Ерікті тарату

Тарату – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуден алу арқылы оның құқық және әрекет қабілеттілігінің тоқтатылуы. Заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн. Заңды тұлғалар 2 жолмен таратылады:

Ерікті – зт-ның инициативасымен

Мәжбүрлі түрде - сот шешімімен

Заңды тұлға еркін түрде заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша таратылады. Бұл зт-ның өзі есептеліп құрылған уақыттың аяқталуына, құрылу мақсатына қол жеткізілуіне байланысты болуы мүмкін.

Заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асырушы орган заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдағаннан кейін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тарату тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің сақталуын тексереді. Егер тексеру барысында таратудың белгіленген тәртібінің бұзылғандығы анықталмаса, тіркеуші орган 10 күн ішінде заңды тұлға қызметінің тоқтатылғандығын тіркейді.

Таратуды тіркеу үшін тіркеуші органға келесі құжаттар ұсынылады:

белгіленген үлгідегі таратуды тіркеу туралы арыз (мемлекеттік үлес қатысы бар ұйымдар реестр ұстаушының белгісі соғылған арызы);

заңды тұлғаны тарату туралы шешім (соттың, өкілетті органның заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесі және т.б.);

құрылтай құжаттары мен статистикалық карточканың түпнұсқалары;

заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеуі немесе қайта тіркеуі туралы куәлігінің түпнұсқасы;

таратуды тіркеу үшін алымның төленгені туралы түбіртек немесе төлем тапсырмасының көшірмесі;

заңды тұлғаны тарату және несие берушілердің тілектерін білдіру тәртібі мен мерзімі туралы деректердің жарияланғанын растайтын құжат

Заңды тұлғаның таратылуы заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган құрған тарату комиссиясы жүзеге асырады. Тарату комиссиясы құрылған сәттен бастап заңды тұлға мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттілік соған ауысады. Тарату комиссиясы заңды тұлғаның таратылу жайлы, несие берушілерінің талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты орталық әділет органының ресми баспасөз басылымдарына жариялайды. Талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмауы тиіс.

49. Тарату комиссиясы. Тарату мерзімі және тәртібі.

Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесінің немесе меншiк иесi уәкiлеттiк берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттарында осыған уәкiлеттiк берiлген органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.

Заңды тұлғалар 2 жолмен таратылады:

Ерікті – зт-ның инициативасымен

Мәжбүрлі түрде - сот шешімімен

Заңды тұлға мүлкiнің меншiк иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тiркеудi жүзеге асыратын әдiлет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган тарату комиссиясын құрады және АК сәйкес тарату тәртiбi мен мерзiмiн белгiлейдi.
Тарату комиссиясы құрылған кезден бастап заңды тұлғаның мүлкiн және iстерiн басқару жөнiндегі өкiлеттiк соған ауысады. Тарату комиссиясы сотта таратылатын заңды тұлға атынан әрекет етедi.

Тарату комиссиясы заңды тұлғаны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлiмдеу тәртiбi мен мерзiмi туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлiмдеу мерзiмi тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екi айдан кем болмайды.

Тарату комиссиясы несие берушiлердi анықтау және қарыздарын алу үшiн шаралар қолданады, сондай-ақ несие берушiлерге заңды тұлғаның таратылғандығы туралы жазбаша хабарлайды.

Егер таратылатын заңды тұлғаның (мемлекеттiк мекемелерден басқа) ақшасы несие берушiлердiң талабын қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкiн сот шешiмдерiн орындау үшiн белгiленген тәртiп бойынша жария сатуды жүзеге асырады.

Несие берушiлермен есеп айырысу бiткеннен кейiн тарату комиссиясы тарату балансын жасайды, оны заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушi немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешiм қабылдаған орган бекiтедi. Несие берушiлердiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған мүлiк құрылтай құжаттарында көрсетiлген мақсаттарға жұмсалады.

50. Төлем қабілетсіз кездегі шаруашылық серіктестіктердің таратылуы.

Шаруашылық серіктестіктің төлем қабілетсіздігі жағдайында кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру және банкротты қарыздан басы бос деп жариялау мақсатымен оны тарату конкурстық іс жүргізуге негізделеді. Конкурстық iс жүргiзу мерзiмi борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап есептеледі, 9 айдан аспауы керек.

Конкурстық іс жүргізуді жүзеге асыру үшін уәкілетті орган ШС банкрот деп тану туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап бес күн мерзімде конкурстық басқарушыны тағайындайды. Басқарушы оны тағайындаған күннен бастап 10 күнде баспасөз басылымдарында борышкерді банкрот деп тану туралы және кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыруды жариялайды. Осы кезден 2 айдан кешiктiрiлмей кредиторлардың борышкерге талаптары мәлiмделуге тиiс. Конкурсты басқарушы оларды алған кезден бастап 1 ай мерзiм iшiнде қарауға тиiс және ол мойындаған талаптар тiзiлiмге енгiзiледi.

Серіктестіктің мүлкі, соның ішінде дебиторлық берешекті қоса алғанда, борышкердің меншік құқығын растайтын құжаттары бар мүлкі, жер заңдарымен көзделген жағдайда, борышкердің тұрақты және уақытша жер пайдалану құқығы анықталып конскурстық масса қалыптасады. Конкурстық массаға толық серiктестердiң жеке мүлкi, толық және коммандиттiк серiктестердiң бұрынғы қатысушыларының, қосымша жауапкершiлiктi серiктестер қатысушыларының мүлкі кiредi және жеке есептеледi. Конскурстық массаға байланысты кредиторлардың талаптарымен есеп-айырысу келесі кезекпен жүргізіледі:

1. Өмiрiне немесе денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн жауап беретiн азаматтардың талаптары

2. қызметкерлердің еңбеқсыақы мен өтемдер, әлеуметтiк аударымдар бойынша, міндетті зейнетақы жарналарын төлеу бойынша берешектер

3. кредиторлардың таратылған банкрот мүлкінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемелері

4. Cалық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер

5. Басқа кредиторлармен есеп айырысу

Әрбiр кезектiң талаптары алдыңғы кезектегi талаптар толық қанағаттандырылған соң қанағаттандырылады. Кредиторлардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн қалған ақша конкурстық басқарушы заңдарға немесе борышкердiң басқа құрылтай құжаттарына сәйкес борышкер мүлкiнiң меншiк иесiне не оның құрылтайшыларына бередi.

Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне тиiстi мәліметтер енгiзiлген соң, серіктестіктің таратылуы аяқталды, жұмыс iстеуiн тоқтатты деп есептеледi.

51. Таратылатын борышқорды банкрот деп тану негіздері. Борышқордың мәртебесін анықтау.

Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе зт-ның ақшалай мiндеттемелер б-ша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты б-ша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді,әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамт-з ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.

Банкрот деп тану ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн:

Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.

Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.

Заңды тұлғаны соттың банкрот деп тануы оның таратылуына әкелiп соқтырады.
Банкрот-заңды тұлға Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiнен алып тасталған кезден бастап оның қызметi тоқтатылды деп есептеледі.

52. Жарғылық капитал түсінігі, функциясы және мөлшері.

Жарғылық капитал дегеніміз – бұл, кәсіпорынның жарғысында тіркелген капиталдың ең аз шамасы. Нарық жағдайында жарғылық капитал бір жағынан кәсіпорын мүлкінің құнын, екінші жақтан құрылтайшылардың инвесторлардың алдындағы міндеттемелердің сомасын көрсетеді. Ол әрбір құрылтайшының (акционердің) қатысу үлесін анықтайды және акционерлік қоғамның үшінші жақтың (тұлғаның) алдындағы міндеттемелерінің орындалуына кепілдік береді. Сондықтан оның ең төменгі шамасы заңмен белгіленеді. Мысалы, «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» заңның 23-бабына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салымдарына тең және серіктестікті мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін құжаттарды тапсырған мерзімге 100 айлық есептік көрсеткішке тең сомадан аз болмауға тиісті

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» заңымен тиісті қаржылық жылға белгіленген 50000 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

53. Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібі және мерзімі.

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі.

АҚ ЖК

Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.

Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

ШС ЖК.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.

Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

54. Жарғылық капиталға салым. Жарғылық капиталды төлеу.

Жарғылық капитал - құрылатын кәсіпорынның (фирманың, ұйымның) активтеріне құрылтайшылар салған салымдардың құны, яғни оның капиталының бастапқы сомасы. Ол кәсіпорынның жарғысында айқындалады, негізінен акцияларды сатудан түскен ақша есебінен құралады. Қатысушы осы салымдар шегінде фирманың міндеттемелері бойынша жауап береді. Жарғылық капитал фирма теңгерімінде оқшау есептеледі.

АҚ ЖК

Қоғамның жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінде болады.

Қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың (жалғыз құрылтайшының) акцияларды олардың нақтылы құны бойынша және инвесторлардың осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес айқындалатын орналастыру бағалары бойынша төлеуi арқылы қалыптастырылады және ол Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледі.

Акцияның құрылтайшылар алдын ала енгiзетiн төлем мөлшерi қоғамның жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерiнен кем болмауға және оны құрылтайшылар қоғам заңды тұлға ретiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап отыз күн iшiнде толық төлеуге тиiс.Қоғамның жарғылық капиталын ұлғайту қоғамның жарияланған акцияларын орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

ШС ЖК.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.

Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.

55. Корпоративтік бағалы қағаздар түсінігі. Акциялар түрлері. Облигациялар.

Корпоративтік бағалы қағаздар – кәсіпорындар мен ұйымдардыдың заң күшіне сүйене отырып, өзінің жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе шаруашылық қызыметін жүзеге асыру үшін шығарылатын бағалы қағаздарын корпоративтік бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент болып табылады. Корпоративтік бағалы қағаздарға жатады:

Акциялар

Облигациялар

Акция - бұл акционерлік қоғамның жарғылық капиталына үлес қосқандығын куәландыратын, басқару ісіне қатысуға және кәсіпорын таратылған жағдайда мүліктің қандай да бір үлесін алуға құқық беретін, сондай-ақ иесіне табыс әкелетін бағалы қағаз.

АҚ жай акциялар, не жай және артықшылықты акциялар шығаруға құқылы. Акциялар құжатсыз нысанда шығарылады.

АҚ –да акциялардың түрлері

1. Жай акция дауыс беруге енгізілетін барлық мәселелерді шешкен кезде акционерге дауыс беру құқығымен акционерлердің жалпы жиналысына қатысу құқығын, қоғамда таза табыс болған жағдайда дивидендтер, сондай-ақ қоғам таратылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын береді.

2. Артықшылықты акциялардың меншік иелері - акционерлердің жай акциялардың меншік иелері - акционерлеріне қарағанда қоғамның жарғысында белгіленіп, алдын ала айқындалып кепілдік берілген мөлшерде дивидендтер алуға және қоғам таратылған кезде осы Заңда белгіленген тәртіппен мүліктің бір бөлігіне басым құқығы бар.

Облигация - облигация иесімен (қарыз берушімен) эмитент (қарыз алушының) арасындағы қарыздық қарым қатынасты куәландыратын бағалы қағаз.

Облигация – облигация иесінің ақшалай қаражат салғандығын куәландыратын және эмитенттің осы қаражат сомасы мен оған есептелген пайызды қайтарып беру туралы міндеттемесін растайтын бағалы қағаз.

Акционерлік қоғамның облигацияны шығарудағы артықшылығы мынада: шығарылған облигацияны орналастыру барысында, кредиторды қарыз алушының қаржы – шаруашылық қызметін басқаруға қатыстыртпай - ақ қосымша ресурстарды жұмылдыруға болады; облигация өзінің мәні жағынан банктік ссудаға ұқсас болғандықтан, акционерлік қоғамның облигациялық қарызын қосымша қарыз қаражаттары ретіндеқарастыруға болады; эмитенттің несиеге қабілеттілік талаптары орындалған жағдайда акционерлік қоғамның облигацияны шығаруға құқығы бар.

56. Корпоративтік басқару түсінігі.

Корпоративті, яғни ұжымдық басқару (corporate governance) мекемедегі биліктің (governance) қалай құрылғаны жəне қалай жүзеге асырылатынымен байланысты атқарылады. Ұжымдық басқаруды корпорацияларды басқарумен шатастыруға болмайды. Ұжымдық басқарудың тақырыбы кең ауқымды. Атап айтарлығы, Қазақстанда акционерлік қоғам болып саналатын корпорацияда ғана емес, кез-келген құқықтық формадағы мекемедегі билікке де қатысты мəселе. Ұжымдық басқару теория жəне тəжірибе жүзінде фирмадағы билікті бөлу мəселесі сияқты агенттік мəселелерін талдаумен де айналысады. Оның мақсаты принципал мен агенттің арасындағы қарама-қайшылықты шешу. Классикалық теорияда принципал ретінде фирманың иесі, ал агент ретінде топ-менеджер шығады. Алайда принципалдың анықтамасы кейбір толықтыруларды қажет етеді. Заң тұрғысынан алғанда компанияның əрбір акционері меншік иесі болып табылады. 1 Нақты тұрғыда, оның ішінде Қазақстанда шешім қабылдауға, компанияның стратегиясын дайындауға тек ірі акционерлер ғана ықпал ете алады.

57. Корпоративтік бақылау түсінігі.

Тиімді басқару жүйесі бар компания сыртқы бақылау болмаса толыққанды дами алмайды жəне инвестициялар тарта алмайды. Тиімді болу үшін компанияны іштей басқару институттар мен рыноктардың сыртқы жүйесіне сүйенуі керек. Жалпы алғанда, жекеменшік сектор мекемелері мен мемлекеттік бақылау ұйымдары институционалдық негіз құрайды, оның негізінде бірлесіп басқарудың ғимараты құралады. Бұл ықпал екіжақты. Институциалдық негіз ұжымдық басқарудың механизміне қалай ықпал етсе, ұжымдық басқару да интитуциалдық негізге солай ықпал етеді. Корпоративтік, яғни ұжымдық басқаруды реттеу мен қадағалау жүйесі жариялылық, есеп берушілік, адалдық жəне жауапкершілік сияқты бірлесіп басқарудың төрт негіздік принциптері үшін негіз болатын мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдардың, нормативтер мен құқықтардың өзара байланысқан құрылымына сүйенеді. Ұжымдық басқарудың тəжірибесін анықтайтын жəне оның қолдануылына бақылау жасайтын түрлі мемлекеттік жəне жекеменшік ұйымдар осындай негізде жұмыс істейді. Баға белгілеудің қатаң шарттары бар қор биржалары жəне реттеу мен бақылауды іске асыратын құнды қағаздар рыноктары сыртқы бақылаудың алдыңғы қатарлы бағыты болып табылады. Сыртқы бақылаудың бұл алдыңғы қатарлы бағыты акционерлердің құқықтарын қорғау мекемелері жəне бірлесіп басқару институттары мен компаниялар директорлары қауымдастығы сияқты жекеменшік ұйымдардың қосымша топтарына сүйенеді, олар құқық қорғау қызметін, кəсіби стандарттар мен өзін-өзі реттеушілікті дайындау үшін негіз құруға көмектеседі

Жоғарыда аталып өткендей, корпоративтік басқару əдістері ірі халықаралық корпорациялар ғана емес, барлық компанияларда да қолданылуы мүмкін. Өйткені ұжымдық басқару құқық иелері мен олардың өкілдері арасындағы қарым-қатынас мəселелерімен тікелей байланысты (акционерлердің мүдделеріне сай немесе қарсы əрекет ететін менеджерлер). Бұл қиындыққа тек қана ірі корпорациялар ғана емес, сонымен қатар, иелері компанияның жетекшілері болып табылмайтын кез-келген түрлі экономикалық қызметтің13 субъектілері де ұшырайды. Басқа сөзбен айтқанда, бірлесіп басқару мүмкіндігінше, компанияның көлеміне қарамастан, өкілдерді (менеджерлер) сенім білдірушілердің (иелердің) мүдделеріне сай əрекет етуге мəжбүр етеді. Осылайша, ұжымдық басқару ұсақ фермалар мен мемлекеттік кəсіпорындарға дейін, шағын жəне орта бизнестен қаржылық мекемелерге дейін кез келген компания үшін бақылаудың тиімді əдісі болып табылады. Тіпті сыртқы институциалдық база əлсіз дамыған болса да, ішкі ұжымдық басқарудың тиімді жүйесі компанияларға пайда əкелуге қабілетті жəне өздігінен лайықты мақсат болып табылатынын атап өткен жөн. Зерттеу нəтижелері көрсеткендей, жаңа нарықтарға сай жоғары қауіп жəне əлсіз институциалдық база жағдайында инвесторлар тиімді басқару жүйесі, анағұрлым сапалы қаржылық ақпараты бар жəне миноритарлы акционерлерге анағұрлым сенімді кепілдік беретін, компанияларға инвестиция құю мүмкіндігі үшін көбірек төлеуге дайын.

58.Корпоративтік басқару қатысушылары.

59. Мүдделер конфликтісі.

Корпоративтік дау-жанжал - Жалғыз акционер және Қоғамның басқа органдары, қоғамның органдары мен Қоғамның қызметкерлері не Қоғамның органы мен Қоғамның мүдделі тұлғалары арасында Жалғыз акционердің мүдделері немесе Қоғам қызметіне жағымсыз әсер етететін корпоративтік басқару мәселелері бойынша туындаған келіспеушілік немесе дау. Корпоративтік жанжал тараптарыКорпоративтік жанжалға қатысатын Қоғамның органдары мен қызметкерлері немесе мүдделі тұлғалар болып табылады.

Корпоративтік дау-жанжалдың туындау себептері:

ü Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарын сақтамау;

ü Қоғам органдарының Қоғамның қаржылық жағдайының нашарлауына және залал келтіруге әкеліп соғуы мүмкін шешімдерді қабылдауы;

ü Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақпаратты жарияламау немесе Қоғам қызметкерлерінің басқа ұйымдардың басқару органдарында атқаратын лауазымдары туралы, басқа заңды тұлғалардың үлестеріне (акцияларына) иелік етуі туралы толық емес ақпарат ұсынуы;

ü Қоғамның лауазымды тұлғаларының немесе басқа қызметкерлерінің Жалғыз акционердің немесе Қоғамның мүдделеріне қайшы келетін шешімдерді қабылдауы немесе әрекеттер жасауы;

ü Қоғам іскери қарым-қатынастарды қолдайтын басқа заңды тұлғада қызметкерлердің қаржылық мүдделерінің болуы;

ü қызметкерлердің немесе олардың отбасы мүшелерінің басқа заңды тұлғалардың үлестеріне (акцияларына) иелік етуі;

ü лауазымды тұлға ретінде жұмысты қоса атқаруы немесе басқа заңды тұлғалардың органдарының жұмысына қатысуы;

ü Жалғыз акционердің және Қоғамның мүдделеріне өзінің жеке мүліктік мүдделерімен байланысты, басқа заңды тұлғаларға іскери мүмкіндіктерді ұсыну.

60. Корпоративтік басқару қағидалары.

- Акционерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау принципі;

- Қоғаммен, Директорлар кеңесімен және Басқармамен тиімді басқару принципі;

- Қоғам қызметінің өз еркіндігі принципі;

- Қоғам қызметі туралы ақпаратты жариялаудың айқындылығы мен объективтілігі принциптері;

- заңдылық пен этика принциптері;

- тиімді дивидендтік саясат принциптері;

- тиімді кадр саясаты принциптері;

- қоршаған ортаны қорғау принципі;

- корпоративтік қақтығыстарды және мүдделер қақтығыстарын реттеу саясаты;

- жауапкершілік принципі болып табылады.

61. Заңды тұлғалар органдары: түсінігі, белгілері, топтастырылуы.

Заңды тұлға органы – арнайы уәкілеттіліксіз басқа құқық субъектілерімен қатынасқа түсуде заңды тұлға мүддесіе білдіретін тұлғаны немесе тұлғалар тобын көрсететін құқықтық термин.

Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілетсіздік (сенімхатсыз), өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.

Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы), не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдық органдарға жатады. Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерін, заңды тұлғалардың жекеленген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды.

Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға, үшінші тұлғалардың алдында өзінің органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК – ның 44 бабынының 4 тармағы).

Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың болуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.

Азаматтық Кодекстің 35 бабына сәйкес заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, оның қызметімен байланысты міндеттер атқара алады “Заңды тұлғаның органы ” ұғымы мәселесі бойынша оқу және ғылыми әдебиетте әртүрлі пікірлер айтылған. Мәселен, М. И. Брагинский “орган оның еркін сыртта қалыптастырып білдіретін оның бір бөлігі болып табылады” деп есептейді. Нақ өзінің органдары арқылы заңды тұлға азаматтық құқықтарға ие болып, өзіне азаматтық міндеттемелер алады. Заңды тұлғаның органдары – заңды тұлғаның заңнамаларына немесе құрылтай құжаттарымен қарастырылған құрылымдық бөлімдері”– бұл В.К.Мукашеваның көзқарасы бойынша.

Әдебиетте заңды тұлғаның органдарын жіктеудің әртүрлі негіздері ұсынылған. Мысалы, В.В.Дашнская, жоғарыда атап өтілгендей, органдарды өкілеттіліктер сипаты бойынша, оларға кіретін лауазымды тұлғалар санымен, өкілеттіліктерді қалыптастыру тәртібі мен оларға ие болу әдісі бойынша, сондай-ақ қызметінің мерзімдері бойынша жіктейді

62. Шаруашылық серіктестіктердің жалпы жиналысының мәртебесі.

Шаруашылық серіктестікті азаматтық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда — қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; олар едәуір дәрежеде біріне-бірі танылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серіктестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, "құрылтайшы" терминін пайдаланады. Серіктестікті басқаруды жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады. Іс жүзінде кейде заңды тұлғалардың құратын органдарың арнайы рұқсатсыз белгілі бір топқа жатқызу едәуір қиындық туғызады. Мысалы, бақылау кеңесін және өзге де бақылау органдарын атқару органдарына жатқызу жөніндегі мәселе азаматтық құқық ғылымындағы айтарлықтай даулы мәселе болып келеді. Алайда, заң шығарушылар қазіргі уақытта осы ұстанымға бейім. Әдетте, құрылтайшылар атқарушы органдарды, олардың түрлерін, құзіреті мен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды. Жоғары орган міндетті түрде құрылады, оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген. Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдер жиналысы) серіктестіктің жоғары органы болып табылады. Бір тұлға құрған шаруашылық серіктестіктерде жалпы жиналыстың өкілетті оның бірден-бір қатысушысына тиесілі болады (АК-ның 60-бабының 1-тармағы).
Шаруашылық серіктестікте оның қызметіне күнделікті басшылық жасайтын және оның қатысушыларының жалпы жиналысына (өкілдер жиналысына) есеп беріп отыратын атқарушы орган (алқалық және (немесе/ жеке-дара) құрылады. Басқару органдарының мүшелері оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкін. Серіктестіктің алқалы органдары ретінде басқарма (дирекция) және бақылау кеңесі құрылуы мүмкін. Заң актілерінде немесе шаруашылық серіктестігі қатысушылшарының жалпы жиналысының (өкілдер жиналысының) шешімінде көзделген жағдайларда басқа да алқалық атқарушы органдар құрылуы мүмкін (АК-ның 60-бабының 2-тармағы).

63. Акционерлердің жалпы жиналысының уәкілеттілігі.

Акционерлердің жалпы жиналысының уәкілеттілігіне мына мәселелер жатқызылады:
1) қоғам жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу немесе оны жаңа редакциясында бекіту;
1-1), корпоративтiк басқару кодексiн, сондай-ақ оған енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды бекiту;
2) қоғамды ерікті түрде қайта ұйымдастыру немесе тарату;
3) қоғамның жарияланған акцияларының санын ұлғайту немесе қоғамның орналастырылмаған жарияланған акцияларының түрiн өзгерту туралы шешiм қабылдау;
3-1) қоғамның бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін, сондай-ақ оларды өзгертуді айқындау;
3-2) қоғамның жай акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздарды шығару туралы шешім қабылдау;
3-3) орналастырылған акциялардың бір түрін акциялардың басқа түріне айырбастау туралы шешім қабылдау, мұндай айырбастаудың шарттары мен тәртібін айқындау;
4) есеп комиссиясының сан құрамын және өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату;
5) директорлар кеңесінің сан құрамын, өкілеттік мерзімін белгілеу, оның мүшелерін сайлау және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ директорлар кеңесінің мүшелеріне олардың өз міндеттерін атқарғаны үшін сыйақы төлеудің және шығыстарын өтеудің мөлшері мен шарттарын айқындау;
6) қоғамның аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымды белгілеу;
7) жылдық қаржы есептілігін бекіту;
8) қоғамның есепті қаржы жылындағы таза табысын бөлу тәртібін бекіту, жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу туралы шешім қабылдау және қоғамның бір жай акциясына шаққандағы дивиденд мөлшерін бекіту;
9) қоғамның жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдау;
9-1) қоғам акцияларының ерікті делистингі туралы шешім қабылдау;
10) қоғамға тиесілі барлық активтердің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы активтердің бір немесе бірнеше бөлігін беру (алу) арқылы қоғамның өзге де заңды тұлғаларды құруға немесе олардың қызметіне қатысуы не өзге де заңды тұлғалардың қатысушылары (акционерлері) құрамынан шығуы туралы шешім қабылдау;
11) акционерлердің жалпы жиналысын шақыру туралы қоғамның акционерлерге хабарлау нысанын белгілеу және мұндай ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында беру туралы шешім қабылдау;

64. Акционерлердің жалпы жиналысының түрлері.

Акционерлердің жалпы жиналыстары жылдық және кезектен тыс болып бөлінеді. Қоғам акционерлердің жылдық жалпы жиналысын жыл сайын өткізіп отыруға міндетті. Акционерлердің өзге жалпы жиналыстары кезектен тыс болып табылады. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысы жарияланған акциялардың шығарылуы мемлекеттік тіркеуден өткізілгеннен және акцияларды ұстаушылардың тiзiлiмдер жүйесi жасалғаннан кейін екі ай ішінде шақырылуға және өткізілуге тиіс. Акционерлердің бірінші жалпы жиналысында қоғамның директорлар кеңесі сайланады.

2. Акционерлердің жыл сайынғы жалпы жиналысында:
1) қоғамның жылдық қаржылық есептілігі бекітіледі;
2) қоғамның аяқталған қаржы жылы үшін таза кірісін бөлу тәртібі және қоғамның бір жай акциясына есептелген дивиденд мөлшері айқындалады;
3) акционерлердің қоғамның және оның лауазымды тұлғаларының іс-әрекетіне өтініштері және оларды қарау қорытындылары туралы мәселе қаралады.
Директорлар кеңесінің төрағасы директорлар кеңесінің және қоғамның атқарушы органының мүшелеріне сыйақы беру мөлшері және олардың құрамы туралы қоғамның акционерлеріне хабарлайды. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы олар бойынша шешімдер қабылдау акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған басқа мәселелерді де қарауға құқылы.

3. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қаржы жылы аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуге тиіс.
Есепті кезең ішінде қоғамның аудитін аяқтау мүмкін болмаған жағдайда аталған мерзім үш айға дейін ұзартылған болып саналады.

4. Барлық дауыс беретін акциялары жалғыз акционерге тиесілі қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді. Осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер жеке-дара қабылдайды және бұл шешімдер артықшылықты акциялармен куәландырылған құқыққа нұқсан келтірмейтін және оны шектемейтін жағдайда жазбаша түрде ресімделуге тиіс.

65. Акционерлердің жалпы жиналысын өткізу нысандары.

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі (бұдан әрі - Заң), жарғымен және қоғамның ішкі қызметін реттейтін қоғамның басқа да құжаттарымен, не акционерлердің жалпы жиналыс шешімімен реттеледі. Тіркеуден өтпеген акционер (акционердің өкілі) кворумды анықтау кезінде саналмайды және дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.

Акционерлердің жалпы жиналысы кворум болғанда хабарландырылған уақытта ашылады.

Акционерлердiң жалпы жиналысы дауыс берудің нысанын анықтайды - ашық немесе жасырын дауыс беру (бюллетеньдер бойынша). Егер қоғамның жарғысында басқа да жағдайлар қаралмағанда, акционерлердің жалпы жиналысының төрағасын және хатшысын сайлау мәселесі бойынша дауыс берген де, әр акционер бір дауыс иемденеді, ал шешім қатысқандардың санынан жай көпшілік дауыспен қабылданады.

Акционерлердің жалпы жиналысы күн тәртібіндегі барлық мәселелерді қарағаннан кейін және олар бойынша шешім қабылданған соң жабық деп танылу мүмкін. Есеп комиссиясы дауыс беру қорытындылары бойынша дауыс беру қорытындылары жөнiнде хаттама жасайды және оған қол қояды. Акционердiң дауысқа қойылған мәселе бойынша ерекше пiкiрi болса, қоғамның есеп комиссиясы хаттамаға тиiстi жазба жасауға мiндеттi.Дауыс беру қорытындылары дауыс беру өткiзiлген акционерлердiң жалпы жиналысының барысында жария етiледi.Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының дауыс беру қорытындылары акционерлердiң жалпы жиналысы жабылғаннан кейiн 10 күн iшiнде баспасөз басылымында жариялау арқылы акционерлерге хабарланады. Дауыс берудің қорытындысы туралы хабарлама тәртібі қоғамның жарғысымен белгіленеді. Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының хаттамасы жиналыс жабылғаннан кейiн үш күннiң iшiнде жасалып, қол қойылуы тиiс. Акционерлердің жалпы жиналысында қаралатын қажетті мәліметтер тізімдемесі Заңның 52-банының 2-тармағымен белгіленген.Қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысының хаттамасына мыналар қол қоюға тиiс:

1) жиналыстың төрағасы (төралқа мүшелерi) және хатшысы;

2) қоғамның есеп комиссиясының мүшелерi;

3) дауыс беретiн акциялардың он және одан көп пайызын иеленетiн және жиналысқа қатысқан акционерлер.

Тұлғалардың бiреуi хаттаманың мазмұнымен келiспеген жағдайда, осы тұлға бас тарту себебiн жазбаша түсiнiктеме бере отырып, қол қоюдан бас тартуға құқылы, ол хаттамаға қоса тiгiледi.

66. Жалпы жиналысты дайындау тәртібі, шақырау, өткізу тәртібі.

Акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысын өткізу тәртібі «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі (бұдан әрі - Заң), жарғымен және қоғамның ішкі қызметін реттейтін қоғамның басқа да құжаттарымен, не акционерлердің жалпы жиналыс шешімімен реттеледі. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысын директорлар кеңесі шақырады.

Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы:
1) директорлар кеңесінің;
2) ірі акционердің бастамасы бойынша шақырылады.
Ерікті түрде таратылу процесіндегі қоғам акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын қоғамның тарату комиссиясы шақыруы, әзірлеуі және өткізуі мүмкін.
Қазақстан Республикасының заң актілерінде акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы міндетті түрде шақырылатын жағдайлар көзделуі мүмкін.Акционерлердің жалпы жиналысын әзірлеу мен өткізуді:
1) атқарушы орган;
2) өзімен жасалған шартқа сәйкес қоғамның тіркеушісі;
3) директорлар кеңесі;
4) қоғамның тарату комиссиясы жүзеге асырады.
Осы Заңда белгіленген жағдайларды қоспағанда, акционерлердің жалпы жиналысын шақыру, әзірлеу және өткізу жөніндегі шығындарды қоғам көтереді.

67. Шаруашылық серіктестіктің директорлар кеңесі, оның мәртебесі, құрылу мақсаты, қалыптасу тәртібі, уәкілеттілігі.

Шаруашылық серіктестіктің директорлар кеңесі акционерлердің жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатқызылған мәселелерді шешуді қоспағанда, қоғамның қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады. мынадай мәселелер директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне жатады:
1) қоғам қызметінің басым бағыттарын және қоғамның даму стратегиясын айқындау немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда қоғамның даму жоспарын бекіту;
2) акционерлердің жылдық және кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы шешім қабылдау;
3) жарияланған акциялардың саны шегiнде акцияларды орналастыру (өткiзу) туралы, оның iшiнде орналастырылатын (өткiзiлетiн) акциялардың саны, оларды орналастыру (өткiзу) тәсiлi мен бағасы туралы шешiм қабылдау;
4) қоғамның орналастырылған акцияларды немесе басқа да бағалы қағаздарды сатып алуы және оларды сатып алу бағасы туралы шешім қабылдау;
5) қоғамның жылдық қаржы есептілігін алдын ала бекіту;
5-1) директорлар кеңесінің комитеттері туралы ережелерді бекіту;
6) алынып тасталды;
7) қоғамның облигацияларын және туынды бағалы қағаздарын шығару талаптарын айқындау, сондай-ақ оларды шығару туралы шешімдер қабылдау;
8) атқарушы органның сан құрамын, өкілеттік мерзімін анықтау, оның басшысын және мүшелерін (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамды) сайлау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
9) атқарушы органның басшысы мен мүшелерінің (атқарушы органның функциясын жеке-дара жүзеге асыратын адамның) лауазымдық айлықақыларының мөлшерін және оларға еңбекақы және сыйлықақы төлеу талаптарын айқындау;
10) ішкі аудит қызметінің сандық құрамын, өкілеттік мерзімін айқындау, оның басшысы мен мүшелерін тағайындау, сондай-ақ олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, ішкі аудит қызметінің жұмыс тәртібін, ішкі аудит қызметі қызметкерлеріне еңбекақы және сыйлықақы төлеудің мөлшері мен талаптарын айқындау;

68. Директорлар кеңесінің құрылымы, жұмысын ұйымдастыру тәртібі.

Аса маңызды мәселелерді қарау және директорлар кеңесіне ұсынымдар әзірлеу үшін қоғамда директорлар кеңесінің комитеттері құрылады.
Директорлар кеңесінің комитеттері мынадай мәселелерді қарайды:
1)стратегиялық жоспарлау;
2) кадрлар және сыйақылар;
3) ішкі аудит;
4) әлеуметтік мәселелер;
5) қоғамның ішкі құжаттарында көзделген өзге де мәселелер.
Директорлар кеңесінің комитеттері директорлар кеңесінің мүшелерінен және нақты комитетте жұмыс істеу үшін қажетті кәсіптік білімі бар сарапшылардан тұрады.Директорлар кеңесінің комитетін директорлар кеңесінің мүшесі басқарады. Тәуелсіз директорлар функцияларына осы баптың 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) - 4) тармақшаларында көзделген мәселелерді қарау кіретін директорлар кеңесі комитеттерінің басшылары (төрағалары) болып табылады.Атқарушы органның басшысы директорлар кеңесі комитетінің төрағасы бола алмайды.
Директорлар кеңесі комитеттерін қалыптастыру және олардың жұмыс істеу тәртібі, олардың саны, сондай-ақ сандық құрамы қоғамның директорлар кеңесі бекітетін ішкі құжатында белгіленеді.

Директорлар кеңесiнiң мүшелерi:
1) акционерлер – жеке адамдар;
2) директорлар кеңесiне акционерлердiң өкiлдерi ретiнде сайлауға ұсынылған (ұсыным берiлген) адамдар;
3) қоғамның акционері болып табылмайтын және директорлар кеңесiне акционердiң өкiлi ретiнде сайлауға ұсынылмаған (ұсыным берiлмеген) жеке адамдар арасынан сайланады.

Директорлар кеңесінің құрамына сайланған адамдардың, егер Қазақстан Республикасының заңдарында және қоғамның жарғысында өзгеше көзделмесе, қайта сайлануына шек қойылмауы мүмкін. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімін акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді. Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі акционерлердің жаңа директорлар кеңесін сайлау өткізілетін жалпы жиналысын өткізу кезінде аяқталады. Акционерлердің жалпы жиналысы директорлар кеңесінің барлық немесе жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Директорлар кеңесі мүшесінің өкілеттігін өз бастамасы бойынша мерзімінен бұрын тоқтату директорлар кеңесіне берілген жазбаша хабарлама негізінде жүзеге асырылады.
Директорлар кеңесінің мұндай мүшесінің өкілеттігі директорлар кеңесі аталған хабарламаны алған кезден бастап тоқтатылады.

69. Шаруашылық серіктестіктердің атқару органдары, оның құрамы, уәкілеттілігі.

Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады.
Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады.
Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
Алқалық органдар ретiнде:
1) басқарма (дирекция);
2) байқаушы кеңес;
3) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.
Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамалық актісінде белгіленген тәртіппен шаруашылық серiктестiгi банкрот деп танылған немесе оңалту рәсімі қолданылған және уақытша, банкроттықты немесе оңалтуды басқарушы тағайындалған жағдайларда, оны басқару бойынша барлық өкілеттік тиісінше уақытша не банкроттықты немесе оңалтуды басқарушыға өтеді.
Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi осы Заңмен, заң актiлерiмен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.

70. Акционер (қатысушы) құқықтарының пайда болуы.

Акционердің құқықтары АҚ құрыла бастаған кезден пайда болған. Бүгінде акционерлердің құқықтары АҚ-мен бірге құрылады.

1. Қоғам акционерi:
1) осы Заңда және (немесе) қоғамның жарғысында көзделген тәртiппен қоғамды басқаруға қатысуға;
2) дивидендтер алуға;
3) қоғамның қызметi туралы ақпарат алуға, оның iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысында немесе қоғамның жарғысында айқындалған тәртiппен қоғамның қаржылық есептiлiгiмен танысуға;
4) қоғамның тiркеушiсiнен немесе номиналды ұстаушыдан оның бағалы қағаздарға меншiк құқығын растайтын үзiндi көшiрмелер алуға;
5) қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналысына қоғамның директорлар кеңесiне сайлау үшiн кандидатуралар ұсынуға;
6) қоғамның органдары қабылдаған шешiмге сот тәртiбiмен дау айтуға;
7) қоғамның дауыс беретін акцияларының бес және одан да көп пайызын дербес немесе басқа акционерлермен жинақтап алғанда иеленген кезде, осы Заңның 63 және 74-баптарында көзделген жағдайларда, &#


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: