Элей мектебі. Парменид пен Зенон 21 страница

Не жақсы деген сұрақ қойып, Ф.Ницше оған: «Билікке деген сананы, іңкәрді, сол адамның билігінің өзін күшейтетіннің бәрі», - деп жауап қайтарады. Не жаман деген сұраққа: «Әлсіздіктен шығатынның бәрі», - дейді. «Ақыл-ой арқылы жүретін дүниетанымдық іс-әрекет билікке деген ерікті күшейте ме» деген сұраққа: «Жоқ, өйткені интеллектінің басымдылығы билікке деген ерікті, оның ұмтылысы мен іс-әрекетін әртүрлі ойдың толғаныстарымен пуыстырып, тоқыратып тастайды. Мораль да басқалардың қамын оііла» деп, билікке деген ерікті әлсіретеді», - деп жауап береді.

Билікке деген ерік - күштінің құқының негізін құрайды. Күштінің құқы неше түрлі қоғамда қабылданған моральдық, діни т.с.с. нормативтік ережелерден биік болуға тиісті, сондықтан нағыз адам осы қағиданы өз өмірінде үхтауы қажет. Социализм адамдардың арасында теңдік болу керек деген қағиданы таратады. Бірақ ол өмірдің терең мәнін құрайтын билікке деген ерікті құртады, сондықтан ол керек емес. Демократия да билікке ұмтылған адамдардың мүддесіне қарсы, өйткені тобыр қайсыбір билікті ұнатпайды, яғни олар күштінің құқына қарсы тұрады. Ал еркек пен әйелге келер болсақ, табиғат еркекті күшті қылып жаратты, олай болса, оған билікке деген құқты берді. Сондықтан қайсыбір еркек пен әйел арасындағы теңдікке деген ұмтылыс - қоғамның іріп-шіруінің көрінісі.

Жоғарыда көрсетілген көзқарас Ф.Ницшенің моральдық ілімінің негізінде жатыр. Моральдың негізгі ұғымдары - жақсылық псн жамандық - тарихи күштілер, жақсылардың әлсіз, жамандарға қарағандағы артықшылығынан шығады. Осы ойын Дәлелдеу ретінде ол моральдықты көрсететін сөздерге талдау жасап, неміс сөзі жаман, түретз деген мағына берсе, оған жақын деген сөз де «қарапайым адам» деген мағына береді, - деп қорытады. Тарихи бай, атақты, асылдарды көрсететін ұғым «жақсылықпен» теңеліп, кедейлік, қарапайымдық «жамандық», «залымдық» деген ұғымдарды тудырды деп есептейді Ф.Ницше.

Мыңдаған жылдарға созылған тарихта кедейлер мен құлдар очдерінің моральдарын бүкіл қоғамға таңуға тырысты. Оны ол «құлдардың моральдағы көтерілісі» деп атайды. Ал оны жасаған дүниедегі ең «теоретикалық халық» - еврейлер. Олар қоғамның «құндылықтарын қайта бағалап», аристократиялық бір-бірінен туатын «жақсы - асыл - күшті - әсем - бақытты - Құдайдың сүйгені» деген құндылықтарды толығынан теріске шығарып, оған қарама-қарсы «тек бақытсыз адамдар - жақсылар», «кедейлер, әлсіздер, төмендегілер ғана - жақсылар», «тек зардап шеккендер, қайыршылар, аурулар, мүгедектер ғана - тақуалар, масайрауға лайықты адамдар» деген қағидаларды ұсынды.

Ф.Ницшенің ойынша, иудео-христиандық моральды толығынан «қайта қарап», «мырзалардың моральдық құндылықтарын» тағы да өмірге енгізу керек. Оның негізінде мынандай қағидалар жатуы қажет:

«өмірдің құндылығы» - сөзсіз негізгі құндылық;

Адамдар бір-бірімен табиғи түрде теңсіз болып жаратылған;

Күшті адамдар моральдық борыштан бос, ешқандай моральдық талаптармен байланысты емес.

Жоғарыдағы көрсетілген моральдық құндылықтарға сәйкес келетін адам әлі дүниеге келген жоқ. Егер дүниеде болған қайсыбір жануардың түрі өмірден жойылардың алдында өзінен жоғары тіршілікті тудырса, адам өзінен жоғары пендені тудыра алмай отыр. Өйткені адам - ауру жануар. Оның алғашқы табиғат бергеи инстинктері сөніп, оның орнын сана алды. Ал, енді, Ф.Ницшенің ойынша, «адамнан жоғарының» дүниеге келетін уақыт жетті. Ол - «аққұба әзәзіл». Тұқым қуу жағынан алғанда, олар «арий нәсілінен» шыққан адамдар (нордикалық тип). Ал моральдық жағынан алғанда, олар бір-бірімен ұстамды, кішшейіл, назды, мейірімді. Басқаларға олар жабайы, ауыздығы жоқ жануарлардан да жаман саяқты. Басқаларды көргенде олар жыртқыштың алғашқы күнәсіз ұжданына қайта оралғандай болып сезінеді: өлтіреді, жағады, зорлайды, құртады, енді оларды жыраулар көп уақыт бойы өздерініц өлеңдерінде жырлайтынына кәміл сенеді.

Ал енді «адамнан жоғарылардың» сыртқы кейпіне келер болсақ, олардың «туа біткен асылдығы» бір қарағанда-ақ көрініп тұрады. «Осы қасиет бүгінгі таңдағы саудагерлер мен фабриканттарға қалайша жетпей түр десеңізші», - деп қынжылады Ф.Ницше. Егер басшының сыртқы түр-әлпеті оның асылдығын көрсетіп тұрса, онда «тобыр» оған көнуге әрқашан да дайын. Ал егерде ол жоқ болса, онда тобыр адамы кездейсоқ келген бақ пен байлық қана адамдарды көтереді деген ойға келіп, олай болса, біз де өзіміздің бағымызды сынап көрейік деген жаман ойға өтуі мүмкін. Ал бұл ой социализмді әкеледі, - деп қорытады Ф.Ницше. Әрине, Ф.Ницшенің бұл ойларына фашизм идеологиясының біршама жақтары жақын екенін мойындамай Ф.Ницшенің христиан дініндегі моральдық қағидаларға қарсы келуі, осы кездегі ғылым мен техникадағы ашылған жаңалықтар, ойшылдан бұрын өмір сүрген ағартушылардың дінге қарсы бағытталған іс-әрекетгері - барлығы жиналып, оның «Құдай өлді!», өйткені Құдайға сенудің өзіне сенбеушілік пайда болды, - деген тұжырымға келуіне себеп болды. «Болашақта, Құдайдың орнын «адамнан жоғары» пенде алады», - деп қорытады Ф.Ницше.

Әрине, Ф.Ницшенің философиясы қайшылықтарға толы, ешкішдай біртұтастык жүйелігі жоқ, өз заманының әртүрлі өзекті мпсслелерін көбіне көркем сөзбен берген көзқарас. Бірақ, соған қарамастан, Ф.Ницшенің өз заманының әлсіз жақтарын сынауы, ішгыз тұлғаның әрқашанда қол астындағы болмыстың шеңберін негізінде атгап өту қажеттігін көрсетуі т.с.с. ойлары Гюлашақ философиялық ағымдарға үлкен әсерін тигізді.

Дәріс №9

ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениеті аясындағы философия

Дәрістің мақсаты: орыс философиялық ойларын талдау, оның ерекшеліктерін анықтау, басқа еуропалық философиялық ілімдермен салыстыру

1. Орыс философиялық ойының қалыптасуы

2. Славьянофильдер мен батыстанушылар философиясы

3. Орыс діни философиясы

4. Орыс космизмі

Философия тарихына жасаған көлемді саяхатымызда солтүстіктегі көршіміз - Ресей халқының рухани-философиялық мұрасын естен шығармауымыз керек. Қазақ халқы «ұлы мәртебелі Тарихтың» шешімімен ХІХ-ХХ ғғ. орыс мәдениетінің ықпалында болып, қалай дегенде де, олардың көп құндылықтарын өз бойына сіңірді. Екінші жағынан алғанда, орыс руханиятының бүкіл дүниежүзілік философиядағы алатын өз орны, қайталанбас құндылықтары бар. Сондықтан оларды әрбір білімді азамат игеруі қажет. Үшінші жағынан, бүгінгі қазақ елі - көпұлтты ел, ал орыс халқының өкілдері негізгі ұлт - қазақтардан кейінгі екінші үлкен әлеуметтік-демографиялық тол, сондықтан қазақ-орыс мәдениеті және тағы басқа қатынастарының негізінде бір-бірінің дүниеге деген көзқарасын түсіну қажеттігі жатыр, сонда ғана олар толыққанды болуы мүмкін.

Философиялық ой-пікірдің Ресейде дүниеге келуі XI ғ. басталып, негізінен, христиандық дінді қабылдаумен байланысты болды. Осы уақыттан бастап Ресейдің ойшылдары өз мемлекеттерінің Құдай нұрының шапағатына қатысты екенін негіздей бастайды. Алғашында ойшылдардың ой өрісі адамның жүріс-тұрысын ретке келтіретін мақал-мәтел, нақыл сөздерге, соңынан православие дінінің бүкіладамзат цивилизациясының дамуындағы ерекше орнын негіздеуге бағытталды.

Славянофилдер мен батысшылар ағымы «Алтын Орда» мемлекетінен өз дербестігін алып, Мәскеу княздігінің Шығыс жақтағы жерлерге лап берген кезінде орыс халқының «ұлылығы», «артта қалған» Азия халықтарын православиелік дінге енгізу, орыс тілін, мәдениетін үйрету негізінде дүниежүзілік цивилизацияның шеңберіне тарту идеясына негізделген «Мәскеу - үшінші Рим» деген философиялық көзқарас пайда болды. Мұндай идеялар ғасырлар өткен сайын шыңдалып, орыс халқының ерекше өзіндік болмысы мен мәдениеті, философиялық ой-пікірі бар деген славянофильдік (славяндықты сүю) ағымды тудырды.

Екінші бағыттағы ойшылдар Ресей монғолтатар бодандығында екі ғасырдан артық болып, басқа Еуропа елдерінен қалып қойды, сондықтан орыс халқы Батыс өткен тарихи жолды қайталап, олардан тәлім-тәрбие, өнеге алуы керек деген ойда болды. Бұл бағыттағы ойшылдарды «батысшылар» деп атай бастады. Осы екі ағым арасындағы күрес өзінің шиеленісіне XIX ғ. ортасында жетті. Ақырында, болшевиктер бұл шиеленісті «батысшылардың» пайдасына шешті. Алайда бұл екі ағым арасындағы астыртын күрес әрі қарай жүре берді.

Кеңес Одағы тараған уақытта Ресейдің алдында «Біз кімбіз және қалай қарай дамуымыз керек?» деген сұрақ тағы да дүниеге келіп, аз уақытта тағы да «батысшылардың» пайдасына шешілді. Бірақ либерализм жолы әлеуметтік құрылымда аз өте бай толпен қатар, негізгі халықтың қайыршылануына әкеліп, XXI ғ. басында саяси әлитаның ауысуына, «мемлекетшілдердің» билікке келуіне себеп болды. Бұлардың көзқарастарының «славянофилдерге» жақынырақ екенін, сонымен қатар олардың Батыс тәжірибесін (әсіресе жаңа технологияларды) де игеру қажеттігін білетінін айтып өткен жөн саяқты. Ресей тарихына жасаған қысқаша әкскурс осы елдегі философиялық ой-өрісті жете түсінуге мүмкіншілік бере ме деген ойдамыз.

Енді әңгімені нақтылай келе «батысшыларға» келер болсақ, бұл ағымның негізін қалаған П.Я.Чадаев болды. Оның ойынша, Еуропа елдері қоғамның материалдық және рухани жағынан да кемеліне келген, орнықты, тәртіпті. Еуропа құндылықтарына ол отбасы ошағына берілгендікті, парыз бен жауапкершілікті, азаматтық еріктікті қорғауды т.с.с жатқызады. Ресейге келер болсақ, онда зорлывда негізделген күшке табыну, соның нәтижесінде барлық адамдардың құлға айналуы, тұлғаның абыройын таптау т.с.с. дөрекі нәрселерді көреміз. Мұның негізгі себебін П.Я.Чаадаев Ресей халқының дінді «бишара Византиядан» алып, Еуропаның католиктік бірлігінен шығып қалғанынан көреді. Ресей Еуропа халықтарының тарихи тәжірибесін игеріп, олардың жіберген қателіктерін қайталамай, өзінің болашағын ағарған зерденің негізінде құруы керек.

П.Я.Чаадаевтің көзқарасы Ресейдің біршама зиялыларына зор әсерін тигізіп, «батысшылар» тобының қалыптасуына әкелді. Оларға А.И.Герцен, Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г.Белинский т.с.с. жатқызуға болады.

В.Г.Белинский Еуропаға сүйсіне табынғандай қарап, былай деп жазды: «Еуропаның бір жылы Азияға бір ғасыр, Еуропаның бір ғасыры Азияға мәңгіліктей. Барлық ұлылық, асылдық, адами-руханияттылық Еуропа топырағында байшешектей гүл жарып, өзінің тамаша жемістерін берді. Өмірдің көп келбетгілігі, ер мен әйел арасындағы тазалық, әдет-ғұрыптың нәзіктілігі, ғылым мен өнердің дамуы, табиғаттың бисаналық күштерін бағындырып игеруі, материяның жеңіліп, рухтың көкке қарай өрлеуі, адамның кісілігін сыйлап, оның құңтарын бұлжытпай сақтауы... - бәрі де Еуропа өмірінің дамуының нәтижелері» - деп қорытады В.Г.Белинский. Әрине, ол бүгінгі Батыс руханиятын көрсе, мүмкін мұндай көзқарасқа түзету енгізер ме еді, кім біледі?

«Батысшылар» Ресейді «византиялық-православиелік» ноқтадан құтқару керектігін, тұлғалар өз таңдауының негізінде іс-әрекет жасау мүмкіндігін алуы жөнінде біршама терең ойлар айтты. Бірақ олар Батыс Еуропа халықтары цивилизацияның бүкіл адамзаттық құндылықтары мен нормаларын іске асырды деген жалған ойда болды.

Славянофилдер қарама-қарсы бағытта болды. Олардың ойынша, Орыс мәдениеті православиелік діннің шеңберінде дамуы керек. Олар «патшанікі - патшаға, Құдайдікі - Құдайға» деген қағиданы ұстады. Яғни мемлекет тек қана қоғамды сырттай өзгерте алады, ал ішкі жаңару - православиелік халықтық мәдениеттің ісі. Тек ішкі рухани жаңарудың негізінде ғана ізгі қоғамды орнатуға болады. И.В. Киреевский мен А.С. Хомяков Еуропадагы ағартушылық өзінің ішкі мүмкіншілігін сарқыды, онда техникалық алға өрлеу рухани тоқыраумен қатар жүріп жатыр деген көзқараста болды.

Қоғамды реформалаудағы негізгі мәселелердің бірі - Ресей қоғамы жекеліктің, я болмаса қауымдастықтың негізінде даму керек пе? - деген сұраққа жауап ретінде олар соңғыны таңдады. Қауымдасып өмір сүру - Ресей халқының табиғатына тән нәрсе. Қауымдастықтың шеңберінде ғана рухани бірлік бар. Қоғамның дамуының негізінде бақталастық, көре алмау т.с.с. емес, керісінше, адамды сүю, достық, өзара көмек беру жатуы қажет. «Біз сүйіп сенеміз, олай болса, өмір сүреміз» деген нақыл сөздің астына әрбір славянофил өз қолын қойған болар еді.

В.С.Соловьевтің «бәрінің бірліктегі» философиясы Владимир Сергеевич Соловьев (1853-1900 жж.) – аса дарынды орыс діни философы. Адамның әлеуметтік-мәдени және діни қажеттіктерін өтей алатын философиялық жүйе жасауға тырысты. Христиандық діндегі бағыттардың (католицизм, протестантизм, православие) басын біріктіріп, діни көзқарасты ең жаңа ғылымдағы ашылған деректермен толықтыру қажеттігін айтты.

В.С.Соловьевтің философиясының негізгі идеясы - дүниедегі бәрінің бірлігі. Ол оны славянофилдер саяқты, халықтың бірлігіне теңемейді, оған ғарыштық, яғни онтологиялық мән-мағына береді. Оның ойынша, болмыс, өмір сүргеннің бәрі - бірегей, бір-бірін қамтып жатыр. Болмыстың төменгі деңгейі жоғарыға өтуге, жоғарыдағы төменді бойына қамтуға тырысады. Дүниенің бірлігінің негізінде Құдай жатыр. Ол - Жаратқан мен жаратылғанның бірлігі. Бірақ В.С. Соловьев Құдайды адамға ұқсатып қарауға болмайды деген пікір айтады. Оның ойынша, Ол - «ғарыштық зерде», «тұлғадан жоғары», «дүниеде іс-әрекет жасайтын ерекше ұйымдастырушы күш» т.с.с.

Бізді айнала қоршаған жағалай ортаны кемеліне келіп, еш мінсіз жаратылған дүние деп айтуға болмайды. Оның негізгі себебі - Құдай - Абсолюттің өзінің іштей қайшылығы. Дүниедегі барлығын қамту үшін көптік қажет. Сондықтан алғашқы «ғарыштық зерде» сан алуан мән-мағынаға бөлініп, Аристотельдің терминімен айтсақ, әртүрлі заттардың энтелехиясын, яғни ішкі мақсатқа лайықтылық дамуын қамтамасыз етеді. Ал дүниедегінің бәрін біріктіріп, рухани күш-қуат беретін «дүниежүзілік жан-дүние», яғни София, ал оның өзі - Құдайдың эманациясының туындысы. Сонымен Құдай, Дүние және Адамзат Софияның дәнекерлігі арқылы бірлікке негізделген қарым-қатынаста.

Өзінің дүниетанымдық көзқарастарында В.С.Соловьев «біртұтастық білім» алу жолын құптады. Ол үшін сезімдік тәжірибе мен рационалдық ойлауды сеніммен ұштастыру қажет. Басқаша сөзбен айтқанда, ақиқаттың үш түрі бар: материалдық, формальдық, абсолюттік. Олар ғылым, философия, діннің шеңберінде қалыптасады. Ақиқаттың ең жоғарғы түрі, абсолюттік білімді тек қана дін, теология бере алады. Оны ол мистицизм дейді.

Эмпиризм, яғни тәжірибелік жолмен ашылатын білім, материалдық дүниені танып-білуге бағышталған. Рационализм өзінің формальдық табиғатының арқасында барлық білімді біріктіретін дәнекерлік күшке айналады.

В.С.Соловьев таным процесінде тәжірибеге көп көңіл бөледі. Ал оның өзі екіге - ішкі және сыртқы тәжірибеге бөлінеді.

Сыртқы тәжірибеге келер болсақ, ол айнала қоршаған ортадағы заттардың біздің түйсіктерімізге тигізетін ықпалынан пайда болады.

Ішкі тәжірибені В.С.Соловьев екіге бөледі: олар психикалық және мистикалық. Психикалық тәжірибеге біз өз табиғатымыздың бой көрсетуінен шығатын құбылыстарды жатқызамыз.

Мистикалық тәжірибе деп біздің жан-дүниеміздің ар жағында жатқан, өзінің бізге тигізетін ықпалымен бізді жоғарыға көтеретін, ішкі рухани еріктікті тудыратын құбылысты айтамыз.

Оларды бір-бірімен салыстыра келе, В.С.Соловьев бірінші орынға мистикалық, екіншіге - психикалық, соңына - физикалық тәжірибені қояды.

Әрине, логикалык Дүниетанымның өз орны бар, бірақ, ол ганылатын құбылыстың идеясына жете алмайды. Ол үшін интеллектуалдық интуиция қажет. Дегенмен логикалық таным мен интуиция бізді болмыстың ең терең құпия сырларына жеткізе алмайды. Ол ушін - шектелгеннің ар жағына, трансценден-тікке өту - ерекше таным қабілетін қажет кылады. Оны ол шабыт, эрос, экстаз деген ұғымдармен береді. Сонымен өзінің танымдық көзқарастарында В.С.Соловьев ғылым, философия, діннің бірлігінің қажеттігін көрсеткісі келді.

В.С.Соловьев адамзат өмірінің мән-мағынасын жер бетінде «Құдайдың патшалығын» орнатуға бағытталған іс-әрекеттен көреді. Ал енді жеке адамға келер болсақ, ол - екіжақты пенде. Бір жағынан, ол дене ретінде айнала қоршаған дүниемен, екінші жағынан, рух ретінде Құдаймен байланысты. Соңғы адамды табиғаттағы ерекше пенде ретінде көрсетеді - ол мәңгі, өлместікке ие болған. Адам - Құдай мен материалдық дүниені бір-бірімен байланыстыратын, ғарышты тәртіпке келтіріп, ұйымдастыратын пенде.

Адам өзін тұлға ретінде тек қана қоғам шеңберінде іске асыра алады. «Қоғам - толықтырылған, кеңейтілген тұлға болса, онда тұлға - нүктеленген, қысылған қоғам». Қоғамға бағынып, адам жоғарыға өрлейді, ал оның өзіндік ерікті іс-әрекеті қоғамды әрі қарай дамытады.

В.С.Соловьев қоғамның тарихи дамуын үш сатыға бөледі. Олар: рұлық, ұлттық, рухани-ғарыштық. соңғыға әлі жету қажет. Ол үшін тек отбасын ғана емес, сонымен қатар экономика мен саясатты да моральдық тұрғыдан қайта өзгерту қажет.

Адамның табиғатпен қарым-қатынасына келер болсақ, ол да үш сатыдан өтеді: бірінші сатысында адам табиғаттың күштеріне тәуелді, олардан зардап шегеді, екінші сатыда - неше түрлі іс-әрекет жасап, олармен күреседі, ақырында табиғатты игеріп, өз еркіне көндіреді. Үшінші, болашақ тарихта, адамзат табиғаттың идеалдық жағдайына өтуіне көмектесуі қажет.

Адамзат тарихына көз жіберіп, В.С.Соловьев халықтардың әртүрлі сатыда екенін, адамдардың бір-бірінен алшақтанып, жаттанғанын, шынайы өмірдегі материалдықтың басымдылығын байқайды. Олай болса, негізгі мақсат - адамзаттың басын рухани жағынан біріктіру қажет.

Адамның рухани жетілуі тек қана дінмен емес, сонымен қатар адамгершілік, өнегелілікпен байланысты. Әтиқаның негізгі ұлымы ретінде ойшыл «ізгілік», «жақсылықты» келтіреді. Осымен қатар, ол моральдық «ұят», «аяу», «пір тұту» сезімдеріне көп көңіл бөледі. Бұл кісінің мынандай ғажап сөздерін келтірейік: «Мен ұяламын, олай болса, тек қана табиғи емес, сонымен қатар рухани өмір сүремін, өйткені мен өзімнің хайуандығымнан үяламын, олай болса, мен адаммын». Аяу дегеніміз - басқа адамға деген адами қатынас, оның өзіндік құндылығын мойындау, осы сезім әділеттілікті тудырады (өзіңе тілемейтінді басқаға да жасама). Соңғы пір тұту адамның әке-шешесі алдындағы сезімін көрсетеді. В.С.Соловьевтің адам мәселесіндегі негізгі идеясы - ешқашанда адамға құрал ретінде қарамау, оны әрқашанда мақсат ретінде тұту.

Діни экзистенциализм мен антролология

Орыс философиясының антролологиялық бағыты, яғни адам мәселесіне басымырақ қарау - оның негізгі ерекшеліктеріне жатады. XIX ғ. ортасынан бастап адамның өмір сүруі, оның бостандығы мен құндылығы, тұлғаның нәзіктігі, болмыстың неше түрлі үрейлерге толылығы т.с.с. экзистенциалдық сұрақтар орыс философиясының негізгі мәселелеріне айналады. Осы бағыттағы ұлы философтар қатарына Лев Исаакович Шестовты (Шварцман) (1866-1938 жж.) жатқызуға болады. Н.А.Бердяевтің айтуына қарағанда, Л.Шестовтың философиясын экзистенциализм бағытына жатқызуға болады, «оның философиясының қайнар көзі ретінде адамның қайғы-қасіреті, үрейі мен зардабы, үмітсіздік сезімі болды». Ол рационализм, сциентизм бағытын алғашқылардың бірі болып қатты сынға алады. Оның ойынша, өмірдегі әсемдік, өнегелілік, сенім ешқандай рационалдық, логикалық танымға жеткізбейді. Ғылыми зерттеу - заттар мен құбылыстардың жалпы жақтарын тұжырымдайды, адамға келгенде оның қайталанбас, ерекше болмысын еске алмайды. Сонымен адам өмірінің мақсат-мұраты, мән-мағынасы, қайғысы мен қуанышы, махаббаты т.с.с. сыртта қалады. Философияның негізгі мәселесі - адам, оның өмірінің мән-мағынасы.

Л.Шестовтың ойынша, ғылым мен философия ақиқаты да екі түрлі. Ғылыми ақиқат дүниедегі қажеттілікті зерттеуден шығып, барлық адамдарға бірдей болып келеді. Ал философиялық ақиқатқа келер болсақ, оған әрбір адам өзінше өзінің болмысында жетуі керек. Адамзаттың негізгі мақсаты - табиғаттың қажеттілігін жеңіп, адамға бостандық, алғашқы еріктікті қайтадан әперу.

Еріктік мәселесіне келгенде, Л.Шестов оны Библияның аңызына негіздеп қарайды. Алғашында дүние мен адамды Құдай өзіне ұқсатып, оларды құдіретті, ерікті, жетілген қылып, жоқтан жаратқан болатын. Бірақ Құдай адамға ескерту жасады: Эдем бақшасындағы өсіп тұрған таным ағашының жемісін жесең - өлесің!! Жыланның сөзіне еріп, өзін Құдаймен теңегісі келген адам тыйым салынған жемістің дәмін татып, «білімді» пендеге айналды. Біліммен бірге күнә өмірге келіп, зұлымдыққа жол ашты. Білім шындықты қажеттілікке айналдырып, еріктікті жойды. Мұндай жағдайдағы адамның алдындағы мақсат - жойылған еріктікті қайтару, дүниені зұлымдықтан құтқару. Ол үшін моральдық нормалар, неше түрлі ережелерді орындау қажет емес, өйткені олардың бәрі де ғасырлар шеңберінде ақыл-ойдың таразысынан өтіп, қажеттікке айналды. Олай болса, адам моральдық нормалардың талаптарына қарсы шығып, өзін ерікті сезіну үшін ойына не келсе, соны жасауы керек, өйткені оны жаратқан Құдайдың өзі. Адам әрқашанда ішкі тебіреністе, алаңдауда болып, өзінің еріктігін Құдайдан іздеп, онымен қайта кездесу жолында табуы керек. Ол үшін тек қана сенім керек деп қорытады Л.Шестов. Тек қана сенім ештеңемен шектелмеген бостандықты береді. Адам таным ағашынан бас тартып, емір ағашына қайта оралуы қажет.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: