Элей мектебі. Парменид пен Зенон 17 страница

Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе, Шеллинг алдағы тұрған негізгі мақсат - құктық мемлекетті орнату деген ойға келеді, өйткені абсолюттік еріктік мүмкін емес, толығынан еріктікке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның өзі кұқтық мемлекеттің шеңберінде заңдық жолмен жасалуы ғана мүмкін. Сонда ғана нақтылы тарихи негізделген еріктік мөлшеріне жетуге болады.

Шеллингтің бұл ғажап идеясы бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан процестерді сараптауға жол ашады, өйткені тоталитарлық теңдіктен либерализм (еріктік) жолына өту бүгінгі таңда өте үлкен киындықтарды туғызып отыр. Егер біреулер осы уақытқа шейін өзінің ерікті тұлға екенін жете түсіне алмай отырса, екіншілер еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңеп, моральдық және құқтық нормалардың шеңберінен шығып, асқан арсыздықтың жолында басқалардың несібесін тартып жеуде. Осы аталған және де басқа кем-шіліктерді жоюдың негізгі жолдары - ол саясаттың адамгершілік жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның заңдық негіздерін жетілдіруде болса керек.

Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адам-ның моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, Эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф. Достоевский осы ойға сай «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан болатын.

Шеллингтің ойынша, әлемді тек қана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі - абсолютті өнердің туындысы», табиғаттың өзі - «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, қүхтардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене ку-рылыстарының әсемдігі т.с.с. - бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғынып сәйкес келеді.

Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, Эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шел-лингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны сараптай бастады.

Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге асқан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңды-лықтардың Нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер қайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің өзі.

Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген әсемдігін сезініп, шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның рухы өзінің жасаған өнер туындысы арқылы заттанды (объективтелінді), ал заттанған өнер шығармасынан идеалды өмірдің нышаны байқалады (субъективтелінді). Сонымен өнерде объективтік пен субъективтік бір-бірімен қосылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған финалы, соңы ретінде байқалады.

Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған ол музықаны, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға күмәндануға әбден болатын саяқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.

Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы М.Хайдеггер Бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.

Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жоқ ғажапқа іштей беріліп, жан тыныштығына иеленеді. Ал ол - өлшемі жоқ ғажап, ол - Құдай. Абсолют ұғымы - оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді сүйіп-түсінудің өзі. Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты.

Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни философияға қарай ауытқып, «аян философиясының» жолына түсті. Шеллингтің замандастарының көбі оның Бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас кезінде даңққа, сыйға бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың, ұмыт қалудың да қасіретін басынан өткізді.

Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақтағы тақырыптардан көретін боламыз. Шеллингтің философия тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде мәңгі қалады да деген ойдамыз.

Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831 жж.) Германияның Штутгарт қаласында лауазымы биік шен иесінің отбасында дүниеге келген. Гимназияны үздік бітіріп, 1788-1793 жж. Тюбинген теологиялық институтында оқиды. 1801 ж. бастап Иена университетінде ғылыми-педагогикалық жұмыс атқара бастайды.

Негізгі еңбектері: «Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдардың энциклоледиясы», «Құқ философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар» т.с.с.

Өзінің философиялық жүйесін жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдігінен бастайды. Ал онда оның Шеллингтің философиясынан айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттің ойлау мен болмысының тепе-теңдігін мойындады. Бірақ сол тепе-теңдіктен шығудың қайнар көзін ол белгісіз бір құдіретті күштен көреді де, оны тек қана эзотерикалық (құпия) жолмен сезінуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдігін ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара ішкі диалектикасын ұғымдық (категориялық) деңгейде түсінуге болатынын айтады.

Екіншіден, Гегель Абсолютті дамып жатқан субстанция ретінде қарап, философияға тарихи көзқарасты енгізеді. Сонымен қатар дамудың өзі қайшылықтың негізінде, заттың бүгінгі жағдайының теріске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуі, соңғының өзі жүре келе теріске шығарылатыны т.с.с. ретінде қаралады.

Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат - алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тұрған күміс ақша емес», оған жету үшін жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей біліп, игеру керек екенін айтты.

