Болмыс философиясы (Онтология ) 7 страница

Бүгінгі таңда ашылған материяның екі түрін келтіруге болады. Оның бірі - табиғаттың заты болса, екіншісі - физикалық өрістер. Олардың бір-бірінен айырмашылығы:

зат бөлшектерден - атомдардан тұрады, ал өріс бөлінбейді;

заттың бөлшектерінің тұрақты салмағы (массасы) бар, өрісте жоқ;

заттың өткізбейтін, я болмаса аз өткізетін қасиеті бар, өріс өткізгіштігімен танылады;

өрістің тарауы сәуленің жылдамдығына тең болса, заттың жылдамдығы бірнеше дәрежеде одан төмен.

Егер бізді айнала қоршаған макроәлемді мыңдаған жылдар бойы адамзат зерттеп келсе, микроәлем мен мегаәлем соңғы іасырларда ғана танылуда. Бүгінгі таңда микроәлемнің құрамында ЗОО-ге жуық элементарлық бөлшектер ашылып, олардың қасиеттері зерттелуде.

Соңғы жылдары мегаәлемді зерттеуде де қомақты нәтижелер бар. Олардың бірі Ғарыштың өне бойы кеңеюдегі үрдісі болса, екіншісі - реликтік радиотолқындардың таралуы болды. Осы екі жаңалықтың негізінде «ұлы Жарылыс» теориясы жасалған болатын - оны бүгінгі таңдағы ғалымдардың көпшілігі мойындады.

Ғарышты зерттеудегі келесі жаңалық - «қара нүктелер», ғалымдардың пайымдауынша, олар сөнгеннен кейін коллапсқа ұшыраған алып жұлдыздар. Біздің галактикадағы «Магеллан тү-мандығындағы» жақында ашылған «үлкен жарылыс» - жаңа жұлдыздардың Дүниеге келуінің айғағы. Сонымен, бір жағынан, жұлдыздар уақыты келгенде сөніп, коллапсқа ұшырап «қара тесікке» айналып жатса, екінші жағынан, жарылыстың негізінде жаңа жұлдыздар Дүниеге келіп жатыр.

Қорыта келе, материалдық Дүние өне бойы өзгерісте, қозғалыс пен даму үрдісінде екенін қазіргі жаратылыстану ғылымдары көрсетіп отыр. Біздің білетініміз өте аз. Ғылым әрі қарай дамыған сайын, әлі талай-талай ғажап жаңалықтар ашылатыны сөзсіз.

б) сана болмысы

Болмыстың екінші таңғажайып түрі - ол сана, рух, жалпы алғанда, адамның психикасы. Гносеологиялық (танымдық) тұрғыдан қарағанда, сана - Дүниені бейнелеудің ең биік, тек адамға ғана тән идеалдық формасы. Оны біз болашақ «танымға» арналған тарауда көлемді түрде талдаймыз.

Сана - материя емес, оны қолға ұстап сындырып, я болмаса ауызға салып дәмін байқап, мұрынға жақындатып иісін анықтауға т.с.с. болмайды. Болмыстық тұрғыдан кең түрде қарағанда, сана - адамның ішкі жан дүниесі, адам белсенділігінің психикалық деңгейі. Ал оны нақтылай келсек, ол, әрине, адамның ой толғаулары. Бірақ ол онымен бітпейді. Ойлау, рационалдық таным - сананың өзегі болғанмен, оған адамның сезім толқындары да кіреді: адам қуанады, ренжиді, ашуланады, шаттанады, сүйеді, жек көреді т.с.с. Егерде біз кең түрде адамның психикасын алатын болсақ, оған санамен қатар бейсаналық та кіреді. З.Фрейдтің уақытында ашқан бұл жаңалығының қазіргі өмірдегі маңызы өте зор. Сонымен қатар санаға тең емес адамның ырқы да (воля) бар. Кейбір жағдайларда адам санаға сыймайтын, оған қарсы нәрселерді жасауы мүмкін. Ф.Ницше уақытында айтқандай, «нағыз адам» толқынмен бірге емес, оған қарсы жүзеді.

Жалпы алғанда, рух дегеніміз - адамның өзіндік сана-сезімі, өз-өзіне «сырттай қарап» баға беруі, өз өмірінің мән-мағынасымен қатар, жалпы Дүние жөнінде ойлауы-толғауы, тебіренісі жатады. Бұл, тек дамыған адамға ғана тән нәрсе. Қайсыбір жануарды алсақ, ол өз-өзін бұлдыр сезінеді, өзін қоршаған ортадан бөлек алып, оған қарсы қойып қарай алмайды. Оған қабілетті - адам ғана.

Жеке адамның рухымен қатар, белгілі бір халықтың рухы жөнінде де айтуға болады. Мысалы, қазақ халқының руханияты, демек, оның өзіне тән дүниесезімі, құндылықтары. Оны әдебиетте «объективті рух» деген категория арқылы береді.

Сонымен қатар рухтың жетістіктері ғылыми, көркем шығармалар арқылы өмір сүруі мүмкін. Оны «объективизацияланған рух» дейміз. Мысалы, қайсыбір ұлы суретшінің туындысын қабылдағанда, біздің рухани өміріміз үлкен тебіреністе болып, сан алуан сезімдер мен ойлар жан-дүниемізге келеді. Әрбір адам өзінің рухани болмысына байланысты «Венера» мүсініне әртүрлі қарайды. Біреуі оны «құдіретті теңдесі жоқ әсемдік» ретінде қабылдаса, тайыз надан адам оған «нәпсілік» тұрғыдан қарауы мүмкін. Симфония, я болмаса басқа саз формаларын қабылдағанда да соған ұқсас тебіреністе боламыз, т.с.с.

Дәріс №13

Таным мәселелері. Әпистемология.

Дәрістің мақсаты: таным, білім, танымның түрлерін қарастыру, талдау, түсіну, философия тариызндағы ойшылдардың таным туралы көзқарастарымен танысу, ақиқат және оның критериін анықтау

1. Таным түсінігі. Танымның объектісі мен субъектісі

2. Таным түрлері, танымның атқаратын қызметтері

3. Таным концепциялары

4. Таным әдістері

5. Ақиқат және оның критерийлері

Жоғарғы тарауда болмыс мәселелерін талдап, «Дүние қалай құрылған?», деген сұраққа жауап беруге тырыстық. Енді уақыт екінші үлкен сұраққа жауап беруді талап етеді. Осы өзімен-өзі өмір сүріп жатқан Дүниені адам танып-біле ала ма? Әрине, біз Бұл сұраққа оң жауап қайтарамыз. Тек болмыс іиеңберіндегі заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу арқылы ғана адам оны ерікті түрде шығармашылық жолмен қайта өзгерте алады. Бізді айнала қоршаған «екінші табиғат» - неше түрлі машиналар мен механизмдер, әлектр стансалары, байланыс жүйелері т.с.с. - адамның дүниетаным мүмкіндігі, рух қү-ДІретінің шынайы көріністері.

Таным деп біз адамның айнала қоршаған ортаны зерттеудегі ерекше рухани іс-әрекетін айтамыз. Ол әрқашанда даму үрдісінде. Егерде көне замандағы адам найзағай жарқылдап, күн күркіреген кезде зәресі кетіп, оны аспан Құдайының іс-әрекетіне теңестірген болса, қазіргі уақытта оның физикалық сырын 8-9 сыныптарда оқитын әрбір оқушы айта алады.

Адамзаттың мьщдаған жылдарға созылған тарихы танымның өте күрделі көпдеңгейлі құбылыс екенін мойындайды. МиАлион-даған адамдардың дүниетану әрекетінің негізінде әртүрлі жырақтар мен Бұлақтардан қосылған өзен арнасы саяқты, қоғамдық мағынасы зор таным үрдісі қалыптасады. Алайда жеке адамның санасында қалыптасқан кейбір түсініктер жалған болуы, я болмаса, кейбіреулері өз заманының арнасынан шығып, бүгінгі өмірдің сұранысын тудырмауы да мүмкін. Дүниетанудағы негізгі мақсат - зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі сырын ашу, яғни оларды білу. Білім -әрқашанда шындықтың идеалдық бейнесі, өйткені бірдемені білу дегеніміз - сол жөнінде идеалдык түсініктің болуы. Олай болса, танымды күрделі үрдіс, ал білімді белгілі бір нәтиже ретінде қарауымыз керек.

Тарихи ғылыми білім дүниеге келместен бұрын, күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен пайда болған қарапайым күнбе-күнгі білім дүниеге келеді. Ол адамның кәсіби танымдық іс-әрекетінен емес, күнбе-күнгі өмірдің қажеттіліктерінен (аң аулау, балық ұстау, еңбек құралдарын жасау, үй салу, бала тәрбиелеу, жеміс-жидек жинау т.с.с.) пайда болады. Оған күнбе-күнгі өмір тәжірибесінен қоры-тылған халық даналығын көрсететін мақал-мәтелдерді, адамгер-шілік нормаларды, әдет-ғұрыптарды т.с.с. жатқызуға болар еді. Осындай өмірлік білімнің негізінде адамдар айнала қоршаған ортаны бағдарлай алатын дәрежеге жетеді. Ал ғылыми білімге келер болсақ, ол арнаұлы білімді меңгеру мен оны шығармашылық жолмен дамытудың негізінде пайда болады. Оның қайнар көзі бертінде, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуінен басталады.

Жүре келе, ғылыми зерттеудің тақырыбына байланысты білімнің әртүрлі салалары пайда болады. Табиғатты зерттеудің барысында астрономия, механика, физика, химия, геология, биология т.с.с. ғылымдардың негіздері қаланады. Олардың басын біріктіріп, жаратылыстану ғылымдары дейміз. Адам мен қоғамды зерттейтін білім салалары гуманитарлық, қоғамдық пәндерді тудырды. Оларға философия, психология, саясаттану, мәдениеттану т.с.с. пәндер жатады. Гуманитарлық білімдердің ерекшеліктері -олардың мазмұнында нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан әлеуметтік топтардың мүдделері мен мақсат-мұраттарының бейнеленуі. Сондықтан белгілі бір қоғам өміріндегі құбылысқа әрбір әлеуметтік тол өзіндік баға беруі мүмкін. Сонымен қатар Бұл пәндердің бәрінің басын бірік-тіретін құндылықтарға келер болсақ, олар - адамды сүю, ізгілік, жақсылық, жетілгендік, әсемдік, әділеттілік, еркіндік, теңдік т.с.с.

Гуманитарлық білім саласында көркемдіктануды ерекше алып қарауға болады. Оған әдебиет, поэзия, қылқалам, әуен т.с.с. өнер саласындағы туындыларды зерттеуді жатқызамыз.

Сонымен қатар бүгінгі адамзаттың рухани-адамгершілік дағдарысқа түсуіне байланысты, дінтану мәселелері ерекше өзекті болып отыр.

Дүниетану - өте күрделі құбылыс, ол үшін адам барлық жан-тәнінің мүмкіндіктерін пайдаланады. Нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан қоғамдағы құндылықтар, солардың негізінде қалытасатын қоғамдық қатынастар, өндіргіш күштердің деңгейі т.с.с. таным үрдісінде өз орнын алады. Олай болса, дүниетану негізінде жатқан негізгі құбылысты анықтамай болмайды, сонда ғана оның терең мәнін ашуға болады. Сана, рух болмысының өзегі білімде болғаннан кейін, мыңдаған жылдардың шеңберінде ойшылдар танымның негізін адамның санасынан көрді: «таным үрдісін дамытатын ақыл-ой жаттығуы, жетілуі», «шығармашылық ізденіс», «білімге деген құштарлық», «туа біткен табиғи дарын» т.с.с. Әрине, аталған факторлардың танымдағы орнын терістеуге болмайды. Бірақ олардың негізінде толыққанды таным теориясын жасау мүмкін емес. Ол үшін біз адамның басқа тіршіліктерден бөлек, тек өзіне ғана тән өмір сүру тәсілін анықтауымыз керек. Ал, оның өзі бізді адамның «таза табиғатқа» қанағаттанбай, оны қайта құру, өзгерту іс-әрекетіне әкеліп тірейді. Оны философия тілінде «практика» дейді.

Танымның практикалық табиғаты. Практика (ргасіікоз - грек сөзі, белсенділік, іс-әрекет) ұғымы айнала қоршаған ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам да қайсыбір тіршілік секілді, айнала қоршаған ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің дене құрылысы, табиғатына байланысты айнала қоршаған ортаның шеңберінде өзінің орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса жанама қатысы бар заттар мен құбылыстарды ғана сезініп, қабылдай алады. Яғни оның мүмкіндіктері әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсак, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-жақты қатынасқа түседі. Айнала қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады.

Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп, қоғамның материалдық және рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана білімді жетілдіру ғана емес, сонымен қатар қоғам мен адамның өне бойы өзгерістегі материалдық және рухани қажеттіліктерін өтеуде болса керек.. Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат практикасының қажеттіліктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттілігі үлкен қаналдарды қазып тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның Нәтижесінде геометрия мен математиқаның негіздері жасала басталды.

Таным құрылымы. Таным - өте күрделі үрдіс, оған адамның бүкіл жан дүниесі: түйсіктері, ақыл-ойы, ырқы, сезім тебіреністері, ішкі көкей көзі (интуиция) - бәрі де өзара бір-бірімен байланысты түрде қатысады. Шынайы таным үрдісінде оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Дегенмен де танымды жете түсіну үшін біз теориялық деңгейде оларды бір-бірінен ажыратып қарастыруымызға болады. Осы тұрғыдан келгенде, біз еезімдік танымнан бастауымыз қажет саяқты.

Сезімдік танымның негізгі формалары түйсіктер, қабылдау және елестету болып табылады. Айнала қоршаған Дүниемен адам өз түйсіктері арқылы байланысты. Адам белгілі бір затты көріп, оның жылы-суықтығын, жұмсақ-қаттылығын, ащы-тәттілігін т.с.с. анықтай алады. Әрине, түйсіктерді толығынан айнала қоршаған ортадағы физикалық құбылыстармен теңеуге, сонымен қатар ажыратуға болмайды. Кең түрде алғанда, түйсіктер бізді дүниемен байланыстыратын, сол жөнінде деректер беретін бейнелеудің ерекше түріне жатады. Олар, әрине, қоғамдық-тарихи дамудың нәтижесі, адамзат практикасымен тығыз байланысты.

Адамның түйсіктері бір-бірімен байланысты, олар өзара бір-бірін толықтырьш, сәйкестендіріп отырады. Соның Нәтижесінде адам дүниені қабылдауға мүмкіндік алады. Затты қабылдау дегеніміз оның ащы-тұщылығын, түрлітүстілігін т.с.с. қасиеттерін белек-бөлек ажырату емес, оның біртұтас бейнесін тудыру болып табылады. Сонымен қатар ерекше ескеретін нәрсе - адам қабыл-даған заттың барлық қасиеттерін бірдей бейнелей алмайды. Ол іаттың тек оған қажетті жақтарын ерекше белгілейді. Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұгас бейнесінщ ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені біздің оны жегіміз келеді. Егерде осы ахуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, осем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни оны жейтін тамақ емес, Эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззат аламыз.

Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-қулқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды (ұғым-дарды) пайдаланып қабылдайды. Мысалы, жеңіл машинамен әуес-тенетін адамнын, санасында неше түрлі солар жөнінде ақпараттар бар. Егер ол бұрын көрмеген машинаның жаңа моделін көшеде байқаса, оның жанына келіп, бұрынғы білімдерін пайдаланып, бір минуттан кейін сол көлік жөнінде белгілі бір пікірге келеді, яғни ол оны игереді. Ал басқа адам ол машинаға көңіл де аудармауы мүмкін. Музейге қойылған мәрмәрдан жасалған жас әйелдің дене бітімінен бір адам асқан сұлұлықты, жетілгендікті көрсе, екінші надан адам оны нәпсілік тұрғыдан қабылдауы мүмкін.

Енді елестетуге келер болсақ, оньвд санаға тіпті жақындығы байқалады. Өйткені көзге елестетін зат,я құбылыс көз алдыңда жоқ, бірақ сіз оны елестете аласыз. Мысалы, жақсы көретін досыңызды, я болмаса ауылдағы туысыңызды Дәл қазір жаныңызда болмағанмен көзге елестетуге болады.

Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі -өткендегіні есте сақтау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Біріншісі сезімдік бейне болса, екіншісі - сөздік-ұғымдық түрі.

Сонымен сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейне-сін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттілігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан дүниесі қатысады. Енді абстрактіліқ ойлау формаларына келер болсақ, онда бірінші ұғымдарды атап өтуіміз қажет. ұғымдарда заттар м қу_былыстардың адамға деген жалпы, мәнді, қажетті жақтарыі бейнеленеді. Уақытында көркем түрде Г.Гегель ұғымды табиғат-тың жаны деген болатын. Өйткені қайсыбір ұғым мазмұнына! заттың біршама мәнді қасиеттері кіріп, оның көлемін сондай қасиеттері бар көп заттар құрайды. ұғымдар, бір жағынан, дүниедегі заттар мен құбылыстардың бізге керек сан алуан қасиет-терінің бар екенін және олардың бір-бірімен байланыстарының байлығын бейнелесе, екінші жағынан, адамның танымдағы белсенділігі мен нәтижелігін, ой мен білімнің қүнарлы күшін көрсетсе керек.

Жалпы алғанда, ойлау дегеніміз ұғымдарды ретімен байланыстырып, белгілі бір пікірге келу, пайымдау болып табыла-ды. Мысалы, адам - ойлай алатын пенде десек, оның негізгі қасиеттерінің бірін көрсетеміз.

Бірнеше бір-бірімен байланысты пікірлерді салыстырып, белгілі бір қорытындыға келуге болады. Сонымен қатар адам таным қабілеттерінің бірі ретінде интеллект деген ұғымды келтіруге болады. Ол адамның ең жоғарғы, бүкіл Дүниені біртұтас ретінде қамтуға бағытталған, яғни филосо-фиялық дәрежеге көтерілген ойлау қабілеті болып есептеледі.

Енді интуиция (көкей көз) мәселесіне келер болсақ, ол -тікелей шындыққа жету, оның ақиқаттығын анық та айқын көру, ешқандай Дәлелдеуді талап етпеу. Мәселенің қиындығы сол саған ашылған шындықты басқаға жеткізу болса керек. Ол үшін оны тағы да ой елегінен өткізу қажет. Ал мұның өзі интуиция адамның бүкіл сана-сезімімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қайсыбір көкей көз арқылы берілген шындық сол мәселемен талай күндер, я жылдар бойы айналысқан, оның бүкіл жан-тәнін баурап алған адамға келеді. Ал оның өзі сол мәселенің шешілуі тіпті адамның ғаналы түрде ғана емес, сонымен қатар бисаналық жолмен жүріп шешіл-генінің көрінісі емес пе?

Таным үрдісі адамның ырқымен (воля) де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. Алайда ырьщ әркашанда сананың ең алдымен моральдық құндылықтардың бақылауында болуы қажет. Ол әсіресе бүгінгі таңдағы жараты-лыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені адам дүниеге тереңдеген сайын табиғаттың орасан зор күштерімен кез болып, ар-ұжданы дамымаған ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы ғажап емес. Мұндай жағдайда, ол адамзатты үлкен қайғы-қасіретке, тіпті бұрын-сонды болмаған апатқа әкелуі мүмкін. Көне Грек елінде өз атын тарихта қалдыруды армандаған, бірак қолынан ұлы іс келмейтін Герострат деген кісі Артемида құдайына арналған ғажап кесенені жағып жіберген екен. Сол саяқты бүгінгі уақытга ғылым саласында қызмет етіп жатқан геростраттар жоқ деп кім айта алар екен?

Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе - ол адамның таланттылығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу көрке-мөнерге жақын болса, екінші - математика, физикаға, үшінші -тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың Бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында талантқа, яғни шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес:

Танымның негізгі мақсаты - ақиқатқа жету, соның нәтиже-сінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Таныпдағы ақиқат мәселесі. Практикамен тығыз байланысты келесі мәселе - дүниетану жолындағы ашылған білімнің ақиқаттығы. Әңгіменің қиындығы мынада: қайсыбір білімнің екі жағы бар. Біріншісі - адамның биологиялық табиғаты, яғни оның түйсіктері, жүйке мен ми ерекшеліктері, сонымен қатар нақтылы-тарихи жағдайдағы қоғам құрылымы, оның мәдени ерекшеліктері, ғылыми ақпаратты өңдеп, пайдалану тәсілдерімен байланысты. Екіншісі, танымда бейнелене-тін объективтік шындықтың өз қасиеттері мен ерекшеліктерін анықтау болмақ. Танымның осы екі жағы бір-бірімен өте тығыз байланыста екені сөзсіз. Олай болса, біздің білім мазмұнының қай жақтары жеке адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз түрде зерттеліп жатқан заттың шынайы қасиеттеріне сәйкес келеді? Бұл сұрақ білім ақиқаттығы мәселесінің өзегін құрайды.

Әрине, жалпы түрде алғанда өзімен-өзі өмір сүріп жатқан шынайы білім дүниеде жоқ. Ол - адам, әлеуметтік тол, я болмаса жалпы қоғамның білімі. Ол бітімі жағынан субъективті. Сонымен қатар онда дүниедегі зерттеліп жатқан заттар мен құбылыстардың ішкі бізге тәуелсіз мәндік жағы ашылады. Осы тұрғыдан алғанда, ақиқат деп дүниедегі заттар мен құбылыстардың адамның сана-сында сәйкес бейнеленуін айтамыз.

Сонымен қатар біз мына нәрсені ұмыт қалдырмауымыз керек. Дүниені зерттеуде адамзат шегіне жеткен ақиқатқа ешқашанда жете алмайды, өйткені ол - шексіз үрдіс. Сондықтан да ақиқат жөніндегі ілімде оның объективтік, салыстырмалы, абсолютті, прагматистік, когеренттік т.с.с. жақтары ерекше бөлініп алынып талданады.

Объективтік ақиқат деп адам, я болмаса адамзатқа тәуелсіз, яғни заттың өзіндік қасиеттерін бейнелейтін білім мазмұнын айтамыз. Мысалы, айдың жерді айналып тұрғаны - объективтік ақиқат. Біз қандай әрекет жасасак та, оны тоқтата алмаймыз, ол бізге тәуелсіз түрде өмір сүріп, жерді айналып түр.

Абсолютті ақиқат деп дүние жөніндегі толық сарқылып шегіне жеткен білімді айтуға болады. Алайда Дүниенің іш және сырт жағына да шексіздігі бізді абсолюттік ақиқатқа жеткізбейді. Сонымен қатар дүниені зерттеу жолындағы алынған объективті ақиқаттар бір-бірімен қосыла келе, бізді абсолюттік ақиқатқа жақындата түседі. Оны шексіз үрдіс деп те айтуға болар еді.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: