Лекция. Ассиро-Вавилония костюмі

1. Қысқаша тарихи анықтама.

2. Қолданылған материалдар сипаттамасы.

3. Вавилон дәуірі мен стилінің сипаттамасы.

4. Ассирия дәуірі мен стилінің сипаттамасы.

5. Ассиро-вавилония костюмінің түрлері, қолданылатын материалдары мен қоғамдық белгілері.

Вавилон стилінің және дәуірінің сипаттамасы.

Ежелгі Ассрио-Вавилония Ефрат пен Тигр өзенінің арасында орналасқан. Тұрғындар негізінен жер игерумен мал шаруашылығымен, қолөнер, жүн маталарын шығару және сауда саттықпен айналысты. Ассирио-Вавилония өнерінің гүлденген дәуірі ix-Vii ғ. б.д.д. болып саналады. Мұнда сәулет, сұңғат және мүсіндеу өнері өте жақсы дамыды.

Ассирио- Вавилонияда 1 мыңжылдықта (б.д.д.) тауар өндірісі қарқынды дамыды. Бұл өнермен әйелдермен қатар ер кісілер де айналысты. Вавилонда түнел бір көшелер бойына тоқыма өндірісімен айналысты. Олар көлденең және вертикальды станоктарда ені 1....4 м. Келетін маталар тоқыды. Ассирио- Вавилонияда алғаш рет қоңыр қызыл (пурпур) түсті және алтын жіпті мата түрлерін шығарды. Қызыл түсті матаны қызыл түсті шашақтармен әшекейлеп патша киімінде пайдаланды. Жоғары шенді адамдар шашақтары бар енді мойыншалғыны иықтарына салып жүрсе, жәй халықтар киімнің етегіне ғана шашақтар тақты.

Әсемдікке құштарлығы

Халықтың эстетикалық әсемдікке деген құштарлығын, археологиялық қазбалардан алынған, патша бейнелерін суреттеу техникасын байқауға болады. Мысалы, Ашшурнасирапал бейнесі суреттелген рельефте, білек пен балтыр бұлшық еттері патшаның сымбатты әрі күшті дене тұлғасын, бет әлпеті, толқынды қою шашымен сақалы мықты денсаулықтың көрінісі. Ерлер ұзын сақал, мұрт және мойлау қойын, оның көлемін ұлғайту үшін бүйралап жүтді. Шаштарын майдалап өріп оның ұштарын бұйралап сәндеді. Көбіне бастарына парик киді.

Киім үлгілері мен түстері

Ассириялықтардың негізгі киімі – канди көйлегі болып саналады. Көйлектің ұзындығы тізеге дейін жетті. Оны мы0ын тұсында енді белдікпен байлайтын (суретте). Киімге тағылатын тағыншақтар мен сәнді әшекейлер, киімнің ұзындығы мен қабаты тұтынушының қоғамдағы орнын анықтады. Бір киімнен артық киімді тек патшаға ғана киюге рұқсат етілді. Оның киімі жұқа ақ жүннен иірілген жіппен тоқылған маталан дайындалып, геометриялық ою - өрнектермен, алтын салпыншақтармен және қалың шашақтармен әшекейленді. Канди сыртынан патшалар қатпарсыз, бірақ шашақтармен, кестелермен әшекейленген сулықтар киді. Алтын салпыншақтар күн мен айдың және жұлдыздың бейнесінде жасалынып, белгілі бір мәнге ие болды. Негізінен олар жеңсіз көйлек пен қысқа жеңді, мықын тұсына байланатын шашақталған қысқа «қонас» сулығын пайдаланды.

Әйелдер туника көйлек, белшалғы мен жамылғы – сулық киді. Ассириялық әйелдер көшеге шыққанда беттерін арнайы жапқышпен бүркеп жүрді. Киімдеріне қосымша сән беру үшін моншақтар, аяқ пен қолға арналған темір сақиналар, орама білезіктер тақты. Ассириялықтардың киімдері қондырмалы және шаршауланған киім түрлерінің үйлесімділігінен шықты. Ұзын немесе қысқа киім үлгілері бір немесе екі бөліктен құралды.

Ассириялық әскери адамдардың киімдеріне тоқталсақ, олар өкшесі мықты, әрі оның орама бауы бар сандал, бвстарына мыстан дайындалған бас киімдері басқа елдердің әскери киімдеріне қарағанда мықты, әрі денені түрлі зақымдардан қорғап тұрды. Патша ақ киізден жасалған тиару бас киімін метал пластинкалармен және шашақтармен сәндеген.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: