Болмыс философиясы (Онтология ) 10 страница

Қорыта келе, мынаны айтуымыз керек: егер сіз осы қоғамда дұрыс ауқатты өмір сүремін десеңіз, онда қалаған маман-дығыңызды терең де шығармашылық тәдрғыдан меңгеруіңіз

керек, сонда ғана сіздің еңбегіңіз нарықта сұраныс табады, яғни сіздің қаражатыңыз болады. «Ауырдың үстімен, жеңілдің астымен» деген өмірлік бағдарлама сізді сәтсіздікке әкеледі. Сонымен қатар өмірдің мәнін тек ақша табуға әкеліп тіресеңіз, тағы да толыққанды өмірдің мән-мағынасын таба алмайсыз. Бұл жөнінде «Адам мәсе-лесіне» арналған тараудан оқыңыз.

Сонымен XX ғ. 60 жж. біршама индустриалдық жағынан дамыған қоғамдар постиндустриалдық (розі - кейінгі) сатыға көтеріледі. Оны кейбір кезде информациялық (ақпараттық) қоғам дейді. Бүгінгі таңда постиндустриалдық сатыға жеткен елдерде 1 млрд. жуық адам өмір сүреді (әдебиетте оларды «алтын миАлиард» деп атап кеткен). Бұл елдерге Батыс Европа елдерін, АҚШ, Қанада, Австралия мен Жаңа Зеландия, Жапония, Малайзия, Сингапур т.с.с. жатқызуға болады.

Бұл сатыға жеткен қоғамдар қандай сапалық ерекшеліктерге жетті?

Постиндустриалдық мемлекеттердің негізгі институтына университеттік білім беру саласы айналып отыр. Ол елдердегі жоғары оқу орындары негізінен үш шеңберден тұрады. Оның өзегін лекциялар оқылатын, семинарлар жүргізілетін оқу кешендері, екінші шеңберде - ғылымның ең соңғы жетістіктерінің негізінде жасалған лабораториялар, үшінші шеңберінде эксперименталды шеберханалар мен аз көлемді түрде жаңа технологиялардың негізінде ойлап шығарылған заттарды шығаратын мекемелер орналасқан. Яғни шығармашылық деңгейге көтерілген жастардың неше түрлі идеяларының іске асуына барлық жағдайлар жасалған. Соның арқасында, университеттер өндіргіш күштердің дамуының негізгі қайнар көзіне айналуда. Біздің жас мемлекетімізде де универси-теттердің дамуына жағдай жасалып жатқаны осы тұрғыдан алып қарағанда түсінікті болар. Әрине, бүгінгі таңда біз оқу орындарының лабораториялық базаларын күшейтуге ең алдымен көңіл аударуымыз қажет.

Постиндустриалдық қоғамды кейбір кезде «тұтыну қоғамы» деп атайды. Өйткені өндіргіш күштердің орасан зор дамуының нәтижесінде халықтың көпшілігінің материалдық ахуалы биік деңгейге жетіп, қолдағы байлықтан ләззат алуға бағытталған, сол арқылы өзін қоғамға көрсету (демонстративтік түтыну) өмір салты калыптасты. Сонымен «һото сотшпег» (түтынушы адам) дүниеге келді.

Бұл арада біз постиндустриалдық қоғамның теріс жақтарын талдауға көшеміз. Бірінші қоятын сүрағымыз: индустриалдық қоғамдағы адамды құрал ретінде пайдалану, байлықты, капиталды непзгі мақсат-мұрат түту жойылды ма? Әрине, жоқ. Пост-индустриалдық қоғам өндіргіш күштерді өте биік дәрежеге көтеріп, миллиондаған адамдардың орасан зор күш-қуатын босатты. Ол күш-қуат қоғамның рухани жаңаруына, адамдардың жан-жақты дамып, шығармашылық деңгейге көтерілуіне жұмсалудың орнына материалдық заттар арқылы өмірден неше түрлі сезімдік ләззат алуға бағытталады. Өйткен себебі, капиталдың өне бойы өсуі нарықтағы айналымның тез өтуімен тығыз байланысты. Керісінше жағдайда ол тоқырауға ұшырайды. Сондықтан жыл сайын жаңа тауарлардың сан алуаны шығарылып, жарнама арқылы адамдарға таратылады. Оларды тұтынатын адамдар өздерін өмірдің желісінен қалмадық деп есептейді де, тұлына алмағандар өзін бишара ретінде сезшеді. Мұндай өмір салты көбірек тртынуды өмір мақсатына айналдырады, ал ол үшін көбірек ақша табу керек, оның жолында сайысқа түсіп, стреске ұшырап, неше түрлі транквилизаторларды қолданып, ақырында көп адамдар жүйке ауруларына шалдығады. Өмірдің мән-мағынасы жойылған адам әлеуметтік ауытқұлыққа (социальная аномалия) шалдығып, қылмыстық жолға, я болмаса маскүнемдік, нашақорлық, тіпті өмірден бас тартуға (суицид) дейін барады.

Постиндустриалдық қоғамда көп адамдар өзін еркінмін деп сезшгенмен, іс жүзінде, биліктегілердің байқалмайтын нәзік ықпалыньщ шеңберінен шыға алмайды. Оны іске асыратын -сол елдердегі «Мазз-теаіа» (насихат, ақпарат беру) құралдары. Саясаттану тілінде оны «риЫіс геіаііол», қысқаша, «Р.К.» (бұқара-лық қарым-қатынас) деп атайды. Ол әсіресе сайлау кезінде кеңінен қолданылады. Оның кейбір «қара» жақтары біздің елімізге де келіп жетті емес пе?

Постиндустриалдық қоғамдағы өзгерістерді талдай келе XX ғ. ұлы гуманисі А.Швейцер адамның материалдық кұш-қуаты өскен сайын, оның руханиятының тайыздана беретінін өкіне айтады. Ол осы қоғамдағы мәдени-адамгершілік дағдарысты, адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасының жүдеуін, адам болмысының мән-мағынасының азғанын, адамдардың бір-бірімен толыққанды да сән-салтанатты дидарласуының жетіспейтіндігін көрсетеді. Американ-неміс философы Э.Фромм Батыс адамының бақытты өмірді шексіз түтыну жолында іздеуінің жалған жол екенін көрсетеді. Ал Нобель сыйлығының лауреаты К.Лоренцке келер болсақ, техникалық прогрестің айнала қоршаған ортаны аздырғаны жөнінде, Табиғат-тың айбындылығы мен сұлұлығына қазіргі адамның мән бермей-тінін, оның күшті де ыстық сезімдерінің сарқылып, зардап пен қуаныш-шаттықтың орнына зерігудің келгенін қазіргі адамзаттың кунәсі ретінде алға тартады. Ал Франкфурт мектебінің өкілі М.Хоркхаймер жоғарыда көрсетілген кемшіліктердің негізгі себебін Батыс адамының қоршаған ортаны өзгертіп, билеп-төстеуге бағыггалған құштарлығынан көреді.

Бұл айтылған пікірлерден шығатын бірауыз сөз - ол қазіргі Батыс технократизмі мен сциентизмінің болашағының жоқтығы, бұл жолда адамзаттың бірде-бір негізгі мәселелерінің шешіл-мейтіндігі болса керек. Қазіргі адамзаттың қорланған сан алуан қайшылықтары тек қана рухани жаңару, қайта түлеудің негізінде шешілуі қажет.

Әсіресе қомақты өзгерістер қоғамның саяси-құқтық салаларында байқалады. Демократиялық принциптерге негізделген жас мемлекет бірте-бірте өз күшіне енуде. Елді нақтылы басқарып отырған атқару билігі өзінің кәсіби шеберлігін шыңдау нәтижесінде бұл салаға талантты көп жастар тартылды. Екі палатадан тұратын кәсіби парламент заң шығармашылығымен айналысуда. Сот билігі де біршама терең өзгерістерге түсіп, халықтың сеніміне кіруде. Ақпарат тарату саласына келер болсақ, бүгінгі таңда сан алуан жекеменшіктік газет-журналдар, радио және телестансалар жұмыс істеуде. Жеке адамдардың бас бостандығы мен құқтарының қорғалу деңгейі жыл артьш өсуде. Бүгінгі дамыған қоғамдарда заттық қорланған байлық емес, адам факторы негізгі қоғам дамуының қайнар көзіне айналуда. Әр адамның табиғи дарынын талантқа айналдырып, оны шығармашылық деңгейге дайындайтын - университеттер. Олай болса, тәуелсіздікті алғаннан бері білім беру жүйесін дамытуға да көп көңіл бөлінді. Көп жоғары оқу орындары университет болып қайта құрылды, жекеменшікке негізделген оқу орындары жұмыс істеп бәсекелестік Бұл салаға да жетті. Дербестік алған халықтың тез арада шығармашылық мүмкіндіктері гүлдеп, қазақ мәдениет қайраткерлері бүкіл дүние жүзіне халқымыздың өз ерекшелігі, қайталанбас жақтарымен танылатын: асыл мұраларын, бүгінгі күнмен үндесіп жатқан жаңа туындыларын; таныстырды. Айман Мұсаходжаева, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Майра Мұхамед-кызы т.с.с. мәдениет қайраткерлері көп елдердің үлкен сахналарына шығып, еліміздің ғажап мәдени құндылықтарын басқа халықтарға ұғынып, солардың қошеметіне бөлінді.

Әрине, қайсыбір қоғамның жүйелі дағдарысы сан алуан қайшылықтарға толы, оның негізгі ауыртпалығы қарапайым адам-дардың еншісіне өтеді. Әсіресе тоталитарлық социализм жүйесінен демократиялық қоғамға өтудің бұрын-соңды адамзат тарихында болмаған киындықтарға әкелгенін 90-шы жылдар айқын көрсетті. Алайда бас бостандығына ие болған халқымыз оның бәріне де шыдап, шығармашылық жолмен оларды жеңе білді.

Келесі даму сатысындағы негізгі мәселелер - шикізат өнді-ретін елді жаңа технологияларға негізделген өндірісі бар, дүние-жүзілік бәсекелестікке сай келетін заттарды шығара алатын қоғамға айналдыру болмақ. Сонымен қатар ұлттық тілімізді толыққанды дәрежеге көтеріп, салтымыз бен әдет-ғұрпымызды жаңа өмірге сай келтіріп, біздің рухымызға жат шетелден кірген түрпайы мәдени туындыларды сырттататын ахуалға жетеек дейміз.

Қоғам өмірінің негізгі салалары. Бүгінгі қоғамтану әдебиетінде қоғам өмірінің негізгі салалары ретінде экономикалық, әлеуметтік, саяси-құқтық және рухани өмір көрсетіледі. Әрине, қоғам өмірі өте күрделі жүйе, сондықтан осы көрсетілген салалар бір-бірімен шым-шытырық байланыста. Мысалы, экономика мен әлеуметтік сала арасындағы байланыстар өте тығыз. Экономика дамымай, бірде-бір әлеуметтік мәселелерді толыққанды шешу мүмкін емес. Сонымен қатар білім беру, денсаұлық сақтау т.с.с. әлеуметтік мәселелер биік деңгейде шешілмесе, өндірісті дамыту, жаңа технологияларды өмірге енгізу екіталай. Ал оларды бір-бірімен үйлесімді байланыстыру саясатпен тығыз байланысты екені тағы да сөзсіз. Ал саяси шешімдер заң жүзінде іске аспаса, ол бос сөзге айналып кететіні тағы да бар. Жоғарыда көрсетілген осы салалар қоғамның негізінде жатқан рухани құндылықтарға сай келмей тағы да болмайды. Егер халық мыңдаған жылдардағы қалыптасқан рухани құндылықтарынан айырылып қалса, ол өз-өзін танымайтын белгілі бір қүбыжыққа айналып, тарихтан жоғалып кетер еді. Тілінен, салты мен әдет-ғұрпынан айырылып, «мен орыспын» деп жүрген қаншама Сібір халықтарының өкілдерін бүгінгі Ресейден көруге болады!

Дегенмен де қоғамды әрі қарай талдау жолында осы салалар-ды теориялық тұрғыдан бір-бірінен бөліп алып қарау қажет.

а) әлеуметтік-экономикалық философия

Қоғамның өмір сүру тәсілі басқа бүкіл жер бетіндегі тіршілік-терден бөлек. Егерде дамыған жануарлар ең керемет дегенде өзіне керек қоректерді жинаса, адам оларды өндіреді. Мәселеге тереңірек үңілсек, еңбек ету, материалдық өндірісті тудыру арқылы адамның өзі адам ретінде қалыптасқан жоқ па? Тағы табиғатга қалалар, бау-бақша, неше түрлі машиналар, әлектрондық байланыс жүйелері т.с.с. жоқ емес пе? Оларды жасаған - адам.

Қазіргі адам (ғылыми тілде - кроманьон адамы) өзінің дене қү-рылысы ерекшеліктерімен осыдан 35-40 мың жылдар бұрын қалыптасып, дүниеге келді. Бірінші даму сатысында олар еңбек құралдарын тас пен сүйектен, ағаш пен мүйізден т.с.с. жасады. Олар, негізінен, аң аулау, өсімдіктерді жинау, соңынан балық аулау саяқты істермен айналысты. Өндіргіш күштердің деңгейінің төмендігі соншалықты, өндірілген тамақ тек олардың Бұл өмірде тірі қалуын ғана қамтамасыз етті.

Жүре келе, шаруашылық саласында нағыз төңкеріс мал бағу мен жер өңдеу пайда болған кезде келеді. Оны ғылымда аграрлық революция дейді. Мысалы, біздің арғы бабаларымыз Сары-Арқа даласында тағы жануарларды үйретіп, оларды малға айналдырып, солардың сүті мен етін, жүні мен терісін пайдалана бастады, ал Сыр, Іле, Шу бойында жерді өңдеп, дақылдарды өсіру шаруа-шылық түрі пайда болды. Егер бұрын адам тағы табиғаттағы дайын қоректерді жинаумен айналысса, енді оларды өндіре бастады. Соның арқасында молшылық пайда болып, халық тез өсіп, бүкіл жер бетіне кеңінен тарайды. Қолөнер жер өңдеуден бөлініп, өндіргіш күштерді әрі қарай дамытты. Қоғам өмірінде жекеменшік пайда болып, әлеуметтік қатынастар күрделеніп, мемлекет дүниеге келеді, ой еңбегі дене еңбегінен бөлініп, ғылым мен өнер тез қарқынмен дами бастайды. Қоғамдық қатынастар мыңдаған жылдар шеңберінде қалыптасқан салт-дәстүрлерге негізделеді. Сондықтан ғылыми әдебиетте мұлы «дәстүрлі қоғам», я болмаса «аграрлық цивилизация» дейді. Мыңдаған жылдарға созылған бұл қоғамның тарихындағы жетістіктерге тоқталсақ, ол қағаз, фарфор, жібек, күкірт жасау (Шығыста), жел диірмені, соңынан су диірмені, механикалық сағат, кезілдірік, мата жасау станоктары, кітап басу т.с.с. (Батыста) атауға болады. Көне заманда пайда болған ұлы жетістіктерге Мысырдағы Пирамидаларды, Қытайдағы - мыңдаған шақырымға созылған ұлы Қорғанды, Александрия қаласында салынған Александрия фаросын, Рим қаласындағы Колизейді, Афинадағы Парфенонды т.с.с. ғажап туындыларды атап өтуге болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: