Тапсырма №1467

40 жастағы ер адам төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар, іші зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш өскен тіндермен толы үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Қызылиек полипі

В) Тіс сауытының табанының перфорациясы

С) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы

Д)+ Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуы

Тапсырма №1468

Ұлпаның созылмалы өсе қабынуын тіс сауытының табанының перифорациясымен салыстырмалы диагностика жүргізу үшін, төменде берілген зерттеу әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А)+ Рентгенография

В) Сипап тексеру

С) Температуралық тітіркендіргіштерге реакция

Д) Ауру тарихын жинау

Е) Қағып тексеру

Тапсырма №1469

22 жастағы қыз төменгі сол жақ тісінің тамақ жегенде қанағыштығына шағымданады. Қарап тексергенде: 36 тісінің медиальді шайнау бетінде салбыраған, өткір қырлары бар,іші өскен тіндермен толы, зондпен тексергенде аз ауыратын және қанағыш үлкен тісжегі қуысы анықталады. Тіс сауытының шетін зондпен жүргізгенде қызылиек бүртігі тісжегі қуысынан тыс жатыр. Ренгтгенограммада түбір бифуркациясында өзгерістер жоқ.

Төменде аталған емдеу шараларының қайсысы НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Девитальді экстирпация әдісі

В) Девитальді аралас (комбинированный) әдіс

С) Девитальді ампутация әдісі

Д) +Витальді экстирпация әдісі

Е) Консервативті әдіс

Тапсырма №1470

22 жасар қыз жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады.Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. 4 күн бұрын тісіне мышьяк пастасының қойылған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломба бар, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз.

Диагноз қою үшін төменде берілген тексеру әдістерінің қайсысын таңдаған НЕҒҰРЛЫМ дұрысырақ болады?

А) Электроодонтометрия

В) Зондпен тексеру

С) + Перкуссия

Д) Рентгенография

Е) термотест


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: