Тапсырма №1471

17 жасар жігіт жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен пайда болатын, тұрақты түрде сыздаған ауыру сезіміне шағымданады. Ұлпа қабынуы диагнозымен эндодонттық емдеу сатысында емделіп жүр. 4 күн бұрын тісіне мышьяк пастасының қойылған. Қарап тексергенде: 26 тісі уақытша пломба бар, перкуссия ауырады, түбір ұшы проекциясындағы кілегей қабық өзгеріссіз, сипап тексергенде ауырмайды.

Төменде көрсетілген алғашқы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

А) Периодонтиттің жедел қабынуы, жалқықтану сатысы

В)+ Периодонтиттің жедел қабынуы, уыттану сатысы

С) Периодонтиттің созылмалы қабынуының өршуі

Д) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуі

Е) Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының өршуі

Тапсырма №1472

Ұлпаның жедел жартылай қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) +Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен аз уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

Тапсырма №1473

Ұлпаның жедел іріңдей қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) +Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру сезімі

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

Тапсырма №1474

Ұлпаның жедел жалпы қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақыт аралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) +Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру ыстыктан удейд1

С) Температуралық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақыттағы ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

Тапсырма №1475

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуының клиникалық белгілеріне жатады:

А) Ауырмайтын уақытаралығы ұзақ, ұстама тәрізді ауыру

В) Ауырмайтын уақыт аралығы қысқа, ұстама тәрізді ауыру

С) + тітіркендіргіш әсерінен ұзақ уақыт ауыру сезімі

Д) Тіске тістегенде күшейетін, тұрақты ауыру

Е) Химиялық тітіркендіргіш әсерінен қысқа уақытқа созылатын ауыру

Тапсырма №1476

Ұлпаның созылмалы жәй қабынуын салыстыруға болады:

А) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуымен

В) Баяу дамыған терең тісжегімен

С) +Жедел дамыған терең тісжегімен

Д) Периодонттың созылмалы қабынуымен

Е) Ұлпаның созылмалы шіри қабынуының өршуімен

Тапсырма №1478

Ұлпаның созылмалы шіри қабыну кезінде ұлпаның электр қозғыштығының орташа көрсеткіші:

A) 2-6 мкА

B) 10-15- мкА

C) 20 -30 мкА

D) +60-90 мкА

E) 100 - 110 мкА


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: