Смагулова Г.М., 7 страница

1997 жылы АСЕАН-да тікелей шетелдік инвестициялар 40 %-ға қысқарды. Банк капиталының бытырай қашып, өндіріс пен ішкі тұтынудың қысқаруына алып келген қаржылық дағдарыстың осы аймақты трансұлттық корпорациялар үшін тартымсыз қылды. Сонымен бірге кейбір елдердегі, әсіресе Индонезиядағы саяси тұрақсыздықтың өсуінің белгілері шешуші ықпалын тигізді.

Шығыс Азияны жаулап алған қаржылық-экономикалық дағдарысқа және АСЕАН қатарында басталған бытыраңқылыққа жауап ретінде Малайзияның бастауымен 1997 жылы желтоқсанда Куала-Лампурде өткен кезекті саммитте «Видение АСЕАН 2020» құжаты қабылданды. Онда айтылғандай, «2020 жылға қарай АСЕАН барлық салада диалогқа дайын, бейбітшілік, тұрақтылық және гүлдену жағдайында өмір сүретін үйлесімді одаққа айналады».

Бұл анықтаманы түсіндіре кетсек, екі онжылдық өткеннен кейін Оңтүстік-Шығыс Азия 1971 жылы Куала-Лампур Декларациясында атап көрсетілгендей бейбітшілік, еркіндік және бейтараптық аймағына айналуы тиіс. Ал 1976 жылы Достық және ынтымақтастық туралы Келісім аймақ елдерінің үкіметтері үшін міндетті түрде өзін-өзі ұстау кодексіне айналып, АСЕАН Аймақтық Форумы превентивті дипломатияны іске асырудың баянды құралы болуы керек. Сонымен қатар, құжатта қоршаған ортаны қорғау, нашақорлықпен және трансшекаралық қылмыспен күресу сияқты проблемаларды шешуде жалпы аймақтық ұжымдық жауапкершілік таныту қажеттілігі айтылды.

«Видение АСЕАН 2020» концепциясын жүзеге асыру мақсатымен 1998 жылы Ассоциация саммитінде 6-жылдық кезеңге белгіленген Ханой іс-шаралар жоспары қабылданды.Осы іс-шаралар:

· Макроэкономикалық және қаржылық ынтымақтастықты нығайту;

· Неғұрлым тығыз сауда-экономикалық интеграция;

· Ғылыми-техникалық сферадағы прогресс пен ақпараттық технологияларды дамытуға, жалпы аймақтық компьютерлік ақпараттық желісін құруға жағдай жасау;

· әлеуметтік саладағы прогресс, әсіресе қаржылық-экономикалық дағдарыстың жағымсыз әсерлерінің жеңу;

· еңбек ресурстарын дамыту;

· қоршаған ортаны қорғау, метеорология бойынша және орман өрттерінен сақтандыратын арнайы агенттіліктерді құру;

· аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту, сонымен қоса Оңтүстік-шығыс Азиядағы достық пен ынтымақтастық туралы Келісімнің орындалуын бақылайтын Жоғарғы кеңес құру;

· Азия-Тынық мұхит аймағында және бүкіл әлемдегі бейбітшілік пен әділетті тәртәпті қамтамасыз етудің тиімді құралы ретінде АСЕАН-ның рөлін нығайту;

· Халықаралық қатынастарда АСЕАН-ның лайықты орын алуын қамтамасыз ету;

· АСЕАН құрылымы мен механизмдерін жетілдіру;

Мұндай қырағы концепциялар мен іс-шаралар жоспарының қабылдануы Ассоциация дамуындағы кейбір жағымсыз тенденциялардың пайда болуын тоқтата алмады. Атап айтқанда, елдердің бір-бірінің ішкі істеріне араласпау және келісім негізінде шешім қабылдау принциптері үнемі сақталынбады. АСЕАН-да қаржылық-экономикалық проблемаларды жекелеген шешімдердің негізінде шешу тенденциясы айқын байқалды.

Негізінен, 1998 жылдың өзінде Таиланд және Филиппины басшыларының тарапынан ішкі жағдайында тұрақсыздық пайда болған Ассоциация партнерлерінің ішкі істеріне «икемді немесе шектеулі араласу» концепциясын қолдану ұсыныстары түсті. Бұл мәселе 1996-1998 жылдары Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін қамтыған ішкі саяси дағдарыстармен (1996 – Камбоджада, 1997 – Мьянма мен Малайзияда, 1998 – Индонезияда) байланысты болды.

1997 жылғы қаржылық-экономикалық дағдарыстың зардаптарын жою жолдары туралы мәселе бойынша АСЕАН елдері ортақ шешімге келе алмады. Дағдарыстан шығудың ұлттық модельдерін шартты түрде үш топқа бөлуге болады: біріншісі-Дүниежізілік Валюталық Қордың белсенді қолдауына ие болған елдер (Корей Республикасы, Таиланд, Индонезия); екіншісі- Дүниежізілік Валюталық Қордың және көрші елдердің кез-келген көмегінен бас тартқан Малайзия; үшіншісі-дағдарыстың жағымсыз зардаптарын шектей алған елдер (Сингапур, Бруней және белгілі бір дәрежеде Тайвань);

Сонымен, Таиландтың алғашқы жетістіктері жеке инвестицияларды тарту, ішкі тұтынуда арттыру, үй құрылысын дамыту арқасында мүмкін болды. Қаржы-банк секторының реформасы жүргізіліп, бұл сектор шетелдік салымдарға ашық деп жарияланды. Нәтижесһінде бірқатар қаржы компаниялары, оның ішінде алғашқы болып голландық «ABN-AMRO» компаниясы 175 млн долларға «Bank of Asia» атты аса ірі жергілікті банктердің бірінде акциялардың 75% -ын алды. Әлемдік Банк Таиланд үкіметіне экономиканы басқару тиімділігін арттыруға, мемлекеттік кәсіпорындарды реформалауға, өнеркәсіп секторының бәсекеге төзімділігін нығайтуға, елдің экономикалық өсуін қайта қалпына келтіруге 50 млн доллар бөлді.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің ішінде тек қана Малайзия Дүниежізілік Валюталық Қордан несие алудан бас тартып, өз күшімен дағдарыстан шығуды ұйғарды. Малайзиялық экономикадағы мүшкіл жағдай туралы мәлімдеген статистикалық көрсеткіштерді негізге ала отырып, әлемдік қаржылық топтарда бұл шешімді қатты сынға алды. 1998 жылдың қорытындысы бойынша 6,7 % экономикалық құлдырау байқалды, әсіресе үшінші кварталда экономикалық құлдырау көрсеткіші - 8,6%, төртінші кварталда 8,1% болған. Ал 1999 жылдың бірінші кварталы бұдан да бетер жағымсыз нәтиже – 11,3 % берген. Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, капиталдың халықаралық нарығынан оқшау қалған Малайзия сыртқы инвестицияларсыз тұншыға бастады, өйткені сол кезеңде тек банк жүйесінің қалыпты қызмет атқаруы үшін Малайзияға 16 млрд доллардан астам қаржы қажет еді. Бастапқы кезде ұлттық валютада сыртқы сауда келісімдерін жасауға тыйым салынды, қаражат нарығындағы операциялар шектелді. (акцияларды сатып алғаннан кейін тек бір жыл өткен соң ғана сатуға рұқсат берілді). Жағдай шынымен-ақ оңай болмады, бірақ дегенмен де көп кешікпей жағымды тенденциялар байқала бастады. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) тоқтатылды, үкіметтің мәліметтері бойынша 1999 жылдың екінші кварталында ЖІӨ 4,2 %-ға өскен. Сыртқы нарыққа жоғарғы технологиялы тауарларды –дисковод, әр түрлі электронды құралдарды шығару арқасында 1999 жылы жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,3% құрап, 2000 жылы 5% жетті. Халықаралық резервтерді 31,16 млрд долларға дейін көтеру арқылы импортқа деген алты айлық қажеттіліктерді қанағаттандыруға мүмкіндік туды. Ішкі тұтыну көлемі 4,2 %-ға өсті. Экспортты ұлғайтудың арқасында өңдеуші өнеркәсіп, ауыл шаруышылығы және қызмет көрсету сферасы қайта өрледі. 25-30 жыл бұрын шаруышылығы тек қалайы мен ауыл шаруашылығы шикізаттарының бірнеше түролерінің экспортына негізделген Малайзия бүгінгі күнде тіс пастасынан бастап, автомобильге дейін барлық –дерлік тұтыну тауарларын шығарады және дамыған транспорттық, құрылыс және туристік инфрақұрылымы бар елге айналды.

Дүниежізілік Валюталық Қорға қарыз болған және жұмыссыздықтың жоғары дәрежесімен мазаланған Таиланд пен Оңтүстік Кореяға қарағанда Малайзия өз күшімен елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Үкімет ұлттық валюта-ринггиттің тұрақты курсын белгілеп, капиталды сыртқа шығаруды шектеді. Капиталды қатаң бақылау нәтижесінде Малайзия өз экономикасында 13 млрд ринггит (1 доллпар-80 ринггит) сомасында шетел инвестицияларын жинақтады. Малайзия мұнайы 100 %-дық көлемде экспортталып, мемлекеттің ішкі қажеттіліктері Парсы шығанағы елдерінің арзан жанармайымен қанағаттандырылды. Экономикаға жағымды ықпал еткен үкіметтің іс-шаралары инвесторлардың үкіметке деген сенімін арттырды.

Ал, Филиппиныда дағдарыстан кейін кезең президенттік сайлаумен тұстас келді. Мемлекеттің жана басшысы Джордж Эстрада «өз кушіне сүйене отырып, жаңару саясатын» жағастырды. Ол «жана индустриализация бағдарламасы» және президенттің халыққа арналған бағдарламасын ұсынды. Олардың негізгі мақсаты – елді «Азияның жаңа жас жолбарысына» айналдыру болды. Болашақта жоспарға қойылған мақсаттар – телекоммуникациялық өндірісті дамыту, атом энергетикасы тау-кен өнеркәсібі, білім алу және т.б. салаларды дамыту болды. Дағдарыстан шығу мақсатында аралас және шетел компанияларына алғашқы кезде салықтан босату сияқты женілдіктер берілді. Салық жүйесінің реформасы басталды. Қолданылған ұлттық бағдарламанның нәтижесінде, Филиппины Орталық Банкінің есептеуінше, Филиппины 1999 жылдың бірінші жартысында қойылған мақсаттарды 91% - ға орындаған.

Соған қарамастан осы бірлестіктің елдері әжептәуір ұлттық экономикада табыстарға жетті, ал жалпы ассоциацияның өзі болашақта әлеуметтік - экономикалық дамудың және халықаралық саясат беделінің әлемдік орталығы болуын мақсат етеді. Біздің ойымызша, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы әлеуметтік-экономикалық үрдістердің қарқынды дамуын есепке алғанда, бұл бірлестіктің де алға қойған мақсаттарына жетуге қабілеті жеткілікті. Өйткені халықаралық өмірдің, жалпы әлемнің даму беталысы бұған мүмкіндігін жасайды.

АСЕАН елдеріндегі самарқау авторитарлық режиммен қамтамасыз еткен саяси тұрақтылық, бұл елдердің экономикалық дамуын жеңілдетті. Бұл елдер ішкі ресурстарын жұмылдыра отырып, индустрализация үшін сырттан инвестиция тарта бастады. Нәтижесінде ХХ ғасырдың 90-шы жылдарының басында АСЕАН елдері жаңа индустриалды елдердің қатарына еніп, аймақта үлкен ықпал етуші күшке айналды.

Негізгі әдебиеттер:

1. Международные отношения: теории, конфликты, движения, организации / Под ред.П.А. Цыганкова: Учебное пособие. Изд.2-е, перераб. и доп.-М.: Альфа-М: ИНФРА-М, 2008.-320 с.

2. Улахович В.Е. Международные организации: Справочное пособие.-М.: АСТ; Мн.:Харвест, 2005.-400 с.

3. Халдин М.А. АСЕАН без иллюзий.-М., 1983.

4. Михалев В.В. Проблемы индустриализаций стран АСЕАН. – М.: Наука,1989.

Қосымша әдебиеттер:

1. Устав АСЕАН. Сингапур 2007г. // www.asean.org

2. Өңірлік әріптестік әрқашан экономиканың өсуіне ықпал етеді // Дала мен қала. - 2007. - №21.

3. Әлем елдерінің статистикалық көрсеткіштері // www.worldstat.org

4. Мировая политика и международные отношения. Учебное пособие. Под ред С.А.Ланцова, В.А.Аукасова.- СПб.: Питер,

5. www.asean.org – АСЕАН-ның ресми сайты


5 Лекцияның тақырыбы: Үкіметаралық халықаралық ұйым – НАТО

Лекцияның жоспары: 1. НАТО-ның құрылуы.

2. НАТО-ның мақсаттары мен міндеттері.

3. НАТО-ның құрылымы.

4. НАТО-ның бағдарламалары.

5. НАТО мен Қазақстан Республикасы арасындағы

ынтымақтастық.

1949 жылы бастапқыда Еуропаның 10 мемлекетінің (Бельгия, Ұлыбритания, Дания, Исландия, Италия, Люксембург, Нидерланды, Норвегия, Португалия, Франция) және Америка құрылығындағы АҚШ пен Канада сияқты мемлекеттердің басын біріктіріп, Вашингтонда Солтүстікатлантикалық келісімге қол қойылды. Осылайша НАТО әскери-саяси блогы тарих табалдырығын аттады. Уақыт өте НАТО-ның құрамы жаңа мемлекеттермен, атап айтсақ, Греция және Түркия (1952 ж.), ФРГ (1955 ж.), Испания (1982 ж.) толықтырылды. Ал «қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін НАТО-ның құрамы Польша, Чехия және Венгрияның - бұрынғы социалистік мемлекеттердің есебінен екінші мәрте толықтырылды. Осылайша 2004 жылға дейін НАТО-ның құрамында 19 мемлекет болды. «Қырғи қабақ соғыс» аяқталғаннан кейін НАТО-да оң өзгерістер басталды. Себебі, Еуропа құрылығындағы әскери қақтығыс қауіпі күн тәртібінінен өзекті мәселе ретінде алынып тасталынды. Әскери альянс ретінде НАТО өзінің өмір сүруінің басты мәнін жоғалтты. Сондықтан да халықаралық қатынастар жүйесіндегі жүріп жатқан өзгерістер мен жаңалықтарға сәйкес НАТО да жаңаша өмір сүруге бейімделе бастады. ХХ ғасырдың 90- шы жылдарында НАТО дамудың жаңа стратегиялық концепцияларын қабылдады. Осы жылдары НАТО-ның өміріндегі басты жаңалықтардың бірі - бұрынғы Солтүстік-атлантикалық ынтымақтастық Кеңесінің (Солтүстік-атлантикалық ынтымақтастық Кеңесі 1991 жылы құрылған болатын – Г.С.) 1997 жылы Еуро-атлантикалық әріптестік Кеңесіне (СЕАП-Совет Евро-атлантического партнерства) айналуы болды. Дегенмен, ұйым өзінің ең алғашқы құрылу мақсатын ешқашан есінен шығармақ емес. Сондықтан «қырғи қабақ соғыстың» ақталғанына қарамастан, НАТО-да қорғаныс қабілеті мен қауіпсіздікті сақтауын нығайта беру ісіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Солардың бірі Еуро-атлантикалық әріптестік Кеңесі шеңберінде дүниеге келген «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» бағдарламасы. Бағдарламаның басты мақсаты ЕҚЫҰ-ның барлық елдерін жеке жобалардың негізінде НАТО-мен ынтамақтастыққа шақыру болып табылады. Қазіргі таңда құрамында Қазақстан да бар Орталық Азия және Кавказ елдері, Шығыс Еуропаның біршама елдері, барлығы - 27 мемлекет осы бағдарлама арқылы НАТО-мен әріптес болып отыр. Ал 2004 жылы бұрынғы кеңестік мемлекеттер: Латвия, Литва және Эстония, сол сияқты Болгария, Румыния, Словакия, Словения мемлекеттерінің толыққанды ұйымға мүшелікке өтуіне сәйкес НАТО-ның құрамы үшінші рет кеңейді. Осылайша НАТО-ның құрамында 26 мемелекет болса, ал әріптес-мемлекеттерінің саны – 20-ға жетті.

НАТО-ның азаматтық құрылымдары:

1. Солтүстік-атлантикалық кеңес (Тұрақты кеңес) – Альянстың жоғарғы саяси және әскери органы болып табылады. Оның құрамына мүше-мемлекеттердің мемлекет және үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері кіреді. Альянс әдетте жылына екі рет, сонымен бірге мүше-мемлекеттердің саяси және әскери штабымен қолдау тапқан, елші рангісіндегі тұрақты өкілдер деңгейінде Тұрақты кеңес ретінде кем дегенде аптасына бір рет жиналады. Ондағы талқыланатын сұрақтардың ауқымы өте кең. Альянстың түрлі комитеттері әзірлеген ұйымның қызметінің барлық салаларына, өзекті мәселелерге арналған проблемалар қарастырылады, сондай-ақ баяндамалар мен ұсыныстар талқыланады. Саяси кеңестер НАТО-ның территориясымен шектеліп қана қоймай, сыртқы саяси мәселелерге де таралады.

2. Қорғануды жоспарлау комитеті әдетте тұрақты өкілдерден құралады. Оның отырыстары қорғаныс министрлерінің деңгейінде жылына екі рет өткізіледі. Комитет ұжымдық қорғанысты жоспарлауға қатысы бар әскери сұрақтар мен мәселелерді шешеді. Бұл комитеттің құрамында Франциядан басқа Солтүстік-атлантакалың Кеңестің барлық мүшелері бар.

3. Ядролық жоспарлау тобы қорғануды жоспарлау комитетімен тығыз қарым-қатынаста бола отырып, оның жұмысына қатысады. Мұнда олар қауіпсіздікті сақтау, ядролық қарудың сақталғыштығы және қорғау, байланыс және ақпараттар жүйесі, қару-жараққа бақылау орнату, жаппай қырып-жоятын қарулардың таралуы сияқты сұрақтарды талқылайды. Альянстың ядролық саясатына үнемі сараптама жасалып отырады, соған байланысты шешімдер қабылданады.

4. Басқа комитеттер. Альянстың қарамағында саяси комитет, қорғанысты қайтадан қарастыру комитеті, қауіпсіздік комитеті, әуе қорғанысы комитеті, байланыс және ақпарат жүйесі комитеті, инфрақұрылым комитеті, стандартизациялау тобы т.с.с. көптеген органдар бар. Олар өздеріне тиісті салаға қатысты мәселелермен айналысады.

5. Бас хатшы - Альястағы ең жауапты тұлғалардың бірі. Ол НАТО-ғы шешімдерді қабылдауға, кеңес беру үрдістерін бақылауға және қолдауына жауап береді. Сонымен бірге ол Солтүстік-атлантикалық кеңестің, қорғанысты жоспарау комитетінің, ядролық жоспарлау тобының, жай қарулануды бақылау жөніндегі жұмыс тобының, әуе қорғанысы комитетінің, басқа да комитеттердің төрағасы болып табылады. Бас хатшыны төрт жыл мерзімге тағайындайды. Бас хатшы НАТО-ға мүше-мемлекеттердің бірінің аса көрнекті мемлекет қайраткерлері арасынан шығуы тиіс.

НАТО-ның әскери құрылымдары:

1. Әскери комитет – НАТО-ның жоғары әскери органы болып табылады. Ол Солтүстік-атлантикалық кеңеске, қорғанысты жоспарлау комитетіне және ядролық жоспарлау тобына бағынады. Әскери комитет Альянс әріптестерінің бас штабтарынан құрылады және осы деңгейде ол әдетте жылына екі рет жиналады.

2. Тұрақты әскери комитет бас штабтардың басшыларынан және тұрақты өкілдерден құралады. Оны үш жылдық мандатқа ие әскери комитеттің төрағасы басқарады. Тұрақты түрде отырыстарын өткізеді.

Төрағаға ядролық саясатты, қарулануды бақылау мен қарусыздану саясаттарын үйлестіруге жауап беретін орынбасары және Халықаралық әскери штабтың директоры көмектеседі.

3. Халықаралық әскери штаб мүше-мемлекеттерден қызметке жіберілген әскери және қосымша азаматтық қызметкерлерден (персоналдар) тұрады. Штабы директор басқарады. Ол әскери комитетке көмектеседі. Одан басқа әскери мәселелерге арналған зерттеулер жүргізеді, жоспарлар жасайды, ұсыныстар әзірлейді.

4. Қорғаныс министрлерінің кеңесі

5. НАТО-ны тексеретін үйлестіруші комитет

6. Қарулануға арналған ұлттық директорлардың конференциясы

НАТО-ның азаматтық және әскери құрылымдары жоғарыда аталған басқа мынадай органдармен де тығыз байланыста:

1. Әскери Академия;

2. Атлантикалық Шарттың ассоциациясы;

3. Солтүстік-атлантикалық ассамблея.

НАТО-ның әскери академиясы 1951 жылы Римде құрылды. Оның мақсаты - офицерлер мен қызметкерлерді НАТО-ға қолдану үшін қайра дайындықтан өткізу. 1991 жылдан бастап бұл академияда НАТО-ның әріптес мемлекеттерінің де офицерлері мен әскери қызметкерлері лекция тыңдау мүмкіндігіне ие болды.

Атлантикалық Шарттың ассоциациясы Парижде орналасқан. Ол тұрғындарға НАТО-ның қызметін түсіндіреді; НАТО-ның жауапкершілігінде оның қарым-қатынастарын дамыта әрі тереңдете отырып халықтармен ынтымақтастықты нығайтуды мақсат етеді.

Солтүстік-атлантикалық ассамблея – НАТО-ның мүше-мемлекеттердің парламетаралық ұйымы болып табылады. Ол еуропалық және американдық парламентарийлерге көкейкесті сұрақтарды талқылау үшін мүмкіндік береді. 1955 жылдан бастап НАТО-ға мүше-мемлекеттердің заңшығарушы форумы ретінде қызмет етіп келеді. НАТО-ның1990 жылғы Лондон сессиясында Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің парламенттерімен ынтымақтастықты дамыту туралы шешім қабылданды.

Ассамблеяның басты мақсаты – саяси консенсусты ақпараттандыру және қамтамасыз ету. Ол жылына екі рет алқа мәжілісін өткізеді: төрт күндік көктемгі және бес күндік күзгі. Кездесулер ротация түрінде ұлттық астаналардың бірінде ұлттық парламенттердің шақыруы бойынша өтеді. Ассамблея 5 комитет құрды: азаматтық мәселелер, экономикалық, саяси, әскери, ғылым және техника комитеттері.

НАТО-ның штаб-пәтері Брюссельде орналасқан.

1953 жылы оның эмблемасы (раушан гүлдер желі – мүше-мемлекеттердің бірлескен курсының символы) бекітілді.

Биполярлы жүйе құлдырағаннан кейін, әлемдегі саяси жағдайлардағы өзгерістерге байланысты НАТО ұйымында бірқатар реформалар жүрді. Ол негізінен 1990 жылғы Лондон декларациясы; 1991 жылғы Рим декларациясы; 1994 жылғы НАТО кеңесінің өтініші негізінде жүрді. 1990 жылы Лондондағы саммите НАТО жаңа декларация («Өзгерістер кезеңіндегі Солтүстікатлантакалық альянс») қабылдады. Мұнда бұрыннан Шығыс-Батыс болып бөлініп келген мемлекеттерге жаңа ынтымақтастық қатынастарын ұсынды.

1991 жылы НАТО-ның жаңа стратегиялық тұжырымдамасы қабылданды. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің саяси аспектілерін ерекше бөліп көрсетті: диалог және ынтымақтастық түрінде

2002 жылғы Прага саммиті. Мұнда Еуроатлантикалық Серіктестік Кеңесі мен «Бейбітшілік үшін серіктестік» бағдарламасы қызметтерін күшейту айтылды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі серіктестіктің іс-қимыл жоспарлары жасалды. 2004 жылы Стамбул саммиті өтті. Мұнда Солтүстік Америка мен Еуропаның арасындағы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінді. Одақтастарға НАТО ұйымын сақтап қалудың міндеттемелері жүктелді. Трансатлантикалық байланыстарға мән берілді

НАТО өз аясын кеңейткен сайын ұйымның қызметін жақсарту мен дамыту мақсатында түрлі бағдарламалар жасау үстінде. Ұйымның ең ірі бағдарламасы «Бейбітшілік жолындағы әріптестік» деп аталады. Бұл бағдарлама НАТО-ның құрамына кіретін елдер үшін Солтүстікатлантикалық альнсқа кірмейтін әріптес-мемлекеттермен әскери және қорғаныс саласындағы көп бағыттар бойынша ынтымақтасуына мүмкіндік береді. Одан басқа НАТО-ның ғылыми бағдарламасы бар. Сондықтан мақаланың алға қойған мақсаты – НАТО-ның ғылыми бағдарламасының негізгі мақсаттарын, олардың қолдану аясын және мүмкіншіліктерін көрсету болып отыр.

НАТО-ның ғылыми бағдарламасы осы ұйымға мүше және әріптес елдердің ғалымдарының басын біріктіріп, ғылымды дамыту жолындағы өз білімдерін ортаға салып, талқылап, пікір алмастырып және осы бағыттағы ынтымақтастықты дамыту - НАТО-ның негізгі мақсаттарының бірі. Ғылыми бағдарлама Еуроатлантикалық аймақтағы ғалымдардың өзара байланысын нығайтуға, оларды түсінуге және өзара сенім артуға да жағдай жасайды әрі осы аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолына бағытталады.


Понравилась статья? Добавь ее в закладку (CTRL+D) и не забудь поделиться с друзьями:  



double arrow
Сейчас читают про: