Пәні: математика
Тақырыбы: Сандардың құрылуы,оқу,жазу.Ондықтармен санау.Жүз.
Мақсаты:
1. Балаларда жаңа санау бірлігі ретінде ондықтар,толық ондықтар,жүздіктерді жазу және атаулары туралы түсінікткерін қалыптастыру.
2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;
3. Дәптерді таза ұстауға, үнемді пайдалануға және ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік
Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі:
1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.
2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.
ІІ Өтілген материалдарды қайталау.
Тірек білімдерін жетілдіру.
Ауызша есептеуге сандардың ондық құрамы,сондай-ақ ондық қалай құралады,ол неге олай аталатыны туралы білімдеріне арналған жаттығуларды енгізуге болады. «Кім жылдам және дұрыс бәрін табады және көрсетеді», «Эстафета»ойындарын жүргізуге болады.
|
|
Бұл сабақтатағы үйренетін негізгі материал «ондық»туралы түсінік болып табылады.Онымен таныстыру үшін заттық көрнектіліктерді-текшелер,санағыштарды,т.б,сондай-ақ әр оқушыға арналған үлестірмелі материалдарды пайдалануға болады.Заттармен практикалық әрекеттер орындай отырып,оларды он-оннан бөліп алады және оны «ондық»деп атайды.Балалардан күнделікті өмірде нені ондықтармен санайтынын сұрауға болады(жұмыртқаны,түймені,дәрі таблеткаларын,т.б.).
ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.
Жаңа сабақ оқулықтағы№1жаттығудың суретін қарастырудан басталады.Түймелер ондық түрінде орналасқан.Мұғалім осы ондықтарды санауды ұсынады:бір ондық,екі ондық,.........Содан кейін мұғалім осы ондықтардың әрқайсысының өзінің атауы бар екенін айтады және ұжыммен тақтада(алдын ала дайындалып қойылады),дәптерлерінде кесте толтырылады.
Өзіндік жұмыс.
№3 тапсырма толық ондықтармен санап,ізінше бір ондықтан қалдырып,тура және кері санайды.Алынған сандар қатарын дәптерге жазуға болады немесе бұл тапсырманы өз беттерінше орындауға болады.
І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту
V Үйге тапсырма: №4 тапсырма
VІ. Бағалау оқушылырды мадақтап, бағалау