Осындай диалектикалық көзқарастың негізінде Гегель өзінің орасан зор философиялық жүйесін тудырды. Ол Абсолюттік идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол - абсолюттік білім, таза ұғым - шынайы болмыстың өзі. Оның өз-өзіне келіп тануын, өз-өзін анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы береді.

Сонымен қатар абсолюттік идея өз-өзіне тең ойлау саты-сынан өтіп, іс-әрекет арқылы өзінің өзге болмысына - табиғатқа айналады. Ал табиғат дегеніміз, Гегельдің ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты - өзінің тікелей сезімдік сатысынан өтіп, Феникс құсы саяқты өзін қайта жаңару үшін жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретінде қайта дүниеге келу болып табылады.

Рух дегеніміз - шектелген сана, ойлай алатын қабілеті бар пенде, яғни - адам. Бірақ ол табиғаттан шықса да, Гегельдің ойынша, оның туындысы емес - ол өзінің өзіндік нәтижесі. Рух өзінің алғышарттарынан - логикалық идея мен сыртқы табиғаттан - өзін тудырады. Сонымен абсолюттік идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның ішінен адам-зат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдің ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады.

· Бірінші, ол - Логика. Ол - өзінде және өзіне бағытталған идеяны зерттейтін ғылым.

· Екінші - табиғат философиясы. Ол - өзінің өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтін ғылым.

· Үшінші - рух философиясы. Ол - өзгеше болмысынан қайта өзіне оралып жатқан идея жөніндегі ғылым.

Сонымен Гегельдің абсолюттік идеализм жүйесінің қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдің философиялық жүйесін объективті идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.

Осы арада оқырманның шыдамы бітіп, мынандай сұраққоюы мүмкін: табиғатқа дейін таза ақиқат ретінде өмір сүрген «аб-солюттік идея» - ол не? Бұл сауалды уақытында Гегельдің лекция-ларын тыңдаған оқушылары да қойғаны туралы аңыз бар. Әрине, ол - басқаша сөздермен айтылған Құдай идеясы. Тек христиан дініндегі Құдайға карағанда, оның денелік адамдық қасиеттері жоқ, ол - таза логикалық идея ғана. Сонымен біз Гегельдің жасаған философиялық жүйесін неше түрлі философиялық категориялар-мен (ұғымдармен) әсемделген нәзік діни көзқарас десек те болғаны. Егер біз Гегельдің философиясындағы алғашқы абсолюттік идеяны сызып тастап, өзіміздің Дүние жөніндегі ой-өрісімізді мәңгі өмір сүріп жатқан «ұлы мәртебелі Табиғаттың» өзінен бастап, тіршілік әлемін, тіпті сана-сезімі бар адамның өзін соның туындысы ретінде қарасақ, онда біз таза материалистік көзқараста болар едік.

Алайда Гегельдің философиялық жүйесіндегі ең кұндысы -оның рух жөніндегі ойлары. Ол адамзат рухын тарихи көзқарас тұрғысынан талдап, оның даму сатылары жөнінде тамаша ойлар мен пікірлер айтады.

Гегельдің ойынша, рух даму процесінде өзінің үш сатысынан өтеді:

· Субъективті рух, яғни жеке адамның санасы.

· Объективті рух, оған ол қүқ, мораль, адамгершілік, отбасы,
азаматтық, мемлекеттікті жатқызады.

· Абсолюттік рух - ол өнер, дін және философия.

Субъективті рухты Гегель үш ғыльшның шеңберінде қарайды. Олар: антролология, феноменология және психология. Антро-пология ілімінде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерінің қалыпта-суына, дене мен жанның арақатынасына, адамзаттың нәсілдік айырмашылықтарына, мінез-құлық пен темпераментіне, адамдар-дың өмір кезеңдеріндегі айырмашылықтарға т.с.с. көңіл бөліп тал-дайды. Гегельдің ойынша, адамның басқа тіршіліктен бірде-бір айырмашылығы - оның тік жүруінде. Ашық нәсілшілдікті қолда-мағанмен, Гегель нәсілдер мен ұлттардың арасындағы айырма-шылықтарды «абсолютті рухтың» әртүрлі сатыларындағы өз-өзін анықтауымен теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылық-тар ешқашанда жойылмайды деген кертартпа пікір айтады. Адам-ның өмір кезеңдеріндегі айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғам-дық қатынастардағы тәртіпке адамдар тек қана жастық шағында ғана қарсы шығады, есейе келе, пісіп-жетілген шағында олар қирату мен Бұлдіруден гөрі тәртіпті сақтауды, жасампаздық еңбекті қалайды.

Субъективтік сананың дамуының екінші сатысы «Рух фено-менологиясында» қаралады. Онда, негізінен, адамның санасы сезім-дік сатысынан ақыл-ойға, одан әрі зердеге қарай көтеріледі.

«Психология» тарауында Гегель адамның танымдық қабілет-теріне көңіл бөліп, рухтың теоретикалық, практикалық және ерікті сатыларын талдайды. Адам теоретикалық сана шеңберінде қалып қоймай, әрқашан оны өзінің еңбек процесімен ұштастырып, жасампаздық сатысына көтеріледі. Міне, осы теоретикалық және практикалық рухтың бірлігі ерікті рухты тудырады. Ал соңғы өзінің мазмұнын, ішкі сырын дереу объективациялауға (сыртқы дүниеге таңуға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтік рух секіріс арқылы объективтік рухқа айналады.

Объективтік рух, Гегельдің түсінігі бойынша, қоғам өмірін-дегі құктық және адамгершілік қатынастарды қамтиды. Рухтың терең мәні еріктікте болғаннан кейін, құқтық қатынастардың өзі тікелей шынайы өмірге енген еріктіктің болмысы болып есептеледі. Осы тұрғыдан ол - қайсыбір озбырлыққа, тәртіпсіздікке қарсы жатқан құбылыс. Құққа иеленген адам өзінің еркін сыртқы дүние-дегі заттарға таңып, оларды иеленіп, «Менікі» дейді. Жекеменшік сонымен, Гегельдің ойынша, еріктіктің қажетті де субстанциалды өмірге енуі. Тек жекеменшікте адамның еркі өз-өзіне тұлғалық ерік ретінде қалыптасады. Соның арқасында адамның еркінің субъектив-тігі жойылып, ол зерделі тұлғаға айналады. Олай болса, тарихи жерге деген жекеменшіктің ұзақ күрес жолында қоғамдық меншікті жеңуі - заңды нәрсе, ол - зерденің жеңісі.

Мораль құқтык сатыға қарсы түрып, оны ауыстырады. Ол -саналы еріктің субъективтік құқы. Үшінші сатыда қүқ пен моральдық саты өнегелікке, адамгершілікке айналады. Ол семьяда, аза-маттық қоғамда, мемлекетте іске асады.

Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамзат тарихы - халықтар рухының дамуымен тең. Бірақ ол - тек қана объективтік рухтың өзіндік санасы ғана. Шынайы өмірде адамдар өз алдына әртүрлі мақсаттар қойып, соған жетуге тырысса да, Нәтижесінде басқаша бір биік, алыстағы, өздері түсіне алмайтын нәрсенің атқарушы-ларына ғана айналады. Оны Гегель «дүниежүзілік рухтың құлығы» дейді. Сонымен Гегельдің философиясында адамдар мен халықтар -дүниежүзілік рухтың пайдаланатын құралы ғана. Қоғам тарихының мақсаты бар. Ол - жер бетінде идеалдық мемлекетгі орнату. Енді объективтік рух өзінің абсолюттік сатысына көтеріледі.

Тарихи абсолюттік идея өзінің абсолюттік рух сатысына көтерілген кезінде, өзін-өзі түбегейлі танып-біліп, қанағаттанады. Өнер саласында ол өзінің толық еріктігін сезінеді, дінде езін марқабатты түрде қабылдайды, ал философияда өзінің мәнін категориялдық (ұғымдық) дәрежеде түсініп, таниды. Олай болса, философия діннен жоғары, өйткені діндегі қабылдау филосо-фиядағы ұғымнан төмен. Сонымен философиямен рухтың дамуы бітеді, өйткені ол өзін-өзі түсініп тынышталады.

Бізді бүгінгі таңда Гегельдің жасаған философиялық жүйесі қанағаттандырмауы мүмкін. Алайда осы жүйені жасау жолында ол көне заманда негізі қаланған диалектикалық ілімді пайдаланып, бүкіл табиғат, тарих және рухани өмірді белгілі бір процесс, яғни тоқтаусыз қозғалыс, өзгеріс, қайта құрылу, даму ретінде қарап, олардың ішкі қайшылықтары мен байланыстарын зерттеді. Ал мұның өзі диалектика ілімін жаңа сатыға көтеріп, дүниеге деген жаңа таным теориясын тудырды. Негізінен алғанда, Гегельдіц философия саласындағы қалдырған өшпес ізін көп ғалымдар осыдан көреді. Бұл пікірге толығынан қосылуға болады.

Гегельдің ойынша, диалектика шынайы танымның ішкі қозғаушы күші, ол қайсыбір ғылымның мазмұнына ішкі байланыс пен қажеттілікті енгізеді, соның арқасында білім теориялық сатыға көтеріледі. Гегельдің өшпес еңбегі - ол диалектикалық тұрғыдан бүкіл философия саласында қорытылған ұғымдарды сараптап шықты. Соның ішінде ол алғашқы рет диалектиқаның үш негізгі заңын ашып, сонымен қатар барлық парлық категорияларды белгілі бір жүйеге келтіріп, олардың өзара бір-біріне өтетіндігін, ішкі байланыстарын көрсете білді. Сонымен қатар Гегель адамның дүниетанымын терең зерттеп, оның да диалектикалық жолмен жүретінін көрсетті.

Гегельдің ойынша, адамдар өздерінің күнбе-күнгі өмірінде ақыл-ой арқылы заттар мен құбылыстарды талдап, олардың бір-бірінен айырмашылығын анықтайды. Тікелей заттарды аңдауға қарағанда, ақыл-ой оларды бір-бірінен абстракциялау арқылы бөліп алып қарайды. Ол - шьюайы адамдардың күнбе-күнгі өмірінде де, таным процесінде де қажетті нәрсе. Мысалы, қоғам өміріндегі адамдардың өзара байланыстары мен іс-әрекеттері жемісті болуы үшін, олардың алдына қойған мақсатгары айқын да анықталған болуы керек. Немістін ұлы ойшылы Гете айтқандай, ұлылыққа жеткің келсе, өзіңді-өзің шектей біл. Кімде-кім бәріне жеткісі келсе ол оның, шынында да, ештеңеге қүштарлығының жоқ екенін көрсетеді.

Өнер саласына келер болсақ, ондағы ұлы туындылардың да қү.ндылығы әсемдіктің айқын да айрықша бітімін көрсетуде болса керек. Қайсыбір ғылым саласында, тіпті философияның өзінде де, ойлау процесінде қодданылатын ұғымдар айқын, сонымен қатар турақты мағыналы болуы қажет. Егер олар Бұлдыр және тұрақсыз Болатын болса, онда біз ешқандай нәтижеге жете алмай, бір-Оірімізді түсінуден қаламыз. Енді сол біздің жан-дүниемізде Гюйнеленетін Дүниенің өзін алып кдрасақ, онда да біз заттардың очгеруімен қатар белгілі бір жағдайдағы тұрақтылығын байқаймыз.

Алайда біз осы ұғымдардың тұрақтылығын шегіне шейін жеткізсек, онда олар өзінің қарама-қарсылығына айналып, абстрак-тылық ойлауды тудырады. Гегельдің ойынша, ол қуыс кеуделікті, мәселеге үстірт қарауды туғызады. Мысалы, дарға асуға қыл-мыскерді әкеле жатыр. Оны қарапайым жұрт тек қылмыскер ретінде қарауда. Бірақ кейбір әйелдер оған қарап: «Ол қандай сұлу, қай-ратты, тартымды еді», - деп қалуы мүмкін. Сол сәтте-ақ басқа әдамдар оларға бас салып: «Қалай? Қылмыскер сұлу ма? Қалайша бұлай ойлауға болады?! Шамасы, өздері де сол қылмыскерден артық емес шығар», - деп қорытады. Осы мысадды келтіріп, Гегель оны абстрактілі ойлау түріне жатқызады. Өйткені алаңдағы жиналған адамдар қылмыскерден оның тек қылмыс жасағанынан басқа ешқандай қасиеттерді көрмейді. Мұндай ойлау бітімін Гегель метафизикалық ойлау әдісі деп корытады.

Алайда абстрактілік - таным процесіндегі бір сәт қана. Таным ол сатыда тоқтап қалмай, одан әрі жылжып, нақтылыққа жетуі керек.

Бізді айнала қоршаған ортаның өзін-ақ диалектиқаның үлгісі ретінде қарауға болады. Өйткені дүниедегі қай зат болмасын шектелген, ол тұрақтылығымен қатар өне бойы өзгерісте, өтпелі. Оның ішіндегі жатқан өзінің қарама-қарсы өзгеше болмысының үрықтары сол затгың ішкі қайшылықтарын тудырып, нақтылы қазіргі өмір сүріп жатқан болмысының шеңберінен тайдырып, оны сртелі-кеш басқаға айналдырады. Олай болса, диалектика - тек ойлау жолында ғана емес, ол бүкіл объективтік дүниеге тән нәрсе. Мысалы, шегіне жеткен абстрактіліқ құқ әділетсіздікке әкеліп соғады. Мораль саласынан Гегель мына нақыл сөздерді келтіреді: «Тәкаппарлық құндыраудың алдында жүреді», «Өте өткір нәрсе тез мұқалады» т.с.с.

Диалектика жөніндегі өзінің терең ойларын Гегель былайша қорытады: «Еш жерде - аспанда, жерде, рухани өмірде, табиғатта болмасын, ешқандай ақыл-ойдың белгілейтін абстрактілі «немесе Бұлай - немесе олайы» жоқ. Қай жерде болмасын өмір сүріп жатқан барлық - ол нақтылы, олай болса, өз ішінде белгілі-бір айырмашы-лық пен қарама-қарсылықты қамтиды. Заттың өтпелілігінің өзі оның ішкісіне сыртқы нақты болмысының сай келмеуінде...

Қайшылық - міне, Бұл дүниенің шынайы қозғаушысы, ал қайшылықты ойлауға болмайды деген пікір тек күлкі туғызады».

Сонымен Гегель диалектикалық таным әдістемесін жасап, философияның ғылымдық абыройын бұрын болмаған дәрежеге көтерді. Оның философиясының осы құнды жағы болашақ марк-сизмнің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақ тарауда талдайтын боламыз. Ал енді неміс философиясының осы замандағы көрнекті ойшылы Л.Фейербахқа келіп тоқтайық.

Людвиг Фейербах (1804-1872 жж.) - неміс классикалық философиясының роңғы өкілі. И.Канттан бастап Гегельге дейін неміс философиясының өкілдері идеалистік бағыт ұстағанын жоғарыда байқадық. Л.Фейербах та өз жолын осы бағытта бастап, 1823 ж. Гейдельберг университетінің теология (дін зерттеу) факультетіне оқуға түседі. Бірақ тез арада ондағы дәріске қана-ғаттанбай, Берлин университетіне ауысып, Гегельдің лекцияларын тыңдайды. 1828 ж Әрланген университетінде диссертация қорғап, содан кейін осы оқу орнында приват-доценттік жұмыс атқарады. Осы уақыттан бастап Фейербах бірте-бірте гегельдік көзқарастан ауытқып, материалистік бағытқа қарай бетбұрыс жасайды. Соның Нәтижесінде ол анонимді (өз атын атамай) түрде 1830 ж. «Өлім және өлместік жөніндегі ойлар» деген еңбегін жарыққа шығарып, онда жанның өлместігі жөніндегі діни қағидаға қарсы шығады. Ол кітап дереу тәркіленіп, Фейербах жұмыстан қуылады. Жұмыссыз қалған ойшыл 1836 ж. кедейленген дворян отбасынан шыққан қызға үйленіп, сонымен бірге Брукберг деген ауылдық жерге қоныс аударып, сол жерде 25 жыл бойы ешқайда шықпай өмір сүреді. Түске дейін ағаш жарып, я болмаса шөп шауып, түс ауа ғылыми жұмыстарымен айналысады. «Христиандықтың мәні» атты негізгі еңбегі осы жерде жазылып бітеді. Осы кезден бастап ол үзілді-кесілді материалистік-атеистік бағытқа көшеді. Өмірінің соңында өте үлкен мұқтаждық көріп, 1872 ж. дүниеден өтеді. Нюрнберг қаласында жерленген. 60 ж. кейін ізбасарлары оның қабіріне құлпытас орнатып, оған Фейербахтың өзі жазған «Адам Құдайды өз бейнесіне ұқсастырып жасады», «Адамды сүйіп, оған жақсылық жаса» деген сөздерін әпитафия ретінде жазды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: