Геометрия 11 сынып. Сабақтың тақырыбы:Призманың жазбасы

Сабақ №10 Өтілу мерзімі: 05.10.12

Сабақтың тақырыбы: Призманың жазбасы. Призма бетінің ауданы

Сабақтың мақсаты:

І. БІЛІМДІЛІК. Оқушыларға призма бетінің ауданы туралы түсінік бер, призманың бүйір бетін есептейтін формуланың қорытылуымен таныстыру.

ІІ. ТӘРБИЕЛІК. Есептер шығару арқылы оқушыларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулу.

ІІІ. ДАМЫТУШЫЛЫҚ. Оқушыларға призма бетінің ауданы туралы түсінік беру арқылы,оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Оқыту әдісі: сұрақ-жауап, баяндау

Сабақтың көрнекілігі: сызғыш

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа дайындығын байқау, түгендеу

ІІ. Үй жұмысын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ

Призманың барлық жақтары аудандарының қосындысы оның толық бетінің ауданы деп, ал оның бүйір жақтары аудандарының қосындысы призманың бүйір бетінің ауданы деп аталады. Толық беттің Sтб ауданы бүйір бетінің Sбб ауданы мен призманың Sтаб табандары ауданының формуласы арқылы өрнектеледі: S тб = S бб +2 S таб Тік призманың бүйір бетінің ауданы туралы теореманы дөлелдейік.

Теорема. Тік призманың бүйір бетінің ауданы табанының периметрін призманың биіктігіне көбейткенге тең.

Дәлелдеу.

1. Тік призма берілеген. Оның табанының периметрі Р, биіктігі һ болсын.

2. Sпр.б.б.=Pһ (дәлелдеу керегі).

3. Анықтама бойынша Sпр.б.б.=S1+S2+…+Sn, мұндағы S1,S2, …,Sn,- үйір жақтарының аудандары.

4. Тік призманың бүйір жақтары тіктөртбұрыштар болып келеді, ал бүйір қыры һ биіктікке тең және S1=a1h,S2=a2h,…,Sn=anh мұндағы a1,a2,…,an –табан қабырғаларының ұзындықтары.

5. Sпр.б.б.=a1h+a2h+…+anh=(a1+a2+…+an)h=Ph.

IV. Бекіту жаттығулары

Есеп 1. ABCD трапециясының AD табаны BC табанынан екі есе ұзын және AB бүйір қабырғасынан да екі есе ұзын. Егер -ға және ABC үшбұрышының ауданы S-ке тең болса, скаляр көбейтіндісі неге тең?

Шешуі:

№28. Үшбұрышты дұрыс призманың бүйір жағының диагоналі d-ға тең және табан жазықтығымен бұрыш жасайды. Призманың бүйір бетінің ауданын табыңдар.

Берілгені: АВСА1В1С1- призма, A1B=d,

Т/к: Sпрб. б.б-? Шешуі: Тікбұрышты А1В1В үшбұрышын қарастырайық.

V. Сабақты қорытындылау:

1. Үшбұрышты тік призманың моделінің көмегімен қажетті өлшеулер жүргізіп, призма бетінің ауданын (Sпр.т.б) есептеңдер.

2. Тік призманың бүйір жақтарының саны мен табан қабырғаларының арасындағы байланыс қандай?

VІ. Оқушылар білімін бағалау

VІІ. Үйге тапсырма беру:



Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: