Біздің эрамыздың 395 жылы Рим империясы Батыс және Шығыс болып бөлінді. Батыс бөлігі құлдар көтерілісімен жойылып, германдық-варварлар мен галлалар жеңіп алды. Ал Шығыс бөлігі өз үстемдігімен Египет, Сирия, Кіші Азия, Грециямен бірігіп - Византия деп аталды. Византия Ежелгі Римнен ескі мемлекеттік форма мен бюрократтық аппаратты мұра етіп қалдырды. Бірақ, құлдық қоғам өндіріс тәсілінің дамуын тежеді, ал оған жаңа қоғамдық қатынас - феодалдық қоғам келеді. Христиан үлкен экономикалық және саяси күш иесі болып, дінді басқарды. Ол Византия мәдениеті мен өнерінің қалыптасуында шешуші рөл атқарды.
V-VІІ ғасырдағы Византия өнері мен эстетикалық көзқараста жаңа қоғамдық қарым-қатынастың қалыптасуы мен ескі қоғамның байланысы, дәуірдің барлық қайшылығы айқындала түсті.
Ол кездегі кезеңнің негізгі өнер түрі: архитектура, монументалды сұңғат, көркемдік кәсіп, сонымен қатар кесте мен мата өндірісі. Сол кездегі эстетикалық идеал мен адам киімінің сипатын бейнелейтін өнердің нағыз қайнар көзі - сақталып келген византия шіркеуінің мозаикалары, икон жазулары (иконопись) болып табылады. Оған өнердегі символдық келбет, адамды заңдастырып бейнелеу тән.
|
|
СҰЛУЛЫҚТЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ИДЕАЛЫ
Ежелгі сұлулық пен адам бейнесінің гармониясының орнына христиан дінінің ықпалының әсерімен, сұлулықгың жаңа түрі - жан дүниесінің рухани сұлулығы келеді. Суретшілерді ерекше қызықтыратын бет сұлулығын бейнелеу. Үлкен көз, сопақша бет, кішкене ауыз, биік кең мандай. Бас - ерлер мен әйелдер келбетінің жан-дүниесін айқындайтын орталық болып есептеледі; тегіс, жазық формасыз фигура, жанды, табиғи сызық пен пропорциядан арылады, сөйтіп костюм ерекше маңызға ие болады.
Осыдан Византия мәдениетінің қайшылығынан рухани сұлулықтың идеалын жариялаумен бірге, олардың шіркеудің ырым-жоралғысымен байланысты сән - салтанатқа құмарлық сипаты байқалады. Бұл адамның сырт келбетінен, костюмнің керемет қымбат матасынан, зергерлік әшекей-бұйымнан, костюмнің жоғары деңгейде сәнделуінен көрінеді.
МАТАЛАР, ТҮС ГАММАСЫ
Византия тоқымашылары өзінің керемет жүн, жібек, парша маталарымен, кілем тоқуымен даңққа бөленді. Олардың өнері VI ғасырдың ортасында жібек-шикізатын өндіруді дамытумен өркендеді. Византия матасының фактурасы әркелкі болды, бірақ тығыз, ауыр, созылмалы емес маталар металл жіптермен тоқылып не кестеленіп, қымбат тастармен сәнделді. Суреті - ірі, анық, жазыңқы, символды болып келді. Император мен ақсүйектер киіміндегі бүркітті, арыстанды бейнелеу үстемдіктің символын білдірді.
|
|
Бір костюмде, библия тақырыбына 600-ге жуық қойылым бейнелеуге болған. Матаны өрнектеу және алтын жіппен кестелеу өнері қолданды: түс гаммасы өзінің үйлесімділігімен, орасан зор түстердің санының көптігімен ерекшеленді. Өрнекке ашық, қанық түстер қолданды - сары, қоңыр, ақ, қара, ақ сары.