Популяциялар экологиясы –демэкология

Жоспар

1.Популяция туралы түсінік,Статикалық және динамикалық түрлері

2. Статикалық түрлері:саны, тығыздығы, жыныстық және жастық құрылымы

3. Динамикалық түрлері: туылуы, өлімі, өсу жылдамдығы.

Популяция ұғымы латын тілінен аударғанда populus- халық, тұрғындар деген

мағынан білдіреді.Популяция дегеніміз бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болатын және

үлкен территорияда бірігіп тіршілік ететін бір түрге жататын даралар

тобы.Популяциялардың күйі мен тіршілігі популяцияның жалпы санына және олардың

кеңістікте орналасуына байланысты болады.Популяцияны құрайтын даралардың кеңістікте

таралуы әртүрлі болады.Ол даралардың қолайлы және қолайсыз физикалық жағдайларға

немесе бәсекелестік қатынастарға жауабын көрсетеді.Даралар мен олардың топтарының

таралуы кездейсоқ, бірқалыпты және топтық болып бөлінеді.Кездейсоқ таралу тек біртекті

ортада немесе жиналуға қабілеті жоқ түрлерде байқалады.Бірқалыпты таралу табиғатта өте

сирек кездеседі.Ол көбінесе әртүрлі даралар арасында бәсекелестікке байланысты болады.

Топтық таралу – табиғатта жиі кездеседі.Топтардың өзі кездейсоқ немесе жиналып таралуы

мүмкін. Популяцияларға өсу, даму, үнемі өзгеріп отыратын жағдайда тіршілігін сақтауға

қабілеттілік тән. Яғни популяциялардың белгілі бір генетикалық және экологиялық

сипаттамасы болады.Популяцияның сандық көрсеткіштері статикалық және динамикалық

болып жіктеледі.

Статикалық көрсеткіш популяцияның қазіргі уақыттағы күйін сипаттайды, оған:

популяцияның саны, тығыздығы және құрылымдық көрсеткіштер.

Популяция саны – дегеніміз белгілі бір территориядағы жануарлар мен өсімдіктердің

саны.

Популяция тығыздығы – білгілі бір аудан бірлігіне келетін даралар санын айтады.

Мысалы, бір шаршы киллометрге келетін адам саны, Қазақстанда бір шаршы киллометрге

5,5 адамнан келеді.

Популяция құрылымы. Әрбір популяцияның өзіндік құрылымы бар: жастық

(әржастағы түрлердің қатысы), жыныстық және кеңістіктік (аймақтық). Популяцияларды

зерттеудің маңызы зор, себебі бұл нәтижелер практикалық қолданыс табуы мүмкін, мысалы,

зиянкестерді зерттегенде, табиғатты қорғау мәселесін шешкенде және т.б. жағдайларда.

Популяцияны зерттегенде олардың сол уақытттағы санына ғана емес, ең алдымен олардың

орта факторларына байланысты өсуіне, сүйемелденуі мен кемуіне мән беріледі.

Популяцияның бұл тарауы популяция динамикасы деп аталады. Популяцияның жыныстық,

жастық, территориялық және т.б. түрлері бар. Егер популяция ішінде әр жастағы түрлердің

сандары бірдей деңгейде болса, онда бұл популяцияның өмірсүрушілік қасиеті жоғары

болады. Бұндай популяцияны қалыпты популяция деп атайды. Егер популяция ішінде

түрдің кәрі жастары көп болса, онда бұл популяцияны регрессивті немесе өліп бара жатқан

популяция деп атайды. Бұл жағдайдың себебін табу үшін және олардың әсерін азайту үшін

шұғыл түрде шара қолдану керек. Жас дарақтардың саны көп популяциялар инвазиондық

немесе өніп жатқан популяция деп аталады. Әр түрлі түрлердің саны белгілі бір уақытта

қалайша өзгеретіндігі туралы мәліметтер, энергия мен биомассалардың ағынын зерттегенде

қолданылып, экожүйелер теориясының жасалуына жәрдемдеседі. Егер фитопланктон

динамикасы бойынша жүргізілген бірқатар ұзақ зерттеулерді есепке алмасақ, популяция

динамикасы бойынша жұмыстардың басым бөлігі жануарларда және микроағзаларда

жүргізіледі. Өсімдіктермен, әсіресе, дақылдармен жұмыс жүргізгенде дарақтардың санын

емес, биомассасын есепке алған орынды. Өсімдіктер популяциясының динамикасы

жануарлар популяциясының динамикасына қатты әсер етеді. Сондықтан мысалы, адам

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 16 беті

популяциясын (демографияны) зерттегенде әдетте негізін өсімдіктер құрайтын азық- түлік

ресурстарын да санатқа алады.

Динамикалық көрсеткіштер белгілі бір уақыт аралығында популяцияда болатын

өзгерістерді сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оларға: өлім саны, туылу саны және

популяцияның өсу жылдамдығы жатады. Популяция санының ауытқуының шартты

себептерін атап көрсетуге болады:

1.азық мөлшерінің жеткілікті болуы популяция санының артуына әкеледі, бірақ өсудің

максималды шамасында азық шектеуші фактор болады. Азық қорының жетіспеуі популяция

санының кемуіне әкеледі.

2. популяция санының артуы мен кемуі мекен ету ортасы үшін бірнеше

популяциялардың бәсекелесу процесінде байқалады.

3. жыртқыш пен жемтік, паразитпен иесі арасындағы күрделі өзара қатынастар

популяция санының ауытқуына себеп болады.

4. абиотикалық факторлар (температура, ылғалдылық, ортаның химиялық құрамы)

популяциялар санына көп әсер етеді және олардың ауытқуларын туғызады.

Популяция ішілік реттеуші механизмге эмиграция жатады. Эмиграция – берілген

ареалдың қолайсыздау бөліктерінен популяцияның бір бөлігінің орын ауыстыруы.Тығыздық

артып кеткен жағдайда бірқатар сүтқоректілер мен құстарда эмиграция байқалады.

И.И.Шмальгаузен барлық биологиялық жүйелер белгілі бір дәрежеде өздігінен реттелуге

яғни, гомеостазға қабілетті (грек тілінен аударғанда homoios – ұқсас, сол, stasis-қозғалыссыз,

тұрақты) болады деді. Гомеостаз – тірі жүйелердің, соның ішінде популяциялардың

қоршаған ортаның өзгермелі жағдайында тұрақты динамикалық тепе-теңдікті ұстап тұруға

қабілеті.

Туылу саны (туылу жылдамдығы) – белгілі бір уақыт аралығында дүниеге келген

даралар саны.

Өлім саны (өлім жылдамдығы) - белгілі бір уақыт аралығында өлген даралар саны.

Туылу мен өлім сандарының қатынасы популяцияның өсу жылдамдығын береді.

Өмір сүру ұзақтығы – физиологиялық және максималды болып екіге бөлінеді.

Популяция санының флуктациясы және реттелуі.

Сыртқы жағдайлардың периодттылығы және ағзаның ішкі эндогенді ырғақтарының

пайда болуы, популяциялардың флуктациясы экожүйенің биоталық бірлестіктерінің

циклдылығына синхронды әсер етеді. Тәуліктік циклдар жоғары континетті клиаматта өте

анық білінеді, себебі түн мен күн ұзақтықтарының айрмашылығы елеулі болады.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар

1. Демэкология нені зерттейді?

2. Популяция дегеніміз не? Популяциялық экологияның негізін салушы кім?

3. Популяцияның ағзалар тобы ретінде негізгі қасиеттерін атаңыз.

4. Ағзалар популяциялық тобын зерттеудің маңызы неде?

5. Популяцияның осу қисықтары туралы айтыңыз. Аталған қисықтардың формалары

немен түсіндіріледі?

6. Популяция санының өзгеруі тірі ағзалардың қандай бейімделу реакцияларымен

байланысты?

7. Популяцияның санына әсер ететін факторлардың қайсысы популяцияның

тығыздығына байланысты және қайсысы байланысты емес?

8. Экологиялық қуыс дегеніміз не?

Негізгі әдебиеттер:

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003

2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.

3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.

042-14.4.05.1.20 35/03-2013 №2 Басылым беттің 17 беті

4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

5.Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқашы курсы А, 2010

№ 5 дәріс


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: