Елге жалпы сипаттама. Римдік құлиеленушілік мемлекетінің әскери қаталдығы, бірнеше ғасырлар бойы қарамағында қазіргі

Римдік құлиеленушілік мемлекетінің әскери қаталдығы, бірнеше ғасырлар бойы қарамағында қазіргі Европа, кіші Азия, Египет территориясы болған кішкене қала-мемлекеті Римді үлкен қуатты әлемдік державаға айналдырды.

Рим өнерін шартты түрде Республика кезіндегі өнерге (б.э.д. IV-I ғ.ғ.) және Империя кезіндегі өнерге (б.э.д. І-V ғ.ғ.) бөледі. Өнердің кезеңдері өз атауларынан байқалып тұрғандай, Ежелгі Римнің саяси және мемлекеттік құрылымымен байланысты болды.

Рим Республика кезінде Грецияны жаулап алды (б.э.д. II ғ.), сол уақыттан бастап римдіктердің мәдениеті мен өнеріне Греция мәдениеті өнерінің үлкен ықпалы әсер етті.

СҰЛУЛЫҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ

Ежелгі римдіктер бізге қатыгез озбырлы, күшті, денесі ерекше дамыған, төзімді адамдар болып көрінеді. Жауынгердің озбырлығы мен ерлігі, кез-келген жағдайға төзімді, қатал және қарапайымдылықпен ерекшеленеді. Рим мемлекетінің алғашқы сатысында қалыптасқан идеаддың негізгі ерекшелігі осындай болды.

Рим әйелдерінің идеалында ұлылық, жайбасарлық пен белгілі тұрақтылық, сымбаттылық ерекше дамыған. Рим матрондары Ежелгі Греция әйелдеріне қарағанда үлкен құрмет пен теңдік, беделге ие болды.

Римдіктердің сырт келбетінің идеалдық колориті, әсіресе Римде ақсары германдық - құлдар пайда болғалы, ашық түс болып есептелді.

МАТА, ТҮС, ӨРНЕК ТҮРЛЕРІ.

Рим костюмі грек дәстүрінің ықпалында бодцы. Оны костюмнің сызықтық-ырғақты шешімінен және бір мезгілде 2-3 қабат кию үлгісінен байқауға болады. Сол сияқты матаның түсі мен талшықтық құрамының ұқсастығынан көруге болады.

Дегенмен рим киімінің гректердікінен көп ерекшелігі болды, әсіресе Империя кезінде, матаны Грециядағы секілді қолмен тоқыды. Мата тоқуға қой жүні мен зығыр қолданды. Империя кезінде Шығыстан қымбат жібек маталар әкелінді. Мұндай жібек матаның фунты алтынға шаққанда 1 фунт алтын тұрды. Жұқа және өткермелі жібек матамен қабат қалың, тығыз, ауыр паршалар да кеңінен таралып, сәнге айналды. Тығыз және ауыр маталарды қолдану біртіндеп шаршауланған киімнен жазық қаптама, қап секілді киім формасына ауысуға әкеліп соқты.

Рим костюміндегі түс гаммасы - ашық бояулы; негізгі түстер - қара-қошқыл, қоңыр, сары болып келеді. Империя кезіндегі түс гаммасы күрделі, түс пен түрдің үйлесімділігінен, таңдаулы сипатқа ие болды: ашық көгілдір мен жасылдың ақпен, ақшыл көк пен сарының, көк сұр мен күлгін-сирень түстің үйлесуінен пайда болған күрделі түстер. Өрнектер геометрия формалы болып келді. Маталарға квадрат, ішіне розетка салынған ромб, төрт жапырақ, емен, лавр, шырмауық жапырақтарын стильдеп салды.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: