Смагулова Г.М., 9 страница

Сондықтан да, осыған қарсы ұйымдасқан қылмыстық полиция орталығын құру қажеттігі туды.

1923 жылы 3-6 қырқүйек Венада халықаралық полициялық Конгресс өтті. Бұл Конгресстің бас талапкері Австриялық полицай-президенті Иоганн Шобер болды. Дәл осы адамның және Австрия үкіметтің талабы бойынша халықаралық қылмыстық полицияның комиссиясы Австрияда құрылу туралы шешім қабылданды. Бұл Конгресстің күн тәртібіне келесі сұрақтар қарастырылды:

- қылмыстық полиция органдарының үкіметаралық байланысты ұйымдастыру;

- қылмыстық қылмыспен күресті эффиктивлілігін реттеу;

- қылмыскерлерді беру;

- құқықтық органдардың іскерлік және халықаралық тілдерді еңгізу;

- криминалистік ғылымын жетілдіру және дамыту.

Веналық Конгресстің нәтижесі және қорытындысы бойынша барлық мүше - мемлекеттер өз елінде ұлттық полициялық орталық құру тиіс болды. Конгресске шақырылған барлық өкілдер өз мемлекетінен ешқандай шешім қабылдауға рұқсат алмағанына қарамастан, нақ осы жерде халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы (ХҚПК) осында пайда болды. Яғни, 1923 жылдың 6 қыркүйегінен бастап Интерпол құрылды деп есептеледі. Атында қолданылған «комиссия» термині, бұл жеке ұйым ретінде емес, тек халықаралық полиция конгресстерінің көмекші бөлімше екендігін білдіреді.

1924 жылдың мамырында халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы, келешекте атқарылатын жұмыс бағыттарын белгілейтін өте маңызды резолюция қабылдады. Олар:

- халықаралық қылмыстың фактілерін жинақтайтын ақпараттық бөлімше құру;

- дәлелдеу және халықаралық дәрежеде қылмыскерлерді іздеу жүйесін дайындау;

- қашықтан адамның идентификациялау бөлімшелерін ұйыдастыру;

- халықаралық полиция газеттің басылымын шығару;

- жасанды құжаттар мен банкноталарды жасаудың алдын алу және анықтаудың бірыңғай бағдарламасын құру. Осы жерде мына нәрсені көрсете кету жөн: 1930 жылға дейін халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы тек австрияның қаржылық бөлімдеріне сүйене отырып қызмет атқарды.

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы (ХҚПК) ұйымның жұмысы мен бағдармаларды қарастыратын отырыстары келесі қалаларда өтті: Вена (1934 ж.), Копенгаген (1935 ж.), Белград (1936 ж.), Лондон (1937 ж.), Бухарест (1938 ж.). Сонымен қатар бұл ұйымның тарихында жағымсыз жағдайлары да болды. Мысалы, 1940 жылы, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталмай - ақ, ұйымды немістің қауіпсіздік қызметі басқарды. Ал олар болса өзінің зұлымдық ойлары үшін ұйымның мұрағатын пайдаланды.

Соғыс аяқталғаннан кейін Батыс мемлекеттердің полициялық қызметкерлері белсенді жұмыс істей бастады. Ал екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының кезекті отырысын өткізуді өз басына Ф. Луваж (соғысқа дейін Бельгияның комиссиясының өкілі болды, Заң министрлігінің бас инспекторы), Г. Содерман (атақты шведттік криминалист, соғысқа дейін комиссияда жұмыс істеді), Р.М. Хау (ағылшындық скотланд - Ярдттың басқарушысы), М. Луне Дюкло (Францияның Сюрте насьональ ішкі істер министрлігінің қылмыстық полициясының директоры) және В. Мюлер (Швейцарияның астанасы Дерн қаласының полициясының президенті) алды. Сонымен қатар Ф. Луваждың орнын көрсете кету жөн. Ол өз үкіметінен (Бельгия) қабылдаушы мемлекет ретінде Бельгия болуына рұқсат алды. Осылайша 1946 жылдың 3-5 маусым аралығында Брюссельде 19 мемлекеттің полициялық ведомстваларының өкілдері қатысқан халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының жаңдандыру шешімі қабылданды.

Конгреске қатысушылардың барлығы да бір сұрақ халықаралық қылмыстық полиция комиссиясын жандардыру керек екендігін айтты. Бұл Конгресте 19 мемлекет өздерінің халықаралық қылмыстық полиция комиссиясына мүше екендігін растап, бөлімшелердің жұмысын қайта жаңғыртты. Сонымен қатар ұйымның бас–пәтерін Францияға, Парижге ауыстыру шешімін қабылдады. Ал Франция осыған барлық қолайлы жағдай жасады (жеке ғимарат берді, бас-пәтерде жұмыс істейтін персоналды ұстауына байланысты жартылай қаржылындыруды өзіне алды). 1946 жылы халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы, 1923 жылғы Жарғының орнына Уақытша жарлық қабылдады. Бұл уақыттың ерекшелігі – Уақытша жарлық та, ескі жарлық та бірдей жұмыс істеді.

Халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Бас Ассамблеясының 20-шы сессиясының жұмысына Американың қазына өкілдері қатысты. Бұл жағдай, халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының Федеральдік іс жүргізу бюросының орнын Қаржы министрлігінің казначействосының қызметі басты. Оның ерекшелігі - (оның алдындағы ФРБ-ге қарағанда) ол тек азаматтық қызметтегі мүшелерден болды. Ол қаржылық қылмыстық істерді шешуге көмектесті.

1954 жылы Стамбулда өткен халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының 24 – ші жыл сайынғы сессияда ұйымның жаңа жарғысының жобасын дайындау шешімін қабылдады. Ол шешімді қабылдаудың бас мәселесі – ол көптеген мүше мемлекеттерде әкімшіл-құқықтық жарғысына баға беру және халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құқықтық статусына байналысты қарама-қайшылықтың пайда болуы. Оған қоса, сол уақытта халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы толыққанды, ресми, халықаралық құқық субъектісі ретінде бекітілген жоқ еді. БҰҰ-да халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы тек үкіметтік емес ұйым ретінде ғана бекітілген болатын. Ал бұл жағдайда үкіметтік емес ұйымның белгісі төмендегілерді құрады:

- ұлттық қауымдық ұйымдардың бірлестігі,

- жеке құқылық мүшелер мен жеке қалалардың бірлестігі.

Бірақ, ұйымдық–заңнамалық формада, халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының құрушылық құжаттарында көрсетілген белгілер болмады. Оған қоса, ХҚПК-ң жарғысында оған мүшелік ережелері нақты көрсетілмеген болатын. Бұл белгісіздік ең түрткі мәселелердің бірі болды. Сонымен қатар, «халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы» дегенде «комиссия» темині оның мақсаттарына қайшы келді. Ал халықаралық тәжірибеде «комиссия» термині басқа ұйыммен бірлестікте және оның қол-астында жұмыс атқаратын «ұйым» деген мағына берді. Сондықтан да бұл атау, сол кезеңде ұйымның алып отырған мәртебесіне тең келмеді. Тағы бұл жарғыда кеңею мен жаһандану туралы, ұйымның мемлекет аралық қылмысқа қарсы жұмыс қатынастарында алатын орны туралы айтылмады.

1956 жылы Венада өткен 25-ші мерекелі халықаралық қылмыстық полиция комиссиясының бас Ассамблеясында Полициялық ұйымныңЖарғысы қабылданды. Ал оны дайындаушылар 1923 жылғы жарғысында қарастырылмаған барлық кемшіліктерді түзетіп, толыққанды, заңнамалық тұрғыда дұрыс әзірлеген Жарғы дайындады. Бұл Жарғыда:

- ұйымның құзыреті көрсетілді;

- ұйымның мақсаттары мен міндеттері айқындалды;

- халықаралық қылмыспен халықаралық деңгейде күресуде қатысудың принциптері көрсетілді;

- нақты түрде ұйымның құрылымы көрсетілді,

- әр құрылымдық бөлімшелерінің функциялары анықталды;

- олардың (құрылымдық бөлімшелерінің) бағыну жүйесін жасады;

- басқарулық шешімдерді қабылдау реті көрсетілді.

Қабылданған жаңа жарғының ерекшеліктерінің бірі, бұрын қолданылған «комиссия» термині «ұйым» терминіне ауыстырылды. Интерполдың Жаңа жарғысының 1-ші бөлімінде «халықаралық қылмыстық полиция комиссиясы деп аталынған ұйым, енді Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымы – Интерпол деп аталынады» делінген. Сол кезден бастап Бас Ассамблеяның отырысында қабылданған жаңа Жарғыға сәйкес ұйым Интерпол атымен аталынып, жұмыс істей бастады.

Ал ресми құрушылық құжаттың жоқ болуы, Интерполдың шын мәнінде үкіметтік емес ұйымның екендігін дәлелдейді. Сонымен қатар жарғының 4-ші бабына сәйкес, ұйымның мүшесі болып тек қана полициялық мекемелер кіре алады. Мемлекеттер туралы ештене айтылмаған. Одан шығатыны:

1. Халықаралық қылмыстық полиция - Интерпол, өз күшімен істерді жүргізе алмайды. Оның басты себебі, ұйымның күші мен жағдайы келмегендіктен.

2. Мемлекеттің заң сақтау органдары, басқа мемлекетте қашып жүрген қылмыскерді ұстау үшін, ұйымдастырушылық - басқарушылық шаралардан өту керек. Ал ол шаралардан өту - тек әртүрлі мемлекеттердің полициялық қызметтің ұйымдастырушылық пен қызметтің координациялық тиімді болуы керек.

Халықаралық қылмыстық полицияның халықаралық қылмыспен күресуде алатын орны, ол: бірігіп өзара қылмыстық істердің құқықтық көмек көрсеті процедурасын құру; ұлттық маңызы бар заңнамалық актілерді унификациясы мен үйлесімділігі немесе халықаралық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес консультацияларды, конференцияларды, конгрестерді өткізу.

1971 жылы Интерпол мен БҰҰ-ң Экономикалық және әлеуметтік Кеңесі (ЭКОСОС) арасында жасалынған келіссөзде ұйымның үкіметаралық статусы заңды түрде бекітілді. Ал 1996 жылдың 15-ші қазанында БҰҰ-ң Бас Ассамблеясында қабылданған резолюцияға сәйкес Интерполдың БҰҰ-ң Бас Ассамблеясында қатысушы мүшелігінің әкімшілік-құқықтық статусы расталды. Сол кезеңнен бастап, Интерпол ресми халықаралық деңгейде танылды. Халықаралық нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Интерпол заңды мүше болып, әр мүше мемлекеттің заң шығарушы актілерге сәйкес емес, халықаралық құқыққа сәйкес жұмысын атқарады.

Осылайша XX ғасырдың басында алғашқыда халықаралық қылмысқа қарсы күштерді біріктіру идеясынан басталып, кейіннен мәртебесі БҰҰ-ның Жарғысына сай халықаралық қылмыстық полиция ұйымы – Интерпол, бүгін де халықаралық қатынастар жүйесінде бірде бір әмбебап ұйым болып отыр.

1923 жылы қабылданған Интерполдың Жарғысында ұйымның құрылымына ешқандай назар аударылмады. Тек 1956 жылы ғана Интерполдың құрылымы басқа ұйымдардың құрылымдары сияқты, көбінен БҰҰ-ның құрылымы негізге алдынды.

Халықаралық қылмыстық полиция – Интерпол жарғысының 5 бабына сәйкес, ұйымның құрылымы келесідей:

- Бас Ассамблея;

- Атқарушы комитет;

- Бас хатшылық;

- Ұлттық орталық бюро;

- Кеңесшілер.

Бас Ассамблея Интерполдың басты атқарушы органы болып табылады. Ал оған мүшеліктің саны ешбір нормативтік актілерде көрсетілмеген. Яғни оның мүшелігі Интерполдың мүше-мемлекеттерімен анықталады.

Бас Ассамблеяның қызметі Жарғының 6-14 баптарының 2-38 бөлімдерінде заңдастырылған. Сонымен қоса, 1996 жылғы Бас Ассамблеяның 65-ші сессиясында процедуралар ережелері қабылданып, 1997 жылы ол күшіне енді. Ол ережелер мүше- мемлекеттің делегаттарының өкілеттігін тексереді, Бас Ассамблеяның отырыстарында Атқарушы комитеттің мүшелерінің құқықтық мәртебесін анықтайды.

Жыл сайынғы Интерполдың Бас Ассамблеясының отырыстарында келесі жылға қызметтің бағдарламасы қарастырылып, қабылданады. Ал қарастырылып отырған мәсеселерді оперативті түрде әрі туындаған нақты сұрақтарды шешу үшін Бас Ассамблеяның арнайы комитеттері құрылуы мүмкін. Осылайша 5 мүшеден құрылатын ad hoc арнайы комитеті (оның 2 мүшесі Атқарушы комитетпен сессия жұмысында тағайындалады, калған 3-і Бас Ассамблеямен тағайындалады), ұйымның мүше- мемлекеттерінің мүшелік жарналарын төлеуін, қаржылық ережелердің өзгеруін еңгізу шараларымен істейді. Бас Ассамблея болса, шешімдерді тек пленарлық отырыстарда және тек резолюция ретінде қабылдай алады. Ол резолюциялар ешбір мемлекетке міндеттілікті мойындатпауы тиіс. Заң сақтау қызметіне байланысты сұрақтарды қабылданған резолюцияларды орындау, мемлекеттер үшін міндет емес, яғни олар ұсыныс ретінде қарастырылуы керек.

Атқарушы комитет -Ұйымның әкімшілік органы болып табылады. Ол органның атқарушылығы шектеулі, мүшелігі санаулы орган яғни оның Президенті, - вице-президенті, Интерпол мүше - мемлекеттерден 9 өкілдерінен құралады. Ұйымның президенті 4 жыл мерзімге сайланады. Ал 3 вице-президенті Бас Ассамблеяның сессияларында мүше - мемлекеттердің делегаттардан сайланады. Сонымен қатар ұйымның Президенті мен вице-президенттері әлемнің төрт құрлығынан болуы тиіс (Азия, Америка, Африка, Европа). Ал мерзімдері аяқталғаннан кейін олар тағы бір мерзімге өз орындарына немесе Атқарушы комитетке делегаттар болып сайлануына құқықтары бар. Ұйымдастырушы-құрылымдықтың ерекшелігі, оның Атқарушы комитеттің 13 мүшесі Интерполдың мүше-мемлекеттерінің географиялық орналасуын есепке алды. Онда барлық мүше - мемлекеттерінен өкілдер болу керек және олар географиялық өкілдіктердің әділетті принциптері бойынша бекітіледі.

Интерполдың тұрақты әкімшілік - атқарушылық органы Бас хатшылық атқарады. Бұл орган Бас Ассамблеяда және Атқарушы комитет қабылдаған барлық шешімдер мен резолюциялардың, ұсыныстардың жүзеге асуын қадағалайды. Бас хатшылықты – бас хатшы атқарады. Бас хатшы Бас Асссамблеямен 5 жыл мерзімге тағайындалады. Барлық қаржылық-әкімшілік сұрақтарда ол Бас Ассамблея мен Атқарушы комитеттің алдында есеп береді. Бас хатшылықтың жұмысын халықаралық құқықтық статусы бар 380 тұрақты жұмыскерлері жүзеге асырады. Оның басты функциясы – Интерполдың халықаралық қылмыспен күресуге көмектесу.

Бас хатшылық пен ұлттық полиция орталықтары арасында жүргізілетін жұмыс келесі бағыттарда жүргізіледі: тұлға мен жеке меншікке қарсы қылмыстар; ұйымдық қылмыс пен терроризм; заңсыз түрде есірткі, психотроптық заттар, қару-жарақ және атылыс заттар трафигі; адамдарды сату; кәмелет жасқа толмаған жастарға қарсы қылмыс; алдаушылық; өтірік ақша жасау; экономика саласындағы қылмыс.

Мүше – мемлекеттердің заңсақтау органдары мен Бас хатшылықтың ұйымдастырушылық және координаторлық ролі мынадай:

- оперативтік ақпаратты ұйымдастыру және жіберу;

- ұрламған жеке меншіктің ісдеу карталары;

- нақты қылмыстар мен қылмыскерлер туралы мәліметтер жазылған әртүрлі циркулярлық хаттар, брошюралар;

- жұма сайын тәркіленген есірткі заттар, алдаушылар, ұшақ ұрлаушылар туралы мәлемет беру.

Бас хатшылықтың құрылымына келсек, ол төмендегідей:

- әкімшілік бөлім (бірінші бөлім);

- ақпатар алмасу және байланыс бөлімі (екінші бөлім);

- заң бөлімі (үшінші бөлім);

- техникалық жабдықтау бөлім (төртінші бөлім).

Бірінші бөлім - ұйымның жұмысының әкімшілік-тұрмыстық сұрақтар, Бас Ассамблеяның сессияларына және басқа отырыстарға дайындық жүргізу, іс-жүргізу. Сонымен қатар нормативтік құжаттарды дайындау секторы, бухгалтерлік - қаржылық бөлімшедер, іпсіздік қызмет пен делегацияларды қабылдау мен конференцияларды жүргізу кіреді.

Екінші бөлім - бұл бөлімнің жұмысы полициялық ақпарат жинау, криминалистік есеп жүргізу, халықаралық іздеу хабарлар құру, барлық мәліметтердің электронды архивтілеу. Сонымен бірге бұл бөлімнің жұмысына полициялық ақпаратты өңдеу мен автоматтық іздеу жабдығын тексеру.

Ақпарат алмасу және байланыс бөлімінің құрылымы:

- Еуропалық байланыс бюросы;

- Аймақтық үйлестіруші бюросы;

- Қылмыстың алдын алу және жалпы құқықтық қылмыс бөлімі;

- Экономикалық және қаржылы–несие қылмыстың алдын алу және тоқтату бөлімі;

- Есірткі заттарды заңсыз сатудың алдын алу және тоқтату бөлімі;

- Полициялық ақпарат алмасу бөлімі.

Еуропаның халықаралық қылмыспен күресуде алатын орнын есепке ала отырып, 1986 жылы Бас хатшылыққа бағынышты Еуропалық хатшылық құрылды. Еуропалық хатшылыққа келесідей міндеттер жатқызылды:

- Халықаралық қылмыстың алдын алу мен тоқтатуға бағытталған шараларға үлес қосу;

- Еуропалық заңсақтау органдардың аса маңызды (мысалы, есірткі заттардың ірі партияның әкелінуі) жұмысын координациялау.

1988 жылы еуропалық хатшылықтың жұмысы кеңейтіліп, ол Еуропалық байланыс бюросына (ЕББ) атын ауыстырды. Бірақ оның құқықтық статусы бұрынғыдай сақталынды. Еуропалық байланыс бюросының функцияларына еуропалық комитеттің және Интерполдың Еуропадағы аймақтық конференциялардың жұмысының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету және Еуропалық мемлекеттердің нақты істер бойынша байланысты қамтамасыз ету.

Аймақтық үйлестіруші бюро Интерпол шеңберінің ішіндегі кеңеюіне байланысты 1994 жылы құрылды. Оның басты мақсаты – аймақтық және субаймақтық комитеттерге әкімшілік көмек көрсету. Бұл аймақтық бюролар аймақтық саясатты жүзеге асырып, оны қадағалау үшін жасалынған. Ал қаржы сұрақтары Интерпол мүше–мемлекеттердің тарабынан және жартылай Бас хатшылықпен қаржыланады. Бұндай аймақтық бюролардың пайда болуы 1985 жылға байланысты. Осы жылы Интерполдың аймақтық полиция ынтымақтастық жұмыстарын дамыту мақсатында осы шаралар жасалынған болатын.

Әр аймақта аймақтану үрдісі әртүрлі болғандықтан, Бас Ассамблеяда біріңғай аймақтану стратегиясы жасалынған болатын. Оның басты мақсаттары «Халықаралық қылмыстық полиция - Интерполдың аймақтану стратегиясы» деген құжатында жазылған болатын. Ал көрініп отырғандай соншалықты үлкен құрылымы бар, сонымен қатар аймақтық және субаймақтық бюролары бар халықаралық ұйым трансұлттық қылмыспен күресуге күші жетпейді. Бірақ осыған қарамай, бұл ұйым жылдан жылға геометриялық прогрессиямен өсіп бара жатыр.

Қазіргі таңда Интерполдың 7 субаймақтық станциялары бар. Бұл станциялар ақпаратты өңдеумен, алмасумен келесі аймақтарда жұмыс істейді:

- Бангкок (Оңтүстік – Шығыс азия мен заңсыз есірткі заттар сатумен айналысатын бюро);

- Буэнос-Айрес (Оңтүстік Америка аймағы үшін);

- Сан-Сальвадор (Кариб бассейні елдері үшін);

- Харара (Оңтүстік Африка үшін);

- Найроби (Шығыс Африка үшін);

- Абиджан (Батыс Африка үшін).

Техникалық қамтамасыз ету бөлімі барлық аймақтарды, бөлімшелер мен бюроларды керекті ең дамыған техника жабдықтарымен қамтамасыз етеді. Кез-келген ақпаратты алу үшін Бас хатшылықта орталықтардырылған ақпарат іздеу автоматтандырылған жүйе бар. Ол барлық мүше-мемлекеттер үшін автономды режимде керек ақпаратты ақпарат базасынан табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде базада 110 мыңнан астам адам туралы мәлемет бар (аты-жөні, туу датасы, ұлты, өтірік аттары мен атаулары, паспорттардың және басқа да құжаттардың номері). Сонымен қатар базада ұрланған мәдени мұралар, антиквариат, заңсыз ақша туралы мәліметтер бар. Аталған база фотосуреттер мен түрлі-түсті және қара түсті қол іздерін жіберуге мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда базада: қылмыс жасаған тұлғалар; қылмыстың категория бойынша классификациясы,қылмыстың орны мен істеліну тәсілдері; конфискацияланған психртроптық және есірткі заттар; анықталған өтірік банкноттар; ұрланған антиквариат пен мәдени мұралар; саусақтар іздері сияқты мәліметтер тіркелген. Бұл базада барлық 10 саусақтың іздері бар. Бұл жүйені істеу мен дамыту – Галтон-Генридің классификациялық жүйесі алынған. Бұл жүйе қателіксіз қылмыскерлердің, қайтыс болған адамдар мен есі жоқ тұлғаларды табады; қылмыскерлердің және жоғалып кеткен адамдардың фотосуреттері.

Бас хатшылықтың Х-400 жабдығын кіргізіп пайдалана бастағаннан бастап Интерпол трансұлттық қылмыспен күресе алатындай жағдайға жетті. Сонымен қатар 2001 жылдын 24-28 қыркүйегінде Будапеште өткен Интерполдың Бас Ассамблесында жаңа эффективті модемдік телевизиялық «Атлас» жүйені еңгізуді бекітті. Бұл жүйе тек аймақтық бөлімдер үшін емес, сонымен бірге барлық 182 мүше-мемлекеттердің талаптарын қанағаттандырады.

Бірақ мамандардың айтуы бойынша Х-400 жүйесі қазіргі замандағы талаптарға сай келмейді. «Атлас» жүйесіне қосылу 2002 жылдың 4-ші тоқсанында басталды. Оны қаржыландыру 2002 жылы 2 688 000 евроны құрады. Ал Қазақстан Республикасы I-24/7 жүйеге 29.04.2004 жылы ғана қосылды.

Дегенмен де Интерпол техникалық жабдықтау бойынша, ұйымдастырушылық құрылымы бойынша, бас-пәтердің кадрлық жабдықтау бойынша және субаймақтық бөлімшелер бойынша ең мықты ұйым болып есептеледі. Бірақ халықаралық қылмыстың алдын алу мен болдырмау жүйесінде әлі де болса кемшіліктер бар. XXI ғасырда осы кемшіліктерді жою үшін жаңа бағдарламалар мен жоспарлар жасау интерпол қызметі үшін маңызды.

Қазіргі кездегі жағдайларды назарға ала отырып, халықаралық қылмысқа қарсы күресуді дамыту үшін - ең алдымен халықаралық құқықтың принциптерін сақтау керек. Интерполға мүше-мемлекеттердің құқыты қорғау органдарының бірігуінің идеясының бірі – жазаның толық мөлшерде болу принципі. Интерпол Жарғысының 2-ші бабында «Интерпол - жалпы қылмыстық қылмыстың алдын алу мен қарсы күресуде үлес қосу керек»,- деп жазылғандай Интерпол, халықаралық қылмысқа қарсы тек қана алдын ала қоймай, белсенділік көрсету керек. Бұл белсенділік жеке ұлттық орталық бюролардың сұрауы бойынша емес, өзінен өзі шығу керек әрі ұйымның жұмысы нақты мақсаттармен шектелмеу керек. Стратегиялық жоспарда Интерпол қызметі аналитикалық зерттеу жұмыстарын өткізу бар. Өйткені көбінен осы жұмыстан ұйымның болашақ жоспарлары, қызметтің функционалдығы мен эффективтілігі тәуелді болып отыр. Осы жұмысы Бас хатшылықтың міндетіне кіреді. Аналитикалық - зерттеу жұмыстарын өткізіп, бас хатшылық аймақтық бюроларлың, жалпы ұйымның қызметіне толықтырулар мен түзетулер еңгізу керек. Бұл жұмыс бюролар қызметінің позитивті немесе негативті жақтарын ашып көрсетеді, және осыған байланысты дер кезінде керек шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Ол келесі сұрақтар бойынша болуы мүмкін:


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: