Сыныбы:1. Тақырыбы: Санның ондық құрамы

Пәні: математика

Тақырыбы: Санның ондық құрамы. «Ондық», «бірлік».Сандарды салыстыру.

Мақсаты:

1. Толық ондықты белгілейтін сандарды салыстыру дағдыларын қалыптастыру.

2. Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту;

3. Оқу құралдары мен мектеп мүлкіне ұқыптылықпен қарауға,салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,түсіндіру,көрнекілік

Көрнекілігі: кестелер,цифрлары бар карточкалар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі:

1.Дайындықтарын тексеру,зейіндерін өзіме аудару.

2.Дәптерлерін тарату,партада дұрыс отыруын қадағалау.

ІІ Өтілген материалдарды қайталау:

Тірек білімдерін жетілдіру.

Ауызша есептеуге есептеу дағдыларын дамытуға арналған «Үндемес», «Математикалық футбол», «Менің сүйікті жануарым»және бірінші ондықтың сан құрамын қайталауға арналған «Математикалық таразы», «Үйшік» ойындарын,толық ондықтардың ретін еске түсіруге арналған жаттығуларды ұйымдастыруға болады.

ІІІ.Жаңа материалдарды оқып-үйрену.

Жаңа материалмен танысу үшін оқушылар дәптердегі№1 жаттығуды орындайды.Содан кейін мұғалім: «Жазылған сандардың ең кішісі қайсысы?Ең үлкен ше?Қандай сан 60-тан кіші?Жазылған сандардың қайсысы 30-дан үлкен,бірақ 50-ден кіші?»-деп сұрайды.

Өтілген материалдармен жұмыс.

№4 тапсырманы орындау кезінде балалар есеп құрастырады,оларды шығарады және кері есептер құрастырады.

Дәптермен жұмыс.

№2 тапсырмада есептеуді ауызша орындайды,ал содан кейін қосу мен азайту кезіндегі амалдардың компоненттерінің атауларын қайталай отырып,кестені толтырады.

Өзіндік жұмыс:

№5тапсырма оқушыларда үлгіні ұсынылған нұсқамен салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.

І V. Бекіту: сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақты бекіту

V Үйге тапсырма: №3 тапсырма

VІ. Бағалау оқушылырды мадақтап, бағалау


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: