруға болады. Көкөністі-картопты ауыспалы егісте картопты тамыржемістерден, қырыққабат, қияр, бақшалық дақылдардан кейін өсіре береді. Құрғақ аймақтарда картоптан жоғары өнімді суарылатын, су басатын аңғарлар мен төмен бедерлі жерлерден, көлтабаннан және тау бөктеріндегі жерлерден алуға болады.

Картоп отамалы дақыл болғандықтан, жоғары агротехникада өзінен кейін танапты бос топырақ және арам шөптерден таза күйінде қалдырады, сондықтан жаздық дәнді, дәндібұршақ, жүгері мен майлы дақылдарға ол жақсы алғы дақыл. Оның ерте пісетін сорттары екпе сүрі жерлерге сүрі жер дақылы болып та егіледі.

Картоп топырақ аэрациясына жоғары талап қояды. Тамырлар, сталондар (жерасты өркендері), түйнектер жақсы жетілу үшін топырақты терең өңдеу қажет.

Күзде алғы дақылдарды жинағаннан кейін, артынша танапты ластануына байланысты 1-2 рет сыдыртады, 2-3 апта өткен соң сүдігерге жыртады. Қарашіріндісі терең қабатты топырақтарды кәдімгі соқамен 28-30 см жыртады. Жырту қабаты таяз топырақтарды оның барлық тереңдігіне, 20-25 см жеткенше бірте-бірте өңцейді.

Ылғал жеткіліксіз аудандарда қыста қартоқтату жүргізеді. Топырақты көктемгі өңдеу - ерте көктемгі 1-2 ізбен тырмалау мен жеңіл топырақтарды 12-14 см қопсытудан тұрады. Жел эрозиясы қаупі бар далалық аймақтарда көктемгі тырмалаудан (арнаулы тырмалармен) кейін, топырақты сыдыра қопсытқышпен сыдырта жыртады. Бірқатар облыстарда картопты отырғызар алдында жал жасау тиімді. Ол үшін ауа райы мен топырақ жағдайларына байланысты, түптеуіш тұрығы бар қопсытқыштармен картоп­ты отырғызудан бірнеше күн бұрын немесе отырғызатын күні жал жасайды. Құмдауыт топырақтарда жалды, кейде сүдігерді көктемде қайта жыртумен алмастыруда жасайды.

Картоп - топырақтан қоректенуге көп талап қоятын дақылдардың бірі. 1 т түйнек өнімін түзу үшін өсімдік топырақтан орташа 5-6 кг азот, 1,5-2- фосфор жоне 13-18 кг калий сіңіреді. Сөйтіп картоп негізгі қоректік элементтерден калийді әлдеқайда көп, азотты - орташа, ал фосфорды аз мөлшерде пайдаланады.

Картопты отырғызғанда гектарына 10-20 кг түйіртпектелген суперфосфат және 15-20 кг аммиак селитрасын пайдаланады.

Үстеп қоректендіруде 1 гектарға 20-30 кг есебінде азот, фосфор және калий немесе 5-8т көң садырасын қолданады.

Картопқа қолданылатын тыңайтқыштар түрлері: азотты -күкірт қышқылды аммоний, аммиак селитрасы және моче­вина; фосфорлы-суперфосфат, күлгін топырақтарда-фос­форит ұны; калийлы - калий сульфаты мен калий магнезия.

Отырғызатын материалды дайындауды күзде бастайды. Картопты тұқымға жинауда бүтін, массасы 50-80 г, ауруларға шалдықпағандарын іріктеп алады. Тұқымдық материалды сақтау жақсы ұйымдастырылуы керек. Көктемде картопты қайтадан іріктейді. Түйнектерді отырғызар алдында 25-30 күндей жарықта 12-15°С-та өндіреді немесе 10-14 күндей жылы жерде ұстайды. Түйнектерді отырғызу алдындағы өндіру мен жылы жерде ұстау, өсімдіктердің өніп-жетілуін тездетеді және өнімді арттырады.

Картопты отырғызуды топырақ температурасы 8-10 см тереңдікте 6-8°С жеткенде бастайды. Топырақ типі мен климат жағдайларына байланысты картоп түйнектерін тегіс жерге немесе жалға отырғызады.

Жылу аз, ылғал мол және аңғарлы жерлерде жалдап және жартылай жалды отырғызу тәсілдері кеңінен қолданылады. Осындай отырғызуларда топырақтың тез қызуы мен өсімдіктердің суда тұншығуының азаюымен, картоптың өсіп-жетілуіне жақсы жағдайлар жасалынады.

Ылғал жеткіліксіз, жылудың мөлшері көп аудандарда картопты тек қана тегістелген жерге отырғызады.

Картопты 6-14 см тереңдікке СН-4Б, СК-4Б-1 және басқа да картоп отырғызғыштармен, қатараралықтары 60-70 см немесе 90 см, қатардағы түйнектер аралығы 25-30-35 см етіп кең қатарлап және де 70x70 немесе 60x60 см схемада шаршы-ұялы тәсілдермен отырғызады.

Ылғал жеткілікті аудандарда гектарына 50-55 мың, ал ылғал аздау жерлерде 35-45 мыңтүйнек отырғызады. Мұндай отырғызуда 1 гектарға 2,5-3 т картоп түйнегі жұмсалады.

Картоптан жоғары өнім алудың негізгі шарттарының бірі - уақытылы және сапалы күтіп-баптау жүргізу. Күтіп-баптау картоп көгі шықпай және шыққаннан кейінгі тырмалау, қатараралықтарды копсыту, түбін көму, үстеп қоректендіру, зиянкестер және аурулармен күресу жұмыстарынан тұрады.

Картоп көгі шыққанға дейінгі бірінші тырмалауды, оны отырғызғаннан 5-6 күннен кейін, ал екіншіні - отырғызғанға 12-14 күн болғанда жүргізеді. Көк шыққаннан кейін, 1-2 рет тырмалап әрі қарай копсытуға кіріседі. Қатараралықтарды қопсытуды бірінші рет 12-14 см, екінші - 8-10 см (ылғал жетіспейтін жағдайда 7-8 см) тереңдікке жүргізеді. Өсімдік биіктігі 18-20 см жеткенде (шанақтанудың басында) түбін көмуге кіріседі. 10-12 күн өткеннен сон өсімдіктің түбін екінші рет (гүлдеудің басында) көмеді.

Ылғал жеткіліксіз аудандарда түбін көмуді қатараралықтарды қопсытумен алмастырады.

Үстеп қоректендіруді қатараралықтарды бірінші қопсытумен бірге атқарады. Фитофторамен залалданған учаскелерді 69 %-дық акробат МЦ (2 кг/га) немесе 70 %-дық антрокол (1,5 кг/га) және басқа да препараттармен өңдейді.

Колорад коңызының топырақтан шығу кезінде егістің шетін өңдейді. Бұл зиянкеске қарсы күресу үшін егістікті актелмек 500 (1,5 л/га), 25 %-дық арриво (0,1-0,16 л/га), 50 %-дық банкол (0,2-0,3 л/га) және басқа да препараттармен бүркеді.

Ақтүйнекке көбінесе топыарқты мекендейтін жәндіктер (сымқұрттар, жалған сымқұрттар, бір қатар түн көбелектерінің жұлдыз құрттары) және сорғыш зиянды жәндіктер (қандалалар, бітелер, цикадкалар) зиян келтіреді. Соңғылар ақтүйнектің вирус ауруларын таратушы болып та саналады.

Ақтүйнекткі мейлінше зияндайтын аса қауіпті зиянкес: колорадтық ақтүйнек қоңызы. Шыққан жері – Солтүстік Америка. Европаға өткен 19 ғасырдың 70-жылдарында әкелінген. Бұрынғы КСРО-да 1950-60 жылдары пайда болып, Оңтүстік Қазақстан аумағында 1986 жылдан бастап тарала бастады. Колорадтық қоңыз ақ түйнектен басқа қызанақты, баклажанды, болгар бұрышын, қызыл бұрышты т.б. алқа тұқымдас дақылдарды зақымдап қоректенеді. Зиянкес, өте өсімтал, Оңтүстік Қазақстанда жылына 3-4 ұрпақ беріп көбейеді. Қоңыздар мен олардың личинкалары өте қомағай. Ақтүйнектің өнімі әдеттегіден 10 есеге дейін төмендетеді. Сондай-ақ, ақтүйнек әр түрлі өсімдік ауруларынан (фузариозды солу, ризонтониоз, қотыр, фитофтороз, қоңыр теңбілді дақ, түйін құрғақ шірігі, қарасирақ, дөңгелек шірік, кәдімгі қотыр (актиномикоз)), вирус кеселдерінен (мозайка) айтарлықтай зиян көреді.

Ақтүйнек егісіндегі суармалы жерде өсетін көпжылдық қос жарнақты арамшөптермен қатар біржылдық көптеген арамшөптердің түрі кездесіп, өнімді төмендетуге айтарлықтай әсер етеді.

Ақтүйнек егісін зиянкестерден, аурулардан және арамшөптерден қорғауға ұсынылған препараттар тізімі

Пестицидтер Зиянды организмдер Шағын мөлшері, л/га; кг/га Қолдану мерзімі
Суми-альфа, 5% э.к. Колорад қоңызы, картоп, бақша шабдалы биттері 0,25  
Децис, 2,5%э.к. -//- 0,10-0,15  
Цибуш, 20% э.к. -//- 0,10-0,15  
Атаброн, 12% э.к. -//- 0,15  
Каратэ, 5% э.к. Колорад қоңызы 0,1-0,15  
Бензофосфат, 30% д.ұ. -//- 1,7-2,3  
Эйм, 12% э.к. Колорад қоңызы 0,15  
Фозолан (золон) 35% э.к. -//- 1,5-2,0  
Битоксибациллин д.ұ. 60 млрд. сопр -//- 2,0-5,0 -
ТМТД, 80% д.ұ. Фитофтороз, қотыр шіріктер 2,1-2,5  
Фундазол, 50% д.ұ. Ризоктониоз, қара сирақ 0,5-1,0  
Бордосс сұйықтығы Фитофтороз, фузариоз, ризоктониоз, шіріктер, теңбел дақтар 6,0  
Прометрин, 50% д.ұ. Бір жылдық қосжарнақты және астық тұқымдас арамшөптерге қарсы 3,0-5,0  
Зенкор, 70% д.ұ. -//- 1,4-2,1  
Рейсер, 25% д.ұ. -//- 2,0-3,0  

Ақтүйнекке залал келтірілетін қарасирақтың алдын алу үшін таза тұқым материалдарын пайдалану, екі-үш мәрте тазарту жүргізу, тұқымдық танаптағы егістен ауру өсімдіктерді отап тастау ұсынылады.

Ақтүйнекті отырғызар алдында түйнектерді 1:100 концентрациядағы формалин ерітіндісімен дәрілеу пайдалы. Бұл кезде ТМТД-мен дәрілеудің қажеті жоқ.Ылғалы ұзақ уақыт мол болып тұратын танаптардың топырағының ауа және жылу режимдерін жақсарту үшін оларға терең (12-14 см кем емес) қатараралық қопсыту жүргізеді.

Картопты жинаудың қолайлы мерзімі гүлдеудің аяғынан бастап төменгі жапырақтардың қурай бастауына дейінгі уақыт. Жинаудан 12-14 күн бүрын картоптың пәлектерін орып тастайды немесе химиялық препараттар - магний хлораты (25-30 кг/га 500-800 л суға), реглонмен (2 л/га) өңдейді. Пәлектерді химиялық жолмен жойып жіберу түйнектердің фитофторозбен зақымдануын болдырмайды, коректік заттардың пәлектен түйнектерге қарай ағылуына септігін тигізеді және түйнек қабағы тығыздалып, оның жинауда механикалық зақымдануы азаяды. Картопты ККУ-2А, ККМ-4 комбайндары; 4КВ-2, КСТ-1,4 - қазғыштары және Е-684 қазғыш-тиегіштерімен жинайды.

Картоп жинауда ағымды, бөлектеп және аралас тәсілдер қолданылады. Көбіне қолданылатын тәсіл - ағымды. Картоп жинайтын комбайн түйнектерді қазып алады да топырақ, пәлек пен жерасты өркендер қалдықтарынан түйнектерді ажыратып, автоматты түрде комбайн шанағынан өнім тасымалдайтын машинаға тиейді. Картоп түйнектері сорттайтын жерде үш түрлі фракцияға бөлініп сақтауға жіберіледі.

Өте ылғал топырақты жерлерде картоп картоп қазғышпен жиналып, қосымша колмен іріктеледі және ыдысқа салынады.

Картопты стационарлық қоймада немесе бурттап және қолдан арнайы қазылған камбада сақтайды. Қоймада сақталатын тұқымдық картоптың үйінді биіктігі 2 м, ал азық-түліктіктің биіктігі 2,5-3 м аспауы керек. Өнім сақталатын қойма қараңғы және құрғақ, температурасы 3-5°С болғаны жөн.

2. Өсу дәуірінің кезеңдері мыналар: көктеп шығу, гүл салу, гүл жару, түйнек тастау және сабағының солуы. Картоптың түрлі сорттары сыртқы ортаның температуралық жағдайын түрліше көтереді. Белгілі бір температуралық жағдайда картоптың сорты әдеттегідей өседі, гүл салады, гүл жарады, түйнек тастайды, ал басқа бір сорты осы жағдайда гүл де салмайды, түйнек те тастамайды, басқаша айтқанда өспейді. Сабақ өсуі, гүл салуы және гүл жаруы үшін түйнек тастауға қарағанда анағұрлым жоғары температура қажет. Түйнек салатын кезде күннің ыссы болуы картоптың азғындауына, яғни тұқымд


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: