Смагулова Г.М., 10 страница

- Бас Ассамблея мен Жарғы қалай орындалады, сақталады;

- Бас хатшылықтың, мүше-мемлекеттердің сұраныстары мен тапсырмалары қалай орындалады;

- Ассамблея немесе бас хатшылық қарастыра алатын мәселелердің болуы;

- Мүше-мемлекеттердің ұлттық Орталық бюролары қарастыра алатын мәселелердің болуы, және даму деңгейі;

- Интеграция мен халықаралық қылмыстың интенсификация жағдайында Жарғының қай фокторлары тоқтату, ұстау міндетін атқарып отыр;

- Ұлттық Орталық Бюролардың жалпы хал-жағдайы (техникалық жабдықтау бойынша, кадрлардың біліктілігі);

- Интерполдың мүше-мемлекеттердің арасындағы өзара қатынастардың қарқындылығы.

Осы жағдайларды дер кезінде анықтау, Интерполдың атқару жүйесінің қисынды болуына мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде кейбір мүше-мемлекеттер Ұлттық Орталық Бюролардың мүшеліктен шығып кету сұрақтарын шығарып отыр. Ол неліктен? Көбінен ол ұйымдастырушылық-атқарушылық сұрақтарына байланысты болып отыр. Олардың біршамасы: халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының Жарғысының Интерпол қызметінің ұйысдастыру мәселелеріне ғана бағдары; халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымының Жарғысында Ұйымның ғана емес, сонымен қатар Ұлттық Орталық Бюролардың нақты құқықтық статустың, функцияларының, өкілеттіклігінің регламенттің болмауы; Бас хатшылық пен Ұлттық орталық Бюролар арасындағы біріңғай атқару жүйесінің болмауы; Интерполдың Бас Ассамблеясының атқарушылық шешімдерінің баяулылығы.

Бұл жағдайдың пайда болуы, толықтай ұйымдастырушылық-атқарушылық жүйесін қайтадан қарастыруға әкеліп отыр. Бұл өзгерістер қазіргі жағдайлардың талабына сай болуы керек.

Интерполдың Бас хатшылықтын ұйымдастырушылық- құрылымдық функциялары келесі талаптарға сай болу керек:

- шапшандық;

- оперативтілік;

- үнемділік;

- басқарулық.

Ал одан кейін Ұлттық орталық Бюролардың функцияларын анықтау керек.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Орталық Бюросының функцияларын анықтау - күрделі, көпаспектілі мәселе. Ол:

- Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің ішкісалалық қатынастар өрісінде;

- Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігінің, Қауіпсіздік Комитетінің, Бас прокуратураның жәте басқа бөлімшелердің салаарасындағы қатынастар өрісінде;

- Бас Хатшылық пен мүше-мемлекеттердің арасындағы сыртқы қатынастар өрісінде.

Аталған өрістер қоғамдық қатынастар жиынтығы бола отырып, ұйымдастарылып және реттеулуі тиіс.

Интерполдың қызметін қорытындылай келсек, функциялар мен өкілеттілікті дұрыс бағыттау үшін, әуелі халықаралық жағдайды, процесстер мен құбылыстарды түсіні керек. Одан кейін фактілерді еске ала отырып, ұйымның басқарушылық саласына толықтырулар еңгізу керек, және де Ұлттық орталық Бюролардың функциялары мен өкілеттілігін дұрыс бағыттау керек.

Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасы халықаралық қоғамдастыққа белсенді түрде интеграциялана бастады. Сондықтан да, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ақ Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымына мүше болып кіруге дайындық бастады. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан республикасының Ішкі Істер Министрі В.Г. Шумов басқарған үкіметтік өкілдік, Дакарда (Сенегал) өткен Интерполдың 61-ші Бас Ассамблеясына қатысты. Бұл отырыста Қазақстанның ХҚПҰ-на мүше болып кіру сұрақтары шешілу тиіс болатын.

1993 жылы 20-шы шілдеде № 629 Үкімет жарғысына сәйкес, Қазақстанда Интерполдың Орталық Ұлттық бюросы ашылды [12].

Орталық Ұлттық Бюро (ҰОБ) – Халықаралық Қылмыстық Полицияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қазақстанның құқық қорғау органдарының өкілі болып, Интерполда Қазақстанның Конституциясына сәйкес мүдделерін қорғайды.

Үкімет жарғысына сәйкес Ұлттық Орталық Бюро дербес атқару құқығына ие және ІІМ-нің құрамына кіретін 12 штаттық бірліктен құрылады. Қазіргі кезде Бюро 2 бөлімнен тұрады:

- 1-ші бөлім – ақпараттық техника жабдықтау;

- 2-ші бөлім - халықаралық іздеу мен жалпы қылмыстық бөлім.

Бюроның басшысы - Қазақстан Республикасының Ішкі істер Министрі. ҰЛттық Орталық Бюро ХҚПҰ-ң Жарғысына сәйкес жұмысын атқарады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Конституциясына және негізгі заңдарына бағынады. Қазақстан Республикасы Орталық Азия мемлекеттердің ішінде бірінші болып Халықаралық Қылмыстық Полиция Ұйымына мүше болып кірді. Қазіргі кезде Қазақстанның біраз тәжірибесі бар.

БҰҰ-нан кейін бұл ұйым мүше-мемлекеттердің саны боынша екінші халықаралық ұйым болып табылады. Интерполға мүше болып кіргеннен бері, Қазақстан заң сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратпен қамтамасыз етілген. ҰОБ басқа мемлекеттердің ҰОБ-мен байланыс көзі болып табылады. Кез-келген мемлекеттен керекті ақпарат алуға болады. Және де, осы мемлекеттер үшін қажетті ақпаратты тез беру мүмкіндігі бар.

Бұл байланыс көзімен Қазақстан Республикасында біріншіден Ішкі Істер Министрлігі, Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Бас Прокуратура, кедендік Комитет, Салық полициясы және Қазақстан Республикасының шекара комитеті пайдаланады.

ҰОБ-үшін аса маңызды жылдардың бірі -1998 жыл болып табылады. Көптеген Бас Ассамблея отырыстарына, әртүрлі конференцифлар мен симпозиумдарға қатысқаннан кейін ең бір маңызды табысқа жетті. Азия техника дамыту бағдарламасы құрамына қосылды. Нәтижесінде 1998 жылдың ақпанында Алматы қаласы Х-400 телекоммуникациялық байланысқа қосылды. Бұл байланыс Қазақстанды Интеполдың 157 мүше-мемлекетімен (сол кездегі) және Бас Хатшылықпен байланыс жасауға мүмкіндік берді.

Орталық Азия аймағында Интерполдың позициясын нығайту мақсатында Өзбекстан мен Қырғызстан үшін, осы мемлекеттердің ІІМ-ң жұмыскерлерімен кездесулер ұйымдастырылды. Нәтижесінде осы мемлекеттердің мүше-мемлекеттер қатарына қосылу үшін ұсыныстар мен консультациялар берілді. Бұл жұмыстын нәтижесі 1995 жылы Римде болған Интерполдың 64-ші Бас Ассамблеясында өз жемісін тапты. Онда Өзбекстан мүше-мемлекет болып бекітілді. Ал 1997 жылы Нью-Делиде өткен Интерполдың 66-ші Бас Ассамблеяның отырысында мүше болып Қырғызстан кірді. Қазіргі кезде Орталық Азияда үш ҰОБ бар, осылардың ішінде тек Қазақстан ғана коммуникациялық байланыспен жабдықталған. Қазір Қазақстан Интерпол жұмыстарына белсенді қатысады. Мысалы, Қазақстан мен Ұлыбританияның полициялық қызметімен (Скотланд-Ярд), Бельгия, Германия, Турция, Франция, Монголстан, Индия, Пәкістан, Иордания, АҚШ-тың полиция органдарымен бірігуі нәтижесінде бірнеше қылмыстық істер ашылды. 40 мемлекеттің ҰОБ-мен жақсы қарым-қатынастар орнатылды.

Сонымен бірге ТМД елдерімен де қарым-қатынастар дамытуда. Ол ақпарат алмасу үшін өте пайдалы. Әсіресе қылмыскерлердің эктрадиясы бойынша.

Бірақ барлық посткеңестік мемлекеттердің прокуратура ограндарында ол прерогатива болып табылады. Интерполдың ҰОБ - қарқынды дамып отырған, халықаралық ынтымақтастыққа сәйкес келетін құрылымы болып отыр. Сонымен қатар, халықаралық ақпарат, тәжірибе алмасуда орны бөлек болып отыр.

Негізгі әдебиеттер:

1. Родионов К.С. Интерпол: Миф и действительность.- М., 1992.- 160 с.

2. Родионов К.С. Интерпол: вчера, сегодня, завтра.- М., 1990.- 223 с.

3. Самарин В.Н. Интерпол. международная организация уголовной полиции. Санкт - Петербург, 2004.- 201 с.

4. Токсанбаев А.Б. Интерпол и международный терроризм. Проблемы, тенденции развития и противодействие. – Алматы.: Интерлигал, 2004.- 302 с.

5. Галымжанов Н.М., Кудайбергенов М.Б. Методы работы Интерпола. Учебник. Алматы: Данекер, 2001.- 183 с.

Қосымша әдебиеттер:

1. Интерпол Жарғысы. www.Interpol.int.

2. Инструкция «О порядке обработки информации в Национальном

Центральном Бюро Интерпола В Республике Казахстан» № 134 от 27.04.1998г. База данных «Закон» Республики Казахстан.

3. Нормативные акты Интерпол. Құрастырушы Карикболов Б.С. Алматы.- 1998. С 54

4. О мероприятиях в связи с вступлением Республики Казахстан в Международную организацию уголовной полиции (Интерпол) Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 20 июля 1993 г. N 629. База данных «Закон» Республики Казахстан.

5. Положение «О Национальном Центральном Бюро Интерпола в Республике Казахстан» № С 132 от 27.04.1998г. База данных «Закон» Республики Казахстан.

6. Мұхаметқали. Г., Смагулова Г.М. Халықаралық терроризммен күресудегі Интерполдың рөлі (Орталық Азия мысалында). Центральная Азия в фокусе современных международных отношений. Материалы научно практической конференции (16 ноября 2007г) Караганда, 2007.-Б.102-107.

7. Рыжкина Г. «Интерпол» отрабатывает спецплан по Центральной Азии». // www.Mcds.ru

8. Cидоров О. Интерпол: как много в этом слове? // www.gazeta.kz/art.asp?aid=51418/.

9. Токсанбаев А.Б. Деятельность национального Центрального Бюро Интерпол Казахстана в Организации Международного розыска // Правовая реформа в Казахстане.-2003 - № 4.-С.107-112.

10. Токсанбаев А.Б. Взаимодействие Национальных Центральных Бюро Интерпола в Республике Казахстан с международными полицейскими организациями в борьбе с международным терроризмом // Правовая реформа в Казахстане.-2003.-№ 1.-С. 48-54.

11. Токсанбаев А.Б. Интерпол – международная организация полицейских служб: основные принципы, структура, полномочия // Казахстан–Спектр.- 2003.-№ 1.-С 58-66.

12. Толеубаев Т.А. Интерпол на рубеже нового тысячилетия // Вестник КазНУ. Серия Международные отношения и международное право.-2002.- №1.-С.93-98.


7 Лекцияның тақырыбы: Әлемдік және трансаймақтық форматтағы

халықаралық ұйымдар (2 сағат)

МАГАТЭ: құрылымы, мақсаты мен міндеттері

және қызметінің кейбір бағыттары (2-шi сағ.)

Лекцияның жоспары: 1. МАГАТЭ-нің құрылуы.

2. МАГАТЭ-нің мақсаты мен міндеттері.

3. МАГАТЭ-нің құрылымы.

4. МАГАТЭ-нің қызметінің негізгі бағыттары.

Атом энергиясы жөніндегі Халықаралық агенттік – МАГАТЭ ядролық технологияны бейбітшілік саласында қолданудың ғылыми-техникалық ынтымақтастығының әлемдік халықаралық үкіметтік форум болып саналады.

МАГАТЭ 1957 ж. БҰҰ-нің шеңберінде құрылды. МАГАТЭ-нің Жарғысы 1956 ж. 23 қазанда Нью-Йорктегі құрылтай конференцияда бекітіліп, 1957 ж. 29 шілдесінде күшіне енді. Бұл ұйымның мүшесі 146 мемлекетті құрайды (2009 мамыр).

МАГАТЭ-нің мақсаты:

- атмодық энергетиканы дамытуға және атомдық энергияның бейбіт мақсатында қолданылуына әрекет ету;

- бүкіл әлемде қарусыздану саясатын іске асыруға ықпал ету; бейбіт мақсатында қолдануға бағытталған ядролық материалдардың әскери мақсатқа айналып кетпеуін қадағалау;

- ядролық қаруды таратпауға бақылау орнату жүйесін іске асыру; бейбіт мақсатында ядролық энергетика саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу;

- ядролық ғылым мен технологияның барлық аспектілері жөнінде ақпарат жинау болып табылады.

МАГАТЭ-нің жетекші органы – Бас конференция, басқарушылар Кеңесі мен хатшылық саналады.

Бас конференция – агенттіктің жоғарғы органы. Ұйымға мүше барлық елдердің өкілдерінен тұрады, олар басқарушылар Кеңесін сайлайды, хатшылықтың жұмысын қадағалайды, бас директорды тағайындайды. Бас конференция жылына бір рет шақырылады.

Басқарушылар Кеңесі 35 басқарушы директорлардан құралып, Агенттіктің атқарушы органы саналады. Басқарушылар Кеңесі жылына бес ретін жиналады.

Хатшылық - әкімшілік орган, өзінің құрамында ядролық энергетика мен реакторлар, ядролық қауіпсіздік мәселелеріне қатысты іс жүргізетін ядролық энергия мен қауіпсіздік бөлімшесіне ие. Бас директор басшылық ететін Хатшылыққа МАГАТЭ-нің қабылдаған бағдарламаларын іске асыру міндеті жүктелген. Бас директор 4 жыл мерзімге сайланады.

МАГАТЭ-нің штаб-пәтері Венада орналасқан. Одан басқа МАГАТЭ-нің Торонто, Женева, Нью-Йорк пен Токиода аймақтық бөлімшелері, ал Австрия мен Монакода лабораториялары, Триесте ЮНЕСКО басқаратын зерттеу орталығы бар.

МАГАТЭ-нің қызметінің маңызды бағыты – ядролық қаруды таратпауды қамтамасыз ету. 1968 ж. 102 мемлекет ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге қол қояды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге сәйкес МАГАТЭ Келісімнің қатысушыларының міндеттерінің орындалуын тексереді. Агенттіктің бақылаушы функциялары – МАГАТЭ-нің кепілдігінің мақсаты ядролық қаруы жоқ елдерге атомдық энергияның таралуына жол бермеу болып табылады. Тексеріс мемлекетпен орнатылған келісімнің негізінде ғана жүргізіледі. Өз еркімен Агенттіктің кепілдігіне өздерінің ядролық материалдарын АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Қытай, Ресей кепілдікке қойды.

Қазіргі жағдайда ядролық қаруды тауып алу, ескеру мен оның алдын алуда МАГАТЭ-нің рөлі мен кепілдігінің маңызы өсіп келе жатыр. Кейбір елдердің ядролық қаруға ие болу үшін қызығушылық танытуы белгілі және ядролық қаруды өндіретін технологиялар мен қажетті материалдарға қол жеткізу 1950-1960 жж. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісім мен МАГАТЭ-ң кепілдігі өңделген кезеңімен салысытырғанда қазіргі заманда оңайлап кетті.

Ядролық қаруды тартпаудың тәртібінің өзі қазіргі уақытта жаңа қауп-қатерге төнуде. 2006 ж. 9 қазанда Солтүстік Кореяның ядролық қаруды сынға алуы және Иранның ядролық бағдарламасының прогрессивті кеңеюі мен уранды байыту жөніндегі қуаттың жоғарлау ерекшеліктері кепілдіктің халықаралық жүйенің алдында жаңа саяси, техникалық және ұйымдасқан міндеттерді қойып отыр.

Корей Халық Демократиялық Республикасы мен Ираннан басқа өздерінің ядролық бағдарламалары мен претензиялары жөнінде басқада мемлекеттер мәлімдеп отыр. Мысалы, таяуда Бразилиядағы уранды байыту жөніндегі кәсіпорын іске қосылды, ядролық бағдарламаны дамыту жоспарлап отырғандығын Аргентина, Египет, Сауд Аравиясы, Алжир ашық түрде жария етті.

Көмір сутегі қорының азаюы мен оған деген бағаның өсуі жағдайында энергияның алльтернативті қайнар көзін іздеу басталды. АҚШ-та Атомдық электростанцияларды құруды жоспары тағыда қарастырыла бастады. Яғни атомдық энергетиканың ренессансы жөнінде айтуға болады.

Атмодық технологияның таралуы мен көптеген мемлекеттердің атомдық энергияны қолданудың жоспарлары мен бағдарламаларын азаматтық емес, сонымен қатар әскери мақсаттарда іске асыру кеңнен жүре бастаған кезде, 1950-1960 жж. әлемдік қауымдастық кепілдікті өңдеуге кіріскен болатын. МАГАТЭ-ң міндеті атомдық энергияны бейбіт мақсатында қолдануға әрекет ету болып саналды.

МАГАТЭ-нің Жарғысында көрсетілген кепілдіктің негізгі принциптері кепілдіктің талабының орындалуын қамтамасыз ету үшін халықаралық инспекторлардың кез-келген мемлекеттің территориясында тексерістер жүргізудің әдістері мен рәсімдерінің мониторингісінен тұрады. Кепілдік жөніндегі келісім бұзылған жағдайда басқарушылар кеңесі кепілдікті бұзушы мемлекеттен оның тез арада жойылуын талап ете алады, ал егер мұндай жағдай орындалмаса БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі мен Бас Ассамблеясына шара қолдану үшін баяндама жасалады. Іс жүзінде Жарғы бойынша кепілдік ядролық материалдар мен технологияларды алушы, беруші елдер мен Агенттік арасындағы екі жақты немесе көп жақты келісімнің негізінде қолданылады.

1965 ж. жекелеген атомдық объектілерді есепке алу мен бақылаудың рәсімдерінен тұратын кепілдіктің бастақы жүйесі өңделді, ал 1967-1968 ж. бұл жүйе ядролық жанармай өңдейтін және даярлайтын кәсіпорындарға енгізілді.

Халықаралық кепілдік жүйесінің дамуының аралық кезеңі ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнің орнатылуы болды, бұл Келісім МАГАТЭ-нің кепілдігін қолданудың міндеттілігінің халықаралық-құқықтық нормасын құрды.

Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісім күшіне енгенін кейін ядролық емес мемлекеттерге арналған кепілдіктің типтік келісімі өңделді. Бұл кепілдік төмендегідей негізгі принциптерге сүйенеді:

- кепілдіктің мақсаты ядролық энергияны бейбіт жолында қолданудан ядролық қаруға немесе басқада жарылғыш құралдарына ауысуға жол бермеу;

- әрбір мемлекет барлық ядролық материалдарды есепке алу мен бақылаудың ұлттық жүйесін құрып, енгізеді;

- мемлекет МАГАТЭ-ге өз территориясындағы кепілдікке жататын барлық ядролық материалдар мен ядролық құрылғылардың конструкциясы жөнінде есеп береді;

- МАГАТЭ қолда бар ядролық материалдар жөніндегі мемлекеттің есебінде берілген ақпараттың толықтығы мен дәлдігін тексеру үшін инспекция жүргізеді;

- халықаралық инспекторлар критерилерге сәйкес (ядролық материалдардың саны, оның құрамы т.б.) ядролық материалдардың санын тексеру үшін инспекциялар жүргізеді;

- бақылаудың техникалық құралдары - арнайы мөр, видеокамера арқылы бақылау кең түрде қолданылады;

- егер мемлекеттің өз территориясындағы ядролық материалдардың саны жөнінде берген есебі толық болмаған жағдайда МАГАТЭ арнайы инспекцияларды жүргізеді;

Кепілдік жөніндегі келісімнің бұзылған жағдайында МАГАТЭ-ң бас директоры басқарушылар кеңесіне баяндама жасайды, ал басқарушылар кеңесі қажет болған жағдайда БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесіне баяндама жасайды.

Бірақта аталған кепілдікті тәжірибеде қолдану барысында бұл жүйенің белгілі бір кемшіліктері байқалды. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімсге мүше 30 ядросыз мемлекет (негізінен ядролық қызметті жүргізбейтін немесе айтарлықтай қызмет атқармайтын мемлекеттер) жалпыға ортақ кепілді жөнінде келісімге келген жоқ. Одан басқа Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге мүше мемлекеттерге қатысты жалпыға ортақ кепілдік жөніндегі келісімнің анықталған бір мерзімі бар және егер мемлекет келісімнен шығып кеткен жағдайда әрекетін тоқтатады, бұған КХДР-сы мысал бола алады.

1991 ж. Парсы шығанағындағы соғыстан кейін Ирак Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге мүше бола отырып және МАГАТЭ-мен кепілдік жөнінде келісімге келіп, бірнеше жыл бойы ядролық қаруды жасырын түрде құрумен айналысты. БҰҰ-ң Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі бойынша ядролық қару саласындағы Ирактың барлық қуаты БҰҰ-ң Арнайы комиссиясы (ЮНСКОМ) мен МАГАТЭ-ң бақылауымен жойылды.

Осындай жаңадан қалыптасқан жағдай халықаралық қауымдастықты кепілдік жүйесін нығайту бойынша бірқатар іс-шараларды іске асыруына итермеледі. 1991-1993 жж. МАГАТЭ кепілдікті жетілдіру жөнінде күш қолданды. МАГАТЭ-ң басқарушылар кеңесі арнайы инспекцияларды қолданудың құқығын орнатты; құрылу немесе жаңарту сатысында тұрған ядролық консрукциялар, ядролық материалдарды импорттау мен экспорттау жөніндегі ақпаратты мемлекеттердің өз уақытында беру туралы шешім қабылдады.

1993 ж. МАГАТЭ-ң басқарушылар кеңесі кепілдіктің тиімді жүйесін құру жөніндегі «93+2 бағдарламасын» бекітті. Бұл бағдарламамен жұмыс жасау барысында заңға сәйкес іске асырылатын іс-шаралардың қатарына – ядролық материалдар жөнінде мемлекттен қосымша ақпараттар алу, инспекцияның алдын ала хабарландырылмау жүйесін кеңиту; ядролық материалдардың бір жерден екінші жерге ауысуын қашықтықтан бақылаудың технологиясын жетілдіру кірді.

Кепілдікті нығайту бойынша іс-шараларды одан әрі дамыту мақсатында МАГАТЭ-ң басқарушылар кеңесі 1997 ж. кепілдік жөніндегі келісімге қосымша ретінде хатаманы бекітті. Бұл іс-шаралардың қатарына келесілер енді:

- мемлекеттердің ядролық жанармай циклінің барлық аспектілеріне (уран кен орындары, уран қалдықтарының қоймасы, ядролық материалдардың кез-келген жерде орналасқан орнына) инспекторлардың құқығы мен ақпарат алуы;

- ядролық қарумен байланысы бар ғылыми зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөнінде ақпарат алу;

- ядролық алаңда орналасқан барлық ғимараттар жөнінде ақпарат алу және оған инспекторлардың кіру құқығы;

- ядролық қаруды дамытуға қатысы бар оны жылға жоспарланған істер жөнінде ақпарат алу;

- ядролық қызметпен байланысы бар технологияларды дайындау мен экспорттау жөнінде ақпарат алу;

- инспекторларды тағайындау үрдісін жетілдіретін әкімшілік іс-шаралар.

Толықтай алғанда аталған іс-шаралар кепілдіктің халықаралық жүйесін сапасы жағынан нығайтты.

Қосымша хаттамаға мүше болу міндетті емес. Қазіргі кезеңде бұл хаттамаға Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімнің 180 мүшесі қосылды. Хатаманы ратификацияламаған елдердің қатарына Иран, Қазақстан, мен Мексика жатады. Хаттамаға қол қоймаған мемлекеттер Барзилия, Египет, Сирия, Израиль, Үндістан, Пәкістан, КХДР т.б. болды.

2005 ж. іске асырылған кепілдік жөніндегі Баяндаманың мәліметтері мен 2006 ж. МАГАТЭ-нің бас директорының берген арызына сәйкес Агенттік өзіңдік қорытынды жасаған. Аталған мәліметтерге қарағанда хаттаманы іске асырудың нәтижесі оның қабылдануынан тоғыз жылдай уақыт кейін қанағаттанарлық деп санаға болмайды.

Ал, МАГАТЭ кепілдікті жүзеге асырудың кең базасына қалыптасқан, кепілдік жөнінде 156 мемлекет қол қойған 232 келісімге ие болып отыр және 2005 ж. кепілдік жөнінде 2141 инспекция жүргізілген.

Сонымен атомдық энергия жөніндегі халықаралық Агенттік ядролық технологияны бейбіт жолымен қолдану саласындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың халықаралық үкіметтік форумы болып саналады және өзінің құрылымы, мақсаты, міндеттері және кепілдік беру жүйесі айқындалған. Бұл Агенттіктің атом энергиясын бейбіт жолында пайдалануға, әлемдегі қарусыздану саясатына ықпал етуде, ядролық қарудың таралуын бақылауға алуда рөлі зор деген тұжырым жасауға болады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: